Жәнібек Кәрменов орындауында Қасым Аманжоловтың "Өзім туралы әні"

  Рет қаралды 158,685

Timur Bektur

Timur Bektur

Күн бұрын

Пікірлер: 126
@БайдибекТау
@БайдибекТау 3 жыл бұрын
Недеген зиялылары қауымы недеген тұлғалар пай пай недеген байлығымыз асыл ағаларымыз иманды болсын жандары жаннатта болсын, шіркін қазіргі ұрпақ білмейді ғой көргендері брат,братуха,родной,дорогой, пай пай мәдениет құрып барады
@СакыпжамалКарашанова
@СакыпжамалКарашанова Жыл бұрын
Шіркін,Жәнібек Кәрменов,өте дарынды әнші,бұрынғы әншілер ге ещқандай әншілер жетпейді,қазіргі әншілер сахнаны сатып алып қой құсап маңырап,түк дауыс жоқ,қазір әнші де жоқ,дұрыс өлең де жоқ,Жәнібек аға,жаныңыз жаннатта,тәніңіз рахатта болсын!
@erulanaitymbetov1331
@erulanaitymbetov1331 Жыл бұрын
Осындай ән термені қазіргі жастар тыңдармекен.
@isaksyn-j5v
@isaksyn-j5v 9 ай бұрын
Тыңдаймыз
@Куандык-ч7р
@Куандык-ч7р 6 ай бұрын
Бармызғой ағаууу😅
@Куандык-ч7р
@Куандык-ч7р 6 ай бұрын
2001жылғы баламын жасым 23те осы термені тыңдаймын өйткені мәні бар
@qorganbek_d
@qorganbek_d 6 ай бұрын
тыңдаймыз
@Дулатмечта
@Дулатмечта 6 ай бұрын
Тыңдаймыз
@bekaisadilov7181
@bekaisadilov7181 4 жыл бұрын
Акиык акын Мұқағали Мақатаев ағамыз осы олеңді өте жақсы көрген. Семей жаққа барған сапарында бір досының уйінде демалып жатып бір жас жігйтке таң атканша осы олеңді неше кайтара айтқызыпты. Қайран ағаларым ай бір бірін калай кұрметтеген!
@ИзтолеуТусупов-ч4ч
@ИзтолеуТусупов-ч4ч Жыл бұрын
Нпрроо гнмг
@Nurzat-s9i
@Nurzat-s9i Жыл бұрын
Ескінің асылдарығой
@Илияс-ь1ж
@Илияс-ь1ж 11 ай бұрын
Ол жас жігіт Тұрсынғазы Рахимов болатын.
@Abzal_Almakhanov
@Abzal_Almakhanov Ай бұрын
Жәнібек ағам Қасым Аманжоловтың өлеңін дәл айтты. Қайран-ай...
@mahabbatkaribayeva2093
@mahabbatkaribayeva2093 7 жыл бұрын
Ән нин сөзін тындашы, оны сондай тербениспен әрбір жүрекке жеткізіп тұрған Жанибектин дауысын айтсаншы ширкин💞💞💞💞💞
@akerkenurkeeva
@akerkenurkeeva 3 жыл бұрын
Мен 2021 жылданмын) әдебиетшімін,осындай өнерлі аталарымның ұрпағы екеніме қуанамын.Бул кісілердің өмірі қандай қиын болды десеңші😔
@АтиллаСадуакасов
@АтиллаСадуакасов 7 жыл бұрын
Қазақ әдебиетіндегі дауылпаз ақын Қасымның эпопея әнін нақышына келтіре орындаған күміс көмей әнші ағамыз Жәнібекке мың алғыс! Осынау керемет әнді ғаламтор желісіне шығарып, қалың тыңдарманға сыйлаған Тимур бауырымызға тағы алғыс! Қазақ өнері жасай берсін! Осы орайда, Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына орай өткізілген мәдени іс-шара кешін көрсеңіздер тіпті керемет!
@СветланаТұмар
@СветланаТұмар Жыл бұрын
Іздеп көрейін
@КазбекКасымов-н8в
@КазбекКасымов-н8в 6 жыл бұрын
Иманды бол аға. Қазыбек ақың қаздауысты бидің тікелей ұрпағы.
