«Майқайың-Алтын» кенішіне құлап кеткен автобус ішіндегі екі адам әлі табылмай жатыр

  Рет қаралды 5,393

Информбюро 31

Информбюро 31

4 ай бұрын

Павлодар облысында «Майқайың-Алтын» кенішіне құлап кеткен автобус ішіндегі екі адам әлі табылмай жатыр. Іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына бүгін тура 19 күн болды. Бұған дейін Балқаштан жеткізілген георадар арқылы жер астын сканерлеп, автобустың болжамды орны анықталған еді. Алайда ол жерден автобус емес, екі метрлік құбыр сынығы шыққан. Ал, екі құтқарушының тірі екеніне сенімдіміз деген туыстары Президентке үндеу жолдап, шетелдік құтқарушыларды көмекке шақыруды сұрап отыр.
19 тәуліктен бері табылмай жатқан Айдос Шаймерденді үйінде бес баласы күтіп отыр. Ең кенжесі екі жаста. Үйінді астында қалған құтқарушының әйелі Нұрсулу Шаймерден күйеуінің тірі екеніне сенімді. Үнсіз жата алмадым деген келіншек президентке үндеу жолдау, шетелдік құтқарушыларды көмекке шақыруды сұрайды. Себебі, іздестіру жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатыр дейді.
НҰРСҰЛУ ШАЙМЕРДЕН, Айдос Шаймерденнің жұбайы:
- Біз 18 күннен бері қайғыдан қан жұтып отырмыз. Адам өмірі басты құндылық емес пе? Неге өзге мемлекеттерден көмек сұрамасқа? Неге техника алмасқа? Маған қазіргі таңда жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары маңызды да, қажет емес. Оны кейін зерттеп үлгересіздер. Маған азаматым, бес баламның әкесі, отбасы қорғаны керек. Құрметті Президент, сізден осы апатқа байланысты жұмыстарды ерекше жеке бақылауыңызға алуды сұраймын.
Автобустағы екінші адам - жақында 56 жасқа толған Айып Тілеубергенов. Ол жедел құтқару көлігінің тізгіншісі. Екі ұл, бір қыздың әкесі. Жақындары автобус құлаған кезде екі күннен бері еш жұмыстар жүргізілмегенін, ал қазір жерді қазуға арналған техниканың жеткіліксіз екенін айтады. Жүргізушінің інісі еліміз мұндай жағдайларға дайын болмағаны ма деп күйініп отыр.
АМАНГЕЛДІ ТІЛЕУБЕРГЕНОВ, Айып Тілеубергеновтың інісі
- Нәтиже жоқ вообщем қазба жұмыстарынан. Бізді қағаттандырып тұрған жоқ. Қаншама күннен бері осында тосып отырмыз. Жанымыздағы көршілес мықты-мықты елдерде бір құралдар бар шығар, соны шақыруды өтінеміз. Бізге көмек керек. Ағамыз астында, біз жердің үстінде көрермен сияқты жүрміз.
Бұған дейін Балқаштан жеткізілген георадар арқылы жер астын сканерлеп, автобустың болжамды орны анықталған еді. Сол жерді бірнеше күннен бері қазған құтқарушылар автобус емес, екі метрлік құбыр сынығын тапты. Енді мамандар шұңқыр түбінен бірнеше жерді қазу жұмыстарын бастады.
ОЛЕГ ТРЕЩЕВ, Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
- Біз кеше шұңқыр ішіне екінші экскаваторды түсірдік. Қазір екі техникамен бірнеше жерден қазып жатырмыз. Алдында сканер көрсеткен жерден құбыр шықты. Одан кейін тағы бірнеше рет сканер жасадық. Құрылғы жер астындағы кез келген темірге реакция береді. Сондықтан автобустың нақты жатқан орнын анықтау мүмкін емес.
Бүгін іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына тура 19 күн болды. Оқиға орнында 147 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 45 техника мен үш ит жұмылдырылған.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#Информбюро #31арна #Жаңалықтар #БастыЖаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 16
@aijankopeeva4512
@aijankopeeva4512 4 ай бұрын
Алла Адамдардың дін аман табылуына нәсіп етсін 🙏🙏🙏
@Ayim333
@Ayim333 4 ай бұрын
Аумин
@ErzhanBagisbaev-ek9vr
@ErzhanBagisbaev-ek9vr 4 ай бұрын
Иманды болсын
@user-jv1oo4il5t
@user-jv1oo4il5t 4 ай бұрын
Не болып кетті. Күрекпен қазып жатыр ма.
@user-vg5ll4qm9y
@user-vg5ll4qm9y 4 ай бұрын
Автобус калай кулап кетеди уздигинен.казакст дурыс техникада жокпа.алла жар болсын.жогалган адамдар тез таблсын.
@user-zz7zu5sm2z
@user-zz7zu5sm2z 4 ай бұрын
19 кунде тыры болмайды ау почему такжолго ищут
@user-bz1nv8si2m
@user-bz1nv8si2m 4 ай бұрын
Қалай қүбыр шығып автобус жоқ, сонда теріс қазып жатыр ма? Онда кері қазу керек жерді
@user-qk3mc2fm4j
@user-qk3mc2fm4j 4 ай бұрын
Масқара емес па,неше күн өтті
@murzabekkz7108
@murzabekkz7108 4 ай бұрын
Ауа енди давно таусылдыго
@aimanred8839
@aimanred8839 4 ай бұрын
Диванные комментаторы ,барып оздериниз комек бериндер ,баска ель Саган не Деп комектеседи ) оз елинен баска ешким комек бермейди ,жанете Канша Кун жумысты токтатпай Истепжатыр
@user-rf7em6nn3o
@user-rf7em6nn3o 4 ай бұрын
Комекти 20 куннен кейин сурвп тур. биринши куни сурау керек еди. 1апта бурын автобустын кайда екенин таптык деп единдер гой. Неге отирик хабар таратасындар
@murzabekkz7108
@murzabekkz7108 4 ай бұрын
Автубос таптык деген жок. Астында улкен Темир бар екени коринип тур деди. Ол ески шахта болгасын Темир коп.
@user-vg5ll4qm9y
@user-vg5ll4qm9y 4 ай бұрын
Жагдай тусниксиз неге дурысын айтпайсындар.
@user-on2tv3dq8r
@user-on2tv3dq8r 4 ай бұрын
Автобус жоғары жақта,жанында жатыр.адамдар қимылсыз.демі таусылған. Бірақ жер бетіне олар шықпайды. Енді мазаламаңдар.
@gulnaragulia
@gulnaragulia 4 ай бұрын
Сіз көріпкелсіз бе? Неге мұндай тұжырым жасап отырсыз?
Полный выпуск 31 05 2024
24:52
Информбюро 31
Рет қаралды 2,5 М.
Елу жылдан кейінгі ерекше кездесу
3:47
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 136 М.
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН
О, сосисочки! (Или корейская уличная еда?)
00:32
Кушать Хочу
Рет қаралды 8 МЛН
1❤️
00:20
すしらーめん《りく》
Рет қаралды 32 МЛН
Дау-дамайсыз: Тоғыз бала
22:33
KTK TV
Рет қаралды 213 М.
Шымкентте көпқабатты үйлер қисайып барады
3:20
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 243 М.
Қорытынды жаңалықтар (01.06.2024) 18:30
29:26
Телеканал ТДК-42
Рет қаралды 3,3 М.
100❤️ #shorts #construction #mizumayuuki
00:18
MY💝No War🤝
Рет қаралды 20 МЛН