Жұмбақ өлім. Перзентхана төсегінде жатып, бақилық болған ананың туыстары дәрігерлерді кінәлайды

  Рет қаралды 22,620

Информбюро 31

Информбюро 31

3 жыл бұрын

Ақтөбеде де тұңғышын босанғаннан кейін қайтыс болған Аймира Атшыбаеваның туыстары әйелдің өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Туыстары алғаш босанған анаға уақытылы ота жасалмады, көмек көрсетілмеді деп отыр. Аймираның сүйегі шыққан перзентхана алдына жиналған жақындары әйелдің өліміне кінәлі дәрігерлердің бәрін заң алдында жазалауды сұрайды. Ал осы жағдайдан кейін дәл осы перинаталдық орталықтың директоры өз еркімен жұмыстан кеткен.
Бауырларынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан отбасының мүшелері күні кеше Аймираның сүйегі шыққан перзентхана алдына жиналды. Сөздерінше отызға енді ғана толған жас келіншек бірінші баласын босану үшін осы жерге өз аяғымен келген. Ағайындары соңғы рет Аймирамен толғақ басталғанда тілдескендерін айтады. Туыстары оның өліміне дер кезінде көмек бере алмаған дәрігерлер кінәлі деп отыр.
ӘЛИЯ АТШЫБАЕВА, марқұмның апасы:
- Дәрігердің қолынан өлді. Ол айдан анық. Дәрігерлердің жауапкершіліксіздігінен өлді. Тек бұл емес, бұл жерде жетісіне бір рет иә бала өледі, иә ана өледі. Бірақ оны ешкім телеарна шақырып, жарыққа шығармайды. Тұншығып, «жарайды, Алланың ісі ғой» дейді. Алланың ісі емес. Бұл дәрігерлердің кәдімгі жауапкершілігінің жоқтығынан.
Марқұмның туыстары перзентхана ішінде өмір мен өлімнің арасында жатқан Аймираның халін ешкім хабарламады деп отыр. Тіпті дәрігерлер келіншектің жатырын да еш ескертусіз алып тастаған, қайтыс болғанын да 3-4 сағат өткеннен кейін ғана естіртті дейді.
БАҚТАГҮЛ АТШЫБАЕВА, марқұмның апасы:
- Біреуі айтады жатырынан жолдасы түспей қалды дейді. Біреуі жолдасы түскеннен кейін қан кетті дейді. Енді белгісіз жағдайда қаза болды. Қазақстанда заң болса сол заңмен осыған кінәлі, осы баланың өмірін қиған, осының кішкентай ботасын, кеше ғана дүниеге келген сәбиін анасыз қалдырған, себепші болған барлық дәрігерлерді жазалауын сұраймыз.
Ал дәрігерлер келіншектің перзентханаға түскенде денсаулығының да жағдайының да жақсы болғанын айтады. Баланы отасыз өзі босанған. Бірақ кейін жатыры жиырылмай, қан кетіпті. Сондықтан оны алып тастауға тура келді дейді. Оның үстіне марқұм былтыр пневмониямен ауырған, сондықтан екі өкпесінің қабынуы жағдайын одан сайын нашарлатып жіберген.
АСХАТ БАЛЫҚОВ, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының директоры:
- Қан кетудің әртүрлі себебі бар. Осы әйелде қан кетудің себебі жатырдың жиырылуының қабілеті өте төмен болды. Жатыры жиырылмады. Жиырылмаған соң қан кетеді. Ал өлімнің себебін толық патология-анатомиялық зерттеу болғаннан кейін айта аламыз.
Келіншектің өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Дәрігерлер қазір медициналық сараптама жүріп жатқанын айтады. Ал осы жағдайдан кейін перинаталдық орталықтың директоры өз еркімен жұмыстан кетті. Перзентхана төсегінде жатып, бақилық болған Аймираның туыстары сотқа арызданбақ.
