Ғылымды болу жүрегін, ақылын, қайратын басқару қабілетін меңгерумен көрнісін таппақ *** *** Өзін-өзі тану- ақыл иесі ғылымы болу, жанына құпия білім кітабын алу болмақ *** ** Уатсаптан; Бұл ата жолы оңымыз бен солымызды танытты.Ұрпағымызға айтатынымыз бар.Ұшықтағанда менің қолым емес дейтін едік қой ол аруақ Алланың қолы.Ақтық жапқанда қолдың ешкімде қайталанбайтын таңбаны аруақтар алып кететіні қандай керемет.Жын шайтандардың əсері туралы қандай əңгімелер .Белгі беру .Сол жолға шыққанда дұрыс адамды жолдас қылып жол көрсетеді оны сездіреді.Түс көру оны жору кереметі.Киімнің кереметтері .Əр адамның дене мүшелері періште ғой деп те айтты ғой.Өзімшілдіктен тəкəпарлықтан қашу.Пəк баладай болғанда ғана жұмақтан орын дегені.Мен өзім əуелі Алла қалаберді ата баба деп келем бірақ көп айтып ешкімге түсіндіреалмайтын едім .Көп нəрселерді ұқтым.Əуленің басына бараберу керек шын ниетпен қаралық сылынып нұр шыққанша сол нұрды алғаннан соң жол ашылып шапағаты Алланың болатынын түсіндім .Бір оқыйға сынақ əрине жақында болды.Жұма күні нан таратып құран бағыштап оны таратып намазымнан соң қалаға шықтым.Бір жас бала қорап ұстап тұр екен ауру адамға садақа жыйнап .Менде аз ұсақ тыйын сосын 1000 теңге бүтін.Мен асығыспын ой келді ұсақты берсем ол оған дым болмайды мың берсем өзіме жолға жетпей қалады.Шынымды айтсам бұл қаспен көздіғ арасында болды негізі ой болған жоқ бірақ маған сездірген менің өз жағдайымды.Мен тез басымды иіп сəлем беріп ниетімнің түзу екенін білдіріп кеттім.Соын ойладым ақшамды бұздырсам қайтарда берсем деп.Шықсам ол бала жоқ екен.Қолымдағы здача жерге түсті бəрі теріс жағыннан жатыр мен тез жыйнап алдым.Қолыма бөлек ұстап келем.Абтобусыма жақындағанда басыман асырып лақтырып жібердім тапқан адам қуанып алсын деп айттым ішімнен. Менің осы оқыйғаның алдында бір шаруам біткелі тұр еді ол хабарсыз кетті .Мен қатты өкіндім бұл сынақ деп Аллама жалынып айтам өзімше мен ақша бермедім бірақ сəлем беріп кеттім ғой ол сауыққан болар .Мен қателескім келмейді Аллам ау деп." Содан бір күннен соң хабар келді манағы шаруам мен ойлағаннан да артық болып бітті.Бұндайлар жалпы көп болады менде.Ұмытып жатам ғой.777 сандарын 444 сандарын кездестірем олардың да хабарлары болып тұрады. Бірақ мен тіл көзден қорқам .Көбіне сəл көтеріліп еркінсіп кетсем мен міндетті түрде жылаймын .Қазір көп белгі бермейді бұрын көп беретін еді.Əуленің басына барсам міндетті түрде өзімнің немесе күйеу жағының руынан біреуді кездестірем.Асығып көлік күтіп қол көтеріп жолда тұрсам сол руымнан кездеседі.Осының бəрінің аруақ екенін түсіндік қой.Бұл қолдау əрине. Өте көп түс көрем. Кешірерсіңдер егер артықтау бірнəрселер жазып кетсем. Бір күні біз дрсымыздың əкесіне бата оқыдық тек үйіннен қайттық басына бармадық .Жолға шығарып салып досымыз да тұр. Ауылдық жер ғой .Біз қалаға жетуміз керек.Əрі қарай такси күттік.Олардың айтуы бойынша такси өте көп бірақ, бізге еш көлік тоқтамайды біраз уақыт болды шаршадық қол көтеріп.Содан жолдасым жүр басына барайық деді жолдас жігіттің машинасына мініп əкесінің басына барып əйет оқып келдік сол бойда такси тоқтады біз аң таңбыз.Аруақ дəметеді деген осы екен ғой
@РозаАманбаева-г4н Жыл бұрын
Құдайдың құдіреті десеңші Аққу құстың киесі шығар. Аққу құс сездіме екен . Қанатты қыз, Қоңыр қаз . Анасына қиын болды. Рахмет Базаркүл керемет әсерлі әңгімелерің үшін.
