Шәмші Қалдаяқовтың өз дауысы (Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, Дәнеш Рақышев, Ілия Жақанов)

  Рет қаралды 65,071

Әнуар Иса

Әнуар Иса

Күн бұрын

Авторлық контент. Авторский контент. Copyright content.
(қаз) 1989 жылғы 29 қарашада Талдықорған облыстық драма театры ұжымының Шәмші Қалдаяқовпен кездесуі кезінде жазылған аудиожазбасы:
00:00 театрдың бас режиссёры Сәулебек Асылханов ұжымды таныстырады
02:00 Шәмші аға сөз бастайды
07:33 драматург Оразбек Бодықов сөз алады
11:40 Шәмші аға "Арыс жағасында" әнінің тарихын баяндайды
17:37 "Жақсыгүл" әнінің тарихы
20:53 "Ақ бантик" және "Бақыт құшағында" әндерінің сөздері туралы
22:33 "Ақ бантик" Ғалым Сүлейменов
25:08 "Шәмілге хат" Алмахан Кенжебекова
31:20 Шәмші аға Мұқағали Мақатаев жайында баяндайды
33:40 Асан Исаевтың (Қарлығаш Исаеваның жары) Шәмшіге арнаған өлеңі
35:57 Шәмші ағаның Дінмұхамед Қонаев, Нұрғиса Тілендиев, атақ, үй, т.б. жайындағы айтқандары
53:25 "Дүнген қызы" Шәмші аға және театр ұжымы
54:52 "Аққулар, қош болыңдар" ҚазССР халық әртісі Дәнеш Рақышев
1:00:20 "Шырмауық" сазгер Ілия Жақанов
1:09:23 "Теріскей" Шәмші ағаның орындауында
1:12:12 драматург Оразбек Бодықов сөз алады
1:17:14 сазгер Ілия Жақанов сөз алады
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Исаева Қарлығаш Хамзеқызы:
"Бұл өзі жылдар алыстаған сайын өте құнды болып бара жатқан тарихи аудиожазба. Оқиға былай болып еді...
Мен сол кездегі 1975 жылы негізі қаланған Талдықорған облыстық драма театрында (қазір Бикен Римова атында) ашылған күнінен бастап бертінге дейін музыка бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еттім. Ол кезде режиссёріміз жаңашыл, жалындап тұрған (қазір Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері) Сәулебек Асылханов еді.
1989 жылы Оразбек Бодықовтың "Ит өлім" пьесасы бойынша спектакль қойылды. Премьераға автормен бірге Шәмші Қалдаяқов, Ілия Жақанов келді. Премьера сәтті өтті. Ертеңіне шағын кездесу ұйымдастырдық. Көңілді отырайық деп облыстық филармония әншілерін, халық әртісі Дәнеш Рақышевті, еңбек сіңірген әртіс Ғалым Сүлейменовты шақырдық. Мен осы кездесуді бобинный магнитофонға жазып едім...
Кейін, жылдар өте техника дамығасын жазбаны тазалап, мүмкіндігінше цифрлық Mp3 форматына көшірдім. Қазақ радиосына, ұрпақтарына тапсырайын деп жүргенмін. Жазба желіде тарап кетіпті. Енді өзім толық нұсқасын жариялап отырмын. Кездесуде менің жарым Асан Исаев, Шәкеңнің түп жерлесі, суырып салып шығарған өлеңін оқиды. Әртісіміз, қазіргі халық әртісі Алмахан Кенжебекова "Шәмілге хат" әнін орындайды. Ілия ағамыз "Шырмауықты" орындайды. Шәкең өзі "Дүнген қызы" әнін біздің қыздармен қосылып орындайды. Тыңдарсыздар, өте құнды деректер көп. Бағасын беріңіздер.
Бейнежазбадағы суретті Шәкең менің ұлым Әнуардың аузына түкіріп, туған күніне өз қолымен сыйлаған еді. Дата мен автографты туған күніне лайықтап жазып беруін өтінгенмін.
Қазақ радиосына, журналистерге айтарым - аудиожазба керек болса, өзіме хабарласыңыздар. Тел. 87017470927."
