МЕКТЕПТЕ ТАРИХ ПЕН ӘДЕБИЕТ ОҚЫТЫЛМАЙДЫ ЕКЕН

  Рет қаралды 18,664

Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар

Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар

2 ай бұрын

Ұлт үшін күрескендерді ұмытып, ата-баба әруағын қорлап, хандарды ханшайым, патшаны патшайым, батырларды қатын қылып жүрген қазақпыз. -ов пен -евті -ова, -ева, -инді -ина, күйшіні кюйши Дина дейміз. Имановтар Иманова, Байтұрсыновтар Байтұрсынова, Майлин мен Сейфуллиндер Майлина-Сейфуллина, Уәлихановтар Уалиханова боп кеткелі қай заман. Олардың өзін жастар мектепте оқыды дегенге сену қиын, құдай біледі, автобустың қай көшемен жүретінін айқайлап хабарлайтын кондукторлардың аузынан естімесе, кімдер екенін білмейді де. Тіпті өзі тұратын көшенің аты берілген алып тұлғаны танымай масқара боп жатыр. Ал сіз Шоқан Уәлихановтың біздің тұңғыш ғарышкеріміз екенін білуші ме едіңіз?
Наш сайт - 1tv.kz/
Tik-Tok - www.tiktok.com/@1tvkz1?_t=8bD...
instagram - 1tvkz?igsh=...
Facebook - / posts
Telegram - t.me/eurasia1tvkz
Qoslike - / qoslike
Көреміз - / @koremiz_1tvkz
#новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана

Пікірлер: 384
@user-ei7xe3vh3l
@user-ei7xe3vh3l Ай бұрын
Ең оңай сұрақты білмесе, айтарым жоқ....Енді, мектептерді тексеру қалды.
@qzhke
@qzhke Ай бұрын
Үйін тексеру керек, отбасын. Мектепте оның бәрі күнде айтылып оқытылады, миларында тик ток басқа дүние толып жатыр.
@nurlibekbaimenov2302
@nurlibekbaimenov2302 Ай бұрын
​​@@qzhkeқателеспе шырағым мұғалім боларсын. Мына қазіргі сапасыз оқулықтармен бала оқытқан сайын жағамызды ұстаймыз бұндайда ғалымдар болады екен деп. Қазақ тіліндегі оқулықтар бұзылған қазір, мектептегі білім құрдымға барады, ұлтымыздың болашағына өте қауіпті мектеп программалары короче
@user-op6ut6ro5z
@user-op6ut6ro5z Ай бұрын
Биз Өзбекстаннан келген қандастарымыз бірақ аталған аталарымыздың кім екенін бес бармақтай білеміз сол елде жүріп мақтаныш тұтатынбыз
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c Ай бұрын
Бармақ біреу, саусақ бесеу. Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
@user-dw5nd5lx3z
@user-dw5nd5lx3z Ай бұрын
Орыстанған қазақтар өзіміздің атақты азаматтарымыз ды білмейді. Масқара.!!!
@Tair.Yerbolat
@Tair.Yerbolat Ай бұрын
Ұятай
@Askhat.94
@Askhat.94 Ай бұрын
Кайдағы орыстанған казак казакы екені көрініп тұрғо окымаған өздері кінәліғо
@user-ts7sr2nw8o
@user-ts7sr2nw8o Ай бұрын
​@@Askhat.94Өздері кінәлі емес, жетесіне жеткізе алмағандар кінәлі. Кінәліғо емес кінәлі ғой.
@user-fm8up5uy1d
@user-fm8up5uy1d Ай бұрын
Кішкентай сұраққа ,кішкентай жауап жоқ бұндайда күлемізбе ,жылаймызба қазағым.
