МҰРАТ ЕСЖАН: А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТУРАЛЫ ТҰҢҒЫШ СЕРИАЛ | TORTEU TUGEL BOLSA | 5 MAUSYM

  Рет қаралды 43,860

Kuanysh Shonbay

Kuanysh Shonbay

Күн бұрын

00:00:00 -Басталуы
00:01:33 - Қазақстандық сериалдардың қаралымы неге аз?
00:07:15 - Сериалдан кейінгі ой
00:11:03 - Тұлғаны пір деп қабылдау
00:23:02 - Кинодағы стиль
00:27:33 - 20 МИЛЛИОН минус
00:33:14 - Сценарийге деген көзқарас
00:39:33 - Жалғыз адам не істей алады?
00:43:11 - "Қазақ" газетіндегі алғашқы жарнамалар
00:56:02 - Кеңес үкіметі неге бірінші байларды құлатты?
01:03:37 - Әрекетке үндеу
01:17:09 - Түйін
01:24:35 - Көрермендерге сыйлық: свитшот/кітап
"Төртеу түгел болса..." бағдарламасының бүгінгі қонағы режиссер, сценарист, San Francisco Academy of Art University түлегі Мұрат Есжан. Шығарылымда "Ахмет - ұлт ұстазы" сериалының идеясы, қазақ сериалдарының қазіргі ахуалы, газеттердегі жарнама туралы сөз қозғалды. Бағдарлама спикерлері - Shonbay Business School негізін қалаушылар Қуаныш Шонбай, Мейірбек Бердібайұлы, Ескендір Бестай және кәсіпкер Таир Нугманов.
ТТБ көрермендеріне свитшот пен Ахмет Байтұрсынұлы туралы кітап сыйлыққа беріледі
Сыйлықты алу шарты:
- "Ахмет - ұлт ұстазы" сериалында кесіліп қалған мына сөздер қай кадрда болу керек еді?
1. "Мен қой болсам, сен шошқасың"
2. "Бұл кезде қырда А.Байтұрсынов большевиктерге сатылыпты деген сөз желдей есіп жатқан еді
Осы кадрдың қай серия екенін және минутын комментарийге жазу қажет.
- дұрыс жауап жазған алғашқы 6 адамға свитшот сыйлыққа беріледі.
- осы бағдарлама туралы кемі 2-3 сөйлемнен тұратын пікір жазып, көп лайк жинаған 12 адамға кітап беріледі
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 1-бөліміне сілтеме: • «Ахмет. Ұлт ұстазы». Т...
Instagram паракқшасы: / murat_yeszhan
Жоба парақшалары:
► Instagram: / shonbay.online
► Facebook: / shonbay.online
► Вконтаке: shonbay.online
Жеке парақшалар:
Instagram: shonbay.school?...
Telegram: t.me/joinchat/GiOjq3-lKzc5YTky

Пікірлер: 330
@alataualatau4291
@alataualatau4291 2 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы сериялы шыққаны керемет болды... Яғни кітапты оқып түсінбеген жастар көріп түсінеді... Біз қазіргі тұлғалар,қиындықты сезбеген жәй ғана адамбыз.Күнін бос өткізіп.Бірақ бейбітшілік бар халықта деп... Менің түйгенім... Дәл қазіргі сәтте біздің елде осындай бетке ұстар халық үшін жастардың білімі үшін тер төгетін жанын қиятын адам жоқ...Менің жүрегім қан жылайды... Әрине мен жас тұлға ретінде айтып жатырмын.Отанға деген махаббат кең болған бұл аталарымызда... Қазір осы кісілер болғанда керемет нәтижеге жететін едік.. Мүмкін асып түсер медік басқа елдерден...
@Dzhumataevanazgu
@Dzhumataevanazgu Жыл бұрын
Жақсы шығарылған кино ,актёрларға мың алғыс ,әсіресе Ахмет ата мен Міржақып Дулатов аға рөлдерін ойнаған кісілер шынайы әдемі жеткізген,осындай туындылар көбейе берсін.
@aikunjuldyz
@aikunjuldyz 2 жыл бұрын
"Мен бір халық мұғалімімін. Мені әртүрлі атпен атап жатқандарыңызға рақмет.Алған білімім де көп емес. Осы аз білімді көп пайдаға жаратсам деп ой кешкен адаммын және менің осы істегендерімді осы отырған барлығың істей аласыңдар деп ойлаймын және мен оған сенемін " (с)Ахмет Байтұрсынұлы
@user-my8sg7gs7z
@user-my8sg7gs7z 2 жыл бұрын
Тәніміз азат болсада, рухымыз абақтыда. /Е.Бестай/
@abaynursultan2173
@abaynursultan2173 2 жыл бұрын
Тәніміз* деп дұрыс жазсақ, мәніміз де арта түсер..
@Aidyn-Sadinov
@Aidyn-Sadinov 2 жыл бұрын
Кітап сізге бұйырсын
@aizadabak3569
@aizadabak3569 2 жыл бұрын
Осы сериалдан кейін қазақ тіліне қөзқарасым өзгерді, орыс сыныбын бітіргесін Ахмет атамызды танымайды екенмін, режисерларга улкен рахмет, балдарымды орыс сыныбына берем деп жур едим, осы сериалдан кейін қазақша беремін деп ның шешім қабылдадым. Және қазақша сөйлеуге тырысып жүрмін, қазақ тілінің құндылығын түсіндім👍 Аллах разы болсын киноны түсіруге атсалысқан адамдарға! Өз тілдін бәрін біл, өз тіліңді құрметте деген мақалды енді түсіндім😅
@mobilplus8713
@mobilplus8713 8 ай бұрын
Керемет сериал
@user-ng7xn9eq8q
@user-ng7xn9eq8q Жыл бұрын
Бір күн ішінде қарап шықтым, жоғары деңгейде қойылған фильм!!! Біздің мақтанышымыз, біздің тағдырымыз! Алғысым шексіз режиссер Мұрат Есжанұлына!
