Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны

  Рет қаралды 40,229

Журсин Куватбаева

Журсин Куватбаева

3 жыл бұрын

Қазақ әдебиеті 9 сынып

Пікірлер: 42
@user-ve4vw9wb5u
@user-ve4vw9wb5u Жыл бұрын
Езілген қазақтың еңсесін көтеру үшін батыр бабаларымыздың қиян кескі ерліктерін, осындай рухты өлеңдерін үзбей жариялап тұрыңдар, бауырларым.
@anuarismagulov6921
@anuarismagulov6921 3 ай бұрын
Не деген батыр еди не деген магыналы создер
@user-ju4hb4dc6s
@user-ju4hb4dc6s 8 ай бұрын
❤❤❤❤❤❤❤ қазақ ұлты үшін тарихты көп оқулық кітаптарды шығарса және балабақшадан бастап оқытса ұлытық тәрбиеде
@user-bg7xu1hw4d
@user-bg7xu1hw4d 6 ай бұрын
Алай ма, сұлтан алай ма! Астыма мінген арғымақ Аяңдап түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылар, Найза бойы жар келсе, Жабыдайын жалтаңдап, Түсер жерін қарай ма? Арғымақ атқа айдай таға қақтырса, Кілегей қатқан Еділдің Көкше мұзынан таяр ма?! Ата ұлының баласы Асыл ерге малың бер, Малың бер де басын қос, Басыңа тарлық түскенде Ардақтаған әділ жанын аяр ма? Біз бір енеден бір едік, Бір енеден екі едік, Екеуіміз жүргенде, Бір - бірімізге ес едік. Бір енеден үш едік, Үшеуіміз жүргенде, Толып жатқан күш едік. Бір енеден бес едік, Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік. Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген. Таудағы тарлан шұбар біз едік. Исатайдың барында, Қара қазан, сары бала Қамы үшін қылыш сермедік. Шабытымыз келгенде, Ерегіскен дұшпанды Шетінен сүйреп жеп едік. Баста дәурен тұрғанда, Біздер - дағы, Бәйеке, Оза көшіп, кең жайлап, Еркімен еркін жатқан ер едік. Еділ үшін егестік, Тептер үшін тебістік. Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Теңдікті, малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік. Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік. Аламанға жел беріп, Аса жұртты меңгердік. Қара қазақ баласын Хан ұлына теңгердік. Өздеріңдей хандарды Қабырғасын сөгілтіп, Қабырғадан аққан қан Ат баурына төгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне өңгердік. Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарынды Бастаушы едім құлаштай. Жәбір беріп жала етсең, Былғанған басым ласқа - ай. Мен бір шарға ұстанған Қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім, Қайраса тағы жетілдім. Көрмес, келмес деп едім, Өз еркіммен бетімді - ай. Есігіңнің алдына Ұрмай, соқпай келтірген, (Арманың бар ма құдайға) Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»! Ханнан кегім ала алмай, Арқаның алпыс екі саласына барғанда, Айдаһардай арбадың, Арбадың да қалмадың. Қайрат қылар ер біз болсақ. Заманымда болған «сұлтаным» Бізді жіпсіз байладың Еділ мен Жайық жер еді - ау, Мекен еткен шаруаға, Жағасы қорған жай еді - ау. Жай - қоныстан айрылып, Біз бір қаңғып жүрген қарашы. Қайта - қайта іздетіп, Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?! Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам тағы кетермін, Кетпей де нешік етермін? Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын, Өтініп алып от жақпан, Дұшпанға қылыш ұрармын. Жазға бір ай қалғанда, Ала сапыран болғанда , Бөліне көшкен еліңді Бөріккен қойдай қылармын. Жарыла көшкен еліңді, Жаралы қойдай қылармын. Мен кеткенмен тек кетпен, Сізден артық табармын. Ашуыма көп тисең, Өзекті жанға бір өлім, Ордаңды талқан ғып шабармын. Беркініп садақ асынған, Біріндеп жауын қашырған. Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық, жалын шарт түйген, Мен кесекті ердің сойымын, Кескілеспей бір басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар - намысым қашырман. Сүйегім тұтам қалғанша, Тартылмай сөйлер асылмын. Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр, Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа жетпей шарт сынбан! Айта келген сөзім бар, Не қылсаң да жасырман. Шамдансам жығар асаумын, Шамырқансам сынар болатпын, Кәр қылар деп, «тақсыр - ау!» Аяғыңа бас ұрман. Бәйеке «сұлтан», ақ сүйек, Қыларың болса қылып қал, Күндердің күні болғанда, Бас кесермін, жасырман! Ей, тақсыр - ау, ей, тақсыр! Боз орданы тіктім деп, Боз ағашты жықтым деп, «Ханым, ханым» дегенге. Көтере берме бұтыңды, Көптіре берме ұртыңды, Күндердің күні болғанда, Өзіңнен мықты жолықса, Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді. Тәуекел таққа бел байлап, Қималы найза өңгеріп, Боз балаға жел беріп, Атқа мініп шыққанда, Зұлым төре, сенің де, Көрер едім к... Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім, Қай қазақтан кем едім? Бір қазақпен тең едім. Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің , Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көпке шақыртып, Басын кессем деп едім. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім. Еңсесі биік Ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім. Керегесін қиратып, Отын етсем деп едім. Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім. Тақта отырған хандардың Төрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім. Әлдилеген баласын Жетім етсем деп едім. Хан сырқаты - сары бал, Сұраусыз ішсем деп едім. Ханның киген кіреуке Үстіме кисем деп едім. Қанықейдей көріктіңді Қалыңсыз құшсам деп едім. Тінікейдей тектіңді Ителгі көзің төңкеріп, Күшіктей даусын қыңсытып, Аш күзендей белін бүгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне үңілтіп, Артына салсам деп едім. Тілекті Тәңір бермеді, Өздеріңдей хандарды Осылай бір қылсам деп едім. Мен, мен едім, мен едім, Мен Нарында жүргенде Еңіреп жүрген ер едім. Исатайдың барында Екі тарлан бөрі едім. Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Жақсыларға еп едім, Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның, Екі талай болғанда, Азыққа етін жеп едім. Хан баласы ақ сүйек, Ежелден табан аңдысқан Ата дұшпан сен едің, Ата жауың мен едім. Ежелгі дұшпан ел болмас, Етектен кесіп жең болмас. Хан баласы ақсүйек - Бәйеке сұлтан сен болып, Сендей нар қоспақтың баласы, Маған оңаша жерде жолықсаң, Қайраңнан алған шабақтай Қия бір соғып ас етсем, Тамағыма қылқаның кетер демес ем!
@user-sp9ph2gk1k
@user-sp9ph2gk1k Жыл бұрын
Не деген сөздер. Маханбеттің әр бір сөзі, Баймағанбетті тірідей шаншып, кескілеп жатқандай екен.
@user-wv4bh6oy7q
@user-wv4bh6oy7q Жыл бұрын
Осындай жырларды біздің оқушы кезімізде мектепте мұғәлім жаттатып мағынасын түсіндірер еді,түсінбейтін қазақ көп екен коментарий қарасам,мектеп бағдарламасына енгізу керек,патриоттыққа тәрбиелейді.Тестпен емтихан тапсыру ұрпақты мәңгүрт қылып болды
@Gauhar_Coral
@Gauhar_Coral 6 ай бұрын
Мектеп бағдарламасында бар ғой
@tonyferguson2118
@tonyferguson2118 Жыл бұрын
Ай қайран батырларым
@user-mg2gx2ht1x
@user-mg2gx2ht1x 2 жыл бұрын
7:39 тот самый момент
@user-fx1gq1ph4m
@user-fx1gq1ph4m Жыл бұрын
Мағынасын түсіндіріп беретіндер барма?
