Мұхтар Шаханов - НАМЫССЫЗ ДАРЫН САТҚЫНДЫҒЫ

  Рет қаралды 190,044

Алтынбек Абишев

Алтынбек Абишев

12 жыл бұрын

***
Өткен күннен сезiлмесе ащы леп,
Сенемiз бе, ұлттан мұң-зар қашты деп?
Сорымыз ба, намыссыз бен ұлтсызды
Бiзде қазiр жазалайтын басшы жоқ.
Сараптасақ ұлт пен ұлтсыз қырқысын,
Қандай iске бармады жұрт құлқы үшiн?
Бiрақ ана тiлдi сақтау бас мiндет --
Тiлден үлкен Отан болмас ұлт үшiн.
Намыссыз ел айналмай ма сорлыға?
Қайсар басшы өнегесiн қор қыла
Өз ұлтына тас атқандар шалқып жүр
Абақтыға жабылудың орнына.
Өзгергенмен бүгiнгi өмiр ағысы,
Көп қазақтың қалғығанмен намысы.
Елде Отан соғысынан кем емес,
Жүрiп жатыр тiлдi қорғау соғысы.
Әр халықтың ойына сай бойы бар
Бойсызға да қатал талап қойылар.
Қазақ тiлi -- қазақ халқы деген сөз,
Тiлiн қорғай алмаған ұлт -- жойылар.
Тiлiн қорғай алмаған ұлт -- санасыз,
Қасиетсiз, құдiретсiз, панасыз.
Мақсат тұтып тек қарынның мүддесiн
Ғұмыр кешер ұлтсыз, рухи-анасыз.
Лезде босап жiгерiнiң белдiгi,
Күңгiрт тартты халқымыздың елдiгi.
Егер бүгiн күреспесек тiл үшiн
Ертең ұлт боп қалмасымыз белгiлi.
Қазiргi кез -- әумесер кез, масаң хал,
Тамырсыздық аңғарынан бас алған.
Қазақ ұлтын космополит етуге
Елiмiзде барлық жағдай жасалған.
Басшылар көп билiк шыңын өрлеген?
Өрдi қазақ есебiнен төрлеген.
Сөйтсе де олар не бiр қызын, не ұлын
Баба тiлiн меңгеруге бермеген.
Тiлiн, ұлтын сатқан адам оңбай ма,
Әлде биiк лауазымға самғай ма?
«Қалай жеттiк бiз осындай жағдайға?»
Деген сұрақ жиi ұрады маңдайға.
Үш жүз жылдай түсiп келген илеуге
Ұлттық сана жылдан-жылға күйреуде.
Ана тiлiн менсiнбеген мәңгүрттер
Неге құштар қазақ халқын билеуге?
Кей «зиялы» айла жасап не түрлi,
Сол билiкке болып алған өтiмдi.
Ал жасырын ұлтты жою майданын
Олар әлi сезiнбейтiн секiлдi.
Қыраннан да асқақтатып тауықты,
Мадақтайтын ақын, жыршы қауiптi.
Әншiлер жүр тiлдi қорғау iсiнен
Биiк қойып той мен ойын-сауықты.
Жанын күйттеп ұлттан шеттеп қалғандар,
Бәлкiм, үркек, қорқақ дарын-талғамдар.
Әрине олар, бiрiншi мен оныншы
Кезектi iстi алмастырып алғандар.
Рухсыз күш өмiр сүрмес желiксiз,
Шыншыл тұлға көп жағдайда серiксiз.
Сан ғасырлық намыссыздар сабағын
Сондықтан да еске аламыз ерiксiз.
Мәңгүрттенiп, алшақ қонған арынан
Дарындар бар атын әлем таныған...
Жүрегiнде ұлттық намыс болмаса
Ол дарынның жоғы жақсы барынан...
Жүргендер де ұлттан бөлек шат, гүлдеп,
Мақтана алмас «нағыз бақыт таптым» деп.
ҰЛТҚА, ТIЛГЕ ЖАНЫН САЛМАС ЖАНДАРДЫ
КЕЗЕҢ КЕЛДI АЙТАР РУХИ САТҚЫН ДЕП...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Баба рухтың сенiм шамы сынғандай...
