8 сыныпта оқитын кезім. Мамыр айы. Осы концерттің жарнамасы барлық дерлік радио-телеарналардан айтылды, газет-журналдар тағы бар. Қатты барғым келді. Әке-шешем көңілімді қимай, әкем концерт болатын күні таң атпастан Республика Сарайының кассасына барып, билет сатып алып келді. Үйде Медеу ағаның дискісі болған, сондықтан барлық әндерді жатқа білетінмін және концертте қосылып айтып отырғаным есімде. Концерт билетін деп біраз жылдар сақтап жүрдім, кейін жоғалтып алдым. Үйдегі дискіні де әкемнің інісі алып кетіп, сол күйі қайтарған жоқ. Кейін ағама сондай ренжіп,ішім ашып, кездескенде балалықпен боқтап тастағанмын 😂 Мына концерттік көріп, балалық шаққа бір барып қайтқандай болдым. Әндер әлі есімде екен, қосылып айтып алдым. Шығармашылық табыстар тілеймін! Айтар, жазар, ұсынатын әндеріңіз бен сазыңыз көп болғай! Аман болыңыз!