Миға сыймайтын Жапония 🤯🇯🇵 Осака қаласы. Таңқалдыратын Жапония

  Рет қаралды 503,066

Temirlan Mukashev

Temirlan Mukashev

Күн бұрын

www.aviasales.kz - арзан әуе билеттерді іздеу және саяхаттан кешбэк алу жүйесі
Барлық елге visa жасау: @rk_top_visas
Tiktogram: @lanmukashev
Жапонияға саяхат. Осака, Кобэ, Хирошима, Хиросима.
Жапондықтар таңқалдырады.
0:00 - коничиуа
0:49 - жергілікті тұрғын ауданды аралау
3:28 - Жапонияға қалай жеттім?
7:50 - көліктер туралы
9:51 - көшеде ақ шұлықпен жүріп тазалығын тексеру
16:22 - жапондықтардың көп қабатты үйлері
19:01 - Осакадағы қазақ машинамен айналысады
24:28 - Жапония көшелеріндегі жөндеу жұмыстары
30:19 - сакура гүлденуі
33:29 - жапондықтар туралы
38:03 - кешкі Осака, Дотонбори көшесі
44:45 - Кобэ қаласымен мешіті
49:33 - Хирошима қаласына бомба түскен жері

Пікірлер: 2 700
@user-et7yo4vx9o
@user-et7yo4vx9o Жыл бұрын
My name is Junpei 😊 日本に来てくれてありがとう‼︎ 大阪より応援してます。 会えて、嬉しかった😊また日本へ来てください。
@dosymzhanybyraikhan4611
@dosymzhanybyraikhan4611 Жыл бұрын
✋👍😊
@BatyrQazaq
@BatyrQazaq Жыл бұрын
Great to see this comment from foreigner 😅
@lanmukashev
@lanmukashev Жыл бұрын
お会いできて嬉しいです。 カザフスタンに来てください、私たちはあなたを歓迎します。 また大阪に行きます。 あなたはとても優しい人です
@user-kc1el9qd2z
@user-kc1el9qd2z Жыл бұрын
Жымпи мадес
@captainsand2192
@captainsand2192 Жыл бұрын
26:07 минуттағы жігіт па осы. Жарайсың бауырым! Japan Qazaqstan brother's
@uldan9473
@uldan9473 Жыл бұрын
Қолдайықшы осы ағамызды. Ана тілімізде жасалынып жатқан еңбегіңіз үшін көп рахмет! 😍😍😍😘😘💖💖
@taohuang1699
@taohuang1699 Жыл бұрын
Келисем!
@user-je3jb2fb2l
@user-je3jb2fb2l Жыл бұрын
Келісем
@user-ie8yv6nd3o
@user-ie8yv6nd3o Жыл бұрын
Колдаймыз ТЕМЫРЛАНДЫ
@taohuang1699
@taohuang1699 Жыл бұрын
@QAZAQ ZHIGITI еттим
@baberkinn
@baberkinn Жыл бұрын
Келисем❤донат жасап, каспиіне ақша лақтырайық
@Bach-iu9fz
@Bach-iu9fz 8 ай бұрын
Жапондықтар баланы кішкентайынан тазалыққа тәрбиелейді: қоқыс лақтырмайды, ыдысын өзі жуады, киімдерін жинайды, т.б. барлық күнделікті нәрсеге!! Темірланға қазақша канал жүргізгеніне көп рақмет!! Темірлан секілді қазақ жастары көп болсын!!
@Blogerikazak
@Blogerikazak Жыл бұрын
*осы елге баруды және өз көзімізбен көруді Алла нәсіп етсін әр қазағымызға*
@aigulualibaeva3250
@aigulualibaeva3250 2 ай бұрын
Әумин ❤
@carmuzik2273
@carmuzik2273 Жыл бұрын
Бұл жігітке ризамын Керемет қазақ тіліндегі саяхатшы номері 1 ші канал🇰🇿🤍
@azzamnomad872
@azzamnomad872 Жыл бұрын
Әр Қазағым жалғызым! Бұл жігітке ризамын!
@azzamnomad872
@azzamnomad872 Жыл бұрын
@@kllermen5554 оқыма!
@user-wh9po1ex8l
@user-wh9po1ex8l Жыл бұрын
​@@kllermen5554сен Қазақттың жауы сияқттысың
@Happiness01
@Happiness01 Жыл бұрын
​@@azzamnomad872 🤣👍
@Happiness01
@Happiness01 Жыл бұрын
​@@kllermen5554 әжей, жүйкеңіз әбден тозып кетіпті 😢
@user-wl6lr8mi7e
@user-wl6lr8mi7e Жыл бұрын
Енбегин.жансын.жапон.халкы.казакка.уксаиды.неге.бизге.дос.мемилект.болмаска.
