Мұрат Әуез. «Тағзым» деректі фильмі

  Рет қаралды 2,680

Khabar TANYM

Khabar TANYM

Күн бұрын

Сіздердің назарларыңызға «Тағзым» атты деректі фильмді ұсынамыз. Деректі фильмнің басты кейіпкері Мұрат Мұхтарұлы Әуезов - мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (1992-1996). Қазақтың заңғар жазушысы - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың баласы.
КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: / khabartanym. .
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
«Оян!» таңғы хабары: • «Оян!» таңғы хабары
«Дүлдүлдер дүбірі» бағдарламасы: • «Дүлдүлдер дүбірі» бағ...
«АйнаLINE» күндізгі ақпараттық-танымдық хабары: • АйнаLINE
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛ:
Facebook: / habartv.telearnasy
Instagram: ...
*
Біздің сайт - khabar.kz
#Тағзым #деректіфильм

Пікірлер: 87
@erkinzholdas4926
@erkinzholdas4926 8 ай бұрын
Қазіргі уақытта осындай дүниелердің нағыз керек уақыты. Ұлтымызға бұрмалаусыз тарих пен шындық керек, жастарымызға жігер беретін құндылықтар керек. Осындай ұлы тұлғалар жайлы, олар беретін деректері жайлы фильмдер көбірек түсірілсе дер едім. Авторға ❤ шексіз алғыс!
@КульжанКунадилова
@КульжанКунадилова 8 ай бұрын
Керемет! Деректі. Осындай фильм көбірек қою қажет, жастарымызға тарихты, шындықты, қазақтын мәдениетін білу міндет. Урпақтарға өсиет 👍👍👍
@karakatbaizakova5912
@karakatbaizakova5912 8 ай бұрын
Керемет туынды, өміршең тұлға Мұрат Әуезовтей ғалымның ұрпағы екенімізді мақтанышпен айтуға болады.Әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан Мұқтар Әуезовтың ұлы Мұрат Әуезовтың ғұмыры ұзақ болсын !
@manatboobekova6586
@manatboobekova6586 8 ай бұрын
5. УЛУУЛУКТУН ПИРИСИЗ (Мурат Ауэзовго) Байкап турам айтылып сөз өлчөмү, Мактоо менен эске алынып өткөнү. Угуп мен да толкунданып турамын, Күн жарыктык калыс болор көктөгү. Күн кылкылдайт, мезгилдерди жазгырып, Күрпүлдөгөн дайра сымал кан кызып. Күрөш менен өткөн өмүр жээгиңди, Чулгайт экен, ай да алдыртан азгырып. Табиятың алмак салмак аластап, Мезгил жылат өмүрүңдү барактап. Иргейт тура өткөнүңдү изиңден, Улуулугуң кылган иштен санаттап. Токтолбогон заманыңдын сынына, Толуш кыйын, жагыш кыйын чынында. Өткүр мүнөз, эрк күч гана жеңе алат, Аты калат эл оозуна кылымга. Айтаар элем күчтүүлөрдүн бири сиз, Урпактардын үлгү алар дилисиз. Жараткандын калыстыгын эске алсак, Даанышман ой, улуулуктун пирисиз. МАНАТ
@СергейВологдин-ч2ж
@СергейВологдин-ч2ж 8 ай бұрын
,,Тағзым"деректі фильм Мұрат Әуезовты тереңірек білуге себеп болды.Керемет түсірілген
@murattab4030
@murattab4030 8 ай бұрын
Замечательный фильм! Низкий поклон и здоровья Мурат Мухтаровичу.
@АязбиУмаров
@АязбиУмаров 8 ай бұрын
Өте керекті керемет дүние екен. Болашақ ұрпақтың ерен еңбек сіңірген Ағаларын біліп жүргені дұрыс.
@janatsuleimenova1673
@janatsuleimenova1673 8 ай бұрын
Мұрат Әуезовтің өмірі мен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. "Тағзым" деректі фильм арқылы ол кісіні тереңірек тануыма себеп болды. Фильм өте керемет түсірілген екен.
