ҰЛЫ ТҰЛҒА ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

  Рет қаралды 250

Жумахан Чекаев

Жумахан Чекаев

19 күн бұрын

ҰЛЫ ТҰЛҒА ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ұлы адамдар өз ескерткіштерінің тұғырын өзі орнатады, мүсінін болашақ соғады» деген екен белгілі қаламгер Виктор Гюго. Кейінгі ұрпаққа мәңгі өлмейтін әсерлі ән мен мағыналы сөз қалдырған біртуар азамат Аса көрнекті қайраткер, ғалым, академик, үш мәрте Социалистік Еңбек ері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың мәртебесін асқақтатып, мүсінін соғу - «Тарихқа тағзым » бағдарламасы аясында қолға алынып отырған игі істердің бірі. Шын мәнінде Қазақстан мен Қонаевты бөле жаруға болмайтын егіз ұғымға айналуы керек-ақ. Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Аты аңызға айналған тұлға,көрнекті қайраткер, ғалым, академик Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев атамыз ерен еңбегінің арқасында халық көсеміне айналғанын бәріміз білеміз. Күллі қауымның «Димаш аға» деп еркелетіп атауынан-ақ оған деген зор ықыластың бар екенін, көпшіліктің Димаш атамызға арқа сүйегенін аңғаруға болады. Бабалар аруағына шынайы берілген, халыққа сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шынадай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдына балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген, «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын», - деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге егемендікке қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деген ойын ашып айты. 1985 жылы ірге тасы қаланған бұл мектеп 2022 жылы қазақтың аяулы перзенті, ұлт мақтанышы, алаш ардақтысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жылдығына орай осы атаулы мектебімізді Дінмұхамед Ахметұлының есімімен алған еді. Енді бүгінгі күні ауыл белсенділерімен бірлесіп мектеп ауласынан Қонаев атамыздың еңселі бюстін ашып отыр. Біз, аталарымыз қалдырған рухани мұраны толық игеріп, ол шыққан ұлттық идея биігінен көрінуіміз керек дейді мектеп директоры Махаббат Сұлтанова.
Бұл айтулы жиынға Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев қатысып құттықтап сөз сөйледі. Сондай - ақ ашылу салтанатына Алматы қаласынан Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың Халықаралық қорының Вице Президенті Болат Байболов пен қамқоршылық қорының мүшесі Қалдарбек Срайылов қатысып мектеп директоры Махаббат Төлегенқызының еңбегін бағалап қордың атынан Қонаев орденін табыстап мектеп ішілік мұражайға бірқатар кітаптар мен сыйлықтар тапсырды. Жиын барысында арнайы қойылған Дінмұхаммед Ахметұлының бюсті ашылып, гүл шоқтары қойылды. Жиын соңында мектеп оқушыларының дайындалған концерттік бағдарламалар мен жалғасын тапты.

Пікірлер: 2
@user-kc5cs5yt2g
@user-kc5cs5yt2g 17 күн бұрын
Қонаев мектебі СУПЕР!!! Атамыздың атына лайық ұжым!
@user-xd1kr7ly5e
@user-xd1kr7ly5e 17 күн бұрын
Осыншама еңбек сіңірген Махаббат Төлегенқызы атамыздың руһы разы болсын!
Бекболат Тілеухан Абай туралы
9:01
Акжол Зайнуллин
Рет қаралды 41 М.
MEU IRMÃO FICOU FAMOSO
00:52
Matheus Kriwat
Рет қаралды 35 МЛН
Жайдарман | Туған күн 2024 | Алматы
2:22:55
Jaidarman OFFICIAL / JCI
Рет қаралды 1,3 МЛН
Diniy taʼlim bolaning boshqonuniy huquqi! | @Azon_Global
39:56
Azon Global
Рет қаралды 37 М.
5-6 қойға арналған бордақылау орны
5:42
Қой шаруашылығы грубошорыстый породы
Рет қаралды 2,9 М.
"Yengiltak" aktrisa (o'zbek kino) | "Енгилтак" актриса
30:54
Mahalla Telekanali
Рет қаралды 180 М.
АНАСЫМЕН АЛҒАШ СҰХБАТ ЖАСАҒАН БАЛА!
1:07:31
Видеообзор «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға», ОКрЛ, январь, 2022 год
8:07
«Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ
Рет қаралды 68
MEU IRMÃO FICOU FAMOSO
00:52
Matheus Kriwat
Рет қаралды 35 МЛН