Мейрамбек Беспаев - Жаңарған бағыт(терме 2020) MV

  Рет қаралды 153,445

KaliON

KaliON

4 жыл бұрын

Жаңарған бағыт (терме )
Семсерін қайрап сайлаған,
Сертінен ешбір таймаған.
Түркінің күллі даласын,
Баһадүр бабам жайлаған.
Қарсы да келген дұшпаны,
Қарсы айырылып жайраған, Тоныкөк,Білге,Күлтегін,
Тағлымға терең бойлаған.
Тұлпарға мініп Ер Түрік,
Көзінде жалын ойнаған.
Ел десе байтақ жер десе,
Есесін берген қай бабам.
Егемен жұртым ендеше,
Тек ерлік қана сай маған.
Мен ақ алмастай өткір ем
Ерліктің биік шоқтығы ем.
Қазығын қаққан хандықтың,
Жәнібек, Керей - тектіден!
Қасым хан салған қасқа жол,
Қасиет көзі деп білем.
Есім хан салған ескі жол,
Өсиет сөзі деп білем.
Тәукенің жеті жарғысын,
Жеті қазынам деп білем.
Ақтабан болып шұбырдық,
Ордамды жаулап от кілем.
Бірліктің мәнін ұғындық,
Теңселген шақта тепкіден
. Абылайды асқақ тұғыр ғып
, Хан сайладық ептіден.
Үш жүздің басы біріксе,
Билеген жермен көкті кең.
Алты Алаштың рухымен
, Алты кұрлыққа жетті дем.
Бірлігім тұрса бекем боп
, Басынар дұшпан жоқ білем
. Керуен де керуен жылдардың
, Көшіне қолым бұлғармын
, Отырар, Түркістан болып,
Ұлы далада бүр жардым
. Фараби менен Иссауи
, Ілімін жиып нұрландым,
Ұлтымның мәңгі бағына,
Ұлы Абай болып туғанмын.
Ғасырдың ғажап таңынан,
Ыбырай үнін тыңдармын,
Игі жақсылар жолының, И
гілігінен үлгі алдым.
Бабамның дархан даламның
, Бақытын мәңгі жырлармын
! Ғасырдың бастап ұлы әнін,
Ұлты үшін туды ұланым !
Әлихан, Ахмет, Міржақып
, Алаштың бастап ұранын,
Жалқыға көнбей жағынбай,
Жалпыға теңдік сұрадым.
Өлмейтін рухым, жыр әнім
! Сөнбейтін сәуле, шырағым,
Ерлікті аңсап өрлікті,
Кеңдікті сүйген қыраным !
Қазынамды ұрлап жау жеді,
Халықта дәрмен бар ме еді ?
Бодандық басты бұғаулап,
Күндер де өтті-ау әурелі,
Көрсек те қайғы-қасірет,
Өлмейтін рухым мәңгі еді.
Тәуелсіздіктің жолында
, Бабамның кетті бар кегі,
Қасқайып тұрды қамал боп,
Қалғанша соңғы әл демі.
Желтоқсандағы ерлігім,
Елімнің жаңа дәурені,
Жастығым жақты қайтадан,
Солардан қалған сәулені.
Толысқан шақта тасынбай,
Адасқан шақта ашынбай,
Алладан басқа ешкімге,
Ұлт едік өскен бас ұрмай.
Намысым менің наркескен,
Жарқ ете қалса жасындай!
Тәуелсіз таңым бағалы,
Бабамнан қалған асудай!
Егемен ел боп жеттік-ау,
Аңсатқан алтын ғасырға-ай
Жалпақ әлемге жар салам,
Жан қуанышымды жасырмай!
Танитын талғам болса егер,
Тарихым менің осындай!