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv Жыл бұрын
Темірлан інім. Қазақша тіл байлығың да керемет болыпты. Рахмет. Бай елдерді аралап, жастарға сабақ бер. Жарайсың
@daudnomad2124
@daudnomad2124 6 ай бұрын
Жылдан жылға қазақша контенттің көбеюі қуандырмай қоймайды. Жарайсыңдар ❤
@qaraqalpaq_tv
@qaraqalpaq_tv Жыл бұрын
ҚАРАҚАЛПАҚСТАННАН САЛЕМ ҚАЗАҚ БАУЫРЛАРҒА🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@UralskQazaqstan
@UralskQazaqstan Жыл бұрын
Сағанда сәлем, Қазақстаннан.
@baxadayletlarov6087
@baxadayletlarov6087 Жыл бұрын
Жапоняга Калай бардыныз тусиник берип кетсениз
@UralskQazaqstan
@UralskQazaqstan Жыл бұрын
@@baxadayletlarov6087 Алматыдан✈️ Сеулға(Корея) ✈️Осака (Жапония)
@castronik
@castronik Жыл бұрын
Уағалайкумассалам біздің қарақалпақ бауырларымызға қазақ елінен🇰🇿♥️
@nuras676
@nuras676 Жыл бұрын
Қазақа Қарақалпақ Жықын Қырғыз Емес
@Timurkun-co8dz
@Timurkun-co8dz Жыл бұрын
Темірлан балам! Саяхатыңды көріп отырып, нағыз патриот екеніңді байқап отырмын! Саған, сені өсіріп, тәрбиелеген ата-анаңа рақмет!
@paku768
@paku768 Жыл бұрын
Қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген номер 1 - блогерлердің бірі ☝жарайсың бауырым 💪🏻 тек қана алға баса бер👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿👏
@chingiz__kassen
@chingiz__kassen Жыл бұрын
Темірлан қай жерге барса да бірге барғандай әсерде боламыз! Табиғатын, тұрмыс салтын, тарихын, географиясын өте жақсы жеткізеді! 👍👏👏👏👏👏👏👏👏👏
@carmuzik2273
@carmuzik2273 Жыл бұрын
ОСЫНЫ ОҚЫП ОТЫРҒАН АДАМНЫҢ АТА АНАСЫ АМАН БОЛСЫН 🤲
@khairatnajimov756
@khairatnajimov756 Жыл бұрын
Осы коментти неге жаза бересиндер
@user-ou4zl1fx5n
@user-ou4zl1fx5n Жыл бұрын
@@khairatnajimov756 енди кайда жазамыз котенине жазайыкпа
@Inter-ov8vx
@Inter-ov8vx Жыл бұрын
Аумин
@amandyq1997
@amandyq1997 Жыл бұрын
@@user-ou4zl1fx5n Ютубқа подписчик жинау үшін жазады көбісі, кебіреуі соны солай жазып лайк жинағаннан ләзәт алады
@ekolike5043
@ekolike5043 Жыл бұрын
Табиғи ресурсы аз, жері тар ел. Бірақ тарихтада да жеңіліс дәмін көрмегее, ақылды, мықты халық. Қазақстан да 1000 жұлдыз бар, Жапония да 1000 ғалым бар
@captainsand2192
@captainsand2192 Жыл бұрын
Бауырым көрмей білмей олай айтпа. Жапонияның да өзіне тән проблемалары көп! Тіпті біздікі ойыншық болып қалады олардың проблемасының қасында. Ішкі дүниесіне үңілу керек тек сырттан қарасаң бәрі керемет сияқты.
@vvcc9593
@vvcc9593 Жыл бұрын
Тарихта жеңілді.
@kazaguli
@kazaguli Жыл бұрын
Олардың проблемасы сол қазба байлықтары жоқ жері тар жер сілкініс қауіпті аймақта орналасқан.
@user-fu6qy3dz1c
@user-fu6qy3dz1c Жыл бұрын
Қатырдың
@aidynibrayev2082
@aidynibrayev2082 Жыл бұрын
Оте дурыс айтасыз, галымдар коп бул елде, ал бизде кай кайдагы аншылер коп. Жапониянын мадениеты керемет дамыган
@begim1253
@begim1253 Жыл бұрын
Недеген таза халық керемет мойындадым недеген тәрбие балаларына берлген 👍👍👍
@K.S.4.K.
@K.S.4.K. Жыл бұрын
Кыргызстандан жалуу салам казак бир тууганларым❤❤❤🇰🇬🇰🇿
@user-gg5bu3dy9c
@user-gg5bu3dy9c Жыл бұрын
Темірлан сияқты ана тілін шексіз сүйетін, нағыз ұлтжанды қазақ жастары көп болсын! Темірлан айналайын жортқанда жолың болсын! Қызыр ата жолдасың болсын!