@mahabbatkaribayeva2093
@mahabbatkaribayeva2093 7 жыл бұрын
Амал жоқ! Жатқан жерлерин жарық , имадарын жолдас болсын Қос жулдыздар! Жүз жылда бир туатын тұлғалар ғой! Ән
@rustemumirkhanov3421
@rustemumirkhanov3421 6 жыл бұрын
Пах,шіркін-ай не деген өлең жолдары...не деген әнші... Қаз дауысты-деп осындайда айтатын шығар сірә. Қазақ болғаныма қуанамын!
@anarbekrisbek5468
@anarbekrisbek5468 4 жыл бұрын
Менде
@хомка-к3ы
@хомка-к3ы 2 жыл бұрын
Осы әнді тындасам журегым сыздап, козыме жас толады. Кайран казактын андеры-ай. Анымен коса әуені, сөзі сокыр козден жас шыгарып, мылкау адамна тіл бітіреді. Мен сені суйем өмір.
@0SPAN_Aibek
@0SPAN_Aibek 2 жыл бұрын
Шіркін сол кездің әншілері мен тыңдаушылары қандай керемет ә
@ЕрікАлаш
@ЕрікАлаш 6 жыл бұрын
Шіркін жарықтық Жәнібек аға жатқан жерің жұмақ, мінгенің пырақ болсын!!! Жүрекпен жеткізген әрбір сөзін, қазіргі қыңсылаған жыртық шалбар, жалаңаш бұттар әдірем қалсын! Сол заманның адамдары түрлеріде бір ерекше әдемі! Қазақылықтың сарыны байқалады бір түрлі, шіркін заманай сол кездер десейші!
@АкоАстана
@АкоАстана 6 жыл бұрын
Әумин
@АлмагульАйбасова-л8с
@АлмагульАйбасова-л8с 2 жыл бұрын
Я помню эту песню с детства , её передавали по радио. Это любая песня моей бабушки. Эта песня просто задевает душу
@ЖамигаКасенова
@ЖамигаКасенова 3 жыл бұрын
Жаныңыз жәннатта болғай. Танашым аузынан тастамушы едіжарықтығым ай бір таңға әніне сусындаған екенсің ау. Недеген ашық, таза дауыс. Жүректен шықса, жүректерге жетеді екен.
@ЕрекеБереке-т6т
@ЕрекеБереке-т6т 4 жыл бұрын
Қалың елім қазағым қайран жұртым Ұстарасыз ауызыңа түсті ау мұртың 😢😢
@МәмбетКурманбаев
@МәмбетКурманбаев 2 жыл бұрын
Керемет айтылған! Бұл жалғанның өткінші екенін Қасым керемет шырқаған екен!
@Анархан-ч1ч
@Анархан-ч1ч Жыл бұрын
Керемет ән
@otegenkanatkali4550
@otegenkanatkali4550 3 жыл бұрын
Қазақы иіс аңқып кетті👍👍👍
@фартовый-э4к
@фартовый-э4к Жыл бұрын
өленен бұрын тыңдап отқан көрерменге ырза болдым...сағындым осындай адамдарды...олар қалмады .қалса да ондай бола алмай калды(
@ЕрнарЖумагулов-о8ъ
@ЕрнарЖумагулов-о8ъ 8 ай бұрын
Қандай керемет дауыс?!
