МІРЖАҚЫП. ОЯН, ҚАЗАҚ! СТАЛИН МЕН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫ ЖЕР МЕН КӨКТЕЙ

  Рет қаралды 25,356

Dulat Tastekey

Dulat Tastekey

6 ай бұрын

Құрметті ағайын! "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінде басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаевпен әңгімелестік. Әңгімелесу барысында ұлттық рух, қазақилық, ана тіліміздің қазіргі тағдыры жайлы сөз қозғадық. Талантты актер неге Міржақыптың рөлін сомдаудан бас тартты? Сценарийді оқығанда өксіп жылауына не себеп болды?
Әсерлі әңгіме көңілдеріңізден шығады деген үміттеміз!
Әлі де қызықты тақырыптарға подкасттар түсіру жоспарда бар, сондықтан арнамызға жазылып, лүпіл басып, достарыңызбен бөлісіп отырыңыздар!
Келесі жолы қонақ ретінде кімді көргілеріңіз келеді? Сіздерді коментарийде күтемін!

Пікірлер: 178
@user-er6zb6qi7m
@user-er6zb6qi7m 6 ай бұрын
Менімше "Оян қазақта" не үшін жыладық? Неге жастардың жылауы өксік, ыза, жеккөрініштілік жылауы болды? Бұл сол бір қысталаң уақытта орыс империясы алаш қайраткерлерінің адымын аштырмады. Аштық, репрессия орыс басқыншыларының қолымен, нұсқауымен іске асырылды. Қазақты "бұратана, киргиз" деп кемсіткені шындық. Тіпті қазірге дейін орыстарда мәмбет, деп тілімізді қорлауы осының бәрі ресей басқыншылық саясатының әлі күнге сіңгенін көрсетеді. Орыстық басқару салдары бүтін қазақ халқының ұлттық идеологиялық саясатын жоққа шығарып, ол күні бүгінге дейін әсіресе, басшылық органда көрініс беріп отыр. Фильм астары осыны меңзейді. Фильм тек қара қазаққа оянуды ғана емес, әсіресе біздің шенеуніктерге әсер ету керек. Орыс тілді, орыс ділді қазақтар жыламайды бұл фильмге! Неге өйткені оларда ұлттық рух, ұлттық намыс деген сезім жоқ. Мен өз басым тарихты жақсы білемін. Осы фильм империялық орыс саясатының пиғылын көрсетіп берді. Әттең қазақты ұшпаққа шығаратын алаш қайраткерлерін ресей билігі баудай түсірді. Фильмдегі осы ащы шындық көзге жас келтіріп, намысыңды жаниды. Мәселе орыстар ренжіп қалады, ұлтараздық қозып, орыстық билікке жақпай қаламыз деп жалтақтауды қою керек. Тіл үшін, ұлт үшін күрес жүруі керек. Әсіресе жоғары да жүрген міне, Дулат сияқты, Бақыт актер сияқты азаматтар жастарды осыған үндеу керек. Фильм қазақтың бұрынғы жазылмаған жарасын ашып берді. Маған осы талқылау өте ұнады. Білімділік, қазақилық, жан жақты талқылау, көптеген фактілер көрсету ұнады. Алда да осындай талқылаулар керек. Дулат бауырым ісің оң болсын. Бақыт актердің осы ролді әр қазақ жүрегіне жеткізгені бүгінгі қазақ ұрпағының жүрегіне "Мен қазақпын!" деген ұшқынды отқа ұластырды. Мен биліктің осындай ұлтты оятатын фильмдер түсіруге не себепті кедеогі кнлтіретінін, немесе немқұрайлы қарайтынын енді ұқтым. Олар қазақтың оянуынан қорқады екен. Міне, оян қазақ осыны ұқтырды. Рахмет, алаш қайраткерлерінің рухы жасай берсін!
@qaimaqtv2199
@qaimaqtv2199 6 ай бұрын
Сіздің сөз саптауыңызға ,қазақ тілінің майын тамызып пікір қалдырғаныңызға дән ризамын!Пікіріңізбен толықтай келісемін!