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет сізге ізгі пікіріңізге. Аққу сезімтал да киелі құс екен. Ол біліп тұр ғой осы қызда өздерінің ұрпағының ұшқыны барын.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Уатсаптан; Бұл ата жолы оңымыз бен солымызды танытты.Ұрпағымызға айтатынымыз бар.Ұшықтағанда менің қолым емес дейтін едік қой ол аруақ Алланың қолы.Ақтық жапқанда қолдың ешкімде қайталанбайтын таңбаны аруақтар алып кететіні қандай керемет.Жын шайтандардың əсері туралы қандай əңгімелер .Белгі беру .Сол жолға шыққанда дұрыс адамды жолдас қылып жол көрсетеді оны сездіреді.Түс көру оны жору кереметі.Киімнің кереметтері .Əр адамның дене мүшелері періште ғой деп те айтты ғой.Өзімшілдіктен тəкəпарлықтан қашу.Пəк баладай болғанда ғана жұмақтан орын дегені.Мен өзім əуелі Алла қалаберді ата баба деп келем бірақ көп айтып ешкімге түсіндіреалмайтын едім .Көп нəрселерді ұқтым.Əуленің басына бараберу керек шын ниетпен қаралық сылынып нұр шыққанша сол нұрды алғаннан соң жол ашылып шапағаты Алланың болатынын түсіндім .Бір оқыйға сынақ əрине жақында болды.Жұма күні нан таратып құран бағыштап оны таратып намазымнан соң қалаға шықтым.Бір жас бала қорап ұстап тұр екен ауру адамға садақа жыйнап .Менде аз ұсақ тыйын сосын 1000 теңге бүтін.Мен асығыспын ой келді ұсақты берсем ол оған дым болмайды мың берсем өзіме жолға жетпей қалады.Шынымды айтсам бұл қаспен көздіғ арасында болды негізі ой болған жоқ бірақ маған сездірген менің өз жағдайымды.Мен тез басымды иіп сəлем беріп ниетімнің түзу екенін білдіріп кеттім.Соын ойладым ақшамды бұздырсам қайтарда берсем деп.Шықсам ол бала жоқ екен.Қолымдағы здача жерге түсті бəрі теріс жағыннан жатыр мен тез жыйнап алдым.Қолыма бөлек ұстап келем.Абтобусыма жақындағанда басыман асырып лақтырып жібердім тапқан адам қуанып алсын деп айттым ішімнен. Менің осы оқыйғаның алдында бір шаруам біткелі тұр еді ол хабарсыз кетті .Мен қатты өкіндім бұл сынақ деп Аллама жалынып айтам өзімше мен ақша бермедім бірақ сəлем беріп кеттім ғой ол сауыққан болар .Мен қателескім келмейді Аллам ау деп." Содан бір күннен соң хабар келді манағы шаруам мен ойлағаннан да артық болып бітті.Бұндайлар жалпы көп болады менде.Ұмытып жатам ғой.777 сандарын 444 сандарын кездестірем олардың да хабарлары болып тұрады. Бірақ мен тіл көзден қорқам .Көбіне сəл көтеріліп еркінсіп кетсем мен міндетті түрде жылаймын .Қазір көп белгі бермейді бұрын көп беретін еді.Əуленің басына барсам міндетті түрде өзімнің немесе күйеу жағының руынан біреуді кездестірем.Асығып көлік күтіп қол көтеріп жолда тұрсам сол руымнан кездеседі.Осының бəрінің аруақ екенін түсіндік қой.Бұл қолдау əрине. Өте көп түс көрем. Кешірерсіңдер егер артықтау бірнəрселер жазып кетсем. Бір күні біз дрсымыздың əкесіне бата оқыдық тек үйіннен қайттық басына бармадық .Жолға шығарып салып досымыз да тұр. Ауылдық жер ғой .Біз қалаға жетуміз керек.Əрі қарай такси күттік.Олардың айтуы бойынша такси өте көп бірақ, бізге еш көлік тоқтамайды біраз уақыт болды шаршадық қол көтеріп.Содан жолдасым жүр басына барайық деді жолдас жігіттің машинасына мініп əкесінің басына барып əйет оқып келдік сол бойда такси тоқтады біз аң таңбыз.Аруақ дəметеді деген осы екен ғой
@КулпашБайгараева-т9п Жыл бұрын
Керемет әңгіме екен, сенуге де болады. Жұмыртқаға жерік болған. Бізде екі қабат кезде балық жеуге болмайды, баланың еріні балықтыкіндей болып кетеді деуші еді. Мүмкін құс жұмытқасынан солай болған шығар. Өмірде бәрі болуы мүмкін. Не болсада әсерлі әңгіме екен. Тірі болса мекеніне бір айналып соғуы мүмкін еді...
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Тамаша пікір. Балық жеуге болмайды дейтіні рас. Сонда суды жақсы көретіндер өздеріне ұқсатқызып жіберетін болғаны ғой. Жалпы, адам баласының білмейтін құпиясы әлі көп қой.
@anyzdar.kz.1 Жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
@@anyzdar.kz.1, көп рақмет.
@Жаркынайшокенов Жыл бұрын
Керемет ангиме рахмет
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет пікіріңізге.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Жанаттың демі ұяттан Ұяттың жұпар иісі, Ұлтының қазақ жемісі. Әтірден артық қазақтың, Қызының аппақ терісі. Заманың бүгін көрінісі, Таппасың жұпар естіні. Сасық түгел өліктей, Доңыздай болған терісі. Бояуы әтір иісі, Жасама сыртқы көрнісі. Ұятын әтір, бояумен, Ақылдың бұл кемісі! Жаның болар шырағы, Болса қызда ұяты. Бетінде қызыл алмасы. Жеті жаны түгел болғаны. (Тамыз 2017 жыл) *** ***
@АзизаЗаурбекова Жыл бұрын
Әңгіме өте керемет жазылған оқиға екен ұнады