@user-tc2kl3rd3l
@user-tc2kl3rd3l Ай бұрын
Масқара мен 60келіп əрбір ұлт азаматын біліп ,немерелеріме айтып отырам.Мына қазақтар масқара жасады ғой масқара недеген қараңғы бейшаралар.Жер басып кісі болып жұрген тұріңді ұрайын .Өз халқының тарихын білмеген қуыс кеуделер ай,жаным күиіп кетті ау
@nurlibekbaimenov2302
@nurlibekbaimenov2302 Ай бұрын
Ай бір қамшымен май құйрықтарынан сабап тұрып жаттар меді ә😂осып осып жіберіп
@user-ku5to8us8w
@user-ku5to8us8w Ай бұрын
Ата-ана үйде айтып отыруы керек,бірге кино қарауы керек.Әдеби кітапты,газет-журналды да ата-ана оқып,әңгімелеп отырса,баланың да рухани білімге ынтасы ауар еді.Бізге үлкендер үлгі көрсетті.Осының ішінде не жазылған деп біз де оқитынбыз.Тнк мектепте берілген білім аздық етеді,әрі қарай қосымша оқып,ой түйіп отыруы керек.
@jonsmith3001
@jonsmith3001 Ай бұрын
@@user-ku5to8us8w созинизге косыламын
@user-om5tn2jj2i
@user-om5tn2jj2i Ай бұрын
Менің жасым 70-те. Мектепті тиіп-қашып жүріп оқысам да, мыналардай ТОПАС болмаппын. Масқара, бұлар мектеп қабырғасында не оқыған, қарап отырсам бәрі де мамандық иелері болмаса да, болайын деп тұрғандар, қалай маман болып жарытады, қалай елімізді көркейтеді??? Бұл деген ең маңызды мәселе ғой. Бірақ, қазір ештеңеге таңдануға болмайды, президенттің өзі де, басқалары да қазақшаны қағаздан ежелеп оқиды. Бір қолыңа микрофон, екінші қолыңа қамшы ұстап тұрып, орыс әйелден басқаларын майқұйрықтан тартып-тартып жіберуің керек еді.
@dariyaberikova4745
@dariyaberikova4745 Ай бұрын
Масқара! 😢 мектепте не сабақ оқытып жатыр! Қазақ тілі, әдебиет, Қазақстан тарихының мұғалімдерін аттестациядан өткізу керек!
@user-id9pp8ds4d
@user-id9pp8ds4d Ай бұрын
Дурыс тақырыпты козгады!
@user-sy1uu8gh2b
@user-sy1uu8gh2b Ай бұрын
Масқара!!!! Біздің қазақ қайда бара жатыр. Жылаймыз ба кулемыз ба??? Орыстар анау, мынау дейміз. Өзіміз ше??? Масқара 😢😢😢
@user-cm8og8pf4c
@user-cm8og8pf4c Ай бұрын
Тарихын билмеген ултта болашагы булынгыр деген осы гой. 😢
@user-vf1gz5bz1v
@user-vf1gz5bz1v Ай бұрын
Мектепке ата-аналар балаларын бос уақытында бір нәрсеге ұрынбасын деп жібереді. Бақылауда болсын. Оқымайтын оқушы көп
@user-tc2kl3rd3l
@user-tc2kl3rd3l Ай бұрын
Ол рас.Орыстар орыс тілі мен орыс əдебиетін жеке жеке оқытады.Қазақ тілі мен қазақ əдебиетін -бір сабаққа кіргізіп оқытады.Осы масқаралық қой.
@Arman_Sharapov
@Arman_Sharapov Ай бұрын
Арасында қазақ мектебін бітіргендер көрініп тұр ғой! Орыс анау, орыс мынау - деп сілтемелер айтуға уят қой! Оқымаған - деп, айтпайсыз ба? Орыс апаны көрсетті, С.Сейфуллинді танып тұр. Өз қазағын, білмеймін - деп, қашып жатыр!
@SunkarZaitenov
@SunkarZaitenov Ай бұрын
Кім оны айтты сізге? Қазақ тілі мен Қазақ әдебиетті екі бөлек сабақ, бұнда сабақты оқушыдан оқуы талабы түскен (статистикаға жұмыс істеу мектептің, бағаны жасанды көтеру).
@user-tc2kl3rd3l
@user-tc2kl3rd3l Ай бұрын
@@SunkarZaitenov ойбой орыс мектебіндегі сабақтың берілуі осылай -қазақ пəндеріне
@user-ei7xe3vh3l
@user-ei7xe3vh3l Ай бұрын
Қазіргі жастар, телефон ұстап оқымайды.