@Nazira-uf6wv
@Nazira-uf6wv 6 ай бұрын
Е, Аллахым! Осы фильмді біздің халықтың шынымен ақ ұлттық намысы, рухы оянып, болашақ ұрпағымыздың саналы, білімді болып қалыптасуы үшін қайырлы пайдасы болғай🤲
@user-fz3iy5qj5i
@user-fz3iy5qj5i 6 ай бұрын
"Оян қазақ"филімі Бойында қазақ қаны бар жас пен кəріні жылатты,жұбатты,қуанытты,жүрегін шымырлатып тулатты! Рахым ет сіздерге!! Тəңірім жарылқасын! Осындай ойлы,өзекті кинолар дəл қазыргі алмағайып кезеңде шөліркеген,шамырқанған ұлтымызға өте керек те қажет!, Құдай қуат берсін!!,, Ұзағынан сүйіндірсін! Оянған арда қазағым!!,,
@aigerimzhunissova3225
@aigerimzhunissova3225 6 ай бұрын
Мектеп соншалық мән беріп оқымадық қой😢 Бахыт мырзаға және сол фильмді шығарған әр команда мүшесіне МЫҢ АЛҒЫС❤
@user-ve5bl6cy3u
@user-ve5bl6cy3u 6 ай бұрын
Бақыт Бахтанұлы Міржақып атамыздың рөлін керемет ойнады. Осы сұхбатты қарап отырганда, Міржақып атамыз сөйлеп отыргандай сезімде отырмын. Рахмет, Бақыт Бахтанұлы, шығармашылық табыс тілеймін, аман болыңыз! ❤
@user-sf3by3ys9r
@user-sf3by3ys9r 6 ай бұрын
Актёр жоғары білімді, қазахпын деп журегі соғып тур екен! Сухбат оте тамаша өтті... Жастарға берер тәрбиелік қасиеті көп екен! Мен Жастарға сенемін!
@user-hh8qq9wr5f
@user-hh8qq9wr5f 6 ай бұрын
Не деген керемет білімді, намысшыл азаматтар. Алла жастарымды осындай рухты ете гөр
@user-nc8jx8dc7i
@user-nc8jx8dc7i 6 ай бұрын
Керемет сұхбат болды! Жарайсыздар! Бақыт Міржақып ролін өте күшті сомдады, рахмет! Аман жүріңіздер!
@balapanbbb2732
@balapanbbb2732 6 ай бұрын
Аллаға шүкір қазақ болып туғаныма! Осы киноны түсірген адамдарға алғысымыз шексіз! Керемет туынды.
@user-px2cb1rs8q
@user-px2cb1rs8q 6 ай бұрын
Рмми түлектерін мақтан тұтамыз! Түлектеріміз биіктен көрінсін.Республикалық мектеп-интернат қазақилықтын қара шаңырағы. Дулат мырза қазақша сөйлесейік деп жанын салып, мектеп үшін ел үшін жасап жатқан еңбекгініз ерен, өсе берініз. Отбасының аман болсын деп тілеймін. Мұрат Есжан осындай туындыны жарыққа шығарып істеп жатқан ісіне ризамыз. Рмми оқушуларына үлгісіздер.
@gulmira7566
@gulmira7566 6 ай бұрын
Қандай керемет сұхбат болды.Осындай азаматтарды тыңдасаң жүрегің тынышталады, көкірегің оянады, қөзің. тояды. Алаш ардақтыларының рухы қолдап жүрсін. Бұдан былай да рухы мықты шығармалар күтеміз. Шыңның жүзінен көрейік.
@paradiselife6602
@paradiselife6602 6 ай бұрын
Өте керемет сұхбат👏🏻👏🏻👏🏻 “Оян қазақ” көбісін оятты!
@user-oy8fq3dl1r
@user-oy8fq3dl1r 6 ай бұрын
Міржақып атамыздың еңбегін осы кино арқылы білдік, ояндық, рахмет барлығына, Бақыт мырзағада
@user-br3ro5rs4f
@user-br3ro5rs4f 6 ай бұрын
бақыт іным жарадың!!!! сенің даусің,сенің көзің ,сенің келбетің нағыз алаш азаматтарынің кеипын таза аштың!!"рақмет көп рақмет!!!!