@АсылханЖылкайдаров-п5в
@АсылханЖылкайдаров-п5в 8 ай бұрын
Керемет түсірілген туынды. "Мың өліп, мың тірілген" дегендей біздің документалистикаға түсірілу үшін, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша материалдар өте көп. Қарындасымыздың талабы оң болып, үлкен шыңдардан көріне беруіне шын жүректен тілектеспін.
@raisanurtazina572
@raisanurtazina572 8 ай бұрын
Автор Мұрат Әуезов жайындағы деректі фильмінде бүгінгі күннің өзекті мәселесін қозғаған. Қаншама мәлімет, қаншама құнды мәселе қарастырылып отыр. Тұлпардан-тұлпар туады Мұхтар Әуезовтай заңғардың ісін жалғастырып, өмірі күреспен өткен Мұрат ағамыздың ісі жастарымызға үлкен ой салары сөзсіз. Кей ағаларымыз биліктің ыңғайына бейімделіп, халықты жығумен, басумен келе жатыр. Ал, Мұрат ағамыздың жолы басқа. Желтоқсанда қарсы сөйлеу көзсіз батырлық халқына сүйеу, әрқашанда тіреу болып келе жатыр. Тамаша тағлымды жұмысы үшін, Қалдыгүл Жаныбаеваға көп рахмет, алғысымыз шексіз. М. Әуезов-халықтың жүрегінен орын алған тұлға. Алдағы уақытта осындай тәрбиелік мәні бар, рухты көтеретін шығармаларыңызды күтеміз
@ОрынтайШманова
@ОрынтайШманова 8 ай бұрын
Фильм өте мазмұнды,әсерлі,ұлы тұлғаның ұлылығын көрсете,жеткізе білген.Есіме Мұхтар Әуезовтің Москвада ота жасатар алдындаСемейдегі туыстарына ұлы Мұратты туған жерімен,ел адамдарымен таныстыруды тапсырған хаты түсті.Ұлы тұлға ұлының өз жұртынан,ұлтынан ажырамауын қалаған болар.Мұрат ағамыз әке арманынын биік шыңына шыққан тұлға екенін фильм жан-жақты көрсеткен.Ұлтын сүйген,білімді,терең осындай тұлғалар туралы фильмдер көбейе берсін.
@mairasagadiyeva8540
@mairasagadiyeva8540 8 ай бұрын
“Тағзым” атты деректі фильм қазақтың ұлы халық екендігін осындай Ұлы тұлғалар арқылы жеткізе білген керемет туынды деп ойлаймын. Мұрат Әуезовтей “қара қылды қақ жарған”, ащы шындықты ашық айтқан адал ұлдары бар халық бақытты. Өскелең ұрпаққа ғана емес, алдыңғы аға буынға да тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, тәуелсіздігіміз туралы ой салатын, зердесін зерделейтін осындай туындының дүниеге келуі - қазіргі заман үшін таптырмас қазына. Өз ойларын айқын да ашық айтқан жазушы, ғалымдардың пікірлері де, осы фильмді түсірген автордың парасаттылығы да , креативтілігі де тәнті етті. 👍👍👍👏👏👏✊✊✊🇵🇼🇵🇼🇵🇼
@БахытбекАлтынбеков-ы8р
@БахытбекАлтынбеков-ы8р 8 ай бұрын
Керемет жастарға үлгі болатын, құнды дүние.
@С.Жарилхаповна
@С.Жарилхаповна 8 ай бұрын
Керемет !! Мұрат Әуезовтей тұлғаларымыз мақтауға зәру емес, керісінше, қазағына, халқына қызмет еткен Ұлы тұлғаларымызбен мақтануға біз зәруміз !! Авторға алғысымыз шексіз⚘ ❤
@СейдахметКуттыкадам
@СейдахметКуттыкадам 8 ай бұрын
Замечательный, трогательный и искренний фильм! Мұрат достойный сын своего великого отца Мухтара Ауэзова. На таких как Мұрат Ауэзов держится мир!!!
