Мұсылмандардың артта қалуының 3 себебі | Шейх Ториқ Суайдан

  Рет қаралды 5,246

Daurenbek Shamidinov

Daurenbek Shamidinov

Күн бұрын

Мұсылмандар неге артта қалды? Мені көптен бері мазалайтын сұрақ және оны жас жігіттер маған үнемі қояды. Шын мәнінде бұл өзекті сұрақ. Егер біз себебін білсек диагнозын қоя аламыз. Диагноздан кейін оны емдеуге кірісе аламыз. Біздің үммет қалай қайта жандана алады? Осыған қатысты бұл өте маңызды және үлкен тақырып болғандықтан, мен оны 2 бөлімге бөлдім. 1-ші бөлімде біздің мұсылмандардың артта қалу факторларын қарастырамыз.
Мен бастағым келетін негізгі кіріспе - бұл артта қалушылық тек мұсылмандарға қатысты, Исламға қатысты емес. Ислам сақтаулы, бұл Алланың мәңгілік діні. Алла Құранда айтты: «Жалған атаулы оған алдынан да, артынан да жақындай алмайды» (Фуссилат, 42), «Құранды біз түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз» (Хижр, 9). Сол себепті мұсылмандар артта қалды, Ислам емес.
1-ші себебі - шын мәнінде келесі 2 себептің негізі болып табылады. Бұл - ойлау. Ойлау бұл бізге кейіптер мен түсініктердің негізінде бізге шешім шығаруға жәрдем береді. Шешімнен кейін біз сөз бен іске көшеміз. Аллаға шүкір, біздің дініміз бізге таза күйінде жетті. Алла оны бізге сақтады. Алайда кейбір ғалымдардың дін туралы түсінігі қисық. Және олар дұрыс емес білім таратады.
Алланың сөздеріне мән беріп, ақылға салыңыздар: «Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен бұрынғы өткендерді қалай үстем еткен болса, сендерді де жер жүзіне орынбасар қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады» (Нұр, 55).
Яғни мүмкіндік береді де, сендерге билік нәсіп етеді. Ал бұл артта қалушылыққа қарама-қайшы ғой. Біз мықты болып, қолымызда билік болса, сол кезде артымыздан адамзатты ерте аламыз. Құдіретті Алла бізді жер бетінде орынбасар қылуды және билік беруді уәде етті. Алайда қайдағы билік, қайдағы орынбасарлық? Құдіретті Алла «Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін ұстану мүмкіндігін береді» деп айтты.
Керісінше өздерінің артта қалған көзқарастарымен, құндылықтарымен, ойларымен мақұлдаған ғалымдардың дінін емес. Тура жолдан ауытқымаған және үмметтің мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоймаған ғалымдардың дінін және олар еркіндікте болып, дербес болып және ешкімнің қолына бағынышты емес ғалымдар. Біз осы ғалымдардың артынан еруіміз керек. Сарай маңын жағалаған ғалымдар емес. Олар Исламды бүркеніп, шын мәнінде діннен алыстатады. Және Исламның атын жамылып, бізді артта қалдырады.
Исламның атын жамылып, бізге бәрін тыйым салады. Құдіретті Алла тыйым салғанын бізге түсіндірді. Ал олар оның үстіне тағы да қосып, барлығын тыйым салып тастады. Ал патша басқа шешім қабылдаса, олардың тыйым салғандары кенеттен рұқсат бола қалады. Бұл не деген дін? Не деген бұрмаланған түсінік оларда?
Үмметті артта қалдыратын ғалымдардың бұрмаланған түсінігінен кейінгі 2-ші себеп - бұл басшылар мен жетекшілер. Біздің басшыларымыз тек өзінің жеке мүддесін ойлайтын сатқындар, озбырлар, бұзақылар болған кезде, дәл өздері секілділердің арасынан қолдау тауып билікке келген кезде, және ғалымдар оларға жалғанды ақтап берген кезде, ешқандай күмән жоқ - дәл осы басшылар үмметтің артта қалуының басты себебі.
Және 3-ші ең үлкен себебі - бұл «әл-уахн» - әлсіздік. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Азықпен тағамның дәмін тату үшін адамдар бір-бірін шақырғандай, жақын арада жұртшылық сендерге қарсы шығуға бір-бірін шақырады», - деп айтады. (Яғни адамдар бір-бірін шақырып, келіңдер міне тамақ жеңдер дейді.) Сахабалар: «Уа Алланың елшісі, біздің санымыз аз болғандықтан солай бола ма?», - деп сұрайды.
Ол (сас): «Жоқ, керісінше сендер сансыз көп боласыңдар, бірақ теңіздің бетіндегі көбік сияқты ғұса'а боласыңдар, және Алла сендердің дұшпандарыңның жүректерінен сендерге деген қорқынышты алып тастайды және сендердің жүректеріңе уахн орнықтырады», - деп жауап берді. Қатысып отырғандардың біреуі: «Уа Алланың елшісі, уахн деген не?», - деп сұрайды. Ол (сас): «Осы өмірге деген сүйіспеншілік пен өлімге деген жек көрушілік», - деп жауап берді («Сунан Абу Дауд», 4297).
Адамдар дүниелік өмірді сүйіп, өлімді жек көргенде және өздерін бағындырып, сағын сындырып, қорлағандарына разы болған кезде, сол кезде біз артта қаламыз және бізді басқалар басқарады. Сол кезде бізді әділетсіз, бұзақы басшылар мен патша сарайын жағалаған ғалымдар басқарады. Материалдық артта қалушылық бұл бізді бағындырып қорлағандықтың салдары, бұл біздің артта қалуымыз бен құлдырауымыздың себебі. Мұндай адамдардың қатарынан болмауға тырысыңыз. Алла сіздерге жәрдемші болсын!

