Нұржауған Нариманқызының туған күні

  Рет қаралды 388

NSS Ltd

NSS Ltd

10 ай бұрын

13 шілде компаниямыздың аға есепшісі, 24 жыл бойы мекемемізден табан аудармастан адал еңбек етіп келе жатқан Нұржауған Нариманқызының туған күні. Хинаятова Нұржауған Нариманқызы 1963 жылы 13 шілдеде Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Әкесі Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында жүргізуші болса, анасы дүкенші болып қызмет атқарған. Ол отбасының тұңғышы, артынан ерген екі сіңлісі Нариманқызы 1970 жылы Н.Островский атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, оны 1980 жылы бітіріп шығады. Мектептен түлеп ұшқасын, Ақтөбеде қаласындағы училищеге бухгалтерлік курсқа оқуға түседі.
1981 жылы оқуын бітіріп, Жылыой ауданындағы Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясына есепшінің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Сол жерде 1999 жылға дейін көмекші есепші, материалдық есепші, есеп айырысу есепшісі, аға есепшіге дейін көтерілген.
1999 жылы 10 шілдеде «Нефтестройсервис» мекемесінің жалақы
есептеу бөліміне аға есепші болып жұмысқа орналасып, күні бүгінге
дейін тоқтаусыз еңбек етіп келеді.
Биыл оның компаниямызда еңбек етіп келе жатқанына 24 жыл. Осы
жылдар аралығында Нұржауған Нариманқызы өзінің өлшеусіз
еңбегі мен жұмысына деген адалдығының нәтижесінде түрлі марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Өз қарамағындағы қызметкерлерге ақылын айтып,қамқорлығын көрсетіп, білікті басшы болып жүр. Біз өзінің табандылығы мен қалтқысыз қызметімен талай жанға үлгі болып жүрген Нұржауған Нариманқызын келіп жеткен асқаралы 60 жасымен шын жүректен
құттықтаймыз. Сізге деніңізге саулық, бойыңызға мұқалмас жігер, еңбегіңізге таусылмас табыс, отбасыңызға ортаймас бақ -
береке тілейміз! Сіз ерекше күш-қуатыңыз, қайрат- жігеріңіз, үлкен өмірлік тәжірибеңіз, мол білім мен ақыл-парасатыңыздың арқасында беделді де білікті маман, абзал жанға айналдыңыз. Осы қалпыңыздан таймай, еңбектің жемісіне кенеліп, мақсатыңызға
мүдірмей жете беруіңізге тілекшіміз. Мерейіңіз үстем болсын, мәртебеңіз асқақтай берсін. Тек шаттыққа толы күндер кешіп, бағыңызда бақыт құсы сайрап, сәулетіңізге сай дәулет орнасын деп тілейміз.

Пікірлер
Ырысбала Бақытты Отбасы
16:02
Рысбала Икрамбай
Рет қаралды 69 М.
Chips evolution !! 😔😔
00:23
Tibo InShape
Рет қаралды 31 МЛН
SHE WANTED CHIPS, BUT SHE GOT CARROTS 🤣🥕
00:19
OKUNJATA
Рет қаралды 12 МЛН
КАКОЙ ВАШ ЛЮБИМЫЙ ЦВЕТ?😍 #game #shorts
00:17
Poopigirl
Рет қаралды 2,7 МЛН
Сүлеймен Акдрашев. Аққан жұлдыз
10:09
Ханзада апа 70 жас мерей той
47:04
Kudabek Shermakhan
Рет қаралды 2,1 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
Кәсіпкерлер. Серікжан Сейітжанов
10:04
Телеканал Хабар 24
Рет қаралды 180 М.
Шәмшінің Тамды аруы
8:44
Aqbota Musabekqyzy
Рет қаралды 188 М.
60жас 9 05 2024ж
2:48:10
D o s i k Studio
Рет қаралды 278
Chips evolution !! 😔😔
00:23
Tibo InShape
Рет қаралды 31 МЛН