Шәмші Қалдаяқовтың әндері - Ақ ерке ақ жайық(Текст песни, Сөз мәтіні)

  Рет қаралды 141,704

Yessimkhan Sharipkhan

Yessimkhan Sharipkhan

4 жыл бұрын

Сөзі: Т. Айбергеновтікі
Әні: Шәмші Қалдаяқов
Серілер тобының орындауында
АҚ ЕРКЕ - АҚ ЖАЙЫҚ әні шығу тарихы туралы
«1965 жылдың желтоқсан айында Атырауға ақын Төлеген Айбергенов пен композитор Шәмші Қалдаяқов келе қалды. Екеуі сол кездегі Гурьев қаласында бірнеше күн болып, облыс аудандарын да аралады. Сол кезде оларды Жайықтың Махамбет ауданының жерімен өтетін сағалары бойындағы қалың тоғайдың ақ қыраудан сырға таққан талдары қатты тамсандырды. Жайық шіркін қыста да әдемі ғой. Ағаш бұтақтарына қонған қырау бейне бір аппақ қылқанды шыршалар секілді сондай әдемі боп көзді арбайтын. Ал оған күн сәулесі түскенде аспанның мың-миллиондаған жұлдыздары ұшып кеп, ағаш бұтақтарына қона қалғандай әсерге бөлеуші еді...
Аудандарды аралап, қалаға оралған күні ақын мен композиторды «Орал» мейрамханасында (суретте) қонақтадық. Біраз отырып, ауқаттанып, мейрамханадан шыққан соң Жайықты бойлап, қонақ үйге жаяу тарттық. Аяқ астында желтоқсанның аппақ қары сықыр-сықыр етеді. Аязды ауа жанды сергітетінднй тап-таза еді. Мен жанымда Төлеген Айбергенов және бір топ партия-комсомол қызметкерлері бар, сәл ілгері кетіп қаппыз. Шәмші артта қалыңқырап қойыпты.
- Келеді ғой, - деп Төлеген қолын бір сілтеді. Біз әрнені әңгіме етіп жүре бердік.
Кенет біздің әңгімемізді жанымызға алқына жеткен Шәмші бөліп жіберді:
- Тө-тө-төлеген,- деді ол тұтығыңқырап. - Қа-қарашы, ақ Жайық ән салып тұр ғой...
- Иә,-деп Төлеген де тоқтай қалды. Сол сәтте бәріміз де көк мұз бен ақ қар құрсанып жатқан Жайыққа қарадық. Бірақ, Шәмші мен Төлегеннен өзгемізде табиғатпен тілдесетін қабілет шамалы еді. Бар түйгеніміз: «Е, Шәкеңнің жүрегінде ән туып келе жатыр екен ғой» деп қойдық. Осыдан соң бәріміз қонақ үйге жетуге асықтық. Онда пианино тұрған зал бар еді. Шәкең дереу соған отырды. Біздің дәл көз алдымызда осы күнгі «Ақ ерке ақ Жайықтың» әуені ойналды. Шәкең әнді нотаға түсіріп болған соң Төлегенге оның рыбасын (ән өлеңінің буын саны) ұсынды. Алайда, екі-үш күннен бері Жайықтың кербез көркіне таң-тамаша болып, өзі де зорға жүрген Төлеген рыбаны керек те қылған жоқ. Отыра қалып, мынадай сұлу шумақтарды мөлдірете жазды:
Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген ақ Жайығым,
Ақ еркем, аңсаған ән өлкем...
Осылайша Жайық туралы жаңа ән дүниеге келді. Оның тұсауы Атырауда кесілді. Әнді атыраулық әнші Өтеген Олжабаев орындады».
Сол жолы Атыраудағы «Жилгородок» ықшамауданы клубының концерт залына халық сыймай, түрегеліп тұрды. Осы түрегеліп тұрғандар арасында сол кездегі облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұхамбет Есенов те бар еді, - дейді сол кездегі облыстық комсомол комитетінің жауапты қызметкері Қатимолла Ризуанов ағамыз. (Қатимолла аға сол жолы ақын мен композитордың облыстағы іс-сапарына басшылық жасапты - Т.Н).