#шәмші #қалдаяқов #шәмшіқалдаяқов #шамшикалдаяков #қонаев #дінмұхамедқонаев #конаев #кунаев #динмухамедкунаев #нұрғисатілендиев #нургисатлендиев #дәнешрақышев #данешракишев #ілияжақанов #ильяжаханов #бикенримоватеатры #талдықорған #талдыкорган #anuarissayev #𐰦
(рус) Обнародовал домашний архив - аудиозапись встречи коллектива Талдыкорганского театра с "королём казахского вальса", народным артистом Казахстана, композитором Шамши Калдаяковым (1930 - 1992). Запись произведена мамой на бобинный магнитофон 29 ноября 1989 года.
Шамши с юмором рассказывает истории создания своих песен, о том, как его скитающегося по Алматы искал народный артист СССР, великий композитор Нургиса Тлендиев (1925 - 1998) на приём к лидеру нации Динмухамеду Кунаеву (1912 - 1993), отзывается о благородстве Конаева и философски высказывается о наградах, орденах, недвижимости, жизни.
Присутствуют голоса народного артиста КазССР, певца и композитора Данеша Ракишева (1926 - 1992), композитора, писателя, искусствоведа Ильи Жаханова, а также других деятелей культуры и искусства. Аудио длиться полтора часа, но на таймкоде, что в описании видео, можно выбрать главы.
На изображении подаренная на мой день рождения фотокарточка Шамши с его же автографом.

Пікірлер: 127
@nick_ursus__333.N
@nick_ursus__333.N 2 жыл бұрын
Осы жазбаны сақтап қойған адамға Аллах Тағала жар болсын
@user-mu6km5hk3v
@user-mu6km5hk3v Жыл бұрын
Спасибо!!!за сохранность.
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r Жыл бұрын
Әумин! Рахмет! Бұл тұлғалардың әрқайсысының әрбір сөзі қайталанбас тарих болып қалды ғой.. Қайта - қайта тыңдай бергің келеді.
@user-fo6gp3jh8r
@user-fo6gp3jh8r 13 күн бұрын
@user-cl4ei4id1p
@user-cl4ei4id1p Жыл бұрын
Керемет нағыз тарих қандай ғажап қазақтың маңдайына біткен асыл азаматтары еді кейінгі ұрпақты көбірек таныстыру керек өз дауыстарын естіп рахаттандым Мың алғыс Қарлығаш сізге
@user-tc4dw4tp9k
@user-tc4dw4tp9k 2 жыл бұрын
Міне дəлел Шəмшінің қандай керемет адам болғаны
@user-ds2dg6qz2y
@user-ds2dg6qz2y 2 жыл бұрын
Шәмші ағанын дауысын әнің естіп түні бойы көзілмеи сол бір кезде бірге жүргендеи сезімде болдым.Қазақ валісінің корольі қазақтың даласында қаласында әнге бөлеген ғажап ағамыз еді.Қарлығаш апаиға рахмет осындаи естеліктері үшін.
@user-up8ch5kc1l
@user-up8ch5kc1l 2 жыл бұрын
Қарлығаш ханым рахмет ұлы тұлғалармен бір дастарханда отырғандай әсер алдым керемет естелік
@user-lk7vj9to6b
@user-lk7vj9to6b 4 күн бұрын
Шәмші ағамыздың жүзі өте жылы. жұмсақ мінезді екені түрінен көрініп тұр
@user-qr9eq1oe7s
@user-qr9eq1oe7s Жыл бұрын
Алла тағаланың нығметтеріне бөленіңіз, керемет естелік, қазақтың біртуар азаматтарымен бірге болғандай әсердемін, мың Алғыс!!!Ағаларымыздың жаны жәннәттің төрінде шалқысын, артына осындай мәңгілік із қалдырған!!!
@user-gy8eh9ts2e
@user-gy8eh9ts2e 2 жыл бұрын
Көңілінің кірі жоқ қаиран аға Аидаи сәуле таратқан жан жағына Қазақта сендеи ұлдар туар әлі Шақ келер қорғасындаи салмағыңа Керемет әңгіме екен
@shokanbolpakh7369
@shokanbolpakh7369 2 жыл бұрын
Ұлы адамдар ғои шіркін
@user-rq5tr8pj7y
@user-rq5tr8pj7y 3 жыл бұрын
Жарыктык, Шамши ага! Кандай ак конил аулие адам единиз. Андериниз казак халкы бар кезде айтыла береди, казак аспанында калыктай береди.