Жанар Қожанова, Жомарт Құдайбергенов
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#мезгілсіз_қаза #перзентхана #ана_өлімі

Пікірлер: 53
@user-pe2nr9qh1v
@user-pe2nr9qh1v 3 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-pr7jq5qr2t
@user-pr7jq5qr2t 3 жыл бұрын
Иманды болсын, артынан калган сабиы аман болсын жанымау. Ананын орнын ешкым басалмайдыгой😥😥😥😥😥
@user-te6xp5fh2t
@user-te6xp5fh2t 3 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-yw5rg1lv8g
@user-yw5rg1lv8g 3 жыл бұрын
Танысын болмаса сиыр сиякты боласын олжерде маскара козимиз корди сотка бериндер барин
@user-kb7wo3jq8h
@user-kb7wo3jq8h 3 жыл бұрын
Дәрігерлер сауатсыз,жауапсыз,мейрымсыз ,Корана вируспен ауырған адамдарды да дұрыс емдей алмаған үшін,көбысы қайтыс болды,үйде болницаға бармаған дар аман қалды,өзім үйде емделдім
@user-kw6iv1fo6e
@user-kw6iv1fo6e 3 жыл бұрын
Букил системаны жемкорсыз куру керек!Бари сонын кесири жап жас олим кобейип кетти! Кайырлы болсын!
@user-ir8cf5qv1v
@user-ir8cf5qv1v 3 жыл бұрын
Бул қыз өте тарбиелі сыпайы сабырлы еді, Алла алдынан жарылқасын! Иманы жолдас болсын
@user-es3vx5zp7p
@user-es3vx5zp7p 3 жыл бұрын
Не деген сұмдық, жан түршігерлік жаңалықтар. Құрдымға кетіп барамыз. Болашақ бұлыңғыр.
@user-ob7ih6lx8n
@user-ob7ih6lx8n 3 жыл бұрын
Требуйте вскрытия и проведения судебно-медицинской экспертизы.Время не теряйте.
@user-kt4gp6lo7u
@user-kt4gp6lo7u 3 жыл бұрын
Шыныменде карамайды перзенханада, шайларын ишип лагып журеди....
@user-xc2wr9pp7c
@user-xc2wr9pp7c 3 жыл бұрын
Дәрігерлер.полицайдан.жаман.ауруға.ақша.бермесең.қарамайды
@user-vg7xh6er8n
@user-vg7xh6er8n 3 жыл бұрын
Оздерин берип уйретесиндер,казир кози ашык емеспе барлыгынын,1 звонок финполга и даригер турмеден бирак шыгады,оздериннен бари сауатсыз биздин халык
@user-xc2wr9pp7c
@user-xc2wr9pp7c 3 жыл бұрын
@@user-vg7xh6er8n жұлдыз.оны.біз.емес.оқыған.жерде.үйретеді.өйткені.әр.сейсся.сайын.зачетке.ақша.сұрайды.
@user-vg7xh6er8n
@user-vg7xh6er8n 3 жыл бұрын
Нури акшаны ким сурасада,сол бир номерге звондасан,любойы турмеден бирак шыгады,финполдын номерин жаттап ал умытпайтындай,оздериннин кукыктарынды коргауды уйрениндер,а то ел болмаймыз,озимиз ит кусап бир жерде кангырып олемиз
@user-rh3ik7yv4b
@user-rh3ik7yv4b 3 жыл бұрын
ДҰРЫС АЙТАСЫЗДАР.БҰЛАРДЫ СОТҚА БЕРУ КЕРЕК.ЖАҒДАЙЫ ГАЩАРЛАҒАННАНҮЙІНЕН АДАМ ШАҚЫРТПАҒАН.ОЛАР ЖАТЫРЫН АЛАТЫН КЕЗДЕ ДЕ ҮЙІНЕ АЙТПАСА ДА ЖАНАШЫР АДАМЖАОЫНА
@laylogaipova4659
@laylogaipova4659 Жыл бұрын
Дарыгерлерге акша бермесе карамайд Сол 😢😩😩
@user-qw6wb7rx7w
@user-qw6wb7rx7w 3 жыл бұрын
Өте өкінішті 😰, иманды болсын! Бала тууға да қорқатын болдық ғой.
