"Мектепке маман қабылдау ставкасы 800 мың теңге дегенде шалқамнан түстім" - Аятжан Ахметжан

  Рет қаралды 21,252

Qasqa Jol / Қасқа жол

Qasqa Jol / Қасқа жол

6 ай бұрын

Аятжан Ахметжан бетке айтатын, әділетсіздік көрсе қарап қалмайтын азамат. Өзін ұлтшыл санайды. Және тек өз ұлтына ғана емес, өзге де ұлттарға құрметпен қарайтынын айтады. Өткір ойлары үшін мектеп директорлығынан кетті. “Шақырса тағы барасыз ба?” - десек, көңілі қалғанын айтады. Одан бөлек Назарбаев Университеті мен мектептеріне, “Болашақ” бағдарламасына қатысты ойларымен бөлісті. Көрейік…
01:00 “Мен-Ұлтшылмын”
03:00 “Құр мұғалімдерді кінәләй беруге болмайды”
04:25 “Оқушының үш жұрты бар”
09:00 “Жұрттың керегін білетіндер көп, істейтіндер аз”
11:15 “Қолы бос адамдар, мемлекеттен тапсырыс алып, араласпайтын жерге араласып жүреді
12:30 “Мектеп директоры нашар болса, супер құжатың да, супер бағдарламаң да іске аспайды”
13:30 “90 гимназия сайлау учаскесі болмаған Астанадағы жалғыз мектеп”
18:00 “Педагогиканы шоуға айналдыруға болмайды”
22:00 “Мемлекеттік конференциялар сертификат алып қайту үшін ғана”
23:50 “Үш ауысымды мектепте білім жоқ”
26:14 “Реформадан қашуға болмайды”
27:25 “Халық банкінің менеджері келіп, білім саласына реформа жасамау керек”
28:00 “Маған үш жыл беріңіздер деген келісім болды”
33:30 “Құлағым тыныш болсын, жұмыстан кетші деді”
39:10 “Министр Аймағамбетов депутат Аймағамбетовтен әлдеқайда пайдалы”
39:45 “Сәрінжіпов пен Сағадиевтің министр болуы біздің ең үлкен трагедия”
46:30 “Дарынды балаларға арналған мектептер болу керек”
51:25 “Мектепке маман қабылдау ставкасы 800 мың теңге дегенде төбе шашым тік тұрды”
52:50 “Министр болсам мынаны былай жасайтын едім деп айтсам популизм болып кетеді”
54:47 “Бір жеген боғымды екінші рет жегім келмейді”
56:40 “Тырнақшадағы достарым да, шын жанашыр достарым да көп”
01:00:00 Назарбаев университеті мен мектептеріне тиіспесе екен деп тілеймін
01:01:15 Өзгерсе аты өзгерсін, бірақ заты өзгермесін дейсіз ғой?
01:03:00 “Болашақ бағдарламасы шенеуніктер оқытуға көп мән беріп кетті”
01:06:50 “Елімізде бейбіт заманда балаларымыз қандай қатігездікке ұшырап жатыр, сол ойландыру керек”
#АятжанАхметжан #QasqaJol #Білім

Пікірлер: 237
@user-lf8kf1nt7y
@user-lf8kf1nt7y 4 ай бұрын
Алаш арыстарының ізбасары!!!! Нағыз Білім-ағарту министрі болатын қазақ!!!! Осындай азаматтардың арқасында - қазақ елі тұр ғой!!!!
@user-xh1ih1wk1r
@user-xh1ih1wk1r 6 ай бұрын
Әр мамандық иесі өз ісіне осы Аятжан құсап қарау керек.Қазіргі кезде біздің қоғамға осындай АЗАМАТ ТАР, ҰСТАЗДАР керек.