@user-lx6kg6uu8l
@user-lx6kg6uu8l 2 жыл бұрын
Өте. Керемет. Әсер. Алдым. Көңілім. Де. Босап. Кетті. Сізге үлкен. Рахмет. Қарлығаш. Ханым. Ақылбекова
@nick_ursus__333.N
@nick_ursus__333.N 2 жыл бұрын
Шәмші ағаның дауысына жететін адам жоқ
@user-hp9uv8gu1k
@user-hp9uv8gu1k 2 жыл бұрын
Өте әсерлі әңгіме екен. Осы жазбаны сақтаған адамға РАХМЕТ
@user-ks4ch5jn4l
@user-ks4ch5jn4l 2 жыл бұрын
Кандаи дауысы жумсак адам.адамнын сырткы келбеті адамның минезин ,ис арекетін баяндап аикындап турады. Өте дурыс ашык аитатын нак азамат жан осындаи болады.казирги заманға осындаи откир созди кагылез турашыл адамдар кажет деп оилаимын.ар аиткан ангимеси конилге жағымды әр создин кадирин билген акылды,парасатты жан екен. Аруагыннан аиналдым алтын аға.
@user-nn2tj3gr6t
@user-nn2tj3gr6t Жыл бұрын
Баға жетпес байлық бұл...қарлығашқа мың алғыс.біздер шәмшінің әнімен өстікқой алпысыншы жылдарда.керемет қазына жоғалып кетпесін...
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r Жыл бұрын
Рахмет!
@user-pz1xs6tz9l
@user-pz1xs6tz9l 2 жыл бұрын
Айтары жок керемет кайталанбайтын дуние екен Карлыгаш оркенин оссин Шамшинин аруагы риза болсын Алла жар болсын
@user-tc4dw4tp9k
@user-tc4dw4tp9k 2 жыл бұрын
Бір күнде үш рет тыңдап. Көңілім көтеріліп отыр
@user-np4ms9kw7n
@user-np4ms9kw7n 3 жыл бұрын
Ұлы адам керемет қарапайым тума талант
@user-zm5dl7pd6s
@user-zm5dl7pd6s 2 жыл бұрын
Керемет Шәмші ағамен бірге отырғанда әсер берді
@user-cs8gf4yh7g
@user-cs8gf4yh7g 2 жыл бұрын
Тарих 1000жылда бір келетін тұлға
@gulsaraormanova5956
@gulsaraormanova5956 2 жыл бұрын
Недеген керемет, ұлы тұлғалардың даусын есту, бізге бақыт, жазып алған адамдарға мың алғыс
@user-tt2rw1jm5e
@user-tt2rw1jm5e 2 жыл бұрын
эйэ.
@user-tt2rw1jm5e
@user-tt2rw1jm5e 2 жыл бұрын
@user-iw1lb4hp6u
@user-iw1lb4hp6u Жыл бұрын
Шәмші әндері қандай тамаша бұндай әндер тағы шықса деймін салмақты мәнді
@duriyashomaralieva1786
@duriyashomaralieva1786 Жыл бұрын
Сөзінен көрініп тұр,өте нәзік,жаны таза кісі болғаны көрініп тұр.Ұлы тұлға жатқан жеріңіз жайлы болсын 🙏🤲
@user-rs2pq9tx8p
@user-rs2pq9tx8p 2 жыл бұрын
Керемет!Көп рахмет сізге апасы!
@user-do4bg9oe8n
@user-do4bg9oe8n 2 жыл бұрын
Қарлығаш ханымға көп рахмет осындай тарихи құнды дұниені сақтап жарыққа шығарғаныңызға . Алла ризашылығын берсін.