@user-lt3co8jy7p
@user-lt3co8jy7p Ай бұрын
Кайда барасын казагым ,мынау нагыз деградация гой 😢
@user-vr2qn6uu3w
@user-vr2qn6uu3w Ай бұрын
Ммдаа....бул сумдык десекте болады
@user-gp1nm7cj1k
@user-gp1nm7cj1k Ай бұрын
Ай,ойбай,ойбай! Жаным шырқырап, жүрегім қан жылап тұр ғой,мына масқаралықты көріп. Қалай да,қалай қылайын...
@user-oi4yo4gf7c
@user-oi4yo4gf7c Ай бұрын
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері кінәлі емес! Сапасыз оқулықтарды қабылдаған Сағадиев мырза кінәлі! Асхат Аймағамбетов бел шешіп кірісіп жатқанда, сол жылы орнынан алып тастады. Қазақ ұлтына қарсы топ бар. Цензура жасап отырған өзге ұлт өкілдері қолдарында мөр және билік бар. Кітап шығарушыларды тауып алып, сөйлескенімде, олар шырылдап берді: "Жаңаша жасаңдар! Бұрынғыларды алып тастаңдар!"-деп, Ахмет пен Мағжандарды алғызып тастады,--дейді...
@kulyashzhumadilovna4716
@kulyashzhumadilovna4716 Ай бұрын
Аймағамбетов обновленка мен коучты кіргізді Америка жолымен оқытуды. Мұғалім тек ұйымдастырып береді өздерің оқып түсінгендеріңді бір біріңе айтыңдар деп. Білім саласы құрдымға кеткелі қашан?! Сайлау өткізу үшін ғана отыр сонша айлықты алып деп ойлайсың кейде
@nurlibekbaimenov2302
@nurlibekbaimenov2302 Ай бұрын
АстағфирАлла қайда барамыз, ойлаушы едім бұл неғылған ғалымдар мына мектеп оқулықтарын жазатын деп, ай білімсіз біздің өзіміз атаңа нәлет деп отырамыз оқулықтың авторларын балаларымыздың үй тапсырмасын орындатқан сайын жағамызды ұстап, недеген надандар жазған деп
@user-ei7xe3vh3l
@user-ei7xe3vh3l Ай бұрын
Сұмдық.Ұяттың ұлты болды ғой.Мектепте оқытады ғой.😮
@user-fi7dr4fp4t
@user-fi7dr4fp4t Ай бұрын
Совет кезеңіндегі білім өте терең болған.Әдебиетті бес саусақтай білетінбіз.
@user-ts7sr2nw8o
@user-ts7sr2nw8o Ай бұрын
Өтірік соқпа, совет кезінде оқытпады Қазақ тарихын Әдебиетін, бұрмаланған өтірік жазып бергендерді оқыдық, ең сорақы кезең СССР кезі. Тек Орысты оқыдық Лермонтов, Крылов, Пушкинді.
@becausejoin1436
@becausejoin1436 Ай бұрын
Мә масқар қазақты жоюғо бұл саяастың мақсаты ұяат болдау Аталарымызды танымағанымыз😢😢
@user-xl4qw7hn3j
@user-xl4qw7hn3j Ай бұрын
Орыс болсын казак болсын масқара көр соқыр халык жастар казактың тарихынан журдаи казіргі жастар заманауи интернеттен бәрін оки алады біледы дамыган деп ауызды кереміз
@nurullahabdikarim1704
@nurullahabdikarim1704 Ай бұрын
Жастарымыз осы болса келешегимиз жаркын Казакстан Ертен каида туратынында билмеиди ау Казакстанды Газагстан деп журмесе екен димингои
@user-nz3mj1ly8x
@user-nz3mj1ly8x Ай бұрын
Масқара , ең оңай сұраққа жауап бералмаған , білім жоққой , ұялғаным ай .
@user-qb6qi8mw3v
@user-qb6qi8mw3v Ай бұрын
Өсіп келе жатқан жастарымыздың, көше атауының атын алған тұлғаларды білмеуі. Тікелей назарбаиевпен, тоқаиевтың жүргізген саясатының кесірі.
@user-rh3bd3qv3o
@user-rh3bd3qv3o Ай бұрын
Масқара
@user-kw6iv1fo6e
@user-kw6iv1fo6e Ай бұрын
Сонда бұларға мектепте өтірік баға қойылып мектепті бітіргендерғой...Білмесе неге сыныптан сыныпқа көшіреді! Міне еліміздің білім министрінің жұмыстарының нәтижесі!