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет пікіріңізге. Аман жүріңіз әрқашан.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Бүгін және ертең Бірде шәкірт ұстазынан: -Сабын көпіршігі жарылған соң қайта қалпына келмегені секілді бір рет қайтыс болған адам да қайта дүниеге оралмайды, сонда ол қайда жоғалып кетеді?-деп сұрады. -Көпіршік судан тұрады,-деді ұстаз, -бірақ көпіршік жарылған кезде, оны құрап тұрған су жоғалып кетпейді ғой. Адам өлген кезде адамды адам қылып барлық молекулалардың басын құрап ұстап тұрған рух та мүлдем жоқ болып кетпейтіні белгілі емес па! Ендеше неге сен мұндай сұрақ қоясың? -Егер сіздің айтқаныңыз рас болса, онда оны қайта құрастырып менің көзіме көрсетіңізші,-дейді шәкірті. -Сен ертеңнің болатынына сенесің ба?-деп сұрады ұстазы одан. -Әрине! -Онда сол ертеңді маған көрсетші,-деді ұстазы. -Ертең әрине келеді, бірақ қазір емес,-деді шәкірт. -Қазір сенің ертеңді көрсете алмауың, ертеңді мүлде жоқ деген сөз емес қой. Егер сен өз болмысыңды тани алмасаң, ол сенің мүлде жоқ екеніңді дәлелдей алмайды. Дәл қазір сенің алдыңда киім киген, тамақ ішетін, жүретін, тұратын, отыратын, жататын нәрсе тұр, бірақ сен оның не үшін жаралғанын білмейсің. Сені адасқан адам, ақымақ деп атауға толық болады. Егер сен бүгін мен ертеңнің арасын ажырататын болсаң онда сен өз-өзіңді тани алмайсың да, сен үшін мына мәңгі өмірдің еш мағынасы жоқ деген сөз
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Қажырлықтың қайнар көзі төзімділік Құдайға тәуекел мен қайраттылық Мың түрлі себеп жолдан тайдыратын Кезіксе де таймайтын өжеттілік. Сыналуға түсетін кезеңдер бар Тудыратын сынауды себептер бар Бір сыналмай қалмайды көңіл хошы Ізгі сенім арқылы жеңілдік бар. Қысылып тарығатын жан дүние Ыстық пене суыққа төзе білген Жасырынған маржанды аршып өтер Бір қуат көгінен бар жүрекке енер. Алмас қылыш секілді жүзі өткір Құдай сөзі тілгілер қаралықты Шежіремен тұтасқан түп ағашқа Ілінетін нығмет бар ғайбаты күшті. *** Айнұр
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Өлген көңіл, ындынсыз өмір Қабағынан қар жауған Қараңғы бұлт жоғалды. Қас қараймай беті ауған, Қаһарлы жел де оңалды. Көшейін деп қыбырлап, Ел қыстаудан қозғалды. Жаралы жүрек жыбырлап, Жазылмай жалғыз сол қалды. Қырдан ойға дүбірлеп, Жас балалар шуласты. Күншуақта күбірлеп, Кемпір-шал да сырласты. Қыз-бозбала бір бөлек, Әзілдесіп, дуласты. Өліп қалған сұм жүрек, Оятсам да, тұрмас-ты. Бетіме жылы тиеді Күнгейдегі күншуақ. Жан жылыны сүйеді, Жанға рахат осы уақ. Өлі жердің сүйегін Тірілтті жайнап жапырақ. Жаралы менің жүрегім, Жайнай алмас сол бірақ. Күн нұрымен көгеріп, Жауқазын шықты жалбырап. Жер жүзіне өң беріп, Қызыл гүл бітті албырап. Тоң еріді, қар кетіп, Жан-жануар балбырап. Қайғылы көңіл тырп етіп, Қабағын ашпас салбырап. Қолдағы малға төл еріп, Жандыдан өсіп жан шықты. Жаңадан дүние жан беріп, Неше түрлі мал шықты. Қатып қалған желіннен Қаймағы бар бал шықты. Қайғылы біздің көңілден Қайғырған сайын қан шықты. Жер жүзіне нұр жауып, Күн жылынды, шөп өсті. Бие байлап, қой сауып, Буаз малдан төл өсті. Жанған оттай жалындап, Жайлауға қарай ел көшті. Жанбақ түгіл жабырқап, Жаралы жүрек қайта өшті. Көкорайға қонғанда, Қозылар ойнар дүркіреп. Жаздың күні болғанда, Жаңбыр жауар күркіреп. Жаралы біздің көңілге Бір тамбайды сіркіреп. Таянды ғой өлімге - Қақырық басты кіркіреп. Амандаса келісіп, Бір бағыланды сойғызар. Кел деп аяқ берісіп, Қымызға әбден тойғызар. Тері жадырап, жайылды, Дене балқып, бой қызар. Қайғы менен уайымды Ойлауды да қойғызар. Бағылан етін балқытып, Біріне-бірі «же» десіп, Шаттанысып, шалқысып, Кем-кетігін теңесіп. Әзілдесіп әр сөзге, Қалжың айтып, егесіп. Сөз қылар екен сол кезде Біз байғұсты не десіп? «Адал кісі еді-ау» деп, Алғыс айтып алғай ма? «Әркімді о да жеді-ау» деп, Әйтпесе сөгіп, қарғай ма? Ақысы болса, кетер-ақ, Алладан сауап алмай ма? Алал еді десер-ақ, Тәңрі алдына бармай ма? Мен - бiр тiлсiз көлiкпiн, Басыма соқпа, дауың жоқ. Тепкiлеме, өлiкпiн, Шайтаннан басқа жауым жоқ. Қызығып сендер ұмтылар, Қасыма ерген қауым жоқ. Жазамды кешiп, мұтыңдар, Жазадан, сiрә, сауың жоқ. Мен кеттім де, сен қалдың, Зияным енді тие ме. Неңді жұттым, неңді алдым, Кешсеңші жалғыз Иеге. Саған да сауап керек қой, Кім сенеді дүниеге. Осыны білген зерек қой, Жолықпасаң киеңе. Жоқ болса ақың өзімде, Қалғандарды зарлатпа. Өтірік болса сөзімде, Оныма менің алдатпа. Ақың болса - біт алып, Көп жетімге қарғатпа. Өлгенге өтірік дау салып, Қайыңды талға жалғатпа. Өлген жанның моласын Текпілемек өнер ме. Онымен қайтып оңасың, Ойласаң, пайда келер ме? Өзімнен басқа әркім бар, Бәрін де жеңдім дей берме. Алдыңда қиын бір күн бар... Аптығып, асып, елерме. Ақың болса басымда, Осы күнде мені өлтір. Отырмын ғой қасыңда, Өзіңнің жазаң деп өлтір. Жазам болса тартайын, Қолыңнан келсе, әне, өлтір! Обалымды артайын, Қызықсаң босқа және өлтір! Ол қолыңнан келмесе, Ойнақтама, дулама. Ойлашы өзің, ендеше, Соған көңлің тола ма? Үйтсең - қатын болғаның, Еркек олай бола ма. Ол емес қой оңғаның, Мұнымен кісі оңа ма? Бiреудiң мiнiн кешiрсең, Саған да құдай кешедi. Бәрiн де қылмай есiрсең‚ Төбеңдi әлi-ақ теседi. Көңiлi жұмсақ адамның Күрмеуiн тағдыр шешедi. Рахымсыз, пейiлi жаманның Орны дайын деседi. Мен - досыңмын, жау емес, Елере берме, қайта ту. Жүрегiм дерттi, сау емес, Сол себептi сөзiм - у. Ащы деп алмай қоймаңыз, Аңсағанда керек су. Абайлап артын ойлаңыз, Алды ғой алдап өңкей қу. Мен өтермін, кетермін, Жоқтарсың мені бір кезде. Жәрдемім тимес, не етермін, Бекінем осы бір сөзге. Мақсұтың қайсы, досың кім, Осының түбін шын көзде. Бар ақылым - осыным, Айтарым жоқ тіпті өзге. Мақсұтың болса орынсыз, Сiлкiнiп жүрiп шыға бер. Жолдасың болса тойымсыз, Көзiне құмды тыға бер. Қызығып жүрген iсiң кiм, Ерте есептеп, ұға бер. Сенiсiп