МӨДЕ ҚАҒАН ТУРАЛЫ АҢЫЗ немесе Жер-Ана туралы ащы шындық. Қуаныш САҒЫНДЫҚОВ.

  Рет қаралды 1,376

Muzbalaq kz

Muzbalaq kz

Күн бұрын

#Мөде Қаған туралы аңыз#
#Қуаныш САҒЫНДЫҚОВ#
#Қария#
#жер#
#ұрпақ#
#ата-баба#
#қытай#
#қысық көз#
#елші#
#найза#
#пәтшағар#.

Пікірлер: 29
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
ВАГОНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ҚЫЗ Жоғары оқу орынында оқып жүрген кезімізде поездбен жиі жүретінмін. Мерекелік демалыстар болса да шамалы күнге үйге барып келіп тұрғанды жақсы көретінмін. Әдеттегідей кешкі пойызыма отырдым. Демек ертеңгісін ауылымда болуым керек. Айналдырған он екі сағаттық қана жол болған соң жолға аса бір көп тамақ алған жоқпын. Бір бөтелке су мен шоколад қана сатып ала салдым. Негізі пойызға мінгенде шудың ортасында кітап оқығаннан гөрі жатып ұйықтағанды жақсы көремін. Көзім ілініп кеткеннен түн ортасы ауғанда шамамен үштер шамасында оянып кеттім. Aйналамдағы адамдардың барлығы ұйықтап жатыр, өзім дәретханаға барып, (сақтық үшін қол сөмкемді тастамай алып жүремін) бір жағынан темекі тартып келуге тамбурға қарай шықтым. Шылым шегуге келгенімде оттығымды таппай дал болдым, ары қарадым, бері қарадым сөмкемнің еш жерінен таба алмадым. Вагонға кіріп, жолаушылардан сұрайын дегенімде ояу ешкім болмады. Амал жоқ, сөмкемді тағы да отырып, асықпай қарауға тура келді. Кенет мұрыныма темекінің түтінінің иісі келді. Артыма жалт бұрылдым, арқасын беріп, шашы ұзын қыз темекі тартып тұр екен, бірден маған қарай бұрылды да оттығын ұсынды. Қуанып кеттім, ойымда ештеңе жоқ темекі тұтатуға кірістім. Алайда тұтанар емес. ол қыздың қалай тұтатқанынан хабарым жоқ, өзім еш тұтата алар емеспін. Көмек сұрайын деп, қайта бұрылғанымда әлгі қыз ғайып болып кетті. Түк түсіне алар емеспін. Өздеріңіз білетіндей, тамбурға кіріп-шыққан адамды байқамау мүмкін емес, оның үстіне есіктердің дауысы да естілмей қоймайтыны анық. Не кіргенін, не шыққанын білдірмей пайда болды да жоқ болды. Қорқайын дедім, жүрегімді қолыма ұстап, дереу вагонға алып ұштым. Мүмкін вагонда отырған болар дедім, алайда олай да емес. Қорқып барам. Дереу орыныма барып, жата қалдым. Жолсерікті оятып алып, әлгі қызды сипаттап жатырмын, ондай адам болған жоқ деп ол кісі бой берер емес. Сонда ол бейтаныс қыз кім болды екен? Елестеуі мүмкін емес, өз көзіммен көргенім, темекісінің иісіне шейін сезгенім айдан анық... Сәлеммен Гүлім. Жамбыл облысы. Дереккөз: el24kz
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 3 ай бұрын
Рақмет сізге.
@Sarkit-sj2um
@Sarkit-sj2um Жыл бұрын
Салеметсизбе Кайран бабалар ай, мын алгыс, канымен, найзанын ушымен,коргап, коршап калган. Ата, бабалар рухына мын Тагзым, 🙏👏
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет пікіріңізге. Аман болайық бәріміз.
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Айлығыңа лайықсың ба? Имам Шафиғаға бір кісі келіп: -Менің 50 мың айлығым бар, қалай тартсам да жетпейді дейді. Сонда Шафиғи: -Айлығыңды 40 мың қыл дейді. Аң таң болған әлгі кісі солай етеді. Келесі жолы тағы да келеді. -Менің 50 мың айлығым жетпеуші еді отбасыма, енді 40 мың тіптен жетпей қалды дейді. Ал енді қайтемін? Шафиғи: -Ендеше 30 мың қыл дейді. Осыдан соң расымен де әлгі кісінің үйіне береке кіріпті. Алған 30 мың табысы кәдімгідей жетіпті. Мұның сырын сұрап Шафиғиға қайта келеді. Шафиғи: -Сенің жұмыс істеп жүргендегі шынайы еңбегің 30 мың тұратын болғаны дейді. Міне! Кез-келген мекемеде жұмыс істейтін 2-3 адам болады. Қалғаны паразиттер. Біреудің арқасында айлық алып жүр. Сөйтіп алып, ақша жетпейді дейді. Ал өзі соған лайық па?!
