МЮ қатты ӨКІНІП қалды. Елдің бәрі Роналдуды қолдап жатыр

  Рет қаралды 26,945

Әлімжан Асқар

Әлімжан Асқар

Жыл бұрын

ФУТБИГ арнасына тіркеліңіздер!
Португалия құрамасының және «Аль Насрдың» шабуылшысын қалағаныңызша сынауыңызға болады, бірақ оның аңыз адам екенін мойындамау мүмкін емес. Бірегей спортшы, керемет мотиватор. Роналду жүздеген голдар мен ондаған жүлделердің арқасында ғана танылған жоқ. Оның алаңның сыртында да тұлға ретінде қалыптасқанын айтуға болады. Армысыздар, құрметті көрермендер! Бұл Футбиг арнасы. Бүгін біз неге Әлем Криштиану Роналдуды жақсы көретінін түсіндіріп береміз. Сіз КРироның фанаты болсаңыз, лайк басыңыз. Ал хейтері болсаңыз, соңына дейін көріңіз. Видео аяқталғанда, ойыңыз өзгеріп, Ронға деген махаббатыңыз ашылады.
Балалық шағы.
Криштиану дос Сантос Авейро 1985 жылы Мадейрадағы Фуншал деген шағын қалада дүниеге келген. Футболшының балалық шағы елдегі экономикалық қиын кезге тұспа тұс келді. Криштиану отбасындағы төртінші және ең кенже бала. Оның ата анасы материалдық жағдайларына байланысты төртінші баланы асырай алмаймыз деп қорыққан. Сол үшін анасы баланы алдырып тастауға шешім қабылдайды. Португалияда аборт жасау нақты әрі маңызды себептермен ғана рұқсат етілген. Роналдудың анасы абортқа келісім ала алмаған. Тағдырдың жазуымен аман есен босанып, таршылықта және жоқшылықта өмір сүруге тура келді. Отбасының сол кездегі күн көрісі нашар еді. Роналдудың бала кезіндегі жалғыз ойыншығы футбол добы болды.
Ал әкесі маскүнемдіктен зардап шеккен. Десе де, болашақ футбол жұлдызының әкесі елдің тағдырына қатты алаңдап, сол кездегі президент Антонио Энистің саясатын АҚШ тың президенті Рональд Рейганның саясатымен салыстыратын. Әрине, Рональдтың беделі мен мансабы әлде қайда мықты болса керек. Сондықтан балаға есім беру мәселесі көп талқыланбады. Роналду - америкалық көшбасшының құрметіне қойылған есім.
Ауруды да жеңе білді
Роналду жас кезінде жүрек әлсіздігімен ауырды. Бұл оның шамадан тыс жұмыс істейтіндігінің салдарынан туындаған. Дәл осы диагноз футболды тастауға мәжбүрледі. Бірақ Лиссабондағы медициналық орталық оған лазерлік операция жасап, емдеп шығады. Хирургиялық араласу арқасында жүректің бірнеше жолдарын бір сингулярлы жолға ауыстыруды қажет етті. Қуанышқа орай, жас Роналдудың операциясы сәтті өтті. “Ол тағы да футбол ойнауды жалғастыра алады және өзінің балалық армандарын орындау үшін жұмыс істейді” деген дәрігерлердің рұқсатын алды. Ол тағдырдың осындай да қиындығын жеңіп шыққан.
Қажымас қайрат пен ерік жігер
Криштің бала кезден футболға бейім екені тез белгілі бола бастады. Алғашқы командасы елдің төменгі дивизионында ойнайтын жергілікті «Андориньо» мен «Насьональ». Сол жерде Роналдудың негізгі үш ерекшелігі қалыптаса бастады. Біріншіден, оның жұмысқа қабілеттілігі мен шыдамдылығы. Табиғатынан арық бала болса да, өте төзімді. Командаға берілген тапсырмаларды екі есе артығымен жасап, бапкерлердің көзіне түсе бастады. Екіншіден, ол алаңда жылдам қозғалып, қарсыластарын оңай алдап өтетін. Көз ілеспес шапшаңдығының арқасында шабуыл шебінің нағыз қауіпті ойыншысы болды. Үшіншіден, ол эмоционалды болған. 10 жасар Криштианудың әр ойыны оның көз жасымен аяқталатын. Неге десеңіз, түрлі шешімдерге келісе алмай өзінің наразылығын солай жеткізетін. Ол қосалқы құрамда қалып қалса, командасы жеңілсе жылайтын. Тіпті оның пасынан кейін әріптесі гол соға алмаған кезде де эмоциясына ерік беретін. Осыған қарамастан, ол алаңдағы үздік ойыншылардың бірі болды және әрқашан өз қатарластарынан ерекшеленетін.
