Мақтааралға не болды? Клубты кім құртты? / Ақсудың ҚПЛ-ға келуі әділетті ме?

  Рет қаралды 3,662

Есей Жеңісұлы

Есей Жеңісұлы

4 ай бұрын

Бізді қолдаған: ‪@ParimatchKazakhstan‬
Instagram - / parimatch_kz
Telegram - t.me/pmkaz
TikTok - / parimatch_kz
Телеграмда күнде жаңалықтар шығып тұрады: t.me/soqqyjanegoal
«Ақсу» Премьер-лиганың жаңа маусымында ойнайды
Бүгін 2024 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының толық қатысушылары белгілі болды. Премьер-лиганың жүлдесі үшін «Мақтаарал» ФК-нің орнына «Ақсу» ФК таласатын болды. Естеріңізге сала кетейік, атакенттік команда футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі ережелердің минималды талаптарын орындамағаны және талапқа сай келмегендігі үшін чемпионатқа қатысудан шеттетілген еді.
Клубтардың бәсекеге қабілеттілігін сақтау және чемпионаттың сапасын арттыру мақсатында ҚКФЛ Премьер-лигаға қатысушылар санына өзгерістер енгізбеудің маңыздылығын атап өтуде. 14 клубпен өткізу форматы соңғы 3 маусымда өзінің қажеттілігін дәлелдеп, ойын күнтізбесін икемді және жоспарлауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл формат қатысушыларға жоғары дивизионда өнер көрсету үшін жоғары сәйкестік талаптарын белгіледі, нәтижесінде футбол клубтарының дамуына оң әсер етті.
🇰🇿 Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Ақсу» ФК-ға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Спорттық қағидатты сақтау мақсатында чемпионаттың жаңа маусымына қатысу туралы ұсыныс Бірінші лига клубтарына және өткен жылдың қорытындысы бойынша Премьер-лигада соңғы орындарға жайғасқан үш клубқа жіберілді. Нәтижесінде, «Ақжайық», «Хан Тәңірі», «Арыс»,«Түркістан»,«Тараз» және «Оқжетпес» клубтары қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, «Каспий» ФК-да сәйкессіздіктер анықталды, ал «Қыран» ФК қатысу туралы ұсынысқа жауап бермеді.
Айта кетейік, павлодарлық «Ақсу» 2022 жылы Премьер-лиганың дебюттік маусымында 6-шы орынды иеленді, ал өткен жылы чемпионатты соңғы 14-ші орында аяқтады.