@user-vw6gw9xv8b
@user-vw6gw9xv8b 6 ай бұрын
Казак танда жемкорлык жок жер жок бары жемкор
@Nur-xw8fi
@Nur-xw8fi 6 ай бұрын
Аятжан ұлтым деп шырылдап жүрген қазақтың бір туар ұлы ғой. Жасап жатқан үлкен істеріне сәттілік тілеймін
@user-ih2wz1ee7z
@user-ih2wz1ee7z 3 ай бұрын
Оте Бир билимди жигит
@user-ih2wz1ee7z
@user-ih2wz1ee7z 3 ай бұрын
Ой не деген акылды билимди киси.Улги алсын осы кисиден мугалимдер
@user-io4ik9pb5n
@user-io4ik9pb5n 6 ай бұрын
Айатжандай азаматар көп болсын деп тілейік. ❤
@4kenbagdarovyesbolat85
@4kenbagdarovyesbolat85 6 ай бұрын
Қазбілім мұғалімдері жаңа жыл корпаратив жасамайды екен. Наурызды қатты тойлайды.👍👍👍
@abayduisen4523
@abayduisen4523 5 ай бұрын
Мұғалімдері может Новый год тойлағысы келетін шығар😢
@gulmarilias3387
@gulmarilias3387 6 ай бұрын
Аймағамбетов кеткен соң Білім спласы көне сүрдекке қайта түсті.
@user-gt4mz3nk4d
@user-gt4mz3nk4d 6 ай бұрын
Аятжанды білім министрлігінен көргім келеді. Қазақ еліне еңбебегің елене берсін.
@ANS-cd5zw
@ANS-cd5zw 6 ай бұрын
Согыршама не истери мынау
@Buyanjagal.B
@Buyanjagal.B 6 ай бұрын
@@ANS-cd5zwұлттық мектеп ашты көп қалада
@gulgul4819
@gulgul4819 5 ай бұрын
​@@ANS-cd5zwбілім деген бір нәрсе бар, сонымен айналысады. ХИМИЯ саласы.
@user-tt3ut1rn3h
@user-tt3ut1rn3h 6 ай бұрын
Таңқалатын ештесіжоқ мектепке орналасуға екі млионға шыққаны ешкімге құпияемес
@gulgul4819
@gulgul4819 5 ай бұрын
Сол ақшаны беретін адамның есі дұрыс емес. Сұраған адамды қоя берші, берген адам басы істемейтін адам.
@lyazzataituar434
@lyazzataituar434 4 ай бұрын
Бұл кісі министр болса, жемқорлық, былық тоқтар еді
@baktiyarbuteyev5815
@baktiyarbuteyev5815 6 ай бұрын
Менің балаларым 90-шы мектепке барып жүр. Шыны керек оларға ұнайды. Маған да ұнайды осы мектеп. Ахметжан мырзаға жақсылық тілеймін!
@user-fr9on5fw6l
@user-fr9on5fw6l 6 ай бұрын
Нағыз Қазақтың көрнекті ұстазы,мың алғыс саған!АЛЛАХЫМ саған күш-қуат амандық берсін!Тарихта міне осындай балаға деген шынайы жүрегі соғып тұрған азаматтар қалуы керек .Балаларымыздың болашағы осындай азаматтардың қолында болғанда ғана болашағы жарқын болады.жазған әже.
@user-qu2hz6ft4i
@user-qu2hz6ft4i 4 ай бұрын
Қазақтың қамын ойлайтын осындай азаматтар көп болса екен. Еңбегің жана берсін ,бауырым!!!
@turgankultastybaieva6616
@turgankultastybaieva6616 6 ай бұрын
Мектеп деген нағыз жемкорлар мекень Акша мен шешіледі
@sauletleu8765
@sauletleu8765 6 ай бұрын
АЯТЖАН ІНІМЕ КӨП РАҚМЕТ! АМАН САУ БОЛЫҢЫЗ,СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!!!👌👌👌👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👏👏👏👏
@user-kj9ol8vh5p
@user-kj9ol8vh5p 6 ай бұрын
Мектепті кінәләй беруді қою керек,сол мектеп біздің қоғамның айнасы.
@user-by8jp4oz2u
@user-by8jp4oz2u 6 ай бұрын
Күшті сұхбаттасушы бәрін дұрыс айтты, толығымен қолдаймын!
@user-ns8oy8wx4m
@user-ns8oy8wx4m 6 ай бұрын
Керемет! Өте өкінішті өз колынды өзінің кесе алмайсың Аятжан.