@sairammalibek1853
@sairammalibek1853 Жыл бұрын
Шәмші аға жатқан жерің жайлы топырағында торқа болсын
@gulgul-bz5ts
@gulgul-bz5ts 2 жыл бұрын
keremet rahmet sizge,kairan SHAMSHI agamyz dausyn estip abden riza boldyk,imandy bolsyn!!!🙏🙏❤️❤️🌷🌷🌷👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿Taldykorgan !!!🙏🙏🌷🌷❤️❤️🇰🇿
@user-xc4bf3xm1c
@user-xc4bf3xm1c 2 жыл бұрын
АЛЛА колдаган адамды ешким корламайыды кандай керемет. Жан мянги ел есинде Кадар АЛЛА риза болсын даны жанатта болсын
@user-dy9tz1op5f
@user-dy9tz1op5f Жыл бұрын
Но
@user-mk4qb1zh2s
@user-mk4qb1zh2s 2 ай бұрын
Мың Алғыс🙏
@user-mf6uq2pw8t
@user-mf6uq2pw8t 3 жыл бұрын
31 жыл сақталған керемет жақсы дүние екен Қарлығаш сізге көп рахмет!
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет, айналайын, Мадрид!
@yershatsylam5316
@yershatsylam5316 3 жыл бұрын
Керемет.бір кұнды жазба екен.рахмет.алла разы болсын.
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Әумин! Рахмет!
@nick_ursus__333.N
@nick_ursus__333.N 2 жыл бұрын
Аллах сұрағаңызды берсін
@user-cy6gv3ig7b
@user-cy6gv3ig7b 2 жыл бұрын
Керемет естелік, ұрпақ ести жүрсін
@user-le7rp5nn4v
@user-le7rp5nn4v 3 жыл бұрын
Тамаша естелік, сүйсініп тыңдадым
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет!
@user-kf4li8kn2k
@user-kf4li8kn2k Жыл бұрын
Шәмші атамыз жаны жаисаң бір туар азамат екен Атаның даусын мәңгілікке жастарға сақтау керек Қаиталанбаитын тұлға
@user-ih2wz1ee7z
@user-ih2wz1ee7z 8 ай бұрын
Не деген карапайым.Соз сараптауы оте керемет. екен
@user-me3ru6vo1t
@user-me3ru6vo1t 2 жыл бұрын
Керемет екен. Сүйсініп тыңдадым.
@user-xg5bp7kr5o
@user-xg5bp7kr5o 2 жыл бұрын
Шамши агамыздын арбир ани бир кино.туриктер болса сериялдар шыгарып кояр еди.озимизди озимиз багалап котерумиз керек Карлыгаш.
@user-tc4dw4tp9k
@user-tc4dw4tp9k 2 жыл бұрын
Мен қуаныштымын. Шəмші əкеміздің даусын естіп отырғаныма. Сіздерге көөөөп рахмет
@user-mq8wq8er5g
@user-mq8wq8er5g Жыл бұрын
ӨөқайранДимашатажанжпғңаөзіңніңніңніңөзңсияқтыдарындыадамдардытанибілдіңбірқателікназарбаесияқтысұмырайдыжолатпаукерекедіоллхалчқьыңемссжекебасвнықамынойлағанадамдыһкіметбасынажолатппукерекөзіңеқарсышығыпкейінхалыққтвкүйзеліскеұшыраттымоскваныңайытқанынақарсыіштеңеістейалмадыңсебебігенсекБрежневтісыйладысолкеденазарбаевбастағантопсізгетұзаққұрыпқойғанынсезбедіңіз.
@user-mq8wq8er5g
@user-mq8wq8er5g Жыл бұрын
Жанызжанатаболсытопырағыторқабосмынврағы
@Qangly
@Qangly 3 жыл бұрын
Пах, шіркін! Не деген дастархан басындағы ғибратлы, өнегелі естеліктер еді! Мынандай жазбалар өте сирек қой! Тіпті жоқ десе де болады. Шәмші Қалдаяқов ағаның ән айтқанын естімеген едік, мынау бір тамаша отырыс болған екен ол кісінің тынысын ашқан. Өте керемет! Біздің атақты кісілеріміздің осындай аудио жазбалары, бейне фильмдері неге көп түсірілмеген, неге жазылмаған деп ішім ашиды кейде. Мұқағалидің де бір жөні түзу видеосы жоқ, Шәмші ағаның да. Немқұрайлылық па, барды бағаламау ма түсінбеймін. Мәселен, орыстың Высоцкийінің кинолары да бар, жасырын берген концерттері де бар, кассеталары да тарап жатты ғой. Өз басыма келсек, біздің отбасының да әкеміз тірі кезінде дыбысын таспаға жазған кассеталар болған еді. Ол жерде әкеміз ән айтып, біздер тақпақ оқыған едік. Сол таспалар шашылып жатып, ақыры жоқ болып кетті... Өте өкінішті(((( Біздің ауылға да көп атақты, атағы жоқ кісілер ел аралап жүріп, концерттермен келуші еді, солардың біразы біздің үйде қонақ болып, дәм ауыз тиіп кеткен еді. Сол кездерде осылай таспаға түсіріп алатын мүмкіндіктер болмапты ғой. Ол кезде запись жасайтын магнитофондар қымбат болды ма екен, біздің үйде сол нәрсе болмады. Осы аудионы жазып алған Қарлығаш Исаева әпкемізге де, оның ұлы Әнуар Исаевқа да көп-көп рахмет! Құдай қуат берсін сіздерге! Отбасы, бала-шағаңыздың қызығын көріңіздер!