Пікірлер: 43
@Абильхан-р1е
@Абильхан-р1е Жыл бұрын
Ақиқатында осылай! Дінсіз көркею жоқ, ал көркеюсіз дін жоқ... Саналарымыз, психологияларымыз әбден тоз-тозы шыққан және бұрмаланған... Субханаллаһил Азыйм Субханаллаһи уа бихамдик я Жаратушы Жаббар иеміз біздерге хидаят жолын берші және одан алыстатпашы...
@БаянЕсиркегенова
@БаянЕсиркегенова Жыл бұрын
Мұсылман, тек 5 парызын орындап қана қоймай, ғылым мен біліммен айналасу керек, адамға қайтсем пайдам деп өмір сүру керек. Қазақ Абай мен Шәкәрімді оқыса, мұсылманның неге арта қалғанын білуге болады.
@talgatbakyt3023
@talgatbakyt3023 Жыл бұрын
Автор сизге Алла разы болсын.
@ziyadnurbaev6906
@ziyadnurbaev6906 Жыл бұрын
Ассалламу аллекум Алла жекістік ілімды берекесын берсын.
@Абильхан-р1е
@Абильхан-р1е Жыл бұрын
Әмин әжмағин
@Амирхан-ш8з
@Амирхан-ш8з 9 ай бұрын
Алла разы болсын, дұрыс надан молдалардың кесірі, топастық көзқарастардың құлы болудан Құдай сақтасын.
@ҚаратайАқберген
@ҚаратайАқберген Жыл бұрын
Дұрыс айтады!
@oddi5486
@oddi5486 10 ай бұрын
Адамды адам қылғын еңбек
@Jy_animation
@Jy_animation Жыл бұрын
Керемет👍
@nursultan_quralbaiuly
@nursultan_quralbaiuly Жыл бұрын
👍
@ГулжанАмреева
@ГулжанАмреева Жыл бұрын
Құранда аятында,,,Олар артта қалушылармен бірге болуды қалады ,,, деген аят бар ..Ислам болашақ өмірге шақырады.ал оны мойындамағандар артта қала береді .
@erkebulan607
@erkebulan607 Жыл бұрын
Такырып неге мусылмандар артта калуда)
@ГулжанАмреева
@ГулжанАмреева Жыл бұрын
@@erkebulan607 сол тақырып дұрыс емес ..мұсылмандар дүниеде артта қалса да ақыретте (қияметте) озат болады
@ЕрболАсильбеков
@ЕрболАсильбеков Жыл бұрын
Қайсы аят екенін білесің бе? Атап берші
@НурикСарсенов-с2н
@НурикСарсенов-с2н Жыл бұрын
Сен басқа қатысы жоқ айятты айттыңау
@ГулжанАмреева
@ГулжанАмреева Жыл бұрын
@@НурикСарсенов-с2н қалай қатысы жоқ ..түсінбедіңбе...ия ол аятта жазылған Олар түсінбейді деп...
@tao-shop8647
@tao-shop8647 26 күн бұрын
❤❤❤❤
@magjanbeisenbai
@magjanbeisenbai Жыл бұрын
👍👍👍
@orden4ik873
@orden4ik873 Жыл бұрын