Намысы өшкен кезең едi бұл қандай?
Бабаң ұлттан, тiлден қашқан қазаққа
Жер астынан лағнет айтып тұрғандай.

Пікірлер: 182
@user-ok4cp9ng1h
@user-ok4cp9ng1h Жыл бұрын
Мұхтар ағамыздың рухы күші. Кіштай қызым жүрегіңнен айналайын қазағым деп соққан. Тіл көзден сақтасын, Ата-бамыздың әруақтары қолдасын.
@user-qk8jw2ov2q
@user-qk8jw2ov2q Жыл бұрын
Жарайсың көз тілден сақтасын. Аман сау бол батыр Қыз.
@user-mz7ck3fk9t
@user-mz7ck3fk9t 5 жыл бұрын
ҚЫЗЫМ БАҒЫҢ ЖАНСЫН , АМАН БОЛ ! СЕНІҢ ЕЛ АЛДЫНДА ОҚЫҒАН , МҰХТАР АҒАНЫҢ " ҚАСИЕТТІ ТІЛІМІЗ " ЖӨНІНДЕГІ ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕРІ , " МӘҢГҮРТ ҚАЗАҚТАРҒА " - САБАҚ болсын , ƏМИН !
@user-bu2yc5ib9w
@user-bu2yc5ib9w 6 жыл бұрын
Намыссыз дарын саткындыгы өлең и керемет.Жан тебрентеди. Ширкин осы өлеңді Тауелсиздик куинде , әр мектепте, әр сынып сағаттарында окытса,Жас жеткиншектердин ултжандыгы мен тилге деген курметти жандана түсер еді. Айтуға оңай. әрине.
@user-jv2bl3rj5p
@user-jv2bl3rj5p 5 жыл бұрын
Талапты өжет қыз екен қалаи жаттап алған жаттау үшін ұғымтал болу керек Мұхтар атасы құсап екі қолды сермеп қояды өмір жасын ұзақ болсын алтыным ал Мұхтар ағамыз нағыз талант сөз құдіреті деген осы ғои көзіме жас келді
@user-rh2wl8ge5v
@user-rh2wl8ge5v 5 жыл бұрын
Қандай сөз жарайсың балапан Мұхтар атаңның өлеңін жетесіздерге жеткізе білдің деп ойлаймын
@user-sj4nt1bn6z
@user-sj4nt1bn6z 5 жыл бұрын
Жаным қызу қанды сіңлім ай ия осындай тілді кесіп кесіп сойлейтін сіңлілерім көп болғай.Мухтар аға өмір берсін сізге Алла.
@maketoktasinov1917
@maketoktasinov1917 4 жыл бұрын
Тупой екенсин бул шакановка айтылып жаткан создер.
@user-gv3tl8ld3p
@user-gv3tl8ld3p Ай бұрын
Еееу жаным осы қызды балдарыма тыңдатып отырам әр дәйім 👍👍👍👍
@attilaattila6327
@attilaattila6327 5 жыл бұрын
Бақытты бол періштем !
@user-gy6uk5lh3n
@user-gy6uk5lh3n Жыл бұрын
Керемет, улы акынның өлеңін халыққа тамаша талантымен жеткізіп жатыр, болашағың жарқын болсын қүлыншақ🙏👍💋
@user-jk1jd5zu6g
@user-jk1jd5zu6g 7 жыл бұрын
Айналайын үніңнен жарқ-жұрқ еткен,жүректерге жеткіздің өлең құдіретін.Қазағымның қыздары сендей болса,Қазақ тілі мәңгілік өлмейтұғын.