Бүгінде Шәмші мен Төлеген ағаларымыз дәм татқан «Орал» мейрамханасы (бірінші суретте) тура сол кездегі өз орынында тұр. Іші-сыртының жөнделгені болмаса, кіретін есігі, ауқаттанатын залы сол баяғы қалпында. Кейде осыннан түстік ішіп отырып, жан-жағыма елеңдей қараймын. Шәмші ағамыз мына үстелдердің қайсысында отырды екен?.. Мейрамхана іргесінен өтіп жатқан ақ Жайық та дәл баяғысынша толықси ағып жатыр, жарықтық... Шәмшінің құдіретті әні туған жер. Осы бір құдіретті ән бүгінде сирек орындалады. Осыдан көп жыл бұрын Атырау теледидары бұл әннің музыкасын әр күнгі хабарлар басталар сәттегі беташар әуен ретінде қолданатын. Кейін бұл неге екені белгісіз, алынып тасталды. Ал бұл ән Атыраудың гимні емес пе еді...
Бүгінде көптеген жиын-той, отырыстарда жұрттың кешегі ретро әндердің мәтінін ұмытып қалғанын байқаймыз. Тіпті, табиғат ғажап дауыс сыйлаған әншілердің өзі әннің сөзің бұзып айтатын болып жүр. Ал Төлеген ағамыз шығарған мәтін мынадай еді:
Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген ақ Жайығым,
Ақ еркем, аңсаған ән өлкем.
Жаным-ау дара туған,
Ағыстардан жаратылған.
Жайықтың жағалай тал жағасынан,
Қымбаттым, сен маған тіл қаттың.
Қайырмасы:
Өзіңсің жаным,
Жаңғыртқан әнім.
Каспийдің толқын тауларын.
Сенбісің көгілдір махаббатым,
Алқызыл алаулы таңдарым.
Айдының шалқыған бір,
Дидарында толқыған нұр.
Мен сені көрдім еркем, ерке теңіз,
Аспанға, маржандар шашқанда.
Айнымас достығыңның,
Айғағы ма қос бұрымың.
Жанымды нұрландырып, сенің шолпан,
Жанарың, алаулап барамын.
Бір сәуле күлімдеген,
Дидарыңда дірілдеген.
Мен сені балықшының арманынан,
Жан сәулем, іздеймін аңсаумен.
Арманым саған ауған,
Самал соқса жағалаудан.
Жүректе тербетілген ақ Жайығым,
Ақ еркем, аңсаған ән өлкем...
...Ақ Жайықтың Шәмші мен Төлеген жүріп өткен тұсы мен бұрын жұмыс жасап кеткен газет редакциясынан таяқ тастам жерде жатыр (екінші суретте). Кейде компьютер сорып, шаршағанда алдымдағы үйіліп жатқан жұмысымды ысырып тастап, сол жерге тартамын. Жағадағы саздауыттан Шәмші мен Төлегеннің басып өткен ізін іздеймін. Сол сәтте қасиетіңнен айналайын ақ Жайық көз алдымда ән болып толқиды...
Тарас НАУРЫЗӘЛІ ағамыздың мақаласынан үзінді.
толығырақ: taisoigan.kz/rukhaniyat/artic...

Пікірлер: 49
@user-wl8vw2hh6f
@user-wl8vw2hh6f 2 жыл бұрын
Шәмшімен Төлегендей адамдар 1000жылдан бір туады
@bek-alibozai-bi6036
@bek-alibozai-bi6036 2 жыл бұрын
Сөзі мен әні егіздей жарасымды. Осы әнді тудырған,ұлы Шәмшіге,Шәмшіні тудырған қазаққа шексіз алғыс!