@user-hc6ov1uv6h
@user-hc6ov1uv6h Ай бұрын
Масқара!..Айтарға сөз жоқ.... Мектепте, не оқыған. Болашақ жастардікі деп жүрсек, жастардың түрі мынау.......
@user-iz5du9nz5i
@user-iz5du9nz5i Ай бұрын
Ұят қой мынау, масқара!
@Qazaq7747
@Qazaq7747 Ай бұрын
Кілең оқымағандар екен,үлкенінен жасына дейн))
@nurlibekbaimenov2302
@nurlibekbaimenov2302 Ай бұрын
Үлкендердікі тіпті ұят енді надандық, таза намыссыздық
@user-uu6nn9ug5r
@user-uu6nn9ug5r Ай бұрын
Біздін жастврдын басы тиктокпен инстаграммен айналып кеткен
@saparaga
@saparaga Ай бұрын
Бізде тез арада Ана - тілін көбірек оқыту керек . Бәріне шұғыл түрде Қазақ тілінде емтихан алу керек , бүкіл басшылардан бастап .
@saparaga
@saparaga Ай бұрын
Бәрекелді дұрыс айтасыз .
@user-oi4yo4gf7c
@user-oi4yo4gf7c Ай бұрын
Қазақ тілі мен әдебиетін қайта шығару керек! Алаш зиялыларын мүлдем алып тастаған. Бұрынғы әдебиеттерді жоғары жақ бұйрық беріп, макулатураға өткіздіртіп жатыр. Мектеп кітапханасына бұйрықпен бұрынғы әдебиет оқулықтарын, бәрін макулатураға өткіздіртіп келді. Неге?! Себебі, қазақ ұрпақтары Алаш зиялылары туралы, ата-бабалары өмірін білмеуі керек!
@user-nq7bp1uw4g
@user-nq7bp1uw4g Ай бұрын
Мұғәлімдер жазалау керек осындай білім үшін, бағаны рейтинг үшін бәріне өтірік қойады, бір орыс он бір жылда қазақ тілін меңгеріп шықпайды
@abdullakhbadrudin
@abdullakhbadrudin Ай бұрын
Қазір мұғадлімдікке кім барады? Бір есуас болмаса.Астанада мұғалімдер жоқ,қазір,ешкім істегісі келмейді,сіздің комментіңізден кейін тіпті қашады😂😂😂😂біткен жеріміз осы ғой.топхалықпызпой😂😂😂😂
@user-nq7bp1uw4g
@user-nq7bp1uw4g Ай бұрын
@@abdullakhbadrudin ешкімді ешкім зорламайды
@zhandos-gr9dx
@zhandos-gr9dx Ай бұрын
окиништи мектеп кезінде окып Едик окиништи умытып калыпын казир адамдар телефон акша бала шыга деп журип мансап қуып кеттигой.
@user-om5uv5yw1w
@user-om5uv5yw1w Ай бұрын
Дурыс айтасыздар осы приэезидентке жетсего аттен. Орысша ма Казакшама ,латын созин алып тастандарш, Болашак казактар Кущи Дина деген сиякты сойлеп кетет,Латын Тилди алдырып ,тарихты окытуга куш салу керекпіз. Озиниз латын тілдерді көшеде окып болашакты елестетнзш
@azamatkazhikenov9163
@azamatkazhikenov9163 Ай бұрын
Осындай репортаж дар тема 👍💪💯
@user-ci9mi1ec6v
@user-ci9mi1ec6v Ай бұрын
Орыстар біледі зерттеп журеді, уят масқара қазағымай., айтарға сөз жоқ
@user-kx8vg6pk4u
@user-kx8vg6pk4u Ай бұрын
Орыс мектебiне бередi кобiсi.А,орекендер казактын тарихын окытпайды.Халык калын уйкыда,урпагымызды орыстын мектебiне берiп жайбiр рахат журмiз.Мiне натиже.Наданнын наданы.