жүрген кiсiң кiм, Жалмауыз болса, жыға бер. Мен жау болсам, кiм досың, Байқадың ба оны өзiң? Өзгелерден сен шошын, Жау десең де, мен - көзiң. Түбiнде менде айла жоқ, Алалғa дайын мiнезiм. Тойымсыз қудан пайда жоқ, Шын жақындық бұл сөзiм. Алалға айла қылушы ем: «Жау жықпасын туды»,- деп. Сескенiп, ерте-ақ бiлушi ем: «Iшкiзер қулар уды»,- деп. «Жазалы қылмас Құдайым Айланы ақпен жуды деп,- Деушi едiм,- үстiп шыдайын, Құртпас па екен қуды»,- деп. Мен көргендi көрмедi-ау, Қайратты өңкей батырым. Қайтейiн, тоқтау бермедi-ау, Қу залым деген кәпiрiң. Ұқпаған соң лажым не, Жан досым мен жақыным. Ұққаның болса, қамың же, Оңдасын Құдай ақырын. Қу мен сұм биледі Берекелі байымды. Бәрімізді ұндай иледі, Сіңіртпей ішкен шайымды. Күйдірген соң шыдатпай, Көре тұрып жайыңды, Кім айтады, мен айтпай, Сендерге енді уайымды. Шәкәрім Құдайбердіұлы
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет сізге. Аман жүріңіз әрқашан.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Көкіректегі қағба Яссы шаһарының байы жарты малын шығындап,Меккеде қажылық парызын өтеп келген еді.Келесі жылы тағы қажылыққа баруды ойға алды. Әзірет Сұлтанға келіп: -Тақсыр,биыл тағы қажылыққа барсам ба деп едім.Батаңызды алайын.Қағбаны жеті айналып,Ібіліс малғұнға тас атайын,-деді.Қожа Ахмет: -Батамды бердім.Барсаң жолың болсын,Қызыр ата жолдасың болсын.Сөз жоқ қағбаға зиярат ету парыз. Қанша барсаң сонша сауап. Бірақ бір нәрсені қаперде ұста. Меккедегі қағбадан бөлек тағы бір қағба бар.Ол да назарыңнан тыс қалмасын,-деді. -Ол не қағба? Бұрын неге естімедік?-деп бай таң қалды. -Ол -жүрек .Меккедегі қағбаны Ыбырайым пайғамбар ағаш пен тастан тұрғызды. Көкіректегі қағбаны Алла құдірет өз қолымен соқты. Мұсылмандар меккені жылына бір рет зиярат етеді.Ал жүректегі қағбаға "Кім келер екен?" деп Ұлық Алла күніне үш жүз алпыс рет назар салады. Әзіреті пайғамбарымыз "момынның жүрегі-Рахманның үйі"деген.Сондықтан көкіректегі қағбаны күн сайын зиярат етуге әдеттен. Ал ібіліске тас атқың келсе ол Меккеде емес,жүрегіңде отыр. Сахарда тұрып жүректегі малғұнның басына тас ат,-деді.
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Керемет. Каналда оқиын мұны да.
@АсылБахыт-и1и Жыл бұрын
Маған керемет ұнады. Рас шығар деп ойлап қоямын.
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Бәрі де мүмкін. Аман жүріңіз.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Сонымен, қазаққа (ол кезде түркі ғой) келген Хақ елшінің есімі кім десек, аңыз әңгімелерде қазаққа Озған деген пайғамбар келген делінеді. Мұны әйгілі Мәшһүр - Жүсіп Көпейұлының дерегі де растайды. Ол дерек бойынша баяғыда бабаларымыз Мұхаммед Пайғамбарды іздеп барған екен. «Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде, «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты!» деп әуезі айдай әлемге жайылып,Түркістан аймағынан, Түрік ұрпағынан, Моғол нәсілінен, «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған күнде «әр рудан біреу болса, ру түгел болмақ» десіп, тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол Мұхаммедті барып көрелік. Батырлығы шын болса, жолдас болып жанына ерелік!» деп, мінген көліктері - ат, ұстаған қарулары - бір-бір қатқан қақ сойыл, құрғақ шөлмен жүріп барса, айтқан Мұхаммед мұнан бұрын екі соғысты өткізіп: бірінде жеңіп, бірінде жеңіліп, үшінші соғыстың үстінде тұр екен. - Өзіміз сізге ұзынқұлақтан естумен асық болып біріміз оқ, біріміз жақ есепті қазылған жол, шашылған топырағыңызда болғалы келдік! - десіп, кәпірлерге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді дейді. Жалаңаш түйе бағып, өмірінде қыл құйрықты жылқы көрмеген сорлы араб аттың дүрсілінен қорқып, үрейі ұшып, зәресі кетіп, топалаң тиген қойдай, бықбырт тиіп, жылқының жасау тезегіндей болды дейді. Бұлардың батырбасы, көкжалы - Ақкөсе. Оған таяулары - Мәлік, Ақтам, Құттықожа, Имамбайыр, Аққоян дегендер екен. Сонда пайғамбар жарықтық шаттанғаннан: - Алла түркі хайыр ғымин үмметі! - дегендігін Салманпарыс деген сақаба Әзірет сұлтанға сөйлеген екен. Қазақшасы «Түркім келді - көркім келді» деген екен. Сонда Пайғамбар бұлардан сұраған екен: - Сіздер қай дінде боласыздар? - деп. Бұлар айтыпты: - Біз дін-сінді білмейміз, ораза жоқ, намаз жоқ, Құдай деген жанбыз, - депті. - «Озған пайғамбар» деген бабаларымыз осылай ұқтырған екен» десіпті. Осындай ұғына алмаған сөзден біздің қазақ: «Озған пайғамбар ұрпағымыз» десіп те жүрді. Сөйтсе, онысы Уыз (Оғыз) хан екен. Киіз үйді сол Уыз хан жасатып: «Киіз туырлықты қазақ байдың баласы, Уыз үйлі» атанып жүрді. Сол соғыста пайғамбар шаттанып: «Әлтүркі хайыр мен үмбеті» деген екен деседі. «Менің үмбетімнің ең жақсысы - түркі халқы» деген сөз дейді. Сонан кейін бұлар қалған өмірін пайғамбар қасында өткізіп, «ансары» атанған екен. «Мұһажырын аңсары» деген қауым қыбыланың ру, тұқым аты емес. Меккеден Пайғамбарды іздеп көшкендер «Мұһажырын» атанған. Пайғамбарға соғыста болысып, күш-көмек бергендер ансары атанған. «Далсабтұн алал ұллынмен әл-мұһажырын уа әл-анзар» - бәйгенің озып алдын алған «Мұһажырын мен Aнсарылар» делінген сөз».(Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы,шығармалар жинағы, 8 том, 59 бет).
