Рет қаралды 11,634
Бүгін 18 қараша мектебімізде "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 игі іс" іс-шарасы аясында, оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында "Менің елім -менің болашағым" атты патриоттық әндер байқауы өтті. Әділқазылар алқасы қатарында Ұмтыл ауылдық мәдениет үйінің директоры Измаханов Колқанат Қараманұлы да болды. Байқауға 2-11 сынып оқушылары белсенді қатысты. Қатысушыларға қойылатын талаптар күшті болғанымен де, оқушыларымыз өз өнерін барынша көрсетіп, Отанына деген сүйіспеншілігін дәлелдей түсті, жүлделі орындармен марапатталды!
Ұйымдастырушылар: ДТІЖО, Педагог-ұйымдастырушы Утарбаева К.Т
2-11 сынып жетекшілері.