Маралды ауылының мәселесі

  Рет қаралды 3,617

ALTAI TV

ALTAI TV

Күн бұрын

Облыс орталығынан 100 шақырым жерде орналасқан, Күршім ауданына қарасты Маралды ауылының тұрғындары алтын фабрикасының салынуына қарсы. Аталмыш мәселе талқыға салынған қоғамдық тыңдауларда тұрғылықты халық өз пікірін білдірген. Осыған байланысты алтын өндіруші компания құрылыс жұмыстарын бастай алмай отыр. Тұрғындарды алаңдатқан түйткілді мәселені облыс әкімі Даниал Ахметов тікелей өз бақылауына алып, бүгінде істің мән-жайын анықтауға бағытталған тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Фабрика салғысы келетін компания өкілдері жобаның қоршаған ортаға кері әсері жоқ дегенімен, тұрғындар мұнымен келіспейді. Көпшілікті алаңдатып отырған жайт, алтыны бар кен ашық жолмен қазып алынбақ. Сондықтан бірінші кезекте осы мәселеге назар аудару керектігін алға тартқан Маралды ауылының тұрғындары, облыс әкімі мен аймақтың бас прокурорына жүгінген.
Маралды ауылының тұрғындарына арналған бейнеүндеуінде өңір басшысы аталған мәселе бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне бірнеше рет хат жолдағанын баяндады. Онда жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты бақылау жүргізу, экологиялық келісімнің негізділігіне және қазіргі уақытта сот рәсімдері жүріп жатқан жер учаскелерін берудің заңдылығына тексеру жүргізу қажеттілігіне баса мән беріліпті.
Сондай-ақ, облыс әкімінің құзырлы министрліктерге жолдаған хатында: Жер Кодексінің қырық үшінші, тоқсаныншы, тоқсан жетінші және Экологиялық Кодекстің екі жүз отыз алтыншы, екі жүз отыз жетінші баптарында анықталған заңдық қайшылықтар туралы айтылады. Қазіргі уақытта облыс әкімінің орынбасары мен өзге де жауапты мамандар тобы бірнеше министрлікпен жұмыс істеуде. Талай уақыттан бері Маралды халқын сарсаңға салған түйткілді мәселе аймақ басшысының тікелей бақылауында.