@Атажолызікірі Жыл бұрын
*АЙТ, ШЕК ШАЛУДЫҢ МӘН МАҒЫНАСЫ* Бәрін бір Алла біледі ғой. Біздің білетініміз ата бабалардың тастап кеткен тәлім-тәрбиесі мен айтып кеткен ұлағат сөздері да. Кім қалай түсінеді ол әр адамның санасында екен. Бір жерде, бір үйде өсіп өніп отырсақ та, көріп, біліп түйгеніміз әрқалай... Үйдің ортаншысы болғасын ба, барлық шаруа менің мойнымда болды. Ауыл, аймақпен жақсы араласып, көрші көлеммен жүргесін бе, мен әдет, дәстүр, ғұрыптарды жете меңгеріппін. Мүмкін аруақтың жетегі солай шығар. Көңілім толмай отырады әдет ғұрыпқа байланысты өте тайыз, шолақ қимылдар көрсем, бір шаршап қалам. Бізде, Маңқыстауда жақсы жетілген ғой. Дегенмен де кейбір жандарды түсінбей бұрысын да дұрысын да айталмай қалатыны болады. Соның бірі *айт пен шек шалу.* Бұл өзі оразадан жетпіс күн өткесін болады. Бұл бір жазылмаған халық заңы. Жаңадан қайтқандары жыл толмаса да шек шалу керек, себебі кезегі келіп тұрған дүниені пайдаға асыру *ол қайтқанды тірілту* екенін бірі білсе де, бірі білмейді. Өлі шыққан үй айт шалмайды. *ҮШ ЖЫЛ ШЕК ШАЛАДЫ.* АЙТТЫҢ АЛДЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ИІС ШЫҒАРАДЫ. Бұрын ертеректе бұндай өлімдер жоқ қой, ол кезде айттың алдында бір күн әр үйде иіс шығарады, май шыжғырып, шелпек пісіріп. Бұл аман отырған үй, сосын айтын шала береді. Жолдасым қайтқалы менің шек шалғаныма үш жыл өтті. Құдайдан айт шалу бұйырса екен деп күнде сұрап отырмын. Міне айттың қадірінің күштілігі. Біз жолдасым екеуміз көп жылдар бойы айт шалып келдік. Адам бұл дүниеден өтеді ғой. Әңгіме қалай өткенінде екен. Мақтан емес әрине, айттың кереметі шығар деп жатқаным. Бұл жерде ата жолының да маңызы зор әрине. Қарасының өзіне екі жылқы мен жетісіне дейін қаншама қой десеңші мен санын сұрамадым. Жолдасымның еңбегі еш кетпеді. Аян, түс жаман емес. Басы тез көтерілді. Шүкірміз... күнә қатты, кешірілу оңай ма, қайтейін енді, өмірім- ай, деп жүріп жатырмыз. Үш жыл жылап еңіреп жүріп шек шалдым, енді Алла деп айт шалуды күтудемін. Өмір деген осы екен. АЙТТАН АЙТҚА АМАН ЕСЕН БОЛАЙЫҚ, ҚАЙТҚАНДАРҒА ИІС ШЫҒАРЫП АЛЛАНЫҢ ШАПАҒАТЫН АТА БАБА ҚОЛДАУЫН АЛАЙЫҚ. ҚҰДАЙ тілеулеріңді берсін. *ЖЕТЕЛЕНУШІ; Райхан апа. 28/04/ 2023ж.*
@Атажолызікірі Жыл бұрын
ӘКЕНІҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ “Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық”,-деп жырлаған ұлтымыздың ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин нағашы атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болғанын бүгінде бірі білсе, бірі білмес. Балқожа би заманының көзі ашық, көкірегі ояу, кесек мінезді тұлғасы болған адам екен. Қара қылды қақ жарған әділ қасиеті үшін халқы жақсы көрген. Ханға да, қараға қаймықпай сөйлеп, кедей-кепшіктің, жетім мен жесірдің ешкімге ақысын жегізбеген бидің басынан өткен мына оқиға оқырман қауымды қатты қызықтырады деп ойлаймын. Балқожа бидің шашасына шаң жұқтырмайтын сүлік қара сәйгүлігі болыпты. Аламанда алдына қара түсірмейтін жануардың сыртқы сымбаты да көздің жауын алады екен. Аттың даңқы алты Алашқа жайылыпты. Сәйгүлікті сатып алуға қыруар қаражат ұсынған бай-бағланның берген бағасына Балқожа би пысқырып та қарамапты. “Ер қанаты -ат емес пе? Астымдағы атымды бергенім, кеудемдегі жанымды бергенмен бірдей. Сүлік қараның құны жоқ. Сатылмайды,”-деп кесіп тастапты. Қай заманда болсын даңқ пен дақпырт қатар жүреді емес пе? Сүлік қараның даңқы Кенесары ханның да құлағына жетеді. Жүйрік ат десе, ішкен асын жерге қоятын хан: ”Қанша сұраса да құнын беріп, Балқожа биден сүлік қараны сатып алыңдар,”-деп шабармандарына шарт қояды. Сөзге түсінбейтін жандайшаптардың дөрекі пиғылына Балқожа би де шарт кетеді. “Кенесары хан түгілі, әкесі тіріліп келсе де, сүлік қара жоқ”,- деп қысқа қайырады. Бұл сөз аумай -төкпей ханға жетеді. Бір ауыз сөз үшін ашуына мінген хан атқа қонып, бір түнде бидің ауылын шабады. Балқожа би сүлік қараға мініп қашады. “Бидің артынан қумаңдар бәрібір сендерге жүйрігі жеткізбейді,”-деп хан шабармандарына қууға тыйым салады. Ауылы ойран болған Балқожа бидің үш әйелін ханның алдына алып келеді. Қаһарына мінген ханнан қаймыққан халықта үн жоқ. Шыбынның ызыңы естілетін үнсіздікті Балқожа бидің жаңа қосылған жас тоқалы бұзады. “Датым бар Сізге ,хан ием-деп бастады -, дейді сөзін жас келіншек. -Осыдан жиырма жыл бұрын Сіз екі жүз әскеріңізбен жараланып Садырқожа бидің ауылына түскенсіз. Сол кезде мен тұлымшағы желбіреген әкемнің бес жасар қызы едім. Би әкем Сіздің жараңызды таңып, әскеріңізді үш күн қонақ қылды. Әкемнің пейіліне риза болған Сіз сонда : ”Би тілегіңді айт, -деп үш рет қайталадыңыз. Сонда