@arailymsarbassova595
@arailymsarbassova595 2 жыл бұрын
Мұрат Есжан, Ұлы ұстаз туралы фильм жоғары деңгейде шығыпты. Қазақтың тұлғаларын дәріптеп жүрген өнерің өрге ұлассын! Жарайсың інім!
@arailymakymbek8675
@arailymakymbek8675 2 жыл бұрын
"Ахмет. Ұлт ұстазы" - көзіме жас алып көрген сериялым болды.🥺😥 Көп ой түйдім. Әкесі Байтұрсынның оязбен диологы, әкесімен қоштасуы, тергеуші Санғытовпен арадағы диологтар жадымда жақсы сақталыпты. Әр көрініс өте әсерлі, сәтті шыққан. Браво! 🔥👍👍👍 . ТТБ ұжымы, Мұрат Есжан ағаны шақырғандарыңызға көп-көп рақмет. Бұл осылай талқылануы керек сериял. Әр бір қазақ көруі керек сериял. Біз- халық, осындай кино-сериялдарымыздың режиссёр, сценаристерін тануымыз керек. Көп қаралым жинауға ат салысуымыз керек деп ойлаймын. Рақмет. Алла разы болсын! "Мен қой болсам, сен шошқасын", - деп Ахмет атамыз Лукашевка айтты деп ойлаймын. Кейіннен Лукашевтың кешірім сұраған жері де күшті әсер берді. 5 бөлім 35-40 мин. 2. Ахмет атамыздың Жангельдинге баруға жолға шығып, Міржақыппен қоштасудан кейін айтылуы керек болды деп ойлаймын. 4 бөлім, 38 мин.
@enerytubar2698
@enerytubar2698 2 жыл бұрын
Иә
@eskendirzulkarnai
@eskendirzulkarnai 2 жыл бұрын
Біз еш ұлттан, ешкімнен кем емес, қолымыздан бәрі келетінін. Айдаладан мотивация іздеп жүрген Қазақ, өзінде екенін түсіндік.
@user-bo6bg8vx2o
@user-bo6bg8vx2o Жыл бұрын
Мурат Есжан балам өте сапалы Байтурсынов ұлт ұстазы жақсы түсірім қазақ жастары осыны түсініп қара жастардын рухы оянары еди әсері керемет көзіңнен жас алмай қарай алмайсың мен қайта-қайта қарап жүрегім ауырды балам өмір жасың ұзақ Алла саған жар болсын әжең 80 жаста.
@dr.askarov
@dr.askarov 2 жыл бұрын
Қуаныш мырза қасыңыздағы адамдарды көбірек тыңдасақ жақсы болар еді...
@tolkyn.cardio
@tolkyn.cardio 7 ай бұрын
“Ахмет. Ұлы ұстаз” фильміңіз тіпті керемет . Сізге Алла разы болсын.
@juldyzmukan3821
@juldyzmukan3821 Жыл бұрын
Сериал, сөз жоқ, керемет! Жоғары деңгейде түсірілген. Көп ой түйетін, қарапайымдылықтың шыңы, қазақ үшін жанын пида қылуы, баласы болмаса да оған аса мән бермеуі, тіпті біздің ер азаматтарымыздың бойында жоқ қасиеттері-барі, барі керемет көрсетілген. Әттең, осындай намысшыл, ұлтжанды, отбасын сыйлайтын жігіттеріміз көп болса ғой...
@zhakatay96
@zhakatay96 2 жыл бұрын
Бұл фильмді көргеннен кейін бала оқытудың және мұғалім болудың маңыздылығын көбірек түсіндім...
@01moti_
@01moti_ Жыл бұрын
Керемет Алла разы болсын❤️👍
@user-dj5qe2dt3s
@user-dj5qe2dt3s 2 жыл бұрын
Негізі Қазақ гәзетін барлық Қазақ оқу керек
@user-bb3bb6fs7p
@user-bb3bb6fs7p Жыл бұрын
Алаш орда, саяси жақтары да жақсы қамтылған өте әсерлі, актерлерде шынайы өздері шығарған кейіпкерлерді де керемет келтірген. Қазақша телевизордан, ютибтен кино көрмейтін, немерелеріме көріңдер деп өтіндім, өзім бақылап отырдым, біраздан соң жалығып қарамай қояма деп ойлағам, жоқ түгел қарап шықты. Не ойлағандарын, сезімдерін кейін сұрайын
@user-zf8ox3il5l
@user-zf8ox3il5l 2 жыл бұрын
Сұқбат ең бірінші шыққанда 1 минут көріп тоқтатып тастадым да, сериалды көріп шықтым. 6 серияны көзіме жас келіп отырып, бір демде көріп шықтым. Шынымен не істеп жүрміз деген ой келді! Нағыз еңбек. Сериалды көрген соң сұұбатты 1 минаттан ары қарай жалғастырып көрдім. Сұқбат🔥! ТТБ рақмет!