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Қыздың тұзы әдеттен Оң мен солын неге қыз ауыстырған, Ар-ұятын нәпсіге тауыстырған. Еркек ынжық болғанмен деген артық, Құдайдың бар аяты парыз қылған. Оң жақта ойнап күлсе төременен, Некесіз ойнас болар төмендеген. Қыздың алған қуаты әкесінен, Отынға айналғаны ылғалы кебумемен. Осылай қазақ нәсіл кемуменен, Бүгінде тозақтықпен жерің өлген. Қыз құтырса оң жақта байыз таппай, Еңбегің еш тұзың сор болды деген. Қыркүйек 2017 жыл
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Біздер болашақтағы 100 жылдан кейін өмір сүретін ұрпақтардан білімді, ілімді бола алмаймыз. Ақылда ғана артық болу заңдылық. Бірақ ол ақылымыз өзіміздің өмір сүрген замандық кезеңге жалғана білген ұрпақтарға Құдайға жақындауға ғана себеп болса, біздерге себеп оларға дейінгі 50 жылдық аралық кезеңде білім, іліміді меңгеріп ортасына ақыл ғылымын тапқан Алланың достарынсызда жалғану болмайды. Олай болса Пайғамбарымызға жалғану үшін Имам Ағзамен немесе Нақшпанди әулие меңгерген ақылы арқылы бірден жалғана салу мүмкін емес. Себебі білімен, ілім өз ара қарсылықта болып ақылдың дамуына ғылым өркениетіне себеп болмақ. Ғлым сөз бағу өнеремен тікелей байланысты. Сөздің үні, ділі білімі тарихта бір деңгейде болған кезең жоқ. Енді Абай-Шәкәрім, Мәшүр Жүсіптерсіз, Бекет ата сияқты әулиелерсіз Ясауи бабамыздың достығын табу мүмкін емес. Ал Ясауи бабамыздың достық жүйесіне жалғана алмай қалай пайғамбарымыздың шапағатына жалғана аламыз? Құдай патшалығында болу дегеніміз Алланың тарихпен сөз ғылыммен байланысты өрген жібін, антарды аманат кітап түрінде ұрпақтан ұрпаққа достық, пірлік арқылы өткізіп отыру, үзбей жалғана білуді 5-68; 16-92 аятпен үкімі түсірілген. * * Құдай патшалығында өмір сүру шарты 5-68 аятпен үкімделген Масһаб, тарихаттар, дініи топтарда тура жол бола алмайтына, Құдай патшалығында өмір сүруді меңгере алмайтына, ашық дәлел! Бірақ мұны түсіне алатын жетелі дін ғалымы, философ, ақын, жазушы , ел билеуші жоқ қазақ елінде! Тамыз 2020 жыл
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Қайратыңда ашу, күлкі жоқ суықтық болмақ. Ыстық жүрек жылытып сабыр қоспақ. Суық ақыл жүректен орын алмақ. Әрекетсіз жүректі жылытпасаң, Жүрексіз ақылдан мейрім шықпақ? Қайратсыз жүрек қуат алмақ, Сөзден шығар бар қуат от боп жанбақ. Бір тілің от бір тілің су адамдықпен, Отының бар жүгің ділмен бірге болмақ. Жүректі жылытуға үш тіл біліп, Біліммен қайдан қуат қоспақ? Таңбасы латынмен үн сақтамақ, Дыбыста үн қалай тұрақтап тұрмақ? Қазақ ғалымдары мен ел басымыз, Бұл сауалға қалай жауап айтпақ? Саясаты білімді тәңір қылмақ, Ой жорыған, ақылдан хабары жоқ, Бір ғылымын елдің жоғалтырмақ, Кімдерге пайда елді малша бақпақ? Тамыз 2017 жыл
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Абайдың қызы Уасиланың ғибратқа толы естелігі Жігітек дейтін елде Қорамжан дейтін кісі болды. Қорамжан тілге шешен, айтқыш кісі екен. Өзі кедей еді, ұрлық істейді екен. Бір күні әкем Қорамжанды шақыртып алды. Қорамжан сәлем беріп, кіріп келді. Үйде кісі көп болды. - Абай аға, сіз шақырған соң келдім, - деді Қорамжан. Әкем Қорамжанға қадала қарап қалды, үйдегілер де Қорамжанға қарады. Аздан соң әкем: - Сенен бір нәрсе сұрайын деп шақырдым. Бересің бе? - деді. Абыржып қалған Қорамжан: - Алыңыз, алыңыз, - дей берді. «Жалғыз атынан басқа түгі жоқ Қорамжаннан не сұрайды екен?» деп басқалар таңырқағандай болды. Әкем Қорамжаннан көзін айырмай қарап отырды да: - Маған ұрлығыңды берші, - деді. Қорамжан төмен қарап кетті де: - Жоқшылықтан ғой, Абай аға. Аштан өліп, көштен