Маралды. Үндеу

  Рет қаралды 1,425

Маралды

Маралды

20 күн бұрын

Маралдыда Қазақстан бойынша ен жақсы Алтай балы шығады, жылына 80-90т
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылдық округінің аумағында кен өндіруді және цианидті пайдаланатын алтын өндіру фабрикасының құрылысын тоқтатуды талап ету мақсатында жазып отырмыз.
Фабрика Күршім өзеніне одан әрі трансұлттық Ертіс өзеніне (елді ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын еліміздің ең үлкен су артериясы) құятын Маралды өзенінің маңында (500 м) Маралды ауылының тура үстіндегі тауда салынып жатыр. Бұл аймақ Қазақстанның ірі сулы жасыл массивін құрайды, өсімдіктері, жануарлары мен балықтары Қызыл кітапқа енгізілген.
Тәуелсіз сарапшылардың пікірінше, таулы аймақта цианидті пайдаланып зауыт салу үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Дүниежүзілік тарихта мысалдар жеткілікті: мысалы, 2000 жылы Румынияның Байя-Маре қаласындағы осындай алтын өндіру зауытында Дунай өзеніне цианид ағып, апат болды. ЕуроОдақ бұл апатты Еуропадағы Чернобыль атом электр станциясының апатынан кейінгі экологиялық ең қауіпті апат деп санады. 2,5 миллионға жуық еуропалық азаматтар тұтынған су ішуге жарамсыз болып шықты және Тиса өзенінің сол ластанған бөлігінде барлық тірішілік иелері өлген. Тағы бір оқиға 1998 жылы Қырғыз Республикасында Құмтөр кең орнында болды. Алтын өндіруші компанияның жүк көлігі өзеннен өтетін көпірде апатқа ұшырап, 1740 кг цианид Барысқын өзеніне төгілді, соның кесірінен 17 мыңға жуық адам зардап шекті, бірнеше адам шығыны да болған. Тағы да 2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы Секисовка ауылындағы оқиғаны айтуға болады. Елді-мекенге жақын орналасқан алтын өндіру зауытында бөгет бұзылып, соның салдарынан Секисовка өзеніне цианид ағып, қоршаған ортаға және су ресурстарына орасан зор залал келтірілді, бірақ бұл жағдай әлі дұрыс бағаланбай келеді.
Біздің жағдайымыздағы компания 2021 жылы ғана тіркелген, яғни бұл салада тәжірибесі жоқ болса да экологияға қауіпті жобаға мемлекеттік органдардан рұқсат алған. Сондай-ақ, аталған нысанға жер телімдерін беру кезінде Экология кодексінің, «Жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның, Жер кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталды, бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің аудиторлық тексеруімен расталды. Жергілікті тұрғындардың пікірлері де ( түбегейлі қарсы екенін көптеген Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелерінен көруге болады) ескерілмеді.
Мұндай зиянды фабрика салу бүкіл Шығыс Қазақстанның фаунасының, флорасы мен экожүйесінің сөзсіз жойылуына әкеледі. Еліміздің туристік бизнес, мал шаруашылығы, асыл тұқымды омарта шаруашылығы және егін шаруашылығының нысандары бола алатын су және жасыл ресурстарға аса бай еместігін ескерсек (осы аймақта бонитет баллы жоғары жерлер) бұл аймаққа табиғат қорғау аймағының мәртебесін берсе немесе оны Катонқарағай ұлттық паркімен біріктірген жөн болар еді.
#маралдыэкология #казахстан #маралды
#акши #теректыбұлақ #теректыбулақ #тойвказахстане #қарабет #титушки #найман #адай #абай #назарбаев #нурсултан #акши #теректыбұлақ #теректыбулақ #өтей #той #қарабет #титушки #зайсан #зайсан #мажилис #шқо #жанаозен #жанылыктар #скандал #сулейменова #пожар #алтай #природа #казахстан #рыбалка #тарбағатай #тарбагатай @салтанатнукенова #маралдыэкология @бишимбаев
#маралдыэкология
@ulysmedia @atamekenbusiness @куштау @башкирия
#маралдыэкология #казахстан #маралды #maralicha #travelvlog #кэмпвосток #митинг #бектенов #жетібай #жанаөзен
#коррупциявказахстане
#акши #ринатзайытов #көкпар #өтей #айтыс #қарабет #депутатыказахстана #найман #traveling #абай #олжасбектенов #романскляр #ecologia #отставкаправительства #economics #бестобе #скляр #kazakhstan #алихансмаилов #вко #mountains #ecology #шқо #жанаозен #жанылыктар #алматы #мода #стиль #одежда #женскаОдежда #я #астана #атырау #актау #тараз #шымкент #жанаозен #krivosheev #кокшетау #костанай #костюм#скандал #сулейменова #пожар #алтай #природа #казахстан #рыбалка #тарбағатай #тарбагатай #усть-каменогорск #курчум #күршім #өскемен #astana #kazakhstan #правосудие #судьиказахстана #закон #прокуратураказахстан #астана #зыртяновск #bodybuildingmotivation #риддер #большенарым #flex #самарауданы #маркаколь #instabodybuilding #семей #павлодвр #ертіс #иртыш #басе #ринатзайытов #kz #astana #украина #aitym #aitymzhakuoov #дейді #qazaqhstan #кадыров #zhakupovteam #workoutcenterastana #казахстан #дикийарман #цианид #прорывцианида #дастархан #астана #алматы #шымкент #актау #ақтау #қарағанды #караганда #актобе #ақтөбе #атырау #талдықорған #талдыкорган #шу #жаңаөзен #жанаозен #казахстан #қазақстан #алға