@user-lc2ou8hq5m
@user-lc2ou8hq5m 6 ай бұрын
Үш қазақ, үш ер азамат, үш рух алға қойған мақсаттарыңыз айқын, бағындырам деген шыңдарыңыз биік болсын. Аман болыңыздар 🙏🤲
@user-tc8hq6ou8d
@user-tc8hq6ou8d 6 ай бұрын
Осы актер ұнап қалды, лауысыда керемет. 3 күн осы киноның асерінен шыға алмай жүрдім
@user-rv4kv2yg1h
@user-rv4kv2yg1h 6 ай бұрын
Осы актёрді көріп. Сұқбатты ашып көрдім. Киноны көрп бір жыласақ. Осы сұқбатты көріп тағы бір жылап алдық. Рахмет Оян қазақты түсіргендерге.
@makiaxan6585
@makiaxan6585 6 ай бұрын
Рухты Подкаст болды, екі қайыра көріп, түсімде көрдім, азаматтарымыз аман болсын, оянайық,ояу болайық, ана тілімізде сөйлеуге ұялмайық❤
@qavilazimaytgul7604
@qavilazimaytgul7604 6 ай бұрын
Бақыт Қажыбаев аға мен үшін тұлға❤
@user-lt6tj3fj2o
@user-lt6tj3fj2o 6 ай бұрын
Бакыттын оиныда дауысы да керемет. Казактын жастары ның санасын ойаты жылатты. Актерлер ге рақмет
@moto-ro
@moto-ro 6 ай бұрын
Пайгамбар, сахабалардан кейынгы адамдар деп ойлайм Мыржакып агаларды. Бахыт ага ел есымынде Мыржакып боп калады. Бул кысыге ешкашан жаман жер баспау керек... Баска образда кору киын енды) Бул кысыны шын Мыржакып арамызда жургендей сезынемыз. Ойткены бар казактын журегынде Алашка деген махаббат бар, сыз сол арбыр казактын журегыне ене кеттыныз...
@user-uo5yh6si7x
@user-uo5yh6si7x 6 ай бұрын
Мәдениетті, өркениетті түрде осылай алға жүре беріңіздер. Сәттілік, қазақ үшін әр бір қазақ қолынан келгенше үлесін қоса берсін!
@user-en5js5gq6q
@user-en5js5gq6q 6 ай бұрын
Әумин айтқандарыңыз келсін 21 ғасыр қазақтың Алтын ғасыры болсын
@zangartimes
@zangartimes 6 ай бұрын
Бақыт ағамды көрсем, Мыржақып атамды көргендей болам!😢😢😢❤❤❤❤❤❤
@user-pj1kq7is5b
@user-pj1kq7is5b 6 ай бұрын
Бақытқа Алла разы болсын сізбен кездесу арман болп жүр
@user-em8tv6ew3k
@user-em8tv6ew3k 6 ай бұрын
Қазірде сол кездегі жағдайға ұқсап кететін тұстар бар! Әлі ояна алмай жүрген бір қазақ!!! Осындай қазақты оятатын, фильмдер көптеп түсірілсе... Мықты сомдап шықты рольін Бақыт!
@user-yi5wc3fv6o
@user-yi5wc3fv6o 6 ай бұрын
Менің ой санамда , Міржақып атамыз болып қалдыңыз . Керемет.