@user-qh3ci8bc5q
@user-qh3ci8bc5q 6 жыл бұрын
Недеген керемет Мұхтар атаң сыяқты шыншыл бол
@kiwijuzalim7854
@kiwijuzalim7854 5 жыл бұрын
Айналып қана кетейін бақытты бол өркенің өссін. Сеңдей қыздарымыз көп болсын
@user-ji3yt7if4p
@user-ji3yt7if4p 2 жыл бұрын
ТӘП -- ТӘТТІ ҚҰЛЫНШАҚ ! АЛЛАҺ РЗА БОЛСЫН САҒАН !❤🙌👐🖐✋👍👌✊🤲🤝
@user-kk9kl5vi1d
@user-kk9kl5vi1d 5 жыл бұрын
Керемет Бақытты бол сіңілім Мұқаңның бар болмысын құйып алған Ащы жане тура журекке атылған найзағайдай дара сөздер Ия тілін жоғалтқан халық тірі өлік Тілін ластаған мəнгүрттерден қазақ тілінде сөйлейтін басқа ұлттың азаматтары дұрыс
@user-dd5ud2ff8b
@user-dd5ud2ff8b 3 жыл бұрын
Мұхтар аға көп жасаңыз
@kazakkyzy149
@kazakkyzy149 10 жыл бұрын
Сөзіңіз орынды, осындай ұлтшылдығы үшін кінәлі болып жүрғой кейбір жандарға жақпай... Мұндай ұлы, қайсар ұлдар күнде тумасы анық, сол үшін қолда барды бағалай, бағамдай білейік Қазақтар...
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 5 жыл бұрын
Рас! Дұрыс айттыңыз.
@user-uh8en3qg1n
@user-uh8en3qg1n 6 жыл бұрын
Мұхтар аға сөзі өткір,тілі қанжар. Рас бізде дұрыс емес қазір заңдар. Қазақ болып туып,қазақ болып өлетін санаулы ғо,қазір жандар.
@user-fb2pz6kc2m
@user-fb2pz6kc2m 5 жыл бұрын
Мұхтар ағадай бар ел мақтанып жүру керек басына көтеріп жүруіміз керек.мың жылда бір туар адам
@user-cd9su5wi1h
@user-cd9su5wi1h 5 жыл бұрын
Керемет Мухтар аға мәңгі жасаңыз,ал өлен оқыған өреніміз оттай жанып ,қазақтың нвмысын асыратын мақтанышымыз болғай жаным бақытты бол жасың ұзақ болсын.!!!😘🤩🙏
@user-sq3je2di1c
@user-sq3je2di1c 8 жыл бұрын
КАЗАГЫМ менин казак тилимизди котерейк. Тилим ушин жан берем.
@zteblade4320
@zteblade4320 4 жыл бұрын
Бақытты бол жаным қызым,.не деген мәнерлеп оқыдың керемет .
@user-zm2ij8gt5k
@user-zm2ij8gt5k 2 жыл бұрын
Неткен КЕРЕМЕТ 👍👍👍АЙНАЛАЙЫН АЛТЫН КЫЗ БАКЫТТЫ БОЛ ❣❣❣👊👊👊👏👏👏💐💐💐☝☝☝✊✊✊
@dudiden2952
@dudiden2952 10 жыл бұрын
ӨТЕ ЖАҚСЫ ОҚЫЛҒАН! ӨМІРДЕ ЖАСАҒАН ҚАДАМДАРЫҢ СӘТТІ БОЛСЫН!
@user-qr1sf4hp5q
@user-qr1sf4hp5q 3 жыл бұрын
Жарайсың 👍👍👍😘керемет тфай-тфай көз тимесін,тек алға өрлей берсін.
@user-hm5qx9ku7w
@user-hm5qx9ku7w 11 жыл бұрын
Мұхтар Шаханов Ағамыз Халық жанашыры!
@apierbolat8662
@apierbolat8662 7 жыл бұрын
мухтар ага оленин жатка айту - мактаныш. Оны халык алдында айту-ерлик. жарайсын.
@user-wf6jm2gi9l
@user-wf6jm2gi9l 6 жыл бұрын
Журектен орындалган деп осын аиту керек оркенин осин узак жаса
@user-et5bp9hu7o
@user-et5bp9hu7o 6 жыл бұрын
Кызым бағың жансын
@user-cj5ql2uo9h
@user-cj5ql2uo9h 5 жыл бұрын
Серикжан Билашулы агамызга бостандык. Сайрагул арамызга азаматтык берилсин
@tayfurturkistani
@tayfurturkistani 11 жыл бұрын
Мұхтар аға ақын аға , батыр аға! еңбегіңізге Аллаһ арзы болсын!