@РолланАскарбеков-г2и
@РолланАскарбеков-г2и 6 жыл бұрын
Қайран Қасым мен Жəнібек ағаларым ай! дүниеден ерте кеттіңіздер ғой. Кім шындықта адалдықта болса сол кісілер ұзақ өмір сүрмейді. Араммен өтірікпен қулықпен өмір сүргендер ұзақ жасайды. Неткен қу опасыз дүние? Қасым ағамыз да Жəнібек ағамыз да 40 тан асқан шағында өмірден озды. Бірақ та еліне үлкен үлес қосты😢😢😭😭
@endergames2225
@endergames2225 7 жыл бұрын
Осындай Аталарымыз қайда қазір.Шіркін ай дауысты айтшы жүректен жүрекке жетеді
@shaihygalitalgat
@shaihygalitalgat 3 жыл бұрын
Ұрпақтары Қалаулымда жүргеніне ішің қынжылады
@АзаматАбжанов-д2ш
@АзаматАбжанов-д2ш 3 жыл бұрын
Сол кездің адамдары қандай иманжүзді
@НайлаРахманова-ю1х
@НайлаРахманова-ю1х 2 жыл бұрын
Даусы керемет бала кезімізде көп тыңдадым
@Semey.87
@Semey.87 3 жыл бұрын
Не деген сөздер!?Не деген орындау?!Керемет.
@УсенНурсейтов-с4ч
@УсенНурсейтов-с4ч 7 жыл бұрын
Не деген создер казагым!!!!😔😔😔
@Динара-е6ы1ж
@Динара-е6ы1ж 4 жыл бұрын
Қасым Аманжолов өзі жайлы айтқан сөздері ғой😭😭
@ТайболЖолтаев
@ТайболЖолтаев 3 жыл бұрын
Кайран Жанібек! Кайтыс болганда 3 кун жаттым қайғырып😔😔😔
@ЖалгасСулеймен-ъ7л
@ЖалгасСулеймен-ъ7л 2 жыл бұрын
Естен кетпейді әр дайым шыркай бергің келеді
@swp8796
@swp8796 2 жыл бұрын
Міне Қазақтың сыйлы элитасы!
@АбзалТалгат-д8х
@АбзалТалгат-д8х 2 жыл бұрын
Жаныңыз жәнатта болсын аға сіздей Қасым енді тумайды өкінішті сіздей әннің маржанын жазатындар енді келмес сіз тарихта қалсасыз сіздей ешкім туылмас енді
@asianperson9743
@asianperson9743 3 жыл бұрын
Өте керемет орындау
@daudaulet4900
@daudaulet4900 3 жыл бұрын
Неткен дауыс тұнық неткен тамаша орындау жумыс куні басталғаннан жұмыс уақыты біткенше тыңдадым қайта қайта алі тыңдап отырмын
@issayevab
@issayevab 11 ай бұрын
Любимая песня моей мамы ...❤😢
@СейтказиноваЖанар
@СейтказиноваЖанар 6 ай бұрын
😢меніңде мамам өзі домбыра,шертіп айтатын еді...
@СейлханБакдаулет
@СейлханБакдаулет 11 ай бұрын
Жәнібек аға мәңгілік есімізде
@КаламкасЖузбаева-ж6у
@КаламкасЖузбаева-ж6у 2 жыл бұрын
Қайран бір туар Ағаларымыз,, Жатқан жерлерің жарық,, Имандарың Серіктерің болсын,, Жайларың Жаннаттан болсын
@СейлханБакдаулет
@СейлханБакдаулет Жыл бұрын
Жатқан жерің жайлы болсын аға
@АнарКасымбаева
@АнарКасымбаева 3 жыл бұрын
Жас кезимизде суип тындаитын едик жаткан жериниз жаилы болсын.
@0SPAN_Aibek
@0SPAN_Aibek 2 жыл бұрын
Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады деген сөз қалған осы кісілердің артынан
@inabat1558
@inabat1558 5 жыл бұрын
Ұлтжанды Азаматтар
@zhanibekrakhymbekuly3517
@zhanibekrakhymbekuly3517 6 жыл бұрын
қайран Жәнібек аға, кім айта алады Қасымды дәл осылай...