@user-nf4cu9qq7y
@user-nf4cu9qq7y 5 ай бұрын
Қазақ қазақ болып қалуы үшін теңізге куйылган тамшвдай болайық
@user-wu1pv9kz3u
@user-wu1pv9kz3u 5 ай бұрын
Керемет сұхбат ! Керемет актер! Даналығыңызбен , шығармашылықта жолыңыз дара болсыншы ❤
@user-lk7vj9to6b
@user-lk7vj9to6b 6 ай бұрын
Керемет сұқпат болды Сіздерді өткен ұлы бабаларымыздың. батыр аталарымыздың әруағы қолдасын
@user-dt4yt2qn5q
@user-dt4yt2qn5q 6 ай бұрын
Бакыт аға сызге мың алғыс..Мыржакып Дулат атамыздың Казак елге еңбек зор екен.Батыр атамыз жаткан жеры жайлы болсин
@user-kt1fz4po8o
@user-kt1fz4po8o 6 ай бұрын
Бақыт мырзаға көп рахмет ❤көзімізді ашты десек артық болмас
@user-lk7vj9to6b
@user-lk7vj9to6b 6 ай бұрын
Оян қазақ Бақыт Қажыбаев мықты актер күшті ойнап шықты Дауыс тембрі де күшті екен Жарайсыз 100 жасаңыз
@tim1t112
@tim1t112 6 ай бұрын
Қазақтың осындай азаматтары аман болсын, бар болсын! Өте қуанышты, осындай ақылды, парасатты азаматтардың барлығы. Бақыт рольді керемет сомдаған, осындай актерді елге танытқан Мұрат Есжанға мың алғыс.
@ser_army6570
@ser_army6570 6 ай бұрын
Астанадағы жоғарыдағы отырған азаматтарға кейгізіп қою керек. Кино енді керемет қазақты оятты деп ойлаймын.
@user-mz6qg6no9h
@user-mz6qg6no9h 6 ай бұрын
Рақмет сиздерге осы киноны қарап отырып көзден жас келеді екен өте әсерлі өте керемет
@aiguldosbaeva1817
@aiguldosbaeva1817 6 ай бұрын
Оян қазақты жылап отырып көрдім. Бүкіл командаға алғыс. Бақыт мырза керемет ойнағансыз, сендіріп. Рухыңыз нығая берсін. Еліміз аман болсын!
@user-xr7rn3if4b
@user-xr7rn3if4b 6 ай бұрын
Былтыр болды Казахстан Каналда
@user-ks2dv7cy3m
@user-ks2dv7cy3m 6 ай бұрын
Өте әсерлі керемет сұхбат болды. Футболканың алдында "ҚАЗАҚША СӨЙЛЕ" артына "ОЯН ҚАЗАҚ" деп жазса әдемі болар еді.
@GGGGGG-yj3vm
@GGGGGG-yj3vm 6 ай бұрын
Қазағым жасасын!!!
@jastarjanary321
@jastarjanary321 6 ай бұрын
Бақыт мырза мықты актер ғана емес, ақылды, білімді, ұлтжанды тұлға екенсіз! Аман болыңыз! Жұлдызыңыз жарқырай берсін! 👍🏻👍🏻👍🏻
@diaraermagambetova2826
@diaraermagambetova2826 6 ай бұрын
Кушти сухпат болды.унады.Бакыт агамнын ар бир сози от коо ,Бакыт ага краш крашсыз.Алла абырой берсин сизге .Жалпы айтылган ангимеден ой алуга болады.супер пайдалы болды.Казагым китап окиык.билим алайык.40 ,50 ,60, ка кел ким кеш емес.баринди жаксы корем.❤❤❤❤
@user-ij6xe6zh2d
@user-ij6xe6zh2d 6 ай бұрын
Ассалаумалейкум! Керемет шығарлым көп көп рақмет! Жақаның рөлін сомдаған Бақыт ағаға рахмет! Алғысым шексіз! Оян қазақ! Киносы арқылы білімділікке, ақылдылыққа, ұлтшылдыққа тәрбиелеуміз керек. Әр қазақ өзінен бастауы керек. Үлкен ресей патшалығы алаш зиялыларынан не үшін қорықты? Білімді еліне адал азаматтар көптігінен. Әр істе адал болайық. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻🇰🇿
@user-br3ro5rs4f
@user-br3ro5rs4f 6 ай бұрын
я бақыт іным дурыс аитасың байтурсын атамыздың да ролын жақсы сомдады!!!
@user-vf8db3gg2w
@user-vf8db3gg2w 6 ай бұрын
Оте мыкты сукпат! Оте мыкты азаматтар! Оян казак фильмы, елимизге жаксы жагынан асер етип жатыр! Дулат Тастекейев нагыз патриот, халык баласы!