12 жасында Роналду Португал футболының алпауыт командаларының бірі «Спортингке» қабылданады. Бала өмірінде алғаш рет Лиссабонға бару үшін үйін және сүйікті ата-анасын тастап кетуге мәжбүр болды. Мадейра аралынан келген жас футболшы бірден сіңіспеді. Өйткені, Криш келген аралдың сөз саптауы мен акценті Лиссабондағы португал тілінен біршама ерекшеленеді. Сөйтіп Роналду академияда күлкі мен мазақтың ортасында қалды. Ол осындай хэйтке тек өзінің ойынымен жауап қайтаратын. Маусым сайын кем дегенде он гол соғып, көре алмайтындардың ауызын жабуға тырысты. Алдына менің есімімді әлі талай естисіңдер деген мақсат қойды.
Әр кеш сайын анасына қоңырау шалып, жылап, үйіне алып кетуін өтінетін. Ал келесі күні жаттығуға барып, есінен танып қалғанша жұмыс істейтін. Академия тәлімгері мен бапкерлер оны шамадан тыс жаттығатыны үшін штраф жазып беруге мәжбүр болатын.

Пікірлер: 219
@alimjanasqar
@alimjanasqar Жыл бұрын
1ХБЕТ букмекер компаниясында біздің атымыздан 200 000 теңгеге дейін бонус алыңыздар. Промокод: FUTBIG 👇 tinyurl.com/2322dxt5
@nurbatsairabyek9357
@nurbatsairabyek9357 Жыл бұрын
Роналду ойнап жүрген заманда өмір сүргеніме қуаныштымын
@user-hj3pg3fc6q
@user-hj3pg3fc6q Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз, менде
@user-ol4qg7oy5g
@user-ol4qg7oy5g Жыл бұрын
Роналдудың Түрік еліне жасаған қайырымдылығына сөз жоқ,бүкіл Қазақстан бірігіп ондай көмек бере алмадық қой
@user-lf7ch7jt6y
@user-lf7ch7jt6y Жыл бұрын
Өте керемет әлем мойындаған. Мәрт жігіт дүнйеге құнықпаған өзісіне өзге жандарғада адал жігітқой сыйлы. Арманына жетеберсін 👍👍👍👍👍👍👍🙏🇰🇿
@fbraidos1449
@fbraidos1449 Жыл бұрын
Ронолду деген атты көріп кіргендер,біз біргеміз)))
@phonk_w
@phonk_w Жыл бұрын
Біргеміз
@user-fd8yj6bn1h
@user-fd8yj6bn1h Жыл бұрын
Біргеміз
@user-ws7fk5lk9i
@user-ws7fk5lk9i Жыл бұрын
@@user-fd8yj6bn1h +
@user-vb3uw7eg7g
@user-vb3uw7eg7g Жыл бұрын
Біргеміз
@Ronny_7.
@Ronny_7. Жыл бұрын
Мен Мессидің фанатымын бірақ Роналду сияқты спортшыны біріншірет көруім Рон сен ЛЕГЕНДАСЫҢ!!!
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
Мессидн фанатымын деп кулактан теппей, конкретно роналду фанатымын дейсасай болды.
@Ronny_7.
@Ronny_7. Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6g конкретны Мессидің фанатымын
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
@@Ronny_7. Мен осы уакытка дейн канша балармен араласып келе жатырмын. Бирак Мессидин фанаты болып турып роналдуды мактаганды биринширет естип турмын?😁 Бирак ким билед фанаты болсан фанаты шигарсын.
@ash1rbekov
@ash1rbekov Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6g фанаты емес сіге беред
@Ronny_7.
@Ronny_7. Жыл бұрын
@@ash1rbekov қотақ жемеш сен қайдан білесің наху
@user-di3to5mn8b
@user-di3to5mn8b Жыл бұрын
Роналду аңыз футболшы.Менің кумирім
@user-vq8us2bc4x
@user-vq8us2bc4x Жыл бұрын
Нағыз азамат ұлы футболшы
@niyetulla7302
@niyetulla7302 Жыл бұрын
Кайталанбайтын ен март, сакый жигит. Алла сол ушында оган ден саулыктыда, абыройдыда акшаныда аямай береди. Нокистен баринизге жалынлы салемлер болсын.
