Мінезді болыңдар! ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ

  Рет қаралды 133,192

iman nur_kz

iman nur_kz

3 ай бұрын

«Мінезсіз адам - жеміссіз ағаш» дейді халық даналығы. «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дейді алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан.
Ал мінез дегеніміз не?
Ол жемісті болу үшін, ұлтқа қызмет жасау үшін кісі қандай болуы керек?
Бұл тақырыпқа келгенде «қанша адам болса, сонша мінез болады», «ол әр адамның жаратылысы» деп қысқа ғана қайыра салатынымыз анық. Біз бүгін осы тақырып төңірегінде филология ғылымының кандидаты, профессор Омар Жәлелмен аз-кем сұхбаттасқан болатынбыз.
Сұхбатымыздың басын «адам бойындағы мінез жүре қалыптасады ма, әлде туа бітті беріледі ме» деген сұрақтан бастадық. Жауап төмендегіше болды.
- Мінезге байланысты көзқарастар әртүрлі. Бірақ біз Абайдың сөзіне тоқтаймыз ғой. Данышпан Абай атамыз «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейді. Демек, мінезді тәрбиелеуге болады екен. Сондай-ақ, Мәшһүр Жүсіп атамыз мынадай мысал келтіреді. «Аспанда ұшып жүрген құс пен даланың тарпаң жылқысын қолға үйрету арқылы адамзат баласы қанша табыстарға жетті. Осындай дала тағылары тәрбиеге көнгенде, адамның мінезі неге өзгермейді?» дейді. Осы жерде сіздің сұрағыңызға «мінез өзгереді, қалыптасады» деп жауап беруге болатын секілді.
- Ал, қазақта «сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген сөз бар...
- Тағы да Мәшһүр Жүсіп атамызға жүгінейік. Ол кісі «екі нәрсе өзгермейді» дейді. Біріншісі, «Тау өзгерді дегенге сен, әдет өзгерді дегенге сенбе». Яғни, әдет өзгермейді. Екіншісі, «Өлі тірілді дегенге нан, жаман жақсарды дегенге нанба» дейді. Жаман деп отырғаны - нақұрыстар. Олжас Сүйлейменовтің «Ол академик болуы мүмкін, тіпті ол том-том кітап қолтықтап жүруі мүмкін, ол - бәрібір нақұрыс» деп айтатыны бар. «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да тартпай қоймас негізге».
Әдеттің өзгермейтінін қазақ «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп айтқан. Меніңше, әдет те өзгереді. Тек жаман нәрселерге әдеттенгесін түзелуі қиын болатындығын меңзеген болса керек. Жалпы, әлемде өзгермейтін Алла ғана. Абайша айтқанда, «Күллі мақұлық өзгерер, Алла өзгермес». Құранда «Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Алла, оны өзгертпейді» («Ра’д» сүресі, 11) деген аят бар. Мұнда да мінездің өзгеретіндігін айтып тұр.
Абайдың заманында Алдоңғар деген баукеспе ұры болыпты. Бір күні Абай:
«Әй, Алдоңғар, сенен бір нәрсе сұрайын, бересің бе?» деп сұрапты.
Өзі бай, өзі сыйлы, ұлық адам, Құнанбайдың баласы сұрап тұрғасын:
«Абай аға, сіз сұраған нәрсе менде болса беремін ғой, бірақ, мен сізге не бере аламын?» деп қатты қиналыпты.
Сонда Абай:
«Сен маған ұрлығыңды бер» депті. Көп ұзамай Абай Алдоңғарды қасына көшіріп, ұрлығын тиып, тәрбиелеп, ел қатарына қосқан екен.
Ал сіз айтып отырған «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» деген кісінің тегіне қатысты айтылған сөз. Рас, тек ешқашан өзгермейді. Дүниеге шыр етіп келген нәресте анасының ең алғашқы уыз сүтін емген сәтте-ақ, Британ энциклопедиясынан 400 мың есе артық ақпаратты бойына сіңіріп үлгереді екен. Мұны бүгінгі ғалымдар дәлелдеп отыр. Бұл мәселеге қазақ халқы ежелден ерекше мән берген. «Баланың жақсы болуы нағашыдан». Ұлына текті жердің қызын айттыру дегеннің астарында үлкен мән жатыр.
Жалпы, мінез екі түрлі болады. Бірі - ішкі, екіншісі - сыртқы мінез. Біз өзгереді деп айтып отырғанымыз - адамның сыртқы мінезі. Ал ішкі мінез ол қанмен, текпен келеді. Қазақтың өзгермейді деп айтып отырғаны - осы ішкі мінез. Яғни, тегі өзгермейді. Себебі, ол жоғарыда айтқанымыздай, сүтпен сіңеді.
