Әйелдерге шалбармен намаз оқуға бола ма? // Марфуға ШАПИЯН

  Рет қаралды 113,463

Марфуға ШАПИЯН

Марфуға ШАПИЯН

3 жыл бұрын

Намаздың міндетті шарттарының бірі әуретті жабу, яғни, бөгде адамдар көрмеуі тиіс ұятты жерлерді жабу болып табылады. Қыз-келіншектердің намаз оқыр алдында беті, саусақтары мен тобыққа дейінгі аяқтың басынан басқа жерлерінің бәрі жабық болуы тиіс.
Намаздың міндетті шарттарының бірі әуретті жабу, яғни, бөгде адамдар көрмеуі тиіс ұятты жерлерді жабу болып табылады. Қыз-келіншектердің намаз оқыр алдында беті, саусақтары мен тобыққа дейінгі аяқтың басынан басқа жерлерінің бәрі жабық болуы тиіс.
Кейбір мүжтаһидтердің пікірінше, қыз-келіншектердің табаны да әурет болып саналғандықтан оны да жабу қажет. Алайда Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы бойынша қыз-келіншектер денесінің бұл бөлігі әурет болып саналмайды, сондықтан оны жабу міндетті емес. Сол себепті де кейбір ғалымдар қыз-келіншектердің жалаң аяқ тұрып намаз оқығанын мәкрүһ десе, ал басқалары мұның еш әбестігі жоқ деп айтады. Ал басқа мәзхабтардың өкілдері табан- әурет болып табылады деген пікірді ұстанады.
Қыз-келіншектердің намаздағы киімі оның дене-мүшелерін айқындап тұратындай жұқа әрі тырысып тұрмауы керектігіне басты назар аудартқымыз келеді. Сол себепті қыз-келіншектердің тырысқан шалбар немесе денесіне жабысып тұратын жейде, көйлек киіп намаз оқуы дұрыс болып саналмайды. Егер тіпті шалбар киюге мәжбүр болса, онда үстіне ұзындығы тізеге дейін түсетін киім кигені жөн. Егер қыз-келіншектердің ондай киімі не белдемшесі болмаса, онда намазын қаза етіп қалдырғанша, шалбармен тұрып оқығаны жақсырақ болып саналады.
Сонымен қатар, намаз оқығанда қыз-келіншектер денесінің түсі айқындалатындай жұқа киім кимеулері қажет. Егер намаз осындай киіммен оқылса, онда оны қайтадан оқу керек. Бұл намаз оқығанда қыз-келіншектердің басына тағатын орамалына да байланысты айтылған. Шаш көрінбейтіндей басқа тағатын орамал қалың болу керек.
Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَآمِنُوا بِرَسُولِهِ يُؤْتِكُمْ كِفْلَيْنِ مِن رَّحْمَتِهِ وَيَجْعَل لَّكُمْ نُورًا تَمْشُونَ بِهِ وَيَغْفِرْ لَكُمْ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ
«Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар, Елшісіне иман келтіріңдер. Сендерге мәрхаметінен екі есе береді. Әрі сендерге сонымен жүретін нұр жаратады. Сендерді жарылқайды. Алла (Т.) тым жарылқаушы, ерекше мейірімді» (57:28).
Сіздерге Алла Тағаланың Мейірімі болсын!
МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:
*instagram: / marfugashapian
*facebook: / marfugashapian
*vk: marfugashapian
*telegram: t.me/marfugashapian
Хат жіберу үшін пошта: marfuga21@gmail.com

Пікірлер: 264
@inzhukazakbaieva1382
@inzhukazakbaieva1382 3 жыл бұрын
Менің жасым 12 де намаз окып жургениме 1жыл болды мен бугин бес уакыт бастадым. Альхамдулиллах
@gultu1252
@gultu1252 3 жыл бұрын
О.жаным ниетің қабыл болсын
@ardak8557
@ardak8557 3 жыл бұрын
Ниетің қабыл болсын
@user-dx3pf2uf7p
@user-dx3pf2uf7p 3 жыл бұрын
Кабыл болсын
@user-zg3wc2ie5l
@user-zg3wc2ie5l 3 жыл бұрын
Ол айтып керек емес инжу это рия
@user-mt4jc5ix8b
@user-mt4jc5ix8b 3 жыл бұрын
Ниетіңіз кабыл болсын
@user-gi8ji5vr5x
@user-gi8ji5vr5x 21 күн бұрын
Марфуга Шапиян жаксы Кыз адеми тусугдиреди Саган мын Рахмет!
