Нұр-Сұлтан кімдердің қаласы? Мектеп үшін күрес!

  Рет қаралды 353,366

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

2 жыл бұрын

Бәріңізге ассалаумағаликум. Бұл шығарылымда астанадағы не қазақ емес, не орыс емес ұрпақ тәрбиелеп жатқан аралас мектептер жайын, таза қазақ мектептеріне тоқалдан туған бала сияқты қарайтын екіжүзді елорда билігі туралы айтамыз. Жарты патшалық құрып алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шу көтерген өзге ұлт өкілдерінен қорқып қазақ мектептерін ашуға құлықсыз танытқан ұятты тірлігін көрсетеміз. Мемлекеттік тілге жанашыр, қазақ тілінің болашағына алаңдайтын әрбір көрермен видеоны соңына дейін көреді деп ойлаймыз. Себебі, басқа, басқа емес, бас қаладағы тілімізді сонша қор қылған, қазақ балаларына көзаларта қарап, бөліп-жаратын шенділер жайлы айтамыз. Дерек пен дәйектерді ашық, анық тізіп шығамыз! Мұны сізге білген дұрыс.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын алақайлатып айтып-ақ, жатырмыз. Кеңестен көрген қорлығымызды жырдай ғып, еңірегенде етегіміздегі жасқа кеме жүздіреміз! Жаһандану деген жалмауыз желкемізде төніп тұр. Ресейдің мемлекеттік думасының депутаттары әлсін-әлсін «қазақ деген ел болмаған, оларда жер де жоқ» деп доңызайбат шегіп қояды. Құлағымызды қағып тастап, алға шұлғи басып жүрген боламыз. Иә, дәл осылай ашына сөйлеп, ақиқатын ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қоғамның түрлі түйткілдеріне бей-жай қарай алмайтын айтыскер бұл жолы елордада әкімі Алтай Көлгіновке дат айтып, таза қазақша мектептердің мүшкіл халын жеткізді. Ендеше ақынның ашынып айтқан әңгімесін сіздерге сөзбе-сөз баяндауды жөн көрдік.
Нұр-Сұлтан қаласында қазіргі таңда 36 қазақ мектебі, 53 аралас мектеп, 18 таза орыс тілінде білім беретін мектеп бар. Аралас мектептерде оқитын балаларды автоматты түрде орыс мектебінің түлектері деп санауға болады. Ал енді аралас мектептер қаланың қақ ортасында, жаңадан салынған, жағдайлары өте жақсы ғимараттарда орналасқан. Таза қазақ мектептерінің көбі шетпұшпақтаған, қаланың ана шеті, мына шеті, итөлген мекендерде ғана ашылған. Яғни, арзан пәтер жалдаған, базар жағалаған жарлы-жақыбайлар мен әр облыстан көшіп келіп, әлі бұл қалаға сіңісті бола алмағандардың мекені. Аралас мектептер қаланың ең көрікті жерлерінде, бай-бағландардың, басшы, қосшы, шенеуніктердің май кекіріп жатқан сүйікті аумақтарында орналасқан. Олардың балалары аралас не орыс мектептерінде оқиды. Себебі, мемлекет саясатының астарын да, бүгінгі бағыт-бағдарын да көріп, сезіп отырған жаңа қазақтар балаларын орысша оқытады. Өйткені қазақ тілінің болашағына ата-аналары да сенбейді!
Осы ретте Дәулеткерей Кәпұлы жергілікті билікті қатаң сынға алды. Былықтың бастауында ұлттық идеологияның жоқтығы, жалтақ саясат, теріс көзқарас тұрғандығын жеткізді. Біздің мемлекеттің «мәсінің қонышын кесіп кебіс қылған» қожанасыр саясатын қараңыз! Қалалық білім басқармасының бір шаруасына Білім және ғылым министрлігі араласа алмайды! Әкімдік - жарты патшалық! Ол аз десеңіз, қаланың білім басқармасына қарамайтын Назарбаев зияткерлік мектептері, жекеменшік мектептер қазақ тілінің көсегесін көгертіп отыр дей аласыз ба?! Осы жақында ғана Нұр-Сұлтанның қақ ортасында ашылған 89, 91-шы мектептерді қала әкімі Алтай Көлгінов ашты, олар да аралас! 92-ші мектепті аралас жасамақ.