-Кісіні көркем мінезділікке тәрбиелеуші мектептің бірі - Ислам. Алайда, намазға жығылған кісілердің кейбірі тәкаппарланып, елден ерекшеленіп жүретіндері қалай?
- Рас, намаз адамды түрлі жамандықтан тыйылуына себеп болады. Негізі, намазды көркем мінезге жету үшін оқу керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде «Көркем мінезді адам ғабиттің (ғибадатшының) дәрежесімен тең» деген.
Кейде бір кісілер кездеседі, намаз оқымайды, ораза ұстамайды. Бірақ, мінездері сондай көркем. Ал, енді өзіңіз айтпақшы, екінші бір кісілер бар, оразасын ұстайды, намазын оқиды, бірақ мінездері сондай нашар.
Неге?
Дін дегеніміз ақида, амал, ахлақтан (мінез-құлық) тұрады. Егер, осының үшіншісі, яғни, ахлақ дұрыс болмаса, дін адамға пайда бермейді екен. Мәжһүр Жүсіп атамыз «ғылымның әуелгі мақсаты - Алланы тану. Одан кейін - пайдалы білім алу. Егер оқыған біліміңіз мінезіңізді түзетпесе, онда ол пайдасыз білім болғаны» дейді.
Дін тоқсан пайыз көркем мінезбен тарайды. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.): «Алла Тағала мені көркем мінез-құлықты толықтыру үшін жіберді» деген. Тағы бірде бір кісі Пайғамбарымызға келіп: «Дін деген не?» деп сұрағанда, «Көркем мінез» деп жауап қатқан. Сондықтан, біз жастарға жоғарыда айтқан үшеуін қатар оқытуымыз керек. Бұл жерде кінә жастарда емес, соны дұрыс үйретпеген ұстаздарында болып отыр. Қазір бізде ақида мен амалды оқытады да, ахлақ қалыс қалып жатыр. Міне, соның «жемісін» көріп жүрміз.

Пікірлер: 160
@wayfarer8085
@wayfarer8085 3 ай бұрын
Менин әкем алкаш болған омир бақи, озимен ози журди катындармен зина истеп, мен соны корип остим, озиме айтып келдим әкем сияқты болмаймын ешқашан деп, альхамдулилляh жолым басқаша, так что миндетти түрде акеси сияқты болады деп айта алмаймын, Аллага сансыз шукирликтер болсын. Негизи көп тәрбие анасы береди ойткени кобинде сол балалармен болады үйде, айлдерин мықты болу керек, билимди, иманды, ибалы, тарбиели, катынын тик-ток пен инстаграмнан шыкпаса одан толк жоқ, билимди жақсы көрмесе балаға да соны үйретеді қоғам сияқты журуди үйретеді, ал қоғам қайда бара жатыр? Қоғам кургымга бара жатыр
@user-ms2jx8oz2d
@user-ms2jx8oz2d 3 ай бұрын
Иә ондай көршім болған. Дәл сіздікіндей жағдай. Әйелі мықты болып бәріне төздіғо. Қазір балалары әкесіне ұқсамайды
@wayfarer8085
@wayfarer8085 3 ай бұрын
@@user-ms2jx8oz2d шукир
@user-gl7ix9gp5h
@user-gl7ix9gp5h 2 ай бұрын
Жалпы қандай қиындық көрсеңізде, әкені жамандау ға болмас, жалпы отбасылық сырларды жаймаған дұрыс.
@wayfarer8085
@wayfarer8085 2 ай бұрын
@@user-gl7ix9gp5h калай бар солай айттым өзимде болған нәрсені, неге жамандауга болмайды, ещё как болады, бизде қазақтарда отирик адамды мақтауды жақсы кореди, жоқ нәрсені жоқ деу керек, отирик боспей менин әкем ойбай керемет демей, ол али жауап береді, одан талай жаманшылық кордим, сондай кисилер әке болмау керек өзинин малдың омирин жалғыз сүру керек биреудин омирин қор кылмай, әке болуға дайын емессин ба котинди қыста өз катындармен зина истеп журебер
@user-wb4xn3fv6q
@user-wb4xn3fv6q 2 ай бұрын
Сіздікі өте дұрыс жамандаған емес сіздікі басқаларғс сабақ болу Өйткені көбі ойлайды әкеге тартады ұл деп сол жолмен жүре береді мен әкеме тартқам деп көріп жүрміз Сіздікі жамандау емес жәй біз сияқты бауырларыңа сырласып айту дұрыс жол сілтеу деп түсінем Кім қалай түсінед өзі білсін бірақ Мен өзіңізді тастамай жаңаша бақыт жолына түскеніңізге өз жолыңызды тапқаныңызға қуаныштымын
@user-fe4ot5nb3d
@user-fe4ot5nb3d 3 ай бұрын
100% береке бастауы-дастархан. Дұрыс айтады.Алла разы болсын
@user-zn9lh7fh4k
@user-zn9lh7fh4k 3 ай бұрын
Әлхәмдулилләһ
@user-rx8zm6tz9k
@user-rx8zm6tz9k Ай бұрын
Керемет сұхбат. Ақыл есін жинаиалмаи жүрген еркектерге керемет сабақ.