@Aii-481
@Aii-481 6 ай бұрын
Бакыт агага рахмет, Миржакып атамыздын ролын керемет сомдаган
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o 6 ай бұрын
Әлем тілінің түбірі, Қазақ тілінде, зер салып көріңіздер!
@user-fz3iy5qj5i
@user-fz3iy5qj5i 6 ай бұрын
Жарайсыңдар қазақ азаматтары! Өркендеріңіз өссін! тəңірім жарылқасын!,
@user-ps7dm6vf2r
@user-ps7dm6vf2r 4 ай бұрын
Бақыт Бахтанұлы Міржақып.сөйлеп отырғандай даусының өзі керемет
@user-hr4qq6qk3y
@user-hr4qq6qk3y 6 ай бұрын
Сұхбат деген осындай болу керек. Бәрі орнымен, керемет!
@user-rz5dd6is2j
@user-rz5dd6is2j 6 ай бұрын
Қазаққа жаны ашитын бауырларыма үлкен алғыс❤❤❤
@user-ik8fd2rs4i
@user-ik8fd2rs4i 6 ай бұрын
Керемет Алла сіздерді,Аталарымыздың Аруағы қолдасын елім аман жұртым тыныш болсын
@aliyabeisembaeva5157
@aliyabeisembaeva5157 6 ай бұрын
Өкіметтік кез-келген іс қағазды мемлекеттік тілде жүргізуге атсалысу керек, заңды дұрыстамай әреекет ұзаққа созылады. Көп адамдар қажып кетеді
@user-gr4ve4ee7m
@user-gr4ve4ee7m 6 ай бұрын
Елимиздин рухын котеру ушин Алаштын тулгаларын фильмдерде корсету керек. Шынайы тарихты биз билуге миндеттимиз,"Оян казак"санамызга озгерис енгизди.Бакыт Миржакып Атамыздын ролик керемет сомдады👍👍👍
@user-pt1ki5hj3w
@user-pt1ki5hj3w 6 ай бұрын
Сценарист, режиссерге де рахмет. Тарихшылар мен әдебиетшi ғалымдардың еңбектерiн көкке көтердiңдер, дерек көзiн жазып қойдыңыздар. Шынайы iзденiс жасағансыздар. Сондықтан да Мiржақып образын керемет шықты... Еңбектерiңiз жана берсiн, мың алғыс.
@oralkhantyrashev2386
@oralkhantyrashev2386 6 ай бұрын
Керемет сухбат болды, арбир айткан ангимелеринизден бойыма азык алып ишиидеги рухым котерилип казак боп туылганыма мактанып калдым, Рахмет сиздерге!
@user-tc8hq6ou8d
@user-tc8hq6ou8d 6 ай бұрын
Маған Мыржақыппен ұнады!!
@user-fw9mq8pl2d
@user-fw9mq8pl2d 6 ай бұрын
Сұқбат үшін көп алғыс білдіремін 👍🙏 пайдалы әрі жақсы пікірлер айтылды, мектепте әнұран айту туралы жақсы еске түсірдіңіз, кәзір біздің мектептерде әнұран айтылама екен сол қызық болып тұр.. Президент айтқан еді 7 томдық Қазақстан тарихы жазылып, мұқабасы дайындық үстінде деп, сол кітап жарық көрсе бүткіл қазақ оқып шығу керек. Ендігі жерде кім не айтады деп ешкімге жалтақтайтын жөніміз жоқ, тек алға ұмтылайық, ҚАЗАҚ ЕЛІ деп сөйлеп, идеологияны мықтап қолға алу керек деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы емес ҚАЗАҚ ЕЛІ, ҚАЗАҚ Республикасы болсын алдағы уақытта 🤲 Сәттілік ✊️✊️✊️
@user-ov9kg9yq6k
@user-ov9kg9yq6k 6 ай бұрын
Актердің аты актер әр түрлі жанрда кетебереді сондықтан дұрыс қабылдауымыз керек.
