МАХАББАТ ТҰТҚЫНЫ ТУРЕЦКИЙ СЕРИАЛ ТУРАЛЫ БАР ШЫНДЫҚ

  Рет қаралды 69,874

Asem TV

Asem TV

Жыл бұрын

МАХАББАТ ТҰТҚЫНЫ, МАХАББАТ ТУТКЫНЫ ТУРЕЦКИЙ СЕРИАЛ, МАХАББАТ ТУТКЫНЫ КАЗАКША, МАХАББАТ ТҰТҚЫЦНЫ ҚАЗАҚША, ТЫ РАССКАЖИ , КАРАДЕНИЗ ТУРЕЦКИЙ СЕРИАЛ , НЕФЕС ТУРАЛЫ, ИГИТ ТУРАЛЫ, ВЕДАТ САЙЯР ТУРАЛЫ, ТАИР ТУРАЛЫ
«Махаббат тұтқыны » сериалының басты кейіпкері Нефес есімді жас қыз. Ол исламның барлық дәстүрлерін құрметтеу және бұлжытпай орындау әдетке айналған кедей мұсылман отбасында туып-өскен. Нефес барлық уақытта әкесін ғана емес, сонымен қатар үлкен ағаларын да тыңдауы керек .Олардың нұсқауларын орындау ол үшін жазылмаған заң. Оның үстіне оларға қарсы шығуға батылы да бармайды. Қыздың отбасында күрделі қаржылық проблемалар туындайды да, мәселені Нефестің есебінен шешуге шешім қабылдады.
Өзімшіл ниеттің жетегінде кеткен ата-ана қызының болашақ тағдырын кәмелетке толған бойда жоспарлаған.Олар Нефесті ең бай адам Ведат Саярға ақшаға сатып жібереді. Ол кезде Қыз тым жас және тәжірибесіз еді. Бүкіл қаланың адамдары қорқатын , сүймейтін еркекпен некеге тұру оған қандай қауіп төндіретінін елестету мүмкін емес еді.
Ведат Сайяр - бүкіл Қарадениз қаласын қолында ұстайтын бай, күшті адам, Нефестің күйеуі осындай еді. Қыз өзінен әлдеқайда үлкен ғана емес, әйеліне деген ерекше қатыгездігімен де ерекшеленетін бұл адаммен 8 жыл қорқынышты отбасылық өмірді бастан өткереді. Байлық Ведаттың көзіне көлеңке түсіріп, ол өзін қаланың билеушісі деп санайды. Оған бәріне рұқсат етілген - шамадан тыс агрессия, жас қыздарды пайдалану ол үшін үйреншікті нәрсе.Нефес үнемі қорлықта өмір сүреді, күйеуі оған нашар ана және үйбикесі екенін айтып, кемсітіп қана қоймай, оны зорлаумен болады.
Алғашқы жылдары Нефес күйеуінің барлық ерсі әрекеттеріне шыдап бағады.Жақсы жаққа өзгереді деп үміттенеді, бірақ кейін ол тиранмен күресуге шындап шешім байлайды. Ведатты өлтіру жайлы да ойлайды, бірақ Нефес баласын ойлап, мұндай қадамға бармайды.Өйткені Жеті жасар Йигит қана Нефестің өміріндегі жалғыз жарқын сәуле іспетті болды. Бойжеткеннің сынбай, күйеуімен күресуді жалғастыруы ұлының арқасында ғана еді. Ол үнемі баламен қашуға тырысты, бірақ Ведат оны үйге қайтарған сайын, оны қамап, қашуға тырысқаны үшін қатты соққыға жығады.
Бірақ тағдыр қыздың өмірімен ұзақ ойнай алмады және бір күні оған зор мүмкіндік берді. Нефес жолында Тахир Келелімен кездеседі. Жас жігіттің бай, беделді ата-анасы бар, бірақ ол олардың артына жасырынбайды. Керісінше, ол бәріне өздігінен жетуге тырысады - ол үнемі физикалық жұмыс істейді. Нефес пен Тахирдің арасында ұшқын пайда болады және қыз өз бақыты үшін күресті жалғастыруды ұйғарады.
Түсірілім кезіндегі қиындықтар
«Махаббат тұтқыны » сериалының бірінші маусымы Түркияда танымал болғаны сонша, жанкүйерлер екіншісін түсіру кезінде үлкен кедергі жасайды. Әр түсірілім күні Трабзон көшелеріне қалың жанкүйер жинала бастайды. Жанкүйерлер түсірілім кезінде түсіріп алған фотолары мен бейнелерімен әлеуметтік желілерде бөліседі. Ал бұл сериалдың түсрілуіне барынша қауіп төндіреді. Мысалы, Йігіттің сүндет тойының құрметіне ұйымдастырылған мерекелік кештің түсірілімі кезінде түсірілген фотосуреттердің кесірінен сериал қызықсыз боп қалды.
Сериалдағы басты рөлдерді Түркияда сұранысқа ие және танымал актерлар сомдаған.
Тиран Ведат Сайардың рөлін 39 жастағы Мехмет Али Нуроглы сомдады. Бала кезінен ол Хаджеттепе консерваториясында театр факультетінде оқып жүргенде актерлік мансапты армандаған.
2003 жылы оған «Ұядан ұшқан құс» телехикаясында шағын рөлді сомдауға ұсыныс жасалды. «Сынған қанаттар» рөлі Мехмет Әлиді танымал етті. Содан бері актер жиырмаға жуық фильмге түсіп, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді тамаша сомдады.
Бақытсыз сұлу Нефестің басты әйел рөлін Ирем Хелваджиоглу ойнады. Қыз Германияда туып-өскен, бірақ актерлік білімін Анкарада Муждат Гезен атындағы өнер театр орталығында алған. Қалың көрермен Иремді алғаш рет Клара Хатун рөлін сомдаған ең танымал «Керемет ғасыр» сериалынан көрді.
Нефестің қорғаушысы Таир рөлін түріктің тағы бір дарынды актері Улаш Туна Астепе сомдады. Әке-шешесінен ерте айырылған Ұлаш Тунаның бүкіл балалық шағы үлкен ағасының қолында балалар үйінде өтіп, бастауыш білім алған. Ыстамбұлдағы гимназияны бітірген соң Мимар университетінің театр факультетіне оқуға түседі. Ол өзінің алғашқы рөлін 2010 жылы «Университет» қысқаметражды фильмінде алды. Одан кейін «Шыны жапырақтар», «Ту» театрландырылған қойылымдарындағы рөлдерді ойнады.
Жаңадан бастаған актерге атақ әйгілі «Қарадай» телехикаясына түскеннен кейін келді.
2017 жылы шыққан «Арман» телехикаясындағы Ұлаш Туна Астепені көп көрермен есіне алды. Актер ең үлкен танымалдылыққа Ирем Хельваджиоглумен бірге басты рөлді сомдаған «Махаббат тұтқыны» орысша атауы Ты расскажи мне, Карадениз" телехикаясында ие болды.#әңгімедүкен #турецкийсериал #қазақша #махаббат #махаббаттұтқыны