@АсемАбдраймова-д7ш
@АсемАбдраймова-д7ш 8 ай бұрын
«Адам өзі жеке үлесін қосқан адамдар жадында мәңгі тірі» деген сөз рас екен.
@ТурарЖаныбай-н4м
@ТурарЖаныбай-н4м 8 ай бұрын
Өте керемет дайындалған фильм екен
@Ainur_akimzhan
@Ainur_akimzhan 8 ай бұрын
Еліміздің мәдениеті мен әдебиетіне қысталаң заманға қарамай үлкен үлесін қосқан Мұрат атамыз сияқты ірі тұлғаларды тану, білу, тағзым ету өскелең ұрпақтың міндеті. Лайым, осындай фильмдер көп болғай!
@ЕрланКожанов-р7п
@ЕрланКожанов-р7п 8 ай бұрын
Деректі фильм Мұрат ағамыздың болмысын жаңа қырынан жеткізген. Мұрат ағамыз түрік әлеміндегі кемел тұлға деп тануымыз тиіс. Осы фильмнің менің өз басыма осы тұрғыда танымдық маңызы зор деп білемін!
@umitshalgynbekova5129
@umitshalgynbekova5129 8 ай бұрын
Қазақ үшін үлесін қосып жүрген атамыз аман болсын!
@МуратБегенов-ц5и
@МуратБегенов-ц5и 8 ай бұрын
Білетін бар білмейтін бар Мұрат Мұқтарұлын кино жақсы шығарылған қазақтың бір туар азаматы
@СагираАлиаскарова-ш9к
@СагираАлиаскарова-ш9к 8 ай бұрын
Иә фильм өте жақсы шығыпты, Мұрат Әуезов атамыз үлкен тұлға ғой.Үлкен тұлғалар туралы жазу немесе фильмдер түсіру кез келгеннің келе бермейтіні анық .Қалдыгүл еңбегің жана берсін , қаламың тек қана жақсы кісілер өмірінен сыр шерте берсін! Келешегі зор өсіп келе жатқан жеткіншектерге қай жағынан болсада үлгі болады деп ойлаймын. Өмірінің әр кезеңінен азда болса сұхбаттар бергенің өте жоғары деңгейде айтылыпты, тамаша деректі фильм шығыпты.
@НурСат-з9ц
@НурСат-з9ц 8 ай бұрын
Танымдық маңызы мен мәні зор фильм!!! Шығармашылық жетістіктер тілеймін, айналайын Қалдыгүл!!
@ШаншыманКасабаева
@ШаншыманКасабаева 8 ай бұрын
Фильм жақсы түсірілген, асылдың ұрпағы аман болсын.
@Медина-ц7в
@Медина-ц7в 8 ай бұрын
Керемет деректі түсірілім екен.
@АйманАбилмажинова
@АйманАбилмажинова 8 ай бұрын
Мұрат туралы қанша жазса да, кино түсірсе де артық етпейді. Бұндай адамдар өмірде аз кездеседі. Алтынның сынығы,текті адам. Д. ИСАБЕКОВ ағамыздың ағынан с жарылған сөздеріне риза болдым.Осындай ағаларымыз барда біздің тарих ,ұлттық болмысымыз ұмытылмайды. Түсірілім өте жақсы шыққан,ризамын. Бірақ қысқа екен, жалғасын тапса игі еді. Авторға рахмет!
@QWERTYQWERTY-b1v
@QWERTYQWERTY-b1v 8 ай бұрын
Керемет! Өте жақсы түсірілген! Еңбегің жана берсін! Сауқым әже көріп қуанып отыр! 😊
@darynqurmanqul7471
@darynqurmanqul7471 8 ай бұрын
Әуезов әулеті Қазақ қана емес күллі Түркінің руханиятының дамуына үлес қосты
@guldauren_yrzalyq
@guldauren_yrzalyq 8 ай бұрын
Тағлымы мол, әсерлі түсірілген …. Осындай дүниелерді көптеп түсіру керек.