@baluashiralieva1255
@baluashiralieva1255 2 жыл бұрын
Керемет қонақ шақырғансыздар. Қуаныш мырза айтпақшы мен де осы сериалдың қаралымы аз болғанына қынжылғанмын. Негізі оқыған мамандығым қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Оқығаныма өкініп жүретінмін. Мамандық бойынша жұмыс жасағым келмейтін. Жәл сол сериалды көрген соң Ахмет атамыз сияқты ұлы тұлғаларымыздың жасаған еңбектеріне қиянат жасап жүргендей түсіндім. Біздің сондай көркем тілімізді менсінбей жүрген өзіміз екенбіз. Дәл осы сериалдан соң мұғалім болып жұмыс жасайтынымды, осы кісінің зерттеулерін кеміретінімді анық ұғындым. Адамның ойын бір сериалмен өзгерте алудың өзі мына режиссердың жетістігі. Мықты қонақ. Алаш Орда тақырыбымен ауырдым сериалдан кейін. ТТВның көрермені көп қой. Осындай аудиторияда дәл осы сериал талқыланып соны жасаушы адамды шақырғандарыңызға разы болып отырмын. Тамаша👍🏻👍🏻
@Shyngysesengarauly
@Shyngysesengarauly 2 жыл бұрын
Бұл бағдарламаны көргеннен кейін сермалды қайта көремін деп шештім. Ал осы бағдарламадан көп мотивация мен тың деректер алдым. Уау болғандары: 1. Ахметке берген мектептің бағасынан көп нәрсе түйдім. Жақсы мотивация болды. 2. Ахметтің және Алаш зиялыларының әлемдік деңгейдегі тұлғалар болуына кішкентай дүние жасау идеясы себеп болғаны. 3. Қосшығұловтар туралы ақпараттар тіпті керемет. Сол үшін ТТБ ға рахмет.
@user-tc2zw5bu7d
@user-tc2zw5bu7d 2 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы - ұлттың рухани көсемі. Киноны тезірек көру керек. Рахмет
@seppiseppi1346
@seppiseppi1346 2 жыл бұрын
Көрдім туындыны өте, өте мықты әр бір қазақ көретін, өз басым жылап тұрып көрдім!!! Мұрат ініме Алланың нұры жаусын, осындай туындының жарыққа қазаққа шығарғандырыңыз үшін! Өзімнің түк емес екенімді сезіндім, не істедім деген сұрақ қойдым!
@user-qq2zx1qv3g
@user-qq2zx1qv3g 2 жыл бұрын
Мыкты
@shaxizatamankul5404
@shaxizatamankul5404 Жыл бұрын
Мұрат ага рахмет сизге оте кушти фильм рахмет.
@nurlanbazarbay885
@nurlanbazarbay885 2 жыл бұрын
1) Қазіргі қазаққа әлемді мойындату мұратында емес, ұлтқа шын пайдасы тиетін дүниелермен айналысу маңызды. 2) Қарапайымдылық - кез келген адамнан адам жасайтын асыл қасиет. 3) Мұхитқа жүзген қайық іспеттес жалғыздың үні шығар.
@galimjanzhaksilikbaev4960
@galimjanzhaksilikbaev4960 2 жыл бұрын
Қазағымының шамын жаққан Алаштарым. Аллаһ жандарыңызды жәннәттық қылсын. Бұйрса жәннәттә оқиғаны ауыздарыңызда есту бұйрсын.
@dauletbektursin
@dauletbektursin Жыл бұрын
Әдемі сұхбат, осындай адамның танымына керек сұхбаттар шығарсаңыздар, мен үнемі қараймын сіздерді. Қазақстандай сіздердей тақырыпты жақсы көтеретін арналап тіпті аз. Мен ең ықыласпен қараймын сіздерді
@maksatibadulla7146
@maksatibadulla7146 2 жыл бұрын
Қуаныш Шонбай ағамыз тез сөйлемесе айтқандары оданда керемет, оданда өтімді болушы еді
@user-co6wm6uk5q
@user-co6wm6uk5q 2 жыл бұрын
Түйгенім 1. Казақ елін ағарту жолында аянбай еңбек еткенін кәдімгідей сезіндім 2. Дели Карнеги мен тең бабамыз бар екенін 3. Камунизм байлар, молдалар, билерді құртпағанда еліміз батыс елдерінен деңгейлес болар еді. 4. Осындай ұлы ұстаздың отбасында Әйелы ауырған кезде еден жуып көмектескені катты өтті сондай болуға тырсу керектігі. 5. "Өзі қамауда болсада рухы азат"- болғандығы олкісінің елді ағартушылық жасауда қамаудың тосқауыл бола алмағандығы. Бірақ біздің жағдайымыз керісінше екендігі өкінішті ақ "көш жүре түзеледі" демекші осы секілді кинолар шықса біз секілді халықтың көзі ашылып, қайта жаңғыруға септігін тигізері сөзсіз. Біздің бабаларымыз осындай болса біз неменеге лағып жүрміз деген ой әр бір ҚАЗАҚтың көкейінде ұйалауы сөзсіз Рахмет сіздерге
@user-bv8fy5gl9v
@user-bv8fy5gl9v 11 ай бұрын
Сериалды толық көріп шықтым.Ахмет,Міржақып аталарымыз туралы филмдер керемет түсірілген,Мұрат Есжанға Алла разы болсын.Тарихи тұлғалар туралы филмдер түсіре берсе екен...
@BatinhoKZChannell
@BatinhoKZChannell 2 жыл бұрын
*Мұрат Есжан аға керемет артефакт 👏🏽. 1915 жылғы «Қазақ» газетін мықты көрсетті*
@zamanbek8761
@zamanbek8761 2 жыл бұрын
Иә
@bekbolatbudanov4816
@bekbolatbudanov4816 2 жыл бұрын
Алла тағала разы болсын
@aidynquttybaev9149
@aidynquttybaev9149 2 жыл бұрын
Керемет болды. Ахмет атамызды зерттеп, еліне ілімін, білімін, еңбегін насихаттап, сақтап жүрген ағаларымыз аман болсын!
@user-rk5vh5cw4u
@user-rk5vh5cw4u 2 жыл бұрын
Керемет ✊👏
@user-kj9mv7qx4n
@user-kj9mv7qx4n 2 жыл бұрын
Елдің рухани дамуының қамын ойлап жүрген ТҰЛҒА!👏🏻👏🏻👏🏻 Тарихымызды тереңдетіп, шынайы етіп жеткізді! Керемет, бұл бір ерекше шығарылым!!! Инсайттың көкесі болды! Рахмет! “MurAi” продакшннан әлі талай құнды, мағыналы, сапалы дүниелер шығатынына сенімім мол!!❤️
@kairat.
