Мағжан Жұмабаев - Сүйемін | ЖИ музыка | AI music

  Рет қаралды 145

ASYL ADAI

ASYL ADAI

Күн бұрын

СҮЙЕМІН
Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің - сұп-сұр көр.
Тасбиқ санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрше ауыр күрсінер,
Менің бір қарт анам бар,
Неге екенін білмеймін -
Сол анамды сүйемін!
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз, усыз құшағы,
Иірілмейді жыландай,
Сөзі де жоқ құрандай,
Білгені - қазан-ошағы.
Жабайы ғана жарым бар,
Неге екенін білмеймін -
Сол жарымды сүйемін!
Ұйқы басқан қабағын,
Бастыра киген тымағын,
Жалқаулықты жар көрген.
Жүрген ескі заңымен,
Алдындағы малымен,
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін -
Сол елімді сүйемін!
Сағымы сайран құрады,
Бораны ұлып тұрады,
Қыс - ақ кебін, жаз - сары.
Орманы жоқ, шуы жоқ,
Тауы да жоқ, суы жоқ,
Мәңгі өлік сахарасы.
Сарыарқа деген жерім бар,
Неге екенін білмеймін -
Сол Арқамды сүйемін!
#мағжан #мағжанжұмабаев

Пікірлер: 1
@MargoMu8ic
@MargoMu8ic 4 ай бұрын
Ғажап ән! 🥰
How To Get Married:   #short
00:22
Jin and Hattie
Рет қаралды 19 МЛН
Крутой фокус + секрет! #shorts
00:10
Роман Magic
Рет қаралды 17 МЛН
«Мағжан. Мен жастарға сенемін!». 2-бөлім (субтитр на русском)
52:26
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 92 М.
Менің әкем ең жақсы адам!
3:41
Аида Чапен, Асылбекқызы Айару, Раяна
Рет қаралды 27 М.
КАК ЧИТАТЬ МЫСЛИ ЛЮДЕЙ | Стоическая История
14:18
путь стоицизма
Рет қаралды 1,9 МЛН
КОНФУЦИЙ: ЗАПРЕЩЕННЫЕ ЦИТАТЫ
11:47
ЧЕРТОГИ РАЗУМА
Рет қаралды 7 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 13 МЛН
«Мағжан. Мен жастарға сенемін!» 3-бөлім (Ағылшынша субтитрмен)
52:35
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 19 М.