@zhomartmominbayev7368
@zhomartmominbayev7368 8 ай бұрын
Жақсы жұмыс, бірақ ұсыныс бар - басты кейіпкер өзі сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді өзі көтеріп, қоғамды өзі шабыттандыруы керек!
@ТурарЖаныбай-н4м
@ТурарЖаныбай-н4м 8 ай бұрын
Өте әсерлі видео екен, жақсы тұлғалардың өмір тарихынан көп нәрсені түсінесің.
@bibigulkanat8076
@bibigulkanat8076 8 ай бұрын
Жақсы деректі фильм екен.
@ЕргалиАймурзаев-ь1г
@ЕргалиАймурзаев-ь1г 8 ай бұрын
Мұрат ағамыз Асылдың сынығы ғой. Ертеректе бір кітаптан оқыған едім, Мұраттың үлкен атасы, Әуездің әкесі қасиетті Түркістан төңірегіндегі бір ауылда (жаңылыспасам Майдантал ауылы болуы керек) белгілі азамат болған екен. Кейін Құнанбайдың шақыруымен бір түнде Қоқан хандығының жендеттеріне білдірмей көшіп кетеді. Барған соң Әуездің әпкесі (солай шығар, атын ұмыттым) Құнанбайдың кіші тоқалы болады. Оқығанымды, білгенімді бөлісіп отырмын.
@НурСат-з9ц
@НурСат-з9ц 8 ай бұрын
Заманымыздың ұлы тұлғасы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің біз үшін әлі ашылмаған мінез, әрекет қырларын тануға мүмкіндік беретін «Тағзым» деректі фильмі дер кезінде жарық көрген туынды деп санаймын. Ғалымның өмірі мен қызметін ширек ғасыр зерттеп, зерделеген тарихшы Әміржан Әлпейісовтің, Әуезов болмысының бекзаттылығы, оның ғалымдық қыры және жаңашыл ойларымен таныстырған философ Альмира Наурызбаеваның пікірлері - кімге болсын өте пайдалы, танымдық мәні зор ақпарат. Журналист Кенже Татиля кейіпкер тұлғасының ұлылығын айқындайтын максиманы атап көрсетсе, швециялық түрікмен жазушысы Ак Велсапар үшін «Мұрат Әуезов - нағыз ержүрек адам» болып табылады. Жазушы Дулат Исабеков айтқандай, «Құс ұшар биіктен қарайтын тұлға...», ұлтымыздың ғана емес, бүкіл түрік әлемінің перзентіне айналған Мұрат Әуезов - тағдырдың бізге берген сыйы іспеттес. Замандастары мен өскелең ұрпақты осындай ұлы тұлға туралы терең әрі тың деректермен сусындатып, рухани азық берген фильм авторларына, Қалдыгүл ханымға үлкен алғыс айта отырып, шығармашылық жетістіктер тілеймін.
@AknurAshirbekova
@AknurAshirbekova 8 ай бұрын
Керемет туынды! Жас ұрпақ үшін осындай туындылар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді…
@aigultortaeva
@aigultortaeva 8 ай бұрын
Керемет,өте әсерлі түсірілген.Еңбегініз жана берсін!!
@Дәмдітәтті-э2в
@Дәмдітәтті-э2в 8 ай бұрын
Керемет. Қазағымыздың нар туғаны мәңгі есімізде.
@UstazBio
@UstazBio 8 ай бұрын
🔥
@ElmiraBaysadykova
@ElmiraBaysadykova 8 ай бұрын
Қазағымның нар тұлғасы ұрпақтар есінде мәңгі.
@БагдатАбдраимов-и2б
@БагдатАбдраимов-и2б 8 ай бұрын
Мұрат ағамызға арналған фильм өте әсерлі түсірілген
@aynagulomarova219
@aynagulomarova219 8 ай бұрын
Керемет фильм,осындай фильымдер коп болсын
@СандугашАбдраймова-ю6у
@СандугашАбдраймова-ю6у 8 ай бұрын
Өте керемет фильм! Шығармашылыңыз арта берсің
@salamattabysheva7748
@salamattabysheva7748 8 ай бұрын
Абдан сонун фильм болуптур! Мурат Мухтаровичке терең таазим кылам!