Пікірлер: 117
@guitarkz4197
@guitarkz4197 2 жыл бұрын
Семсерін қайрап сайлаған, Сертінен ешбір таймаған. Түркінің күллі даласын, Баһадүр бабам жайлаған. Қарсы да келген дұшпаны, Қарсы айырылып жайраған, Тоныкөк,Білге,Күлтегін, Тағлымға терең бойлаған. Тұлпарға мініп Ер Түрік, Көзінде жалын ойнаған. Ел десе байтақ жер десе, Есесін берген қай бабам. Егемен жұртым ендеше, Тек ерлік қана сай маған. Мен ақ алмастай өткір ем, Ерліктің биік шоқтығы ем. Қазығын қаққан хандықтың, Жәнібек, Керей - тектіден! Қасым хан салған қасқа жол, Қасиет көзі деп білем. Есім хан салған ескі жол, Өсиет сөзі деп білем. Тәукенің жеті жарғысын, Жеті қазынам деп білем. Ақтабан болып шұбырдық, Ордамды жаулап от кілем. Бірліктің мәнін ұғындық, Теңселген шақта тепкіден. Абылайды асқақ тұғыр ғып, Хан сайладық ептіден. Үш жүздің басы біріксе, Билеген жермен көкті кең. Алты Алаштың рухымен, Алты кұрлыққа жетті дем. Бірлігім тұрса бекем боп, Басынар дұшпан жоқ білем. Керуен де керуен жылдардың, Көшіне қолым бұлғармын, Отырар, Түркістан болып, Ұлы далада бүр жардым. Фараби менен Иссауи , Ілімін жиып нұрландым, Ұлтымның мәңгі бағына, Ұлы Абай болып туғанмын. Ғасырдың ғажап таңынан, Ыбырай үнін тыңдармын, Игі жақсылар жолының, Игілігінен үлгі алдым. Бабамның дархан даламның, Бақытын мәңгі жырлармын ! Ғасырдың бастап ұлы әнін, Ұлты үшін туды ұланым ! Әлихан, Ахмет, Міржақып, Алаштың бастап ұранын, Жалқыға көнбей жағынбай, Жалпыға теңдік сұрадым. Өлмейтін рухым, жыр әнім ! Сөнбейтін сәуле, шырағым, Ерлікті аңсап өрлікті, Кеңдікті сүйген қыраным ! Қазынамды ұрлап жау жеді, Халықта дәрмен бар ме еді ? Бодандық басты бұғаулап, Күндер де өтті-ау әурелі, Көрсек те қайғы-қасірет, Өлмейтін рухым мәңгі еді. Тәуелсіздіктің жолында, Бабамның кетті бар кегі, Қасқайып тұрды қамал боп, Қалғанша соңғы әл демі. Желтоқсандағы ерлігім, Елімнің жаңа дәурені, Жастығым жақты қайтадан, Солардан қалған сәулені. Толысқан шақта тасынбай, Адасқан шақта ашынбай, Алладан басқа ешкімге, Ұлт едік өскен бас ұрмай. Намысым менің наркескен, Жарқ ете қалса жасындай! Тәуелсіз таңым бағалы, Бабамнан қалған асудай! Егемен ел боп жеттік-ау, Аңсатқан алтын ғасырға-ай Жалпақ әлемге жар салам, Жан қуанышымды жасырмай! Танитын талғам болса егер, Тарихым менің осындай!
@user-cl2or3tt9b
@user-cl2or3tt9b 2 жыл бұрын
🇰🇿
@user-mj7ug7sk5t
@user-mj7ug7sk5t 5 күн бұрын
Пах пах шіркін , көз жасты төкті ғой. 😢😢😢
@Rabat_2785
@Rabat_2785 5 ай бұрын
Осыдан кейін кейбір қазағымыз қазақша сөйлеуге ұялады екен🤦‍♀️🤦‍♀️🤦‍♀️
@user-kg7oe9gw9m
@user-kg7oe9gw9m 4 жыл бұрын
Қазақтың бүкіл ғұмырын бір әнге қалай сиғызған 😟 керемет 🇰🇿❤️
@sotelsotel23
@sotelsotel23 3 жыл бұрын
Бір болаиқ қазақ руға жүзге бөлінбей.Араз болсақ тек жуаға тиімді.Әрине ұлт дәстірді білукерек.Дәстүрді ҚАЗАҚТЫ бір біріне қарсы қоюға пайдаланып кететін адамдар бар содан сақтанукерек.
@user-mc6df9bm7x
@user-mc6df9bm7x 4 жыл бұрын
😪Казак улы Халык! Енди тек жарык кундерди откизуди жазсын Алла.....казагым жассасын!
@user-go7uj3zx7y
@user-go7uj3zx7y 3 жыл бұрын
Нағыз қазақ рухты көтеретін ән. 1000жасаңыз Мейрамбек Əбілашімұлы
@user-un4iv6ez4f
@user-un4iv6ez4f Жыл бұрын
Қазақтың көрер күні жарық болсын!!! Ұлт үшін жанын қиған бабаларымызды жаратқан рахымына алып, жандары жәннәтте болсын.