@kairat. Жыл бұрын
Керемет талқылау екен менде Ахмет ұлт ұстазын көрдім жақсы тусрлген Алаш арыстарын енді біліп жатамыз олардан алатынымыз әлі көп екен
@akniyetmusiraliev3019
@akniyetmusiraliev3019 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Еліміздің болашағы мен тәрбиесін ойлап ат салысып жатқандарыңызға Алла разы болсын
@arstak
@arstak 2 жыл бұрын
Елім деп өткен Алашым, Неткен ұлысың-данасың. Біздергі үлгі боп тағы, Мәңгілік есте қаласың.
@aidosaris699
@aidosaris699 2 жыл бұрын
Өте мықты етіп түсірілген керемет режесер жарайсың.
@arnaarna9857
@arnaarna9857 2 жыл бұрын
Армысыздар,ТТБ! Айына тагы да 1 «Алаш тулгаларына» косымша тусирилим берип турсаныздар. Керемет бастама, дастур,онеге, тагылым болатын еди. Типти болмаса, Аккул Султанханды шакырыныздар-шы.. ТТБ, сиздерге мын алгыс!!!!!
@user-fj7te5up1h
@user-fj7te5up1h 2 жыл бұрын
Мұрат Есжан көкемді бірінші рет көріп отырмын. Осындай керемет кино үшін рақмет. Алла разы болсын!
@user-nn3rr8or3n
@user-nn3rr8or3n 2 жыл бұрын
Иә жүрек соғысы жиілеп💞ойдың көкжиегі кеңіп, шартарапты шарлап кеткені анық. Мұрат бауырымыздың ел-жер танып, оқып келіп түссірген туындысы расымен ТҰЛҒАЛАРДЫ қарапайым халыққа түсінікті, тірі адам екенін жеткізе білгені өте ұнады, рахмет. Аналар АСЫЛДАРДЫ дүниеге әкелмей қалуы мүмкін емес қой, осындай АЗАМАТТАРДЫ көргенде шүкір етесің және балалары бар ана ретінде бағыт~бағдар ұстанатын шамшырағыңның барына тәубе дейсің. Алаш ардақтылары туралы естіп жүрсек те Ескендір мырзаның кеңесінен кейін ол кісілермен етене танысуға приоритет қойылды. Қайрат Жолдыбайұлының ұсынысымен Марфуға Шапиян “Тұлғалар өміріндегі ислам” атты кітабын жазған екен, мінекей ТҰЛҒА дегенің осындай болатын шығар, оның өмір жолынан әркім-ақ өзіне қажеттісін алады.
@ayagozmaksut6974
@ayagozmaksut6974 2 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы туралы оқуға, “Ахмет ~ ұлт ұстазы” телехикаясын қарауға күшті мотивация болды. Ата-бабаларымыздың осындай білімді сонымен қатар қарапайым болуын білу күшті рух береді. Алла разы болсын еңбектеріңізге!!!
@medettv3206
@medettv3206 2 жыл бұрын
Өз басымның кемшіліктерін мойындап ,мықты жағын дамытып басымдағы бар біліммен ел үшін еңбек ету керек деген ой түйдім. Әрқашан дамуда болайық,мықты адам кемшіліксіз емес,соны мойындап оны жеңе білген адам. Ахмет Байтұрсынұлы жайлы өте көп ақпаратты, тарихи фактілерді білмейміз екен. Соны біліп ерекше қуанып отырмын. Ең үздік сұхбаттардың бірі болды деп ойлаймын.ТТБ дами берсін!
@azamattann
@azamattann 2 жыл бұрын
Эфирді көріп таң қалудан басқа ештеме жаза алмай қалдым... Сол кездегі сол уақытағы істеген істері кәдімгідей бізге жетіп түсініп куа боп таң қалғаннын өзі бақыт сияқты!!! Басқа ештеме жаза алмай қалдым эфирді көріп көп рахмет сіздерге!!!
@zhassulantulegenov
@zhassulantulegenov 2 жыл бұрын
Аса бір мәні бар дүниелер аз заманда осындай қазақтың қаймақтарын көрсем,қазақ болып туғаныма шынымен де қатты қуана бастаймын.Біріңізден заңғар Мұхтар Әуезовты,Біріңізден "Оян қазақ" деген Міржақып Дулатовты,Біріңізден "Мен жастарға сенемін" деген Мағжан Жұмабаевты,Біріңізден Жүсіпбек Аймауытовты,Біріңізден Ұлт ұстазы Ахметті көремін. Өзім Түркияда оқимын.Бізге көп сұрақ қойылады "Қай жерде тұрар едің,қалар едің" деп.Мен сол сәтте Elbette Kazakistanymda çunku Kazakistan benim Vatanım деп қысқаша жауап қайырамын. Қазір даму үстінде болсам,ол ертеңгі елімнің бір жеріне болсын қосылатын үлес Аллах Қаласа. Тағы айтарым сіздей арыстары бар қазақ болған менде еш арман жоқ.Түркиядан жалынды сәлем баршаңызға❤🇰🇿🇹🇷
@amankeldia.salybekov2638
@amankeldia.salybekov2638 2 жыл бұрын
Толыктай келысемыз! Быз Жапон елынен корып отырмыз. Елге сагыныштын устыне сагыныш косылып, толкып кордык! Алла разы болсын баршаларынызша! Ал сыздерды осы заманнын алаш ордыктарына тенеймыз. Асыресе режиссёр мырзаны. Былыми терен, карапайым, нагыз Ахмет агамыздын ыз басары.
