Іле өзені (ролик)

  Рет қаралды 9,378

Қазақстан Су шаруашылығы

Қазақстан Су шаруашылығы

Күн бұрын

Географиялық орны
Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км2, Қазақстан аумағында 77400 км2. Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қас өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км2. Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады.
Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км3, Балқашқа құятыны 11,85 км3. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) - 320 - 345 мг/л.
Шаруашылықтағы маңызы
Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 - 4,5 км3/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 - 500 млн. м3/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра ауланады. Құлжа қаласынан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас ауылына дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы.[1]
Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан.
Салалар
Ірі салалары:Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады.
Елді мекендер
Өзен бойында Қапшағай, Бақанас, Құлжа, Бақбақты елді мекендері орналасқан

Пікірлер: 5
@Скала-л1г
@Скала-л1г 4 жыл бұрын
Керемет
@АлтынАмбига
@АлтынАмбига 3 ай бұрын
Калай барса болады
@БибигулБибигул-б7о
@БибигулБибигул-б7о 3 жыл бұрын
Неге 70% қытай дікі
@СаматНургали-п1б
@СаматНургали-п1б Жыл бұрын
Табиғаты тамаша керемет
@БибигулБибигул-б7о
@БибигулБибигул-б7о 3 жыл бұрын
?
Іле өзені туралы аңыз
20:08
Jibek Joly TV
Рет қаралды 15 М.
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 70 МЛН
Running With Bigger And Bigger Lunchlys
00:18
MrBeast
Рет қаралды 111 МЛН
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 2 МЛН
Казахстан сброс воды Верхний Тобол 06.04.2024
4:24
Александр Шамин
Рет қаралды 3,4 М.
35 Случаев, Когда Природа Сошла с Ума
25:03
Мастерская Настроения
Рет қаралды 9 МЛН
ЖАЙЫҚ
23:52
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 16 М.
Players vs Corner Flags 🤯
00:28
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 70 МЛН