Дәл осы жерде ақын бас қаласының басшысы Көлгіновке үндеу тастады. Алтай мырза, қазақ мемлекетінің болашағына балта шаппау керек және ол балта Болашақпен оқып келген азаматтың қолымен шабылмауы керек! Кешегі жоқ дегенде Қараөткелде орыстың қамалын қиратқан Кенесарының аруағынан ұялу керек қой?! Мына қаладағы білімнің ара салмағын көріп-біліп отырған әр адам Қазақ тілінің болашағын қалай елестететінін мен білмеймін. Қазақстаннан орыс бастатқан өзге ұлттар көшіп жатқаны қайда, неге саны азаймайтын орысша және аралас мектептер?! Ата-аналарда жалғыз мақсат - ақша табу, өлместің күні. Күнін әрең көріп отырған адам баласын іргесіндегі орыс немесе аралас мектепке бермегенде қайтеді?! Мемлекеттің идеологиясы әдірам қалған заман болып тұр! Әркім өз отырған жұмсақ креслосына ғана мығым. Бір мектепті таза қазақша жасайын десе «екі адам орысша жасамадың» деп шу көтереді екен деп, шуымызды сүйретіп, басымызды шұлғып, аралас жасай салғанда құда да, құдағи да тыныш! Соған мәзбіз, мектепті қатырып салып, ашып жатырмыз, мазмұнында, келешегінде шаруамыз жоқ, «сен тимесең мен тимен бадырақкөз» саясаткерлерміз!

Пікірлер: 945
@user-cy3qk6bc8z
@user-cy3qk6bc8z 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз, орыс мектебін жабу керек тілімізден айырылуға тақау тұрмыз.
@user-tr8tv2im8d
@user-tr8tv2im8d 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз 100%пайыз
@user-jh8nw1cp5n
@user-jh8nw1cp5n 2 жыл бұрын
өте дұрыс айтасыз қазақ мектебін ашу керек орыстар оқытса оқытсын қазақша оқытпаса кете берсін
@user-bh6kf8st7e
@user-bh6kf8st7e 2 жыл бұрын
Өте дұрыс,тілді дұрыстамасақ, ұлт болудан қаламыз,өз елімізде ,өзімізге жғдай жасалыу керек.Қашанғы жалтақтаймыз.
@user-tk3iu2up9l
@user-tk3iu2up9l 2 жыл бұрын
Атамның Тілі ,, бабамның тілі ,, Анамның тілі ,, ол орыс тілі 👍😎
@user-gu5dp2gn5k
@user-gu5dp2gn5k 2 жыл бұрын
Билік өз тілін білмейтіндерді жұиысқа мүлдем алмау керек
@user-ft1mp2yk2q
@user-ft1mp2yk2q 2 жыл бұрын
Сондай билік барма бізде???
@zakyrajarkynbekova1632
@zakyrajarkynbekova1632 2 жыл бұрын
ҰЛТТЫҚ САНА СЕЗІМДІ кім көтереді, егерде өз балаларымызды орыс тілді жасасақ. Ертең олар қалай қазақша жазып, оқиды? Олар шеновниктің балалары болса, олар да билікке ұмтылады, солар білімді қай тілде алса, қызметті де сол тілде жасайды. Ал мемлекет тілді олар қажет те жасамайды.
@bezpromahabey9426
@bezpromahabey9426 2 жыл бұрын
Токайдын ози ежиктеп окыйдго не айтып отсын
@alimbaishekti820
@alimbaishekti820 2 жыл бұрын
билик емес биликке оз тилин билмейтиндерди алмау керек оларды куртпай казак тилин ешким сыйламайды
@user-ov7dn1ed3w
@user-ov7dn1ed3w 2 жыл бұрын
Өте дурыс. Осы пікірмен 100% қосыламын. Сонда гана елім деп еңіреп, жұртым деп жылайтын азаматтар билікке келеді
@user-pi8sp5zk3e
@user-pi8sp5zk3e 2 жыл бұрын
Сатқын , қорқақ адамдар билікте отырғанда жағдай ешқашан өзгермейді.
@user-yq2dt8vh1i
@user-yq2dt8vh1i 2 жыл бұрын
сұмдық қазақ тілі жоғалып барады осыны қолға алып видео жалғастыра беріңдер істеріңізге сәттілік.