@user-nz9sl6qv1w
@user-nz9sl6qv1w 2 жыл бұрын
Керемет. Күшті. Балапан Жарайсың!
@user-ds8kd4re4f
@user-ds8kd4re4f 8 жыл бұрын
мухтар шаханов нагыз азаматкой президент болар казак халкына
@user-ss9zr3pv7o
@user-ss9zr3pv7o 8 жыл бұрын
Жақсы айтылған Алла разы болсын Мұхтар ағаға жарайсыз!Қарындасым жақсы жеткіздің халыққа!!
@user-rp3vz8lk1m
@user-rp3vz8lk1m 5 жыл бұрын
Балапаным Алла жар болсын.Тура сөз.Ақиқат.Көпке сұрақ пен жауап.Руһсыздар намыстврың жоқ болса шұлдіреи берəңдер.Бала құрллы намыс жоқ
@user-xn8fx5rl5s
@user-xn8fx5rl5s 7 жыл бұрын
Жарайсың Жас Дарын !
@user-nx2ud5qu1c
@user-nx2ud5qu1c 5 жыл бұрын
Жарайсын кызым аманбол.нагыз аганын озындеи етып жеткыздын
@user-jk7ut3wg2n
@user-jk7ut3wg2n 7 жыл бұрын
əрине қарындасым мына заманда ұлт болып қалыптасу өте қиын қазақ бола тұрып қазақ ұлтын тілін місе тұтпайтындарға сабақ болады деген ойдамын
@erbolraxpan1188
@erbolraxpan1188 10 жыл бұрын
Барекелди Айзат! Халкыннын батыр кызы бол!
@user-nm3in5fq7m
@user-nm3in5fq7m 3 жыл бұрын
Бақытты бол қарағыс.өркенің өссің.
@gulzirazhumanova2577
@gulzirazhumanova2577 11 жыл бұрын
Осындай жыр жазған Мұхтар Шахановтай ағаларымыздың да қадіріне жете алмай журміз-ау, қайран қазағым-ай асыл ұлдарының қадірін өлген соң білетін әдетімізді қашан қоямыз екен. Мұхтар Шахановты мойындау үшін - өлгенін күту мақсат емес.
@user-ce8iv6iu8b
@user-ce8iv6iu8b 7 жыл бұрын
балапан алла саган Мухтар агамыздын журегин берсин
@user-st9ix1ml5w
@user-st9ix1ml5w 3 жыл бұрын
Онын саткындыгын бермесин деп тилеик
@user-xv6gy7io1z
@user-xv6gy7io1z 8 жыл бұрын
рахмет Мухтар ага сиздин олен китаптарынызды коп окыдып тусимде сиз Маган домбыра силапсыз бир арманым сизбен кездеским келеди
@user-jx8qh7uk9q
@user-jx8qh7uk9q 7 жыл бұрын
Жаным мол, аман бол! Намысты азаматар едьде коп болсын!
@user-gd9pd1ip3r
@user-gd9pd1ip3r 4 жыл бұрын
Мына өлеңiңiз өзiңiздi бүгiн қауып тұрған жоқпа Мұхтар аға қытайдың ығына жығылғаныңыздың мән мағынасын халыққа түсiндiрiңiз мына өлеңiнiз өзгеге емес өзiңiзге қанжар болып қадалудың шыңында тұр қазағым деген Серiкжан Биләштi қаралауыңыз қазақты қытайдың табанына салу болып тұр айыбы неде елге орвлғаныма дәлелiңiздi көрсетiңiз Менен аспасын деп аяқтан шалып,орға итермелегенiңiзге жол болсын өлеңмен емес iс жүзiнде дәлелдеңiз қазақты шын суйсеңiз
@user-oh7xk1zy3q
@user-oh7xk1zy3q 7 жыл бұрын
Аллам жар болсын,осы кызга.