شىندىقتى ايتىپ وتىر عوي، كەرەمەت!
@gai4593
@gai4593 Жыл бұрын
Все сказал но главного забыл и я не скажу хотя знаю если шеихи это не знает то представте где осталные
@erekekz5611
@erekekz5611 Жыл бұрын
Нымыс тв не болды
@yousarmat---3946
@yousarmat---3946 Жыл бұрын
Ислам сенімі қазақ еліне жат. Жалған әңгіме.
@zhanbolatmusylmanqul505
@zhanbolatmusylmanqul505 Жыл бұрын
Далелде жалған екенін. Әдетте жалған деу үшін аргумент керек....
@yousarmat---3946
@yousarmat---3946 Жыл бұрын
@@zhanbolatmusylmanqul505 Олар немесе сіз дәлелдеңіз шын екенін. Сізғой шын деп тұрған дәлелдеңіз.
@amanjolkutanov6150
@amanjolkutanov6150 Жыл бұрын
Сами дружите кафирами,деньги ваши в эвропе,никакой инвестиции для стран мусульман,и все ваши проекты делают не мусульмане.единственное туркия что то делает ,да и то крохи достаются,но основное вы сами арабы виноваты деньги даёте не мусульманам!!вот ваше беда.я вас неуважаю и никогда не видел ни одного смелого араба
@БолатШарипов-к2у
@БолатШарипов-к2у Жыл бұрын
ШЕИХ ТОРИҺ СЕН ҚАТЕЛЕСЕСІҢ
@Амирхан-ш8з
@Амирхан-ш8з 9 ай бұрын
Сенің дәлелің барма
@ЖадыраЖексенбаева-б9л
@ЖадыраЖексенбаева-б9л Жыл бұрын
👍👍👍
@Алиханфф-у1й
@Алиханфф-у1й Жыл бұрын
👍👍👍👍
@КулясКауменов-е2г
@КулясКауменов-е2г Жыл бұрын
Ала дінді аитқандаи оқы жəне оқы дегенғои білім керек бұл билік жемқорлық өтіп қалықты алдап арбап содан арта қалды сабрлық дер биліке қарсы келме деп қалықтын көзін жапты
SCHOOLBOY. Мама флексит 🫣👩🏻
00:41
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 7 МЛН
Do you choose Inside Out 2 or The Amazing World of Gumball? 🤔
00:19
Шок. Никокадо Авокадо похудел на 110 кг
00:44
ОТВЕТ ТЕМ, КТО ОСУЖДАЕТ МАВЛИД
5:17
ТАБУКСКИЙ
Рет қаралды 296
Избиение солдата расследуют в МВД / Новости Казахстана
9:15
Басты жаңалықтар / Новости Казахстана
Рет қаралды 406
Ресейдің оқ-дәрісі де азайды
16:43
Ойтүрткі
Рет қаралды 55 М.
Философия Платона за 10 минут
12:45
Правое полушарие Интроверта
Рет қаралды 879 М.
SCHOOLBOY. Мама флексит 🫣👩🏻
00:41
⚡️КАН АНДРЕЙ⚡️
Рет қаралды 7 МЛН