@user-cl2or3tt9b
@user-cl2or3tt9b 2 жыл бұрын
Қазақ халқы қияметке дейін рухы асқақ, ұл - қыздары ар-намысы мен иманын бойына жинаған еңселі ел болсын, 🇰🇿тәуелсіз қуатты мемлекет болсын!!! Иншалла әминь!!! Әр адам бүгін соған амал жасасын.
@user-gs9pv4qm4r
@user-gs9pv4qm4r Жыл бұрын
Жүректі қозғап ойды ойландыратын әңдері қандай тамаша
@user-ci6nz7qo3d
@user-ci6nz7qo3d 3 жыл бұрын
Мейрамбек аға аман болыңыз қазақтың тарихын жақсы жеткіздіңіз менім жүрегім әр қашанда қазақ деп соғады
@user-yy6ew4nd1d
@user-yy6ew4nd1d 3 жыл бұрын
Ооо бәрекелді 👏 Қазағым бетке ұстар ел болайық. Бірігейік, жыртыспай🤲
@user-dp3pp8fx9i
@user-dp3pp8fx9i 4 жыл бұрын
Керемет еріксіз жас келді, бұл қуаныштың жасы. Алаш елі жасасын
@user-mr8gq8um5w
@user-mr8gq8um5w 3 жыл бұрын
Осындай ата бабамыздың бетіне қалай қараймыз? О дүниелік болғанда ?((((((((
@user-go7uj3zx7y
@user-go7uj3zx7y 3 жыл бұрын
Тарихта қалатын Нар тұлға .Аңыз дауыс Мейрамбек аға
@videothebest6496
@videothebest6496 3 жыл бұрын
Казак жастарына осындай терме тынау керек духтарын котеру ушин..Казыргы жастар мангирип жургой
@user-qr9rs2rz3s
@user-qr9rs2rz3s 2 жыл бұрын
Кайта,кайта тындайбергын келды сондай жазылган создер суектен отетын !
@user-rz3iq6wx4y
@user-rz3iq6wx4y 2 жыл бұрын
Не деген керемет Терме
@user-of5qd2tn2o
@user-of5qd2tn2o 4 жыл бұрын
Керемет айтылган ыр.
@murzabay7323
@murzabay7323 3 жыл бұрын
Рахмет жаным керемет. Каракалпак Казак бауырлас.
@user-lr9sc2xx9n
@user-lr9sc2xx9n 3 жыл бұрын
Осындай термелер коп болса екен 😥😥😥
@user-mu6ej6xy5g
@user-mu6ej6xy5g 4 жыл бұрын
Тәңір Жар болып Жарылқасын.ТӘҢІР өзі ондасын БАҺАДҮР БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ РУХЫ Қолдасын 🐺🇰🇿🇰🇿🇰🇿✊👍👍👍
@user-jz9gw6ch7z
@user-jz9gw6ch7z 3 жыл бұрын
Алашым менің жүрегімнің төріндесің АЛЛАДАН кейінгі
@user-nf7wp4lk4w
@user-nf7wp4lk4w 4 ай бұрын
Керемет терме. Тарихты бир термеге сыйгызып жеткізу....ғажап 🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@user-dp1ym1fn1z
@user-dp1ym1fn1z 3 жыл бұрын
Ата-бабалардын аруагын умытпагайсын казагым.....
@user-pl7kb7rl4t
@user-pl7kb7rl4t 3 жыл бұрын
Керемет🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-nb5po3xz8n
@user-nb5po3xz8n 3 ай бұрын
Қаншама қиындықты бастан кешірсекте неге содан сабақ ала алмай келеміз? Қазағым ау есті жинайық болды! Анау Европалықтарың азғындап бара жатқанда Осы мына біздің бабаларымыз емеспе Ес жидыртқан Құдайдың пәрменімен? Мәңгілік Қазақ елі аман болыңыздар 🇰🇿
@user-bg6re9px2e
@user-bg6re9px2e 3 жыл бұрын
Қазағымның имандылығы батырлығы намысы шыдамдылығы осындай
@user-tz9bw7ec4s
@user-tz9bw7ec4s 3 жыл бұрын
Саған рақмет сен сөз тапқырдың біреуі екенсің бәрлығына жауабың дайын саған рақмет.