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет сізге! Әркім кесіп-кесіп өздерінің парақшаларына жүктеп просмотр жасап жатыр. Авторлыққа қол сұғып. Тоқтата алмай отырмын! Ватсаппен жіберіп жатыр. Ватсап нұсқасында авторлық көрінбейді ғой. Сонау жылдары 32 ж.бұрын бобинаға жазчлғанды өңдеп,тазалап жсриялап отырмын. Фейсбук парақшамды да қарап жіберіңіз. Ертең Шәкең туралы қызықты мәліметтер бар пост жаричлаймын. Түсінетін зиялы қауымға үлкен тарихи дүние , қанша жазушы, киногерлерге азық!!!
@user-rr7gd3rh3i
@user-rr7gd3rh3i 2 жыл бұрын
Керемет,естеліктер екен қайран ғана ұлы адамдар қарлығаш исаев а сізге үлкен рахмет осындай архивті сақтап қалған
@user-ee4kw6mo6c
@user-ee4kw6mo6c 2 жыл бұрын
АсяШпщчяясрясс
@user-ee4kw6mo6c
@user-ee4kw6mo6c 2 жыл бұрын
Һ
@user-ee4kw6mo6c
@user-ee4kw6mo6c 2 жыл бұрын
Чячясһсщһ
@user-eh5hd3wf1t
@user-eh5hd3wf1t 3 ай бұрын
Менде ризамын . Келешекке керек қой ..❤
@SamsSam-mh7fv
@SamsSam-mh7fv 10 ай бұрын
Кешегі қаңтардағы өрт болғанда ұлыларымыздың сөзін естиміз ба деп ойланып қалдық.сіздерге рахмет шағарғандарызға. Алла разы болсын.
@user-yf6dq2nb9n
@user-yf6dq2nb9n Жыл бұрын
Шәмшінің өзімен кездескендеи болдық қои шіркін бір кем дүниаи рақмет сіззге архивистер
@user-ds9kj9jg3m
@user-ds9kj9jg3m 11 ай бұрын
Рахмет. Қарлығаш ханым..Шәмші атамыздан керемет естелік қалдырыпсыз ұлы адамдар ұрпақтан ұрпаққа ослай жалғасады. Мың жылда бір туылатын қазағымның ұлылары даналары жатқан жерлеріңіз жайлы болсын
@zhumageldyryskhan7883
@zhumageldyryskhan7883 3 жыл бұрын
Қарлығаш тәте еңбегіңіз жана берсін! Қандай таза жазылған үнтаспа! Алла разы болсын! Талай жылды асырып әкеп асыл тұлғаның әдемі дауысын бізге жеткізу Сізге нәсіп еткен екен! Қазақ елі қайта жеткен, біз сағынған, біз іздеген, біз шөлдеген Шәмші дауысы құлақта қалсын, кейінгі жастар Ғибрат алсын! Рахмет Қарлығаш апай!
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет, айналайын, түсініп бағалағаныңа.
@user-yg3mb2vb5t
@user-yg3mb2vb5t 3 жыл бұрын
Керемет естелік екен , Алла разы болсын сіздерге
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Әумин!