@user-hw8bw1je5y
@user-hw8bw1je5y 4 жыл бұрын
Айналайын жарқылдаған үніңнен келешегің жарқын болсын мұхтар ағаның өлеңін тамаша оқыдың Өркенің өссін керемет
@user-ey4wq4jh1v
@user-ey4wq4jh1v 4 жыл бұрын
Қандай керемет жоғарыдағы ойсыздарға ой салса ғой. Мына қыз бала нағыз патриот аллам жар болсын жүрген жолың ақ болын жаным өмірің ұзақ болсын
@user-mb5ys1zg9f
@user-mb5ys1zg9f 2 жыл бұрын
Айналайын бақытты бол. Мұқаңның бұл өлеңі де талайларды ойландырған болар.
@user-tw4bd3mq6u
@user-tw4bd3mq6u 8 жыл бұрын
Рахмет! Керемет!
@user-ti9cd2ik1n
@user-ti9cd2ik1n 8 жыл бұрын
қандай өткір сөздер. Сөз құдіреті деген осы шығар
@user-li7nr4fu5f
@user-li7nr4fu5f 4 жыл бұрын
Айналаын Жаным !!!! Бахатты бол!!!!
@user-oo8gc7wq9y
@user-oo8gc7wq9y 6 жыл бұрын
Жарайсың балам жұлдызың жарық болсын!!
@user-qv1ok4yl4q
@user-qv1ok4yl4q 5 жыл бұрын
Рахмет! нагыз казак кызы.
@user-qb8zz6ev6m
@user-qb8zz6ev6m Жыл бұрын
Қазақтың нөмірі бірінші топылый жалағышы " мұқтар " ҚАЙСАҚ....
@user-qe9wr8vm4s
@user-qe9wr8vm4s 5 жыл бұрын
Тіл-көзден сақтасын.Жаман кореалмастарданда сақтасын алдыңнан жарлықап Мухтар ағаның соңынан еріп журебер жаным,қалқатай!!!
@user-js8lh9xf3c
@user-js8lh9xf3c 5 жыл бұрын
мухтар аға жасай берініз
@zamirazamira9201
@zamirazamira9201 8 жыл бұрын
Аллаh жар болсын !!!
@user-gn9yv3vp6f
@user-gn9yv3vp6f 4 жыл бұрын
Осындай от жанған жүрегінде, найзағайдай жарқылдаған қарындастарымыз көп болса екен!
@Mr.Ran4ik
@Mr.Ran4ik 3 жыл бұрын
Мағынасы қандай, Мұхтар ағаның сыздері!? 👍👏👏👏✊🤲
@jainaguljainagul2484
@jainaguljainagul2484 8 жыл бұрын
Казактын бакытына аман болыныз ага аллахтын нуры жаусын сизге актын отын акымак оширмеиди деген соз бар казакта алла сизге жар болсын сиздин амандыгынзды тилеп дуга етем аллаха
@user-zt6yh2yj6i
@user-zt6yh2yj6i 5 жыл бұрын
Ага, аман болыңыз! Багымызга біткен дара тұлға. Сіз болмасаныз қазақтың ұлттық қасиетін кім жоқтайды?
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 5 жыл бұрын
Тура айттыңыз! Осындай қазақ десе жүрегі ауыратын, арын арлайтын санаулы адамдар қатарына жататын асыл азаматқа шімірікпестен, тіпті топтасып та қарсы шығады-ау. Үлкен кісі онымен қоймай
@user-qf7bm1pb1x
@user-qf7bm1pb1x 5 жыл бұрын
... мына ұялыда жазу қиын. Сөзің лақ құсап секіріп кетеді, не тіпті қайдан шыға келгенін білмейсің, ойыңда жоқ айдаладан лағып кеп, бір сөздер қатарға кеп тұра қалады. Ой, алла-ай, мұны қалай түзетуге болады? Дұрыс емес қой, а? Айтайын дегенім: үлкен кісі сөйлесе, оның үстіне халық адамы сөйлесе, соншама шуламауға болмай ма? Сонша шу шығарып не болды? Бір-екі кісі барып жөн сөйлесе де болады ғой. О кісінің жүрегіне екі рет ота жасалған. Əйтеуір жүрген ғой. Өзі шыдамай əділетсіз дік көрсе сөйлеп қалады. Жұрттың бəрі түсінеді деп ойлай ма екен, жұрттың бəрі сабырлы, мейірімді емес қой, соны ұмытпауы керек қой. Қазақтың "халқым, жұрт ым, елім, жерім" дейтін азаматтары аман болғай.