@zhanserikaluanov1086
@zhanserikaluanov1086 Жыл бұрын
Роналду Мыкты Чемпион Кушти Ойыншы Жаксы Адам
@user-tb4po8qz1b
@user-tb4po8qz1b Жыл бұрын
Нағыз азамат.АЛЛА ОҒАН ЖАР БОЛСЫН.ҰЗАҚ ӨМІР ҚАЖЫМАС ҚАЙРАТ ,АНАСЫНЫҢ ҒҰМЫРЫ ҰЗАҚ БОЛСЫН .СЕМИЯСЫМЕН БАҚЫТТЫ БОЛСЫН.АЛЛАНЫН СҮЙІКТІ ҚҰЛЫ, ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МҰХАММЕД С.Ғ.С.ШЫНАЙЫ ҮММЕТІ БОЛСЫН.ӘМИН.
@Yerlan.Berkinov
@Yerlan.Berkinov Жыл бұрын
Роналду керемет ойыншы мен осы ушин оган жанкуйермин
@user-yn8lw9ju3y
@user-yn8lw9ju3y Жыл бұрын
Роналду ға сөз жоқ 👍👍👍👍👍
@user-sc7xu1sn4s
@user-sc7xu1sn4s Жыл бұрын
Роналду лучииии кумир многих
@butvince
@butvince Жыл бұрын
😍😍😍 Роналду ұлы ойыншы
@Dinara_Zhakupova
@Dinara_Zhakupova Жыл бұрын
Самый достойный человек❤
@Serikbai_Januzak
@Serikbai_Januzak Жыл бұрын
Роналдо топқои
@user-jx4kl5ti1o
@user-jx4kl5ti1o Жыл бұрын
Криіш шемпион тек алға сен жастарға ұлгісің..... Аман жүр шемпион...
@user-tr2lv8gs6p
@user-tr2lv8gs6p Жыл бұрын
Легенда !!!
@abaizhaksylykov387
@abaizhaksylykov387 6 ай бұрын
Криштиану Роналду жақсы еңбекқор ойыншы өз жұмысына адал қарапайым қайырымдылық жасайды Алла Криштиану Роналдуға иман нәсіп етсін🤲 🇰🇿⚽️ 😍
@kaisarjaa1992
@kaisarjaa1992 Жыл бұрын
Алла Разы Болсын ФУТБИК !!! сенің каналың маған және менің достарыма өте қатты ұнайды ! #ФутбикКеремет
@user-mk1zw3gz7i
@user-mk1zw3gz7i Жыл бұрын
Номе один❤️🇵🇹
@user-ex6vo5eq4j
@user-ex6vo5eq4j Жыл бұрын
Роналду респект!
@adaybekov30
@adaybekov30 Жыл бұрын
Роналдудың жасағанының біреуін осы жерде отырған ешқайсысымыз жасаған жоқпыз әлі. Оның деңгейінде ойнау былай тұрсын, ойлана да алмаймыз. Оның берген қайрымдылығын беріп көрген жоқпыз миллиондап. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген, кері, теріс пікір жазып керек емес. Көре алмаушылар мен миы таяз адамдар жаза береді, себебі олар өмірінде ештеңеге қол жеткізбеген және жақсылықты көре алмайды
@user-cc3sj7sg2t
@user-cc3sj7sg2t Жыл бұрын
Соны менде айтамында ондай жетістікке жету қайда жамандап отыратындарға таң қаламын.
