М.Мақатаев.Шәмілге жазған xаттардан.Оқыған Нұркен Өтеуіл

  Рет қаралды 107,724

Nurken oteul

Nurken oteul

5 жыл бұрын

Пікірлер: 87
@user-qw5sq8cb7n
@user-qw5sq8cb7n 2 жыл бұрын
МҰҚАҒАЛИ МЕН ҮШІН ӘЛЕМ АҚЫНЫ!!!
@bakdauletmeirbekov1704
@bakdauletmeirbekov1704 Жыл бұрын
Кім болса сол оқымай,осындай жігіттер оқу керек. Раһымет інім.
@bagilausipbaeva1064
@bagilausipbaeva1064 Жыл бұрын
Мұқағали ақынға тең келер ақын жоқ.Өлеңді жан жүрегімен оқыған сізге Нүркен,мың алғыс!Шығармашылық табыс тілеймін. ӨНЕРІҢІЗ өрге жүзсін
@user-zm4fv5hc9q
@user-zm4fv5hc9q Жыл бұрын
*өте керемет оқыған, менің баламда керемет оқиды, арқасы бар өлең оқығанда шабыт алады*
@user-ew6dy1id3k
@user-ew6dy1id3k 2 жыл бұрын
Жаткан жери жайлы болсын! ол узак омир сургенде акындарга жазуга олен калмас едеу шамасы.
@SalmanTV23
@SalmanTV23 Жыл бұрын
Мындай тулаған жүректен осындай өте ұйқас өлеңдер шығарған Мұқағали атамыз-айй ..!!! Сіздей ақын жер бетінде қалмағандай ...!!! Жаны жаннатта болып хаттағы қызды нәсіп қылғай !!!!
@user-lc8ep7ov6h
@user-lc8ep7ov6h 8 ай бұрын
Шәміл досы Торғайдың жігіті еді... Шәміл Мұхамеджанов.
@zainabermukhanova5873
@zainabermukhanova5873 2 жыл бұрын
Шәміл-ау! Хал-жайымды білсең еді, Білмеймін қайтерімді... Кім сенеді? Он жетімде өшіріп алған отым, Қайтер ең қайта қарып жүрсе мені? Бір дертке ұшырадым, бұл күнде мен Қоштастым сауығыммен, күлкімменен. Жүрегім жерік болған жағдайы бар Бір пәле жатыр білем бүлкілдеген. Ынтығып ыңқылменен, күңкілменен Жеткізіп айту қиын құр тілменен, Бүгін маған жиырма керек боп жүр, Алдында хор қызының іркілмеген. Белгілі саған менің маубастығым, Сабырсыз аузы күйген албастымын. Кесемді алдыменен үрлеп алам, Ыссы шайды аузыма алмас бұрын. Ойласам, талай-талай қыр басыппын, Досым деп, «доңызбен» де мұңдасыппын ...Шәміл-ау! Қалың достан қалған сен ең, Қайтемін? Ғашықпын мен, Шын ғашықпын!!! Ғашықпын! Ғашықпын деп білдірмедім, Белгілі: білдіргенім - бүлдіргенім. Жарқ етіп, жайдың оты шашылғанда, Жалт етіп, қарауға да үлгірмедім... 2 «Достардың» ортасына түсіп қалдым... Шәміл-ау! Осы мені ұшықтар кім? Желдеріне желігіп пысықтардың, Кеше мен махаббатқа ішіп бардым. Бардым-дағы отырдым қарсы қарап, Ол да отыр. Түрі жоқ хал сұрамақ. Сұқтанған жат көздерден жасқандым да, Тайып тұрдым. Қашанғы әл шыдамақ. Тіл қатып, тіс жармадым, үндемедім Білмеймін білгенін де, білмегенін. ...Мен деген - саудам біткен саудагермін, Керегім бола қойсын кімге менің?! О, шіркін! Қайран күндер. Сайран күндер! Қанатын бақыт құсы жайған күндер. Жалт бұрылып, оқыс бір қарағанда, Жүзіңнен жүрексініп, тайған кімдер. Сол күндер ғой - жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, айызым тамсанады. Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па? Өз-өзінен жүрегім ән салады. Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма, Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма. Махаббатқа арнап бір ән шығарсын, Шәміл-ау! Шәмші кайда? Шәмші қайда? Шәмшіге айт, Тағы да бір таңдандырсын, Жындандырсын жүректі, жандандырсын! Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер, Мәңгілік өлмей туғын ән қалдырсын! 3 Махаббат бүгін және қарамады, Қарамады... Жанымды жаралады. Шәміл-ау! Білесің бе? Шын махаббат - Осылай қарамаудан жаралады! Мейлі, ол қарамасын, түсінбесін, Осылай асқақ болсын, кішірмесін. Бастан ауып баратқан тал түсіме, Тағдырым көлеңкесін түсірмесін. Ескермесін, білмесін, Кете берсін. Бұл фәниден алаңсыз өте көрсін Дәрменсіз менің мылқау махаббатым, Сірә да, өміріммен өтелерсің... 4 Шәміл-ау! Күндер өтті, Айлар өтті. Алаңсыз қайран күндер қайда кетті? Махаббат сәулесіне ұрындым мен, Махаббат өмірімді ойран етті. Қазір түн. Көктем түні маужырап тұр. Отырмын жазбай, сызбай қалжырап құр. Алдында тереземнің - кәрі қайың, Көктей алмай бұтағы саудырап тұр. Ақ нөсер аңырап кеп дүркін-дүркін ашылар, Кәрі қайың көктер бір күн. Махаббат мені, сірә, дауалар ма, Бет алып бұрылмасқа кеткен, шіркін. Көшелердің көзінен қан атылып Қала жатыр, Қазір түн. Дала тұнық. Махаббатты күзетіп, кіршік ілмей, Бүгін және отырмын таң атырып. 5 Шәміл! Айналдым жазылмасқа. Күйрейтұғын түрім бар, жазым бассам. Қазір менен сауық пен сайран қалған, Жайына жыр да қалған жазылмастан. Ойға өрес таппаған, тілге - дерек, Ойнақы жырым менің кімге керек? Тулайды тұтқындалған ақтиіндей, Шығыршықты айналып шыр көбелек. Жоқ, Шәміл, Менің ойым бөлек еді, Басқа жыр, басқа ғұмыр керек еді... Құл болғам Махаббатқа, менде ерік жоқ, Еріксіз өмір маған не береді?! Махаббат түсінбеді, аулақтады, Арманым кетті мені алдап тағы. Сая іздеп құр бекерге сабылыппын, Табыныпнын сағымға ар жақтағы. ...Қазір түн. Сыртта нөсер. Сәуір айы. Көктеген әлдеқашан кәрі қайың. Сәлден кейін тағы да таң атады, Тағы да... Сары уайым... Сары уайым... 6 Шәміл, Шәміл! Шаршадым, қалжырадым. Ет жүрегім езілді, қан жылады. Жырым менің - науқастың сандырағы, Құным менің - тазының қарғыбауы. Темір емес, мен-дағы адаммын ғой, Аңнан емес, адамнан жаралдым ғой! Шәміл-ау Тұңғиыққа қамалдым ғой! Қайтермін?! Қайда барып жазармын бой?! Тағы түн. Тағы менен ұйқы қашты. Қайтемін қаңыраған күйкі басты? ...Алдымда мынау фәни-тыржалаңаш, Шығарып тілін маған, сиқын ашты. Махаббат менен кеткен, Бөлекте жүр. Мен де бір - жасын түскен терек те бір. Тіршілік махаббаттан таралған ғой, Шәміл-ау! Енді маған керек пе өмір?!
@user-iw5gx1ln8r
@user-iw5gx1ln8r 2 жыл бұрын
Қазаққа абайдай дана шәкәрімдей ғұлама мұхағалидай ақиық ғажапақын енді келмесау барында бағаламадыққой асылдарымызды
@user-ox5cr8ev1m
@user-ox5cr8ev1m 2 жыл бұрын
Тәңірдің жаратқан асылы.МҰХАҒАЛИ. Жаныңа жеткізе оқыған сізге рахмет. Қандай жандар өтті ортамыздан о,шіркін деп.
@user-ey2ph8ki6x
@user-ey2ph8ki6x 2 жыл бұрын
Керемет
@user-yx7xy6uk8d
@user-yx7xy6uk8d 5 ай бұрын
Керемет оқыдың, рахмет!