@user-gf2ps1be2p
@user-gf2ps1be2p Жыл бұрын
Темірланның видиосын асыға күткендер біз біргеміз☺☺☺👏👏😭
@nurkenzokz
@nurkenzokz Жыл бұрын
Жыламаш ёпты
@jasulanseyit2441
@jasulanseyit2441 Жыл бұрын
Япония!!! Қазақ өз жерінде аз дегенде 5000 жылдық топрақ басып жүргеніне сенбейді, Банкоматтар орысша, Каспий.кз кизет емес 98% руссет болып кеткен, сондықтан Жапония деп айтуға Бізге әлі ерте...
@slff5735
@slff5735 Жыл бұрын
@@nurkenzokz сен нен біреу сұрадыма не істетінін?
@user-hw7rh1ub2g
@user-hw7rh1ub2g Жыл бұрын
Иа
@user-hw7rh1ub2g
@user-hw7rh1ub2g Жыл бұрын
@@nurkenzokz нормально сойлеш
@shattyk4318
@shattyk4318 Жыл бұрын
Қазақтың жігіттері жарайсыңдар .Осылай пысық та ,алғыр болып жүре беріңдер .Өз еліміз де келешекте дамыған елдер қатарында болсын.
@aziksamatov0222
@aziksamatov0222 Жыл бұрын
Жапониядан үлгі алатынымыз өте көп! Мәдениетті ел👍🏻 қарап отырып өзіміздің 18 ғасырда қалып қойған сияқты сезініп отырмын. Әлемде дамыған елдердің бірі деседе болады. Жерінде ештене шықпайды былай айтсақ, ал бірақ мықты Жапондықтарға басымды ием👍🏻🔥 Біздің басшылар, Халқымыз осы Жапониядан үлгі алу керекпіз. Брависсимо🎉🎉🎉🎉
@User-qu4bd
@User-qu4bd Жыл бұрын
Осы каналды тындасам, құлағым демалып қалады. Бір орыс сөзсіз, таза қазақша ақпаратты тындауы қандай рахат екен! 👍🇰🇿
@POIYKROWKA
@POIYKROWKA Жыл бұрын
Темірлан біздің жерлесіміз.Рахмет Темірлан сенің Орал қаласынан шығып осылай жер жүзін аралап Жапонияға дейін барып ,жалғыз өзің жүріп ерінбей жалықпай әрбір ел туралы мәліметтер бергеніне Жапония деп айтудың дұрыс олар орыс болып кеткендер ғой.Таза қазақша айта бер.Қайда жүрсеңде аман бол.🇰🇿
@user-qt1ux3lg5h
@user-qt1ux3lg5h Жыл бұрын
Жапония өте еңбекқор халық! Экономикасы дамыған. Керемет! Бізді дамып,бай-қуатты болайық! Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз ,өсіп-өніп елімізді көркейтсе екен!👏🤲
@Bach-iu9fz
@Bach-iu9fz 8 ай бұрын
Мәдениеті, білімі, тәрбиесі ең биік деңгейдегі ел!!! Қандай тазалық!! Керемет!! Осындай түсірілімді "күнде таңертең біздің әкім, министрлер, депутаттар қарап отырсын" деген заң бекіту қажет!! Қалай туған еліне қызмет ету екендігін көрсін!! Кресло мен қымбат көліктерінен түспейтін, біздің жемқор биліктегілер!!
@haraldqzq
@haraldqzq Жыл бұрын
Елу үш минут деген зу етіп өте шықты. Видеодан видеоға ойың жинақталып, сөздерің көрнекіленіп, түсіру сапасы жақсарып келеді, жарайсың. Қолдау көрсетейік мына жігітке, қазақы ортадан шыққан саяхатшы кемде-кем. Көп рахмет Темірлан бауырым.
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы-
@user-vd9kx6ek7n
@user-vd9kx6ek7n Жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@bezimeny1413
@bezimeny1413 Жыл бұрын
Респект из города Нукус республика Каракалпакстан!!!
@user-hr3tf1xv9x
@user-hr3tf1xv9x Жыл бұрын
Өзім Жапон елінде жүргендей болдым.Рахмет,балам! Саяхатың сəтті болсын!
@baknur5463
@baknur5463 Жыл бұрын
3 жылдан бері сізді көріп келе жатырмын. Бұрын сапарларыңыз әлі есімде. Әлі де сізге талай елге саяхат жасау жазсын. Осылай басқа елдерді бізге таныстыра беріңіз.