@yerlankozhagul2214
@yerlankozhagul2214 Жыл бұрын
❤❤
@Erlan_1983
@Erlan_1983 Жыл бұрын
Осы Криштің жасап жүргенін біздің ана билік басындағылар көріп, саналарына сіңірсе ғой. Сендер өз қалталарыңнан бермейақ қойыңдар, халықты тонағандарыңды тоқтатсаңдар соның өзі үлкен көмек болар еді.. Айуандар
@user-hx3td7gy7m
@user-hx3td7gy7m Жыл бұрын
Роналду Мыкты жигит
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
Бирак отырып сиетини болмаса десей😄
@user-cc3sj7sg2t
@user-cc3sj7sg2t Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6g сен сияқтыма
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
@@user-cc3sj7sg2t 😄👍✊
@user-ks5rd5ed1m
@user-ks5rd5ed1m Жыл бұрын
Рахмет бул жигитке
@user-wy3wd7gm6b
@user-wy3wd7gm6b Жыл бұрын
Роналду Португалия топ
@qazaqtynalyby8110
@qazaqtynalyby8110 Жыл бұрын
Рон 💯🥇
@bayirjanparahatob9429
@bayirjanparahatob9429 Жыл бұрын
Роналду 👍💪
@user-gq4rd1gp1k
@user-gq4rd1gp1k Жыл бұрын
👍👍👍 Өмірі ұзақ болсын баланың
@Zhasulan19970
@Zhasulan19970 Жыл бұрын
Аңыз адам
@anaragibaeva4403
@anaragibaeva4403 Жыл бұрын
Менің суйікті футболшым. Жаныммм
@user-cm2lc4ee6k
@user-cm2lc4ee6k Жыл бұрын
Супер футболшы
@nurdostursinbai-sv5ex
@nurdostursinbai-sv5ex Жыл бұрын
Күшті екен!
@TRFOOTBALL10
@TRFOOTBALL10 Жыл бұрын
Рахмет 👍
@bags.444bags3
@bags.444bags3 Жыл бұрын
Роналдуды аланнын ышындеде сыртындада сыйлау керек деген соз бекер шыкпаган екен)
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
Кооойш сондаймане
@adaybekov30
@adaybekov30 Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6gсен бала көре алмайды екенсің, тынышыңа отыр піштіріп тамтайм
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
@@adaybekov30 Ей инишек эбалана абайлап сойле. И ары ойна.
@thisiselonmusk9029
@thisiselonmusk9029 Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6g ия
@Iliyas-1997
@Iliyas-1997 Жыл бұрын
Роналду 👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@NeipolYt
@NeipolYt Жыл бұрын
Роналдуды мен арқашанда силағам және сыилаймын.Бірден бір себеп Мессимен бәсекелестікке түсе алған жалғыз ойыншы
@qazaqtynalyby8110
@qazaqtynalyby8110 Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6g жеңіліп калган Месси ғой 😂фифамен пенкамен жеңді әч тын, алтын доптары да өтірік береді оған🤌
@adaybekov30
@adaybekov30 Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6gмына жерде де жүрсің ба? Нең бар, жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген сөз бар
@Deylin777
@Deylin777 Жыл бұрын
​@@qazaqtynalyby8110 солғо
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
@Kaz Goal arnasy Ай бауырымай оз озинди солай алдап койсай. Кайтесин енди омиргой.😊
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
@Kaz Goal arnasy Ее бала создерине карасам али мурынбогын агып жур екенго. Балакай кыскасы ары ойна.
@major_legenda
@major_legenda Жыл бұрын
Легендагой❤️‍🔥🥹)
@user-vx2sq9tn9f
@user-vx2sq9tn9f Жыл бұрын
