«Майқайың-алтын» кеніші аумағына құлаған автобустың ішіндегі екі адам әлі табылған жоқ

  Рет қаралды 11,414

Информбюро 31

Информбюро 31

4 ай бұрын

Павлодар облысы «Майқайың-алтын» кеніші аумағына құлаған автобустың ішіндегі екі адам әлі табылған жоқ. Іздеу-құтқару жұмыстарының жүріп жатқанына екі аптаға жуықтады. Автобустың шамамен қай жерде жатқаны белгілі. Қазір топырақты қазу жұмыстары жалғасуда. Ал, құтқарушы мен автобус жүргізушінің туыстары 12 күнде бір нәтиже шығаруға болатын еді деп қынжылады. Апаттан кейін қазіргі ахуалды өңірдегі әріптесім Аяулым Рахымжанова айтып берсін.
Әлібай Қаңқин бауыр еті баласы әне-міне табылады деген үмітпен қазан шұңқырға күнде келеді. Бірақ салы суға кетіп, ешқандай жаңалықсыз үйіне қайтады. Ішкі жан дүниесі алай-дүлей болған әке қазір шарасыз күйде. Айтуынша, іздестіру жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатыр. Себебі, 12 күн өтсе де әзірге ешқандай нәтиже жоқ.
ӘЛІБАЙ ҚАНҚИН, Айдос Шаймерденнің әкесі:
- Бүгін міне 13-ші күнге кетті. Жұмыстар сылбыр жүріп жатыр. Төрті күні таңда келгенмін, содан бері істеп жатқан жұмыстарына көңілім толмайды. Ана жерді, мына жерді қаздық деп мәліметті солай беріп жатыр. Или жоғарыдан басып тұрма или жұмыс істей алмай жатыр ма?! Менің баламды тауып берсін. Басқа ештеңе сұрап тұрған жоқпын. Менің жағдайымды ешкімнің басына бермесін. Балама 150 метрге жете алмай тұрмын.
НҰРБАҚЫТ САНСЫЗБАЙ, Айдос Шаймерденнің ағасы:
- Күлтөбенің басында күнде жиын дейді. Осында күніне штабта екі рет жиын өтеді. Облыс әкімі, аудан әкімі, атқарушы билік өкілдері бәрі осында. Енді ол кісілермен біздің айырмашылығымыз болмай тұр. Олар да көрермен, біз де көрермен. Мынау енді масқара ғой. 66 метр жерге жете алмау деген. Апталдай екі азамат жатыр.
36 жастағы Айдос Шаймерден тау-кен құтқарушысы. Оның бес баласы бар. Табылмай жатқан тағы бір адам автобус жүргізушісі Айып Тілеуберген. Екі азаматтың туыстары опырылған жердің астында шахта болған, оны біле тұра көлік қозғалысына неге рұқсат берілген деп қапалы. Бірақ комбинаттың басшысы 2018 жылы жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша аумақтың өндіріске еш қаупі жоқ екені дәлелденген деп отыр.
ҚУАНЫШ БОТИН, «МАЙҚАЙЫҢ-АЛТЫН» Кен байыту комбинатының бас директоры:
- Осындай оқиғаға тап боламыз деп ондай болуы мүмкін емес еді. Жобалау жұмыстары бойынша ол жолмен күндікке өзіміз де жүретін едік, мен де жүретінмін күндікке. Егер сондай нәрсе болады, опырылып құлайды деген күдік немесе бір адам айтса, онда біз ол жерді қоршап, ол жерде жүргізбей, бақылауға алар едік. Ал бүгінгі күні күдік болмағандықтан осылай жүріп, жұмыс істеп жатқан жәйіміз болды.
"Майқайың-алтын" кенішінде арнайы техникамен күні-түні тынбай топырақ қазылып жатыр. Әзірге төрт адамның екеуі табылды. Жедел құрылған штаб өкілдері автобус шамамен 23 метр тереңдікте жатыр дейді. Автобустың құлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда екі көліктің жүріп келе жатқанын көруге болады. Автобус құлаған кезде артында келе жатқан көлік кілт тоқтаған.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 техника жұмылдырылған. Екі аптаға жуық уақытта 180 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылыпты.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 19