@dinmukhammedashimkhan2062
@dinmukhammedashimkhan2062 6 ай бұрын
"Оян қазақ" сериалын белорус қызға көрсеттім. Рухы оянып, қазақ болып кетті ғой. Оған дейін де қазақша фильмдер көрсетіп жүргенмін. Алла қаласа Ислам қабылдауға асығып жүр.
@user-rh7wv8dk2t
@user-rh7wv8dk2t Ай бұрын
Бұрын актерлерді кинода көріп, сосын өмірде көргенде .Жақсы адамды оинап ,өмірде боқ ауыз,темекі тартқанын көріп көңіліп қалатын.Ал бұл Бақыт өмірде жақсы адам екенін көріп риза болдым.
@user-mm8ct5zy4t
@user-mm8ct5zy4t 6 ай бұрын
Фильмге билет ала алмай қалдым, көрсетілім өте аз уақыт болды. Сериалды көрдім, кеудемде бірінші қуаныш кернеді, Міржақып ағамыздың және Алаш зиялыларының білімділігі, ойларының тереңдегі, сол кездегі халық интеллегенцияның қазағына деген жанашырлығы, олардың бәрі шеттерінен ақын, жазушы, публитист, зерттеуші … екендігі қатты қуантты. Орыстардың озбыр саясаты былай тұрсын сол кезде де, қазір де сатқын, екіжүзді қазақтар өз бауырларын сатып үстіне арыз жазғандары қатты жаныма батты😢. Халық қамын жеп жүргендерді шығып бергендерін көргенде “Неге? неге? Бәрі сендер үшін ғой …Сол кезде 7 млн-нан 2 млн қалған қазақ барлық қаймақтарынан айырылды😢. Кинодан Алаш зияларынын, тарихты дұрыс білмейтінімді түсіндім. Мен де ұйықтап жатқан екенмін… әлі ұйықтап жатырмыз. Ояулылары санаулы
@user-uv2xf4yv5w
@user-uv2xf4yv5w 6 ай бұрын
Жұлдызың жана берсін, еңбегің жемісті болсын, зор денсаулық тілейміз
@user-ti2jw3js6z
@user-ti2jw3js6z 6 ай бұрын
Керемет түсірлген Кино болды ғой
@ularraimbek2261
@ularraimbek2261 6 ай бұрын
Біраз ой салар рухты әңгіме екен. Рухымыз бен біліміміз бірдей жүру керек.
@user-rg8ni4ln8z
@user-rg8ni4ln8z 6 ай бұрын
Алаш ұрпақтары аман болыңдар!
@aigerimzhunissova3225
@aigerimzhunissova3225 6 ай бұрын
Бақыт мырзаның даусы қандай керемет еді❤
@user-lk7vj9to6b
@user-lk7vj9to6b 6 ай бұрын
Бақыт Қажыбаев Міржақып Дулатыпты. Оятты
@user-ed7zv1og3l
@user-ed7zv1og3l 6 ай бұрын
Мектепте орыстардың (бетке ұстарларын) оқытты ғой.Оян қазақты кино театрдан да,ютубтан көріп әбден жылап алдым.Рахмет Бақыт балам еңбегің жанып,арманыңа жете бер.Міржақыптың образында сақалың жоқ өте сымбатты едің.
@user-vb6tl5hv4x
@user-vb6tl5hv4x 6 ай бұрын
Бақыт Қажыбаев ❤
@Gulmira.Baktibai
@Gulmira.Baktibai 6 ай бұрын
Подкасттың өзінен рухтаным отырдым шыны керек. Дулат ағамызды кәсіпкер ретінде сырттай бақылаушы едім, бүгін сұхбатты тыңдап отырып тарихтан хабары бар, жан-жақты білімді азамат екеніне көз жеткізгендей болдым. Ал Бақыт ағамызға сөз жоқ өзінің кәсіби актёр екенін дәлелдеп шықты. Қазақ үшін жасап жатқан әр істеріңізге алла береке берсін! Мені де қазақ үшін не істеп жатырмын деген ой мазалай бастады...