Пікірлер: 37
@eseijenisuly
@eseijenisuly 4 ай бұрын
Біздің серіктесіміз Parimatch Kazakhstan Metaratings Top Awards 🏆марапатындағы барлық букмекерлік номинацияларына ұсынылды 💪 Серіктесімізді қолдаңыз да, шотыңа 500 фрибет ал 👉 clck.ru/38fiKP
@moldabeckbey
@moldabeckbey 4 ай бұрын
Maqta Real клубына жаным ашып тұр. Жергілікті ойыншылармен жақсы ойнаушы еді ғой.
@Arn.Zhasaq479
@Arn.Zhasaq479 4 ай бұрын
Наурызда не болар екен, ә!!!? Қазақстан ұлттық құрамасы жолдама алса екен деп тілеп, Құдай Тағаладан жеңіс пен жолдама сұрап қояйық 🤲🤲🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿💪💪💪👍👍👍✊✊✊
@user-ve7np2xp5k
@user-ve7np2xp5k 4 ай бұрын
Ұлттық Құрамамызға тек жеңіс тілейміз! Алла қолдасын!!!
@user-ve7np2xp5k
@user-ve7np2xp5k 4 ай бұрын
Мақтаралға жаным ашиды!!!
@user-ve7np2xp5k
@user-ve7np2xp5k 4 ай бұрын
Тұранның орнына Мақтаарал ойнауы керек еді, Мақтааралдың қаржысы аз болғанымен Тұраннан ойын дәрежесі өте жоғары. Түркістан облысының намысын қорғайтын Тұран кім, Қыран кім??? Екеуі де алысқа бара алмайтын клубтар, облыс орталығының командасы деген тек аты ғана! Ірге тасы Арыс қаласынан құралған клубты иеленіп алған Түркістан қаласы команданың барлық жағдайын жасап, көңіл бөліп жатқаны да шамалы! " Аттан қалма байталым" - деп премьер лигада ілініп салынып көш соңында ақсаңдап жүретіні сөзсіз!!!
@user-hz9qt7yk3i
@user-hz9qt7yk3i 4 ай бұрын
Тұранды Мойындамаймын түркістаннан болсамда Қолдыдық алғашқы жылы бірақ үмітті ақтамады. Түркістандық ретінде Яссы Түркістанды ғана қолдаймын. Естуімше инвестор 400 млн қарызды өтесеңдер боламын деген. Облыс бермеген. Биыл әкім ауысып қалады ау. Спорт басқармасы нөл жұмыс жасауда. Мақтааралды қолдан тұншықтырды. 800 млн емес 400 500 берседе ойнайтын еді.
@user-ve7np2xp5k
@user-ve7np2xp5k 4 ай бұрын
@@user-hz9qt7yk3i Дұрыс айтасыз, менде оңтүстікпін, бір аты дардай , киелі рухани деген облыс орталығы ат шаптырым ғана аумақтай аудан командасына қаржы таппағандығынан емес, ауылдың рухани байлығына жаны ашымағандықтан көңіл бөлмегендігі өте өкінішті! Жыланды үш рет кессе де кесірткелік әлі бар- деген, Арыстық команданы қанша жерден бөлшектесе де, бәрібір арыстық жігіттер намысты қолдан бере қоймас! Арыс командасы алға! Өз қалаңның намысын Түркістан емес, өздерің қорғаңдар!!!
@NNNur10
@NNNur10 4 ай бұрын
Мақтаралға обал
@user-ng1uz8ic6z
@user-ng1uz8ic6z 4 ай бұрын
Есей аға Қазақстанның Премьер командалары және қандай жаттықтырушылармен қандай ойыншылардың ауысқаны жөнінде барлық блогерлер айтатынын көріп жүрмін үнемі алайда Тұран командасы туралы ешкімде осы күнге дейін мүлдем айтқан емес келесіде Тұран командасы туралы арнайы айтып шықсаңыз өтініш
@user-ys7ie3fv7i
@user-ys7ie3fv7i 4 ай бұрын
Ассалаумағалейкум! Есей ағамыздың ақпаратына 1000 лайк!!!
@user-ob8qu5hs6n
@user-ob8qu5hs6n 4 ай бұрын
Мақтааралға обал аділдік жоқ аузы қыйсық болсада байдың баласы сөлесі болып кетті
@erkegalikarymsakov3852
@erkegalikarymsakov3852 4 ай бұрын
Жаксы
@user-gi9kh7ph6l
@user-gi9kh7ph6l 4 ай бұрын
Баяғы жергілікті жігіттер ойнай бергенде де оларға көп ақша да керек емес еді ғой.
@qazaqarman7503
@qazaqarman7503 4 ай бұрын
Өте дұрыс 14 команда дұрыс қала облыс көп бізде
@user-dn6qh1zc4y
@user-dn6qh1zc4y 4 ай бұрын
Арыс қаласының клубын қаншама тер төкті десеңізші, әркімнің еңбегін бағалау керек, Түркістан бір мақтанғысы келіп еді, таза эгойст, аймақ орталығымыз деп, олай болмайды.