@nazarbasar533
@nazarbasar533 2 жыл бұрын
винават китай
@user-ql1qz2lc3l
@user-ql1qz2lc3l 2 жыл бұрын
Ол олма қазақ ауыл аудандарда аралас мектептер жабылған жоқ шоқынды жағымпаз əкімдер қазақты құртатын сатқын қалмақ нұрсалтанның іліміəліде ішімзде сондықтан қазақ мектетерін көбеитуге атсалысаиық ағаиын атан ағаиын
@user-kj4rs5ev4v
@user-kj4rs5ev4v 2 жыл бұрын
@@user-ql1qz2lc3l на
@user-ww6lc5kt4p
@user-ww6lc5kt4p 2 жыл бұрын
@@nazarbasar533 беталбаты казак озин жондемеи Ктаидан коре беретинимиз не Коттеринен бок шыкпаса ктаидан коресиндер
@user-yq4fv5bt7s
@user-yq4fv5bt7s 2 жыл бұрын
Аралас мектептер жабылсын Жүрегім ауырып кетті Масқара
@user-qb3ew3oz3h
@user-qb3ew3oz3h 2 жыл бұрын
Рахмет қазағымның қазақ сүйетін ұлдары! Еліміз аман , тіліміз өткір болсын!
@user-hw3np2qi7c
@user-hw3np2qi7c 2 жыл бұрын
30 жыл қор болған ана тілім, бұның бәрі билікте отырған орыс тілінде сөйлейтін елбасы, президенттен бастау алады.
@zharkynturan3480
@zharkynturan3480 2 жыл бұрын
Соны айтам
@user-kp3nh2rd3q
@user-kp3nh2rd3q 2 жыл бұрын
ДӘУЛЕТКЕРЕЙ БАУЫРЫМ ӨТЕ ДҰРЫС ОЙЛАЙДЫ, ОТЫЗ ЖЫЛДА ОРЫНЫН ТАПБАҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАШАНҒЫ КЕЛІН БОЛА БЕРМЕК ОРЫС МЕКТЕБІН ЖАБУ КЕРЕК ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ ЖӘНЕ АРАЛАС МЕКТЕП ЖЕТЕДІ КӨЛГІНОВ МЫРЗА ТІЛГЕ ЖАНЫ АШИТЫН АЗАМАТ ЕМЕС
@ulankermbek5494
@ulankermbek5494 2 жыл бұрын
тіліміз булаи кете берсе болмаиды урпағымыз үшін күресүміз керек
@user-lm8zc3cb1q
@user-lm8zc3cb1q 2 жыл бұрын
Қ Р Үкіметінде ешкім усталмайды усталсада жазаланбайды, Қазақ тілін ойлайтын үкімет ЖОҚ.
@qaiyrbektuleugaliev9512
@qaiyrbektuleugaliev9512 2 жыл бұрын
Әкім балалары қазақша оқыса ең болмағанда балдары үшін қазақ тілімізге оң көздерімен қарар еді
@dauletbai1974
@dauletbai1974 2 жыл бұрын
Ойлан қазақ, ойлан шенеунік! Сен де қазақсың ғой, ей, шіренген шенеунік. Орысшаны қояйын кез келді.
@user-nn3cx5oi5h
@user-nn3cx5oi5h 2 жыл бұрын
Өзің не дейсің Тақрыбың не дейді Екі жүзділік деген осы емес пе
@user-ew8es1ju3g
@user-ew8es1ju3g 2 жыл бұрын
Өз тіліңді сыйламасан өзгеге қор боласын.
@user-ew8es1ju3g
@user-ew8es1ju3g 2 жыл бұрын
@@user-nn3cx5oi5h қызым қазақша түсінбейсің бе
@user-tk3iu2up9l
@user-tk3iu2up9l 2 жыл бұрын
Анамның тілі ,, бабамның тiлі ,, ол орыс тілі
@Astau__restaurant
@Astau__restaurant 2 жыл бұрын
Өте дұрыс. Ақынның сөзі түзелмей ел түзелмей ді, Деген сөз бар Сізбен біргеміз
@user-bj4bv9si9f
@user-bj4bv9si9f 2 жыл бұрын
Ия дурыс казакша сойлеу керек бiрак казiр оршеленiп тiптi казакша хабарларда орыс созiн болатын болыпты окiнiштi ак
@user-ge1kk6ww4e
@user-ge1kk6ww4e 2 жыл бұрын
Біздің билік шіріп біткен, қорқақ, парақор болса қайтеміз енді. Енді биліксіз билік керек. Тезірек оянайық қазақтар.