@user-mp9vy6pz8h
@user-mp9vy6pz8h Жыл бұрын
Калай жыламайсын термеге Алла тагалага шукур осы кунге жеткизген бирак казир когам оны тусинбейд укиметке карсы шыгад буреулердин дуниесин санайд митинг питинг деп журип гасырлар бойы жеткен жетистиктин кадирин билмей жур
@tikoshkz520
@tikoshkz520 3 жыл бұрын
Қазақтың баласы өшпесін
@user-xu9sv3pw6m
@user-xu9sv3pw6m 4 жыл бұрын
respect bro
@user-uj7cw6xg4y
@user-uj7cw6xg4y 4 жыл бұрын
👍👍керемет
@user-gy8hl1bo1i
@user-gy8hl1bo1i 4 жыл бұрын
Қазақстан ❤❤❤
@arukamaratovna7059
@arukamaratovna7059 4 жыл бұрын
Мықты терме
@user-fk9ux1fd6o
@user-fk9ux1fd6o Жыл бұрын
Еее Мейрамбек аға Алла сізге екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Видеоөлеңіңізді көріп, тыңдап қатты әсер етті, көз алдымнан өткендей. Алла Тағала елімізге бақыт, бірлік, байлық, мықтылық нәсіп етсін! Әмин!
@nagimaabilkari5267
@nagimaabilkari5267 4 жыл бұрын
Керемет
@kazakhcaero
@kazakhcaero 3 жыл бұрын
Қазағым тәуелсіздігің мәңгі болсын
@user-ql5np9mg8t
@user-ql5np9mg8t 4 жыл бұрын
2020 ж. Бірақ бұл терменің жарық көргеніне көп жыл болған!
@user-ws8ej7ld3k
@user-ws8ej7ld3k Жыл бұрын
Ұлы, ұлы мемлекеттің қалыптасуындағы тарих.Қазақстан сізге өркендеу және барлық жағынан сәттілік🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼🇵🇼
@mynanyqara336
@mynanyqara336 4 жыл бұрын
Өте керемет бауырым!Жасай бер!
@user-nj6wc9zf7l
@user-nj6wc9zf7l 2 жыл бұрын
Домбырам жеткизет кобрек шыгарнызшы Мейрамбек ага осындай рухты андерди
@socool7453
@socool7453 3 жыл бұрын
Ұлтымның мәңгі бағына ұлы Абай болып тұғанмын (неткен әсерлі сөздер)
@nazelkudaibergenova8211
@nazelkudaibergenova8211 3 жыл бұрын
Керемет ән👍👍👍
@nurlanali3456
@nurlanali3456 3 жыл бұрын
Не деген кушты создер оте кушты орындау. 😇
@user-tf5kq8ei7j
@user-tf5kq8ei7j 4 жыл бұрын
Керемет!
@hgf6966
@hgf6966 3 жыл бұрын
Ай Казагымай кормегенин жоккой 😢😢😢😢
@user-pg3tn6ej3b
@user-pg3tn6ej3b 2 жыл бұрын
Ия енді жемқорлардан құтылсақ Алла қаласа қазақтың болашағы жарық болады
@user-lv9fy6nf7j
@user-lv9fy6nf7j 3 жыл бұрын
Керемет 👍👍👍
@user-dy2qo1kw1g
@user-dy2qo1kw1g 5 ай бұрын
Мен казакпын-Мын олип,мын тырылген
@kabakoba8785
@kabakoba8785 4 жыл бұрын
Меирамбек 💪
@user-kw4th2fv8y
@user-kw4th2fv8y 3 жыл бұрын
керемет терме
@user-vp7hl8gw8c
@user-vp7hl8gw8c 4 жыл бұрын
Керей ханнын байбишесине риза болдым токал алып бермекши болган
@nightday6486
@nightday6486 3 жыл бұрын
Мда уж у кого что горит🤦🏻‍♀️
@kospendi
@kospendi 3 жыл бұрын
Тоқал да басын қалсын
@user-pt3yx6do1l
@user-pt3yx6do1l Жыл бұрын
Ее Алашым аман болсын!
@user-zn3in5gd9y
@user-zn3in5gd9y Жыл бұрын
Жасасын Казакстан алга казак елим
@momsaibava4585
@momsaibava4585 4 жыл бұрын
💪💪💪👍👍👍
@user-mc1eb1ie4l
@user-mc1eb1ie4l 2 жыл бұрын
ашаршылыққа дейін қазақ 90млн болған екен, қайран қазағым, 150млн га жетіп көбейсе екен әумин.
@RK-pq2kb
@RK-pq2kb 7 ай бұрын
отирик акпарат кайдан алдын
@user-nf7wp4lk4w
@user-nf7wp4lk4w 4 ай бұрын
Аумин кобейеік....