Пікірлер: 41
@user-qc3wc1gk6k
@user-qc3wc1gk6k 17 күн бұрын
Ай қазағым, осы жау алыстан келмейды. Ен ауры ішінең шыққан жауғой.
@user-hy7rg1bq1f
@user-hy7rg1bq1f 17 күн бұрын
Маралды халқын қолдаиық ақшалаи
@user-uw7bf2bg2p
@user-uw7bf2bg2p 17 күн бұрын
Маралды халқын қолдаймын
@user-vb7ni4tr5u
@user-vb7ni4tr5u 17 күн бұрын
Маралды тұрғындарын толық қолдаймын! Бұл билікте болашақ, табиғат деген ұғым жоқ, тек қана құлқын, ақша, қалта, алтын. Билік халықты ойлап отырған жоқ, сондықтан халық бұл билікті жоюы керек!
@user-mc8bt3ih8p
@user-mc8bt3ih8p 17 күн бұрын
Қолдаймыз. Әділ Ақанұлын бауырымызды босатуын талап етеміз.
@user-tt1yn5kb5y
@user-tt1yn5kb5y 18 күн бұрын
Қолдаймыз Маралды тұрғындарын!!!
@amankeldi7
@amankeldi7 18 күн бұрын
ЕР ЖҮРЕК МАРАЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ ЖАСАСЫН!
@user-et3se9sx6b
@user-et3se9sx6b 17 күн бұрын
Ел үшін жер үшін билікпен жағаласып жатқан халқымызды қолдаймыз тоқаев сөзі бес алты адамға тос айтқандай халқына жанашыр бола алмады
@user-lh1gu9bw8k
@user-lh1gu9bw8k 17 күн бұрын
Босатуын талап етеміз!!
@user-zu5dm2tb1l
@user-zu5dm2tb1l 17 күн бұрын
✊✊✊👍💪💪💪❤️❤️
@vivaviva3119
@vivaviva3119 18 күн бұрын
Масқара!
@user-tl3yw4hf2f
@user-tl3yw4hf2f 17 күн бұрын
Маралдыда алтын өндіретін фабрика салынуына қарсымыз. Жер халықтікі
@user-qg7nk1jk2p
@user-qg7nk1jk2p 18 күн бұрын
БатырМаралдыХалкы Аман болындарКайытпаныздарБилик Шындык айтканды турмеге жемкорларды биликке министр аким кылып отыргызатын Назарбай Жуйесигой
@user-zd9hf5hq6l
@user-zd9hf5hq6l 17 күн бұрын
ОЯН КАЗАК БАС КОТЕР. АЛГА КАЗАХСТАН. БАРЫН БОСАТЫНДАР ...
@vivaviva3119
@vivaviva3119 18 күн бұрын
Сұмдық қой бұл!
@user-ux2rs1qi6t
@user-ux2rs1qi6t 15 күн бұрын
Ата ана жыламасын🤲
@user-tw4ky9ng7x
@user-tw4ky9ng7x 18 күн бұрын
Бүкіл Зайсан көлін жағалап отырған халық қолдау керек табиғатты құртады ұйықтамаңдар Зайсан көліне химияның бәрі құйылады қарт Зайсан құриды
@user-yu9tb1ng7t
@user-yu9tb1ng7t 9 күн бұрын
Қолдаймыз!
@user-yw8td6cr4u
@user-yw8td6cr4u 18 күн бұрын
Колдаймын
@user-tg9jn7bw7n
@user-tg9jn7bw7n 17 күн бұрын