@user-pl8gq6yy6f
@user-pl8gq6yy6f Жыл бұрын
Ассолому алейкум Темирлан биз сени ар дайым коробуз ишине ийгилик калаймын Кыргызстандан салам 🇰🇬🇰🇿🇰🇬🇰🇿
@user-oh9mf9ih7w
@user-oh9mf9ih7w Жыл бұрын
✊🇰🇿🇰🇬
@Xxx64846
@Xxx64846 Жыл бұрын
Қырғыздар Қазақтын жауы☝️
@user-fo2je3jh8q
@user-fo2je3jh8q Жыл бұрын
Ассалаумағалайкум. Темірлан жол болсын, аман бол қайда барасың да.
@user-wm8hc7hx6f
@user-wm8hc7hx6f Жыл бұрын
Жапон халқы өте керемет екен.Еңбекқор.Қандай таза еді қалалары.Адам қызығады. Ең бастысы машина,т.б.техниканы өз мемлекетінде шығарады.Қатты өз елдерін дамытуда жан салмайды екен. Біздің ел де осылай жақсы жақа дамыса нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет сізге сәттілік болсын жолдасың.
@user-sm9qi4xe2i
@user-sm9qi4xe2i 2 ай бұрын
@user-lo5ke3vt7r
@user-lo5ke3vt7r 9 ай бұрын
Қазағымның жері неткен кең едің.Осы жерді бұйырткан Аллага және бізге білектің күшімен алып берген ата бабаларымызға Алла рахым етсин
@user-mx3rw9tv1o
@user-mx3rw9tv1o Жыл бұрын
Темірлан, ақ шұлықпен көше тексергенің қызық болды 😄😄😄😄👍👍
@user-pu4cl4vv4s
@user-pu4cl4vv4s Жыл бұрын
Айтпа аяғың тоңып ауырып қалама бөтен жерде деп уайымдадық
@almasrahmetov6439
@almasrahmetov6439 Жыл бұрын
Қазақ тілінің тұғыры биік болсын
@BAKHYTZHANKEGENBAYEV-cb2mn
@BAKHYTZHANKEGENBAYEV-cb2mn 8 ай бұрын
Алла разы болсын! Жақсы түсілірім! Жапония тазалық, және күннің шығуын ең алғашқыларының бірден бір мемлекет!
@user-bi8yp8eq3u
@user-bi8yp8eq3u 8 ай бұрын
Біздің жастарға білімді болу керек! Елімізді дамыту керек кешкешейін о дүниені,өлімді ойламай.
@city9148
@city9148 Жыл бұрын
Темирлан на казахском языке разговариваешь четко и ясно,за это тебе спасибо.Мен орыс мектебин окыган сон,кейбир адам ды да укпай калам.Угыныксыз сойлейди,мынкылдап,немесе аяк жагын жеп коятындарды тусинбей калам.Саган рахмет,анык сойлеисин,мугалим адамсиякты.
@amandyq1997
@amandyq1997 Жыл бұрын
қазақша кітап оқыңыз көп сонда тез түсінесіз
@city9148
@city9148 Жыл бұрын
@@amandyq1997 Рахмет.Орысшамыз жаксы болганнан,кейбир орыстарга таяк жегиземиз оздери тиссе,асиресе шетелде)))
@zhanar.m5364
@zhanar.m5364 Жыл бұрын
​@@city9148 орыстарды жамандап шаршамайсындар. Ар калыкта акмактар бар. Мени ешким устамайды Ресейде.
@eraslanerturk2908
@eraslanerturk2908 Жыл бұрын
​​@@zhanar.m5364 орыстарды жек көрмейміз, рашисттердің көзін құртамыз.
@user-oc6qg5ty1z
@user-oc6qg5ty1z Жыл бұрын
Н мен ң - ды айыра алмайтын маңқаларды естігенде демім жетпей қалады . Аз қазақпыз , тілімізді құрметтейік . Тіліміз жойылса ұлтымызда жойылады !
@user-qt5eh1nd8k
@user-qt5eh1nd8k Жыл бұрын
Ай рахмет,қазақстандағы жағдаймен салыстырып жеткізіп көрсеткенің керемет.Салыстырумен өзіміздің дәрежемізді қараймызғой әрқашанда.
@torekeldieva1751
@torekeldieva1751 Жыл бұрын
Темірлан аға сізге үлкен рақмет. Көптеген керек деректер мен қызықты ақпараттар мен бөліскеніңізге. Көптеген елдерді біздерге телефон арқылы көрсетіп, көз ашарлықтай фото-видеолар түсіресіз. Видео монтаждап оны салудың өзі бір еңбек! Еңбегіңіз арта берсін. Алдағы уақытта тағыда көптеген елдерге саяхаттап біздерге видео-фото және қызық ақпарттарыңызбен бөлісе беріңіз❤️‍🔥
@user-ut4pz4to1m
@user-ut4pz4to1m 11 ай бұрын
Темірлан інім сапарың оң болсын жақсы іс жасап, біз көрмеген,білмеген,көптеген видио көрсетіп жүрсің аман бол.