@user-mb3xt8bk9f
@user-mb3xt8bk9f 2 жыл бұрын
ТТБ-ны қалдырмай көруге тырысамын. Мына шығарылым ОТ🔥 болды. Аяқталмаса екен деп отырып көрдім. Түйген ойлар: 1.Тұлғалардың қарапайым жағын көрсету жастардың болашағына үлкен мотивация болады. Мен де ұлы істер істей аламын деген ойдағы жастар жаңа Ахмет Байтұрсынұлы бола алады 2.Алаш қайраткерлерінің аяғын тұсаған қазақ халқы ма деп те ойлаймын. Себебі олар не орыс, не неміс, не ағылшын болғанда халқының қара жұмысына жегілмей, әлемдік деңгейдегі бүкіл әлем мойындаған тұлғалар болар ма еді. 3.Мұрат Есжан сияқты режиссерларды қолдау арқылы қазақты жаңа деңгей шығара аламыз. Себебі киноиндустрия қашан да басты идеология көзі. 4.Әр қазақ баласы Ахмет.Ұлт ұстазын көрсе жаман болмайды. 5.Әр адам айналасындағыларға МАСА болуы керек. Жалғыз үні шықпайды емес , қоғам өзгерсін десең өзіңнен баста. Және әр МАСА тамшы сүт емес, бояу гүл болуы тиіс. (Алған инсайттардың бәрін жазу мүмкін емес)
@user-cc5ip8ni2d
@user-cc5ip8ni2d 2 жыл бұрын
Рақмет жігіттер, қазаққа пайдаларың тие берсін 👍
@user-hc9dd5so5d
@user-hc9dd5so5d 2 жыл бұрын
Алаш арыстарының көрген азаптарына мойымай алға ұмтылуына қарап, адам болып жаратылудың өзі таудай бақыт екенін сездім. Соны сезу мұң екен, ешбір бақытсыздыққа бұл дүниеден орын қалмайтын сияқты.
@user-dd6hj6df6g
@user-dd6hj6df6g Жыл бұрын
Қуаныш Шонбай, өте көп сөйлейді, Мұрат- қысқа, нұсқа, нақты бірақ өте аз сөйлейді. Осы передачаны, Шонбайдың көзқарасы деп атын өзгертсе? Қалай ? Іш пыстырып жіберді!
@user-ll8cc7ci2c
@user-ll8cc7ci2c 2 жыл бұрын
Өте тамаша сұхбат! Осындай фильмдерді көруге көбірек насихаттау жұмыстарын жүргізу керек. Бізде сол жетпейді. Еңбектеріңіз жана берсін.
@shimsidetexas3720
@shimsidetexas3720 2 жыл бұрын
Алла разы болсын ! Менін түсінгенім алыстан іздемей өзіміздін Алаш зиялыларын үлгі тұтып.Солардын армандап кеткен нарселерін орындау қазаққа пайдамыз тиіп тек өзімізді ойлап қана қоймай білімді саналы ұрпақ тәрбиелеп ата бабамызды көп дәріптеп келешек ұрпаққа. Алаш ордасы секілді үлкен, мақсаттары айқын ,елге қызымет қылатын жастардын басын біріктірсек керемет болар еді
@maigulsagindik4852
@maigulsagindik4852 2 жыл бұрын
Мұрат мырзаның бір туындысы қатты есімде қалыпты. Америкадағы мешіттер, мұсылман дінін қабылдағандар туралы болатын. Зерттеу жүргізіп, кейіпкерлерді тауып, және оларды аша білген. Ал "Ұлт ұстазына" келетін болсақ, әдемі сериал. Осы ТТБ-дан соң көріп шықтым. Мектеп оқулықтарында оқыған бір бөлек, ал экраннан көрген бір бөлек екен. Енді Алашорда туралы кітаптар оқып, ізденуге түрткі болды. "Мен не істеп жүрмін?" деген сұрақ қойдым өзіме
@danagultoktassyn2795
@danagultoktassyn2795 2 жыл бұрын
Менде сол Мұнаралы Америка, Мұнаралы Еуропа шығарылымдарынан соң танимын. Өте тамаша шыққан.
@RICHBONE
@RICHBONE 2 жыл бұрын
《Ахмет.Ұлт ұстазы》сериалының бірінші бөлімінің өзінде маған ой келді ,🤔 Мен өзі не істеп жүрмін ? 🤯Менің қазіргі жасап жүрген тірліктерімнің ешқайсысының еліме деген мәнін сезіне алмадым ! 😳Шет елді таңғалдыратын іс емес , қазіргі таңда елімізге керек істі жасау керек екенін түсіндім . 🤯ТТБ ның қазақ ұлтымыздың осындай ұлы тұлғаларымыздың бар екенін ашып жүргеніне үлкен алғыс ✊🏻🙌🏻
@FF-kr8pu
@FF-kr8pu 2 жыл бұрын
Жігіттер, 22 жыл бойы тапсырыспен мақала жазып келемін! Киноны жартылай ғана көріп үлгердім! "Бизнес бастауда"- оқып жүрмін. Бұйыртса, сериалды соңына дейін көремін - деп үміттенемін... Егер менің тарапымнан сіздерге жазу жағынан көмек қажет болып жатса, мен де ел үшін қызмет етуге дайынмын! Ахаңның офферлары керемет! Мұрат Есжан бауырымның біліміне риза болдым! Өздеріңдей азаматтарымыз болғанына, шүкіршілік айтып отырмын. Өсіп, өркендеп, дами беріңіздер...! Ахаңның кітаптарынан менде "Әдебиет танытқыш" қана бар. Басқа кітаптарды алуға әзірге мүмкіндік болмай тұр. Бүгінгі эфирге 100 балл! Мың жасаңдар!