@user-it8jm7im8l
@user-it8jm7im8l 3 жыл бұрын
Менің жасым 12 де намаздың барлық сөзін жаттадым Алла қаласа бастаймын 😍
@user-vw2ju1mt3w
@user-vw2ju1mt3w Жыл бұрын
@Исатайқызы Інкар 14
@user-gi8ji5vr5x
@user-gi8ji5vr5x 21 күн бұрын
Алла разы болсын!!!
@user-dk1pv3wr1y
@user-dk1pv3wr1y Күн бұрын
Рақмет🙏
@user-lm3um8hz8c
@user-lm3um8hz8c 3 жыл бұрын
Марфуга оте керемет,озимди мазалап журген сурактарыма жауап аламын ардайым.Алла жар болсын сизге!
@asanasanov9280
@asanasanov9280 3 жыл бұрын
Марфуға ватсаб нөмер қалдыңызшы
@user-zz9pj4gb9b
@user-zz9pj4gb9b 3 жыл бұрын
Марфуға,анық сөйлеп, жақсы түсіндіресің,Алла разы болсын!
@user-oq9ww7eg2l
@user-oq9ww7eg2l 2 жыл бұрын
Екінші әиелдің орвмалын-аи
@user-oq9ww7eg2l
@user-oq9ww7eg2l 2 жыл бұрын
Аминь,Аминь Марфуға аман болыңыз
@almatyalmaty2463
@almatyalmaty2463 3 жыл бұрын
Марфуга алла жар болсын !!!
@user-hn9dy6nz3s
@user-hn9dy6nz3s 3 жыл бұрын
Менің жасым 10 да жаз айында намаз оқыдым бірақ намазды ұмыттып кеттім! Ертең бастаймын! Инша-Аллах 🙏🙏🙏
@user-it8jm7im8l
@user-it8jm7im8l 3 жыл бұрын
Ма кішкентаисынгой
@user-cx4ot3mi2r
@user-cx4ot3mi2r 3 жыл бұрын
Ниет кабыл болсын бурынгы кездегі әжеміз намаз окыйтын кеде іш киімді шешіп окыйтын
@user-hs5pm9ed6f
@user-hs5pm9ed6f 3 жыл бұрын
меніғ жасым 11 де менікіде 1 жыл болд Аллаға шүкүр сіздерде намаз оқып үиреніп Алла тағаламыздын амалдарын орындап жүріңізлер маш Алла міңе мен намаз оқығаллы ігім жеңілдеп жүр 😇😇 сіздергеде сəттілік үиреніп кетіңіздер Алланың өзі сіздерге көмектессің тілектеріңіз қабыл болсып
@user-it8jm7im8l
@user-it8jm7im8l 3 жыл бұрын
Қабыл болсын
@user-hs5pm9ed6f
@user-hs5pm9ed6f 3 жыл бұрын
рахмет😘
@user-it8jm7im8l
@user-it8jm7im8l 3 жыл бұрын
Наргиза инстан барма?
@user-xq3pb8qo3l
@user-xq3pb8qo3l 2 жыл бұрын
Қабыл болсын алтыным
@user-gq9zt7yu3p
@user-gq9zt7yu3p 3 жыл бұрын
Оте орынды акылдар,Алла разы болсын
@user-gw4uc8gu5b
@user-gw4uc8gu5b 3 жыл бұрын
Аллаһ Тағала разы болғай!
@alseralser2463
@alseralser2463 3 жыл бұрын
Алла разы болсын сызге
@user-xj3sv4rn4f
@user-xj3sv4rn4f 3 жыл бұрын
Ассаламу алейкум, уа рахматуллах и, уа баракат ух!!! МА Ша АЛЛА. Альхамдулиллах. АЛЛАГЬУ АКБАР!!! 🤲💓🥰
@user-yq6ej4bi8f
@user-yq6ej4bi8f 2 жыл бұрын
Сәлеметсізбе.Мен больницада жұмыс жасаимын.Білесіз біздің киіміміз көбіне списовка киеміз,яғни медицински шалбар қысқа кофта.Намазды сол кофта шалбармен оқуға болама,сосын жеңі білектен қысқалау болады.Бұған недер едіңіз.