@user-cq9qe6cd7f
@user-cq9qe6cd7f Ай бұрын
булар борат болды гой.балалар,жастар мангурт. айтар жоқ өте уят калай ел болады.бир елдин боданы боп кул болатынын ойламацды ау.оларга барибир ма
@roza6835
@roza6835 Ай бұрын
Мынадай топас жастармен Қазақстанның көсегесі көгермейді ғой, қайдан шыққан маубастар. Сәкенді, Бейімбетті , Шоқанды білмеу деген қазақ үшін кешірілмейтін күнә ғой. Ұлылардың аруағы атқырлар, көріп отырып қазақтың болашағынан қорықтым. Мына түрімізбен ел болып оңбаспыз.
@user-zv1wu6xw3f
@user-zv1wu6xw3f Ай бұрын
Қазіргі бала өзі ізденеді деп сурет салдырады, тест жасатады ол әшейін жаттанды нәрсе жаттайды, ұмытады. Бұрынғы мұғалімдер айтып түсіндіретін оқушы оқып түсініп айтатын ол өмірі миында қалатын. Мынау ұят қой. Не деген сұмдық.
@user-cl8mt4qe4c
@user-cl8mt4qe4c Ай бұрын
Масқара, масқара міне ұлттық идеологияның мүлдем жоқтығы осыдай жағдайға әкеліп соғады.Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзінің жеке мемлекеттік тілі мен ұлттық идеологиясы болуы тиіс ал бізде көпұлтты мемлекетпіз деген желеумен ұлт көшбасшыларының өмірбаянын оқудан қалып барамыз.Өкінішке орай билік басындағы коммунистік Нұржүйенің ұстанымы осындай бүгінгі таңда.
@user-xf5zz7cn2f
@user-xf5zz7cn2f Ай бұрын
Көше атауларының ана тілімізде қалай дұрыс аталатын білмеген,ұлттың намыстан жұрдай болған бейшаралар-ай.Масқара,ұят-ай неткен сауатсыздық десеңші.Бір кем дүние...
@sos7799
@sos7799 Ай бұрын
Бәрі біздің биліктің кінәсі
@user-bc7mn6xm5p
@user-bc7mn6xm5p Ай бұрын
Дұрыс айтасыз
@user-fb1pt8yd6x
@user-fb1pt8yd6x Ай бұрын
Тағыда онлаин оқытсын ұят бұл😢
@user-sx4xl6dd1k
@user-sx4xl6dd1k Ай бұрын
Мұғалімдерді тексеру керек! Мен кейде немеремнің сабағына көмектесем сұрауы бойынша, мұғалім не түсіндірді десем, апай сабақ түсіндірмейді дейді. Қазір мұғалім ештеңе түсіндірмей, балалардан тек тест, сұрақ разработать еттім деп, айлық алады. Тіпті жиналыста 2 кластың мұғалімі ата-аналарға ұрысты:мен замечание жазып жібердім балаңыздың қателерін, неге үйде диктант жазғызып үйретпейсіңдер деп
@user-nu5rb7gn3h
@user-nu5rb7gn3h Ай бұрын
Өтірік!Мен үйге тапсырма беріп болған соң біраз оқушылар маған үй тапсырмасын бермейсіз бе деп сұрайды.Беттеріне таң қалып,жаңа ғана бермедім бе,қайда қарап отырсыңдар деймін.Кейбіреулері үйіне барған соң ватсаппен не бергенімді сұрайды.Мұғалім не істеуі керек!?Мен оларға ашуланып,менің тгсіндіргенімді сабақ аяқталған соң сыныптың табалдырығынан аттай сала ұмытып кетесіңдер деп ренжимін.Себебі,білейін деп ықыластанбайды,мектепке амал жоқтан келеді.Біздің оқуға құштарлығымызды ата-анамыз оятқан!
@user-nu5rb7gn3h
@user-nu5rb7gn3h Ай бұрын
Дұрыс,үйрет!Өз балаларыңа жандарың ашымайды ғой!
@Dd-eh3on
@Dd-eh3on Ай бұрын
​@@user-nu5rb7gn3hпозор.тупой мугалымдерден тупой окушы шыгады. Маскара сумдык!!!! Эй мугалым окытпаса неменеге керексын,ата ана окытып отыра берсын тогда
@user-ts7sr2nw8o
@user-ts7sr2nw8o Ай бұрын
Мұғалімдер тик-токта отырса қайдан білім болады, оларға уақыт өтіп ақшасын алса болды.
