Мектеп психологының жан айқайы министірлікке жетсе екен
@user-mc1ne3vy1m3 жыл бұрын
Өте дұрыс. Психологтардың саны көбейсе екен, 300 оқушыға бір психолог болса мүмкін дұрыс нәтиже болар ма еді. Мектепте өте қиын психологиялық ахуалды жақсарту қазіргі таңда
@gulnarakopewbaeva68963 жыл бұрын
Мектеп психологтарына сағат бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді
@user-gx6ls2co7p3 жыл бұрын
Педагог психологтарға сабақ кестесінде сағаттарын қойып берсін
@user-jj5lq1cm6u3 жыл бұрын
Педагог-сихологтың жағдайын, мектепте 5 жылдан асық жұмыс жасап жатқан маманнан сұраңыздар. Мектеп педагог-психологтары балалардың барлық мінез-құлық ауытқушылықтарын анықтап, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізе алады, бірақ оған ешқандайда жағдай ЖОҚ!!!
@user-vp7uv3oo1r3 жыл бұрын
Толықтай келісемін
@user-fd3og5qj2r3 жыл бұрын
Сәлеметсіздер. Өте жақсы көтерілген мәселе. Себебі мен өзім педагогика және психология ғылымдарының магистрімін. Кезінде психологтар керек деп оқытты бізді. Бірақ мектепте 1 психологтан артық ешкім жұмыс жасамайды. Сондықтан басқа бағытта жұмыс жасап жүрмін. Мен сияқты қаншама психологтар осылай жүр. Бір психолог бір мектепке аз. Әрі жұмысы қиын. Қазақстанда психология әлі толық дамымағанда. Өте керемет психолог болу үшін, жүйе, бірізділік, білім алмасу болу керек. Сондықтан студентті оқытып жатқанда, жоспар жасауды, қиын баламен жұмыс жасауды, кездесетін көп мәселені шешудің жолдарын үйрету керекпіз. Сауалнамаларды сараптамалардан өткізіп, жасына лайық жүйелей білуіміз керек.
@user-fn9gm4vt9e3 жыл бұрын
Мектептерде психологиялық сағат бөлінсе екен. Оқушылармен жұмыс жүргізуге арнайы сағат болмаған соң еркін жұмыс жүргізу қиыншылық тудырады. Жоспарға сай жұмыс жүргізуімізге ең басты кедергі -психологтарға арнайы сағаттың бөлінбеуі. . Психолог кабинеті өте шағын. Оқушымен жұмыс жасау үшін психологиялық кабинеттің кең, жарық және талапқа сай болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бала тәрбиесін тек психологтардан талап етпей ата ана көбірек назарда ұстаған жөн
@user-rn2uf2pe4m3 жыл бұрын
Мектеп психологтарынын жалакысын осирсин. Сагат ретинде енгизсе. Психологтар жумысын жургизейин десе , окушылармен жумыс жасауга кедерги болады. Сагат жок. Кунине неше сагат жумыс жасайды.
@user-uo2bj8it4u3 жыл бұрын
Мектеп педагог-психологтарда жауапкершілік өте көп. Құқық бұзушылық, зорлық -зомбылық, ерте жүктілік, аутоагрессияның алдын алу жұмыстары, талантты дарынды балдармен,үлгерімі төмен өқушылармен, үйде оқыйтын оқушылармен жұмыс, сонымен қатар ата-аналармен және педагогтармен жұмыс жасайды. Айлық жалақысы аз бірақ атқаратын жұмысы өте көп.
@user-ir7nu1wy3h3 жыл бұрын
Мектеп психологтарының жұмысын бірдей жүйеге келтіріп реттелуі қарастырылса.
@begzotomarov2353 жыл бұрын
Психологтарға қолдау көрсетіп оларға жақсы көзбен қарап көтермелесеғо ширкііін бірак ондай емес сағат беріліп окушылар мен тығыз байланыста болсаң онда болмайды деп ойлаймын
@user-gx6ls2co7p3 жыл бұрын
Мектеп психологтардың жұмысын бағалап, сағаттар бөлінсе, арнайы сағат берілсе
@user-bd7cs5qe9f3 жыл бұрын
Дұрыс айтады мен де қолдаймын жеке сағат берілсе нұр болар еді
@umitesimkulova29503 жыл бұрын
Мектеп психологына сағат бөлсе екен. Ата - ана мектеппен тығыз байланыста болу керек. Жауапкершіліктің бәрін мектепке аударып коятын ата - ана көп кәзіргі коғамда. Бір нәрсе болса психологті кінәлайды. Сол себепті ата - ана тығыз байланыста болса, бала тәрбиесі ретке келер.