@Fatima071
@Fatima071 3 ай бұрын
МашАллаһ
@user-hr2uu4gy5y
@user-hr2uu4gy5y 3 ай бұрын
Осы Қабылбек кісі өте керемет түсүндіріп аитат уағызды аман боңыз
@user-he6lt2qg3l
@user-he6lt2qg3l Ай бұрын
Қайырлы таң кундеріміз сәтті көңілді берекелі мерекелі болсын,Рахмет Қабылбек інішек Алла разы болсын сұхбатыңызға,өте керемет айтылған сөздеріңіз,барлық қазақтың мақалының бәрі дүрыс, барлығына да дүрысын айтып жалпы қазақша түсіндіріп миға қонатындай,санаға қонатындай,деніңізге саулық тлеймін,от басымызға барлық жақсылықты тлеймін, "Жақсы сөзі жаным ырыс" дегендей көп айтылса ,Еліміз,көктейді,берекелі болады,елімізде тыныштық, болады, байлық береке келеді әр бірі шаңырақтарыңызда, Татулық бірлік болады,Алла тағала қорған брлады,Мейірімді жандар көп болады,, Рахмет бақытты болайық ,Бәріміздің отбасымызға аманшылық болсын,ақ тлек тлеймін ❤❤
@taybatayba7071
@taybatayba7071 3 ай бұрын
Минезди едік Текти едік Бети едік, Оспан батыр Атамыздың өсиетін орындауға талпындык Алтайды ала алмадық Текти Басты Тауға да Таскада урдык әттең
@user-jq7oe8xd3i
@user-jq7oe8xd3i 3 ай бұрын
Ассалаумағалейкүм .
@user-fh7hk7rw2r
@user-fh7hk7rw2r 3 ай бұрын
Алла бұйыртса аламыз. Кекті аламыз! Теткі ұрпақ бар. Текті патша керек боп тұр бастайтын! Құр аламыз деп бос көкіректі соқпауда керек сауыт сайманымызды дайындау керек
@Alash1937
@Alash1937 3 ай бұрын
Ай ай не деген сөздер
@user-tp2bj2iv6c
@user-tp2bj2iv6c 2 ай бұрын
Ниетті түзейік
@NurshidaIbrahimovih-qk5yh
@NurshidaIbrahimovih-qk5yh 3 ай бұрын
Әлхамдулиллах Аллахым Иманды ибалы қатарыдан етекор журегимизди Иманға бааай етекөрши ❤❤❤❤❤
@user-jq7oe8xd3i
@user-jq7oe8xd3i 3 ай бұрын
ӘМИН ӘМИН ӘМИН.
@_TigerOFFicially_
@_TigerOFFicially_ 23 күн бұрын
Алла разы болсын сизге
@user-jm2hp3ip3f
@user-jm2hp3ip3f Ай бұрын
Бала айтқанды емес көргенді істейді❤
@musulmandar
@musulmandar 3 ай бұрын
Аллаһу Акбар, ұстаздарымыз керемет👍Алла Тағала разы болсын 🤲
@user-mk9zd2vr3m
@user-mk9zd2vr3m 3 ай бұрын
Осы создерынызды тындап отырган жастарымыз жаксы жагына озгерсе екен ауызга шайнап салып жаткандай айттыныз оте карапайым турде мектеп те жума кундери сабактан кейын екы сагат тарбие сагаты болса екен окушы ер балдарга
@user-nd5qv4pk5v
@user-nd5qv4pk5v Ай бұрын
АЛХАМДУЛИЛАХ АЛЛАҺУ АКБАР
@user-jm2de5ck3w
@user-jm2de5ck3w 3 ай бұрын
Алла разы болсын
@user-tb4td1by8g
@user-tb4td1by8g 3 ай бұрын
Ашуланғанда күнә жасамаңдар деген.Ел боламын десең бесігіңді түзе.керемет уағыз .
