@Маңғыстау мекені.Басқұдық. Мұхамбет емханасы. халықпен кездесу.

  Рет қаралды 1,366

Гульмира Истлеуова

Гульмира Истлеуова

Жыл бұрын

9 - Мектептен
Нұрсұлтан
Қалданұлы на дауыс берейік ағайын .
16 -Мектептен
Лейла Сайдоллақызы на дауыс берейік
Жоспарымыз бір Басқұдық ауылы проблемаларын шешу ..14- Мектептен Мен түсіп жатрым .
Нұрлан . Мағанда дауыс берсеңдер жақсы болар еді .
Біз бірге жұмыс жасайтын боламыз . Және бізде ауыл Белсенділері бар . Телевидение шақырып ауыл проблемаларын көтеріп жүргенАудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Қарамырзаев Нұрлан Жәрдемұлы
Сенім білдірген Басқұдық тұрғындарына алғысымды білдіремін. Елдімекендегі мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді саламын.
Басты мәселелер:
1. Басқұдық елдімекеніне ай сайынғы көшелерді тазалауға, абаттандыруға т.б. шаруаларға ауданға бөлінетін қаржының халық бақылауында болып, жариялылығына қол жеткізу.
2. Аулымызда орналасқан су беру станцияларынан су таситын көліктермен (водавоз) беріліп жатқан судың бағасындағы айырмашылықтың кімінің есебіне кетіп жатқандығын анықтау. Су беру станциясына берілген судың түгелімен құбырлар арқылы жіберілуіне қол жеткізу. Құбыр тартылмаған үйлерге осы кезге дейін тартылмау себебін анықтау және тездетіп тартылуын талап ету.
3. Газ, су, ток тарифтерінің үздіксіз өсуі, ай сайын келіп жатқан счеттардың негізсіз көбейіп келуі сияқты факторлармен күресу. Мүмкіндігінше тұтынушы мен өндіруші арасындағы делдал мекемелердің санын қысқарту.
4. Ауылымыздың жанындағы дринажный латоктан ағып жатқан сулардың ай сайын лабороториялық тексеруден өткізілуіне қол жеткізу. Себебі: сол лотоктан ағып жатқан КазАзот мекемесінің қалдықтары құрамындағы аммиак тұрғындардың денсаулығына өте зиян келтіріп жатыр. Осы құбырды жер астына ауыстыру. Қошқар Ата көлінің залалсыздануына қол жеткізу.
5. Автодром ауылының ортасынан тартылған газ құбырын алдыру. Орнына үлкен жол салдыру. Халықтың жүріп-тұруына кедергі келтіретін заңсыз құрылыстарды алып тастау. Болдырмауға тырысу.
6. Көшелердің жолдары мәселесін шешу.
7. Жұмыссыздықты азайту, жастарды жұмыспен қамту.
8. Әлеуметтік қамсыздандыру. Тұрғындаға жер телімін алуды жеңілдету..
9. Балалар алаңқайлары.
10. Иттерге (питомник) салу.
11. Маршрутты автобустарды реттеу.
Осы айтылған мәселелердің бәрі тек сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асатындығын назарға алуларыңызды сұраймын. Сайлауда таңдау жасалғаннан кейін ай сайын халыққа ыңғайлы уақытта кездесіп, пікір алысып тұруға уіде беремін. Халықтың мұң-мұқтажын, жан-айқайын үкімет адамдарына жеткізуге уәд беремін.Салематсыңдар ма, Басқұдық азаматтары, аналар.
Тиясова Лайла Сайдуллақызы. 16 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Жасым 52-де. Екі бала, 4 немерем бар.
Алдағы келе жатқан сайлауға түсуге шешім қабылдадым. Маған ұсыныс білдіріп, сенім артқан адамдарға алғысым шексіз.
Еліміздегі көптеген елдімекендер сияқты, Басқұдық ауылының да мәселелері таныс. Барлық мәселеге жауапкершілікпен қарап, шешудің жолдарына ат салысамын. Алдағы уақытта адал еңбек етуді нәсіп етсін!!!Қадірлі мұнайлы ауданының тұрғындары❗
Мен, Нұрсұлтан Қалданұлы Амангелдиев алдағы аудандық мәслихаттарға сайлауға қатысуға бел будым. Осы шешімімді қолдап, маған сенім білдірген азаматтарға алғысымды білдіремін. Әрине мұның үлкен жауапкершілік екенін түсінемін және халық көтеріп жүрген мәселелерді шешуге, билік органдары алдына қоюға жұмыстанамын. Әлбетте, сайлауалды науқан барысында тұрғындармен кездесемін, олардың талап-тілектерін тыңдаймын және солардың негізінде өз бағдарламамды толықтырып отырамын. Мен өзімнің депутаттық қызметімде негізінен әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлуді ойлап отырмын. Ауылдың жол мәселесін,мусорды тасымалдау мәселесін, қысы жазы су тапшылығын , қошқар ата мәселесін,білім беру , көше жарық шамы, және т.б. салалардағы өзекті мәселелер менің сайлауалды бағдарламама арқау болады.
Ең бастысы еліміз үшін осы жауапты кезеңде ашық, әділетті Қазақстанды құру үшін өз үлесімді қосқым келеді.
Мен - қаржы саласының қызметкерімін, еңбек жолымды қарапайым менеджерден бастап,Атырау қаласында ВТБ банкте Бөлшектік бизнес директоры болып жұмыс жасадым,қазір ForteBank те Жалақы жоба басқармасының басшысымын. Еңбек жолымда қарапайым қара халықпен, қоғамдық ұйымдармен және көптеген мекемелермен азаматтармен тығыз жұмыс жасадым, олардың көтерген мәселелерін қолдан келгенше шешіп, жағдай жасадым. Ал енді осы тәжірибемді Мұнайлы ауданының тұрғындарының мүддесі үшін, олар көтерген мәселелерді шешу үшін пайдалануды жөн көрдім. Естеріңізде болса бұрын тек партия мүшесі ғана депутаттық қа үміткер бола алатын, ал кәзір мүмкіндіктеріміз көбейе түсуде,қарапайым тұрғын ретінде.
Ендеше баршамызға сәттілік тілеймін!

