Лига Жас Кыран

  Рет қаралды 639

Ұлт футболы

Ұлт футболы

7 жыл бұрын

Қараша айының 5-ші жұлдызында Алматы қаласындағы Тимур Сегізбаев атындағы спорт кешенінде 2004 жылғы балалар мен жасөспірімдер арасындағы "Жас Қыран" лигасының біріншілігі өз мәресіне жетті. Чемпионатқа еліміздің 10 облысынан командалар екі топқа бөлініп, қатысқан болатын. Сондай-ақ, "Қайрат" жастары конкурстан тыс сынға түсті. А тобында Алматы облысы мен қаласы, Жамбыл, Маңғыстау және Павлодардан келген құрамалар күш сынасса, Б тобында "Қайрат" жастары, Ақмола, ОҚО, Ақтөбе, Қостанай және СҚО командалары бәсекені қыздырды.
Қола жүлде үшін өткен алғашқы матчта алаңға Жамбыл және Ақмола облыстарының өрендері шықты. Тараздықтар бұл бәйгеге тыңғылықты дайындалып, алдарына тек жеңісті мақсат тұтып келгендей. Қарсыластарының қақпасына үш бірдей жауапсыз доп енгізіп, ақмолалық құрдастарын медальсыз қалдырды. Осылайша, қола медальдің иегерлері де анықталған еді.
Ал, Алматы мен Ақтөбеден келген жеткіншектер финалда жеңісті сарапқа салды. Ойынның небәрі 7-ші минутында Александр Брынский қонақтарды есепте алға шығарған болатын. алайда арада бес минут уақыт өтпестен Елдос Тұрлан таразы басын теңестіріп кетті. Матчтың қалған бөліктері тең дәрежеде өтіп, қос ұжым бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Жеңімпаз тек фубол лотореясы арқылы анықталады деген пікір де туындауға шақ қалған еді. Ойынның аяқталуына сәл ғана уақыт қалғанда Елдос Тұрлан айып соққысынан көзге түсіп, командасына жеңімпаз атағын сыйлады.
Шараның жабылу салтанатына "Жас Қыран" Қазақстан балалар мен жасөспірімдер лигасының президенті Берік Қаниев пен лиганың директор қызметін атқарушы Болат Есмағамбетов, сондай-ақ, өткен ғасырда елімізге белгілі спорт комментаторы болған Диас Омаров қатысты. Одан бөлек, "Жас Қыранның" Алматыдағы бөлімшесінің директоры Ренат Тогусов пен өзге де облыстардың жетекшілері келді. Өз сөздерінде, жарысқа қатысушылардың осындай чемпионатта бақ сынауы олардың шеберліктерін арттырып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне септігін тигізетіндігін жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша, турнирдің үздік ойыншылары да жарияланды. "Үздік қақпашы" ақтөбелік Темірлан Едресов атанса, қорғаушылардың арасынан үздігі болып шымкенттік Қуатбек Мирас танылды. Ал жартылай қорғаушылардан жамбыл облысының ойыншысы Тоқтар Асанбек марапатқа ие болды. Сондай-ақ, "үздік шабуылшы" атағы ақмолалық Микаэл Айрапетянға бұйырса, турнирдің "үздік ойыншысы" алматылық Олжас Арғымбаев.

Пікірлер: 2
@dombrasong9664
@dombrasong9664 7 жыл бұрын
19 номер Алматы красавчик
Аружан мен Мұса арасындағы байланыс үзіле ме?😱 Бір Болайық! 30.05.24
1:14:32
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 174 М.
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 145 МЛН
Chips evolution !! 😔😔
00:23
Tibo InShape
Рет қаралды 42 МЛН
Osman Kalyoncu Sonu Üzücü Saddest Videos Dream Engine 118 #shorts
00:30
Кайрат - Ред Булл Зальцбург 0-1
2:07
Ұлт футболы
Рет қаралды 359
Ұлт футболы 20
20:50
Ұлт футболы
Рет қаралды 2 М.
Бұларға жол бермеңіз(аудиозапись)(2024)
8:58
Гол Айбола Абикена + голевой Куаныш Советов
0:38
Tragic Moments 😥 #2
0:30
LE FOOT EN VIDÉO
Рет қаралды 1,3 МЛН
Шаолиньская футбольная команда #фильм #кино
1:00
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
0:15
武林之巅
Рет қаралды 83 МЛН