Мөңке бидің II ғасыр бұрын айтып, дәл келген болжамдары

  Рет қаралды 4,898

Арман Мурат

Арман Мурат

Жыл бұрын

Тілеуұлы Мөңке би - белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау. Тілеу Айтұлы (1630, қазіргі Ақтөбе облысы - 1684, Сайрам қаласы) - би әрі батыр қолбасшы. Ноғай ұлысының билеушісі Мұсаның ұрпағы, Мөңке бидің әкесі. Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан.
Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.
Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.
Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның “Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ,
“Құрамалы-қорғанды үйің болады‚
Айнымалы‚ төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын басқан жиын болады.
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚
Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады,
Алашұбар тілің болады‚
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады‚
Еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады.

Пікірлер: 13
@aselkulakhmetova4767
@aselkulakhmetova4767 Жыл бұрын
Мен Аллаға сенем бәрі жақсы күшти болады бұлардын ешқаисын Алла Тағала болдыртпасын
@aselkulakhmetova4767
@aselkulakhmetova4767 Жыл бұрын
Ерте өмірге келген болды Бәрімізді жаратқан Алла болды
@user-cd4vi9pv5g
@user-cd4vi9pv5g 7 ай бұрын
Жүреккее тиеді екен..
@user-mu8oi8of5b
@user-mu8oi8of5b Жыл бұрын
Дұрыс айтасың 👍🏽👍🏽👍🏽👍🏽👏👏👏👏👏
@aselkulakhmetova4767
@aselkulakhmetova4767 Жыл бұрын
Аитып откан Адам ғои биринши ден Бәрі Алланың назарында не нәрсе болсада жақсыға жору керек еді мумкін сонда жақсы болама
@user-fz4gr7dl2z
@user-fz4gr7dl2z Жыл бұрын
Бир Кудайга аян ертен не болатыны .
@AbdurahmanRahumberdi
@AbdurahmanRahumberdi 5 ай бұрын
Мынагың бәрі болып жатыр ғои уже 😔
@user-il6yk3gk5q
@user-il6yk3gk5q Жыл бұрын
Қандай көреген еді....
@user-wt5gy4cw5v
@user-wt5gy4cw5v Жыл бұрын
Дал айтылган
@Angil.815
@Angil.815 Жыл бұрын
Әрине Мөңке бидің көріпкелдіг дәл келіп тұр, бірақ ол кісі қазақтың жалпақ тілімен айтқан.і
@Angil.815
@Angil.815 Жыл бұрын
Әлі есімде, әжем Мөңке бидің айтқанын жатқа түгел білетін, менің есімде қалғаны 2 ақ жол :Мінгенiн тайке болар, кигенiң мәйке болар.
@user-fb9lj3tx4z
@user-fb9lj3tx4z Жыл бұрын
@@Angil.815 ол көріпкел емес бұны Мұхаммед с.ғ.с пайғамбарымыз айтып кеткен бұл кісі өлең қылып айтып жатыр и көріпкел дегенге сенуге болмайды
@user-pu1xc1ro9y
@user-pu1xc1ro9y Жыл бұрын
Басталып кетті айтқаны
Брюс Ли. Жігер беретін сөздер
6:22
Арман Мурат
Рет қаралды 260
ISSEI funny story 😂😂😂Strange World 🌏 Green
00:27
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 88 МЛН
Айттыңба - істе ! | Synyptas 3 | 7 серия
21:55
kak budto
Рет қаралды 1,4 МЛН
Мөңке бидің түсі. Қалай ойласыздар, дөп келді ме?
1:58
ТЕРМЕЛЕР ЖИНАҒЫ БАУЫРЖАН БЕКАХМЕТОВ
35:36
Арман Мурат
Рет қаралды 1,1 МЛН
Конфуций Нақыл сөздер Философиялық ойлар
4:11
Почему Арабы и Евреи всегда воюют?
19:22
Сложный Процент
Рет қаралды 851 М.