@user-bx8ti1ii6k
@user-bx8ti1ii6k 2 жыл бұрын
Өте тамаша дауыс, еңбегің өрлей берсін
@user-rq2lr8ut8e
@user-rq2lr8ut8e 2 жыл бұрын
Керемет окыдын жарайсын
@user-ir4jk9yt4j
@user-ir4jk9yt4j 2 жыл бұрын
КЕРЕМЕТ,дауыс иесі!!!
@user-cc1dq4yv6j
@user-cc1dq4yv6j 2 жыл бұрын
Керемет 👍👍👍👍👍👍👍
@ertaijaras9004
@ertaijaras9004 2 жыл бұрын
Қандай талантты ақын . Дене бойым тітіркеніп кетті .
@user-tf2ij3gq8x
@user-tf2ij3gq8x Жыл бұрын
Козимнен жастиылар еме с,керемет.
@user-hr6qy5bb1v
@user-hr6qy5bb1v 2 жыл бұрын
Ерте өмірден өткені өте өкінішті Жалт етіп жұлдыз сияқты ағып кетті Мұқағали ақын
@zhaksylykbeisekeev3469
@zhaksylykbeisekeev3469 2 жыл бұрын
Керемет. Жарайсын.
@user-xd1ni8hp4n
@user-xd1ni8hp4n 7 ай бұрын
Агамыэга мыналгы́с жаксы коремиэ жаткан жери жа́рык болмын❤
@user-gu5gv6rh3j
@user-gu5gv6rh3j 2 жыл бұрын
Керемет 👍👏 Жарайсыз Нуркен аға
@user-js4jv8ib9g
@user-js4jv8ib9g 2 жыл бұрын
Ондай адамдар 1000жылда бир келетин шгар
@user-eh5hd3wf1t
@user-eh5hd3wf1t Жыл бұрын
Ұлы Мұқаңды тірідей көріп , өлеңін тыңдағаныма , өзімді бақытты санаймын..
@gshabgshsshbs7628
@gshabgshsshbs7628 2 жыл бұрын
Мын алғыс сізге, керемет керемет!!!
@user-mk9ll4cj4i
@user-mk9ll4cj4i 2 жыл бұрын
Өлеңді өз бойына сіңіріп оқыған азаматта ақынжанды екен!
@aidynakhanov2971
@aidynakhanov2971 2 жыл бұрын
Ораза қабыл болсын! 🤲
@user-cv3lw2zx4k
@user-cv3lw2zx4k 2 жыл бұрын
Дауысыңыз ғажап, Мұқағали агамызды көргендей болдым
@aidynakhanov2971
@aidynakhanov2971 2 жыл бұрын
Бәрекелді аға! Керемет орындау, жүрекпен жеткіздіңіз!
@user-mk9ll4cj4i
@user-mk9ll4cj4i 2 жыл бұрын
Керемет қой! Осындай тілі бар, ғашық бола білген ағамыз бақытты жан! Әр өлеңі теңіз маржаны десем!
@triplggg1307
@triplggg1307 5 жыл бұрын
Соз жок созине,кудактан кирип бойды алар деген осы ,сизге Рахмет
@user-nk1tp1dl7f
@user-nk1tp1dl7f Ай бұрын
❤❤❤❤
@user-fy8me6ww3l
@user-fy8me6ww3l 2 жыл бұрын
Қандай керемет 👍👍👍🙏🙏🙏
@user-hn9wz4gz5k
@user-hn9wz4gz5k 2 жыл бұрын
Керемет!!!! Рахмет!!! Оте ризамын !!! Бакытты болындар!!!!!
@user-hi1mk1tc7l
@user-hi1mk1tc7l 2 жыл бұрын
Магынасын тусынызыз казагым
@user-fd4ov7ph3p
@user-fd4ov7ph3p 2 жыл бұрын
Соз жок керемет👍👍👍
@kabyldymurzanov2604
@kabyldymurzanov2604 Жыл бұрын
👍👍👍🙏🙏🙏
@user-go7df3hm6s
@user-go7df3hm6s 2 жыл бұрын
МашАллаһ
@user-sp6xs3sy8s
@user-sp6xs3sy8s 4 жыл бұрын
Керемет!!!
