Рет қаралды 100
Облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбай Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына барып, тәжірибе алмасып қайтты.
Бүгін ол жергілікті телеарнада осы іссапар жайында әңгімелеп берді.
Іссапардың мақсаты домбыра күніне орай өтетін «Тобыл-Торғай өңірінің музыкалық мұрасы: кеше-бүгін-ертең» ғылыми республикалық конференциясына дайындық.
Консерватория басшылығының қолдауымен қарқынды жұмыстар атқарылды. Зерттеу барысында архивтік жазбалар, таспаға жазылған мұралар, ноталар және басқа да құнды деректер жинақталды.