Криш красавчик❤
@user-ii9vr8oj6h
@user-ii9vr8oj6h Жыл бұрын
👍👍👍❤️❤️❤️🏆🏆🏆🥇🥇🥇
@user-qr4qw4hv7n
@user-qr4qw4hv7n Жыл бұрын
Жаным Криш
@abaizhaksylykov387
@abaizhaksylykov387 6 ай бұрын
كريستيانو رونالدو ماشاء الله ❤ 🇰🇿 ⚽️
@kuanyshkua-ow1xm
@kuanyshkua-ow1xm Жыл бұрын
после поражение МЮ сразу 😂😂
@user-yt2th6xc7l
@user-yt2th6xc7l Жыл бұрын
Мықтысын 😀
@aselyazheksenkulova7438
@aselyazheksenkulova7438 Жыл бұрын
CR7 🔥
@user-en2xr1bg6h
@user-en2xr1bg6h Жыл бұрын
G.O.A.T 🐐
@user-qr4im3yg8x
@user-qr4im3yg8x Жыл бұрын
Раналдо❤❤❤❤❤❤
@user-tj4jd2sq5u
@user-tj4jd2sq5u Жыл бұрын
Рон 🦸‍♂️
@did1987
@did1987 Жыл бұрын
👍👍👍👍
@kuka.1998
@kuka.1998 Жыл бұрын
👍👍
@Islam-uk7fd
@Islam-uk7fd Жыл бұрын
👍
@FIFA_777
@FIFA_777 Жыл бұрын
Раналдо топ
@user-hp4te9hu8o
@user-hp4te9hu8o Жыл бұрын
The best 🐐
@beriktoraly6336
@beriktoraly6336 Жыл бұрын
🔥🔥🔥
@user-nv2ic5po3b
@user-nv2ic5po3b Жыл бұрын
👍👍👍👍👍🇵🇹
@user-em5ug5qb6z
@user-em5ug5qb6z Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@erasyl162
@erasyl162 Жыл бұрын
Лучши лененда CR7
@Q_Fanton
@Q_Fanton Жыл бұрын
Раналдо сила
@Joljan
@Joljan Жыл бұрын
Сау болщ Кристат жасасын
@user-ol4qg7oy5g
@user-ol4qg7oy5g Жыл бұрын
Роналду енді ислам дінін қабылдаса тіптен жақсы болар еді
@RuslanSeytmuratov
@RuslanSeytmuratov 18 күн бұрын
Номер 1 Роналдо 🇵🇹 деп футбол ист
@ermakhan_2607
@ermakhan_2607 8 ай бұрын
Роналдудан мен бір нәрсе үйрендім ол КҮРЕС
@COURTOIS_11
@COURTOIS_11 23 күн бұрын
*Роналдоны алдырып тастамағаны дұрыс болды алдырып тастаса мықты футболшы болмас еді*
@user-wq9ok1wo5n
@user-wq9ok1wo5n Жыл бұрын
Раналдо топ қои
@greytv1578
@greytv1578 Жыл бұрын
Ема алтын доп и алтын бутсы сату кобынын колнан келмидгоо криш молодец
@alisherolzhabai-do3tv
@alisherolzhabai-do3tv Жыл бұрын
Жаным Кришш 21ғасырға үлгі адамғой❤
@user-mi3qx6kh7p
@user-mi3qx6kh7p Жыл бұрын
Енді Месси туралы түсірші
@dauken-shoraev
@dauken-shoraev Жыл бұрын
Әдемі
@TRFOOTBALL10
@TRFOOTBALL10 Жыл бұрын
Рахмет 🙂
@user-bv1yy3bb4h
@user-bv1yy3bb4h 11 ай бұрын
Месси мен Роналду туралы шығаршы бәсекелестігі екеуінің сыйластығы Еуропадан кетуі футболға қаншалықты әсер ететіні екеуінің футболға әкелген жолдары екеуінен кейін ондай ойыншылар болама жоқ па екенің айтылуы туралы
@nurdauleterkin266
@nurdauleterkin266 Жыл бұрын
Cr7 🔥
@FFabdulrasul
@FFabdulrasul Жыл бұрын
Ronaldo 🚀
@spencosmos9849
@spencosmos9849 Жыл бұрын
Роналду сияхты адам енді туылуы екі талай
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
Кооойш сондаймане
@qazaqtynalyby8110
@qazaqtynalyby8110 Жыл бұрын
Рас рас Рон мықты 💪жігіт
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
@@qazaqtynalyby8110 Катын сиякты сыланып сипанып журетин жигит де😁
@Online_shakyryM
@Online_shakyryM Жыл бұрын
Раналду сила
@user-kv5pj6lv6n
@user-kv5pj6lv6n Жыл бұрын
Алимжан Аска сенің тагы кандаи каналы бар
@takanaichannel6793
@takanaichannel6793 Жыл бұрын
Liverpool sadio mane жәйлы шығаршы?