@user-df2ku9zi6l3 жыл бұрын
500-1000 балаға 1 психолог қазіргі кезде. Мектеп психологтарының жан айқайын түсінетін адамдар болса. Жауапкершілік көптігі сонша қай бағытқа қарай жүгірерімізді білмей дал боламыз. Сағат жоқ, әр пәннен сұрап жүреміз маған сабағыңызды беріңізші мен балдармен тренинг өту керекпін немесе диагностика жүргізу керекпін деп әр сыныптан сұрап жүреміз. Өтірік емес. Арнайы кабинетіміз де жоқ. Қазіргі кезде аутодеструктивті мінез-құлықтың белен алуы мені қынжылтады. Арнайы суицидологтар жұмыс жасау қажет мектепте. Барлығын психологтарға артып қою мүлдем миға қонымсыз. Немесе психологтардың штатын көбейту қажет. 300 балаға 1 психолог болса қанекей. Жұмысымыз кішкене болсада жеңілдеу болар еді
@user-gu2jn5de2e3 жыл бұрын
қолға алыну керек
@user-ih6xj8il9g3 жыл бұрын
Психологтардың жұмысы әлі күнге дейін бір жүйеге қойылмаған. Білім министрлігі психологиялық жұмыстың қажеттілігін мойындамай отыр, жергілікті білім басқармаларында ғы басшылардың көбі психологиялық бұзылыста (амбиция) сондықтан олар психологтардан қашады.
@user-bd7yo1xj6m3 жыл бұрын
Ләззат ханым, дұрыс айттыңыз.
@akbotakosybai97163 жыл бұрын
Мектеп психологтарынын жұмысы айлығына лайықты емес штаттық режимнен алып сағат берілсе екен, педагогика психология ғылымдарының магистрімін. Балалармен жұмыс жасап нәтижерің өңдеуге мүмкіндік жоқ. Өтініш минстрлікке қаралса екен
@user-cv5fw4cx6l3 жыл бұрын
Өте өзекті мәселе қазіргі таңда психологтар тек суицид бағыты бойынша жұмыс жасаймыз бар жауапкершілік тек бізде суицидологтың қызметін атқарып жүрміз. Соған қарамастан мектепте оқыс оқиға орын алса психолог кінәлі жұмыстан шеттетіледі немесе қатаң сөгіс беріледі. Осы дұрыс па?
@user-sj6ov5ev3o3 жыл бұрын
Ужас! Гульзат Асанова - это ведь абсолютно некомпетентный человек!!! Ей самой лечиться надо! Она ведь только скандалами и угрозами привлекает к своей персоне внимание!
@user-tr7oi1dr8j3 жыл бұрын
Оль бы л регистрации Юр
@user-qi6mv2ye9b3 жыл бұрын
Мектепте психологтың жауапкершілігі көп. Баланы бақылау, яғни жұмыстану тек психологқа жүктемеу керек, баламен жұмыстанатын мамандар жетеді мектепте барлығы да ат салысу қажет Мектепте қандай да бір проблема болсада 'психолог не работала ' дейді. Олар көп психолог жалғыз, сондықтан да баламен жетік жұмыстан үшін сағат бөліну қажет деп ойлаймын Диагностика жүргізіп кеткенен кейін,түзету жұмыстарына аса қиыншылықпен сыныпқа кіресің неге десеңіз артық уақыт жоқ 'маған беріңізші'деп сұрап өтініп жүргеніміз
@Ayag833 жыл бұрын
Психологтар тест алу үшін мұғалім, завучтардан рұқсат сұрап жүреміщ. Неге психологтарға сағат бөлініп айлықтары көбейтілмейді? Ставкаға өте аз төленеді. Оқушы, мұғалім, ата аналар, құқықбұзушылық, зорлық зомбылық, тәрбие, білімі, психикасы, тест, кеңес т. б толып жатқан проблемалар психологтың өздеріне психолог керек боп жатады.
@user-dl5np3qq3h3 жыл бұрын
Сәлеметсіздер ме. Бізде бір жағдай орын алған кезде қозғалады. Психологтар ең қажет мамандар мектепке. Оқушылармен жұмыс жүргізу үшін арнайы сағат бөлу керек. Әр сабақты сұрап жүгіріп жүреміз. 2000 оқушыға 2 психолог қызмет жасаймыз. Шыныменде үлгермейтін кездеріміз көп. Қазір білесіздер балдардың психикасы әлсіз, эмоцияға берілгіш. 300-500 оқушыға 1 психолог болғаны дұрыс. Мектеп психологтың жұмысы жауапкершілігі жоғары, жылда 4-5 рет тексерулер келеди бітпейтін. БҒМ психологтарға қолдау көрсету керек
@aidaainakodjaeva17213 жыл бұрын
Мектеп психологтарының айлығын көтеру керек, 300 балаға бір психологтан болса. Сағат берілу керек, жеке кабинеті жоқ психологтар бар. Сосын менің ұсынысым бар! Психологқа қосымша жұмыс жүктегенін қойса екен...
@user-id2mi6oi3d3 жыл бұрын
@@aidaainakodjaeva1721 Бестік одақ бірігіп жұмыс жасау керек .Кабинет жоқ ата- ана балаларына көп көңіл бөлу керек .Мақтаарал ауданы Ибадуллаева Айгуь
@umitesimkulova29503 жыл бұрын
Мектеп психологына сағат бөлсе екен. Ата - ана мектеппен тығыз байланыста болу керек. Жауапкершіліктің бәрін мектепке аударып коятын ата - ана көп кәзіргі коғамда. Бір нәрсе болса психологті кінәлайды. Сол себепті ата - ана тығыз байланыста болса, бала тәрбиесі ретке келер.