@user-nu5rb7gn3h
@user-nu5rb7gn3h Ай бұрын
@@user-ts7sr2nw8o Мен мұғаліммін.Барлық мұғалімдер оқушылар сияқты тик-токта отырады демекшісің бе?Мүмкін ол мұғалім электронды журнал толтырып,оқушыға баға қойып отырған шығар?!Мен егер кейде сабақ үстінде баға қоятын болсам,телефонымды оқушыларға көрсетіп,мен телефон шұқып отырған жоқпын,журнал толтырып отырмын деп ақталамын,үйлеріне мұғалім телефон шұқыды деп айтып бармасын деп.Міне ,сенің сөзіңнен де балаңның мұғалімнің сыртынан сөз таситыны білініп тұр!Неге мұғалімдер әр қадамына оқушының алдында ақталу керек! Мұғалімдердің мұрын сіңбіруге уақыттары жоқ!Алдымнан шыққан мұғалім сәлемдеспесе екен деп ойлайтын кездерім бар,оған уақыт кетіргім келмейді!
@user-ds2mp8qy6u
@user-ds2mp8qy6u Ай бұрын
Мұндай болмас үшін солай жазып қою керек кім екенін тек қана қазақша !!!
@karligahmahan486
@karligahmahan486 Ай бұрын
Масқара мектепте не оқиды.
@kaptainprice7145
@kaptainprice7145 Ай бұрын
Кілең мақауларғо... жүрген көшесінің атын білмейді, я қандай адамның атында екенін білмейді
@user-iy1fu1ct6g
@user-iy1fu1ct6g Ай бұрын
Кеңес Одағы кезінде оқыдық бәрін білетін едік
@guleke0212
@guleke0212 Ай бұрын
Мұғалімдерді кінәлау дұрыс емес! Мен 35 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Жаңартылған бағдарлама 2016жылдан бері енгізілді.Пәнімізді емес, әр түрлі пәннің басын шатып оқулыққа енгізіп қойған. Мысалы : Аманкелді Иманов т.б.қайраткерлерді, ақын-жазушыларды оқулыққа мүлдем енгізбеген.
@user-kd9qj7xk7p
@user-kd9qj7xk7p Ай бұрын
Казактын быт шыты шыгыпты гой
@user-fd2nr2sk8g
@user-fd2nr2sk8g Ай бұрын
Сұмдық,ұят өте ұят. Ұлтымыз жоғалып бара жатқандай. Жастар тұрмақ ересектер де білмейді
@user-bc7mn6xm5p
@user-bc7mn6xm5p Ай бұрын
Осыны көргенде жылағым келді😢
@NurDaur75
@NurDaur75 Ай бұрын
Масқара. Мектеп оқымаған ба?? Бұлар
@asselkonyrova175
@asselkonyrova175 Ай бұрын
Бұны білмеуіне халық кіләлі емес оқу-білім министрлігі сияқты.
@Nuri2309
@Nuri2309 Ай бұрын
Бұған депутатар жазушылар призидентер білім министір. Жауап берсің
@user-ti7pv6uq6i
@user-ti7pv6uq6i Ай бұрын
Не боп кетты, масқара, сонда мектепте не өтіп жатыр
@user-jb1jq3oz8r
@user-jb1jq3oz8r Ай бұрын
МАСҚАРА!МЫНАУ НЕ МАСҚАРА!ҚОР БОЛДЫ ДЕГЕН ОСЫ ҒОЙ
@user-mm7wq6ut2j
@user-mm7wq6ut2j Ай бұрын
Мектептерде Қазақ Адибиеті Пәнін көп Окыту керек сол Үшін
@siya5433
@siya5433 Ай бұрын
Астанада мына кісілер не бітіріп жүр
@user-lk5me8bq3i
@user-lk5me8bq3i Ай бұрын
Масқара...тездетіп қысқаметражды кино болса да түсіру керек ау...бұлардың санасына тек кино арқылы кірмесе , басқаша кірмейтін секілді. КИНО...ол Халықтың санасына шайнап салу.
@user-bc7mn6xm5p
@user-bc7mn6xm5p Ай бұрын
Дұрыс айтасыз, әйтпесе ұлтымызды жоғалтамыз
@user-mg9lz1ec7l
@user-mg9lz1ec7l Ай бұрын
Балаларды орыс мектебіне оқырманның салдары.