@user-nu4gz5kt5w
@user-nu4gz5kt5w 3 жыл бұрын
Алла разы болсын
@user-qt3mw1lb6n
@user-qt3mw1lb6n 3 жыл бұрын
Саламатсыздарма, қыздарым!Шапия сенің айтқаның өте түсінікті айтасың Алладан қайтсын!! Мен шалбарға қарсы болмас едім.Егерде кең әрі ыңғайлы болса.Себебі жиналыста болып үйге келе намаз уақыты өтіп кетпес үшін жуына сала /етекті шешіп кең штапель шалбар кисе болар еді ғой.??
@galiaholdagan556
@galiaholdagan556 2 жыл бұрын
Alla razi boldn szderge ustaz
@user-yr3yz8bf9w
@user-yr3yz8bf9w 3 жыл бұрын
Бари тусиникти, Рахмет устаз, Рахмет Марфуга Алла разы болсын
@user-ji2po7dp2o
@user-ji2po7dp2o 9 ай бұрын
Алла разы болсын 😊
@user-vj2qq9vq1j
@user-vj2qq9vq1j 3 жыл бұрын
Аумин рахмет
@user-xk4yz4pt9w
@user-xk4yz4pt9w 2 жыл бұрын
Рахмет, кенестеринизге Аллага мында бир шукир осы кунди бергенине
@user-nl6ht4wy5l
@user-nl6ht4wy5l 3 жыл бұрын
Рахмет
@user-ct9kp8ix3m
@user-ct9kp8ix3m Жыл бұрын
Керемет 👍
@user-dw8gv5ub3r
@user-dw8gv5ub3r 3 жыл бұрын
Марфуга кыз жараисын Алла разы болсын
@user-bw7hv5jc2p
@user-bw7hv5jc2p 3 жыл бұрын
Рахмет, Алла разы болсын 🤲🌹🌹🌹🙏
@user-yg3td9bb7v
@user-yg3td9bb7v 3 жыл бұрын
АЛЛА разы болсын!
@user-um8vb3my2h
@user-um8vb3my2h Жыл бұрын
Өте түсінікті
@qyzyq1_
@qyzyq1_ 3 жыл бұрын
МашаАллах
@user-uc3nn4zk3d
@user-uc3nn4zk3d 3 жыл бұрын
Aлла разы болсын ❤❤
@user-sb8re5pf4k
@user-sb8re5pf4k 2 жыл бұрын
Марфуға ханым, менің сізге қоятын бір сұрағым бар, әйелдер үшін айт намазы қалай оқылады, қандай сүрелер оқылады , сізге Алла разы болсын, алдын ала рахмет!
@user-bh4ck7ew7x
@user-bh4ck7ew7x 3 жыл бұрын
Алла разы болсун
@serikbaisukurov4130
@serikbaisukurov4130 3 жыл бұрын
Сәлеметсизбе марфға жеке сөилесуге болама
@zaidanarynova1580
@zaidanarynova1580 3 жыл бұрын
Алла разы болсын.
@user-go7rp4vt1o
@user-go7rp4vt1o 3 жыл бұрын
Алла разы болсын иншалла
@user-gk6pm6we9t
@user-gk6pm6we9t 3 жыл бұрын
Ассаляму Алейкум Марфуга сестра. Қандай тамаша очень приятная. Нұрлы жүз осындай апкелерымыз кобее берсін. Ма шаа Аллах.
@user-qv5gm6bq2o
@user-qv5gm6bq2o 2 жыл бұрын
Сәлеметсіздер ме? Рахмет сіздерге. Алла разы болсын! Өте керемет түсіндіріп айтып өттіңіз.
@madinamadi7450
@madinamadi7450 3 жыл бұрын
Очень интересно когда читаешь намаз обязательно одевать дамбал
@nurasylaiaru227
@nurasylaiaru227 3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Алла тағала қандай күналарды кешірмейді
@user-wg6ee1gd8h
@user-wg6ee1gd8h 3 жыл бұрын
Оған серік қосқанды.Бақсы,балгер,Исус Христос(орыстардың құдайына)Буддаға жалпы оған серік қосқандарды кешірмейді дейді.
@user-uf4sw6mx8u
@user-uf4sw6mx8u 3 жыл бұрын
Кайырлы кеш!Марфуга денсаулык тилеймин.Аллам куш куат берсин.Бир айдан асты тан намазын окып жатканыма.Жумыс жасаймын,тан намазын оки беруге бола ма?Канша уакытка дейн окуга болады?тан намазын
@user-nb5gv8hz3y
@user-nb5gv8hz3y 3 жыл бұрын
Аллах ыраазы болсун,мен жабык ,узун шалбар кийем,койнок устунон,болобу шондо
@user-uy5pf5os5v
@user-uy5pf5os5v 3 жыл бұрын
Болады!