@user-jq7oe8xd3i
@user-jq7oe8xd3i 3 ай бұрын
Өте керемет сізбен келісем бауырым.
@user-qn2qg9iz3b
@user-qn2qg9iz3b 2 ай бұрын
КЕРЕМЕТ УАҒЫЗ❤❤❤❤
@Mereke1514
@Mereke1514 Ай бұрын
Мінезімді күшеткей я Раббым🥴🤲
@user-tp2bj2iv6c
@user-tp2bj2iv6c 2 ай бұрын
Арақтың соңы тозақ пен аяқталады 👍🏻
@galymzhanbaimuratov3115
@galymzhanbaimuratov3115 3 ай бұрын
Әкесіне қарап Қызын ал , Шешесіне қарап Қызыңды бер Сол дұрыс екен негізі ☝️
@user-rx8ng2kt4p
@user-rx8ng2kt4p 3 ай бұрын
Керемет,Қабылбек ұстаз❤
@saparaga
@saparaga 15 күн бұрын
Алла разы болсын ұстаз
@user-zt2wb4zs4f
@user-zt2wb4zs4f 3 ай бұрын
Керемет
@user-rq4sj6cq8t
@user-rq4sj6cq8t 3 ай бұрын
Алла разы болсын устаз
@user-ck6rt4tq5q
@user-ck6rt4tq5q 2 ай бұрын
Бұл кісінікіде айтуы дұрыс жалпы
@almaiskakova669
@almaiskakova669 3 ай бұрын
👍
@user-fw2vo9qt1z
@user-fw2vo9qt1z 18 күн бұрын
Арактын соны тозак пен айналады!!!!точно😢
@saparaga
@saparaga 15 күн бұрын
Бәрекелді
@user-xw8xc2sk7e
@user-xw8xc2sk7e 2 ай бұрын
Субханаллаһ
@user-zv1zh1ft1s
@user-zv1zh1ft1s Ай бұрын
Аллаға сансыз шүкір 3 қызым болды бірәқ әйелім зина жасап ажырасып кеттік бірәқ қыздарымды қатты сағындым көрсетпит қыздарымды енді қыздарым не күнәсі бар маған оларды көрсетпеитіндеи сон түсінбим
@user-xe7cn7td1o
@user-xe7cn7td1o Ай бұрын
Қыз балаға әке керек, өз туған әкесндей ешкім болмайды.
@user-ho9po3pl4m
@user-ho9po3pl4m 3 ай бұрын
Алла ар кашан колдасын
@user-jy2dl7jg2g
@user-jy2dl7jg2g 3 ай бұрын
1:34 ххххххххххххххххх
@user-hp4hd7id7i
@user-hp4hd7id7i 3 ай бұрын
Айелерын шалбар киюды тиятын ер жыгыттер болсыншы Ин шаа Аллах Аллоху Акбар!!!
@user-sl6er1dj3m
@user-sl6er1dj3m 3 ай бұрын
Проблемаң қатынба сол баяғы? Басқа проблема жоқпа? Тілді қорғау, педофилдерді ;кастрациялау; (Гуглдан қараңыз, кастрация не екенін) әйелдерге зорлық-зомбылық сияқты проблеманы көтеріңіз,ЕРкек болсаң!
@user-pt2wn9ku3u
@user-pt2wn9ku3u 2 ай бұрын
Қыздар өздері киеді еркектер өздеріңді дұрыстаңдар лучше
@sport.qazaqstan
@sport.qazaqstan 3 ай бұрын
Аллах Тағала хидаят берсін бұл кісіге
@tot.samyi.1
@tot.samyi.1 3 ай бұрын
Ассаляму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ
@k7k1
@k7k1 3 ай бұрын
біреуі көркем мінезде бол дейді біреуі мінезді бол дейді
@nurzhanmamytovpro10lvl
@nurzhanmamytovpro10lvl 3 ай бұрын
сен тусынбедын басынан коршы
@Zhanerke-it9qg
@Zhanerke-it9qg Ай бұрын
Коркем мінез болу керек, бірақ көркем мінезбін деп таяқ жеп журу керек емес шығар
@JamesBond-fr9fk
@JamesBond-fr9fk 3 ай бұрын
Билікте отқандар еркектерді ез қылып жіберді
@qrutocanon2603
@qrutocanon2603 3 ай бұрын
ия 😂
@user-qf4cs7pc9q
@user-qf4cs7pc9q 2 ай бұрын
Ширик шетинен саткындар еш елди ойламайды жане ойламаганда
@zhiparzhusueva3108
@zhiparzhusueva3108 3 ай бұрын
Азаматсыз шугур жакшы ото маанилу
@AselDjanybaevna-ow2ox
@AselDjanybaevna-ow2ox Ай бұрын
@gulsaratulekova5279
@gulsaratulekova5279 3 ай бұрын
Жөнсіз мінез көбінде
@sakenzaikenov
@sakenzaikenov 3 ай бұрын
☝🏽
@user-dc5bq9wd9j
@user-dc5bq9wd9j Ай бұрын
Ким не айтсын,, бауырым менен киши болсанда лурыс ангиме айтасын,,, менде акымак алам емеспин,, Дурыс айткайсын. .