@ruslantamerlanov5991
@ruslantamerlanov5991 Ай бұрын
Қазақтың тойы бітпесін деп қояық! Молодцы жүре беріңдер қазақтар бала бақшадан бір бірлеріңді ұрлап
@OTAN-xt2te
@OTAN-xt2te Ай бұрын
Біледі, орысқа жағыну үшін солай айтады.
@user-dg7ji6rb1m
@user-dg7ji6rb1m Ай бұрын
Америка адамдары көбі осылай деп күлетін едім басымызға келді. Маскара😮
@user-ju4hb4dc6s
@user-ju4hb4dc6s Ай бұрын
Асалаумалейкум Қазақ елі тарихты қолға алыздар әдебиеті білім мен қазақ тілімізді қолдап қана қорғап та жүріуіміз керек сонда ғана ел болып мемлекет бола аламыз тарихты ұмытсақ біз ешкім емеспіз қазақ елінің өз тарихы өз дәстүрі өз тұлғалары бар соларды келешек жас буынға оқытылатын болсын деп үкіметке. Талап қоямын
@Goodmorning-oj5mn
@Goodmorning-oj5mn Ай бұрын
Я в русской школе училась и нас учили истории Казахстана ❤
@user-xt8hy8rr7g
@user-xt8hy8rr7g Ай бұрын
Енді балдарды осылай тәрбиелеген өздерің ғой бұтақты қалай исең солай өседі біздің үкімет БІЗДІКІ болмай тұр ғой шет елдің компанияларының ақша табатын полигоны болғалы қашан ......
@user-zu4xg3pb4u
@user-zu4xg3pb4u Ай бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС АЙТТЫҢЫЗ.
@user-yc7mm5xe6j
@user-yc7mm5xe6j Ай бұрын
Мисызба сонда жастар бізде оқыттығо мекетепте
@Relaxmusic-cq9jz
@Relaxmusic-cq9jz Ай бұрын
Тик ток, инста келгелi адамдар надан болып кеттi, сананы улап жатыр
@manamillioner
@manamillioner Ай бұрын
Иванның "алға Қазақстан" деген каналында осындай танымал адамдардың атымен аталған көшелермен таныстырады, орыстардан үйренетін болдық қой
@user-um6wn5gy4s
@user-um6wn5gy4s Ай бұрын
Ұят болды ғой .😮 Масқара !
@user-qb9bh4ew5n
@user-qb9bh4ew5n Ай бұрын
Масқара,ғой.😡 Мектепке- оқытпаған ғой.
@user-ts7sr2nw8o
@user-ts7sr2nw8o Ай бұрын
Бунын барине билим министри, мугалимдер кинали. Сосын керек емес сайттарды бугаттау керек, тик-ток Инстаграм дегендерди, жастар мажбин есалан болып кетти.
@user-lz7oq7qy1b
@user-lz7oq7qy1b Ай бұрын
Әр бір көшеге жазып қою керек ол кісі кім болған немен айналысқан қашан туылғанын қысқаша түрде сонда кішкене болсада халық оқып танийды.
@user-nd7qq8ch6l
@user-nd7qq8ch6l Ай бұрын
Алматы орыстаныптығо,орысша саирап тұрғо.Біз кімбіз өщі
@user-pj2ud9lf1l
@user-pj2ud9lf1l Ай бұрын
Алматы да қазақ мектебі жоқ сияқтығо?
@user-jh1eq9kh7w
@user-jh1eq9kh7w Ай бұрын
Ұят қой! Масқара, таңғалатын еш нәрсе жоқ. Бұл жаңа Қазақстан ғой... 😢
@playservice8412
@playservice8412 Ай бұрын
Осындайды коргенде не умит не кайыр...!
@user-kj8ho5kn6j
@user-kj8ho5kn6j Ай бұрын
Дұрыс айтасыз.
@user-dy2qo1kw1g
@user-dy2qo1kw1g Ай бұрын
Қазақ тарихының мұгалымдерың срочно аттестациядаң өтқызыныз!Бір районның мектебынде-миллиард акша желынеды,бәрлықтарың аттестациядан өтқызыныз!
@user-wy2sl6jz6o
@user-wy2sl6jz6o Ай бұрын
Қалада не оқытатын білмеймін ауылдың қара домалақ салдарынан сұрасаң аитып береді.