@user-my7su7qs7r
@user-my7su7qs7r 3 жыл бұрын
АЛЛА разы болсын ! Менің сұрағым қаза болған намаздан кеиін Дұға тасбиқ құран оқимызба қалаи аяқтаимыз! Сол туралы білгім келеді!
@user-yg5lr9qc6q
@user-yg5lr9qc6q 3 жыл бұрын
Алла разы болсын сізге керемет кеңес.менің бір сурағым бар еді.Әйелдерге Фуражка (бас киім) киюге болама?Әрине орамалдың үстінен.Жақында намаз бастап едім.білмейтінім көп
@user-yr3yz8bf9w
@user-yr3yz8bf9w 3 жыл бұрын
Менин сурагым, Жалпы намазды отырып окуга болама, сабакта отырып, жумыс орнында намазды партада отырып окыймын. Или жолда автобус та окыймын, осы жайында айтып отсениз
@user-fp5ft5nh9x
@user-fp5ft5nh9x 3 жыл бұрын
Саламатсызба менің атым Лаура менің намаз оқып жургеныме екі жарым ай болды және менің жасым 12де сыз намазды неше жасынызда окыдыз апай
@mairadyssembieva6240
@mairadyssembieva6240 3 жыл бұрын
Салемесизбе Сиздин канал унайды Калай дурыс дарет алу керек Соны айтсаныз
@user-yq2kd2hu3j
@user-yq2kd2hu3j 3 жыл бұрын
Көк көйлекті көп сөз !
@donnykz_saktaganova5979
@donnykz_saktaganova5979 3 жыл бұрын
Кай жерде жазылпт тур
@user-ef8iu1ru2p
@user-ef8iu1ru2p 3 жыл бұрын
Марфуға ханым мен өте үлкен күнә жасаған мың намазды окып тастамасамкунам кеширилеме?
@user-gw9gb3ti1p
@user-gw9gb3ti1p 3 жыл бұрын
Асалаумы ағлекум марфуға шапиян алла разы болсын Сіз секілді намаз оқитын қыз болама өзіме сондай жар іздеимін?
@user-nq5cc6tx8x
@user-nq5cc6tx8x 3 жыл бұрын
Мен мемлекеттік балабақшада жұмыс жасаймын. Күн ара бесін намазым қаза болып кетеді. Қаза ларын өтемін. Жұмыста мүмкіндік жоқ оқитын. Осы жағдайда қалай болады екен?
@akzeragadilova731
@akzeragadilova731 3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм Рахматтула баракатуқ тахажут намазда қандай сүрелер оқылады Алла сізге разы болсын рахмет
@user-xi4su8jq5q
@user-xi4su8jq5q 3 жыл бұрын
Ассаляму алейкум, таң намазының сүннетіндей оқылады, өзіңіз білетін сүрелерді оқисыз.
@user-ii1ff4jo3o
@user-ii1ff4jo3o 3 жыл бұрын
Дəреті қалаи аламыз
@user-xd8br6pe7k
@user-xd8br6pe7k 3 жыл бұрын
Ассолому алейкум менде енди намаз бастадым Алхамдуллиллах
@user-lz4jb5oc6p
@user-lz4jb5oc6p Жыл бұрын
Салеметсизбе егер узак жолда болып устимиздеги киим (шалбар) Кен болса отырып ауретиизди жауып намаз окуга болама
@haetchrfr1364
@haetchrfr1364 3 жыл бұрын
Салеметсиздер ме, мусылман синилилерим. Орамалдарынызды адеми кылылып тагыныздар. Мусылман болгысы келген кыздарга адеми болып тургандарынызды калаймыз.
@user-fg4qh5cl4v
@user-fg4qh5cl4v 10 ай бұрын
Мен тек намаз окйм кошеде узын кейіп уйде уйги кйм мен журсе бола ма
@user-bb3ch2mz4s
@user-bb3ch2mz4s 2 жыл бұрын
Әссәләмуалейкум, ұзын көйлектің ішінен шалбар кию керекпе?
@user-uf7nh5cq7z
@user-uf7nh5cq7z 3 жыл бұрын
Намаздан кейін шалбармен жүруге бола ма?