қалмаспын, - деді. - Ой, шіркін, осы елде сенен басқа кедей жоқ па? Сол кедейлердің бәрі бірдей ұры ма? Онан да бала күннен алған тәрбие, үлгім еді десеңші. Кәзір осы ауылдан үш-төрт түйе ал да, үйіңді көшіріп кел. Ұрлыққа қош айтысып кел! - деді. Сол күні Қорамжан көшіп келді. Ол ұрлықты мүлдем қойды да, ел сөзіне араласып, қабырғалы, инабатты адам болып кетті. Әкем Қорамжанды талай-талай дауға, ел арасының бітіміне жұмсады. Біздің ауылға келген соң Қорамжан ұры атағынан құтылып, адам деген атаққа ие болды. Бір күні ауыл көшіп, қонып жатыр еді. Біз Қорамжанның үйінің жанында ойнап жүр едік. Қорамжанның бір келіні үйдің бауын «байла» деудің орнына «жапсыр» деді. «Бірдеме түсіп қалып еді» деудің орнына «қонып қалды» деді. Біз өзіміз естімеген жаңа сөздерге таңдандық. Кешке естігенімізді әкеме келіп айттық. Әкем былай деді: - Бір адамның, не бір заттың өзін әйелдердің қайнағасына, не атасының, не сол елдің бір үлкен адамының атымен аттас болса, сонда ол адамды, не сол заттың атын атамайды да, жалған ат қойып алады. Мысалы, үлкен атам Құнанбайды халық «Тәте» деп атаған. Кеңгірбай биді «Қабеке» деп атаған. Жас әйелдердің «әтиім», «сылқым», «ортаншым», «тетелес», «кішкентай», «төрежан» деп қайындарына, аталарына жалған ат қойып алуы да сол ғұрыптан шыққан, әдепті болудан шыққан. Ал Қорамжанның келіні «бауды байла» деудің орнына «жапсыр» дегені, «түсіп қалды» дегеннің орнына «қонып қалды» дегені бұл әдепті болудан, үлкен-кішіні сыйлаудан, келіншек болғандықтан, ата-аналардың атын атаудан ұялғандықтан шыққан емес. Олар Жігітек дейтін ел болады. Жігітектің ұрылары көп болады. Сондықтан олар ұрлыққа аттанғанда артында қалғандары тілеуін тілеп отырады. Ұры қолға түсіп қалды деген - жаман сөз. Сондықтан «түсіп қалды» десек, аттанған ұрыларымыз «түсіп қалады» деп «қонып қалды» деп сөйлейді. Ұрыны қолға түссе, байлап қояды. Сондықтан байлау деудің орнына «жапсыр» дейді. Олар мұны ырым қып айтады. Міне, содан Қорамжанның келіні жаттығып, дағдыланып кеткен сөзін айтып жүр. Енді ол ондай сөзді айтпайды. Ұрлыққа аттанбайды және ұрлық істейтін ұрылармен көрші болмайды. Сендер балаларын өздеріңе жақын тартып, оқуға шақырыңдар, тату болыңдар! - деді. elana.kz
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Кедей болу соншалықты жаман емес Үстінде жамау-жамау кенептен тігілген шапаны, аяғында жіппен байлап алған сандалы бар бір дәруіш патшаның жанынан өтіп бара жатады. -Құрметтім, тұрмысың қаншалықты ауыр?-деп сұрады патша диуанадан. -Иә, мен кедеймін, бірақ жағдайым сіз ойлағандай жаман емес,-деді тақуа. -Рухани жолда жүріп, оның рухани күшін сезіп тұрып, оны халқыңа жеткізбесең - міне сол нашар өмір сүру. Ал мен секілді жамау-жамау шапан мен тесік аяқ киім киіп жүру - иә, бұл кедей болып өмір сүру, бірақ жаман өмір сүру деген сөз емес. "Мезгілсіз уақытта дүниеге келу" деген осы. Аса мәртебелім, сіз үлкен маймылдың талдан талға секіріп жүргенін көргеніңіз бар ма? Ол еш қиындықсыз қарағай, аршаларға өрмелеп шығып, бұтақтан бұтаққа қиналмай жылдам секіретіні соншама, мерген дәлдеп те үлгере алмай қалады. Ал сол маймыл тікенекті бұталардың арасына түссе ебедейсіз қимылдап, қорбаңдап, жан-жағына алақтап, біресе кейін шегініп, енді бірде құлап қала жаздап әрең жүрер еді. Ол әрине сол маймылдың күшінің сарқылғанынан немесе бұлшық етінің әлсіздігінен емес қой. Тек ол өзіне таныс емес жерге тап болып, өзінің не нәрсеге епті екендігін көрсете алмай қалды. Адам да сол секілді: нашар патша мен жебір шенеуніктердің қоғамына тап болса жақсылап өмір сүргісі келсе де дегеніне жете алмайды.