@user-ii2kh9oo3p
@user-ii2kh9oo3p 3 ай бұрын
Минезди ерлер батыста
@user-yu7di8pi2m
@user-yu7di8pi2m Ай бұрын
Қойш брат
@user-qf4cs7pc9q
@user-qf4cs7pc9q 2 ай бұрын
Бауырым жаксы айтасын. Бирак унеми гайбат айта бермей, ел жиналган халык, арнадан корип отыратын когамга бир илим уйретсендер дурыс болар еди. Мемлекетимизде билим, гылым оте алсиреп барады соган конил болсендерши. Кайдагы жок арак шарап деп айналдыра бермей
@bbtajmahal137
@bbtajmahal137 2 ай бұрын
Шариги билимсиз алыгган гылым акыры жаксылыкка апармайды
@AminaNur-mp4yt
@AminaNur-mp4yt 2 ай бұрын
😂гылымга кеткендер жемкор болады чё там. Сендер ак оки берндерщ соны
@user-qf4cs7pc9q
@user-qf4cs7pc9q 2 ай бұрын
Арасында окындар билим, гылым куындар деп жана технология менгерип болашак осип келе жаткан урпакка калатындай ондиристер керек деп косындаршы айналайындар уагыздарына.
@abylaikusherbaev6836
@abylaikusherbaev6836 Ай бұрын
Білім ал балаларыңды жақсылап тәрбиелеп жақсы ғылым технология шығаратын оқуға жібер
@user-mq3nc5rl1g
@user-mq3nc5rl1g 3 ай бұрын
Казіргі. Кезде. Кошеден.🚙🚗.Колыктен.Когамда.Коркем.Мынез.Мулдем.Жоккой.Коркем.Мынез.Коленкеде.Калгангой.!. 🌤🏃☝🎥🎤🧍‍♀️💌📱🇰🇿📖📚🌤🌍🌤?!
@panda_jimmi
@panda_jimmi 3 ай бұрын
Акесин корип кыз бер дегенге келиспеймин. Менин бир досым бар. Акеси ишеди. Баска катындармен журеди. Бирак досым мумин жигит.
@abylaikusherbaev6836
@abylaikusherbaev6836 Ай бұрын
Акесі алқаш болса ешкім бермейді сол үшін айтып жатыр әкесін коріп деп
@user-td5nd8qb9m
@user-td5nd8qb9m 3 ай бұрын
Анау артындагы бала унамай тур соткасын устап алып мадениетсиз коринип тур Алла жаксы кормейди ондай адамдарды. Уагыз тындауга емес соткага тусируге келген сияктыго.
@monte2248
@monte2248 3 ай бұрын
Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен алыс өлгенше! (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
@user-td5nd8qb9m
@user-td5nd8qb9m 3 ай бұрын
Итергеним бар Шакириминмен бирге. Мыктылар елди коргаган динди коргаган. Орыстардын китабын окымаган казакшага аударып тупойлар
@zen1zko
@zen1zko 17 күн бұрын
табиғи апаттар қазақ даласында болмауы үшін деген қатеғо тұжырымың
@user-ny3ip6mx1r
@user-ny3ip6mx1r Ай бұрын
Сағабалардыңда арасында,әкесі мұнафық,ал баласы достоенный мұсылман болған бар ғой(Абдулла-өзіде әкесіде).