@user-cj7xd6my3e
@user-cj7xd6my3e Жыл бұрын
Намаздың ішіндегі қателіктер, рәкәғат санын ұмыту, сүрелерді оқуда қателік жіберсе намазды қалай жалғастырамыз? немесе қайта бастап оқу шартпа? Сол жайында толық сұхбат болса.
@galiyarashymbetova1001
@galiyarashymbetova1001 3 жыл бұрын
Ассаламу Алейкум!!!әпке дуаланған оқып тастаған адам баласын өзіне айтпай сыртынан атын атап не суретке қарап құранмен оқуға дуаны қайтаруға боладыма?
@user-fg4qh5cl4v
@user-fg4qh5cl4v 10 ай бұрын
Ассалаума алейкум намаз окыганда киген киімдеріди кошеге кийип шикса болама
@zaikanur2956
@zaikanur2956 3 жыл бұрын
Мен мектепке барамын қалай 5 уақыт оқимын бұйырса Алла қаласа намаз бастайын деп едім
@user-mo7em3lb9p
@user-mo7em3lb9p 3 жыл бұрын
Орамалды неше жастан бастап тағуға болады?
@mnn4793
@mnn4793 3 жыл бұрын
купирлик деген не?
@user-jj3jc9ne2r
@user-jj3jc9ne2r Жыл бұрын
Ассаламалейкум Марфуға әпке. Намазды әйелдер көкірек астына қолды байлағанын көрдім. Сол дұрыс па? Және сәждеде қолды қабырғадан алшақ ұстау керек дегенді естідім. Өзім көкірекке байлап, қолды қабырғаға жақын ұстап оқып жүрмін. Қайсысы дұрыс,өтніш білімі бар кісілер болса жауап беріңіздерші
@user-pn5th1bq9o
@user-pn5th1bq9o 3 жыл бұрын
Намаз уакытта билегимизди ашып шалбар кип журуге болама
@user-sq8ns5ev1p
@user-sq8ns5ev1p 3 жыл бұрын
быз жумыска койлекты апара алмаймыз гой сол жакта жумыс киыммен оки берсек болама?
@user-fi5ny2sd9w
@user-fi5ny2sd9w 3 жыл бұрын
Салеметсізбе. Дәрет алғанда раковинаға аякты көтеріп жууға болама? Сосын әжетханаға кіретін құман бөлек,былай дәрет алатын құман бөлек болуы керекпе?
@user-dw8gv5ub3r
@user-dw8gv5ub3r 3 жыл бұрын
Арине дарет хананын куманы болек болады гои ол иш даретке арналган ал бет аяк кол басынызды раковина га жуа бериниз болады
@user-fi5ny2sd9w
@user-fi5ny2sd9w 3 жыл бұрын
@@user-dw8gv5ub3r аяқты көтеріп жууға болама әйелдерге? Осы сұрақ мазалайды. Дәретті дұрыс алып жүрмінбе деп. Сосын іш дәрет алып келіп біссіміллә деп айтуға болама? Дәреттің алдында биссимилләні айтк керек деп естігем.
@jumabekamangeldi3333
@jumabekamangeldi3333 3 жыл бұрын
Ассалаумалейкүм намазды бірінші рет оқи бастаған кезде сөздерін ұмытып қалса намазын сол жерде тоқтатып қайталап алып содан соң намазын қайта бастауынан боладыма
@acexcl
@acexcl 2 жыл бұрын
сабақ уақытында қалай оқысам болады намазды? пн-пт күндері сабаққа барамын 13:30-6:30ға дейін болады
@user-fw1qz1ip7t
@user-fw1qz1ip7t 2 жыл бұрын
Уйге келп ишага дейын карызды отеуге болады деп естгем))
@dianaergeshova1666
@dianaergeshova1666 3 жыл бұрын
Салем бир сурак койсам Мен спираль салдырган едим енди коныр тусте аз аз редко выделение келед почти прозрачный сол кезде намаз окуга болама болмайма??
@user-zw8nc7kg8l
@user-zw8nc7kg8l 3 жыл бұрын
Саламатсызба,менің естуімше әбден тазаланғанша намаз оқымайсыз.Алла ниетіңізді қабыл етсін.
@zhyerbolkyzy3012
@zhyerbolkyzy3012 3 жыл бұрын
5уакыт намаздын калай окылатыны жайлы видео салыңызшы өтініш
@user-je4ws5ml2c
@user-je4ws5ml2c 3 жыл бұрын
Ютубтаан табасыз..
