Мұхиттың әні - “Гүлжансара” ор. Ғарифолла Құрманғалиев

  Рет қаралды 4,325

DombyraFM

DombyraFM

Күн бұрын

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мерәліұлы (1841, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылы -1918 ж. сонда) - Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы.
Ауқатты отбасынан шыққан. Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз (әнші, күйші әрі скрипка да тартқан) адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор, Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңқы шықты: "Әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанды. Мұхит уақыт, қоғам, өмір туралы "Дүние-ай", "Зәуреш" әндерін толғады. "Паң көйлек", "Қыпшақ", "Дөң асқан", "Кербез" әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, асқақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін жасады. Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінді; қасына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды. Мұхит тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары - Шоң мен Нөу; немерелері - Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халықарасына насихаттаушы - Ғ.Құрманғалиев, Т.Ибрагимова, Н.Әбілова, т.б. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың "Алуаш" әнін Е.Г.Брусиловский "Жалбыр", "Үлкен Оразын", "Қыз Жібек", "Дүние-ай" әнін "Ер Тарғын" операларында пайдаланды. Б.Г.Ерзакович "Айнамкөз" әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне ал "Зәуреш" әнін Л.М.Шаргородский мен С.И.Шабельский "Симфоньеттасына" тақырып етіп алды. 1918 жылы туған жерінде көз жұмды.

Пікірлер: 6
@baq784
@baq784 7 ай бұрын
Гүлжан, Сара халық әні
@МасураМендигалиева
@МасураМендигалиева 9 ай бұрын
Ой шіркінай қайран Ғариполла ағамыздай жез таңдай әнші енді қазақтың маңдайына бітер ма екен
@КенесЕрдәулетұлы
@КенесЕрдәулетұлы Жыл бұрын
Пах шіркін-ай.пай пай пай пааай.Ой жарықтық ата,ғажап дауысыңыз-ай
@МарусяТурсынбаева
@МарусяТурсынбаева 6 ай бұрын
1:09 керемет
@sakenduysekeshov7114
@sakenduysekeshov7114 Жыл бұрын
Гүлжансара Балаораздың әні.
@dauletkereiibraimov895
@dauletkereiibraimov895 Жыл бұрын
👍👍👍🤝
小路飞嫁祸姐姐搞破坏 #路飞#海贼王
00:45
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 7 МЛН
哈哈大家为了进去也是想尽办法!#火影忍者 #佐助 #家庭
00:33
Spongebob ate Patrick 😱 #meme #spongebob #gmod
00:15
Mr. LoLo
Рет қаралды 19 МЛН
Please Help This Poor Boy 🙏
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 23 МЛН
Қайрат Какимов “Гүлжансара”
2:07
Жумагали Кенжегалиев
Рет қаралды 4,7 М.
Халық әні “Гүлжансары” 6 жыл бұрын
2:12
Жасұлан Базарбаев
Рет қаралды 425
Інжу-маржан: Мұхиттың "Ақ иіс" әні
47:19
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 20 М.
小路飞嫁祸姐姐搞破坏 #路飞#海贼王
00:45
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 7 МЛН