@user-we8kg6kb8l
@user-we8kg6kb8l 6 ай бұрын
Көрдім 😢керемет әсер ,
@user-nr4ob7xw8o
@user-nr4ob7xw8o 2 жыл бұрын
Миды бір төңкерген шығарылым болды. Сериалды "Ұлттық канал" болған соң кезекті "арзан" дүние екен деп көрмеген едім. Міндетті түрде көретін боламын. Тек алға баса беріңіздер ✊️
@makejambyluly704
@makejambyluly704 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум қалайсыздар "Мен қой болсам,сен шошқасың"деген сөз 5-бөлім,35-36 минуттар,Лукашев оқ атар алдында айтылған Ал "бұл кезде қырда Байтұрсынов большевиктерге сатылыпты" деген автордың сөзі 3-бөлім 32-33 минуттар Фильм керемет,бір деммен көретін сериал, деңгейі өте жоғары Осы жобада жұмыс жасаған барлық жандарға үлкен рахмет Осы секілді тарихи жобалар көбейе берсін
@user-de6ho9bn4y
@user-de6ho9bn4y 2 жыл бұрын
Тіршілікке ауа су қаншалықты қажет болса,адамға білім ғылым соншалықты қажет.
@togzhanabilda2941
@togzhanabilda2941 2 жыл бұрын
1 сұрақ. Жауабы: Байтұрсынұлы жайында қауесет тарап жатқаны жөнінде айтылатын бөлім 4 бөлімнің алғашқы 10 минутында болуы мүмкін.
@alash-99
@alash-99 2 жыл бұрын
Қуаныш мырза өзін қатты жоғары қоятын, бағалайтын адам. Құрметтеуге лайық қасиет. Но, кейде өзгеге сөз бермейді. Өзі байқамайтын болар. Мысалы, Ескендір мырза аз бірақ, саз сөйлейді. Қонақ Мұрат мырза да өте сауатты, зиялы екені көрініп тұр. Ұлт ұстазы жайлы тамаша туындыны сөз еткендеріңізге рақмет! Жасай беріңіздер!
@user-du1gw3tb9e
@user-du1gw3tb9e 2 жыл бұрын
Осындай бағдарламалар көбірек болу керек қой . Адамның жетістікке оңай жетпейтінің қиындығы пен келетінің бірақ жетуге болатынын далелдеген кисилерди шақырып подкаст ұйымдастырған кисилерге мың алғыс .
@user-jo1qx4ct9i
@user-jo1qx4ct9i 2 жыл бұрын
Ұстаз болу -ҰЛЫ ӨНЕР екенін түсіндім! Ұстаздық ету артыңа өшпейтін сәуле калдыру екен. Төртеу түгел болса -Алла разы болсын сіздерге!!!
@abdulladussipov8599
@abdulladussipov8599 2 жыл бұрын
"Мен қой болсам, сен шошқасың деп", Семейде губернатордың бөлмесінде болғанда айтқан шығар.
@madinazhalgasova3908
@madinazhalgasova3908 2 жыл бұрын
Бриллиантты көмірден ажырату үшін ОТ-мыңдаған градустағы от, яғни шыңдалуың өз қолыңда! Бұл дүниеде бриллиант не көмір боп қалуың өз қолыңда деген сөздереңіз Қуаныш аға керемет- жүз жасаңыз👍👏✊
@user-zf8ox3il5l
@user-zf8ox3il5l 2 жыл бұрын
Елге не керек соны жасауымыз керек. Әрекетке үндеу. Мұрат Есжан🙌
@user-jl3mt8in4p
@user-jl3mt8in4p 2 жыл бұрын
Ең күшті шығармашылық - адамға жақыны. Сан - сапаның саласы. Ахмет - копирайтер мектебі. Қосшығұловтар кәмпит-тоқаш фабрикасы Қараөткелде орналасқан (Астанада) - өнімдері патшаның дастарханында тұрған. (Деңгейді айтсай саудадағы)🔥🙌
@aibekfestival1840
@aibekfestival1840 2 жыл бұрын
Осы подкасттан алған әсерім өте зор болды. Қайда жүрсемде осы киноны "Ахмет - Ұлт ұстазы" айтып жүремін. Хотя бы осылай пайдам тисін.
@user-jj5oy4er5f
@user-jj5oy4er5f 2 жыл бұрын
Осындай сериалдарға, киноларға арнап қор ашылса, тарихын көргісі келген адамдар ортадан ақша жинап берсек осындай ағаларымызға. Басқа да тұлғаларды түсірсе. Телеарнаның басқаның анау болмайды, мынау болмайдысына қарамай түсірсе, керемет туындылар шығады деп ойлаймын. Сол құрам басқа елден келген фильмдерді де ақшасына кезекке тұрып, ана күні шығады мына күні шығады деп отырамызғой. Өмірбаянын оқуға ерініп жүрген біздер, көруге қиналмайтын шығармыз
@user-cc5ip8ni2d
@user-cc5ip8ni2d 2 жыл бұрын
Біздің тұлғалар ұрпаққа яғни бізге бәрін дайындап кеткен ғой тек шәйнау, қорыту қажетпіз оларды
@user-kw7cw5ed9i
@user-kw7cw5ed9i 2 жыл бұрын
Ассалаумағаликум Намыс ТВ каналының жүргізетін балдарды шақырыңыздаршы сіздер✊✊👍
@user-sw3sl5pc2t
@user-sw3sl5pc2t 2 жыл бұрын
ол каналды ким жургизеди?