@ДаулеткалиТусупов-ц1ш
@ДаулеткалиТусупов-ц1ш 3 жыл бұрын
Мукагали олен айткызганы турсынгазы рахтмов екен. Тукеннын оз аузынан естыгенмын. Аман есен бай куатты болайык,агайын
@НұргұлКаримова
@НұргұлКаримова 6 жыл бұрын
Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін. Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен мұнарлана. Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап. Жүзінде кәрі жердің әжімі көп, Ізімді табарсыңдар әзер іздеп. Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды, «Досың да,туысың да біздерміз» деп. Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз, Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы , Көруші ең құбылысты қай - қайдағы. Япырмай,сен де бір күн сөнермісің, Қап - қара түнек болып маңайдағы. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа, Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін. Источник: www.zharar.com/kz/olen/5080-turaly.html © www.ZHARAR.com
@kz-me7oo
@kz-me7oo 5 жыл бұрын
А
@РолланАскарбеков-г2и
@РолланАскарбеков-г2и 6 жыл бұрын
Байқап қарасаңыздар екі ағамыздың да толғаулары өмірден өтер сəтте жазған секілді
@amanzholwarip5391
@amanzholwarip5391 Жыл бұрын
👏👏
@ЕрасылСадвакасов-ю7п
@ЕрасылСадвакасов-ю7п 4 жыл бұрын
Керемет, соз жок!
@МергенбайМерген
@МергенбайМерген 7 жыл бұрын
міне ән керемет
@дордора
@дордора 7 жыл бұрын
Керемет
@МахамбетжанАлпысбаев-г1с
@МахамбетжанАлпысбаев-г1с 2 жыл бұрын
Пай шіркін казағымның қаймақтары отыр ғой
@АйдарЖолжигитов
@АйдарЖолжигитов 26 күн бұрын
Жәнібек менің ағам
@nurbolakat44
@nurbolakat44 7 жыл бұрын
Keremet!!!!!! Jilap otirmin.
@АйжанОраз-ш5м
@АйжанОраз-ш5м 7 жыл бұрын
осындай адам омирге келсегой
@АкоАстана
@АкоАстана 6 жыл бұрын
Менде
@НУРСУЛТАН-ш6и
@НУРСУЛТАН-ш6и 4 жыл бұрын
Рахым👀ет(Алла)
@ЖаннатЖексенбаева-т7з
@ЖаннатЖексенбаева-т7з 7 жыл бұрын
керемет
@ЕрболатУмирбаев-б9у
@ЕрболатУмирбаев-б9у 6 жыл бұрын
Жаннат Жексенбаева нагыз ан осы
@ЖупарбекАбуов-ъ4м
@ЖупарбекАбуов-ъ4м 2 жыл бұрын
Мың алғыс
@ayzhanzhanibekova2048
@ayzhanzhanibekova2048 2 жыл бұрын
😍
@academicpine6376
@academicpine6376 6 жыл бұрын
фантастика
@НұрбекАлиев-ю6й
@НұрбекАлиев-ю6й 2 жыл бұрын
Шахтың əкесі
@БахтиярТурсынбаев-о8и
@БахтиярТурсынбаев-о8и Жыл бұрын
Сайттан іздеу... 👈 қаріп өлшемі 👉 Қасым Аманжолов (Өзім туралы) 01.05.2019 Қасым Аманжолов (Өзім туралы) Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін. Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен мұнарлана. Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап. Жүзінде кәрі жердің әжімі көп, Ізімді табарсыңдар әзер іздеп. Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды, «Досың да,туысың да біздерміз» деп. Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз, Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы , Көруші ең құбылысты қай - қайдағы. Япырмай,сен де бір күн сөнермісің, Қап - қара түнек болып маңайдағы. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа, Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін. Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік, Сөз соғам құлашымды еркін керіп. Суарып шынықтырам күйге малып, Болсын деп әрі әдемі, әрі берік. Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен. Серінің семсеріндей сертке таққан Өлеңнің өткірін бір алшы менен. Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім. Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім. Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім. Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің. Кең жайдым құлашымды дүниеге, Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де. Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ, Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде... Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан, Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан Жолдастың жүзін қайта алдым жинап, Айрылсам ала көңіл он досымнан. Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын. Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Қанатын қағып жылдам келер жылдар, Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен. Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік. Дариға, о дариға,шіркін дәурен, Басымнан таярмысың бір күн дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағадай , Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен. Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жүрегім енді қанша соғар тынбай. Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып, Мерт болған балапанның қанатындай. Түсірген ой сәулесін шар тарапқа, Ақылдың алтын оты сөнген шақта. Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім. Кетерсің судай сіңіп табиғатқа. Сондықтан ап кел бері домбырамды, Кеудеме күй қанаттықондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды - солды сол мұрамды. Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың!