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Текті ме бүгін қазақ? Тектілігің бүгін қазақ, Ов, евасыз болған таза-ақ. Әке, атаңды ат қыласың, Есімдерін қылып мазақ. Атыңның сипаты болар тозақ, Жын, шайтанға болған ортақ. Ақиретте тыныш жатқызбауға Атайсың атаңды өзің құсап. Тегің Адам жанға тұрақ, Үш байлығы тұрар сақтап. Ов, евасыз денсаулықта, Түзелмес әке, атаңды қоса атап. Ой жорыған, шайтан құсап, Орыс елін қылдың мазақ. Тырнағына Толстойдың татымайсың, Имандының орны жаннат. Адамдықты арам атап, Кісіге өзіңді қойдың балап, Құдайдың рахметі тектілікті, Өзіңе-өзің болдың жазбақ. Надансың бүгінде қазақ, Тағдырыңды қылдың мазақ. Текті болсаң, аян алып, Раббыңнан көрші сұрап! (Маусым 2016 жыл)
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Бұлардың бәрінің авторы кім?
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Тоқберген байтасов
@mukhamedkaliazhiyev5948
@mukhamedkaliazhiyev5948 Жыл бұрын
❤өте керемет дана сөздер Алла разы болсын сіздерге
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет ізгі пікіріңізге. Аман жүріңіз әрқашан.
@tranberisabilkaziev
@tranberisabilkaziev Жыл бұрын
КЕРЕМЕТ ДАНАЛЫҚ ТАҢІРІМ ЖАР БОЛСЫН.
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
@@tranberisabilkaziev, рақмет. Айтқаныңыз келсін.
@anyzdar.kz.1
@anyzdar.kz.1 Жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет.
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Ақ жолымды ашып, ақыретімді ойлантқан Қаңтар айы еді. Қайын ағамның үйінен шығып анама хабарластым. Шыдамымның біткенін, күйеуіммен енді тұра алмайтынымды айттым. Бірге жұмыс жасайтын қызбен кететінімді айттым. Анам қиналса да рұқсат берді. Балаларымды тастап 2004 жылдың қаңтар айында Атыраудан бір-ақ шықтым. Күнде түс көремін. Түсімде ұшып жүремін, біреуден қашып жүремін. Таң атқанда шаршап тұрамын. Күндіз далада біреу атымды айтып шақырғандай болады. Далаға шығып іздеп келемін. Тұрып жатқан үйдің келіні бір күні қорықтық құйды. Ондайды бірінші рет көруім. Содан шамалы дұрысталғандай болдым. Елге бір барып келіп, күйеуіме қайта қосылдым. Шамалы жұмыс жасап екі бөлмелі үй алдық. Тағы да түс көру. Бір күні үлкен көпірден (ауылдағы) өтіп келеді екенмін деймін. Оң балтырымды үлкен сым қиып кетіп қанап жатыр екен. Екі күн өтер-өтпес қайным өзіне қол жұмсап қайтыс болды.Солай өмірім өтіп жатты. Тағы да күйеуімнен біржола кетіп қалдым. Бірақ әлі күнге дейін заңды түрде ажырасқаным жоқ. Сол бір күндері тағы түс көрдім. Қайын атам екі қайтқан нағашыларыммен дастархандас болып отыр екен. Тағы да өзіме-өзім сыймай кеттім. Ауылға телефон соқсам, қайын атам өзіне қол жұмсап қайтыс болыпты. Сонымен өмір өте берді. Қателігім де өзіме жетерлік болды. Бірақ өзім білемнен қайтпадым. Өзімнің мәңгүрттеніп қалғанымды Ата жолына келгелі түсініп келемін. Екі перзентімді асыраймын деп адал еңбек еттім. Жұмысымды таңғы бестен бастаймын. Бәліш, тоқаш, ыстық тамақ пісіремін де сатып келемін. Жолай тамағымды әкелемін. Келе ыдыс жуам, ертеңге дайындаламын. Осылайша мұғалім басым аяқ астынан аспаз болып шыға келдім. Одан үйлерге жалдамалы тамақ пісіруге барамын. Қанша тыраштанып еңбек етсем де тапқан табысымның берекесі болмай қойды. Баяғы үйді сатқыздым. Бауырларым үйдің ақшасын жұмсап, олармен қатты