@user-sz3wd3bg3r
@user-sz3wd3bg3r 6 ай бұрын
Білім ордасы-былықтың ордасы.
@user-xp8ng2qy3t
@user-xp8ng2qy3t 6 ай бұрын
Ата-аналар комитеті не үшін керек, ол директордың пайдасы үшін керек!. Осыны көрген оқушы болашақта жемқорға бейім болады. Ата-аналар комитеті болмау керек, цивилизованный елдерде ондай бәлекет жоқ.Сабағына т.б. ата-ана жауапты.
@user-ty4kn9jd6u
@user-ty4kn9jd6u 6 ай бұрын
"Ата аналар комитеті",назарбаевтың халықтар ассамблеясы сияқты ғой😂😂😂😂
@user-ib3cn2iu5n
@user-ib3cn2iu5n 6 ай бұрын
Ата ана кометитеті бұрын істеген мектебімде түп тамырымен жойылған. Сол не мақсатпен құрылатынын білмейм
@user-ur8gn6py1e
@user-ur8gn6py1e 4 ай бұрын
Әдилетти мемлекет болгаймыз
@ardakkaliolla919
@ardakkaliolla919 6 ай бұрын
Айятжан мықты азамат, сұқбат тамаша болды❤
@user-jz5rj8jq7w
@user-jz5rj8jq7w 6 ай бұрын
Жайрайсыңдар, жолдарың болсын!!!
@user-xp8ng2qy3t
@user-xp8ng2qy3t 6 ай бұрын
Ата-ана комитеті деген керек емес. Ата-ана комитетінің жандайшабы өзі бастама көтеріп, баласына жақсы баға қою үшін ақша апарып береді, ата-аналардың арасына іріткі салып, кім ақша бермеді соны айтып отырады. Апарған ақшаны үндемей алады, сосын "өздері жинады" деп құтылады. Ата-аналар комитеті ол нағыз жемқорлықтың комитеті. Құрту керек!. Директор сол арқылы ақша алып отырады. Ол системаны бәрі біледі.
@user-sb4sn7su7x
@user-sb4sn7su7x 6 ай бұрын
Өте өзекті, тез арада қолға алынуы керек!!!
@bolatbekkatpanov8626
@bolatbekkatpanov8626 6 ай бұрын
Ата Аналар комитетін жабу керек деген ұсынысты қолдаймын.Өйткені олар дұрыс бағытта жұмыс істеп жатқан жоқ.Мектептегі ақша жинау мәселесі солардың басты жұмысы.Бұл дегеніңіз пара беруге баланы тәрбиелеу деген сөз.Сондықтан бұл мәселеге немқұрайды қарауға болмайды,тоқтату керек.Мұғалімдер категория алу үшін қанша ақша жұмсайтынын( пара беретінін) білесіздерме.
@user-qy5hw8um9g
@user-qy5hw8um9g 6 ай бұрын
Дұрыс айттың, ол рас айтқаның болып жатқан жағдай
@bayanissa9831
@bayanissa9831 6 ай бұрын
Ия, сыныпта ата аналар комитетінің балалары тек 5 өқитын, қазақша түк бiлмеседе) қалай физика, химиядан 5алды түк түсінбесе?? )
@user-yx6xx2ok2z
@user-yx6xx2ok2z 6 ай бұрын
Мектеп ол білім беру ордасы, бизнестің көзі емес
@user-gq7qe5rw1q
@user-gq7qe5rw1q 6 ай бұрын
Завучтар мен директорлар жемклрлар
@user-uo1rs1yw9m
@user-uo1rs1yw9m 6 ай бұрын
Керемет сұқпат барлық мектептерде осындай мықты деректір және мұғалім болса қазақстанның оқыту сапасым керемеь болар еді білім саласындағы жалғаншылықпен жемқорлық болмас еді ғой ұрпақтар үшін керемет нәтиже болар еді Аятжан өте мықтысыз минстір болуға лаиық азамат
@user-po3xw5ki5p
@user-po3xw5ki5p 6 ай бұрын
Салематсызба! Аятжанның ұстанымы өте мықты, қолдаймын!