@АханайБолекеева
@АханайБолекеева 8 ай бұрын
Жақсы түсірілген фильм.
@АйжанТаутанова
@АйжанТаутанова 8 ай бұрын
Тамаша түсірілім екен. Жарайсыз!!!
@you_tube_aru6831
@you_tube_aru6831 8 ай бұрын
Керемет.Еңбегіңіз жемісті болсын.
@АйгулАлпысбаева-т6ж
@АйгулАлпысбаева-т6ж 8 ай бұрын
Керемет жастарға үлгі болсын.
@manatboobekova6586
@manatboobekova6586 8 ай бұрын
Арыбаңыздар. Бул бейне тасманы бир дем менен көрүп чыктык. Мыкты тартылган. Жүз жылда бир келген залкарларыбыздын бири 0:36 Мурат Муктар уулу Ауэзов, деп билем. Атасы Муктар Ауэзов сыяктуу Казак калкына гана эмес, кыргыз элине да көмөгү тийгенин айтса сөз түгөнгүс. Айта турган сөздүн бардыгы ушу бейне тасмада камтылган экен. Ар жыл сайынкы Ысык-Көлгө сапары жөн гана сапар эмес, "Жибек жолы сукбаттары" менен келип, бир топ көйгөйлүү маселелерди чечип кеткендиги менен унутулгус болду. Урматтуу Мурат Муктар уулу! Сиздин эбегейсиз кызматыңыздын артында урпактар сыймыктана турган улуу өрнөк жатат. Бар болуңуз. Кудайдан чымыр ден соолугуңузду тилейбиз.
@KuatTezekbayev
@KuatTezekbayev 8 ай бұрын
Керет әдеми түсірілген фильм.
@НазипаЖакибаева-ю6ъ
@НазипаЖакибаева-ю6ъ 8 ай бұрын
ӨТЕ ҚҰНДЫ ДҮНИЕ ЕКЕН.ӨТЕ ӘСЕРЛІ ТҮСІРІЛІМ.
@AnuzaAbdrazakova
@AnuzaAbdrazakova 8 ай бұрын
Керемет , алар асуың биік болсын.
@БагдатАбдраимов-и2б
@БагдатАбдраимов-и2б 8 ай бұрын
Асылдың тұяғы ғой шіркін
@КулчарияМихева
@КулчарияМихева 8 ай бұрын
Мұрат ағамыз тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы ғой.
@ХакимҚабден
@ХакимҚабден 8 ай бұрын
Тамаша түсірілген🎉🎉🎉Өте әсерлі екен
@ТурарЖаныбай-н4м
@ТурарЖаныбай-н4м 8 ай бұрын
Өте керемет дайындалған фильм екен
@ТурарЖаныбай-н4м
@ТурарЖаныбай-н4м 8 ай бұрын
Өте керемет дайындалған фильм екен
@ЕдилАугамбаев-я3о
@ЕдилАугамбаев-я3о 7 ай бұрын
Керемет ! Өте жаксы,керек фильм !
@АлтынБарменова
@АлтынБарменова 8 ай бұрын
Мықты туынды екен👍👍👍👍
@дана-я4ч
@дана-я4ч 8 ай бұрын
Керемет👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@target-internetmarketing
@target-internetmarketing 8 ай бұрын
Ұзақ жасаңыз Мұрат аға
@Barmenshina
@Barmenshina 8 ай бұрын
Өте керемет👍👍👍👍
@СакенНайманбаев-ч3н
@СакенНайманбаев-ч3н 8 ай бұрын
Мағыналы фильм
@ТоктасынБекболатов-д7д
@ТоктасынБекболатов-д7д 8 ай бұрын
Керемет!👏👏👏🔥🔥🔥
@УлбалаТурарова-и1щ
@УлбалаТурарова-и1щ 8 ай бұрын
Керемет!!!