@user-jj1vr7qy4t
@user-jj1vr7qy4t Ай бұрын
Мектептен бастап дұрыс оқыту керек
@daniyartokseitov7982
@daniyartokseitov7982 Ай бұрын
Ееейй казагым,Аман болындар
@user-tk1fb2cv6r
@user-tk1fb2cv6r Ай бұрын
Қазақ қайда кетіп барады дейсің,құрдымғааа!
@user-yc7mm5xe6j
@user-yc7mm5xe6j Ай бұрын
Қолыңа ұр топқақ алуың керек еді микрафон емес білмегенедерді ұратын
@user-sg9mg2ftGgt
@user-sg9mg2ftGgt Ай бұрын
Мына Менингит Ұрғашылардан Махырды сұрасаң,бірден сайрап береді 😮
@user-uk1dw1lf1x
@user-uk1dw1lf1x Ай бұрын
Орыс онбаган димиз апаи билип турго
@nurgalimaulenov5429
@nurgalimaulenov5429 Ай бұрын
Ой Алла 30ж .да не уйретты тауелсыздык егемындык алганда кан тогып осы кан токкен ата бабаларымызды умыт калдырсак бабалар коргаган жерды сатсак тарихтан журдаймыз не калды 😮
@nurgalikoldasov8059
@nurgalikoldasov8059 Ай бұрын
Билікті жамандағанда алдымызға жан салмаймыз .
@quanishibragimov3362
@quanishibragimov3362 Ай бұрын
ОЗ ТИЛИНДИ БИЛМИСИНДЕР ТАРИХТЫ КАИДАН БИЛЕТ
@xyzshadi
@xyzshadi Ай бұрын
Шоқан Уәлиханов тұңғыш ғарышкер😂😂😂😂😂😂
@user-jk6ik3jr2b
@user-jk6ik3jr2b Ай бұрын
Үлкен қылып банерларға осы ұлы азаматтарымыздың қысқа тарихын жазу керек әр көшеге тым болмағанда, бұл расымен масқара нәрсе аталарымызды білмеу, кінәні өзімізден іздейік әр отбасыда сөз арасында еске сала жүрейік батырларымыз бен жазушыларымызды
@user-cp7pc8ll2c
@user-cp7pc8ll2c Ай бұрын
Автобустарда аялдама аттарын толық қазақ тілінде айтуды автопарктерден талап қою керек
@user-jj1vr7qy4t
@user-jj1vr7qy4t Ай бұрын
Масқара күлейін бе ? Жылайын ба ? Қазақсыздар ма ?
@user-wf2pw2qp1b
@user-wf2pw2qp1b Ай бұрын
Шоқан Уәлиханов -ҒАРЫШКЕР?😆😄🤣😂😄😁😆🤣😂
@mechtamarket663
@mechtamarket663 Ай бұрын
Тилинди салт дастуринди жогалтсан ненди коргайсын шекаранды аша сал деп бекер айтпаган.
@user-dy4wd7gd5q
@user-dy4wd7gd5q Ай бұрын
Ойбай ойбай масқара насыбайға заңшығарғанша осынын топастарға біліп жүруді ойламайсыңдариа
@user-pk1km1ou2i
@user-pk1km1ou2i Ай бұрын
Ауылдың жастарынан сұрау керек
@user-uf3es6mi6y
@user-uf3es6mi6y Ай бұрын
Кеңес өкіметін қанша жамандасаңдар да,біздер осы адамдар туралы бәрін оқығанбыз.
Белгілі әншінің белгісіз әні. Ескендір һәм «Ғаскер әні»
41:01
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 36 М.
We Got Expelled From Scholl After This...
00:10
Jojo Sim
Рет қаралды 44 МЛН
Whyyyy? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 20 МЛН
1❤️#thankyou #shorts
00:21
あみか部
Рет қаралды 88 МЛН
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 11 МЛН
Асланян о том, когда закончится война
19:43
Дмитрий Гордон
Рет қаралды 51 М.
Уральские пельмени  Нога в гипсе
11:36
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 404 М.
Қазақша фамилия қалай болуы керек?
8:26
ӘУЕСБАЙДЫҢ Қанаты
Рет қаралды 1 М.
We Got Expelled From Scholl After This...
00:10
Jojo Sim
Рет қаралды 44 МЛН