@user-gi3cw9ve2b
@user-gi3cw9ve2b 3 жыл бұрын
Дәрігерлердың барі топас дипломды ақшамен сатып алады,ақшамен оқу бітіріп диплом алган топастар не былсын
@user-ul2kg7fq1b
@user-ul2kg7fq1b 3 жыл бұрын
Біздің укіметте дәрігерлер ешқашан кінәлі болмайды! Дәрігерлер судан таза суттен ақ! Кіналі әр қашан сол дәрігерлерге тускен адам қінәлі! Сонда дәрігерлікті не ушын оқып білім алады? Ақша берсең қурдай жорғалап бәрін істейды! Дарігерлердың барі сатылып кетткен! Науқас көрсе сол адамнан ақша өндіру болды! Дәрігердың жумысы бизнеске айланды! Топас болсада дәрігер!
@user-np4pm9nv9s
@user-np4pm9nv9s 3 жыл бұрын
Онбаган врачтардын адамга малша карайтынына козим кеше гана тагы жетти. Акырып жекирип тарбие кормеген малгундар бар иштеринде. Талим тарбие жок не ешкандай этикет жок Жауыз имансыз катындар. жазалау керек сосын кореди олар. Мен кешегана бир роддомда болып жагамды устадым уяттан мен жерге кирип кете жаздадым ер адам. Менттермен Мед бикелерден корку сактану керек Алла сактасын. барине топырак шашпаймын бирак та 80% таза Тарбие кормеген малгундар.
@user-nc1gn8ug2o
@user-nc1gn8ug2o 3 жыл бұрын
Қайғылы жағдайды айтып адамдар қиналып отырса іле шала қызықты ақпараттарды бізбен бөлісіңіз дегені қалай
@user-nw9lw4qe7x
@user-nw9lw4qe7x 3 жыл бұрын
Жауап берсин даригерлер
@user-wr7em8oy7p
@user-wr7em8oy7p 3 жыл бұрын
Мын жауаптары дайын.жатыры жиырылмаса укол солсын сокращающий 😠😠😠😠😠
@swatextreme4670
@swatextreme4670 3 жыл бұрын
Глав.врач орнынан кетті дейді басқа жерге барып жүмысқа тұрып алады жауап беру керек
@gulzatjanzakova1027
@gulzatjanzakova1027 3 жыл бұрын
Аллам ози сактасын бирак даригерлерде олтире бермитшыгар оштери жок енди расында солай шыгар арким организми ар турли гой адамнан адам шыгу онай емес Аллам айтеуир барлык босанатын келиншектерге женилдигин бермин
@Jasikminecraft
@Jasikminecraft 3 жыл бұрын
Я Аллам, коркып калдыккой
@user-yx7nd2du6z
@user-yx7nd2du6z 3 жыл бұрын
Ей врачты неге жұмстан жвй ғана босатты а? Ей малдар!!! Роддомдағы жандар ойыншық па? Күні асып кеткен жанды кесір тілігімен алмай ма? Не күтіп отырдыңдар? Əлде сынақ жүргізді ме?
@user-fi9nk9cd5i
@user-fi9nk9cd5i 3 жыл бұрын
Докторлар сауатсыз
@user-rh3ik7yv4b
@user-rh3ik7yv4b 3 жыл бұрын
ӨЗІНЕ ЖАТЫРЫ ТУРАЛЫ АЙТПАСА ДА ҮЙІНЕН АДАМ ШАҚЫРТЫП АЙТУ КЕРЕК.БҰЛАР ЕНДІ НЕ СЫЛТАУ АЙТАРЫН БІЛМЕЙ ОТЫР.ӨЛТІРІП АЛЫП.СОТҚА БЕРІП БҰЛАРДЫҢ БӘРІН ҚҰРТУ КЕРЕК.НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАҒАН.АЛСЫН ЖАЗАСЫН.
@user-px8go1ps5q
@user-px8go1ps5q 3 жыл бұрын
АЛЛАНЫҢ ӘМІРІ !!! НЕГЕ НАМАЗ БЕН ОРАЗАҒА КЕЛМЕЙСІҢДЕР ? ҚҰР СӨЗ НЕ КЕРЕК !!! ИМАНДЫ БОЛСЫН !!!