@user-xn6uv1gm4y
@user-xn6uv1gm4y 6 ай бұрын
Осы кинога тускен барлык актерларга мында Бир Рахмет жылап отырып карадык коптеген казактын рухы оянды деп есептеймин
@user-xy1pz9pq8e
@user-xy1pz9pq8e 6 ай бұрын
Иа ,мен де шет елде Казакстанда туылган коп Адам коремин.Прям, сагындым Казакстанды деп ,барып турамыз жеп ,оздеры озге улт болса да бешмармак,курт деп отырады❤
@user-zj3ri7cx2v
@user-zj3ri7cx2v 6 ай бұрын
Керемет подкаст, Жақаңның дауысы мықты
@Adal_bol
@Adal_bol 6 ай бұрын
Рақмет сіздерге. Аз болса да ел үшін еңбек жасап жатырсыздар.
@user-ne5pr3xi2o
@user-ne5pr3xi2o 6 ай бұрын
Керемет подкаст болды жігіттер, шыныменде Міржақып атамыздан сұхбат алып отырғандай сезім болды.
@user-xv9hf6uu7l
@user-xv9hf6uu7l 6 ай бұрын
Мен озим жалпы куаныштымын, алашты осылай кино ретинде бауыр карындастарымыздын санасын озгерткенин. Тусириндер тусириндер кобирек
@beken8742
@beken8742 6 ай бұрын
Бәріңізге көп рахмет, басынан соңына дейін көрдім, рухың көтеріліп керемет әсер аласың!
@user-be1mp6ge2t
@user-be1mp6ge2t 5 ай бұрын
Әділ , еркін , белсенді қоғамдағы жағдайды ашық айтатын жүргізушілерді халық жақсы көреді
@user-rf5eh9yh6i
@user-rf5eh9yh6i 6 ай бұрын
күшті әдемі әңгіме болды , өте жақсы тыңдадым біраз нәрсе білдік.
@gulnarrazbekova4107
@gulnarrazbekova4107 6 ай бұрын
Бақыттың,Заринаның сұхбаттарын қызыға көремін, керемет сомдау, жалпы осы түсірілімді жарыққа шығарған топтың еңбегі жемісті болсын! Бақытты биіктен көрейік❤
@user-vb6tl5hv4x
@user-vb6tl5hv4x 6 ай бұрын
Қандай салмақты, сымбатты 😊
@user-ed7zv1og3l
@user-ed7zv1og3l 6 ай бұрын
Қайдағы білім,мектеп жетіспейді,үш ауысымда оқиды.35-40 минуттан бір сабақ.
@gaukharazimhan86
@gaukharazimhan86 6 ай бұрын
Бұл кісі Мыржақып атамыздың ролін жоғарғы деңгейде ойнағаны сонша,атамыз осы кісі сияқты қабылдап қалдым
@Vokk-bb1jx
@Vokk-bb1jx 2 ай бұрын
Коп коп Рахмет оте керем актер👍👍👍
@user-mm8ct5zy4t
@user-mm8ct5zy4t 6 ай бұрын
Сценарий жазған авторға, режиссер, актерлер ұжымына алғысым шексіз. Осындай рухты, тарихта қалған қазақтың ұлы тұлғалары туралы көбірек кинолар күтеміз❤
@user-kx9yn9lp2x
@user-kx9yn9lp2x 6 ай бұрын
Дулат мырза, осы актерлермен Әлихан атамыз туралы кино түсіру керек деп ойлаймын. 💥💥💥
@qazaq812
@qazaq812 6 ай бұрын
Алашорда деген кино тусирсе, барлык батырларды тусирер еди сол кезде!
@user-px2cb1rs8q
@user-px2cb1rs8q 6 ай бұрын
Тамаша! Подкаст үшін алғыс!