Пікірлер: 7
@user-wh8du6cw1w
@user-wh8du6cw1w 6 ай бұрын
Коррупционер нагыз
@user-cc1wl4fi5b
@user-cc1wl4fi5b Жыл бұрын
Любой нормально клиника бахила болу керек
@maratonaybaev3369
@maratonaybaev3369 Жыл бұрын
Бари отирик барсан кедергиден басын шыкпайт
@user-gy4oy7hc8r
@user-gy4oy7hc8r Жыл бұрын
Министерствоның заңы сол жаққа арызданыз Құдай жар болсын
@user-cc1wl4fi5b
@user-cc1wl4fi5b Жыл бұрын
Отирик. Талонмен барганда врачтар орнында болмайды уакытында. Парковка жок. Ютуберге тиын бердиме екен?
@user-gy4oy7hc8r
@user-gy4oy7hc8r Жыл бұрын
Талон Министерствоға арыз жазыныз. Парковкаға СЭСКЕ шағым түсірініз. "Мұхамбет емханасы "қатысы жоқ. Құдай жар болсын сізге. Ауырманыз
@user-cc1wl4fi5b
@user-cc1wl4fi5b Жыл бұрын
@@user-gy4oy7hc8r сэстин не катысы бар
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 105 М.
Өзгерген өмір!
1:16:09
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 51 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 6 СЕРИЯ
21:57
Inter Production
Рет қаралды 462 М.
Тяжелые будни жены
00:46
К-Media
Рет қаралды 5 МЛН
Ну Лилит))) прода в онк: завидные котики
00:51
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН
Елу жылдан кейінгі ерекше кездесу
3:47
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 136 М.
Бәйге 19.02.2023 Жаңаөзен. Өкпе ашар
41:03
Caspian Stalker 12
Рет қаралды 19 М.
ВОДИ ГУРГОН ДОМ | КИСМИ 281 FULL HD
1:33:24
ABDUJABBOR HD عبدوجببور
Рет қаралды 20 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 6 СЕРИЯ
21:57
Inter Production
Рет қаралды 462 М.