@user-ip2il6ln6k
@user-ip2il6ln6k 6 ай бұрын
Аятжан мырзаға еңбегіне сәттілік, табыс, жеңіс тілеймін! Қызыға отырып тыңдадым! Өзіңіздей ұлтшыл педагогтарды көптеп тәрбиелеңіз!
@user-hv6kt2sv4x
@user-hv6kt2sv4x 6 ай бұрын
Өте сауатты азамат,нағыз білім министрі осы кісі болу керек,билік.
@user-bi2xg2vk6j
@user-bi2xg2vk6j 6 ай бұрын
Уа, халайық ҚАЗАҚ ЕЛІ ХАЛҚЫ БІРАУЫЗДАН БІЛІМ МИНИСТРІ болып, АЙМАҒАНБЕТОВ АСХАТ мырзаның тағайындалуын талап етеміз. ЕЛДІ, ХАЛЫҚТЫ, БІЛІМДІ ойлайтын осырдай азаматтар МИНИСТР болып тағайындалуы керек. Біз бәріміз БИЛІКТЕН бірауыздан осыны талап етеміз. АЛҒА ҚАЗАҚ ЕЛІ ХАЛҚЫ .БІРІГЕЙІК, ҚОЛДАЙЫҚ,ТАЛАП ЕТЕМІЗ БИЛІК басындағылардан. АЛҒА, АЛҒА, АЛҒА ҚАЗАҚ ЕЛІ ХАЛҚЫ.
@user-uq9dw8dn4l
@user-uq9dw8dn4l 6 ай бұрын
Ұстанымдары ұлтты дамытуға бағытталған тұлғамен сұқбат пайдалы болды. Рақмет!
@user-pv8jd3ik7q
@user-pv8jd3ik7q 6 ай бұрын
Осы адам білім минстр болу керек
@user-nl1tj9bz2l
@user-nl1tj9bz2l 6 ай бұрын
Мықты сұхбат!
@wyu_jelly950
@wyu_jelly950 6 ай бұрын
мыкты сұқбат бәрін дұрыс аитад косыламын ата ана. комитеті неге керек баланың окуына мән берсін бағада өтірік көбінесе
@user-fb8fs9rr8r
@user-fb8fs9rr8r 6 ай бұрын
Еее, сол ғой, біздің жүйенің әлпеті: жұмыс істейтін адамның аяғынан шалу😬😫
@user-bl2xl6vn5c
@user-bl2xl6vn5c 5 ай бұрын
Керемет сұхбат болды.
@user-ox5jy7xv3x
@user-ox5jy7xv3x 6 ай бұрын
Айтқан,қарағым жұмысына сәттілік тілеймін, Алла аяласын өзіңді
@user-pk2nr6wr5g
@user-pk2nr6wr5g 6 ай бұрын
Жемқорлык дамып түр мектептерде негізі ақша беріндер директорға үстасын аямаи соттасын мектеп директорын
@user-en2ox6db9g
@user-en2ox6db9g 6 ай бұрын
Озиндей азаматтын бар екендигине куанамын
@user-yo7iw4cs4u
@user-yo7iw4cs4u 6 ай бұрын
Ахметжан мырза, керемет сұхбат,100%
@user-km9fx8kt1b
@user-km9fx8kt1b 6 ай бұрын
Шынайы тұжырымдама бойынша дұрыс атылды!👍🏼
@playservice8222
@playservice8222 5 ай бұрын
Жақсы сұхбат болды. Аятжан қазақ мектептерінің жағдайын жаксы бөледі екен. Және оған не керек екенін де жақсы білуге тиіс.
@user-lr1cc8ju3m
@user-lr1cc8ju3m 6 ай бұрын
Өте тұшымды сұқбат болды👍
@user-qy7rl1yq9p
@user-qy7rl1yq9p 6 ай бұрын
Сарагашта мектепке кру ушин 1200000т-2000000т бересин директорды тазалау керек
@user-di3jg9ns6h
@user-di3jg9ns6h 6 ай бұрын
Нагыз министр образования болатын жигит
@zaitunazeinullina9850
@zaitunazeinullina9850 6 ай бұрын
Тамаша сұхбат👍
@user-jw6hz7so4z
@user-jw6hz7so4z 6 ай бұрын
Кайырлы кун,иа мектепке мугалым болып.орналасу оте киын екен,Астананын озинде конкурс отирик, директорлар ойына келгенин истейди деп ойлаймын, таныс, акша керек ау,балам ауылдан барды,сарапшы еди,дене шыныктыру мугалымы ,16 жыл ртили бар тура алмады
@user-si9je3fd3m
@user-si9je3fd3m 6 ай бұрын
Ақша жинау жақсы ғой Назарбаев салып кеткен сара жол. Тоқаф оның жаьғаструшысы. Мұғалімдер оның оң қолы. Жасай берсін.