@GTO97
@GTO97 Жыл бұрын
Мықты бауырым, Жапонияға бару бір арман! Ісің өрге бассын!
@tehdom1768
@tehdom1768 Жыл бұрын
Айналайын Темирлан! Сен үшін мактанамын, өйткені биринши казак казактилинде контент ашып шер шарын аралап журсин! Тарбиен,билимин,сойлеуын өте мәдениетти!!! Сени көптен бери корип журмин,сенин блогын казактилдилер ушин таптырмайтын канал! Рахмет ,осылай казак балаларыда сырттан әлемди корсетип жүр! Жарайсың! Бирак,озинде байкаган шығарсың Казагымнын улан байтак жерине не жетсин! Соны арбир казак баласы билип,өз елин,тилин,жерин,салт, дастурин бағалап осуыне жаксы әсер етер деп ойлаймын! Бирак, Жапония алдыңғы катардагы дамып кеткен ел ғой,сондыктан солардың билимди,илимине тырысуымыз керек! Ол болашак жастардың колында! Ак жол балам! Карагандыдан әже.
@user-vd9kx6ek7n
@user-vd9kx6ek7n Жыл бұрын
Дурыс айтасыз колдаймын 👍
@user-kt8el7re2w
@user-kt8el7re2w Жыл бұрын
Балам озыннын арканда быр жерды корып едым былтыр,енды Япония.Улкен Рахмет! Аман бол!
@user-hu2kq8ew4s
@user-hu2kq8ew4s Жыл бұрын
Тіл тазалығың мен көргеніңді ана тілімізде өте түсінікті және сауатты жеткізгеніңе риза болдым. Ана тіліміздің қадірін арттырайық, КӨПШІЛІК!
@nurlybeksamekov374
@nurlybeksamekov374 Жыл бұрын
Алла еліміздің тәуелсіздігін ақиретке дейін жасатсын. Ең дамыған жапон елі сияқты болуды нәсіп етсін. Адал және Әділ басшылары көп болсын. Әмин
@Arhivvideo-mf9yp
@Arhivvideo-mf9yp Жыл бұрын
Оооо Темірлан! Ақ жол әрқашан, саяхаттарың керемет! Дами бер. Бұйырса, сәті түсіп жатса Мекке қаласын түртіп қой жоспарыңның тізіміне, рахмет саған. Еңбегің зор!
@user-qo5vr9dr1l
@user-qo5vr9dr1l Жыл бұрын
Ондай алла саллаңды ақретіңді пихает етпешиш😂😂😂😂😂😂😂😂
@user-qo5vr9dr1l
@user-qo5vr9dr1l Жыл бұрын
Бұларға алла қызық емес
@user-mi6xz7xh2t
@user-mi6xz7xh2t Жыл бұрын
Әрекет етпесен қаямның басы гулденесің сумилар
@filmskz9712
@filmskz9712 Жыл бұрын
​@@user-qo5vr9dr1lнесін күлесін елімізде жемқорлар көп билікке тақуа адамдар отыру керек мұсылмандар үшін ақша манызды емес
@user-zz8xc5kf1o
@user-zz8xc5kf1o Жыл бұрын
Темірлан Құдай Темірдей Бақ берсін Өте білімді білімге құштар Адамсың Алла Қаласа осы білімдерінді Қазақстанның басшылығының келіп Қазақ жеріін дамытуға жұмсауынды тілеймін . ӘКЕ Шешене улкен рахмет сендей Қазақтың Қонаевтай жүз жылда бір туатын Ерін тәрбиелеп өсіргені үшін Аман бол Аман жур Құдай Қолдасын Аруактар Қорғасын🇰🇿🙏
@qazaqeli...9116
@qazaqeli...9116 Жыл бұрын
Әп бәрекелді..керемет дамыған ел,үйренеріміз көп Осындай елдермен тығыз араласу керек,құрыған алқаш көршілермен емес...!
@user-yt6te3ii3i
@user-yt6te3ii3i 4 ай бұрын
Бауырым әрқашанда жолыңды алла қолдасын аспаның ашық жұзің жарық болсын жапонда өзім жұгендеи болдым өте жақсы тұсіндіріп көрсетің рахметАллх таладан болсы ❤❤❤😢
@OZGEREMYN
@OZGEREMYN Жыл бұрын
Рақмет , Аман бол бауырым, 🔔 , Жапон халқы сабырлы,көңілді, еңбекқор деп таныдым,керемет халық екен,ұқыпты,жинақы,талай қиыншылық көрген екен халқы,тазалыққа жақын екен,тек жақсы сөздер жақсы пікірлер қалыптасты менде,Алла разы болсын,келесі шығарылымдарды асыға күтемін
@user-uz8db9hw4h
@user-uz8db9hw4h Жыл бұрын
Темірлан Айналайын аман жүр.Сәттілік.