@АкжанКойлыбекова-и1з
@АкжанКойлыбекова-и1з 4 жыл бұрын
2020 10 04 ай сайын тыңдайтындар барма ?0
@ЖумагулБазарбаева-с4т
@ЖумагулБазарбаева-с4т 4 жыл бұрын
Ия,мысалы мен
@alibekbalmagambetov9731
@alibekbalmagambetov9731 Жыл бұрын
2023
@НурлыбекУргешбаев
@НурлыбекУргешбаев 2 жыл бұрын
😥😥😥😥😥😥
@assiyaabeshova4697
@assiyaabeshova4697 3 жыл бұрын
❤️💔😭
@ЕрнарАйдарбаев
@ЕрнарАйдарбаев 7 жыл бұрын
Keremet
@NKZ-14
@NKZ-14 2 жыл бұрын
Тәңірдің дауысы.
@amanzholwarip5391
@amanzholwarip5391 Жыл бұрын
Kumis komei Jez tandai
@БерикСериков-п3р
@БерикСериков-п3р 3 жыл бұрын
Жəкеңнің баласы бір шірік болды ғой Қалаулымнан аса алмады
@savitkunbyerkhan842
@savitkunbyerkhan842 3 жыл бұрын
әттең
@АйбекАйтжанов-р1щ
@АйбекАйтжанов-р1щ 4 жыл бұрын
👍👍👍
@ОсербайМаткеров-ф4я
@ОсербайМаткеров-ф4я 5 жыл бұрын
2019 барма
@ЖҰБАНЫШАҚАН
@ЖҰБАНЫШАҚАН 4 жыл бұрын
2020
@ОсербайМаткеров-ф4я
@ОсербайМаткеров-ф4я 4 жыл бұрын
@@ЖҰБАНЫШАҚАН 2020 👌👌👌👌👌
@darkhanakimkulov3028
@darkhanakimkulov3028 3 жыл бұрын
2021
@АдилханЕсимханов
@АдилханЕсимханов 4 жыл бұрын
Қабдеш атамыз да отыр екен
@АйдарЖолжигитов
@АйдарЖолжигитов 26 күн бұрын
Фотодағы кімдер.видеодағы
@ДулатБекарыс-л5р
@ДулатБекарыс-л5р 5 жыл бұрын
БҰЛ КІСІНІҢ БАЛАСЫ ҚАТЫН ІЗДЕГЕН БАЙ ІЗДЕГЕН БІРЕУЛЕРДІҢ АРАСЫНДА, ҚАЙ-ҚАЙДАҒЫ БІР ТҮРІКТЕРДЕН ҚАЛҒАН БАҒДАРЛАМАДА ЖҮРГІЗУШІ БОЛЫП ЖҮР. ОДАНДА ҰЛТ ТАҒДЫРЫН, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚОЗҒАЙТЫН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮРГІЗБЕЙДІ МА. ӘКЕДЕН БАЛАНЫҢ КЕРІ КЕТІП ТУҒАНЫ ШЫҒАР. ШАХ КЕРІМ ТЕПЛИЦАДА ӨСКЕН ҚИЯР СИЯҚТЫ.
@ЕрдаулетБатырбеков
@ЕрдаулетБатырбеков 4 жыл бұрын
Сак пен гуннын бергиси туркинин урпагы бул заманда не боп кеттик кешире гор откен аруактар
@ЕрганиШакенов
@ЕрганиШакенов 3 күн бұрын
Неге скачать етеалмймын
@ГаухарСадыкова-ч3й
@ГаухарСадыкова-ч3й Жыл бұрын
Қай жылы айтылған?
@СерикИскаков-х7г
@СерикИскаков-х7г Жыл бұрын
Ķасым Жомарт. Ķасым Хан. Ķасым Ķайсенов..Таґыда Ко́п , Азаматтар Сiдiн Аьынызды Ко́терiп Жу́р. Су́лтандар Ко́п Болґан Ķазаķ Елiнде...Бйлерде.