@vokk-gw7vs
@vokk-gw7vs 6 ай бұрын
Журналист мектептің жемқорлығын естіп, шокта қалды 😅
@user-lt6tj3fj2o
@user-lt6tj3fj2o 6 ай бұрын
Мұғалім жетіспейді деген отирик кой сонда директорга пара берсе.. .ен.биринши директорды тексеру керек
@ainurkasenova1290
@ainurkasenova1290 6 ай бұрын
Шынымен мотивация деген баланың сабақты түсінуі. Қызым орта мектепте оқыған уақытта жаратылыстану пәнін жек көретін, ұнатпаймын жаратылыстануды деп. НЗМге түскен 1 айдан кейін мен дәрігер боламын, биология мен жаратылыстану пәні өте қызық екен ғой деген. Осыдан қорытынды, мұғалім сабақты жақсы және қызықты түсіндірсе, бала губка сияқты сіңіріп алады👍🏼. Қызым Қазбілім орталығында дайындалып НЗМ, РФММ, БИЛға түсті. Қазбілімде дайындалып жүріп, жақсы көрсеткіштері үшін 50% жеңілдікпен дайындалды. Үлкен қызым ҰБТға Қазбілімде дайындалып грантқа түсті. Айатжан ағайға және командасына ағайға көп рахмет💐
@sauletampekova3666
@sauletampekova3666 6 ай бұрын
АскарА. пен Шолпан М. - наларга коп рақмет.
@naurizbaytanatarov5255
@naurizbaytanatarov5255 6 ай бұрын
Өзбекстанның Бухара облысында Қаракөл мектебі бар жекеменшік мектеп сол мектепті құрған мұғалім Аятжан секілді жанкүйер адал азамат. Сол мектеп қазіргі күнде дүние жүзінде пән олимпиядаларында математика физика пәндерінен сол мектеп оқушылары 1 шілікті бермей келеді. Мектепке өркениетке жеткен мемлекеттердің назарын аударған. Қазбілім мектебіде сол секілді болса нұр үстіне нұр болар еді.
@user-tl5mx5ox6i
@user-tl5mx5ox6i 4 ай бұрын
Өтірік.өзбекстан 1ші орын алған емес.
@baurzhankubeyev7106
@baurzhankubeyev7106 3 ай бұрын
​@@user-tl5mx5ox6iIMO IFhO алып жатқан жоқ шығар. Басқада олимпиадалар жеңген болар бәлкім жасөспірімдер арасында. Бәлкім тағы басқа
@user-zt6yh2yj6i
@user-zt6yh2yj6i 6 ай бұрын
Аятжан мырза Білім министрі болуы керек еді
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 6 ай бұрын
Жемқорлық барлық салада,тамырлап кеткені соншалық,ай,қайдам енді оны тоқтату ешкімнің қолынан келмейді-ау?!Сара жолмен кеткені кеткен!
@user-fw3my3it3n
@user-fw3my3it3n 5 ай бұрын
Аятжан мырза керемет сұқпат бердіңіз Қазақстанға нағыз жан ашар азама. Сіз нағыз қазақ педогттарын тәртіпке келтіретін азамат бола аласыз деген үміттемін , жас ұрпақтарымыздың көкірегіне патриоттық сезімін оятатын адал еңбек ететін азаматсыз. Мен мұғаліммін кейде олқылықтарды көргенімде ұжымнан, басшылардан тек ақшамен ауздарын қашанға дейін жауып жүре береді екен деп ойлаймын.