@user-tu1dc2yt5d
@user-tu1dc2yt5d 4 ай бұрын
Журегым жарылып кетеме деп ойлап едым , асерлы оте асерлы болды жылап токтай алмай калдым, Мын алгыс сомдаган адамдарга, бас ролды жургызген Бакыт Бактанулынна мын алгыс Мыржакып атамызды жеткызе былды😭жазып отырыпта окпемды басамай жазып отырдым
@user-ku3pk3qo6o
@user-ku3pk3qo6o 6 ай бұрын
Роль ды керемет алып шықты 👍
@user-su2iw5ke8y
@user-su2iw5ke8y 6 ай бұрын
Алаш арыстарының әрқайсысы өзі туралы фильмнің түсірілуіне лайықты. Осы жоба осымен тоқтап қалмаса екен. Тарихымыздың ақтаңдақ беттері боялса екен деген тілек бар
@user-sv6nu7ci8d
@user-sv6nu7ci8d 6 ай бұрын
Дауысы қандай керемет
@freestepalmaty5527
@freestepalmaty5527 5 ай бұрын
Керемет.
@user-ns8we7wt4y
@user-ns8we7wt4y 6 ай бұрын
Керемееееет сұхбат болды👏👏👏👏👏
@qavilazimaytgul7604
@qavilazimaytgul7604 6 ай бұрын
Димаш Құдайбергенді көргім келеді
@user-kh6qq2rq2z
@user-kh6qq2rq2z 6 ай бұрын
Рахмет керемет сұқбат болды. Алла разы болсын! Аларым көп болды
@user-ky4zx1ct2x
@user-ky4zx1ct2x 6 ай бұрын
Миржакыпты жаксы алып шыкты
@Aii-481
@Aii-481 6 ай бұрын
Подкаст оте катты унады
@user-om5nb9cl7q
@user-om5nb9cl7q 6 ай бұрын
Неге көрілім аз. Тарату керек барынша.
@user-wh9po1ex8l
@user-wh9po1ex8l 6 ай бұрын
Өкінішке орай осындай пайдалы видеолардың көрілімі аз біреу шешініпті ажырасыпты десе кемі милион көрілім болаттын еді
@user-jn2nl3kj4i
@user-jn2nl3kj4i 6 ай бұрын
Керемет сұхбат
@user-oh4te1zz2t
@user-oh4te1zz2t 6 ай бұрын
❤❤❤❤❤ Азаматтар аман болыңыздар. Керемет сұхбат болды.
@iliyasdosmagambetov3509
@iliyasdosmagambetov3509 6 ай бұрын
Кино жақсы шыққан. Енді осы кино секілді қазақ зиялыларының киносын тағы түсірсе басқа жағынан пісірсе. Қазіргі уақытта кинолар барғо кинотеатрдан беріп жүрген. Хотя бы кино 2, Жохан 2 секілді қазақ зиялыларының киносы шықса жылда. Мыс: 1890-1910 ж арасын қалай білім алды, қандай жетістікке жетті және қудаланады, 1910-1920 ж арасын, 1920-1930 ж арасын , 1930-1938 ж осы аралықта түсіріп халыққа шынайы жеткізсе. Патша үкіметі, кеңес үкіметі жылдарындағы қудалау. Осыларды түсірсе.
@iliyasdosmagambetov3509
@iliyasdosmagambetov3509 6 ай бұрын
Қазақты сатқан ақын, жазушыларда бар деп келедіғо.
@user-qr2bl8ol5d
@user-qr2bl8ol5d 6 ай бұрын
Керемет сұхбат, өте терен ойлы әнгіме! Көп рақмет !
@user-rg3wo2ig7m
@user-rg3wo2ig7m 6 ай бұрын
💪✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Дәуір даналары. Міржақып Дулатұлы
43:13
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 17 М.
ЕЛДОС ТОҚТАРБАЙ САТҚЫН БА? | 2 БӨЛІМ | УАҚЫТ КӨРСЕТЕДІ...
57:35
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 19 МЛН
Когда на улице Маябрь 😈 #марьяна #шортс
00:17
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 12 МЛН
蜘蛛侠这操作也太坏了吧#蜘蛛侠#超人#超凡蜘蛛
00:47
超凡蜘蛛
Рет қаралды 47 МЛН
ШЕШЕНГЕ АЙНАЛҒАН ҚАЗАҚ
1:04:06
Dulat Tastekey
Рет қаралды 35 М.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Англ субтитр)
57:19
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 135 М.
А Байтұрсыновтың өз дауысы
16:57
Dosmuhambetov mektebi
Рет қаралды 405 М.
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 19 МЛН