Рет қаралды 39,675
Біз қазір кішкене бір жеріміз ауырса, дәріге жүгіретін ғасырда өмір сүреміз. Ал ол дәрілер бір жерімізді емдесе, екінші бір жерімізге зиян келтіріп жатады. Ал ақиқатында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз хадистерінде айтып кеткен денсаулығымызға орасан зор пайда әкелетін әрі түрлі аурулардан емдейтін тамаша жемістердің барын білмейміз, барын білсек те қадірін білмейміз, дұрыс қолданбаймыз.
Сондай жемістердің бірі - құрма. Құрма және Құрма ағашы Қасиетті Құран Кәрімде 29 рет кездеседі. Ислам діні қалыптасып келе жатқан кезде, мұсылман жауынгерлерінің қолданатын асы да осы құрма болған. Себебі, құрма бұлшықеттің дамуына көмектесетін тамаша жеміс. Тіпті, олар өздерімен бірге құрманы арнайы сөмкеде алып жүрген:)⠀ Құрмада пайдалы заттар өте көп. Жемісте А, Е, В дәрумендері бар. Тағы бір ерекшілігі, құрмада басқа жемістерде көп кездесе бермейтін амин қышқылдары да кездеседі. Бұған қоса, құрма құрамында кальций, фосфор, калий, магний, темір, мырыш, марганец және селен элементтері де бар. Құрманың 60% қанттан тұрады.
Құрма қандай ауруларға ем?⠀Анемиямен күресіп жүрген жандар үшін де құрма таптырмас ем. Темір - құрмадағы тағы да бір минерал. Ол қанның қызыл жасушаларындағы эритроциттер түзші гемоглобиннің жұмысын реттейді. Қан аздықтың алдын алады.⠀Құрманың құрамындағы окситоцин деген химиялық зат заманауи медицинада босанатын әйелге жәрдем беретін препарат ретінде қолданылады. Босану процесі сәтті өтуі үшін жатыр бұлшық еттерін дұрыс жиырылуы маңызды. Окситоцин өз кезегінде жатыр бұлшық еттерінің белсенді түрде жиырылуына белсенді ат салысады.⠀Құрма құрамындағы ақуыздар ағзаны жұқпалы аурудан қорғаушы қызметін атқарады. А дәрумені көз бұлшық еттерін жақсартады, сүйек және тісті қатайтады. В1 дәрумені ақуыздарды, көмірсуларды және майларды жойып, ағзадағы жасушалардың жаңаруын қамтамасыз етеді.⠀Құрманы ішек қызметі бұзылған кезде қолдану ұсынылады. Атақты орыс ғалымы Мечников «Құрма ішектегі бактериалды флораны жақсартуға арналған таптырмас жеміс» деген.
Қорыта айтқанда:
Анемияның алдын алады;
Қатерлі ісіктің қаупін азайтады;
Жүктілік пен босануды жеңілдетеді;
Күш-қуат беріп, мидың жұмысын жақсартады;
Жүйке жүйесінің шаршауын басады;
Бауырды сауықтырады.
Ендеше ауруымыздан айығу үшін ғана емес, аурудың алдын алу үшін Құрма жеуді әдетке айналдырайық! Кім менімен бірге күнінен 4-5 түйір құрма жеуді әдетке айналдыруға кіріседі? Тіпті құрмам да дайын. Сапалы құрманы Сұлтан шоп дүкенінен алып қойдым.
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*facebook: / marfugashapian
*vk: marfugashapian
*instagram: / marfugasha. .
*telegram: t.me/marfugashapian
*блог: marfugashapian.islam.kz/kk/#gs...
Хат жіберу үшін пошта: marfuga21@gmail.com