Полицияны соттаугерек
@vivaviva3119
@vivaviva3119 18 күн бұрын
Сот, полицияның міндеті қылмыскерді ұстау емес пе! Біздегі полиция міндеттері өзгерген болар!
@user-uq6om1ne9m
@user-uq6om1ne9m 18 күн бұрын
Шіріген жүйе құрысын
@user-yu9tb1ng7t
@user-yu9tb1ng7t 9 күн бұрын
Табиғат қорғаушыларды қамаған жауыздар жауапқа тартылсын!
@user-yu9tb1ng7t
@user-yu9tb1ng7t 9 күн бұрын
Тойға бәйгеге деп шапқылай бермей елге көмек беріңдер қалайық бірігіп іске асырайық халық талабын.
@vivaviva3119
@vivaviva3119 18 күн бұрын
Себепсіз қамау әдетке айналып кеткен бе?
@user-qu6rz8jh3c
@user-qu6rz8jh3c 17 күн бұрын
О Маралдым..Маралдым! Бир сен ушин-Жараааалдым! Топырагыннан-Алтын алдым.. Негылдейсин сен маған..? Кемелден мен айналдым!😮😮😮😂😂😂
@user-dq6ji1qr1o
@user-dq6ji1qr1o 18 күн бұрын
Бұл не деген сұмдық. Шындықты айтып шырылдаған азаматтарды жазықсыз соттау жаман үрдіске айналып барады. Елді соттап қорқыту ма мақсаттарың. Жоқ ол түбінде жақсылыққа алып бармайды. Министр мырзалар, сендер ойламаңдар мен министрмін сондықтан қарапайым халықтан ақылдымын деп. Сендер ақылдарыңның көптігімен емес, сол билікке жақын туыстарыңның болмаса байқаусызда ілігіп кеткен ажамсыңдар. Сендердің жоғары білімі бар қарапайым азаматтардан артық ештеңелерің жоқ,ел арасында сендерден он есе ақылды жас,оқыған іскер азаматтар толып жатыр. Осы Маралды туралы депутаттар да айтып жатыр, ешқандай реакция жоқ үкімет тарапынан. Президент мырза ,біздің ықпалды парламент,еститін үкіметіміз қайда?. Неге осындай табиғатымызға зияны көп кәсіпорынды салуға үкіметтің өзі қарсылық көрсетпейді сол маңайда тұратын халықтың жағдайын,табиғаттың жағдайын ойласа. Сол жердегі алтын кімнің көкейін тесіп бара жатыр. Күштік құрылымдар мен соттар неге халық жағында емес?.
@user-Qaz-aQ_7
@user-Qaz-aQ_7 17 күн бұрын
Айттым ғой Қазақ жиналып төбелес шығармай бұл іс бітпейді
Маралдылықтардың үндеуі
4:52
Маралды
Рет қаралды 2,1 М.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 141 МЛН
Иран президенті қаза тапты
8:08
Ойтүрткі
Рет қаралды 4,9 М.
Ескі көлік қаптай ма? «Талқы»
29:16
Khabar NEWS
Рет қаралды 64 М.