@user-sk7zs3bx7y
@user-sk7zs3bx7y 2 жыл бұрын
Алла разы болсын, Өте орынды, Дұрыс айтады
@user-cw7km8zu1d
@user-cw7km8zu1d 2 жыл бұрын
Бұл недеген сұмдық. Малғүндардң көзы жойлсн. Қазақ. Алға. Оиан қазағым оианұрпақ үшін ойлан
@SYAO_-gl8mq
@SYAO_-gl8mq 2 жыл бұрын
Еліміздегі барлық орыс мектептерін жабу керек әитпесе осындай мангүрттер шыға береді.
@SYAO_-gl8mq
@SYAO_-gl8mq 2 жыл бұрын
Осындай жағдайға жеткіздеген намыссыз шенділерді көздерін құртпайынша қазақ мектептерінің жағдайы оңбайды.
@shaimuratotepbergen1790
@shaimuratotepbergen1790 2 жыл бұрын
ӘРИНЕ ӨЗ ҮЙІҢДЕ КЕЛІНСІҢ МӘҢГҮРТ ӘКІМ ЖӘНЕ ДАЛБАСА ПОЛИЦЕЙЛЕР БОЛСА.
@shaimuratotepbergen1790
@shaimuratotepbergen1790 2 жыл бұрын
ҚАЙРАН ҚАЗАГЫМ ҚОР БОЛДЫҢ. ЕЛ БІЙЛЕЙТІН ӘКІМІҢ ЕС ТҮСІ КЕТКЕН. ДЕПУТАТЫҢ АНАУ ҚОРЫ АҚША АЛЫП ОТЫР.
@shaimuratotepbergen1790
@shaimuratotepbergen1790 2 жыл бұрын
КІЛЕҢ ДЕПУТАТТАРЫҢ ОТЫРГАН НҰРБАТТАР.
@shaimuratotepbergen1790
@shaimuratotepbergen1790 2 жыл бұрын
ОЙЛАН ҚАЗАХ. ОЯН ҚАЗАХ. ҰЛТ РЕТІНДЕ ЖОЙЫЛДЫҢ. БАЙҚА ҚАЗАХ.
@user-oq9ww7eg2l
@user-oq9ww7eg2l 2 жыл бұрын
құрсын,қарттар үиі несі,бала,ағаиындар бар шығар,ұлт болудан қалдық -ау
@user-fc2bv5mt8h
@user-fc2bv5mt8h 2 жыл бұрын
Хазахша билмеитин шинеуниктерди барин хурту керек
@zhandosabdigali9665
@zhandosabdigali9665 2 жыл бұрын
Баленің бәрі сол Елордада боп тұр ғой. Үлгі болар қазақ елінің астаналық мектептер осылай боп жатса қалған облыстар неболмақ
@user-ib7ro7tm2f
@user-ib7ro7tm2f 2 жыл бұрын
АРАЛАС МЕКТЕП ЖАБЫЛСАН!!! ҚАЗАҚ МЕКТЕП АШЫЛСЫН!!! 30- ЖЫЛ ӨТТІ ТЕК ҚАЗАҚ МЕКТЕПКӨБЕЙТУ КЕРЕК !!!✊✊✊✊Аралас мектептер жабылсын!!!✊✊✊✊✊✊✊✊✊
@userye8262
@userye8262 2 жыл бұрын
Қалмақ қазақты ойлайма
@user-du7ic9kv5h
@user-du7ic9kv5h 2 жыл бұрын
Ата бабамыз дініміз тіліміз дәстүріміз жойылмасын деп күрескен жоқ па? Қазақтың тілі жойылса қазақ болмаймыз.