@user-tm6wz1uj2p
@user-tm6wz1uj2p 3 жыл бұрын
Келісем бірақ та қадағалау керек еді. Бала крупный болғасын өздері операция жасап алу керек еді. Алланың әмірі деп отырсызғой. Бәрі бір Алланың қолында бірақта Алла айтады сақтансаң сақтаймын деп.
@user-wz7oy9pw4e
@user-wz7oy9pw4e 3 жыл бұрын
Кумаш
@user-gj9yp3md9h
@user-gj9yp3md9h Жыл бұрын
Намаз оқып жатқандарда дүниеден өтіп жатыр.Өмір барда өлім хақ.Мәнгі өмір сүретін ешкім жоқ.Не жазсақта ойланып жазайық.
@user-gj5ig2mh8h
@user-gj5ig2mh8h 3 жыл бұрын
Жанымау журегім ауырып кетті😪😪😪 жаны жәннатта болсын
@thekausar7122
@thekausar7122 3 жыл бұрын
Алла есіркесін.
@user-pq6tm5ed7w
@user-pq6tm5ed7w 3 жыл бұрын
Терен тексерис кажет
@user-vv8qq2qr3v
@user-vv8qq2qr3v 3 жыл бұрын
Акша бермесен жемкор жауыздар карамайды арасында адал врачтарда бар бырак основнойы иттер шалдын сызуы мен журген кудайды умыткан алладан келсин жазалары
@user-qr5uj7gn9l
@user-qr5uj7gn9l 3 жыл бұрын
Что за бездарность, без денег нечего не хотят делать
@ardakalimbaeva9424
@ardakalimbaeva9424 3 жыл бұрын
Сұмдық неге ота жасамаған.Иманы жолдас болсын
@user-bp9ik6er4g
@user-bp9ik6er4g 3 жыл бұрын
Жемкорлык жаилаган уакыт " балык басынан шириди" деген осы
@user-kj4ys5fh5x
@user-kj4ys5fh5x 3 жыл бұрын
Екірет босандым, екеуіндеде жолдасы қалып қалды. Дәрігерлердің арқасында жаным қалды. Жолдасы түспей қалса қиын болады екен. Білікті мамандарды шақырғасын, дереу наркоз салып, іс әрекет жасау нәтижесінде аман қалғанмын.
@user-sr9eu8pz4y
@user-sr9eu8pz4y Жыл бұрын
Жолдасы деген не?
@user-yw5rg1lv8g
@user-yw5rg1lv8g 3 жыл бұрын
Актобеде Кай роддом
@user-yw5rg1lv8g
@user-yw5rg1lv8g 3 жыл бұрын
Актобеде Кай роддом мынау каргалыма новый больн ким биледи
@user-hi7lc9ev1m
@user-hi7lc9ev1m 3 жыл бұрын
1 роддом. Опц деп жазылып тұрған жоқпа кайдағы карғалы
@user-xh5id8mk5s
@user-xh5id8mk5s 3 жыл бұрын
Тс-😠☝!!!-ИмИ.
@user-cu2nv4ts1b
@user-cu2nv4ts1b 3 жыл бұрын
Лщ
@user-ow4sg4by1n
@user-ow4sg4by1n 3 жыл бұрын
ө
@user-em7zo5uz1k
@user-em7zo5uz1k 3 жыл бұрын
Жаны жәннәтта болсын!
@user-tm6wz1uj2p
@user-tm6wz1uj2p 3 жыл бұрын
Иманды болсын
Информбюро 05.06.2024 Толық шығарылым!
26:05
Информбюро 31
Рет қаралды 22 М.
Hot Ball ASMR #asmr #asmrsounds #satisfying #relaxing #satisfyingvideo
00:19
Oddly Satisfying
Рет қаралды 17 МЛН
Ну Лилит))) прода в онк: завидные котики
00:51
Байден или Трамп? Путин ответил
9:03
AKIpress news
Рет қаралды 318 М.
Қазақстанға енді келген Бизнес! Аяқкиім жуу кәсібі.
19:38
Зу-зу Күлпәш. Санырау (13 бөлім)
40:27
ASTANATV Movie
Рет қаралды 655 М.
АСЛАНЯН: Китайский автопром - это обман россиян
7:57
Ходорковский LIVE
Рет қаралды 161 М.