ренжісіп қалдым. Солай үйсіз қалдым. Еш шаруам оңалмайды. Кедергі көп. Сынақ көп. Көпшікке тұншығып келіп жылаймын. Сосын ештеңе болмағандай жүре беремін. Көршілерім жақсы кісілер. Ол да бірден жақсы бола салған жоқ. Жоғарғы қабаттағы көршім айғайлау болатын. Неше түрлі тамақ пісіріп майдың иісін бұрқыратып жатамын. Тауық еті қатып қалады, оны тарсылдатып бөлемін. Көршім тұрбаны ұрып ескертеді. Бір күндері Гүлфара апам келіп: "Майдың иісінен жүрегім айниды",- деді. - Апа, кешіріңіз күн көрісім осы болып тұр. Әйтеуір темекі мен арақтың иісі емес қой,- дедім. - Үйге кіріңіз, шай ішіңіз,- деп бәліш ұсынып, осылайша достасып кеттік. Осы достасу мені Ата жолына әкелді. Бір күні көрші апамен бірге Ордаға бардым. Бізбен бірге марқұм болып кеткен көршіміз де барды. Мен түсініп болмайтын құбылыстар болып жатты. Бірақ көңіліме жағып та тұр, біресе күмән келеді. Бата шықты. Такпақ айтып жатқандай. Ата жолы қағидаларын түсіндірді. Аққулардың айтқанын орындап жүрдім. Тағы да түс көрдім. Ауылдық жерде екенбіз. Бір бөлмеде көп аталар отыр, арасында әжелер де бар. Үстерінде ақ киім, қолдары жоғары байланыпты. Сол кісілердің арасында жүрмін. Қолдарын тесіп, арасынан кісен өткізіп қойыпты. Сөйтіп жүргенде қайнымның әйелі босанған соң аяқ астынан ауырып қайтыс болды деген хабар келді. Бұл жағдайлар мені әбден ойландырды. Текте қарғыс бар ма, күйеу жағымның отбасында әйел тұрмай ма деген қорқыныш пайда болды. Көп ұзамай Атырау айналасындағы бес атаға зияратқа шықтым. 41 әулиеге бару 2017 жылы бұйырды. Үнемі түс көремін,бірақ шеше алмаймын. Берекем кетті, үйім жоқ жолым ашылса екен деген мақсатпен зияратқа шыққаным рас еді. Зияратқа аман-сау барып келдік. Елге барып келгем. Толығымен денсаулығымды тексерттім. Жатырымда ісік екен. Аталардың басынан зияраттап келген соң тексерілгенде ісік жоқ болып шықты. Дәрігерлер таңғалды. Көңілде күмән көп еді. Сосын ютуб желісін ақтардым.Тоқберген ағаның таспаларына көзім түсті. Ағаның бейнежазбаларын тыңдап жүрдім. Ағамен ватсап арқылы хабарластым. Жауап келді. Сұрақтарымды бердім. Сырқат белгі, бата деген не? Түсінбеймін. Тоқберген ағаны тыңдауды тоқтатпадым. Соңғы он бес жыл көлемінде оқу, іздену деген болмаған екен. Айналама қарау деген мүлде жоқ. Осы кісіні тыңдау арқылы көзім ашыла бастағанын сезіндім. Солай басыма орамал тарта бастадым, келе- келе көйлек, кейін ұзын көйлек кидім. Адамның өмірі толыққанды болу үшін ең алдымен киімі де толық болу керек екен. Киінуді де қиынсынамыз, өз өмірімізді өзіміз құртып жатқанымызды білмейді екенбіз. Тағдырымызды түзеп бақытты болу үшін ең алдымен тақуалық киім киюден ұялмау керек екен. Дегенмен, оған да жүректің батырлығы керек. Жасыратыны жоқ көбіміз "жұрт не дейді" деп өмір сүріп жатырмыз. Соншалықты дәрежеде ластанып қалған екенбіз. Әлі де кеш емес кезде ойланғанымыз дұрыс. Қазір ақылды тегін айтатын кісілер жоқ. Бәрі ақылы. Ата жолы- қазақ халқына берген Құдайдың бағы. Ата жолы ақыретімді ойлантты, тағдырымды дұрыстады, жолымды ашты. Қазір ешкіммен ұрыспаймын, өте сабырлы қалыпқа келдім. Өзімді түбегейлі өзгертуге бел байладым. Ұрпағым бақытты болса екен, жыламаса екен деймін. Сол үшін тақуалығымды нықтауға тырысып, күн сайын нәпсіммен күресіп келемін. Гүлнар Ембергенқызы, Атырау.