@xxersultan09xx_xx69
@xxersultan09xx_xx69 8 ай бұрын
Өте қүнды жазба . Бұл жазба Қазақ халқының атадан -балаға мирас етіп қалдыратындай мұрасы деп ойлаймын . Жазып алған кісіге Алла екі дүниенің сыйын берсін . Шәмші ағаның әні қандай әдемі болса , сөйлеген сөздері де ке.емет ,еш мүдірмей сөзді сөзге жалғастырып ойын ойнақы көңілді жеткізуі сөз жоқ ғажап екен .
@user-bv6wy2ns8o
@user-bv6wy2ns8o 3 жыл бұрын
Жақсы👍👍👍👍
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
🙏🙏🙏👏👏👏
@user-yp5bh7gi9p
@user-yp5bh7gi9p 2 жыл бұрын
Керемет Шамши агамен бирге отыргандай куй кештим Карлыгаш ханымга мын алгыс!
@user-uv7jm4xt5j
@user-uv7jm4xt5j 3 жыл бұрын
ҚАРЫЛҒАШ ХАМЗЕ ҚЫЗЫ, СІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫСІ!! ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ, ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ТҰЛҒАСЫ,ҚАЙТАЛАНБАС ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АҒАМЫЗДЫ ӘЛЕМГЕ СЫЙЛАҒАН, ҚУАНҒАННАН КӨЗІМІЗДЕН ЖАС ШЫҒАРҒАН, ӨЗ ЗАМАНЫНДА, КӨЗІ ТІРІСІНДЕ, ӘН ПАТШАСЫ АТАНҒАН,1977- ЖЫЛЫ МАМЫР АЙЫНДА,АЛМАТЫДА СЕЙФУЛЛИН,ҚҰРМАНҒАЗЫ КӨШЕСІНДЕ, 17-ЖАСАР СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТЫҢ ТҰҢҒЫШ КҮЙІНЕ, КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫ ДЕП КҮЙДІҢ ЕСІМІН БЕРІП,МЕН БАҚЫРТЫП КІНДІГІН КЕСІП, ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ АҒАМ ТҰСАУЫН КЕСКЕН, СӨЙТІП ДҮНИЕГЕ " ЖАЛҒЫЗІ КЕТКЕН " КҮЙІ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН!!! ҰЛЫ КОМПОЗИТОР КҮЙІН ЗЕЙІН ҚОЙЫП, КӨРІП,ТЫҢДАП КЕТКЕН.БИЫЛ 44- ЖЫЛ БОЛҒАН ЕКЕН?! ҚҰРМЕТПЕН ДӘУСАРЫ, МӨҢКЕ БИ, ТӨЛЕ БИ ҰРПАҒЫ. РАХМЕТ, ҚАРЫЛҒАШ ХАМЗЕ ҚЫЗЫ, ЕШКІМ БІЛМЕЙТІН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ ДЕП, ЖҮРГЕМ,...
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет!
@erssnik.4708
@erssnik.4708 Жыл бұрын
"шынында да сахнаның адамы емеспін,өзіне қарамайды жұрт біреуді сынағанда шебер.біреуді сынағанда шеберлердің бірі мен.жетісіп тұрмағанымды өзім де білем" дейді Шәмші ағамыз
@arujankolkanatkizi545
@arujankolkanatkizi545 Жыл бұрын
Карлыгаш малениетты касиеты курметты адамдарды кадырлей былетын тарбиене басидым аман бол улгыне рамет быр рахаткуйдемын конаев акемыз болган кайталанбас азаматымыз бырге отырган екен сызге алла разы болсын тари х
@user-hc4iv3sw7r
@user-hc4iv3sw7r 9 ай бұрын
Қайран Шәмші аға.Мұндай таланттар туарма екен қазақта?
@MaratHanat
@MaratHanat 6 ай бұрын
Қазақта қайталанбас тұлғалар. Жатқан жері жайлы иманды болсын.
@user-ut2oe6nn4y
@user-ut2oe6nn4y 3 жыл бұрын
Керемет, өзімді қазір қастарыңызда отырғандай сезіндім.
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет!
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет!
@user-zp4zk1sf4e
@user-zp4zk1sf4e 2 жыл бұрын
Құны жоқ, керемет дүние ғой...