@user-jb1pk8zo1t
@user-jb1pk8zo1t 4 ай бұрын
90 миллион Ол шли енди, коп болса 7-9 миллион болган
@kairatelibaev
@kairatelibaev 2 ай бұрын
Егер ашаршылық, Ақтабан шұбырынды болмағанда 90млндай болатын едік деп жазғың келдіма?
@user-ri2fz7ij1e
@user-ri2fz7ij1e Жыл бұрын
тамаша
@user-xf9ec5op8q
@user-xf9ec5op8q Жыл бұрын
Таппай жүр едім. Керемет 🔥🔥🔥.
@aroundgood9929
@aroundgood9929 4 жыл бұрын
тамаша ән
@user-qr9rs2rz3s
@user-qr9rs2rz3s 2 жыл бұрын
Маке осымен онерын сонбесын жастарга улгысын
@user-nk1mj7ux4s
@user-nk1mj7ux4s 2 жыл бұрын
керемет терме 👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@Kalionn
@Kalionn 3 жыл бұрын
Достар каналға жазылуды ұмытпаңыздар. Алдағы уақытта керемет видеолар ұсынатын болам. Рахмет
@PubgGamer-jk4xb
@PubgGamer-jk4xb 3 жыл бұрын
сонгы кандай фильм?
@PubgGamer-jk4xb
@PubgGamer-jk4xb 3 жыл бұрын
жане де басындагы фильм
@Kalionn
@Kalionn 3 жыл бұрын
@@PubgGamer-jk4xb Соңындағы және басындағы ол "Батырлар " Фильмі бірақ карантинге байланысты әлі шықпаған ютубта тек трейлері бар. Бұл сол трейлерден алынған
@user-kw4th2fv8y
@user-kw4th2fv8y 4 жыл бұрын
super
@user-wk7fv3pz7k
@user-wk7fv3pz7k 4 жыл бұрын
👍👍👍❤
@user-nk1mj7ux4s
@user-nk1mj7ux4s 2 жыл бұрын
керемет терме👍
@NursultanEleusiz-kn8fm
@NursultanEleusiz-kn8fm 2 ай бұрын
Керемет сандық нотасы барма 😍😍🥺
@user-xu9sv3pw6m
@user-xu9sv3pw6m 4 жыл бұрын
😎😎😎
@user-nj6wc9zf7l
@user-nj6wc9zf7l 2 жыл бұрын
Мыкты
@user-tn5vf5sj6m
@user-tn5vf5sj6m 4 жыл бұрын
круто
@user-ci6nz7qo3d
@user-ci6nz7qo3d 3 жыл бұрын
Қазағым аман болсыншы жер шарында қазақтай халық барма жеті ата қаны таза орыспа немесе неміспа
@doni1ck727
@doni1ck727 3 жыл бұрын
Казир казахтын каныда бузылып жатыр ар ултка тиіп жатыр казахтын кыздары
@user-xu9sv3pw6m
@user-xu9sv3pw6m 4 жыл бұрын
🗡🗡🗡🗡💪💪💪
@user-yy6ew4nd1d
@user-yy6ew4nd1d 3 жыл бұрын
Неғып трендке түспей қалды (
@tele5847
@tele5847 4 жыл бұрын
Андеринизди🇰🇿айтып 🇰🇿журе🇰🇿бериниз🇰🇿💪💪👍👨‍👩‍👦
@user-bb4ns5uh8r
@user-bb4ns5uh8r 10 ай бұрын
Жаңа заманға сай жаңа замани проект керек
@dulattarih24
@dulattarih24 Жыл бұрын
3 жуздин басы косылса...(((
@user-mg4zo4bw5j
@user-mg4zo4bw5j 4 жыл бұрын
Супер
@user-gs9pv4qm4r
@user-gs9pv4qm4r Жыл бұрын
Миранбекті,Қызылорданнын күйеу баласы сондай инабатты жаман қылығы жоқ халық ы сыйлаған ұлы
@user-zh4ks8mw9j
@user-zh4ks8mw9j 4 жыл бұрын
Басқа ұлт, басқа материк, басқа мәдениет, шет елде жүрсең қазақтың қадірін біледі екенсің!
@nurassylturagulov6808
@nurassylturagulov6808 10 ай бұрын
Ен сонындагы узинди кандай фильм?
@dauletkoishibay5913
@dauletkoishibay5913 4 жыл бұрын
Оте керемет👍 киноны аты кандай екен?