@qazaqarman7503
@qazaqarman7503 4 ай бұрын
Рас кезінде Алтай шығып ҚПЛ ға сосын орнын Тараз басқан
@user-yn6lf6uu5l
@user-yn6lf6uu5l 3 ай бұрын
Бул жерде.адилдик болмаганда болмайдыда. Кай жылдары. Кайсар ойынлы тастаганы ушин торешинин кесиринен. Кпл дан шыгарып тастады дал сонжай жагдай. Кайрат кайталап еди оны шыгарган жок. Адилдик кайда. Фут болда .хоккей ди баскарып отырган орымкулдар жаны ашитын бир казак жокпа. А д илдик болмай кош тузелмейди агайын
@user-zv1xz9yt1r
@user-zv1xz9yt1r 3 ай бұрын
Сыз мены кешырыныз рақмет арине Ақсу не постортивнему келет а так мен трактор ансат ертыс жанкуйрымын сызге сәтылык тылимын Ақсу ❤ қаласынан 🎉
@user-rl8dx8ub8k
@user-rl8dx8ub8k 3 ай бұрын
🎉
@Arn.Zhasaq479
@Arn.Zhasaq479 4 ай бұрын
Қызықтың көкесі наурызда ғой 😁😁😁
@zhooza3393
@zhooza3393 4 ай бұрын
Таразды қою керек еді. Футбол мектебі мықты.
@Arn.Zhasaq479
@Arn.Zhasaq479 4 ай бұрын
🇰🇿💪💪💪
@user-gi9kh7ph6l
@user-gi9kh7ph6l 4 ай бұрын
Кабананга деген маймыл келіп құртты-ау
@user-ys7ie3fv7i
@user-ys7ie3fv7i 4 ай бұрын
👍👍👍✊✊✊💪💪💪🔥🔥🔥🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-rm3bt8zv3d
@user-rm3bt8zv3d 4 ай бұрын
Ақсудың АПЛ-ға келуі заңсыз. Мақтаарал жемқорлардың құрбаны болды.
@user-ng1uz8ic6z
@user-ng1uz8ic6z 4 ай бұрын
Мақтаарал ауданнан шыққан жергілікті футболшылардан құралған ойыншылар өте жақсы болашағы бар команда еді обал болыпты қайда болсада корупция келесі жылы Мақтаарал командасына ірі демеуші қажет
@Arn.Zhasaq479
@Arn.Zhasaq479 4 ай бұрын
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-vk8of6qo7q
@user-vk8of6qo7q 4 ай бұрын
Акжайык келу керек,
@user-nn1vo7ou1b
@user-nn1vo7ou1b 3 ай бұрын
Малдар ғой мақтаралды түсіріп тастады Мақтарал өзінің жастары мен ақ ойнай беру керек еді ұшып кетсе де аз қаржы болса да соттасса да болады ғой
@artisartys1052
@artisartys1052 3 ай бұрын
лигонерлердің керегі жоққои.
@user-vk8of6qo7q
@user-vk8of6qo7q 4 ай бұрын
Ертиске беру керек еди или
@user-tv2dm4pi3f
@user-tv2dm4pi3f 4 ай бұрын
Кайрат чемпион 💛🖤
@user-qw5sq8cb7n
@user-qw5sq8cb7n 4 ай бұрын
АҚТӨБЕ АҚТӨБЕ ❤❤❤
@user-hd6og9me3d
@user-hd6og9me3d 4 ай бұрын
Кпл ұят позор лигада ұшып кеткен команданы қайтадан лигаға қосу
@user-yy6cs7yv1k
@user-yy6cs7yv1k 3 ай бұрын
Мактааралга 1 тиында бермеген. Колдан жасап отыр. Тараз келу керек еды.
@user-ig4qt2cf2y
@user-ig4qt2cf2y 4 ай бұрын
Тобыл чемпион❤
They RUINED Everything! 😢
00:31
Carter Sharer
Рет қаралды 25 МЛН
Чай будешь? #чайбудешь
00:14
ПАРОДИИ НА ИЗВЕСТНЫЕ ТРЕКИ
Рет қаралды 2,9 МЛН
МҰХТАР МАҒАУИН "СКРИПКА БІЗДЕН ШЫҚҚАН"
19:20
Серікгүл Сұлтанқажы
Рет қаралды 8 М.
«50 және 1 сұрақ»: Дәулет Өсербай
6:35
Khabar TV
Рет қаралды 183 М.
Рахмет, Магомед! Адиев Қазақстаннан кетті.
24:21
Есей Жеңісұлы
Рет қаралды 11 М.
David Luiz VS Lehmann VS Casemiro VS Messi VS Ronaldo Drink Challenge😁
0:25
Необычная тренировка
0:17
Story-Bytes
Рет қаралды 62 М.
#football #messivsronaldo #messi
0:24
@Sal futebol
Рет қаралды 3,9 МЛН
#football #fc #soccer #challenge #funny #music #reaction
0:22
m_ART_in
Рет қаралды 2 МЛН
Ronaldo Rare Moments #9
0:20
MaxianFootball
Рет қаралды 32 МЛН
How did he score the goal?🤯🤯🤯
0:27
Big family house
Рет қаралды 1,4 МЛН
Respect After The Fight 🔥
0:12
FightingDad
Рет қаралды 2,8 МЛН