Мұндай тек бізде ғана болады: Жамбыл облысында сақ қорғандары сатылып кетті

  Рет қаралды 7,369

Информбюро 31

Информбюро 31

17 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Жамбыл облысында сақ қорғандары сатылып кеткен. Жекенің қолындағы жәдігерді жоғалтып жатырмыз дейді жұрт. Бүгінде балбал тасы бүлініп, қорым түгел сүріліп бизнес орнына айналған. Осылайша «Ақшешек» обалы қорымының обалы кімге деп күйінеді. Ал атқарушы билік мемлекеттің қорғауындағы жердің қалай рәсімделіп кеткеніне өздері де аң-таң. Әріптесім Нұрадин Рақай арысы темір дәуірі, берісі орта ғасырдың жұрнағы болған жер мәселесін біліп келді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Бұл қойнаудағы көп қой тасты түртіп қалсаң темір дәуіріне тіреледі. Тілін тапсаң әр құлпы тас адамзат тарихының "тасқыны". Қазір қайнаған құрылыс алаңына айналған аймақ құдды археологиялық қазба жұмыстарына көп ұқсайды. Бірақ күрек ұстағандар тарихшы емес, демалыс орнының ірге тасын құйып жатқан құрылысшылар.
АСҚАР ҚЫЗЫЛОВ, Меркі ауданының тұрғыны:
- Мына жердегі тастың бәрі өзінше бір бұрышпен қойылған. Бұл көмік. Яғни адам жерленген. Бұлар тарихи орынды тас-талқанын шығарып жатыр. Бұл бізге, келешекке, балаларымызға керек нәрсе ғой. Біздің тарихымыз. Бұл мемлекеттің байлығы.
Бұл жерге «Ақшешек» обалы қорымы деп айшықтап, ескерту тақтайшасы да қойылған. Алайда мемлекеттің қорғауындағы деген бұл төл құжаттың қазір көк тиын құны жоқ.
Ал қорымды қорыған көпке кәсіпкер күле қарайды. Қолдан қолға сатылған жердің құжатын қолдан емес әкімшіліктен алғанын айтады. Сондықтан қажетімше қазғаным-қазған, сауалың соған деп сілтейді.
ҚАЙСАР МОЛДАҚҰЛОВ, кәсіпкер:
- Бүкіл рұқсат құжатым бар. Міне жер учаскесінің кадастрлық нөмірі. 0692039331. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты. Демалыс орындарымен халыққа қызмет көрсету нысандарын салу үшін.
Ал ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының мамандары жер берген жергілікті әкімдіктің әрекетін құзырлы органдар анықтап жатқанын айтады.
ТАЛҒАТ СҰЛТАНОВ, Меркі аудандық тарихи өлкетану музейінің инспекторы:
- Сол жерде ерте темір дәуірі мен кейінгі орта ғасырға жататын обаларды анықтаған болатын. Бұл ескерткіштің жерін қашан беріліп кеткені туралы біздің құзырлы органдар анықтап жатыр. Біз тура сіздер сияқты көріп жағдайды анықтап, құрылыс салуға тыйым салып кеткенбіз.
Қазір аудан басшылары жекенің қолындағы жердің сатылған жылын анықтап архив ақтарып әлек.
БАҚЫТХАН ӘБЖАПАРОВ, Меркі ауданы әкімінің міндетін атқарушы:
- Кезінде бәлкім берілмеу керек пе еді?! 2007 жылдары беріліп кеткен. Көріп отырсыздар ма?! Сол кездегі басшылықты анау мынау демейін. Бәлкім заман талабына сай, бәлкім кемшілік шығар, бәлкім аудан басшылығының жер беру процесіндегі зерделемей беріліп кетуінде шығар.