@tokotoko6126
@tokotoko6126 6 ай бұрын
Өте дұрыс, жалпы жемқорлық жоғарыдан басталады соны жою керек
@serikakytan9843
@serikakytan9843 6 ай бұрын
Ұрпақты бала бақшадан бастап жемқорлыққа тәрбіиелеп келеміз. Мұғалымның мерекесіне,туған күніне гүл сыилаудан бастаимыз. Ұлтымызда жоқ туған күнге сауға дәметіуде жемқорлықтың бастауы.
@user-bj3rj4vv3n
@user-bj3rj4vv3n 4 ай бұрын
Мұғалым өз мандығын жақсы сезінукерек Аятжанның айтып отырғаны өте дұрыс мұғалімнің білімі алдындағы шəкіртінен білінеді алдымен мұғалім өз жауапкершілігін түсіне білу керек
@berikberik8322
@berikberik8322 6 ай бұрын
Жемқорлық барлық жерде тамырын тереңге жайды бұл шындық..
@user-mu5yx8ql6p
@user-mu5yx8ql6p 5 ай бұрын
Аятжанды білім саласын көтерер деп үміттенемін.
@serikbol.nakysbek
@serikbol.nakysbek 6 ай бұрын
Жақсы сұхбат. Неге құрылысшылар, электриктер, қара жұмыс жасайтын адамдарды жұлдыз жасамаймыз?
@user-cc1xd8lq6j
@user-cc1xd8lq6j 5 ай бұрын
Өте орынды,шынайы айтып отыр…👍
@kalamkassatybaldieva9167
@kalamkassatybaldieva9167 6 ай бұрын
Дұрыс айтасыз, мектеп директорлары мен завучтар нағыз жемқорлар. Мектеп директоры көбіне өз қалтасын ойлайды. Өмір бойы мектепте жұмыс істеп осындай шешімге келдім. Союз кезінде бәрі басқаша болатын. Ол кезде балалардың білімі жақсы болатын. Қазір мұғалім уақытын тек түкке пайдасы жоқ қағаз жазумен өткізеді. Қазіргі мұғалімдер әбден шаршаған.
@user-fl5vb5nn8j
@user-fl5vb5nn8j 5 ай бұрын
Тамаша айтты оз ултын суймеген өзгени суймейди. Ултшыл болу керек
@user-bh9gc8rx3i
@user-bh9gc8rx3i 6 ай бұрын
Мектептер мониторинг ушин жарыска түсу науқанын дамытуда.Негизги мақсат отирик айтпайтын, улкеннин жолын кеспейтин, сәлемди дурыс бере алатын, адилдикти бағалайтын, жерде жатқан жапыраққа оймен қарайтын, адепти, тартипти, кез - келген нәрсеге сергек қарайтын, жанашыр, қоғамға, ултка сапалы адам дайындау жұмысшы болса да... Казир мектеп директорлары, оку исинин орынбасары, тарбие орынбасары, адистеме орынбасары лауазымына отырып алгандар Мугалим деген создин манин, мәртебесін тусинбейтиндери көп, көше сыпыратын жұмысшы Мугалим деген создин мәртебесін, манин тусинеди.
@user-ip2il6ln6k
@user-ip2il6ln6k 6 ай бұрын
Аятжан Ахметжанов директор боп істейтін мектепте жиендерімнің оқығанын қалар едім!
@user-zh9vx3dr8h
@user-zh9vx3dr8h 6 ай бұрын
Ассалаумағалейкум мына жігіт өте дұрыс айтады осындай азаматтарға жол берсе онда еліміз алға басады
@user-xp8ng2qy3t
@user-xp8ng2qy3t 6 ай бұрын
Ата-аналар өздеріміз кінәліміз, себебі:" ата-аналар комитеті керек емес, мен қарсымын"-деп ешкім айтпайды, үнсіз келіседі. "Не үшін керек, 8 мартта бірер гүлін өзіміз де алып береміз" деп айту керек. Директорға құтылып кетуге жақсы"өздері жинады"-деп. Жинап апарған күнде де директор алмау керек.