@korkemmolgalieva6679
@korkemmolgalieva6679 3 ай бұрын
Темірлан балам!!!тамаша,ерекше түсірілім!!!Аман жүр,ілім, ғылым іздеп бізді таныстырып,басқа елдің тұрмыс,тіршілігімен таныстырып жүрсің Жолың ашық,Еліңе пайдасы зор болсын,Алла ,ата баба аруағы қолдап жүрсін,болашағы зор патриот азамат бол🤲💯🇰🇿🇰🇿🇰🇿Батыс Қазақстан Оралдан сәлем!!!
@user-qf6gq3xk9c
@user-qf6gq3xk9c Жыл бұрын
Еркебұлан да еш қоспасыз қазақша сөйлеп тұр, жарайсың бауырым.
@iammamba2430
@iammamba2430 Жыл бұрын
Жарайсың бауырым! Ризамын саған! Қазақ елі, қазақ тілі жасасың!
@user-lp8sc5pp3o
@user-lp8sc5pp3o Жыл бұрын
Калай осылай көрінген жерге кіріп тусіріп тусіндіріп кеттесін әмбе бөтен елде керемет батылдық керек кой калай дегенмен жарайсын бауырым
@Akimova98
@Akimova98 Жыл бұрын
Керемет! Дами бер, өркендей бер қанатың талмасын. Елімізде сендей ер-азаматтар көбие берсін! Неше түрлі видеоларыңмен бізді қуантып жүре бер!!!
@samgarzhanarbek2790
@samgarzhanarbek2790 Жыл бұрын
Жапония дамыған мықты ел екен шыркын осындай әлемде ел болғанына қуанамын ең қатты қурметдейтын халық
@--myopinion4176
@--myopinion4176 Жыл бұрын
Кореецтермен Кытайларды айдаган олар,асиресе кыздарын
@bbbxc
@bbbxc Жыл бұрын
Өте қызық шығарылым, Жапония ел ретінде таңқалдырды, осылай ел аралап жұре бер, Темірлан!
@bauyrzhan755
@bauyrzhan755 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум! Мен бұл керемет елде 2009 жылы болғанмын. Осы репортажды көріп, есіме түскендіктен, жақсы әсердемін. Сол кездегі сезімім: бұлар кем дегенде 50 жылға озып кеткен. Бізде аздап болса да солар сияқты дамыған елдер қатарына қосылайықшы халайық.
@Kanat-wo2cr
@Kanat-wo2cr 7 ай бұрын
Ассалаумагалейкум! Біздің халық кері кетіп бара жатыр. Себебі ізеттілік жоқ
@user-br2pz3ly3n
@user-br2pz3ly3n Жыл бұрын
Темірлан інім жарайсың! Видеоны түсіріп қоя салмай, ізденіп, тарихына үңіліп біраз ақпараттар бересің. Рахмет! Тек қана алға!!!!
@user-sh3bt5tr7e
@user-sh3bt5tr7e Жыл бұрын
Еркебулан баурымызгада рахмет. Жапонияда тирлик жасап откан.
@Daurenbek-alpysbai
@Daurenbek-alpysbai Жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм, Темірлан бауырым сапарың оң болсын әрқашан, Аллах Тағала қолдасын
@narakoptileuov3354
@narakoptileuov3354 Жыл бұрын
Қазақтың жиһанкезі қайда жүрсеңде аман жүр,өзіміз жүргендей болып көреміз.
@arailym_alisheva
@arailym_alisheva Жыл бұрын
Темірлан сізге көп рақмет! Жапонияның тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрыптарын видеоролик керемет жеткізе алдыңыз🙌👍 Алдағы сапарыңызға сәттілік тілеймін🙌
@user-vw5cr5zi4f
@user-vw5cr5zi4f Жыл бұрын
Каракалпакстанан Ассаламуалейкум супер 👍👍👍
@user-dp3gq3il5y
@user-dp3gq3il5y Жыл бұрын
Кең дала Қазағымның жерінен айналайын кең жерде өмір суріп журміз
@kazynaturdibayeva5546
@kazynaturdibayeva5546 Жыл бұрын
Үлкееен рахмет, керемет!🤩 Қазақ тіліндегі контент жасап жатқаныңызға рахмет! Япония-Жапония жайлы айтып жібергеніңіз де орынды болды😊
@user-ix9fu2rq9q
@user-ix9fu2rq9q Жыл бұрын
Темірлан жарайсың!!! Аман бол!!! Еңбегіңнің жемісін көр!!! Аллаһ қолдасын!!!
@user-re2oj5ms2s
@user-re2oj5ms2s Жыл бұрын
Казактын нагыз жиханкези,агартушысы,алем елдерин.казакка таныстырушы,Казактын Козин ашушы,Нагыз Азамат...