би әкем: -Хан ием ,әзір балалар жас ,заманы болар, уақыты келер, бұл аманатты да Сізге айтар күн туар,- деп үнсіз қалып еді. Мен сол Садырқожа бидің кенже қызымын. Әкемнің қайтқанына да жеті жылдың көлемі болып қалды. Сол кезде әкемнің айтпай қалдырған тілегін енді мен айтам Сізге: -“Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан”-деген. Хан мен бидің ортасына сөз тасып жауластырған Сіздің шабармандарыңыз. Еркектің атын шығаратын үш дүние бар мына жалғанда. Астындағы аты, қойнындағы қатыны, жайған дастарханы. Сіздің шабармандар бидің жайған дастарханынан аттап, астындағы атын тегін алғысы келді. Дөрекі сөзді көтере алмаған би қатты айтса айтқан шығар. Бұл аузымен айтқан биге сын, кешірмесе ханға сын. Астындағы атынан, қойнындағы қатынынан айрылса намысты ерге сын емес пе ,хан ием? Менің Сізден сұрайтын жалғыз тілегім ,отымның киесі, шаңырағымның иесі болған Балқожа биді жәйіне қалдырыңыз, абыройы мен астындағы атынан айырмаңыз. “Хан қайрылып қараса, бақ қарайды”,-деген басындағы бағынан айырмаңыз. Мейріміңізді қайта төгіңіз ,хан ием,-депті бидің тоқалы. Мына әңгімені тыңдап отырхан хан Кене сілтідей тыныпты. “Сөзің орынды ,айналайын, би әкеңнің жақсылығын көріп едім. Айтқаным -айтқан, уәдем-уәде,-деп хан ойран қылған Балқожа бидің ауылын қалпына келтіріп, құнын төлеп, талан-таражға түсірген төрт түлік малын қайтарыпты. “Алғыс деген ақсақ қоян аяңдай-аяңдай жетеді “деген осы. Әкесінің жасаған жақсылығы баласының алдына жиырма жылда жетіпті,- деп Мағауия досым әңгімесін аяқтады. Ұрпағым өсіп-өнсін десең жұрттан жақсылығыңды аяма ,ағайын. Жасаған жақсылығыңның жарығы өзіңе түспесе, уақыты өте келе ұрпағыңа сәулесін шашары шындық.
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Армысыз, осыны каналда оқысам бола ма? Рұқсат бересіз бе?
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Қуана қуана келісер едім
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Оқыңыз тәте
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Авторын кім деймін?
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Кәз сізге айтайын
@Атажолызікірі Жыл бұрын
ҚЫРЫҚ ҒАЛАМАТ☪️ Алла Тағала " Ей, Мухаммед,, ең жоғарғы жақсылықты тілеп маған жақындығың келсе пақырлық жолына түс. Көпшілікпен ара-жігіңді ажыратып, оңашалан" депті. Ия дәруіштік пен сопылық шыңы-пақырлық. Сонда пақырлық деген не? Ахмед Яссауи пақырлық жолына түскендерге Абай-Ұстаз айтқан "іштегі кірін" қашыру,жүрек көзін ашу үшін тақуалық ғұрып-салтының мәнін ашып көрсетті. Ол "пақырлықтың 10 мақамы,10 нұры, 10 жолы,10 орыны деп атап көрсетті. 10-МАҚАМ 1. Қанағатшылдық 2. Пәлеге шыдамды болу. 3. Көрсеқызарлықпен пендешіліктен арылу. 4. Азапқа душар болса Аюб пайғамбардай шыдамды болуы. 5. Әр нәрсеге таңдана ғажаптана білу. 6. Құдай жолындағы қыйыншылықтарға төзімділік танытып шыдай білуі. 7. Аштыққа шыдамды болуы. 8. Кез келген сәтте опат болуға,қазаға көнуі. 9. Дүние қызығына еліктемей қам-көңіл болуы. 10. Алланың жүзі де көзі де болуға ұмтылуы. 10-НҰР. 1. Сыддық немесе шындық. 2. Сабыр. 3. Шүкіршілік. 4. Пікір. 5. Зікір. 6. Намаз. 7. Ораза. 8. Иман. 9. Садақа. 10. Жан пәктігі. 10-ЖОЛ. 1. Тәубеге келу(истиғфар) 2. Сабырсыздықтан арылу. 3. Бұрын істеген жаман іс-әрекетіне өкіну. 4. Таңдана берушілік құлықты тізгіндеу. Не нәрсе көрсе де бір қалыпта болуы. 5. Қорлық пен зорлыққа төзімділік танытуы. 6. Әрқашан Хақ Тағаладан жәрдем тілемек. 7. Жаман жолдардан қайтуы. 8. Алла Тағаланың зікірін айтуы. 9. Ойлану,толғануы. 10. Бұл дүниенің пәни-жалғандығын мойындауы. 10-ОРЫН. 1. Пақыр болу 2. Даналық. 3. Әділдік. 4. Ақыл. 5. Ілім. 6. Ұят. 7. Ізетілік. 8. Қайыр жасау. 9. Жасырушы. 10. Аманат және шын берілуі. Мұндағы әрбір тармақтың күрделі тәпсір-түсініктемелігі бар. Яғни әрбір сөз-бір сабақ,әрине оны игере алғанға! Мысалы, мінезге сабырлық қалыптасуы үшін көңілге әуелі тоқтам келуі керек. Көңілге тоқтамды келтірудің амалы қандай? Бұл ойлар түрлі сұрақтар тудырып ары қарай жалғаса береді. Сондықтан сопылық ілім теориясын оқығанмен, сол теорияны үйреткен пір-ұстаздың өзі оны қалай жүзеге асырғанын шәкірт өз көзімен көріп, кейін бұл хикмет куйді бастан өткермесе бәрі бекершілік. Оның үстіне әрбір сабақтың Ақиқатты тану жолында өзіндік ерекшеліктері болды. Айталық бір шейіх-ұстаз зікір үстінде тек тәспі ғана ұстаса келесі шейіх-ұстаз қамшы, пышақ, қобыз т.б.қосып зікір салған. Шәкірттер осы сынақ-жолдан толық өткенде пақырлық жолына түсетін еді. "Сопылық әлемі" кітабынан үзінді.
@СаулеЖарменова-й1ю Жыл бұрын
Қиялдан туған әңгіме шығар,фантастика....адам қиялы,арманы,мақсаты мықты ғой....