@portakal_1
@portakal_1 3 жыл бұрын
Керемет Аға💝 менде сіз сияқты поэзия оқығанды ұнатамын. менің де оқығаным бар еді, тыңдап көрсеңіз екен 😊
@user-jl7bx9ky6z
@user-jl7bx9ky6z 2 жыл бұрын
керемет дауыс
@user-go7df3hm6s
@user-go7df3hm6s 2 жыл бұрын
Ұл-қыздарымның ішінде осындай талант иесі болса екен, дүниеге жар салар ем...
@user-sm9sp3ti2u
@user-sm9sp3ti2u 2 жыл бұрын
Иншаллах болады
@user-uz5pw6zl5r
@user-uz5pw6zl5r 2 жыл бұрын
Болсын!
@ertaijaras9004
@ertaijaras9004 2 жыл бұрын
Алла қаласа болады .
@user-fj2dm6xs8s
@user-fj2dm6xs8s 2 жыл бұрын
Тілегіңіз орындалсын
@turan-auto-korea4382
@turan-auto-korea4382 2 жыл бұрын
Әмин
@user-iy3rq8hg6q
@user-iy3rq8hg6q Жыл бұрын
Ақын өлеңдеріндегі сөздерге мән берсек, тағы бір жаның бар секілді.
@nartaikoptileu4591
@nartaikoptileu4591 2 жыл бұрын
Қандай Керемет өлең, сөз жоқ күніге тыңдаймын, тыңдаған сайын тереңінен үңілем көз алдымнан өткендей Мұқағалидің бар өмірі
@qasqyrqazaq3998
@qasqyrqazaq3998 3 жыл бұрын
Жастар тындаса ғой...
@aibekqudabai1767
@aibekqudabai1767 10 ай бұрын
🇰🇿☀️💙⚘️
@shynggysashirbekov8601
@shynggysashirbekov8601 2 жыл бұрын
Неге Шәмші мен Мұқағали бір ортақ ән жазбады екен? Әлде бар болса қайсы ән?
@dosanovmairam8675
@dosanovmairam8675 Жыл бұрын
Шәмшіге аъйтар боздап
@user-kv1ly8yv5l
@user-kv1ly8yv5l Жыл бұрын
Шәміл ағамыз киелі ТОРҒАЙ жерінің тумасы .
@user-cn6jc1ih8f
@user-cn6jc1ih8f 2 жыл бұрын
Шіркін-ай не деген құдретті сөздер
@user-qw5sq8cb7n
@user-qw5sq8cb7n 4 жыл бұрын
Мұқағали әлем ақыны
@user-qo2fw7yx3w
@user-qo2fw7yx3w 2 жыл бұрын
Комменттеги «Шамил ким?» дегендерге тусиник. Шамил акын. Мукагалидын жерлеси умытпасам. Екеуи жас кунинен дос болган, есейген шактарында да араларында сыйластык болган. Соган отинишин билдире отырып, мунын шагып, образга кирип Шамши т.б. арнап жазган олендер циклы. Бирнеше болимнен турады. Фамилиясы Мухамеджанов болса керек Шамилдин.
@user-lb5rs6ib2n
@user-lb5rs6ib2n 2 жыл бұрын
Қумашы қайдағы жерлесі Мақатаев Нарынқолдікі ғо Шәмші Шымкент
@asselkubeeva9928
@asselkubeeva9928 2 жыл бұрын
@@user-lb5rs6ib2n Шәмші басқа, Шәміл басқа
@user-yp7ot2nx5g
@user-yp7ot2nx5g 2 жыл бұрын
Шәміл менің жерлесім. Қарт Торғайдың ақыны. Шәміл Мұхаметжанов. Ол кісі Мұқаңның өлеңдерін оқып өзі өлең жазуды қойып кеткен деседі. Алайда арасында өлең өлкесіне жортып тұрған. Кітап жинақтары бар. Адал дос болған олар.
@user-od5qh5ui7y
@user-od5qh5ui7y Жыл бұрын
Көзімнен саусылдаған жас тамады, Атама бас иемін,мұң шағамын. Болғанда осы кезде тағы түңіліп, Сау тамтығың қалмас ед тарам тарам
@user-uv6gy5yj6p
@user-uv6gy5yj6p Жыл бұрын
Қайран Мұқағали, Шəмші, Əбілахат, Қаныштай Ағаларымның көзі тірі болғанда алдарына барып Ассалаумағалейкім Ағаларым деп бетінен сүйіп иісін иіскеп бір мауқымымды басып армандарымның бірін орынбап бақытты болып қайтар едім үйіме?