@СабырБайдыбек
@СабырБайдыбек 3 жыл бұрын
Керекмемес
@Sanzhar__49
@Sanzhar__49 2 жыл бұрын
Дауысты айтсайш дауысты... Қайран Қасым... Ерте кеттің бұ өмірден. Таланттың ғұмыры неге қысқа?!
@ЕрнарМусиров-б9щ
@ЕрнарМусиров-б9щ 3 жыл бұрын
Саиат ыбыраи агмыз отыргои
@АйдарЖолжигитов
@АйдарЖолжигитов 26 күн бұрын
Мырзатай ағаны танимын
@ОмирбекУсубалиев
@ОмирбекУсубалиев 10 ай бұрын
Даусыңнан айналдым😢
@АйдарЖолжигитов
@АйдарЖолжигитов 26 күн бұрын
Ақ орамал тартқан апа кім
@РусланАкмолда
@РусланАкмолда 3 жыл бұрын
Руслан
@berdebekrashat8849
@berdebekrashat8849 4 жыл бұрын
😪😪😪😪😪
@БерикЕслям-ы1о
@БерикЕслям-ы1о 4 жыл бұрын
Сахнада отырған кісілер кімдер? Айтып жіберіңіздерші.
@samgatabilbekov9090
@samgatabilbekov9090 4 жыл бұрын
Арасында Қабдеш Жұмаділов бар
@ЕрмекБайжанов-э4в
@ЕрмекБайжанов-э4в 3 жыл бұрын
Сулеймен создерi
@Сабира-л9ю
@Сабира-л9ю Жыл бұрын
Осындай зиялы кисинин жалғыз улы отыргои ыржалактап бирболаиыкта казактын кыздарын шаш жулыстырып тамашалап ритинг котилсин деп уятай букил елге кадирсиз болып
@blogerkasiet7762
@blogerkasiet7762 2 жыл бұрын
Ватсапқа жібересізба?
@ZhanserikA
@ZhanserikA 2 жыл бұрын
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу - соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. Дүние, жалт - жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін. Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен мұнарлана. Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап. Жүзінде кәрі жердің әжімі көп, Ізімді табарсыңдар әзер іздеп. Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды, «Досың да, туысың да біздерміз» деп. Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз, Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы, Көруші ең құбылысты қай - қайдағы. Япырмай, сен де бір күн сөнермісің, Қап - қара түнек болып маңайдағы. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа, Мен қайтып, босқа жасап, босқа өлемін. Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік, Сөз соғам құлашымды еркін керіп. Суарып шынықтырам күйге малып, Болсын деп әрі әдемі, әрі берік. Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен. Серінің семсеріндей сертке таққан Өлеңнің өткірін бір алшы менен. Ежелден ерке бұлаң Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім. Жүзім - жаз, көңілім - көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім. Сөзім - жыр, лебізім - күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім. Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің. Кең жайдым құлашымды дүниеге, Білдім мен қайғыра да, сүйіне де. Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ, Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде... Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан, Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан Жолдастың жүзін қайта алдым жинап, Айрылсам алакөңіл он досымнан. Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын, Ақкөңіл адал болсаң - сырласыңмын. Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Қанатын қағып жылдам келер жылдар, Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен. Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік. Дариға, о дариға, шіркін дәурен, Басымнан таярмысың бір күн дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай, Жүзіңде шалқып тұрған күлкім, дәурен. Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жүрегім енді қанша соғар тынбай. Тыншыр ма ақтық рет бір талпынып, Мерт болған балапанның қанатындай. Түсірген ой сәулесін шартарапқа, Ақылдың алтын оты сөнген шақта. Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім. Кетерсің судай сіңіп табиғатқа. Сондықтан ап кел бері домбырамды, Кеудеме күй қанатты қондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды - солды сол мұрамды. Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың!
