Мұрат Оспанов қарызын қайтара бастады

  Рет қаралды 159

Khabar Old channel

8 жыл бұрын

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов мемлекетке 847 миллион 609 мың 252 теңге көлемінде айыппұл өтеді. Алайда бұл экс-шенеунік өтеуі тиіс қаражаттың толық сомасы емес.
Оспановтың мойнында енді 253 миллион 450 мың 748 теңге қалды.
Еске сала кетейік, Мұрат Оспанов 300 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен былтыр шілде айында ұсталған болатын. Кейін сот агенттіктің экс-төрағасын кінәлі деп тауып, 1 млрд 101 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.
Ботагөз Баянова, Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы
-Ағымдағы жылдың 26 наурызында №2 Есіл аудандық сотының қаулысымен сотталған Оспановқа айыппұлды төлеу мерзімі 6 айға дейін ұзартылды. Аталған сот үкімі 13 сәуірде заңды күшіне енді. Сотпен берілген мерзім осы жылдың 13 қазанында аяқталады.

Пікірлер
GADGETS VS HACKS || Random Useful Tools For your child #hacks #gadgets
00:35
小路飞的假舌头#海贼王  #路飞
00:15
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 7 МЛН
GADGETS VS HACKS || Random Useful Tools For your child #hacks #gadgets
00:35