@disanke
@disanke 6 ай бұрын
4:07
@user-dk6mj8lu1q
@user-dk6mj8lu1q 2 жыл бұрын
Суреттері тамаша екен . Жақсы жырлап жатқан бар негізі ..... Екі Беріштің бірі ерлікте .
@user-kg8kh8cl8d
@user-kg8kh8cl8d 2 жыл бұрын
Жок
@user-km3dl2zw6r
@user-km3dl2zw6r Жыл бұрын
@@user-kg8kh8cl8d ДƏЛЕЛІҢ БАРМА ƏЛДЕ ІШТАРЛЫҚПА.
@user-vk4wm9sf4o
@user-vk4wm9sf4o Жыл бұрын
Қайран Махамбет батыр
@user-cu2nl9sj6m
@user-cu2nl9sj6m 7 ай бұрын
🤝🇰🇿🇰🇿🇰🇿🤝✊
@serikaralbayev5979
@serikaralbayev5979 2 жыл бұрын
Көбірек осындай видеоларды құйсаңыз жақсы болар еді
@serikaralbayev5979
@serikaralbayev5979 2 жыл бұрын
Рақмет сізге.
@user-bl4tn8by1h
@user-bl4tn8by1h Жыл бұрын
Керемет
@user-fk6mc8sg1l
@user-fk6mc8sg1l 8 ай бұрын
Махамбетті Мұхтар Шаханов Абаймен бірге қойған ғой
@serikaralbayev5979
@serikaralbayev5979 Жыл бұрын
Рақмет
@disanke
@disanke 6 ай бұрын
4:00 и
@user-mr7zd1gu2y
@user-mr7zd1gu2y 3 жыл бұрын
Бұл 2 өлеңнің косындысыма? (Мен, мен едім,мен едім) (Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны)
@user-kg8kh8cl8d
@user-kg8kh8cl8d 2 жыл бұрын
Жок
@user-zb6qk5hm7w
@user-zb6qk5hm7w 8 ай бұрын
елимз о калыптан, каоыптасты
@mkm236789
@mkm236789 Жыл бұрын
@Мектеп осы материалды улге есебiнде пайдаланбайды.@
@u_8-9.
@u_8-9. 2 жыл бұрын
Ай барекелди
@user-zb6qk5hm7w
@user-zb6qk5hm7w 8 ай бұрын
бул казак оры казактарына катысы жок
@user-gs7pj6gv8l
@user-gs7pj6gv8l 3 жыл бұрын
Магынасын тусиндире аласыз ба ?)
@user-jd9wr8td8b
@user-jd9wr8td8b 3 жыл бұрын
А че сабак сураватр ма😂
@ciminoko7571
@ciminoko7571 3 жыл бұрын
@@user-jd9wr8td8b меннен казир сурайд
@arujanisali5165
@arujanisali5165 3 жыл бұрын
памагитеее...
@user-ig2jb8ko5y
@user-ig2jb8ko5y 2 жыл бұрын
Махаметің жабыл облысында дүниеге келген ең қазақтын батыр болып
@kalifornya6486
@kalifornya6486 Жыл бұрын
Махамбет - Атырау обл, Тайсойған құмында, Борсаң деген жерде дүниеге келген! Руы - Байұлы Беріш!!!
@Qulager
@Qulager Жыл бұрын
@@kalifornya6486 Мен Жайық беріш деп ойлап жұрдым
@kalifornya6486
@kalifornya6486 Жыл бұрын
@@Qulager дұрыс қой. Жайық Беріш қой, оның ішінде Тумашы.