Пікірлер: 45
@ШынарайИкиманова
@ШынарайИкиманова Жыл бұрын
Д.Ахметов мырза Маралды ауылының бір бөлігі емес, Маралды ауылының 100% тұрғындары түбегейлі қарсы!!! #маралдыэкология
@ҒалымжанУалиев
@ҒалымжанУалиев Жыл бұрын
Қазақ бірігіп басын көтеру керек! Әйтпесе мына көкейлерін алтын тескен бёлелер қазақтың жерін быт- шытын шығарды и шығарады! .. қол ұшынан жалғасқан сыбайластық халық болып тоқтатпаса болмайды..
@ДанаМамырбаева-д2ь
@ДанаМамырбаева-д2ь Жыл бұрын
Маралды ауылында мал жайылатын жерлерді қазып жайсыздық тудыруда. Фабрика салынбасын. Әкімдер халықты қолдайды деп ойлаимын.
@baurabi5354
@baurabi5354 Жыл бұрын
Салдырмау керек фабриканы.
@АнияшУранова
@АнияшУранова Жыл бұрын
Ешқандай әдіспен алтын өндірілмесін, фабрика салынбасын, халық қарсымыз,#маралды экология
@bazarbek-cg7sn
@bazarbek-cg7sn Жыл бұрын
Ешқандаи завод салынбасын табиғатымызды сақтап қалаиық бұлар бүгін барда ертең жоқ ал Маралды мен Ұшбұлақ бізге және болашақ ұрпаққа керек туған жер
@RashidMusapyrov-nq4yi
@RashidMusapyrov-nq4yi Жыл бұрын
Фабрика салынуына қарсымын. ТОҚТАТЫЛСЫН.
@ДауренРайсбаев
@ДауренРайсбаев Жыл бұрын
Маралды ауылымыздың табиғатын бүлдіруге жол бермеуіміз керек. Фабрика салынбасын. ҚАРСЫМЫЗ
@user-888-s8z
@user-888-s8z Жыл бұрын
Керек емес гумилев университеты. Независимый экспертерды шакыртамыз. Международные организации подключили
@ЖамигаКасенова
@ЖамигаКасенова Жыл бұрын
Фабрика салынбасын. Экологиялық апатқа жол бермеңіздер. Ешқандай химикат қажет емес тоқтатсын жұмысын. Жерімізді, таза суымызды, сұлу табиғатымызды қорғап қалайық.#Маралдыэкология. #МаралдыҮшбұлақтағдыры.
@ШынарайИкиманова
@ШынарайИкиманова Жыл бұрын
Туған жердің табиғатын қорғау әрбір азаматтың міндеті!!! Бөтен біреулер келіп ауылыңның тас талқанын шығарып жатса неге біз қарап отыруымыз керек??? Таудың ішін жарылыс жасап, өзен суымызды улап, көпірімізді қиратып тайраңдатып жүргізбейміз!!!#маралдыэкологиясы
@КульсимАбдрахманова
@КульсимАбдрахманова Жыл бұрын
ШКО КУРШИМ АУДАНЫ МАРАЛДЫ АУЫЛЫНДА УЛЫ ЦИОНИДПЕН АЛТЫН ОНДЕЙТИН ФАБРИКА САЛЫНУНА КАРСЫМЫЗ, КАРСЫМЫЗ, КАРСЫМЫЗ.
@bazarbek-cg7sn
@bazarbek-cg7sn Жыл бұрын
Жәнеде Маралды жүз паиыз фабрика салынуына қарсы
@БолатбекБабакумар
@БолатбекБабакумар Жыл бұрын
Зауат салуға мүлдем жол бермеу керек қалыққа еш пайдасы жоқ.
@KanatBukbaev
@KanatBukbaev Жыл бұрын
Біздің табиғатты құртуды бақалауыңа аласың ба ? Сіз қашан орныңызды босатып кетесіз ? Жасыңыз келді демалсаңышы.
@КульсимАбдрахманова
@КульсимАбдрахманова Жыл бұрын
Жер зансыз берилген,20 тн копирге бир кунде 70тн белги койылган занды орескел бузып ауыр техникалар откизген.
@МадинаРамазанова-в4б
@МадинаРамазанова-в4б Жыл бұрын
Гумелёв оздерінікіғой фабриканын пайдасына шешеди ,қалай шешседе халық қарсы қопарып қопарып тастаған ол зияндыққа жатпайма ?
@АлмаТолебаева
@АлмаТолебаева Жыл бұрын
Фабрика салуга болмайды
@МендигульШурумова
@МендигульШурумова Жыл бұрын
Фабрика салынбасын
@МадинаРамазанова-в4б
@МадинаРамазанова-в4б Жыл бұрын
Суды лайласа таудын барин жарып қопарса сонын ози цианитсызда зиян келдирип тургой булар ещё плюс к этому цианит қолданат .Табиғатты қорламасын керек емес фабрика .
@ОрмукановаАйсауле