@user-uq4kl6cd2c
@user-uq4kl6cd2c 4 жыл бұрын
АЙНАЛАЙЫН КӨЗ ТІЛДЕН САҚТАСЫН.Аман бол..
@ardakzhakaeva7569
@ardakzhakaeva7569 11 жыл бұрын
Керемет
@user-yh8lg3ju5q
@user-yh8lg3ju5q 11 жыл бұрын
ҰЛЫ адамның қадірін тірісінде бағалайық
@user-yg6kr6qu4x
@user-yg6kr6qu4x 4 жыл бұрын
Осыны тағы айту керек биыл
@user-wb8oy9pl3h
@user-wb8oy9pl3h 6 жыл бұрын
М.шақанов.ағамыз.мелиондаған.адамар.жақсы.көреді.тарихта.қалады.мəңгі
@user-qe9wr8vm4s
@user-qe9wr8vm4s 4 жыл бұрын
Балапаным қарлығашым өркенің өссін.АЛЛА АБЫРОЙ-БЕДЕЛІҢДІ асырсын😗
@arunazmuslim640
@arunazmuslim640 6 жыл бұрын
Даусын ай керемет
@user-mc1mv9fj1n
@user-mc1mv9fj1n 9 жыл бұрын
Откир оилар нагыз батыр Маханбетей Мухтар агамыз Ол баскан жердин ози киели. Казактын мандайына биткен бир батыр агамыз Ол тандаган жол от олимге бастикендер журер жол иманы ушин. Нагыз ер азамат Осыда.
@user-fs1ng7jt3w
@user-fs1ng7jt3w 6 жыл бұрын
Жарайсың болашагың жарық болсын.
@user-ss5xv5ig7h
@user-ss5xv5ig7h 6 жыл бұрын
Бақытты бол жас дарын
@aimanmeralina3320
@aimanmeralina3320 6 жыл бұрын
мине нагыз азамат
@madyarkarimov6615
@madyarkarimov6615 6 жыл бұрын
Мына кыз батыр кыз болад
@user-eb9ht2uj9q
@user-eb9ht2uj9q 8 жыл бұрын
кушти
@user-jc1rk2wx6x
@user-jc1rk2wx6x 6 жыл бұрын
Мұхтар ағамыздың өлеңдері өлмейді Қазақ тұрғанда
@kasimkasim8827
@kasimkasim8827 5 жыл бұрын
Керемет оқыған, аман бол қарындасым 👍👍
@tamadabolatkanafin
@tamadabolatkanafin 4 жыл бұрын
Тусаң ту!!! Жарайсың қызым бақытты бол.
@user-qk8jw2ov2q
@user-qk8jw2ov2q Жыл бұрын
АНАТІЛІМ АРЫМ БҰЛ. ҚАЗАҚТІЛІН БƏРІҢ БІЛ. АНАТІЛІМ БІРЛІК ТІЛІ. ӨЗГЕТІЛДЕР ТІРЛІК ТІЛІ.
@user-gp2cf8ko6h
@user-gp2cf8ko6h 6 жыл бұрын
Жараисын
@jannaergarayeva5492
@jannaergarayeva5492 6 жыл бұрын
Не деген сөздер!
@user-wb8oy9pl3h
@user-wb8oy9pl3h 6 жыл бұрын
өте.жақсы.айтылған.сөз.жарайсың.қарындасым.