@АйткамалАйтказина-ц9ъ
@АйткамалАйтказина-ц9ъ 8 ай бұрын
КЕРЕМЕТ!!!
@НурбибіӨсербекова
@НурбибіӨсербекова 8 ай бұрын
Керемет
@НурбибіӨсербекова
@НурбибіӨсербекова 8 ай бұрын
Керемет
@sarasmailova634
@sarasmailova634 8 ай бұрын
Керемет
@БекзадаЕсенбаева-й6ш
@БекзадаЕсенбаева-й6ш 8 ай бұрын
Керемет
@БерикШаумаров
@БерикШаумаров 8 ай бұрын
Керемет❤
@талгатабенов-й6в
@талгатабенов-й6в 8 ай бұрын
Керемет.
@AdelyaTuleshova
@AdelyaTuleshova 8 ай бұрын
керемет✨
@UstazBio
@UstazBio 8 ай бұрын
🔥🔥🔥
@bakhtiyar.oserbekuly
@bakhtiyar.oserbekuly 8 ай бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@ОрынтайАкжан-м9у
@ОрынтайАкжан-м9у 8 ай бұрын
Ұрпақ жалғасын тапсын десек, өзімізді дәріптейік. Аман болсын Ағалар!
@akmaralmustafaeva
@akmaralmustafaeva 8 ай бұрын
Өте керемет фильм. Өмір жасыңыз ұзақ болсын. ❤
@АйгеримДжуманова
@АйгеримДжуманова 8 ай бұрын
Керемет деректі фильм. Атамыздың ғұмыры ұзақ болсын!
@ЕрнатАкимбаев
@ЕрнатАкимбаев 8 ай бұрын
Отаны үшін,отқа түсуге дайын ағамыз аман болсын!Хабар ұжымына рахмет
@Айнагул-й1х
@Айнагул-й1х 8 ай бұрын
Тағылымы мол,тартымды деректі екен!Құтты болсын!
@IbrahimTurkhan
@IbrahimTurkhan 8 ай бұрын
Казак элинин гана эмес, жалпы түркий элемдин уулу.
@РабигаДаутова-з1ю
@РабигаДаутова-з1ю 8 ай бұрын
Казактын нар тулгалары керемет кыска метражды киноларыда оте жаксы екен. ❤
@nazymbejsembekova8193
@nazymbejsembekova8193 8 ай бұрын
👏👏👏Керемет!
@arai_queen
@arai_queen 8 ай бұрын
👏👏
@СалтанатТабышева-ц3х
@СалтанатТабышева-ц3х 8 ай бұрын
Мурат Мухтарович жалгыз казак элине гана эмес, кыргыз элине да сыймык!
@ilovemeat
@ilovemeat 8 ай бұрын
Керемет! Авторына мың да бір алғыс.шығармашылығын арта берсін
«БІРЕГЕЙ». Мұрат Әуезов
34:57
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1,1 М.
Қабанбай батыр. Деректі фильм
31:32
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 240 М.
Please Help This Poor Boy 🙏
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 22 МЛН
Every parent is like this ❤️💚💚💜💙
00:10
Like Asiya
Рет қаралды 16 МЛН
Will A Guitar Boat Hold My Weight?
00:20
MrBeast
Рет қаралды 257 МЛН
Win This Dodgeball Game or DIE…
00:36
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 38 МЛН
ھارام لوقما | Haram loqma
42:26
Nur Tv
Рет қаралды 2,8 М.
Мұхтар Әуезовтың өз жанды дауысы
15:46
Мыржакып Дулатов. Оян Қазақ. [Кинообзор]
1:03:42
Красная Юрта
Рет қаралды 47 М.
Nur Tileý (Нұр тілеу). Мұрат Әуезов
28:49
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 10 М.
Ашаршылық деректі фильмі
59:08
BEINELI
Рет қаралды 13 М.
Please Help This Poor Boy 🙏
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 22 МЛН