@ОрмукановаАйсауле Жыл бұрын
Маралды адамдарын жұмысқа алсын деген ниеті жоқ. Фабрика салуға қарсы екен
@АхметКобеев
@АхметКобеев Жыл бұрын
Маралды халкы🎉маладес бул бандид болган бул окимет отыз жылда осы елге шыгыс халкына конил болмеген осы жылга дин инфира курым жаксы омир силалмай отырган Акимдер не карап отырсындар барлык биснис орыстар истеп отыр сол елдин казактары соларга тауелди болып отыр казак истесе болмай ма карандар сол жактын казактарына олар орыс кулы емес бар казак орыс тилинде соиледи не сумдык бул оз елинде кун болыу керек па не обылыс Акими казах болсан кара оз казагын солжердеги халык
@ЖусанЖусан-ы1к
@ЖусанЖусан-ы1к 6 ай бұрын
Ахметовтың жылтыр сөзінің артында ақшадан өліп тұрғаны көрініп тұр. Бұл жердің егесі - ТҰРҒЫН ХАЛЫҚ !!!
@БтішКанафиянова
@БтішКанафиянова Жыл бұрын
Байлыққа кенелеміз деп алдын ала пайда ларын есептеген қулар оңайшылығымен беріле қоймас.Маралдықтар,біз сіздерменбіз.Сіздерді керек болса бүкіл Қазақстан қолдайды.Өйткені қара халықтың тағдыры шешілгелі отыр.Біз біргеміз
@MARALDY_SOS
@MARALDY_SOS Жыл бұрын
Рахмет
@БакитбекКоркитов-л7г
@БакитбекКоркитов-л7г Жыл бұрын
Үкіметке айтарым Еліміздің мұнайын талан таражға салмай ретке келтіріңдер.Алтын жата берсін золотой запасқа болашақ ұрпаққа. Алтын құнын жоғалтпайды.
@АйбаршаИгликова
@АйбаршаИгликова Жыл бұрын
Фабрика салуға қарсымыз
@КульсимАбдрахманова
@КульсимАбдрахманова Жыл бұрын
#маралдыэкология
@user-888-s8z
@user-888-s8z Жыл бұрын
100%тургындары карсы.
@ЖАНАРОшакбаева-й3к
@ЖАНАРОшакбаева-й3к Жыл бұрын
Маралиха ауылына цианидпен алтынды жуады оның суы екі өзенге қуиылады оган басшылар бастарын қатырып отырған жоқ ол суды мал адамдарда ішеді балалар суға түседі ешкім оган бас қатырып жатқан. тек алтынды алса болғаны
@ЖАНАРОшакбаева-й3к
@ЖАНАРОшакбаева-й3к Жыл бұрын
Онда әртурлі балықтар бар емдік шөптер бар итак талаи жерді қопарып тастады аш көздер цианидпен жу,са не болад
@ЖАНАРОшакбаева-й3к
@ЖАНАРОшакбаева-й3к Жыл бұрын
Біз фабрика салғанға қарсымыз
@ЖАНАРОшакбаева-й3к
@ЖАНАРОшакбаева-й3к Жыл бұрын
Маралды ауыл адамдары алтынды цианидпен жумақ соған аландаулы өте улы зат ушқан қус мал адамдар өледі екен басшылар оны тусіңгісі кнлмеиді
@respublika.
@respublika. 5 ай бұрын
Ахметов отірікші баласы деді ғой фабриканы салатын? Алдыменен барі жақсы ертегі еш экология зардап шекпейді дейді.Брақ анық экология міндетті түрде зардап шегеді.
@АлтынайМакиленова-щ2м
@АлтынайМакиленова-щ2м 10 ай бұрын
Карсымыз
@ЕрикЕсимов-т9т
@ЕрикЕсимов-т9т Жыл бұрын
Облыс орталығынан 300км.
@М.А.Е.4837
@М.А.Е.4837 3 ай бұрын
маралды жасасын!
@Issin_Nurzhan
@Issin_Nurzhan 7 ай бұрын
Лев гумилев😂
规则,在门里生存,出来~死亡
00:33
落魄的王子
Рет қаралды 20 МЛН
Остановили аттракцион из-за дочки!
00:42
Victoria Portfolio
Рет қаралды 3,7 МЛН
LIFEHACK😳 Rate our backpacks 1-10 😜🔥🎒
00:13
Diana Belitskay
Рет қаралды 3,9 МЛН
Win This Dodgeball Game or DIE…
00:36
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 37 МЛН
Миллиардық бизнесті 50 000 тг баста!
54:19
Ұлан Құрманғалиев
Рет қаралды 62 М.
Сенек ауылының бүгінгі күнгі жағдайы.
20:36
Берік Дауенов
Рет қаралды 112 М.
规则,在门里生存,出来~死亡
00:33
落魄的王子
Рет қаралды 20 МЛН