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Не болса да автор біледі. Аман болайық бәріміз.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Тобықты елімен көршілес Төлеңгіт руынан шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, Абай аза тұтып, дұға оқиды. Артынан жиналған елге: - Меңаяқ өзінің басының атын өзі алып жүре алатын адам еді ,-дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы: - Абай-ау, ол не дегенің? Меңаяқ өз атының ғана басы емес, рулы елді билеген адам емес пе?! - дейді. Оған Абай: - Елді билеуден адамның өзін-өзі билеу қиын. Жағдайы келгенде бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар көп. Меңаяқ сонан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, - деп жауап беріпті дейді. Бірде шәкірттері Конфуцийден: "Егер сіз бір елге басшы болсаңыз, ең әуелі не істер едіңіз?" деп сұрапты. Сонда Конфуций: "Егер мен бір елге басшы болсам ең алдымен ұлттың тілін тәртіпке салар едім" депті. Мұны естіген өзгелер қайран қалып, себебін сұрайды. Сонда Конфуций: "Бір ұлттың тілі бұзылса, сол ұлттың рухы мен әдет-ғұрпы бұзылады. Егер бір ұлттың рухы мен әдет-ғұрпы бұзылса, әділет және ақиқат жоғалып, халық шарасыздықтан жойылу қаупіне душар болады. Қысқасы, бір ұлттың тілі бұзылса, сол ұлттың келешегінен үміт күтуге болмайды.Мұндай жағдай туудан бұрын алдын алу өте маңызды" - деген екен...
@Олкімбұлне-щ2к Жыл бұрын
Тамаша Рахмет
@muzbalaqkz6484 ай бұрын
Рақмет сізге.
@muzbalaqkz6484 ай бұрын
Тамаша. Керемет айтылған.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
АҚЫЛДЫ ТЕКТІ ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ Осыдан он-он бес жыл бұрын ордамызға бір әйел келді екі қызымен. Қапшағайдан екен жатып қамшыдан ем аламын деп. Сонан оны қабылдап ; "Бай қайда?" деп сұрадым. "Бай алқаш болып кетті" дегенді. Ол кезде әйелзатымен әзілдесуге құмар едім. Оның бетіне жаққан бояуы, тырнақ өсіріп, түрлі боямен әрлегені қысқа етек шаш қиғанын аңғарып; "Сіздің менде күйеуің болсам, бір жылда алқаш боып кететін шығармын" дедім әзіл-шыны аралас. "Сіз не деп тұрсыз оған мен арақты құйдым ба іш деп?" деп ашуға басты. Мен, "Тұра тұрыңыз алдымен емге кірейік, тазарыңыз, сосын бұл әңгімені жалғастырамыз" дегенмін. Сонан бір күні оның күйеуінің бажасы келіп, "Оны (бажасын) мен тауып алдым бір подвалда жатыр екен, әкелсем бола ма сізге?" дегені.Мен алдымен әйелінен сұрайық, деп оған қосылуға қалай қарайтынын білдім. Сонда; "Егер арағын қойса балалар үшін қосыламын қалайда" деп жауап берді. Сонан оны бір апта суға түсіріп арағынан тиып, ішкізбей қадағалап әкелуге тапсырма бердім. Сонан келер күні жақындағанда әлгі әйел; "Сізбен сөйлесуге болама оңаша" дегенді. Ал сөйлесейік не айтасың? десем; "Менің күйеуім көп оқыған еді" дейді. "Онда тұрға не бар алқаштардың көбі оқу өтіп кеткендер ғой" десем, "Жоқ ол барлық қателіктің менен болғанын білсе, өмір бойы соңымнан қалмайды" дегенді. Мен ол әйелдің мұндай аңғарымпаз түсінігі терең болғанына таң қалдым. Өзі мұғалім екен. Сонымен барлығы сәтімен болып, тәубесін Құдай қалап байы арағымен мүлде қоштасып, кейінен шет елден көлік тасып дәулетті, бақытты отбасы болғанын естідім. Онан кейін талай осындай жағдайлар кездесті, байқамай себебін айтып қойып, байының қатынын көк ала торғайдай сабағаны да болды. Мұны кейін көп әйелге де еркеке де айта бермейтін болдым. Әйелзаты мұны әбден қамшымен тазарып ақиретті меңгермей түсіне алуы екі талай. Керісінше уын шашып деміл деміл өзінен шыққан жамандықты байын басқаны жамандап шақырып алып , тәубесін жоғалтып алады да, өзін-өзі ақтап бақытсыздықты өзі қолдан жасайды. Аятта; "Бастарыңа қайғы-қасірет жамандық келсе оны ешкімен көрмеңдер қол екі ісімнен деп біліңдер" деген Алла тағаламыз. (Тамыз 2017 жыл)
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Сәлем Базаркүл тәте ,атыңызді ,Базаркүл Қалбыр қызы деп жазыңыз ,қыз ұлы деп жазу өте маңызды .
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Қалбыр менің атамның аты. Құжатта солай, сол бойынша айтылып та, жазылып та жүр ғой.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
*- ОВ - ЕВ* Бұл роликте тегінде - Ов, - Ев жалғауларын алып тастаудың адамның өміріне қауіпті екенін түсіндіреміз. Адамның аты - адамның тағдыры. Туылған күннен кейінгі, адамның тағдырына тікелей байланысты нәрсе ол - адамға қойылатын есім. Қазақта 2 ат деген болмаған. Совет Үкіметінің орыстандыру саясытынан пайда болған жалғаулар деп, қазіргі таңда барлығы жіті түсінбегендіктен сол - Ов, -Ев жалғауларын алып тастап жатыр. Иә сол заманда тегі фамилия қою деген қазақ халқына да келіп жетті. Бірақ -ов, -ев, -ай, -ей, -ау деген 2 дыбыстан құралған жалғаулар тек қазақ тілінде ғана кездеседі. Демек -ов, -ев әу баста қазақтан алынған. Бұрын Пәленше Пәленшеұлы -қызы деп келгенбіз. Енді тегі фамилия қоятын болған соң -ов, -ев жалғаулары арқылы, адамның тегі таңбаланды. Яғни қорғауға алынды. Сондықтан Пәленшеев Пәленшеұлы -қызы деген дұрыс. Құранда жазған: Мен сендердің жақсы көретін нәрселеріңде жамандықты жасырдым, жек көретін нәрселеріңде жақсылықты жасырдым делінген. Сендер -ов, -ев ті жек көргендеріңмен онда жақсылық тұрғанын, ал оны алып тастағанда жамандықтың тұрғанын сезбейсіңдер. Кекшілдікті қою керек, -ов, ев ті алып тастап, өмір сүре келе жалғанған 2-ші атпен сен тектілігіңді көрсетпейсің. Нағыз кекшілдікті баса алмасаң, онда фамилияңды мүлдем алып таста. Балаларыңның және өзіңнің өміріңе балта шаппа. Адам баласының естілігі үш нәрседен тұрады деп Абай атамыз үш қуатты жазып кеткен. Тек ұғым бұл Ақыл Қайрат және Жанмен яғни жүрекпен байланысты. Мысалы: Абай бұл қайраттың бейнесі, Ал Құнанбайұлы - ол ақылың, Құнанбаев - жан тегің жүрекпен байланысты. Адам есімі оның туылған күні, айы, жылы - заманауи тілмен айтқанда оның логині мен поролі. Логин пороліңді қорғамасаң, сенің күнің не болмақ тікелей мағына да, жанама мағынада да. Қазіргі таңда Ібіліс ғұлама. Сондықтан бұрыңғы заман мен қазіргіні салыстыруға келмейді. Орысша айтқан Ібіліс модефицировался, ал біз прогрестен регреске кетудеміз. Өміріңе денсаулық пен берекені келтір. Құдай бәріңнің несібелеріңді тең қылып жараттым деген. Ал қыршыннан кетіп жатқандар қаншама? Шет елдермен қазақтарды салыстырма! Америка сияқтылар бай, экономикасы дамыған мемлекет болғанымен, дәстүрден алшақтап жасы мен кәрісі де құрып бара жатыр. Ал ондай елдің ғұмырылары жойылуға шақ. Адамның тағдыры оның Есімінен басталады. Ең алдымен атыңды жөндеуден баста.