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Бақытты болсын. Өмір деген оңай емес.
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Екі адамға көрінген “елес ауыл” «Мен бұл оқиғаны басымнан кешірмесем, мұндайға еш сенбес едім» деп бастады әңгімесін Рақымжан аға. - Баяғыда қазір сүйегі қурап қалған Қаңтарбай шал бір нәрсені көңірсітіп айтып, отырушы еді. Сонда «осы алжыған шал өлер алдында болмас дүниені айтып, елдің басын қатыратыны несі?» деп ренжуші едім. Ал енді өз басымнан кешкенді айтпас бұрын, сендерге Қаңтарбай шалдың айтқан әңгімесін айтып берейін. Өздерің білесіңдер ғой, ол кісі - өмір бойы қойшы болып өткен адам. Бірде қойды (Қаңтарбай шалдың әңгімесі) түс әлетінде өзен бойына иіріп, шай-пайымды қайнатып іше қояйын деп, тезек тере бастадым. Тұрған жерім - Мұқаншы өзенінің бойындағы ертеден қалған жалғыз теректің маңы. Ауылдан жырақ жер. Күн ыстық, қырда бұралып сағым еріп жатыр. Тезек теріп кішкене дөңге шыға келгенім сол еді, таңғалғанымнан шалқамнан түсе жаздадым. Алдымда он-он бес шақты киіз үй тігілген шағын ауыл жатыр. Оның бірнешеуі ақ шаңқан болып көз тартады. Алдарында топтасып, әңгімелескен біраз еркеккіндіктілер тұр. Ақжаулықты қыз-келіншектер үйге бір кіріп, бір шығып абыр-сабыр. Төрт-бес тайқазан асылып жатыр. Әріде ауыл балалары ойнап жүр. Бір аңғарғаным, ауылда той болғалы жатқанға ұқсайды. Жұрттың біразы қырға әлсін-әлсін көз салып әлдекімді күтетін сияқты. Кенет аппақ киіз үйлердің бірінен жанына екі-үш адам ерткен, қолына домбыра ұстап, үстіне жібек шапан киген шоқша сақалды бір мырза шықты. Домбыра ұстаған адамның өңі маған тым таныс секілді көрінді. Домбырасы, шоқша сақалы, жібек шапаны әлдекімді еске түсіргендей. Бұл баяғы атам айта беретін, төртінші атамыз, осы Тарбағатай өңіріне белгілі, иісі Сыбанның сал-серісі атанған Мамытжан атам сияқтанды. Той қайда болса, ол сонда жүреді деуші еді, көзін көргендер. Сол болса, сол да шығар. Домбыра ұстаған адам жанындағы серіктерімен сыртта сөйлесіп тұрған адамдарға қосылып, қыр жаққа қарап қол сілтеп, бірдеңені айтып жатыр. Арқан созым жерде тұрсам да ешқайсысының дауысы естілмейді. Төбелерінен үңіле қарап тұрған мені ешкім аңғармақ тұрмақ, назар да аудармады. «Апыр-ау, бұл елес пе, әлде жын ба?» деп есеңгіреп қалған мен теңселе басып, ілгері бірер қадам аттап едім, әлгі көрініс лезде жоқ болды. Көз алдымда күнге күйіп, сарғайған дала мен шоқым-шоқым шилер ғана жатты. Біссімілләмді жиі қайталап, әлгіндегі елес ауыл отырған жерді аралап шықтым. Дым жоқ. Ешнәрсе болмағандай. Әлгінде қазан-ошақ тұрған жерді де барып көрдім. Тек әлдебір шұқырдың сұлбалары бардай көрінді. Бірақ оны да жусан басып, ши өсіп кеткен. Кешке дейін өзіме-өзім келе алмай жүрдім. Болмаған соң, ауыл молдасына келіп көргендерімді айттым. «Көзіңе көрінген жын-шайтан ғой. Ол жерде баяғыда ескі ауылдың жұрты болған. Мойныңа тағып жүр» деп дұға жазып берді. Кейін дәл сол жерде, сол елес ауылды, дәл сол адамдарды бірнеше мәрте көрдім. Олар үнемі көкжиекке қарап, қол сілтеп, әлденені әңгімелеп жатты... - Дәл осы әңгімені айтқанда: «бұл бір алжыған Қаңтарбай шалдың қырық өтірігі ғой» деп жүре тыңдаушы едім, - деп сабақтады әңгімесін Рақымжан аға. - Дәл осы жағдайды жақында өз басымнан өткізбесем, мұндайға ешуақытта сенбес едім. Бірде үйдегі жалғыз сиыр табыннан келмей қалды. Кешкілік шапқылап, арлы-берлі іздегенмен табылдамады. Ертесінде тағы іздеп шықтым. Жұрт «Жалғызтерек жақтан бір қарайғанды көрдік» деген соң, соған қарай тартқанмын. Көкбестімен аңыратып келіп, баяғы Қаңтарбай шал айтқан