@Kalionn
@Kalionn 4 жыл бұрын
Алмас қылыш, Батырлар, Тар заман
@saparseidualiev6449
@saparseidualiev6449 2 жыл бұрын
Неге ДинМухамед Конаев Атамызды айтпадыс
@ghjyt9295
@ghjyt9295 2 жыл бұрын
Димаш атамыз орыс коммунистердің әмірлерін жеткізушісі және солардың қазақ даласында өкілі болды емес пе.
@user-jc1ot8br1r
@user-jc1ot8br1r 2 жыл бұрын
ХАЛАКТАР МИРНЫЙ МИТИНГ ЖАСАНДАР! КАЗАХСТАН ДА, БАРЕ АРЗАН БОЛСЫН 🤲БАРЕ САТЛИК ,АМАН БОЛЫНДАР !
@imranbrobro2886
@imranbrobro2886 3 жыл бұрын
Керемет!! басында кинонын аты кандай?
@Kalionn
@Kalionn 3 жыл бұрын
"Батырлар" фильмі әлі шықпаған трейлері ғана бар
@user-pm8si2sd2h
@user-pm8si2sd2h Жыл бұрын
Авторы кім ?
@dulattarih24
@dulattarih24 Жыл бұрын
🧐😢
@user-tp1rr4zs3j
@user-tp1rr4zs3j 4 жыл бұрын
Клиптын соныңдағы кинонын аты ҚАНДАЙ кым быледы айтып жыберындерш???
@Kalionn
@Kalionn 4 жыл бұрын
Батырлар көркем фильмы әлі шықпаған. Биыл Науырызда шығуы керек болған
@user-tp1rr4zs3j
@user-tp1rr4zs3j 4 жыл бұрын
@@Kalionn Рахмет АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН.
@user-xy7vf9xx1e
@user-xy7vf9xx1e 3 жыл бұрын
Батырлар өлмейді
@user-pu5hc2um4p
@user-pu5hc2um4p 2 жыл бұрын
Махамбетти неге айтпады
@user-ni4xv7pp9o
@user-ni4xv7pp9o 4 жыл бұрын
Керемет ән, қазақтың біртуар азаматы екенсің
@user-ri2fz7ij1e
@user-ri2fz7ij1e Жыл бұрын
Керемет
@user-ui1hx9pn7k
@user-ui1hx9pn7k 3 жыл бұрын
топ
Зор айтылган терме
9:23
Yyu Hjmlll
Рет қаралды 2 МЛН
She ruined my dominos! 😭 Cool train tool helps me #gadget
00:40
Go Gizmo!
Рет қаралды 60 МЛН
Wait for the last one! 👀
00:28
Josh Horton
Рет қаралды 114 МЛН
Alat Seru Penolong untuk Mimpi Indah Bayi!
00:31
Let's GLOW! Indonesian
Рет қаралды 9 МЛН
NERF WAR HEAVY: Drone Battle!
00:30
MacDannyGun
Рет қаралды 20 МЛН
Барлық әкелерді жылатқан ән. 2021- Хит ән.
4:04
Саят Әбенов
Рет қаралды 4,6 МЛН
Туған жер (терме) - Мейрамбек Беспаев
3:21
Мейрамбек Беспаев - Алланын бары - Акикат
3:59
Мейрамбек Беспаев   Туған жер
3:18
Qazaq Dalasy
Рет қаралды 605 М.
Аналарды жылатқан терме - Дидар Қамиев
9:40
Дидар Қамиев
Рет қаралды 749 М.
Дүние, шіркін
7:11
Meirambek Besbayev
Рет қаралды 781
Қазақша патриоттық әндер
28:58
KAZMUZ
Рет қаралды 666 М.
Ozoda - JAVOHIR ( Official Music Video )
6:37
Ozoda
Рет қаралды 7 МЛН
ИРИНА КАЙРАТОВНА - АЙДАХАР (БЕКА) [MV]
2:51
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 6 МЛН
Duman - Баяғыдай
3:24
Duman Marat
Рет қаралды 95 М.
Serik Ibragimov - Сен келдің (mood video) 2024
3:19
Serik Ibragimov
Рет қаралды 787 М.
Sadraddin - Если любишь | Official Visualizer
2:14
SADRADDIN
Рет қаралды 734 М.
Sadraddin - Jauap bar ma? | Official Music Video
2:53
SADRADDIN
Рет қаралды 2,7 МЛН