@zenaysysnysi9892
@zenaysysnysi9892 3 жыл бұрын
Лосина мен узын коилек балтырга деин окуга болама
@user-ou5jn4kz2m
@user-ou5jn4kz2m 3 жыл бұрын
Сəлеметсіз бе! Намазды бастап жүрген едім. Намаз оқитын адам орамал тақпай жүруге бола ма екен?
@RoMa-qv8tr
@RoMa-qv8tr 3 жыл бұрын
@@marzhanalisher3211 сиз кадимгиди пәтуа берип отсызгой, болды деген ге дәлел низ барма ким айтты, ертең ос созинизге жауап бересиз. Болмайды олай аурет жер айелге шаш корсетуге болмайлы, озин ойланып кор намаз окып журсин бирак аурет жерин ашық кошеде журсин канша еркек карайды куна жинап журсин не пайда сонда, тесик калтага сауап жинаган мен тен олай оз ойыңыз бен болады деп айтпа. Болмайды
@user-by9sf2fo2m
@user-by9sf2fo2m 3 жыл бұрын
Ақ орамал тагу болады
@user-ut7ic7lv7i
@user-ut7ic7lv7i Жыл бұрын
Үйде болады сыртқа шыққанда көшеге т б жерлерге онда орамал тағу фарыз
@user-ho7bn1kg2p
@user-ho7bn1kg2p 9 ай бұрын
​@@RoMa-qv8trдұрыстап жаз қатесіз.Ойыңды туралап жеткізуді үйрен.Сөздерің мағынасыз???😢😢😢
@user-mf4gr5wc3d
@user-mf4gr5wc3d 4 ай бұрын
Ассалаумаликум кайырлы кунизбен мен бир еу Гана хиджаб сол кир болып кети, мен озиме ынгайлы кием мен окуга болама
@user-xb2jc2rh4o
@user-xb2jc2rh4o Жыл бұрын
Қайырлы күн баршаңызға Менің жасым 68-де аяқтарым ауырады отырып тұруым кейде қиын ұзын көйлек отырып тұрғаныма қиын аяғыма оралып тұра алмай қаламын сол үшін кейде намазды шалбармен оқимын бұл қаншалықты дұрыс және бұрыс
@user-is7mf3dw6u
@user-is7mf3dw6u 2 жыл бұрын
Айел адамга шалбармен окыга болмайды. Аякка наски кип Оку керек. Жалан аяк окуга болмайды. Бет пен кол гана ашык турса болады. Арким ози биледи ди салуга болмайды. Бул дин. Суннетке сай истеу керек. Барынша кен Ким кию керек. Устаздарын кусап орамалды бастын формасын корсетип киюге де болмайды. Кокирек билинбитинди кию керек.
@user-tu7bl4cb9d
@user-tu7bl4cb9d 3 жыл бұрын
Салеметсизбе намаз оқып бастау ушин каи сурени билу шарт және 1ши каи сүре 2ши каи сүре 3 ши каи сүре и т Мен ыклас фатика суресин билем
@user-gw3km3eo3k
@user-gw3km3eo3k 3 жыл бұрын
Фатиха., ыкылас, фалак, нас сурелерин болу керек кейин баска сурелерди жайлап косып кете бересин
@user-re4ej8mo9x
@user-re4ej8mo9x 3 жыл бұрын
Әйел адам қалай дәрет алады сол жайында айтсаныз
@user-kk6ux3zo1x
@user-kk6ux3zo1x 3 жыл бұрын
СубханАллаһ Хадис айтып отырып,шалбар болады деген,бида'а Именно жаңа дінге келушілерді адастыру ғо Аллаһтан қорқыңдар
@user-gm4rn6np2n
@user-gm4rn6np2n 3 жыл бұрын
Жағдайы жоқ кісілерге айтып тұр деп ойлаймын.Көйлек алуғада ақшасы жоқ адамбар барғой.Аға әпкелерінен қалған киімді киетін.
@user-fk5fh3lt7r
@user-fk5fh3lt7r 3 жыл бұрын
Екі намаздын ортасында .егер дарет бузылмаса дарет алмай окй беруге болама
@aruakimkhanova
@aruakimkhanova 3 жыл бұрын
Болады, бирак бузылмаса да дарет алфп турсаныз озинизге жаксы
@balnurbolatbek107
@balnurbolatbek107 3 жыл бұрын
Намаз кезінде сұқ саусақты көтеру жайында толығырақ айтып түсіндіре аласыз ба?
