«Мұрадан келе жатқан ұлттық өнер» тақырыбындағы аудандық семинар - 16 02 2024 жыл

  Рет қаралды 52

Мақат балалар өнер мектебі

Мақат балалар өнер мектебі

Күн бұрын

2024 жылдың 16 ақпан күні “Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, Мақат балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Мұрадан келе жатқан ұлттық өнер» тақырыбындағы аудандық семинар өтті.
Семинар мақсаты: Қатысушыларды өз халқының өнері мен мәдениетін, әсемдік, әдемілікті сезінуге халық мұрасынан эстетикалық ләззат алуға үйрете отырып, шығармашылыққа баулу. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың ерекшеліктері мен тиімділігін анықтау және жаңа форматтағы оқыту үрдісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.
Аталмыш шараға жалпы орта білім беретін мектептердің музыка, көркем еңбек пәндерінің, хореография үйірмесінің, сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Шара соңында семинарды ұйымдастырып, өткізілуіне атсалысқан өнер мектебінің педагогтері Мақат ауданы білім бөлімінің арнайы «Алғыс хаты» табысталды.

Пікірлер
Blue Food VS Red Food Emoji Mukbang
00:33
MOOMOO STUDIO [무무 스튜디오]
Рет қаралды 37 МЛН
" Болашаққа бастаған - Астана " - Ақ тілектер
39:34
Қанат Уəлиұлы Едресов
Рет қаралды 288