@user-in7el4wt9r
@user-in7el4wt9r 11 ай бұрын
мен роналдонун фанатымын
@user-zm7lh8hr8e
@user-zm7lh8hr8e Жыл бұрын
Crs7 ♕1
@kenesbayduysenbaev1379
@kenesbayduysenbaev1379 Жыл бұрын
Келесы футболшы Kylian Mbappe болсыншы
@dumankali1267
@dumankali1267 Жыл бұрын
Роналду португалия аркылы өмір сүріп атақты болған екенғой
@Bolatkhan_
@Bolatkhan_ Жыл бұрын
Месси жайлы шығаршы
@user-rh7rg1ed5d
@user-rh7rg1ed5d 9 ай бұрын
Роналдо
@TalapbekKushubak
@TalapbekKushubak 11 күн бұрын
CR7
@kairgzansegazin852
@kairgzansegazin852 Жыл бұрын
Әрине Роналдуға жетер адам жоқ оның кемінде 2 алтын добын урлап алды бірлет Месси ал екінші Рет модрич
@eskachannel8602
@eskachannel8602 Жыл бұрын
Ron sila
@user-ps8dk3ok6c
@user-ps8dk3ok6c Жыл бұрын
Месси бар ақшасын өзінің аяғының алтын көшірмесін жасату үшін берген, ал Роналду ақшасын алтын добын бутцыйын қайырымдылыққа берген
@Thebakhyt2015
@Thebakhyt2015 2 ай бұрын
🏅🎖🏆⚽️🥇🏆🏆🏆осылар роналдоныкі
@user-oc1fh2cs5n
@user-oc1fh2cs5n Жыл бұрын
Роналдо сила
@user-qb5qr4ps9k
@user-qb5qr4ps9k Жыл бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🔥
@mbappe582
@mbappe582 Жыл бұрын
Роналду уздык футболшы .Алемнын ен уздык футболшысы Мессиден кейын
@chasperff
@chasperff Жыл бұрын
Роналдо өзіне қарсы шыққандардың🤐🤫 деп қыладығоеее
@user-zn6ox3uw5r
@user-zn6ox3uw5r Жыл бұрын
Леганда
@bazarbekdauit691
@bazarbekdauit691 Жыл бұрын
Роналду
@serikbossyniskak
@serikbossyniskak Жыл бұрын
❤ sui
@s1mple3755
@s1mple3755 Жыл бұрын
1
@barcafan1518
@barcafan1518 Жыл бұрын
Го келесі Месси
@user-eu1cy1cx9q
@user-eu1cy1cx9q Жыл бұрын
Бар кезде багалау керек кой еки легенданыда
@user-tg6bp5ri6g
@user-tg6bp5ri6g Жыл бұрын
Ай даладагы биреуди багалап негыласын? Аке Шешенди багала оданша бар кезде.
@adaybekov30
@adaybekov30 Жыл бұрын
@@user-tg6bp5ri6gмынауың дұрыс әңгіме болды, енді өзіңе келдің. Жарайсың
@Erlan_1983
@Erlan_1983 Жыл бұрын
Мен осы Кришті көріп, футболға жанкүйер болдым. Тек мен емес қаншама жастарды футбол ойнауға түрткі болды, ал қайрымдылық жағын айтпайақ қойсада көрініп тұр ғой. Футбол мен ЛЧ ның королі
@Joni-ud9je
@Joni-ud9je Жыл бұрын
Neymar
@baktiyar4313
@baktiyar4313 Жыл бұрын
Алымжан Аскарма сойлеп жаткан
@user-yw9hy8wh6k
@user-yw9hy8wh6k Жыл бұрын
Палестина туралы неге айтпадын оларды қалай қолдағанын оларға қанша қаражат бергенін
@user-ok2iu4wo3g
@user-ok2iu4wo3g Жыл бұрын
Мен ушин Роналдо футболдан кароли
Месси Роналдудан ҚАЛАЙША озды?
7:33
Әлімжан Асқар
Рет қаралды 19 М.
1🥺🎉 #thankyou
00:29
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 79 МЛН
They RUINED Everything! 😢
00:31
Carter Sharer
Рет қаралды 17 МЛН
Be kind🤝
00:22
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 23 МЛН
New Gadgets! Bycycle 4.0 🚲 #shorts
00:14
BongBee Family
Рет қаралды 14 МЛН
OLMON PODKAST | 1-SON | Germaniya bu Senga Rossiya emas...
53:11
Olmon Akademiyasi
Рет қаралды 4,4 М.
Xayrulla Hamidov: Davron Fayziyev Messi bo'lsa, men Ronalduman!
1:14:11
Players vs Soft Balls 😂
0:32
Score 90 Shorts
Рет қаралды 14 МЛН
Селфи на расстоянии📸 (TT cyliaxr)
0:21
Pieyon
Рет қаралды 2,6 МЛН
Ronaldo Sad Moments 😢
0:20
Skiller90
Рет қаралды 2,8 МЛН
РЕАКЦИЯ МЕССИ ШОК🤯
0:55
ВЯТЫЧ МЕДИА
Рет қаралды 1,5 МЛН