@user-vw9ko2pv1o
@user-vw9ko2pv1o 6 ай бұрын
Аятжан мырза! Өкінішке орай, саясаттан хабарыңыз аздау екен. Сізді, басқа да ұлтшыл ұстаздарды сиғызбай, арттан бір тепкен сол атына адвокат болып отырған қалмақ Назарбайдың құрған жүйесі ғой! Ол өз атндағы университет, мектептерді қазаққа жақсылық істейін деп емес, имиджін көтеріп, атын шығару үшін біздің, халықтың ақшасына істетіп отыр! Серік Сапарғали
@user-yp3rv8ku8y
@user-yp3rv8ku8y 4 ай бұрын
Тәуелсіздік күні қалай тойланады білсеңіз ❤❤❤
@altynbekkamanov7974
@altynbekkamanov7974 6 ай бұрын
Керемет сұхбат
@user-gw9sm2vz3x
@user-gw9sm2vz3x 6 ай бұрын
Керемет сұқбат. Аятжанға сәттілік. Артыңда тәрбиелеген ұрпақтар бар.
@user-dz9pb9nx2z
@user-dz9pb9nx2z 6 ай бұрын
Қазіргі мектеп директорлары жаратушыдан кем емес.Мектеп директорларын мұғалімдер сайлап қоюы керек.
@algul8681
@algul8681 6 ай бұрын
Кушті сұқбат болды👍
@user-sh1tt1le7p
@user-sh1tt1le7p 6 ай бұрын
Біздің кезімізде 80-90% ата ана тәрбиесі болды дегенге келіспеймін, осындай сөзге сүйеніп кадырлардың көпшілігі өздеріне жауапкершілік алғысы келмейді. Жаға айтылғандай Алаштықтардан білім алғандар білімді, нағыз ұлтқа қызмет ететін азаматтар болып шыққан жоқпа.
@user-mr5fx1yb4k
@user-mr5fx1yb4k 5 ай бұрын
Керемет сұхбат.Жаңа министр жайлы айтпады........
@gulsimseraliyeva731
@gulsimseraliyeva731 6 ай бұрын
Мұғалім ретінде,ата-ана,әже ретінде сізге басымды иемін,аман жүріңіз.
@vokk-gw7vs
@vokk-gw7vs 6 ай бұрын
Асхат Аймағанбетов министрліктен кеткелі, білім ордасы тағы пышырап кетті
@View226
@View226 6 ай бұрын
Иә бәрін тастай етіп қойып еді
@eliaelia5036
@eliaelia5036 6 ай бұрын
Әлі ақша жинап жүрміз!!! Инициаторлары ата аналар, күресіп те жүрмін, бірақ нәтижесі мені барлығы жек көреді!!! Негізі жалпы мұғалімдермен ғана емес, жалпы халықтың санасымен жұмыс жасау керек!!?
@mungsyz
@mungsyz 6 ай бұрын
Журналист байқамай Пәкістан деп қалды Палестинаны. Жалпы осы журналиске ризамын. Сұрақ қоюы ұнайды.
@GulnarTungatova-de1vn
@GulnarTungatova-de1vn 6 ай бұрын
Жақсы сұрақ жақсы жауап болды,көп мәселе айтылды👏👏👏
@user-tt4xr6uh2v
@user-tt4xr6uh2v 6 ай бұрын
Алматыда мектепке маман қабылдау 1 500 000.
@saltanatermanova9560
@saltanatermanova9560 6 ай бұрын
Кудайдан коркпаганнан корык дейди.Директорлар ойланса болады гой,перзенттерин адал акшамен асыраганга не жетсин.