Қазір жоғалған балбал тастарды іздестіруге ішкі істер бөлімі, құжаттан кеткен қателікті қайта көруге жер қатынастар бөлімі, бұрынғы әкімнің шешімін бүгінгі әкімнің бұзу жолдары қарастырылуда. Бірақ бұл мәселенің шешілер күні белгісіз.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 54
@user-un1ll2te4u
@user-un1ll2te4u 15 күн бұрын
Сол адамды тауып жазага тарту керек
@DummyMations
@DummyMations 15 күн бұрын
Осылай тарихтан мүлдем жоқ болып кететін сияқтымыз
@user-ww3rs1hu6s
@user-ww3rs1hu6s 15 күн бұрын
Машинаны аңдыганша штрап салып сергек койганша, саткыштармен жемкорларды устаумен айналысса сол кезде дамимыз акимат мафия болдыма ойынна келгенін істейді недеген сұмдық масқара ғой , солкездегіні уйінен тауып жазага тартыңдар
@user-pc6wc4tv2n
@user-pc6wc4tv2n 15 күн бұрын
😂😂😂😂 биздин елде не сатылмады ози
@user-do8vk7ry6d
@user-do8vk7ry6d 14 күн бұрын
Бәрібірғой бізде қадрін білмейтін Ұлт ғо
@ulanturarov4537
@ulanturarov4537 15 күн бұрын
Калай сатылып кетед тусинбим булынғыр укимет ай
@user-sk3bq4ck1i
@user-sk3bq4ck1i 14 күн бұрын
Бұларға ақша керек, ата бабамыздың тарихы мүлдем қажет емес
@user-bl3ij2se5d
@user-bl3ij2se5d 14 күн бұрын
Заңсыз болса тартып алыңдар.Ал сатқан кісіні жауапқа тартсын!
@Xxx_924
@Xxx_924 14 күн бұрын
Кым берды ол жерды Акым берды акша барын шешеды гой
@maliktolebay1761
@maliktolebay1761 14 күн бұрын
МЫНАУ НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ! БҰЛ ҚАЛАЙ?! МӘДЕНИ МҰРАМЫЗДЫ ОСЫЛАЙША ҚОРЛАП ҚҰРТАДЫ МА СОНДА?!!!
@user-cl9yv9st6g
@user-cl9yv9st6g 15 күн бұрын
Қайран Қазағым
@MenQazaqpyn-xl2gx
@MenQazaqpyn-xl2gx 14 күн бұрын
Тарихи қорғандарды кімнің сатуға ақысы бар, сатуға рұқсат берген, сатқан, сатып алған адамдарды заңмен қатаң жауапқа тарту керек
@user-fj5zg7yf9m
@user-fj5zg7yf9m 15 күн бұрын
Қорымда демалыс үйін соқпаса болмайды ма,сол жерде қалай демалады біле тұра ұрпақтары . Қағаз көрсетіп заңдылығын дәлелдегенше ,тоқтатып әруақтардың ризалығын алу қажет шығар
@user-uv4iq2zo7u
@user-uv4iq2zo7u 13 күн бұрын
Сатып алған ғой өзі біледі не істеседе.
@alimakudaybergen3845
@alimakudaybergen3845 12 күн бұрын
Барлығына ортақ , керемет табиғат орындарын , жекеменшікке сатып жібере берген. Табигат орындарын , укімет қорғап , кутсін , бірақ сатпасын. Бүрын емін еркін журетін жердің барін қоршап тастаған. Көбісі ақылы.
@victory.888
@victory.888 14 күн бұрын
Сатуға болмайды тарихты
@user-ru5dq8vp8d
@user-ru5dq8vp8d 14 күн бұрын
2007 жыл 17 жыл алдын сатылып кеткен енді оянып жатыр.
@user-wz3ul7mg3f
@user-wz3ul7mg3f 14 күн бұрын
Кайсар Молдакулов оз миын жокпа , алып жатканда жерди карамайсын ба ол жерде кудретти адамдар жерленген , биле тура касип бастайын деп отсын ба , ай билмейм орге емес жерге домаламасын ??????
@user-jo4lu2cj7h
@user-jo4lu2cj7h 13 күн бұрын
Елде полный бардак
@user-vf8iz8rj8u
@user-vf8iz8rj8u 15 күн бұрын
ТУРИЗМ ДАМУ КЕРЕК ,,МЕН АРАЛДА ТҰРАМ ,БАРЫП ТАУДЫҢ БАСЫНА ДЕМ АЛАЙЫҚ
@user-sl9ef5py3d
@user-sl9ef5py3d 15 күн бұрын
Безпредел, а
@user-vw9rt8hy4y
@user-vw9rt8hy4y 15 күн бұрын
Барлыгы коре алмаушылык. Касипкерди енди тексере береди тексере береди, зб укимет, шшс казакстаннын барлык жеринде археология жерлер коп коо, баска жерди казып жаналык корсетсей.