@user-xx2tu3jg8t
@user-xx2tu3jg8t 2 жыл бұрын
Алай ма, сұлтан алай ма! Астыма мінген арғымақ Аяңдап түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылар, Найза бойы жар келсе, Жабыдайын жалтаңдап, Түсер жерін қарай ма? Арғымақ атқа айдай таға қақтырса, Кілегей қатқан Еділдің Көкше мұзынан таяр ма?! Ата ұлының баласы Асыл ерге малың бер, Малың бер де басын қос, Басыңа тарлық түскенде Ардақтаған әділ жанын аяр ма? Біз бір енеден бір едік, Бір енеден екі едік, Екеуіміз жүргенде, Бір - бірімізге ес едік. Бір енеден үш едік, Үшеуіміз жүргенде, Толып жатқан күш едік. Бір енеден бес едік, Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік. Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік. Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген. Таудағы тарлан шұбар біз едік. Исатайдың барында, Қара қазан, сары бала Қамы үшін қылыш сермедік. Шабытымыз келгенде, Ерегіскен дұшпанды Шетінен сүйреп жеп едік. Баста дәурен тұрғанда, Біздер - дағы, Бәйеке, Оза көшіп, кең жайлап, Еркімен еркін жатқан ер едік. Еділ үшін егестік, Тептер үшін тебістік. Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Теңдікті, малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік. Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік. Аламанға жел беріп, Аса жұртты меңгердік. Қара қазақ баласын Хан ұлына теңгердік. Өздеріңдей хандарды Қабырғасын сөгілтіп, Қабырғадан аққан қан Ат баурына төгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне өңгердік. Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарынды Бастаушы едім құлаштай. Жәбір беріп жала етсең, Былғанған басым ласқа - ай. Мен бір шарға ұстанған Қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім, Қайраса тағы жетілдім. Көрмес, келмес деп едім, Өз еркіммен бетімді - ай. Есігіңнің алдына Ұрмай, соқпай келтірген, (Арманың бар ма құдайға) Мынау Махамбет сынды «жетімді - ай»! Ханнан кегім ала алмай, Арқаның алпыс екі саласына барғанда, Айдаһардай арбадың, Арбадың да қалмадың. Қайрат қылар ер біз болсақ. Заманымда болған «сұлтаным» Бізді жіпсіз байладың Еділ мен Жайық жер еді - ау, Мекен еткен шаруаға, Жағасы қорған жай еді - ау. Жай - қоныстан айрылып, Біз бір қаңғып жүрген қарашы. Қайта - қайта іздетіп, Менде қандай ауыр ақың бар еді - ау?! Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам тағы кетермін, Кетпей де нешік етермін? Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын, Өтініп алып от жақпан, Дұшпанға қылыш ұрармын. Жазға бір ай қалғанда, Ала сапыран болғанда , Бөліне көшкен еліңді Бөріккен қойдай қылармын. Жарыла көшкен еліңді, Жаралы қойдай қылармын. Мен кеткенмен тек кетпен, Сізден артық табармын. Ашуыма көп тисең, Өзекті жанға бір өлім, Ордаңды талқан ғып шабармын. Беркініп садақ асынған, Біріндеп жауын қашырған. Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық, жалын шарт түйген, Мен кесекті ердің сойымын, Кескілеспей бір басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар - намысым қашырман. Сүйегім тұтам қалғанша,
@user-du7xj8ls2s
@user-du7xj8ls2s Жыл бұрын
оргиналы осылай.
@nuriknurda4240
@nuriknurda4240 Жыл бұрын
4:48
@erdoskuanyshbek4488
@erdoskuanyshbek4488 2 жыл бұрын
4:50
Махамбетті өлтірген қазақтар
17:20
Өткір
Рет қаралды 71 М.
КАХА и Джин 2
00:36
К-Media
Рет қаралды 2,3 МЛН
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН
The best home workout !! 😱😱
00:27
Tibo InShape
Рет қаралды 12 МЛН
Махамбет Өтемісұлы
6:15
Айбек Ермаханов
Рет қаралды 71 М.
Құнанбайдың Кенесары туралы айтқаны
3:12
Нұрдәулет Қайратұлы
Рет қаралды 135 М.
ОРАЗАЛЫ МЕН ЭЛМИРБЕКТІҢ АЙТЫСЫ
32:11
QAZMURA қазақ мұрасы
Рет қаралды 118 М.
Бассыз қалған Махамбеттің денесі ғана жерленген.
5:09