@zamanbek8761
@zamanbek8761 2 жыл бұрын
👍
@user-ni7jv6tn5k
@user-ni7jv6tn5k 2 жыл бұрын
Шынымен оте мыкты болды бугинги шыгарылым! Ар багдарламаны ар турли кылып, бир гана форматта кылмай, неше турли кылып озгертип жатырсыздар! Болашакта ютубта караламы жогары жоба болуына тилектеспин! Казак ели ушин, жастар ушин жасап жаткан енбектериниздин жемисин кориниздер👍👏🏻
@yerzhanovmurat
@yerzhanovmurat 2 жыл бұрын
Алла ракымына алсын,алаштын арыстары✊🏼
@aminaruslankyzy6810
@aminaruslankyzy6810 Жыл бұрын
Ия осы сериалдың арқасында көп ой түйдім, жаңа леп сезінгендей болдым. Шабыт алып, көп ақпараттар білдім. Ғазымбек Бірімжан туралы алғаш рет естіп, таныдым. Өз басым тарихи киноларды жақсы көремін (әсіресе 20 ғасыр туралы).
@medettv3206
@medettv3206 2 жыл бұрын
Менің алған білімімде көп емес. Осы аз білімді көп пайдаға жаратсам деп ойлаймын. © Ахмет Байтұрсынұлы
@qazaqtilinde
@qazaqtilinde 2 жыл бұрын
Өте жоғары деңгейде болған шығарылым үшін үлкен рақмет! Шынымен де қазақтар ешқашан артта қалған ел болмаған. Тек оны артқа тартып отырғандар болды. Сенімді тарихи материалдардан бұны нақты көруге болады. Абайдың заманында да, Абайдың Түркиядан, Мысырдан, Батыстан жаңалықтар алып отырғанын білеміз. Жүз жыл бұрын да қазақтар шетелде білім алған. Интернет болмаса да әлемнің түкпір түкпірінен хабар алмасып отырған. Қазіргі кезде бізге қандай да бір сылтау айту жараспайды.
@user-pk8cn1vb4e
@user-pk8cn1vb4e 2 жыл бұрын
Жақсы сұхбат. Бірақ ұлттық дүние, кино, руханият, ұрпақ жайлы әңгіме болып жатқанда әңгіме арасына ақша, сату, маркетинг деген дүниелерді айту біртүрлі екен. Кейіпкер кәсіпкер болса жарайды енді... Мұрат Есжан қазақы тәрбие алғандығы бар, шетелкөргендігі бар, мықтылығын дәлелдеп берді. Көп адам арысы кешегі өткен Ахмет, Әлихан, Міржақып секілді тұлғалардың, берісі Мұратттардың қасында ешкім емес екенін түсінгендей...
@user-qk5ky5um6b
@user-qk5ky5um6b 2 жыл бұрын
Өте керемет туынды👍🏻 Өте сапалы, шынайы түсірілген. Актерларда өте шебер ойнады. Бұл сериалды көрген соң өмірге, ұстаздық мамамдыққа жай қарау мүмкін емес. Мұрат Есжан мырзаға үлкен алғыс! Еңбегіңіз жансын🤲🏻 Санына емес сапаға , ұлт рухын күшейтетін жұмыстарыңыз көп болсын!
@user-id3bx1sk3c
@user-id3bx1sk3c 2 жыл бұрын
Бұндай түсірілімдерді келе жатқан ұрпаққа көрсетету керек деген ой алдым, 100 жыл бұрын болған кәсіпке деген құлшыныс, сауданың қырын білген, адамдға сату білген қазағым!Неге қазір қазағым байлық, ақша ,кәсіп десе қашады?инсаит мынадай:САУДА БІЗДІҢ ҚАНЫМЫЗДА ЖӘНЕ БАЙ БОЛУ,МАЛ ТАБУ ҮШІН КЕРЕГІ БІЛІМ МЕН ТАЗА ЕҢБЕК!!!АЛЛАМ ӘР ҚАЗАҒЫМА НӘСІП ЕТСІН,ӘМИН!
@janibekahelbek1690
@janibekahelbek1690 2 жыл бұрын
💯💯💯
@zhamilashabarova5698
@zhamilashabarova5698 2 жыл бұрын
Щығарылым өте керемет болды.Мұрат мырза сізге көөөп рахмет,көзімізді аштыңыз.ТТБ жігіттері Қуаныш мырза бастаған команда сіздерге Алла разы болсын!Осы передачаны асыға кутіп отырамын.Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!
@ardakbekmuratov2355
@ardakbekmuratov2355 2 жыл бұрын
Бұл отырыста болғанда арманда, болмағанда арманда! Сұқбат керемет болды, алған әсерді айтып бере алмайтындай дәрежеде. Айтқым келетіні, Абай атамыз байларды сынағысы келмеді, анығында ол кісі адамның ішіндегі жаман қылықтармен күресті, мысалы: жағымпаздық, көреалмаушылық, асыра сілтеушілік, т. б. сияқты мәселелермен арпалысып бай болыстардың тарапына өлең жазғаны сол себептен деп ойлаймын.
@user-ln5fv1rp1r
@user-ln5fv1rp1r 2 жыл бұрын
Байларды құлату ұлтты құлату. Яғни кәсәпкерлікті құлату.
@tyndarman
@tyndarman 2 жыл бұрын
Осы бағдарламагы көргеннен кейін "Ахмет. Ұлт ұстазын" қайтадан көріп шықтым. Бұл жолы басқаша көзқарас. Сол үшін де бағдарламаға алғыс білдіремін.
@user-yb1fr4wu6t
@user-yb1fr4wu6t 2 жыл бұрын
Керемет проект. Жігіттер берекелерің арта берсін. Жылқылардың жетіспей қалғаны қаражаттың емес, жылқысы барлардың Алаш арыстарына сый-құрметінің, олар туралы білімінің өте төмендігі мен патриоттық сезімнің мүлде жоқтығы қарын аштырады. Ақша қымбат, абыройдың арзандап кеткені -ай.Сондай мағыналы кино үшін қойды арендаға беру деген не сұмдық?!? Сол әрекеттің өзі, біздің нағыз азаматтарды қолдап, ере алмай, арзан жалтырақ, бүгінгі тамақты жақсы көріп, аз ақша бергенге құл болуға дайын тұратындықтың айнасы. Өкінішті. Дегенмен, бұндай ұсақтықтың қасыннан өздеріңіздей азаматтардың бой көтеріп, көш бастап, ой түзеуге әрекет етіп,бас көтеріп жатқандарыңыз Алаш арыстарындай ел қамын ойлайтын азаматтардың бар екендігінің көрінісі. Жігіттер, нағыз АҒАРТУШЫЛАРСЫЗДАР. Аллаһ әрбір игі істеріңізді қолдасын.
