Өмір деген

  Рет қаралды 1,712

Білгенге маржан сақтап ал

Білгенге маржан сақтап ал

8 ай бұрын

Өмір деген - ұлы сапар осынау,
Қиындықтар кезіксе де жасымау.
Өмір деген - қарап жүрмей досым-ау,
Жұмыс жасау, жанұяңды асырау.
Өмір деген - міне солай жан бағу,
Әр қызыққа тамсану да, таң қалу.
Өмір деген - өкініш пен қуаныш,
Өмір деген - алдау және алдану.
Өмір деген - өз-өзіңді басқару,
Басқара алмай кейде шалқып мастану.
Өмір деген - баю, тою, шірену,
Өмір деген - тиын санау, аш қалу.
Өмір деген - жалындыру, жалыну,
Өмір деген - сырқаттану, сауығу.
Өмір деген - күнә жасап, артынан
Тәубаға кеп заңдылыққа бағыну.
Өмір деген - жыл қарсы алып, жас қосу,
Танымайтын біреулермен достасу.
Өмір деген - бір адамды қарсы алып,
Бір адаммен мәңгілікке қоштасу.
Өмір деген мақталу да, датталу,
Жан досыңа бар сырыңды ақтару.
Өмір деген - күн артынан күн өту,
Бірде жылап, енді бірде шаттану.
Өмір деген - азу, тозу, семіру,
Жастық өтіп қартыққа да жеңілу.
Өмір деген - сағыну һәм ұмыту,
Өмір деген - ғашық болу, жеріну.
Өмір деген - арғы жақты сөз қылу,
Өз-өзіңе риза болу, жазғыру.
Туған күнді тойлай жүріп бір күні,
Өмір деген - аңдаусызда көз жұму.
Біздің мекен - бағзы өлке, ескі алаң,
Кімдер сірә, табанымен баспаған.
Жердің жүзін билегісі келсе де,
Мәңгілікке ешкім есік ашпаған.
Міне сондай, мен қозғаған ой мынау,
Өмір деген - тек тіршілік жайлы дау.
Қойшы досым, адамбыз ғой бастысы,
Жоқ болғанда қайтер едік деймін-ау...
М. Мақатаев))

Пікірлер
№1 “ӨМІР” туралы ең таңдаулы поэзия жинағы😍
20:13
Қайсар Берікұлы
Рет қаралды 183 М.
Жаман ерді жақсы әйел адам қылады
5:45
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 931
LOVE LETTER - POPPY PLAYTIME CHAPTER 3 | GH'S ANIMATION
00:15
Wait for the last one! 👀
00:28
Josh Horton
Рет қаралды 131 МЛН
Омир деген и осы екен
2:54
Жалгас Садыков
Рет қаралды 15 М.
Ата-бабаларымызды еске алу. Аруақтарға Құран бағыштау. Еске алу. 87058155696
10:27
Шақыру Пригласительные Слайд Бонбоньерки Тойбастар
Рет қаралды 419
Танымал әнші Қайрат Нұртас сотталды
3:31
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 5 М.
Фаризажан
2:56
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 349
Ризамын саған тағдырым
1:28
Білгенге маржан сақтап ал
Рет қаралды 794
LOVE LETTER - POPPY PLAYTIME CHAPTER 3 | GH'S ANIMATION
00:15