@user-en7sg8gz8s
@user-en7sg8gz8s 2 ай бұрын
ҚАЗАҚСТАНҒА АРАҚ КІРГІЗБЕУ КЕРЕК ЖАСТАР АРАҚА БЕРІЛІП КЕТТІ КЕИ БІРЕУЛЕР ӘЙЕЛІМЕН ІШЕДІ АЛЛА АРАҚТАН ҚҰТЫЛАЙЫҚ ҰРПАҒЫМЫЗ НЕ БОЛАДЫ ӘКЕСІ ІШСЕ ЖАРИЯЛАЙЫҚ
@user-uj1ud6jp2b
@user-uj1ud6jp2b 22 күн бұрын
Мінезді деген сөз ия басқа нарсеге қолдануымыз керек. Мінезді дейді ғо мысалы ол табаныдылық таныту, мықытылық көрсетуді даналық көрсетуді айтады. Мысалы әйел адам заты нәзікқо бірақ ол өзіне жауапкершілік алып табандықы танытып Үлкен нарселер істесе ермінезді екен деп айтады мысалы сол сияқты. Ал сабырлы, салиқалы болса жайдары жайлы мінез екен деп айтып жататын мысалы. Сол сияқтығой.
@user-uj1ud6jp2b
@user-uj1ud6jp2b 22 күн бұрын
Ия келісемін айтқандарыңызға. 👍🤍
@ZhansayaNurbekova
@ZhansayaNurbekova Ай бұрын
Антипример тоже пример. Мен мысалы, үйімдегінен басқаша өмір сүремін. Салт-дәстүрлердің біразын қысқартамын.
@user-ej3ci7rv5h
@user-ej3ci7rv5h 3 ай бұрын
Ассаламу алейкум
@user-jq7oe8xd3i
@user-jq7oe8xd3i 3 ай бұрын
Уә АЛЕКУМАССАЛАМ.
@user-ge8kg8yj1z
@user-ge8kg8yj1z 3 ай бұрын
Тусингенге жылататын уагыз бопты
@user-kl6vg8tr4q
@user-kl6vg8tr4q 3 ай бұрын
Қабылбек ұстаз Алматта қай мешітте екен
@ALASH.2024
@ALASH.2024 3 ай бұрын
ҚАБЫЛБЕК ҺАЖ САПАРЫНДА ҚАҢТАРДА ҚАЛЫҚПЕН БІРГЕМІН ДЕГЕНДЕ БІР ИМАМ МІНЕЗДІ ЕКЕН ДЕП ОЙЛАП ЕДІМ ЕРТЕСІНЕ КЕШІРІМ СҰРАП СҮМІРЕЙІП ЖАҢЫЛЫСЫП АЙТЫПТЫМ ДЕГЕНЕН СОҢ БҰЛ ИМАМДАР ШАЛДЫҢ ҚОЙҒАН ҚУЫРШАҒЫ ЕКЕНДЕРІН БІЛДІРДІ ШАЛ ӨТКЕНДЕ ІНІСІНІҢ ӨЛІГІНДЕ БАС МҮФТИДІ ОТЫРҒЫЗЫП ҚОЙЫП ӨЗІНІҢ БАНДАЛАРЫМЕН БІРГЕ ЕРТЕГІ УАҒЫЗЫН АЙТТЫ ҚҰРАН ХАДИС ҚАЛДЫ ЖАЙЫНА СОЛ КЕЗДЕ БЕТ БЕЙНЕЛЕРІ АШЫЛДЫ ФИТНА ҚЫЛЫП ӘРУАҚТАН СҰРАУҒА БОЛАДЫ ДИДІМЕ БӘРІ-БӘРІ ШАЛДЫҢ ШАНТАЖЫ ҚОЙЫЛЫМ БІР АУЫЗ ҚАҢТАРДА ҚАЛЫҚТЫ ҚЫРҒАНДА ЖАЗЫҚСЫЗ МӘУ ДЕМЕДІҢДЕР АРТЫНАН СОЛ ӘРУАҒЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАУҒА ҚОРЫҚАН БАС МҮФТИ ӘРУАҚТАН НЕ СҰРАМАҚШЫ !!!
@yummy8642
@yummy8642 3 ай бұрын
Дурыс айтасын бауырым
@user-qp6li5qk6z
@user-qp6li5qk6z 3 ай бұрын
Қазір уилеген жігіттер аиелдеріне сөилей алмаиды әиеліне сөилеи алмаған еркек елге қалай қызмет қылады
@iseeyou1793
@iseeyou1793 3 ай бұрын
Сен тыныш отыршы
@user-vl2pu2qo8v
@user-vl2pu2qo8v 6 күн бұрын
Мінезді қыздан еркектер қорқады.Удобная тілі жоқ әйел керек оларға.