@user-ce3pn1vc2w
@user-ce3pn1vc2w Жыл бұрын
Жапондар, сондай, ұқыпты да, жинақы, таза халық екен. Көшелері де сондай таза көрініп тұр. Темрлан, саған, көп рақмет, түсінік бергеніңе. Қандай, керемет халық, жерді де қолдан жасаған.
@user-nf7fs7dn7f
@user-nf7fs7dn7f Жыл бұрын
Олар порно түсіреді! (сол жақсыма?)
@user-di5ye4is5b
@user-di5ye4is5b Жыл бұрын
@@user-nf7fs7dn7f саган порно туралы бирдене жаздыма не ? Не куып отсын далага
@tactics383
@tactics383 Жыл бұрын
​@@user-nf7fs7dn7fдалбоеп казактарда тусиредиго не дисн буган
@user-di2hm7el1w
@user-di2hm7el1w 2 күн бұрын
Менің әкем Жапонба деп қалдым ғой. Тазалыққа аса мән беретін. Өзі бәрін істейтін, ыдысын өзі жуатын, даланы тазалайтын.😄 Рақмет әке маған күшті тәрбие берген екенсіз. Алла разы болсын.❤❤❤❤
@user-qr3wb2qe3w
@user-qr3wb2qe3w 2 ай бұрын
Керемет, өзіңмен бірге Жапон елінде болғандай болдым. Рахмет! 🔥👍🙏❤️
@kairat345
@kairat345 Жыл бұрын
Жарайсың бауырым. Шаршама, глобуста ел калдырмай барлығын арала хәм ютубка видеоларды салып отыр. Жолың болсын
@Kebranam
@Kebranam Жыл бұрын
Қайда жүрсеңде аман жүр. Саяхатың көп болсын! Жарнама берушілер көп болсын!
@user-oc5co3oh3d
@user-oc5co3oh3d 8 ай бұрын
Жарайсын Темирлан саяхатын коп болсын 👏👏👏
@redscouser1680
@redscouser1680 Жыл бұрын
Тима жарайсың өте қуанышты мың осындай саяхатшы бар екенін, дамый бер, әр қашанда жолын ашық болсын бауырым!)
@ritarita1675
@ritarita1675 Жыл бұрын
Темірлан брат алға баса бер✊🏻✊🏻✊🏻
@user-sy9uo5vr5c
@user-sy9uo5vr5c Жыл бұрын
Дұрыс Темірлан Қазақ тілін дамытайық👍🇰🇿♥️
@user-li3jc5vt7g
@user-li3jc5vt7g 2 ай бұрын
Оте керемет,тура озым аралап жургендей болдым,Темырлан бауырым жортканда жолын болсын✊
@user-kz2rt6ox6v
@user-kz2rt6ox6v Жыл бұрын
Рахмет рахмет інім біз сияқты білмейтін жандарға керемет екен, ерінбейсіз жарайсыз көп көп рақмет алла разы болсын
@user-ee2lo7lo2w
@user-ee2lo7lo2w Жыл бұрын
Керемет. Мықтысың. Өркенің өзсін. Шешімшіл азаматсың. Жаңашыл Темірлансың.
@user-vp3zp2nj1y
@user-vp3zp2nj1y Жыл бұрын
Темирлан омурун узак Болсун Рахмат сага японияда сени мн бирге жургондой болдум.кыргызстандан Салам🙏
@user-ku8eg4pz7v
@user-ku8eg4pz7v 2 ай бұрын
Темірлан осындай көрсетілім жасап отырғ. рахмет өте тамаша
@QazaqGuitar
@QazaqGuitar Жыл бұрын
Керемет. Кезінде Алаш қайраткерлері осы Жапонияның саясаты мен экономикасын енгізуді бекер ойламаған.
@tehdom1768
@tehdom1768 Жыл бұрын
Кандай керемет тәрбие кошедеги сакшы бас иеді, сәлем береди жургиншилерге! Айтады ғой, терең мадениети болған сайын , соғұрлым кишипейыл!
@user-ro5vk9dr9o
@user-ro5vk9dr9o Жыл бұрын
👍👍👍тағы Жапония туралы видео күтеміз. Сәттілік тілеймін, жұмысыңыз жемісті болсын. Қайда жүрсеңіз де аман болыңыз.🇰🇿
@DESERT_FOX_GAMES
@DESERT_FOX_GAMES Жыл бұрын
Uzbekistandan salom 🇺🇿♥️🇰🇿
@user-cu5eo1rh5x
@user-cu5eo1rh5x Жыл бұрын
Темірлан бауырым еңбегің еш болмасын Қай елде жүрсеңде аман бол ! Сенің арқаңда қаншама елдердің Тарихын біліп қана қоймай қызықты небір сәттерге куә боп жатырмын Каналың дами берсін
@balgynsuleimenov8725
@balgynsuleimenov8725 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Темірлан, Жапония халқы не деген еңбекқор, көшелері тап-таза, халқы көп бізден көп болса да, шубырып жүрген адамды көрмейсің, әрқашан жүрген жеріңде, жолың болсын бауырым!