@СарсенбекБекмұратұлы
@СарсенбекБекмұратұлы Жыл бұрын
Ощ
@dosmc241
@dosmc241 2 жыл бұрын
Өзге емес , өзім айтам өз жайымда, Жүрегім жалын атқан сөз дайында. Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, Тербетіп, тулатып бір қозғайын да… Аманжол - Рахымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде. Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ. Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап. Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім, Көре алмай көп жеріңді мен кетемін. Арпалыс ала құйын заманалар Арбасып тұрып алды, мен не етемін. Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға, Көп күттім, көп тіледім құмарлана. Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім, Алыстан көрінгенмен мұнарлана. Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап. Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап. Жүзінде кәрі жердің әжімі көп, Ізімді табарсыңдар әзер іздеп. Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды, «Досың да,туысың да біздерміз» деп. Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз, Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы , Көруші ең құбылысты қай - қайдағы. Япырмай,сен де бір күн сөнермісің, Қап - қара түнек болып маңайдағы. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп, Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Барым да, бақытым да осы өлеңім, Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім. Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа, Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін. Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік, Сөз соғам құлашымды еркін керіп. Суарып шынықтырам күйге малып, Болсын деп әрі әдемі, әрі берік. Құя алман үгітілген балшық өлең, Көңілімде көл жасаман тамшыменен. Серінің семсеріндей сертке таққан Өлеңнің өткірін бір алшы менен. Ежелден ерке бұлан Қасым едім, Бұлқына тасып едім, басып едім. Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді, Жақсының жүрегіне ғашық едім. Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім, Өз жерім, өз елімде еркеледім. Өмірдің алтын сарай аспанына Қиялым қақты қанат ерте менің. Кең жайдым құлашымды дүниеге, Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де. Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ, Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде… Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан, Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан Жолдастың жүзін қайта алдым жинап, Айрылсам ала көңіл он досымнан. Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын, Бақытын ойламаймын құр басымның. Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын, Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын. Боламын ақын Қасым әлі де мен, Өлеңін бөбегіндей әлдилеген. Қанатын қағып жылдам келер жылдар, Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен. Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік. Дариға, о дариға,шіркін дәурен, Басымнан таярмысың бір күн дәурен. Жалт беріп жоғалар ма нажағадай , Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен. Тоқтамас өмірімнің сағатындай, Жүрегім енді қанша соғар тынбай. Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып, Мерт болған балапанның қанатындай. Түсірген ой сәулесін шар тарапқа, Ақылдың алтын оты сөнген шақта. Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім. Кетерсің судай сіңіп табиғатқа. Сондықтан ап кел бері домбырамды, Кеудеме күй қанаттықондыр әнді. Берейін өмірімнен өлең жасап, Шашайын оңды - солды сол мұрамды. Дүниеге келер әлі талай Қасым, Олар да бұл Қасымды бір байқасын. Өртке тиген дауылдай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтасың!
@user-df2bj6pm7qOi
@user-df2bj6pm7qOi 10 ай бұрын
Керемет!!!🔥🔥🔥🔥❤️🇰🇿🤲
@СалтанатДанабекова-ш4з
@СалтанатДанабекова-ш4з 6 жыл бұрын
Керемет
@ЖаннатЖексенбаева-т7з
@ЖаннатЖексенбаева-т7з 7 жыл бұрын
керемет
@nurzhanzhumagulov1315
@nurzhanzhumagulov1315 6 жыл бұрын
Keremet
@АлиханКуланов
@АлиханКуланов 5 жыл бұрын
Керемет
@ЖаннатЖексенбаева-т7з
@ЖаннатЖексенбаева-т7з 7 жыл бұрын
керемет
@АманбекНуркасым
@АманбекНуркасым 7 ай бұрын
Керемет
小丑揭穿坏人的阴谋 #小丑 #天使 #shorts
00:35
好人小丑
Рет қаралды 52 МЛН
Касым Аманжолов Озым туралы
2:51
Каз 01
Рет қаралды 1,2 МЛН
«Әміре Қашаубаевтан биік емеспін» - Дінислам Жайлаубай
15:14
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 7 М.
Қасым Аманжолов “Өзім жайлы”
3:01
Назкен Кулкожа
Рет қаралды 16 М.
Өзім туралы
5:05
Ерлан Рысқали - Topic
Рет қаралды 10 М.
Дәуір даналары. Қасым Аманжолов
41:54
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 16 М.