@user-xt7vj7wr4p
@user-xt7vj7wr4p Ай бұрын
Алға қарвй жылжып бара жатырмыз имамдар көбейіп,бәріміз арабша бүркеніп ,теке сақал,келте балақ болып,қазақтың құндылығын ұлттық жойып .Неге осы молдалар отан ,жер сатылып жатыр қытайға,орыстар соғыссыз басып алып жатыр халқымау ,жеріміздә қорғайық деп бір ауыз айтпвйды .сонда иманды адамдарға отан,жер ,ел леген керек емеспа.Азаннан кешке дейін халықты мәңгүрттіке насихаттайды,билікке де керегі сол.Тозақ,күнә айтатындары,жерін ,халқын,байлығын сатып жатқан билікке неге айтпайды ,халқын қаңғытқан күнә деп.Онсыз да суға кетіп,мал жанынан айрылып қаңғып қалған қазақтың миын су қылып күнә ,тозақпен.Оян қазақ жеріңнен айрылдың,қорға елііді деп неге айтпайды.машаллах,жихад,талақ,тозақ ,күнә.Имам көбейген свйын ,халықты иманнан айырып жатыр.
@user-zd6fl7ox7f
@user-zd6fl7ox7f 2 ай бұрын
Ал ат қойғыштар лайықты Әке болып жатырсыңдарма пайғамбардың әкесіндей болып жүрсіңдерме!!
@user-io9im9fd2g
@user-io9im9fd2g 3 ай бұрын
Дүниеге құл болып қалманызшы ұстаз
@user-ew3fv9yp7w
@user-ew3fv9yp7w 2 ай бұрын
Қыртпаш
@user-zs4ky3id1e
@user-zs4ky3id1e 3 ай бұрын
Ассалмаликум уыстаз баламнын атын Кабылбек коидым калаи боладекен 😅😅😅😅
@user-mc3jy6tx4j
@user-mc3jy6tx4j 3 ай бұрын
Адам баласының , мінезі де ақыл - парасаты да Йманнан басталады .
@user-dj7ur2ro3t
@user-dj7ur2ro3t 2 ай бұрын
Койш бұрмалай бермей мінез ол ондай емес
@user-wl3zc5ce7s
@user-wl3zc5ce7s 2 ай бұрын
Мінез деген сөзді өзіңіз қалай жеткізіп айтар едіңіз?
@user-hd8wf8lp4w
@user-hd8wf8lp4w Ай бұрын
21.04.2024ж😊
@user-sn1uo3td3r
@user-sn1uo3td3r Ай бұрын
Аллага шукир мусульман болып туылганыма балдарым куранды биледи Алласын таныган дурыс акегеде байланыстыгой
@user-jq7oe8xd3i
@user-jq7oe8xd3i 3 ай бұрын
Мәсаған Інім сары ойланып қалдым .
@user-zv5qf9lf6m
@user-zv5qf9lf6m Ай бұрын
құдайдың жаратқан түріне күмән келтірмеңіз , имамның айтқанын істеме істегенін істе деген
@diasalim3887
@diasalim3887 Ай бұрын
Иманның істегенін істеме, айтқанын істе деген.
@user-eu6fn7ky2i
@user-eu6fn7ky2i 3 ай бұрын
Бандитке жаназа оқылмайды деп едіңіз ұстаз. Болат өлгенде неге жаназа шығардыңыздар. Халықты қанаған қарақшы еді ғой ол...
@user-ps2ov9kc4r
@user-ps2ov9kc4r Ай бұрын
Уйрепе баламызды озимиз билемиз калай акыл беретин
@user-qr4yw3xw4o
@user-qr4yw3xw4o 3 ай бұрын
.
@user-vq3cb3nd3t
@user-vq3cb3nd3t 2 ай бұрын
Саламатсыздар ма!Балаға Нәби деп ат қоюға бола ма?
@YU.A.T
@YU.A.T 2 ай бұрын
Жок
@user-ng9ws6xi4r
@user-ng9ws6xi4r Ай бұрын
Минезим жаман арыламай журсек
@zin_nuroin5403
@zin_nuroin5403 3 ай бұрын
Ішпейтін адам азғо ,мысалы мен ішпеймін әкем ішеді ол қалай болады сонда
@user-dt6br2jl3q
@user-dt6br2jl3q 3 ай бұрын
Акене кешириммен карап мәміле жаса, тек сен емессің ондай жагдайда, ол кисилердиң заманында сен болганда калай болар едиң,озинди койып кор елестетіп болсада,
@AKVAMEN_
@AKVAMEN_ 3 ай бұрын
​@@user-dt6br2jl3qдұрыс айтасың,
@AKVAMEN_
@AKVAMEN_ 3 ай бұрын
Әкеңе ренжіме ауыр айтпа неге ішесің деп, көркем мінез танытып көңілін аула жақын адал досыңдай қарым қатынас жаса, Алладан дұға қылып сұра.