@sarahusainova9598
@sarahusainova9598 Жыл бұрын
Шәмші ағаның жатқан жері жайлы болсын топырағы ТОРҚА болсын иманы жолдас болсын осы ағамыз мінезі тік ашық өте жақсы адам болған осы әңгіме маған қатты әсер күшті апаға мың алғыс осыны бізге жеткізген
@abaib
@abaib 3 жыл бұрын
Керемет, рақмет.
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Сізге де рахмет!
@user-zo6cm9fn3i
@user-zo6cm9fn3i 3 жыл бұрын
Қандай тамаша, адал адамдар. Керемет .
@fggfghyfhk5646
@fggfghyfhk5646 3 жыл бұрын
Күшті!!!
@user-lc7jk1xk4y
@user-lc7jk1xk4y 11 ай бұрын
Шәмші көкеміз не деген шыншыл, әділ азамат еді.
@user-yp5bh7gi9p
@user-yp5bh7gi9p 2 жыл бұрын
Улы адамдардын ози де дурыс сози де дурыс!
@user-rq5tr8pj7y
@user-rq5tr8pj7y 3 жыл бұрын
Бир биринин кадирине жеткен улылар Динмухаммед , Нургиса, Шамши аталар.Тындап отырып козге жас келеди.
@venerasherubaeva765
@venerasherubaeva765 11 ай бұрын
Шәмші аға, жан аға, жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннатта болсын. Бүгін бір қызық жағдай болды, таңертең ерте тұрғанмын. Ағаның өлеңдерін тыңдайын деп, KZbin қосқам, осы материал шыға келді, тындасаң Шәмші ағаңның өзінің даусын тында деген сияқты, Алла тағала.
@user-gw6gj8bj3y
@user-gw6gj8bj3y 3 жыл бұрын
👍👍 керемет естелік
@user-bd2qj6dn3k
@user-bd2qj6dn3k 3 жыл бұрын
Өте керемет!! Рахмет!!!
@user-ry7pp3qs2o
@user-ry7pp3qs2o Жыл бұрын
Шәмші Ағаның жанының тазалығы, Ілия Жақанов Еділ мен Жайық әнін жазғанда тыңдап отырып, бұдан кейін ән жазбасақта болады екен деп басын шайқапты. Не деген кеңдік. Дарқандық. Ұлылық
@user-sj3xc9ns2x
@user-sj3xc9ns2x Жыл бұрын
Ән аға
@sarahusainova9598
@sarahusainova9598 Жыл бұрын
Ағаның барлық өлеңі маңызды өмір бойы айтып жүрміз мықты100 Қарлығаш апамызға мың алғыс дедіңіз сау аман жүріңіз өте мықты әңгіме кітабының барма естелік туралы
@user-rl8wq6kv5v
@user-rl8wq6kv5v 11 ай бұрын
Қарлығаш қарындасыма рахмет бір көңіліміз көтеріліп қалды
@user-ss6so7bi9q
@user-ss6so7bi9q 3 жыл бұрын
Шапшаң. Дауысының. Есть. Өзін.кргндеу.елестеп.ыриза.болдқ.ырақмет.сіздерге.
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Рахмет!
@user-sj4db9uz7s
@user-sj4db9uz7s 2 жыл бұрын
@@user-xz2kw4ib1r қате жазған асығып әріптерді дұрыс баспаған ба...не сауатсыз ба деп ұялып отырмын
@user-bv6wy2ns8o
@user-bv6wy2ns8o 3 жыл бұрын
👍👍👍
@turlibekzhiyenbaev5330
@turlibekzhiyenbaev5330 Жыл бұрын
КеремеУлы тулга
@user-yj8vo6lq8c
@user-yj8vo6lq8c 2 жыл бұрын
Мен осы аудиотаспаны қайта-қайта тыңдаудан жалықпаймын
@user-bv6wy2ns8o
@user-bv6wy2ns8o 3 жыл бұрын
Керемет
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r Жыл бұрын
Ол жылдары видео деген түсінік те жоқ қой...
@user-lc7jk1xk4y
@user-lc7jk1xk4y 11 ай бұрын
Қарлығаш айналайын, сізге мың алғыс Шамші көкенің жанды дауысын есіттіргенің үшін ел - жұртқа. Сирек тұлға қазақ үшін. Шымкент.