@user-ok5vp4us8b
@user-ok5vp4us8b 4 ай бұрын
Өте әдемі ән тыңдай бергін келеді
@bakebake1718
@bakebake1718 2 ай бұрын
мәдени майданды окып тыңдап отыргандар біргеміз
@Sultanbek_s
@Sultanbek_s Жыл бұрын
Атырау Акжайык❤
@user-px7gf3mc4b
@user-px7gf3mc4b 4 жыл бұрын
керемет əндер ғои Шəмші ағамыздын
@meiram_0215
@meiram_0215 7 ай бұрын
Керемет ән рахмет Абай облысы Семей қаласы нан Сәлем достар
@user-jw9xh9yg5b
@user-jw9xh9yg5b 4 жыл бұрын
Маған ұнайды ескі әндер
@nurgul3339
@nurgul3339 4 ай бұрын
Керемет🔥🔥🔥👏👏👏
@user-yb8xz5cx8d
@user-yb8xz5cx8d 2 жыл бұрын
Шәмші атамыздың әндері өте тамаша!!!
@user-le3sw9zj9d
@user-le3sw9zj9d 3 жыл бұрын
Тамаша.❤👍👍👍
@nazargula498
@nazargula498 2 жыл бұрын
Керемет!!!!!
@user-ht7kp3py9y
@user-ht7kp3py9y 2 жыл бұрын
Керемет әуен!!!Акерке-АкЖайык менин туып-өскен жерім!!!Көп рахмет орындаушыларга өте тамаша орындау 💞💞💞🌹💐🌹💐👏👏👏
@user-fv3tw8de8b
@user-fv3tw8de8b 3 жыл бұрын
керемет ән🥰🥰🥰🥰🥰
@user-on1et5cl5t
@user-on1et5cl5t 2 ай бұрын
Шәмші ағамыз марқұм әндері керемет Шәмші ағамыздай кампазитр ол кісі дей өмір де бір адам ол Шәмші ағамыз марқұм ағамыздың жаны жәннатта болсын алдынан жарылқасын әмин ❤🎉❤
@aerikdinara5260
@aerikdinara5260 3 жыл бұрын
Оте керемет ән ғой сыныпен айттып едік😭♥♥
@user-zs6mc4xg4u
@user-zs6mc4xg4u 3 жыл бұрын
.
@user-ez7cd6sr2y
@user-ez7cd6sr2y 4 ай бұрын
А её буду петь с учителем по казахскому языку 😭😭😭
@user-ez7cd6sr2y
@user-ez7cd6sr2y 4 ай бұрын
❤❤❤❤
@user-uv6gy5yj6p
@user-uv6gy5yj6p 4 ай бұрын
Қазақ халқы барда сіздің есіміңіз де əндеріңіз де еш ұмытылмайдығой қайран Шəмші Аға
@user-le3sw9zj9d
@user-le3sw9zj9d 2 жыл бұрын
Керемет алла разы болсын.❤👍👍👍
@user-qs9mk1io3e
@user-qs9mk1io3e 2 жыл бұрын
шедевр!!!
@user-sp9st5qq4p
@user-sp9st5qq4p 4 жыл бұрын
Атыннан айналдым Шамши ага
@loxsyt5004
@loxsyt5004 2 жыл бұрын
Осы кісіні мақтан етеміз казаққа барсақ
@user-ez7cd6sr2y
@user-ez7cd6sr2y 4 ай бұрын
Очень красиво ❤❤❤🎉🎉🎉
@user-le3sw9zj9d
@user-le3sw9zj9d 2 жыл бұрын
Керемет.❤👍👍👍
@aidyn2829
@aidyn2829 9 ай бұрын
Атырауым❤
@user-kq8dc1cb7o
@user-kq8dc1cb7o 3 жыл бұрын
Керемет ән♥
@user-ng3ii7ec8b
@user-ng3ii7ec8b 2 жыл бұрын
Шамшінің барлық əнінде біздің жастық шақ жатыр.
