Жұмыстан ресми шығып қалсаңыз, мемлекеттен қалай ақша алуға болады?

  Рет қаралды 3,851

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Қазақстанда жыл сайын 100 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алып келеді. Биыл жарты жылдың ішінде 60 мыңнан астам азаматқа 8 миллиард теңгеден астам қаржы берілген. Қордан бөлінетін қаражаттың көлемі әр адамның еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Алғашқы алты айда қызметке орналаспасаңыз, қорға барып тағы да өтінім беруге болады.
Тоғыз жылға жуық видеоинженер болып қызмет еткен Нұржан Ықыласов мамыр айында жұмыстан шығып қалады. Алайда, жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде бірден тіркелмеген. Тек бір айдан кейін ғана жақынынан қордан ақша алуға болатынын біліп, орталыққа барыпты. Айтуынша, жұмыссыз қалғаны үшін айына 110 мың теңге әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған екен.
НҰРЖАН ЫҚЫЛАСОВ, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Еңбек.кз сайтына кіресің. Кіргеннен кейін шот нөміріңді жазасың. Сосын жұмыстан босап қалған кездегі төленетін ақшамды алатынымды айтты. Осы июль айының 15-і күні соны бірінші айымды алдым. Сосын 15-нен кейін официально осы компанияға жұмысқа кірдім.
Жұмысқа ресми түрде орналасқаннан кейін сізге оны растайтын анықтама өткізу керек. Ол қағаз - қордан қосымша ақша аударылмауы үшін қажет. Әлеуметтік сақтандыру қорының мамандары, жұмыссыз қалған азаматқа соңғы 24 айдағы орташа жалақысының 40 пайызы төлем ретінде беріледі дейді. Яғни, екі жыл бойы ай сайын қолыңызға 200 мың теңге айлық алып келсеңіз, сізге 80 мың теңге сақтандыру қорынан төленеді. Мұндай төлем бірінші алты айға тағайындалады. Осы уақыт аралығында жұмыс таппасаңыз тағы өтінім бере аласыз.
ГҮЛБАҒИЛА БОЛАТБЕКОВА, Мемлекеттік әлеуметітк сақтандыру қорының департамент директоры:
- Бұл кезде біз қараймыз. Жаңағы заңда көрсетлген. Егер алдында ол кісі осындай төлемді алған болса әрбір бір айы үшін 12 айы ада болады еңбек өтілінен. Екінші рет тағайындаған кезде біз ол кісіге тағы да соңғы 24 айдікін орташа айлығын есептейміз ғой. Бірақ ол кісі соңғы 6 айда төлем алып отыр. Айлығы болмады. Сондықтан жаңағы алатын төлемнің мөлшері азырақ болады.
Әлеуметітк сақтандыру қорынан жұмыссыз ретінде төлем алу үшін жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу қажет. Немесе, арнайы веб-портал арқылы да өтініш бере аласыз. Қор мамандарының есебі бойынша жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркеледі екен. Былтыр 106 мың азаматқа 16 миллиард теңгеге жуық төлем беріліпті. Биыл жарты жыл ішінде 60 мыңға тарта адамға 8 миллиард теңгеден көп ақша берілген.
.
.
.
.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Информбюро #Ақиқатын_Айтайық #ИнформбюроЖаңалықтары #БүгінгіЖаңалықтар #БастыЖаңалықтар

Пікірлер: 12
@gulsatkushbaeva2728
@gulsatkushbaeva2728 Жыл бұрын
Кім алып жатыр сонда .лично озым алған жокпын
@gulzirakokkozova9468
@gulzirakokkozova9468 5 ай бұрын
Мен манкыстауда турамын алуға болады алдын жұмыс жасаған пенсионка болыу керек
@user-eu6fn7ky2i
@user-eu6fn7ky2i Жыл бұрын
Сандалыпты. Мен тіркеліп едім. Жұмыстан қысқарып қап. 4500тг алып жүрм. Екі айдан бері. Негізгі айлығым 150000тг болған. Өтірікті бөседі ғой шіркіндер.
@user-jy8pi8ze6h
@user-jy8pi8ze6h Жыл бұрын
Қанша жыл жұмыс істеп едіңіз негізі
@user-eu6fn7ky2i
@user-eu6fn7ky2i Жыл бұрын
@@user-jy8pi8ze6h 1-жыл ғана
@user-cb2hr3du1i
@user-cb2hr3du1i Жыл бұрын
Неге отирик айтасыздар?)))) Акша бермейди гой ешкандай, ол емес грантка бизнес ашуга оту мумкин емес
@user-gb5nu9gt3b
@user-gb5nu9gt3b Жыл бұрын
жумыс истейтин адамдар ондай акша тапайдыго кайдагы
@ulansarybaev5525
@ulansarybaev5525 Жыл бұрын
Отірік.жумыссыз.тіркелгенбіз.акша толемейді
@user-hc8yj6pt5y
@user-hc8yj6pt5y 7 ай бұрын
Неге отирик сигебересиндер аа бермейдигой
@user-yk9nt3wq1s
@user-yk9nt3wq1s Жыл бұрын
Неге өтірк аитасындар енбек кз саита жок мен атырауда турамын бір жыл жумыс істеп әл кунге диін пособия алган жокпын енбек бижасына тіркелдім өтірік аитпандар
@sherlockholmes7912
@sherlockholmes7912 Жыл бұрын
Толенеди, бирак булар айтып жаткандай емес
Информбюро 23.05.2024 Толық шығарылым!
24:54
Информбюро 31
Рет қаралды 43 М.
ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
18:41
Atameken Business Programs / Атамекен Бизнес
Рет қаралды 15 М.
Teenagers Show Kindness by Repairing Grandmother's Old Fence #shorts
00:37
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 43 МЛН
FOUND MONEY 😱 #shorts
00:31
dednahype
Рет қаралды 8 МЛН
Normal vs Smokers !! 😱😱😱
00:12
Tibo InShape
Рет қаралды 100 МЛН
Жұмыспен қамту орталығы жаңа қызмет түріне көшеді
2:10
SARYARQA TV / Сарыарқа телеарнасы
Рет қаралды 2,2 М.
Коллекторға өткен кредитті ТӨЛЕМЕ!
9:44
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 147 М.
Teenagers Show Kindness by Repairing Grandmother's Old Fence #shorts
00:37
Fabiosa Best Lifehacks
Рет қаралды 43 МЛН