@user-zg3wc2ie5l
@user-zg3wc2ie5l 3 жыл бұрын
"Əшхадуалла илаһа" дегенде көтересіз саусағынызды "илаллаһ" дегенде түсіресіз
@user-jx2ko5ws1k
@user-jx2ko5ws1k 3 жыл бұрын
Сұқ саусақты намаз кезінде қозғау туралы дерек көздерін айтсаңыз екен. Рахмет.
@user-zg3wc2ie5l
@user-zg3wc2ie5l 3 жыл бұрын
@@user-jx2ko5ws1k ол саусақты көтеру міндетті яғни фарыз емес көтермеуге де болады ал көтереңіз на верху смотрите я там сказал "Ашхадуалла илаһа" дегенде көтересіз "иллаллаһ" дегенде қайтадан түсіресіз ол Алладан басқа тəңір жоқ деген яғни Аллаһ жалғыз деген мағына сол саусақты көтеру Алланың жалғыз екенін көрсету
@user-xi4su8jq5q
@user-xi4su8jq5q 3 жыл бұрын
Ассаляму алейкум, Бұл мазхабқа байланысты, Ханаыи мазхабында ондай жоқ
@user-lj2qz1bv6d
@user-lj2qz1bv6d 3 жыл бұрын
Сәлеметсізбе Марфуға сіңілім менің жасым елуде маған намаз жаттау қиынға соғып жатыр сол себептен плакатқа үлкендеу етіп жазып оқысам боладыма тілім үиреніп әрі жаттап алуға келгенше?
@S.satybaeva.95
@S.satybaeva.95 3 жыл бұрын
Салеметсызбе тате, онысы дурыспа бурыспа билмедым, бирак менде намаз бастаганда, ак плакатка жазып койып карап намаз окып уйрендым, себебы киям, сажделерден кателесып кететын болгасын,менынше ертен намазды бастайым деп жургенше солай бастап кеткен дурыс шыгар😊
@user-sm6ku4rz7q
@user-sm6ku4rz7q 3 жыл бұрын
МЕНДЕ СОЛАЙ ЖАЗЫП ҚОЙЫП ОҚЫП ҮЙРЕНДІМ. БАСЫНДА ТІЛІМ ҮЙРЕНГЕНШЕ. ЕСІМДЕ ҚАЛҒАНША. БОС УАҚЫТЫМ БОЛСА ЖАТТАДЫМ.ҚАЗІР ҚОЛДАНБАЙМЫН. ҚАЛАЙДА БОЛСЫН ӨЗІМЕ ШАРТ ҚОЙДЫМ. НАМАЗҒА КЕЛУІМ КЕРЕК ҚОЙ.
@aishamustafa6163
@aishamustafa6163 3 жыл бұрын
Айнур Устаз. Озимнин татемди коргендей болдымгой
@user-bo8ur6oi9h
@user-bo8ur6oi9h 3 жыл бұрын
Тахаджут намазынан кейін тасбах аударсам болама.Өйткені таң намазынан кейін үйдегілерге таңғы тамақ беремін.зікір айтуға уақыт болмай қалады.
@user-ok3nq1ht6s
@user-ok3nq1ht6s 3 жыл бұрын
НЕГЕ ТИТРЛАР ОСЫ ВИДИОДА?
@user-je4ws5ml2c
@user-je4ws5ml2c 3 жыл бұрын
Саламатсыз ба... Каза намаздарды кай уакытта отеген абзал..
@user-xi4su8jq5q
@user-xi4su8jq5q 3 жыл бұрын
ассаляму алейкум, Құптан оқып болғаннан кейін
@user-lm6ci4fj7t
@user-lm6ci4fj7t 3 жыл бұрын
Саламатсызба камерага карап турса жаксы болады ,ол кысы сызбен солеген сиякты ненызы бызге карасын
@aikaaiko1455
@aikaaiko1455 3 жыл бұрын
Саламатсызба сау болыныз Алла разы болсын. Екы кабат болса аел адам намаз окй бередыма
@user-xc3lp8tw3g
@user-xc3lp8tw3g 3 жыл бұрын
Ия аяғы ауыр келіншектер намаз оқуы өте қатты сауаб деб естігенмин
@user-zg3wc2ie5l
@user-zg3wc2ie5l 3 жыл бұрын
Ия əрине
@user-on3jt5us1h
@user-on3jt5us1h 3 жыл бұрын
Босанғанша оқи бересіз...