@user-hr3hj7xc9p
@user-hr3hj7xc9p 4 ай бұрын
Әкей жыламыныз алла көмектеседі
@user-ql2ep5sb7g
@user-ql2ep5sb7g 3 ай бұрын
Команды акелуге болмадмекен Алла сабыр берсн
@user-vy8yb6eg7s
@user-vy8yb6eg7s 4 ай бұрын
Аллах жар болсын
@user-rq7li6zo8w
@user-rq7li6zo8w 4 ай бұрын
Кудай сактасын быр докейдын баласы болсыншы сразу табар еды ешкымнын басына бермесын
@user-vy8yb6eg7s
@user-vy8yb6eg7s 4 ай бұрын
Ага тезирек табылып кетсинши
@gulzhanz944
@gulzhanz944 4 ай бұрын
Кандай ауыр ер адамнын коз жасын коруге киын ай тез табылсыншы .
@user-uo7sk4ou1n
@user-uo7sk4ou1n 4 ай бұрын
Ага жыламан алла яр болсын оз ден саулык керек
@user-xn6kv1dt9b
@user-xn6kv1dt9b 4 ай бұрын
Иманды болсын. Ата сизге Аллам сабыр берсын. Табылады.
@user-hr3hj7xc9p
@user-hr3hj7xc9p 4 ай бұрын
Қоие бла
@crgbgghbg
@crgbgghbg 4 ай бұрын
Кудай сақтасын калай тапай жатыр мүмкін емес ыздеп жаткан жок сол жерде бастыктын балдары болса калай болар еді жанын салдырар еді жумыс жасамаитыны көрынып тургой.
@user-jq2sj1yi4e
@user-jq2sj1yi4e 4 ай бұрын
Не деген масқара
@user-le5og4in7c
@user-le5og4in7c 4 ай бұрын
Оңай емес қо! Айтуға оңайға
@ATILA786
@ATILA786 4 ай бұрын
Жолды дәль шұңқырыдын үстінен өткен ғой
@user-sr4hw5ns6p
@user-sr4hw5ns6p 3 ай бұрын
Жыл сайын миллиардап шыршага акша болгенше шет елден дұрыс маман шкырсын
@user-on2tv3dq8r
@user-on2tv3dq8r 4 ай бұрын
Табылмаиды!
@hled_hled
@hled_hled 4 ай бұрын
өзін табылмайсын
@user-dv8dq3fv2o
@user-dv8dq3fv2o 3 ай бұрын
Жағына жылан жұмыртқаласын Имансыз.
@user-on2tv3dq8r
@user-on2tv3dq8r 3 ай бұрын
@@user-dv8dq3fv2o .тағы не айтасың?😆
@user-on2tv3dq8r
@user-on2tv3dq8r 3 ай бұрын
@@user-dv8dq3fv2o иманды сен болсаң,бар ізде.тап.
Ещё одна беда Майкаина
2:15
ERTIS TV / Ертіс телеарнасы
Рет қаралды 31 М.
Дау-дамайсыз: Аружанға көмек
23:34
ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ БАБУШКИ #shorts
00:19
Паша Осадчий
Рет қаралды 5 МЛН
Шокирующая Речь Выпускника 😳📽️@CarrolltonTexas
00:43
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 9 МЛН
Майқайыңдағы үйлердің асты шахта ма?
3:21
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 24 М.
СОҒЫС АЯҚТАЛҒАНША РЕСЕЙМЕН БАРЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК / Әлем Тынысы
39:24
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 164 М.
ҚАЗАҒА ҰЛАСҚАН ҚОНАҚАСЫ
3:57
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 599 М.
Қазыналы мекен. Майқайың алтын кен орны
10:05
Телеканал Хабар 24
Рет қаралды 1,8 М.
Уральские пельмени  Аренда коттеджа на Новый год
8:57
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 75 М.
РЕЗОНАНСТЫ ІС: ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӨРТ ПОЛИЦЕЙ СОТТАЛДЫ
3:15
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 112 М.
ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ БАБУШКИ #shorts
00:19
Паша Осадчий
Рет қаралды 5 МЛН