Рет қаралды 1,290
Әні мен сөзі - Ясира Заханқызы
23.03.2022.
Құрдастар әні
Кездеспедік көп болды құрдастарымыз,
Жыйналыпты-ау, бір талай сыр дастанымыз,
Жылдар өтті байқалмай, әңгіме көп айтардай,
Көргенімде құрдастар ,жаным марқайды-ай.
Көңіліме сыйлайтын көктем гүлдерін,
Өздеріңсіз құрдастар көптен күлмедім.
Көңіл ашпас кез келген, жөнің бөлек
көз көрген!
Әзілдерін бастайтын сонау кездерден!
Қ.сы;
Қайта оралсын,жас шағым,
Гүл ғұмыры бақшаның,
Көтерейік көңілдің,
Ашып аспанын.
Назданатын еркелеп,
Құрдасыңды еркелет!
Қалжыңыңмен жанымды,
Тағы өртеп өт!
Талай белес асса да өмір көшіміз,
Әлі күнге жирма бес көңіл хошымыз!
Жүзінен нұр сырғанап, самайына кірсе де ақ,
Құрдасымның көзінен көктем тұр қарап!
Өйнап күлсең өмірде мән болады екен,
Жайнап жүрсең көңіл де ән салады екен.
Көңілдері күз-көктем,сағынысып іздескен!
Құрдастарға мың сәлем осы бір кештен!