@user-zj9wz2os8d
@user-zj9wz2os8d 3 ай бұрын
Бәріне арналмаған бұл әңгіме. Небір мықты кісілердің балалары ішімдікке жақын, қыдырымпаз, жұмыссыз жалқау т.б болып жүргендер көп бұл өмірде. Небір ішетін кісілердің балалары мықты қызметкер, иманды, тақуалары да бар. Өмірде бәрі бірдей болмайды
@user-zn8ue3yr7z
@user-zn8ue3yr7z Ай бұрын
сен ақыл айтба өзіңді тұзеп дейді елге, өіз ақыл айтады
@beksultan8343
@beksultan8343 3 ай бұрын
Акесы алкаш болса баласыда алкаш болады деген соз емес бул жерде. Барлыгы акеге байланысты емес
@user-if5ol3xu6i
@user-if5ol3xu6i Ай бұрын
Кенен күнге білімсіз діни зомби болып бара жатырмыз
@user-hf9je9oq3n
@user-hf9je9oq3n 2 ай бұрын
Ток катерын айтпаисындарше
@user-ps2ov9kc4r
@user-ps2ov9kc4r Ай бұрын
Озин не жасадын бизге акыл аитатын бурын Ак сакал аитатын еди
@user-ps2ov9kc4r
@user-ps2ov9kc4r Ай бұрын
Омир кайда кетип бара жатыр жастар улкенди уйрететин
@user-gg9bc6ol3v
@user-gg9bc6ol3v 2 ай бұрын
Брак матрудилер болмандар😂😂😂
@saidi4900
@saidi4900 3 ай бұрын
Ерлан ағаның сөздері сияқты жүрекке қонбайды иа
@user-br9io6bh2f
@user-br9io6bh2f 3 ай бұрын
Озиннин билимине байланыстыгой ол бауырым
@user-fc1ln9tu6w
@user-fc1ln9tu6w 3 ай бұрын
Ол,саған қонбайтын шығар! Бізге керемет қонады!
@alpamiss3295
@alpamiss3295 3 ай бұрын
Устаз акеси алкаш баласы жаксы такуалы жигиттерде бар, сиз акеси жаман болса баласыда жаман болады деп кателетиниз
@ramashov
@ramashov 3 ай бұрын
Абылай хан деп мысал келтіргеніңіз өмірден алынған ба әлде періп жібердіңіз ба😊
@user-ef2rs2fu8g
@user-ef2rs2fu8g 3 ай бұрын
Сен қазақтың сөзін бұрмалама
@user-io9im9fd2g
@user-io9im9fd2g 3 ай бұрын
Сақалыныз филип киркоровтың сақалы сияқты екен
@user-jr6fu3fc3x
@user-jr6fu3fc3x 3 ай бұрын
Әй,Қабылбек.Шеше деп сайрап едің,тағы білгішсіндің бе.Ой,философ
@GulnurKenes
@GulnurKenes 2 ай бұрын
Бұлда адам. Бізден артықшылығы Иманы мен намазында. Таубесіне түскен шығар. Олай артык жазбаңыз
@user-ph8zt6zb8o
@user-ph8zt6zb8o Ай бұрын
Мангыстауга келиндерши сумелек имамдар,сука балтамен бастарынды шабамыз😬
@user-rk7zm8ye4c
@user-rk7zm8ye4c Ай бұрын
Минезди болындар дегенше, сабырлы болындар десей! Кабылбек не мынау айткан создерин экраннан адеми коринип кураннын созимен сойлеп адамнын журегине шаригатты колданып печать койып оздерин баскаша журесиндер! Уялмайсындарма уят кайда иман кайда
@user-fg3yr5dk8l
@user-fg3yr5dk8l Ай бұрын
Хоямды жепс ир если вы хотите
@bilgengemarjan6035
@bilgengemarjan6035 13 күн бұрын
Керемет
@user-eo3rn1ms8d
@user-eo3rn1ms8d 3 ай бұрын
Керемет
Өмірлік жарды қалай таңдаймыз?/ Қабылбек Әліпбайұлы
15:28
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 125 М.
Китайка и Пчелка 4 серия😂😆
00:19
KITAYKA
Рет қаралды 1,5 МЛН
ПАРАЗИТОВ МНОГО, НО ОН ОДИН!❤❤❤
01:00
Chapitosiki
Рет қаралды 2,6 МЛН
Ұстаз дұрыс айтып жатыр. Аллаһ разы болсын
3:47
Дұғалар уағыздар жиынтығы
Рет қаралды 22 М.