Пікірлер: 37
@user-bu9ok7tx2d
@user-bu9ok7tx2d Жыл бұрын
Күшті кино қатты ұнады кинода бәрі бар иман махаббат қорқыныш Керемет атмосфера керемет жерде түсірген Өлең прям әдемі
@meiramkulsidagulova5777
@meiramkulsidagulova5777 Жыл бұрын
Керемет өте тартымды қызықты кино.
@user-ew2ed3mj2n
@user-ew2ed3mj2n Жыл бұрын
Керемет
@user-tn4rt2lx6z
@user-tn4rt2lx6z Жыл бұрын
Керемет! 👍
@user-ml4jr1gm7t
@user-ml4jr1gm7t Ай бұрын
Мақаббат тұтқыны ❤❤❤❤
@user-fi2bj7hn3y
@user-fi2bj7hn3y Жыл бұрын
Күшті
@kalamkaskk3905
@kalamkaskk3905 Жыл бұрын
Керемет 👍
@user-ch8fm4gg7l
@user-ch8fm4gg7l Жыл бұрын
❤❤❤❤❤
@user-fi2bj7hn3y
@user-fi2bj7hn3y Жыл бұрын
💯
@carmenripa8053
@carmenripa8053 Жыл бұрын
Ulas ❤️ Irem dos ♥️♥️ un solo amor ❤️😍💓
@user-jd5he1ho8s
@user-jd5he1ho8s Жыл бұрын
👍👍👍👍👏👏👏
@asemtv.
@asemtv. Жыл бұрын
Рақмет!🥰🥰🥰
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Қазақстан да 3-4 есе көп серия болса қанша серия қазақстанда
@user-mu2kq4cr1i
@user-mu2kq4cr1i 5 ай бұрын
Тойлары нешынше серия
@user-ew4ww3hy1f
@user-ew4ww3hy1f Жыл бұрын
Кушти ойнаган актерлары
@user-vt3cb9us2q
@user-vt3cb9us2q Жыл бұрын
Ия күштікен мен көріп жүрмін киноны
@user-ex5fi1qz3t
@user-ex5fi1qz3t Жыл бұрын
22болумду чыгарчы
@user-st3bc8kq7o
@user-st3bc8kq7o 9 ай бұрын
Толық аудармасы жоқ сондықтан қызықс.ыз
@user-yc2yc9pw8o
@user-yc2yc9pw8o 12 күн бұрын
Телеграм каналда бар
@user-jg4wq1xi3v
@user-jg4wq1xi3v Жыл бұрын
Басым ауырып кетті түрік киносы кек алуға үйретема
@turkeyserials
@turkeyserials Жыл бұрын
Орыс тилинде аты Калай?
@asemtv.
@asemtv. Жыл бұрын
Ты расскажи, Карадениз!
@user-ni2gb3xr1s
@user-ni2gb3xr1s Жыл бұрын
Актрисаның ерні раздражает😂
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Қанша сериямен аяқталады
@asemtv.
@asemtv. Жыл бұрын
Түрікше 64 серия, Қазақстанда үш - төрт есе көп болады
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
@@asemtv. маусымдары болама
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
@@asemtv. неге қазақстан да көп
@user-vt3cb9us2q
@user-vt3cb9us2q Жыл бұрын
Ия қанша сериямен аяқталады
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Қазақстанда қанша бөлім
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Түрікше 64 серия болса неге қазақстан да 64 серия болмайд
@asemtv.
@asemtv. Жыл бұрын
Өйткені Түркияда әр сериясы 2,2 сағаттан болады
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Бізде қазақстанда қанша серия
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
64па
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Қанша сериямен аяқталады
@madikarymsakov599
@madikarymsakov599 Жыл бұрын
Қанша сериямен аяқталады
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 13 МЛН
How To Choose Ramen Date Night 🍜
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 52 МЛН
Konakta büyük heyecan! - Sen Anlat Karadeniz 63.Bölüm
2:33
Sinegraf Film Yapım
Рет қаралды 17 МЛН
Мейірбек жоба қатысушысы емес!😮 Бір Болайық! 16.05.24
1:10:24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 120 М.
Сезім толқыны І 1-бөлім
52:50
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 875 М.
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 13 МЛН