@user-di2hm7el1w
@user-di2hm7el1w 2 күн бұрын
Темірлан аға алғыс білдіремін. Дами беріңіз.🇰🇿👍🏻👍🏻❤❤❤
@amanbekmedetov3912
@amanbekmedetov3912 9 ай бұрын
Oo осындай блог күшті😊Алға басай бер!Рахмет
@user-if8hv3ep1p
@user-if8hv3ep1p Жыл бұрын
Темірланның видеоларын көріп бастағанда 7мың оқырманы бар еді, сол кезден бастап жібермей көріп тұрамын.Қай жаққа барсаңда , қайда жүрсеңде аман жүр, абайлап жүр Темірлан балам.
@user-rm7xv5is2z
@user-rm7xv5is2z Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум Казахстан! Бабаларымыз бекер айтпаган екен Жапониядан улгы ала отырып омир суру керек деп.
@derzkiy_filmder
@derzkiy_filmder Жыл бұрын
Ма ша АллаҺ,Темірлан бауырым тек ғана алға!!! Қазақ тіліңде алғаш тур десекте артық болмас істеріңе Аллаһ берекесін беріп бұдан да көбірек мемлекеттерге шығып қазақ халқының сауатын өз ана тілімізде аша бер.
@user-bd3mf2mv2f
@user-bd3mf2mv2f 7 ай бұрын
Жапониянын Осака каласын оте кызыктап карадым тыпты уйкым ашылып кетты. Тамаша 👍🏻
@user-men-aspan
@user-men-aspan Жыл бұрын
Видео түсіру сапасы жақсы дамып қалыпты👍
@user-qn8jb5ev5s
@user-qn8jb5ev5s Жыл бұрын
Қанша ядролық жарылысты көрседе,халқының денсаулығы мықты мемлекет.Жапондардан үйренетініміз көп
@nurgalikoldasov8059
@nurgalikoldasov8059 2 ай бұрын
Бәрі жақсы бәрі керемет. Бірақ "осындай" "осы" деген сөздеріңді азайтып, дикцияңды жөндесең, тіптен керемет болады. Жұмысыңа сәттілік.
@user-oh9mf9ih7w
@user-oh9mf9ih7w Жыл бұрын
Біз жеріміздің асты толған байлық, жеріміз ұлан ғайыр болып қайыршы болып отырмыз. Жапондар мықты тәрбиесі мен білімінің арқасында жоқтан бар жасап дамып отыр. Видеоңа рақмет Темірлан Алла разы болсын✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@ivandurak6558
@ivandurak6558 Жыл бұрын
Себеби ИТ мысыгы урлау мен пара беру менталитет Канга синген
@kazakbatyrkazakbatyr
@kazakbatyrkazakbatyr Жыл бұрын
@@ivandurak6558 сол пале Кенес укиметинен пайда болған, ЦК бастықтар келгенде барын тыккан , жегизген, киик олтирген вепртолетпен ушып,,мойша , арак, сондпй эдиспен жұмыс жасаган
@X1Y.
@X1Y. Жыл бұрын
Жапонияның үкіметі Қазақтар болса. 3-4 жылда Қазақстан сияқты сорлы жағдайға жететін шығар.
@user-nd6vq9jx2v
@user-nd6vq9jx2v Жыл бұрын
Жемқорлар куртты бизди, тойымсыз
@smilecoco2398
@smilecoco2398 11 ай бұрын
Халықтың санасын көтермесе, қандай билік болсада дым өзгермейді, себебі биліктің бәрі халықтан шығады.
@akhan86
@akhan86 Жыл бұрын
Еркеболан саған рахмен Темірланды жалғыздатпай көмектесеніңе Алла ісіңе береке берсін
@user-ve2et8qr9o
@user-ve2et8qr9o 11 ай бұрын
Керемет видео. Коп маглумат алдык!!!
NO NO NO YES! (Fight SANTA CLAUS) #shorts
00:41
PANDA BOI
Рет қаралды 52 МЛН
ONE MORE SUBSCRIBER FOR 4 MILLION!
00:28
Horror Skunx
Рет қаралды 44 МЛН
ЖАПОН ТАҒАМДАРЫН ТАТЫП КӨРУ 😍🇯🇵
31:18
Temirlan Mukashev
Рет қаралды 191 М.
Кореяда жұмыс істеп жүрген қазақтар
52:57
Temirlan Mukashev
Рет қаралды 575 М.