@Assanbek
@Assanbek 2 жыл бұрын
1930-2000 жылдарда қазақтың рухын өшіру саясаты аз маз жемісін бергендей көрінді. Қазіргі психологтар ашып жатқан нәрселерді Абай Құнанбаев 100 бұрын айтып кеткен. Содан кейінгі жылдар нашарлаған енді қай жанданып жатыр. Көп ой түйдім керемет пайдалы болды. Рахмет
@miras_toleubay
@miras_toleubay 2 жыл бұрын
Керемет шығарылым, өте қатты ұнады. Еңбектеріңізге рахмет🤝 Күш-қуаттарыңыз арта берсін🙌🏼
@user-kw7cw5ed9i
@user-kw7cw5ed9i 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@miraskurman914
@miraskurman914 2 жыл бұрын
Осы бағыттан таймаңыздар ТТБ командасы. Қарапайым халыққа деп шығарған еңбектеріңіз тоқтамасын. Әр көрген сайын шынайы шабыт алып жатамыз. ТТБ көрген әр адамның қоғамға деген көзқарасы біршама өзгеретіні сөзсіз. Тоқтамаңыздар👏👏👏👏👏
@user-bx3vw7ef7w
@user-bx3vw7ef7w 2 жыл бұрын
Алла разы болсын
@user-dy6fg3hb3b
@user-dy6fg3hb3b 2 жыл бұрын
Өте керемет шығарылым болды көзіме жас келді.Қаншама құнды қазыналарымыздан,ұлттық жәдігерлерімізден алыстап кеткенбіз. Ахмет ұлт ұстазы, ұлт жанашыры.Бүгінгі жастарға нағыз мотиватция алатын тұлға.ТТБ ұжымына алғысым шексіз.Күннен күнге таңқалдырып жатырсыздар.Осындай ерекше шығарылымдар көбейе берсін.
@askhatkunirov2873
@askhatkunirov2873 2 жыл бұрын
Керемет шығарылым. Соңғы щығарылымдар қазақ үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымызгэға деген қызығушылығымды арттырды. Енді сұраққа келетін болсақ, 1-сұрақ жауабы 1-бөлімдегі Аханның әкесінің ояз алып кететін кезде айтқан сөзі 37 минут немесе 5-бөлімде Лукашев оқ ататын кез 35 минут. 2-сұрақ жауабы 4-бөлімде 1919 жылы сәуірде Ахан мәскеуге барып Ленинмен кездесті деген жер 48 минут немесе Көп ұзамай Киргизская известия газетіне Ахаңның мәлімдемесі басылды деген жер 4-бөлім 52 минут
@judikul3612
@judikul3612 2 жыл бұрын
Мен 2рет қатарынан қарадым, екінші рет те денем тітіркеніп отырды. Өте керемет сұхбат болды, сериал туралы осы жерден естідім, міндетті түрде, бүгіннен қалмай көремін. Істеріңіз алға баса берсін!
@talgatbakyt3023
@talgatbakyt3023 2 жыл бұрын
Керемет сериал. Осылай жалғастыра беріңізші алаштарды түсіруді
@rabilazhanatbek6108
@rabilazhanatbek6108 2 жыл бұрын
Мен таза осы әріппен оқыдым мектепты онбыр жыл
@user-nf6rq7vd9q
@user-nf6rq7vd9q 2 жыл бұрын
Парламентте, мажлисте елдн экономикалык саяси маселеси осылай ашык козгалса озгерис боларма еди.
@user-zn5kf4le9s
@user-zn5kf4le9s 2 жыл бұрын
Бір деммен қарап шықтым,өте жоғары деңгейді түсірілген туынды
@user-qj8eu3xx6e
@user-qj8eu3xx6e 2 жыл бұрын
Мұрат мырзадан ендігі кезекте Бөкейханов, Сейфуллин т.б тұлғалар туралы сериал, кино күтеміз
@tansamal01toleshova19
@tansamal01toleshova19 2 жыл бұрын
Керемет! Киноны көрмей сұхбаттың өзінен біраз пайдалы білім ,инсайт алдық.Киноны көрсек алар әсеріміз тым бөлек болар.
@BrotherRICH
@BrotherRICH 2 жыл бұрын
100 жыл бұрын дамудың алдында келе жатқан ел болған екенімізді түсіндім. Әттең біздің осындай дамуымызға тосқауыл болған құйтырқы саясаттың құрбаны болғанымыз өкінішті. Бір қуантатыны, осыны бөлісіп отырған жігіттер болашақта сендер себепті қазақ жастары көзі ашық болады. Яғни дамудың үстін дамитынымызға сенемін.
【獨生子的日常】让小奶猫也体验一把鬼打墙#小奶喵 #铲屎官的乐趣
00:12
“獨生子的日常”YouTube官方頻道
Рет қаралды 106 МЛН
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 119 МЛН
Зу-зу Күлпәш. Агроном. (5-бөлім)
55:20
ASTANATV Movie
Рет қаралды 410 М.
【獨生子的日常】让小奶猫也体验一把鬼打墙#小奶喵 #铲屎官的乐趣
00:12
“獨生子的日常”YouTube官方頻道
Рет қаралды 106 МЛН