@ГульнарМолдабаева-я4х Жыл бұрын
Фантастика
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Жақсы жазылған.
@grandmotherguliya2231 Жыл бұрын
🌹🌹🌹
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Рақмет. Әрқашан аман да абыройлы болайық!
@Атажолызікірі Жыл бұрын
КІМ КІНӘЛІ БІЛМЕДІМ ДЕП АЙТАЛМАЙМЫН!? Расымен де өмір болғасын ойланбай тектен тек жүрмейсің ғой. Өмір ойландырады онсыз өмір құралмайды екен. "Ойлан балам" - деп марқұм әкесі баласына көп айтушы еді. Ой жүйрік, жету мүмкін емес. Оған тек ақылмен жетіп тоқтайсың. Кім кінәлі??? Не істеу керек??? Сұрақтар көп, жауап аз. Әр адамның ащы шындығы мен әр түрлі тағдыры ойландырмай қоймайды. Жастық шақ тебініп көп нәрсеге жауап бергізбей бұлқақтайды. Әй, өмірім- ай, қайтейін енді. Жерге шырылдап Алланың бұйрығын тағдырына жазып дүниеге келген жас балаға ата- ана қуанышпен үлкен үмітпен қарайды. Әттең-ай, оңай емес өмір екен ғой, кері қайту жоқ. Тірелген жерге шейін тағдыр сызығымен өлшенген өмір, жүре бересің. Мен де дәл осылай жүріп келем, жүргенімнен сүрінгенім, сүрінгенімнен еңбектегенім, еңбектегегімнен құлағаным да көп. Бірақ, тұрдым қайта қайта құласам да тұрдым ей Аллам, мен жүріп келем, бұрынғыдай емес, бәсеңдеп келем үлкен апанға түсіп кетпейін деп, жан-жағыма қарап келем. Күнәлі жанды тауып еңреп жылап келем. Жаутаңдаған көздерді көріп, оларға тура қарай алмай тайқақтап шалтақтап келем, себебі мен күнаһармын. Қайтып басар жерге кіріп, көз жасымды төгіп келем. Кешіріміңді ала алмай мына жарық кең дүниеден орын таппай тайқып келем. Шырылдап жылаған жас баладай егіліп жылап келем, себебі мен күнаһармын. Осы сөзді мойындап айтып келем. Жұбататын жан іздеп, жан жағыма жаутаңдап қарап келем. Қайғы басқан жан адам қарамайды, шат-шадыман өмір сүрген жандар да бар, бірақ олар да саған қарамайды. Арпалысқан мына жалғанда тек бір Алла ғана құтқарады, біл соны - деп айқайлайды жан жүрегім. Тек соны тыңда сол ғана көмекке келеді деп нық сеніммен күш береді. Ия, оңай емес күнә жасағанда, оңай оны кетіру тек әділ ақ Құдайдың қолында.. Амал жаса, тұр, өмір деген ағыс, су, ағыны қатты болса алады да кетеді. Бұл жүрек үні оны есту, тыңдау, жасау ол бір Алланың бұйрығы. Ия, көтердім басымды ағын суға қарсы жүзу керек, демек өмірді қайта сүру деген сөз ғой аз уақыттың ішінде сонау өткен ұзақ өмірді қайта жаңарту, дұрыстау оңай емес... Қателеспеңдер Алладан жалынып сұраңдар, мен қателескім келмейді, мені қателестірмеші - деп. Райхан К. #АтаБаба #Қазақ #Ана instagram.com/reel/CtOiIfWIGxZ/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==
@БаянДунаева-у9щ Жыл бұрын
Біз білмитін тылсым дүние көпқой.Өмірде болса болған шығар
@muzbalaqkz648 Жыл бұрын
Бәрі де мүмкін. Дұрыс айтасыз.
@Атажолызікірі Жыл бұрын
Бөріксіз еркек, жаулықсыз бойсыз әйелзаты қол жайғанмен Құдай оны қайтарып жібереді. Себебі алқанға нұр түспейді. Нұр белден шығып, (әйелде жамбастан) бастағы сары өріспен алқанға оралып келеді де сонымен сөзің дұғаң бейнеленіп қана Алла тағала тарапына өте алады. Болмаса екі аралықта қалып қояды. Қолдың, алқанның тазалығына байланысты да болуы шарт. Қолың жомарттықпен байланысты болмай, пара, жамандыққа жұмсалса онда қол жайып әуре болма. Садақаңмен қолыңды яғни оң сол тағдырыңның жазуы екі қол ісіңнен болған әруағыңды алдымен тазарту керек. Алла тағаладан келетін қандайда бір нәсіптің судың буымен нұрымен байланысты қуаттың алдымен әруағыңа қосылып сонан кейін дүние тіршіліктің нығыметіне айналатын да білген жөн. "Өлі риза болмай тірі бьайымас" деген сөздің қарпайым түсінігі де осында Тамыз 2017 жыл