@user-ej8iv1jf4t
@user-ej8iv1jf4t Ай бұрын
Ой шіркін қайта келмейтін азаматқой
@diiinawss.
@diiinawss. Жыл бұрын
Фондағы муз кандай??
@user-ti2co6bw4w
@user-ti2co6bw4w 2 жыл бұрын
Ай сауболш
@user-xg5cq4ix9m
@user-xg5cq4ix9m 2 жыл бұрын
Видеоның ең басы қандай программамен жасалынған ?
@Aisulu_abylaikyzy
@Aisulu_abylaikyzy 5 жыл бұрын
❤️❤️❤️
@user-cn1th4kk4q
@user-cn1th4kk4q 4 жыл бұрын
хор қызы)мен маубаспын🤗
@user-uk3nv5lp9s
@user-uk3nv5lp9s Жыл бұрын
👍👍👍👍
@user-ty5en1tm8f
@user-ty5en1tm8f 2 жыл бұрын
Қайран мұағали ағамай сеніде мына қазақ өзқазағың сидырмаған екенау өз еліңде өгеидің күиінкешкен саңлағымау кешір тіріңде бағаламаған қазақ дешен күншіл еліңді
@user-or1bw1vs2o
@user-or1bw1vs2o 6 күн бұрын
Шәмілдін түрін қайдан көрсе болады а? 🤭
@user-yq2mi4go9y
@user-yq2mi4go9y 2 жыл бұрын
Даусын нагыз мүкагали адамды жылатады
@user-ff3ri6jz9m
@user-ff3ri6jz9m 2 жыл бұрын
Қазір осындай ақын табылар ма екен? Жазған өлеңдерін қанша тыңдасаңда жалықпайсын.
@banzaibanzaii
@banzaibanzaii 5 жыл бұрын
Ote keremet
@sakebake215
@sakebake215 Жыл бұрын
шамил ким болган
@user-ov6xh9su1m
@user-ov6xh9su1m 2 жыл бұрын
Шамиль Ким болган
@user-bl9rp4td3u
@user-bl9rp4td3u 2 жыл бұрын
Торгайлык жигит
@user-zi6xr1ys3x
@user-zi6xr1ys3x Жыл бұрын
Шамил досы ма еди?кешириниздер билмегениме
@user-sf1rj3ol7p
@user-sf1rj3ol7p Жыл бұрын
Саламатсызба. Шамил деген досыго.
@user-pu5hc2um4p
@user-pu5hc2um4p 2 жыл бұрын
Ким ол шамиль?
@user-os4mc1xh9p
@user-os4mc1xh9p 2 жыл бұрын
Торғайлық
@user-sf1rj3ol7p
@user-sf1rj3ol7p Жыл бұрын
Досы
@nurbolatd3815
@nurbolatd3815 2 жыл бұрын
Керемет
@user-yz4gc7bc7e
@user-yz4gc7bc7e 2 жыл бұрын
Керемет
@ADILKHAN-bk2yn
@ADILKHAN-bk2yn Жыл бұрын
Керемет
"Жүректесін" Бағдаулет Арыстан #поэзия
4:36
Тынышбай Рахимов. Мұқағалиға арнау
5:38
Aқберен Елгезек
Рет қаралды 39 М.
INO IS A KIND ALIEN😂
00:45
INO
Рет қаралды 20 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 622 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 11 МЛН
АДАМНЫҢ ХИКМЕТІ НЕДЕ?
35:35
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 74 М.
Аққулар ұйықтағанда
19:48
NurBol
Рет қаралды 73 М.
Қасым Аманжолов. Өзім жайлы
5:05
TALENTED KZ
Рет қаралды 678 М.
Шәмілге жазған хаттардан
6:03
TIMA Berdenkulov
Рет қаралды 152 М.
Мұқағали Мақатаев өз дауысы
7:58
make90ification
Рет қаралды 916 М.
INO IS A KIND ALIEN😂
00:45
INO
Рет қаралды 20 МЛН