@user-zt2yo1em9y
@user-zt2yo1em9y Жыл бұрын
Қайран дара тұлға Шәмші ата жатқан жерің жәннәт болсын өлді деп біз айтамызау қазақ барда өлмейтін ұлы адам
@almasalmas7840
@almasalmas7840 2 жыл бұрын
Акемнин почеркiнен аумайды екен.
@alymzhan5233
@alymzhan5233 Жыл бұрын
Тамаша отырысты тыңдадым. Шәмшінің ән айтудағы шеберлігін білдім. Тек қана композитор емес, әнді де нақышына келтіріп орындайды екен. Қонаевтан ештеме сұрамағаны да, Шәмшінің жанынының тазалығын көрсетеді. Дарындарды Қазақ қоғамы өлгеннен кейін дәріптейді. "Ештен кеш жақсы" деген мақалымыз бар ғой.
@user-gl5tm9ds8r
@user-gl5tm9ds8r Жыл бұрын
Керемет!
@user-eh5hd3wf1t
@user-eh5hd3wf1t 3 ай бұрын
Қадірдің жазбалары мен Шәмшінің өз сөзін салыстыр , сонда шындық ашылады ..
@user-eb9xn3dj6n
@user-eb9xn3dj6n 13 күн бұрын
Өлді деуге болама айтыңдаршы өлмейтұғын артында ән қалдырған
@Qangly
@Qangly 3 жыл бұрын
Кім инстагарамдағы тараған осы жазбадан кейін келіп отыр?)) Маған лайық басып қойыңдар деп біз де дауыс жинап қояйық, мүмкін ол ақшаға айналатын шығар!))))
@user-xz2kw4ib1r
@user-xz2kw4ib1r 3 жыл бұрын
Түсінбедім...
@Qangly
@Qangly 3 жыл бұрын
@@user-xz2kw4ib1r А бұл сондай еріккен қалжың сөз ғой) Мән бермеңіз
@user-yn7tu2nj5q
@user-yn7tu2nj5q 8 ай бұрын
Недешево. Карапаиым. АДАМ. Козинин. Тирисинде. Кадирлеи. Билмеппиз
@user-xg5yp6nc7n
@user-xg5yp6nc7n 2 жыл бұрын
Кто песню исполняет?
@user-tl3mz4gg4m
@user-tl3mz4gg4m 2 жыл бұрын
бұл ұлы тұлғаның ұлы тағылымы.керек ақ.
Шәмші әндері
40:49
OPEN KZ_MUSIC
Рет қаралды 1,7 МЛН
NO NO NO YES! (Fight SANTA CLAUS) #shorts
00:41
PANDA BOI
Рет қаралды 55 МЛН
ЕРЛАН ТӨЛЕУТАЙ ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ - ЖАЛҒАСЫ
11:00
« Менің дағы бір аққуым  бар шығар»
3:40
Сансызбай Султангалиев
Рет қаралды 55 М.
Шамши Калдаяков. Документальный фильм
27:56
Шәмші Қалдаяқовтың қарындасы Райхан Қалдаяқовамен сұхбат
14:14
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 66 М.
«Құстар қайтып барады» Бірінші бөлім
19:55
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ЖАЙЛЫ ШЫНДЫҚ!
5:31
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 394 М.
Alisher Bayniyazov & Kazbek Mirza - Ku'nde oylayman
3:04
ALYONMEDIA
Рет қаралды 633 М.
Akimmmich все песни (Official Music)
9:08
akimmmich
Рет қаралды 555 М.
Asik - Coco Chanel (Lyrics Video)
1:58
Rukh Music
Рет қаралды 744 М.
Wallem, Mult96 - Она безумна (Mood Video, 2024)
2:33
Wallem
Рет қаралды 1,5 МЛН
Jaloliddin Ahmadaliyev - Kel (Official Music Video)
5:09
NevoMusic
Рет қаралды 7 МЛН
Alisher Konysbaev - Koshe (Lyric Video)
3:06
Alisher Konysbaev
Рет қаралды 353 М.
SEVENTEEN (세븐틴) 'MAESTRO' Official MV
4:12
HYBE LABELS
Рет қаралды 19 МЛН