@user-jn2lt1kv9q
@user-jn2lt1kv9q 3 жыл бұрын
керемет…
@user-py2hr8bu2b
@user-py2hr8bu2b 5 жыл бұрын
Мыне жастармыз бар екен
@user-jj3qu5go6p
@user-jj3qu5go6p 5 жыл бұрын
маладес жарайсын
@user-tn9cs4ow8d
@user-tn9cs4ow8d 2 жыл бұрын
Жарайсың балам😘
@user-fn1cx2ct7q
@user-fn1cx2ct7q 4 жыл бұрын
Тартымды айтылған
@altnaialimdek5498
@altnaialimdek5498 6 жыл бұрын
жарайсың😃😃
@user-nd7uw5yo4j
@user-nd7uw5yo4j 7 жыл бұрын
алла жар болсын жолын ашык болсын .
@user-bp5ie7jj2p
@user-bp5ie7jj2p 6 жыл бұрын
Күшті айтып берді
@metallomwikmetollomwik8165
@metallomwikmetollomwik8165 6 жыл бұрын
таихка карасан казах халкы ешкашан жаудан бетпе бет женилген емес,женилуге себеб болган сол иштен шыккан саткындар. Алла сактасын ертен орыспен ба,кытайменба согыс бола калса,елди,жерди коргайтын мына биз карапайым адамдар,ал сол саткындар шетелге тайып турады.
@aizhanartykovna2034
@aizhanartykovna2034 5 жыл бұрын
Керемет айты ✊✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-ho1rc1zw1q
@user-ho1rc1zw1q 5 жыл бұрын
Сендей балапанды аллам қорғасын
@user-sx5wi4ql7d
@user-sx5wi4ql7d 4 жыл бұрын
АЛЛА ЖАР болсын! Тил козден сактайгор балапанымызды. Оленнин авторына соз жок, керемет. Осы жолдан таймасаныз иги еди.👏🤝👍👌🙏🏼
@user-pu7qp6bn8k
@user-pu7qp6bn8k 6 жыл бұрын
Жарайсың
@user-pl1rs3nf4s
@user-pl1rs3nf4s 5 жыл бұрын
мықты
@user-jy7uv7sg6g
@user-jy7uv7sg6g 6 жыл бұрын
Шындық
@user-ov3kx2ls2j
@user-ov3kx2ls2j 3 жыл бұрын
Нагыз казактын баласы,аман бол😘
@MegaAyashka
@MegaAyashka 11 жыл бұрын
керемет!!! айтар жок!
@user-kl4ii9eq8e
@user-kl4ii9eq8e 8 жыл бұрын
осындай адамды неге ел басына сайламаймыз неден коркамыз
@user-op6oo4du9b
@user-op6oo4du9b 5 жыл бұрын
Я Мұқтар аға патша боса ғой шіркін
@user-kl8hi5mm1w
@user-kl8hi5mm1w 5 жыл бұрын
Йя
@user-hn4bd5vk6g
@user-hn4bd5vk6g 10 жыл бұрын
Шындыкты айтатын сонгы акынымыз Мұхтар гой.
@user-wr6di1fn5z
@user-wr6di1fn5z 4 жыл бұрын
Оркенин осин кызым 1000 жаса
@user-sv5kh9oy2x
@user-sv5kh9oy2x 4 жыл бұрын
👏👏👏🤲
@user-pq8bj8co6x
@user-pq8bj8co6x 3 жыл бұрын
Мың өлең,тілдің бір мәселесін шешпейді
Sigma Girl Education #sigma #viral #comedy
00:16
CRAZY GREAPA
Рет қаралды 84 МЛН
Ну Лилит))) прода в онк: завидные котики
00:51
Бала Жамбыл
9:19
Алтынбек Абишев
Рет қаралды 225 М.
Сен батпайсың суға.  Доп сияқты шығып кете бересің. «Алматы қаласының құрамасы»
11:28
Мұқағали Мақатаев өз дауысы
7:58
make90ification
Рет қаралды 916 М.
М. Шаханов."Желтоқсан алаңы"
2:31
Жанара Алиева
Рет қаралды 81 М.
Жамбыл Дүйсенов - 8 жасар ақын
9:19
Алтынбек Абишев
Рет қаралды 136 М.
Мұхтар Шаханов Серікжан Біләшты неге қаралады? Ұлттық кеңес халықты алдау ма?
43:35
Демократиялы Қазақстан / Демократический Казахстан
Рет қаралды 156 М.