@abzalabzal6782
@abzalabzal6782 4 ай бұрын
Ән тартихын біліп тыңдаған ерекше әсер береді. Өзбекәлі Жәнібек және Мәдени Майдан
@user-nj8dd5gf7g
@user-nj8dd5gf7g 2 жыл бұрын
Керемет
@amanhanahmaral8924
@amanhanahmaral8924 5 ай бұрын
Арманым саған ауған Самал соқса жағалаудан Жүректе тербетілген Ақ жайығым Ақ еркем Аңсаған ән өлкем
@user-fi8vf9ho6d
@user-fi8vf9ho6d Жыл бұрын
Мағынасы бар әндер деп тек осы Шәмші атамыздың өлеңдерін аитуға болатындай😍😍
@aygerimkoshkinbaeva-ht6zh
@aygerimkoshkinbaeva-ht6zh Жыл бұрын
Керемет👍
@user-dd7fn2qq6n
@user-dd7fn2qq6n Жыл бұрын
Ғажап ән!
@user-rn9ww5bb8b
@user-rn9ww5bb8b 10 ай бұрын
Тамаша әндер. Сөз жоқ.
@loxsyt5004
@loxsyt5004 2 жыл бұрын
Менің жерлесім Төлеген Айберенов авторы туылган жері каракалпакстан рес ы коңырат ауданы хорезм совхозы чкалов бөлімі
@kamalovaparshagul9798
@kamalovaparshagul9798 2 жыл бұрын
Кишкене гезимизде,пахта териуге келген студентлер айтатугын еди,бизлер тынлай берип коп жери есимизде калган екен,Кане еди балалыгымыз кайтып келсе,ол енди кайтпайды го
@sultanbek5746
@sultanbek5746 Жыл бұрын
Атырау Акжайык
@user-us7zt3xl5t
@user-us7zt3xl5t Жыл бұрын
Сози Толеген Айбергеновтики гой😄
@user-xn2gy4dv3d
@user-xn2gy4dv3d Жыл бұрын
💯👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@Arika_sQv
@Arika_sQv 2 ай бұрын
@user-vy1ue2sf3u
@user-vy1ue2sf3u Жыл бұрын
Бул.анды.Шамши.Агам.Димашка.калдырган
@aduljanmahan5773
@aduljanmahan5773 2 жыл бұрын
Менмен жастылар жокко .2006лар
@user-co5lm4ks4m
@user-co5lm4ks4m 2 жыл бұрын
Кишкентаисын сен
@user-le5tc8yt5w
@user-le5tc8yt5w Жыл бұрын
Мен бармын, құрдас. Сәуір айында туылдым, сен ше?
@hankook685
@hankook685 2 жыл бұрын
СЕРІЛЕР ТОБЫ болса керек .
@Arika_sQv
@Arika_sQv 2 ай бұрын
Шәмші Қалдаяқов әндері. Қазақша әндер
40:53
Арайлым Маликова
Рет қаралды 1,7 МЛН
Como ela fez isso? 😲
00:12
Los Wagners
Рет қаралды 7 МЛН
小路飞姐姐居然让路飞小路飞都消失了#海贼王  #路飞
00:47
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 89 МЛН
Каха с волосами
01:00
К-Media
Рет қаралды 6 МЛН
Шамши Калдаяков. Документальный фильм
27:56
"Ақ ерке-Ақ Жайық"  әні:Ш.Қалдаяқов, сөзі: Т.Айбергенов
4:39
Түркістан облысының мәдениет басқармасы
Рет қаралды 46 М.
Гүлдана Аппаз - Шәмші попурри.     87782186050
5:01
Guldana Appaz
Рет қаралды 2,9 МЛН
АҚЕРКЕ - Жанболат НАЙЗАБЕКОВ, Айгүл ҚОСАНОВА / Егіз лебіз / Халық әні
8:03
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 196 М.
Como ela fez isso? 😲
00:12
Los Wagners
Рет қаралды 7 МЛН