@user-nc6qt8os2p
@user-nc6qt8os2p 6 ай бұрын
Маған Аятжаннын пикири, ұстаным қатты ұнайды.Менин усынысым: Билим болимдеринин басшылары мен кызметкерлерин облыстық, аудандык сондай ақ мектеп директорларын әр 5 жылда ауыстырып тұру керек. Билим саласында басшы болатын азаматтар миндетти түрде сауатты, жауапты, адал, парасатты болуға тиис. Ұзақ отырған басшы өзине табындыратыны анық, және нағыз жемкорга айналады Сауатсыз басшылар баланың билимин емес озинин орнын калтасын ойлайды
@user-tc9nx4of5q
@user-tc9nx4of5q 6 ай бұрын
Өте жақсы сұхбат
@user-iz1nu9mt3j
@user-iz1nu9mt3j 6 ай бұрын
Мектепке киру акша 1500000 2000000 деп естимизгой, тегин жерде жумыс жок
@Tabigatsheber
@Tabigatsheber 6 ай бұрын
Шынымды айтайын өз басым мұғалім болып қызмет атқарамын.Жұмыс жасағым келмей жүр. Адская работа болып бара жатыр
@dias7412
@dias7412 6 ай бұрын
Қое
@user-qv4cx9ue1w
@user-qv4cx9ue1w 6 ай бұрын
күшті сұхбат болыпты.
@user-tc9nx4of5q
@user-tc9nx4of5q 6 ай бұрын
Мұғалім қабылдау комиссиясы қорытындысын жарияламайды.
@user-th8xe9xg7r
@user-th8xe9xg7r 6 ай бұрын
Өте қызық сұхбат, өте білімді маман,өз ісінің шебері.
@aika-9090kz
@aika-9090kz 5 ай бұрын
Мұғалімді мектепке алу қазір 1млн -1,5млн қазір
@kunnuraitbayeva
@kunnuraitbayeva 5 ай бұрын
Ұлтшыл - патриот деген сөздің баламасы ғой
@mrspock4390
@mrspock4390 6 ай бұрын
Жақсы кісі білімді
@user-mx1bt4jd5x
@user-mx1bt4jd5x 6 ай бұрын
25ж педагог болып,9ж жұмыссызбын,мектеп директорлары пән бермеймін,кітапханашы бол,айлығы 83мың,оның 20мыңын ай сайын ГорОНОға беріп тұрасың деді,парасыз жолатпайды,тарихшы болған соң архив,музейлерге бардым,оларда конкурс негізінде интернетпен қабылдаймыз,уақыты бітіп қалды деп балаша алдап шығарып салады.Айлық 75,80мың.Жасым 56да.Міне,менің өмірім!Пенсияға әлі 7ж бар!
@user-ur8gn6py1e
@user-ur8gn6py1e 4 ай бұрын
КУЛТУРНЫ КУДАЛАНУ ДЕСЕЙШ
@qwertyuasdfgh7729
@qwertyuasdfgh7729 6 ай бұрын
Мұғалімдердің жалақысын көбейткіш соң таңдай бастады, оның бағасы көтерілгеннен емес. Бірақ сол жалақыны беруде кедергілерді де қосты, сондықтан бәрінің бірдей "шекесі шылқыған" жоқ. Ол туралы желіде айтылып жатыр.
@user-tc9nx4of5q
@user-tc9nx4of5q 6 ай бұрын
Бізде Таразда мұғалім ставкасы 800 000 теңге
@user-pz3or8hc3f
@user-pz3or8hc3f 6 ай бұрын
В 1996 году ставка уборщицы в школе было 30 тысяч. З/плата была 30 тысяч. Через 2 месяца ее увольняли и брали по этой схеме другого работника. Была текучесть кадров в год по 6 техничек👆. Это мне сказала мама, которая работала в этой школе (ст Бадам) 40 лет👆 На сегодня 27 лет прошло, то же самое только ставки увеличились! Техничка в школе / 500 тысяч, но работаешь только год😀! Делайте выводы !
@saltanatermanova9560
@saltanatermanova9560 6 ай бұрын
Мектепке жумыска дипломмен мугалим болып жумыска кириу үшін 1500 000 береди деп естигенде онтустикте Туркестан облысында таң калганмын. Бирак жемкорларды неге антикорупция дегендер кайда карап отыр.
@Elim7237
@Elim7237 6 ай бұрын
Олорғада берндіғой
@user-wk5st8ro3g
@user-wk5st8ro3g 4 ай бұрын
Қазір 800 мың тенгеге мектепке тек техперсонал қызметкерлерін алады.
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 27 МЛН
ШЕЛБИЛАР | bayGUYS
24:45
bayGUYS
Рет қаралды 611 М.
Супермамаситаның үйінде қонақта | Жұлдызды шаңырақта
47:36
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 27 МЛН