@user-bj1qf2yr8s
@user-bj1qf2yr8s 15 күн бұрын
Ол жер басынан археологиялық жер болған, жәй қалталы адамдар пәре беріп иемденіп алып отыр ғой
@user-qv1xf1bm7w
@user-qv1xf1bm7w 14 күн бұрын
Ой мен осы ауылда тұрам, өз басым осы әкімшілікпен 7 жыл соттасқам барлық әкімнің айтатыны осы бұрынғы әкімдер біздің кінәміз жоқ білмейміз.
@user-zc9ot3bs6h
@user-zc9ot3bs6h 15 күн бұрын
Өздері аңтаң дейма 😂 әртістер
@user-kc6nu7cb6y
@user-kc6nu7cb6y 15 күн бұрын
🤔🤔🤔🤔🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🔭⚖️🌎🔭🌎🔭🌎🔭🤔🇰🇿
@user-et3se9sx6b
@user-et3se9sx6b 11 күн бұрын
Сол адамдар сіздің жаныңыз жүрген адамдадар сатады ақшасын алады сосын өтірік жынды болып кім сатқанын білмеи қаладыда
@user-er5dr4zh7m
@user-er5dr4zh7m 13 күн бұрын
Бир куни кудайды сатып жиберетин шыгар сататын дым калмаса
@user-tg3ql7lu6j
@user-tg3ql7lu6j 15 күн бұрын
Қытай алып жатқан жерлерді неге тексермейді екен алса қазақтың баласы екен
@user-bj1qf2yr8s
@user-bj1qf2yr8s 15 күн бұрын
Шатастырмаңыз, алса қазақтың баласы алды деп заңсыз әрекеттерге, қылмысқа жол беріп жатқан сияқтысыз.
@Maharashtra..999
@Maharashtra..999 15 күн бұрын
21 ғасырда қара Домалақ қазақ елінің баласына жер учаскесі сатылса онда тұрған не болыпты
@user-bj1qf2yr8s
@user-bj1qf2yr8s 15 күн бұрын
Қандай кара едіңіз
@user-hg1xc1ve2n
@user-hg1xc1ve2n 15 күн бұрын
​@@user-bj1qf2yr8sол емес сиз карангы сияктысыз
@user-bj1qf2yr8s
@user-bj1qf2yr8s 15 күн бұрын
⁠@@user-hg1xc1ve2nбайқап солеңіз, мән-жайды білмей. Ол учаске ана басынан археологиялық жер деп тұр ғой. Ондай болса қара домалақ қазақ баласына бүгіл елімізді сатып жіберейік
@user-bj1qf2yr8s
@user-bj1qf2yr8s 15 күн бұрын
Сөйлеңіз
@user-hg1xc1ve2n
@user-hg1xc1ve2n 15 күн бұрын
@@user-bj1qf2yr8s бұл жер саған маған немесе урпагымызга не береді деп ойлаймыз? Соншама гасырдан бери не берди немесе не берип жатыр? Жауап
@user-vf8iz8rj8u
@user-vf8iz8rj8u 15 күн бұрын
Туризм саласы даму керек ..ҚАЗАҒЫМ САЛСЫН ЕРТЕҢ ҚЫТАЙҒА САТЫЛМАЙ ТҰРҒАНДА
@user-bj1qf2yr8s
@user-bj1qf2yr8s 14 күн бұрын
Мына тұріңізбен шаш ал десе бас алатын кісісіз ғой
@user-xl1yr6zb4i
@user-xl1yr6zb4i 15 күн бұрын
Коррупция
Қазақстанға Қытай камераларынан қауіп бар ма? (рус.субтитры)
22:42
❤️QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 5 МАУСЫМ! 30.05.2024
QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв
Рет қаралды 38 М.
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 120 МЛН
[柴犬ASMR]曼玉Manyu&小白Bai 毛发护理Spa asmr
01:00
是曼玉不是鳗鱼
Рет қаралды 44 МЛН
YouTube Play Buttons !! 😱😱
00:17
Tibo InShape
Рет қаралды 11 МЛН
ҚАЗАҚСТАННАН ТЕК 1 АЙДА 3,4 МЫҢ АДАМ КӨШІП КЕТТІ
4:26
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 149 М.
30 мамыр 2024 жыл - 13:00 жаңалықтар топтамасы
27:33
Телеканал 24kz
Рет қаралды 2,6 М.
Астарлы ақиқат: Қорадан қаштым - 2
45:01
Путин Қытайдан не алып қайтты? / Әлем тынысы
41:57
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 118 М.
Ескі көлік қаптай ма? «Талқы»
29:16
Khabar NEWS
Рет қаралды 106 М.