@user-xi4su8jq5q
@user-xi4su8jq5q 3 жыл бұрын
Ассаляму алейкум, иә өзіңізге қиындық тудырып ауырсыну тудырмаса босанғанша оқи бересіз
@user-yo2hi9cf9r
@user-yo2hi9cf9r 2 жыл бұрын
Сәлеметсіз бе сізге сұрағым мен намазды енді бастамақшымын бірақ қорқамын не істесем болады көп нәрсені есте сақтай алмайм қателесемінба деп ойлаймын не істесем болады айта өтіңізші
@user-ut7ic7lv7i
@user-ut7ic7lv7i Жыл бұрын
Қорықбай бастап кетіңіз ой салып қорқытатын шайтан бастап кетсеңіз намазды шайтан сізден қорқатын болады
@user-qt6mu4ud4e
@user-qt6mu4ud4e Жыл бұрын
Бари намазхан болып кетипти шшс
@user-vx1yp2ul6h
@user-vx1yp2ul6h 3 жыл бұрын
Намаз окып болған сон шарбар киуге болама немесе көшеге киіп шығуға болама
@izitv7882
@izitv7882 2 жыл бұрын
Ия
@user-di4hi7de6o
@user-di4hi7de6o 2 жыл бұрын
Сәлемесызбе намаз оқығанда имына хижап киукерепа
@user-go7vy7sq9t
@user-go7vy7sq9t 3 жыл бұрын
Иншалла мен ден саулығыма бацланысты отырып оқимын қалай дұрыс
@user-xi4su8jq5q
@user-xi4su8jq5q 3 жыл бұрын
Болады
@user-fi6my3ze7d
@user-fi6my3ze7d 3 жыл бұрын
Жеке шығуға болама өтініш
@user-vr5ld5ml3u
@user-vr5ld5ml3u 8 ай бұрын
Сәлеметсіз бе емізулі ана намаз өтеиалама
@nursaya_1369
@nursaya_1369 2 жыл бұрын
Сонда ышынен шалбар киемыз я коилектын
@user-te1kt5og6w
@user-te1kt5og6w 2 жыл бұрын
Аяғыңыз көрінентін болса киіңіз, көйлегіңіз тобыққа дейін жапса қалауыңызға қарай кимесеңіз болады ✅
@user-ut2rt3tf4l
@user-ut2rt3tf4l 16 күн бұрын
Жасым 60тан аскан намаз отырмын биракта арасында намаз каза болып калады кейде болмай калады
@user-lx7py1tm7p
@user-lx7py1tm7p 11 ай бұрын
Ауырған кез отырып оқуды уиретіңізші
@user-mv6vn7vl6p
@user-mv6vn7vl6p 3 жыл бұрын
Марфуға ханым , қаза намазда тек парызды оқыса бола ма ?
@user-zg3wc2ie5l
@user-zg3wc2ie5l 3 жыл бұрын
Ия арине
@user-zg3wc2ie5l
@user-zg3wc2ie5l 3 жыл бұрын
Тек фарзды оқу керек сунна не надо оқымайсыз
@mikolala2348
@mikolala2348 3 жыл бұрын
Ассялям уалейкум бирден узын койлек намазда деп айта салмайсыз ба айтпесе болады екен деп журеди гой кейбир адамдар
@user-oh8gz2yv9k
@user-oh8gz2yv9k 3 жыл бұрын
Жеке паракшанзга шгуга болама сурактарм бареды
@user-bi6dn3sm3d
@user-bi6dn3sm3d 3 жыл бұрын
Арабтар әйелдердің көйлегі сияқты ұзын киеді ғой, сонда қалай бөлеміз әйел-еркек киімін?
Dynamic #gadgets for math genius! #maths
00:29
FLIP FLOP Hacks
Рет қаралды 18 МЛН
She’s Giving Birth in Class…?
00:21
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 6 МЛН
Cute Barbie Gadget 🥰 #gadgets
01:00
FLIP FLOP Hacks
Рет қаралды 26 МЛН
НАМАЗҒА МОТИВАЦИЯ 1-бөлім// Балқия Балтабай
43:41
Балқия Балтабай
Рет қаралды 420 М.
Қаза намазды қалай өтеген дұрыс? // Марфуға ШАПИЯН
2:57
#Дәрет алу үлгісі | Оңай дәрет алу
6:59
Әйел киімінің шарты | Руслан Қамбаров
3:59