дөңеске шыға келдім де, қаттым да қалдым. Баяғы анау алжыған шал айтқан елес ауыл алдымда жайрап жатыр. Өз көзіме сенерімді де, сенбесімді де білмей, дал болып тұрып қалдым. Сол ауыл... сол көрініс. Домбыралы мырза... түтіндеп жатқан қазан-ошақ... Бір киіз үйдің көлеңкесінде күйсеп сиырым жатыр. Баяғы қиқарлығыма салып, «неде болса жандарына барып көрейін» деп атымды тебініп қалып едім, елес-ауыл ыдырап жүре берді. Әлгі ауылдан із де қалмады. Тек бір шидің түбін көлеңкелеп біздің үйдің қарасанкелгірі жатыр екен. «Бәлкім, тағы көрінер» деп әлгі дөңге бірнеше мәрте шықтым. Бірақ елес ауыл қайтып елес бермеді. Бұл не жұмбақ?
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 3 ай бұрын
Армысыз? Аты-жөніңізді жаза кетсеңіз дұрыс болар еді. Осыны ютубта оқиын деп едім.
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Бесікті неге нағашылары әкеледі? Дүние есігін ашқан сәби осы әулеттің ұрпағы емес пе? Неге оның алтын ұясын, киелі мекенін дайындау нағашыларына жүктеледі? Сәби дүниеге келгенде жарияға жар салып сүйінші сұраймыз, 40 күн өткен соң бесік той жасаймыз деп тағы шабыламыз. Бірақ бесік тойдағы шығынның бәрін нағашы жұрты көтереді. Бесікті жабуымен, төсегімен, шашуымен, "тыштымасымен" нағашы әже әкеледі. Одан бөлек, велосипед, әткеншек, бесікарбасы тағы бар. Екінші бір сөмкеде сәбидің 7 жасқа келгенше киетін киімі болса, үшінші сөмкеде құда-құдағиларға арналған сый-сияпат болады. Әрине, соңғылары кейін қосылған үрдіс. Ал ұрпағының саны өсіп, немерелерінің қатары бір адамға толыққан ата-әже ас та төк дастархан жайып, ел-жұртты, ағайын-туманы, құда-жекжатты тойға шақырады. Сосын әлі буыны қатпаған сәбиге салтанатты киім кигізеді де, қолдан-қолға өткізіп, бесікке салу рәсімін бастайды. Бесік тойда жасалатын әрбір ырым мен салтты өзі тарқатып жазсаң бір-бір тақырып. Жалпы, бесікке салу дәстүрін осылай жасау дұрыс па? Асылында «бесік» деген ұғым қайдан шыққан? Бесіктің балаға пайдасы мен зиянды қандай? Осы және басқа да мәліметтерді дәстүр жайындағы кітаптар мен ғаламтордан іздеп көрген едік. ✅Бесікті кім дайындауы тиіс? Бесік - киелі мүлік. Бесікпен сенің ұрпағың, әулетің өседі. Біздің қазақта бесік әкелу деген салт бар. Сәбилі болып жатқан қызының нәрестесіне бесік әкелу - қыз төркінінің, жас ананың анасының яғни нағашы әжесінің парызы. Қазірдің өзінде бесік әкеліп жатқан, тіпті болмағанда баланың арнайы төсегі (манеж), арбасы, үстелі дегендей, балаға қажет жабдықты әкеліп жатқан аналар баршылық. Бұл - бір жағынан, құда-жекжат арасындағы үлкен сыйластық. «Бие құлындамаса, ат болады, ағайын-туыс алысып-беріспесе, жат болады» дегендей, бұл - екі жаққа дәнекер ғана. Әйтпесе ешкім алғаннан - бай, бергеннен - кедей болмайды. Бесік әкелу құда-құдағи арасындағы көңіл сыйлау болса, екіншіден, жас босанған келіннің көңілі көтеріліп, сағынышы басылады әрі енесіне айта алмағанын анасымен бөліседі, көңілі өседі. Бесік әкелудің өзі керемет бір сән-салтанат десек те болады. Келіннің төркіні «іздеушісі, сұраушысы бар екен» дегізіп, бір топ болып келетін болған және де жай келмей, баланың бесік жабдығын түгелімен, түбек-шүмегіне дейін жасап әкелген. Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, қолтық жастық, тізе жастық дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі. Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек, - дейді салт-дәстүрді насихаттап, дұрыс-бұрыстығын насихаттап жүрген Зәйнеп Ахметова. ✅Бесіктің сәбиге пайдасы Біріншіден - қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден - баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етеді. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады. Үшіншіден - сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді. Денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Сырттан келетін кері энергия мен шаң-тозаңнан сақтайды. Төртіншіден - бесік белгілі бір ырғақпен ғана тербетілгендіктен баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі. Бесіншіден - бесіктегі балаға бесік жыры, ана әлдиі айтылады. Өнегемен, тәрбиемен, өрілген өлең жолдары сәбидің бойына көркем мінез, ұлттық қасиет, жомарттық пен жанашырлық сынды жақсы қасиеттерді дарытады. ✅Бесік қалай пайда болды? Ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік болып танылған бесіктің пайда болуы өте ертеде екен. Аңызға сүйенсек, ең алғашқы бесік Жетісу мен Алтайдың бойын мекен еткен Айдархан бидің кезінде пайда болған деседі. Айдархан бидің әкесі, төңірекке белгілі Мизам баба, қазақ даласына ағаш отырғызумен, орманды көбейтумен айналысса керек. Елге сыйлы Мизам баба 150 жыл өмір сүріпті. Өзі сүрген ғұмырында еккен көшет-талдардан үлкен бау-бақшалар өсіп шығыпты. Мизам бабаның о дүниеге сапар шеккенінен хабардар болған қытайлар, бақилық бабаның еңбегін көреалмаушылықпен өртеп жіберіпті. Сол уақытта Мизам бабаның баласы, Айдархан би, алыс ауылға сапар шегіп кеткен екен. Би түсінде әкесін көреді, лезде бір сұмдықтың болғанын сезген ол, үйге қарай аттың басын бұрады. Ауылға асығыс жетіп, ну орманның орнында шөл далаға айналған ауылын көріп қатты қапаланады… Бірақ жылдар өте береді… Айдархан би үйленіп, тұңғышы туылады. Бірақ туыла сап, сәби тоқтамай жылай береді. Оған шартарапқа аты шыққан емшілер де көмектесе алмайды. Күндердің күнінде тынымсыз жылайтын бала жылауын тоқтатады. Әкесі қуанып кетіп, жүгіріп үйге кірсе, оны ақ шапан киген бір қария өрттен аман қалған сынық бұтақтарға жатқызып, сәбиді тербетіп отырады. Айдархан би жақын келгенде, ақсақал ғайып болады. Оның орнында қалған ағаш бұтағымен Айдархан, қазіргі «бесік» деп айтылып жүрген бұйымды жасайды. Иә, бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, төсегі жайлы болады. Бір ырғақпен тербелген бесік баланың денсаулығының мықты болуына, миының дамуына, қол-аяғының дұрыс жетілуіне, тіпті тәлім-тәрбиесі мен мінез-құлқына керемет әсер етеді. «Бесік баласы бек баласы» деп бекер айтылмаған. Бесік жас нәрестенің салмақты да ұстамды болып өсуіне ықпал етеді.
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет сізге. Тамаша. Осы каналда оқысам бола ма? Өте пайдалы деректер екен.
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Болады ,Тәте
@Атажолызікірі
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Бұйырса ,амандық болса ,сізге жолдап тұрамын
@muzbalaqkz648
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
@@Атажолызікірі, көп рақмет.
Ғұндардың сұмдық шапқыншылығы
12:03
DURYS TARIKH
Рет қаралды 28 М.
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 2 МЛН
An Unknown Ending💪
00:49
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 56 МЛН
Amazing Parenting Hacks! 👶✨ #ParentingTips #LifeHacks
00:18
Snack Chat
Рет қаралды 23 МЛН
АТАҚТЫ ЖАЗУШЫНЫҢ ӨЛІМІ!
7:10
ТАРИХ ONLINE Рысбек Рамазанұлы
Рет қаралды 206 М.
Qareket (Қарекет) - «Талқы». «Әлихан Бөкейхан»
50:15
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 14 М.
Көк бөрілер елі
5:10
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 139 М.
Мөде батыр туралы аңыз "Жер үшін....
4:40
Актуальные видео и новости Whats App
Рет қаралды 794
Миллионер | 1 - серия
34:31
Million Show
Рет қаралды 2 МЛН