@user-qk8ls9hh5s
@user-qk8ls9hh5s 2 жыл бұрын
Шебрлігінде шегі жоқ құдіретін күшті Алла жар болсын қазақ еліне халқына
@user-cj6wf8og3o
@user-cj6wf8og3o 2 жыл бұрын
Біилікті төнкеріп ауыстырыу керек онсыз Қазақ тілі оңалмаиды
@aitumar11
@aitumar11 2 жыл бұрын
биік белестерден қане омес әр қазақ болшақ үшін ойланыу керек, бәрі қазақша сөйлеуі керек!
@user-wc5gw5hs2d
@user-wc5gw5hs2d 2 жыл бұрын
КӨЛГІНОВТЫ ҰСТАСА ДҰРЫС БОЛДЫ. ЕНДІ ТҮРМЕГЕ ТЫҒЫП ҚҰРТУ КЕРЕК. ОБАЛЫ ЖОҚ БҰЛАРДЫҢ.
@_9622
@_9622 2 жыл бұрын
Дұрыс, орынды мәселе Астанада әсіресе қара көз балада үлкендерде орысша сөйлейді ғой ішің күйеді
@user-jb6zy2jl4b
@user-jb6zy2jl4b 2 жыл бұрын
Не деген жартыбассың,дәл қазір осы өтірік-өсегіңмен алдымда тұрғаныңда,басыңа кебісіммін қойып қалар ем,не деген сауатсыз топассың,тақырыпқа дұрыс таңдау,кіріспеде оқиға желісі деген болу керек қлй,Көлгінов тұтқындалды деи алдап,енді осылай өтірік өсек жала т.б. сандырақтап қанша адамның уақытын ұстасаң,біз қатты нала болдық,өзің тұтқындалып кетпе,өлсең де өлтірсе да Халықпен ойнама,ойының осылып кетеді.
@user-dq2dd9bv7s
@user-dq2dd9bv7s 2 жыл бұрын
Орысша соилеген өлімтік, өз тілің тұрғанда әрқашан қазақ тіл отан тіл сөилеи алмағандарға депломдарына төмен баға қоиуы керек тілге мән берілсін...басқа тіл не керегі бар өз тілімізді жондеп сөилеи алмаи тұрғанда.аралас мектеп деген не бәле аралас болсын құралас болсын бәрін қазақ мектеп қылу керек
@muhamuha5339
@muhamuha5339 2 жыл бұрын
Аймағанбетов не боқ жеп отыр, жұмыс істей алмаса құрысын, орнын босатсын
@user-ct4tm7cq8d
@user-ct4tm7cq8d 2 жыл бұрын
@@muhamuha5339 колгиновдурыс адам каралай кормендершиоралдан кеттигой тусиникпен карандаршы таза киси оралды катарга коскан киси
@user-ct4tm7cq8d
@user-ct4tm7cq8d 2 жыл бұрын
0тиниш
@argynkarkaryly6277
@argynkarkaryly6277 2 жыл бұрын
Қазақстанда орыс тілде жоғары оқу мекемелерді жабу керек, сонан кеін ойланатың шығар атаналары. Бірақта министрлердың бəрі орысша сайрап тұр нақырустар.
@user-ll9kw6il6q
@user-ll9kw6il6q 2 жыл бұрын
Онда минстр Асхаттың шамасы келмеиме орынды босатсын, ана тілін қорғай алмаса несіне отыр топас минстрдің санын көбейтіп.
@jaskim1633
@jaskim1633 2 жыл бұрын
Қазақ мектептерін көптеп ашу керек. Күн тəртібінен түспеу керек. Ə.Ə.ТЕРЛІКБАЙ
@user-qx3he7vj4e
@user-qx3he7vj4e 2 жыл бұрын
Бала,бакшадан,бастау,керек Бари,орысша,,Бир,Ресейде,жургендей,боласын
@user-sy9uo5vr5c
@user-sy9uo5vr5c 2 жыл бұрын
Қазақ тілді жігіттеріне үлкен сәлем 💪🏻🇰🇿
@user-th1ud6cu1v
@user-th1ud6cu1v 2 жыл бұрын
Сотталмаса одан ары болсын.Олар ешқашан сотталып бітпейді...Өкімет бәле болды.не құрып бітпейді.не өшіп бітпейді.
@aidanapak787
@aidanapak787 2 жыл бұрын
Болашақпен оқып келгендердің сықпыты осы болса келіскен екенбіз.АНА тілін сүймеген ,Елін сүйіп жарытпас деген осы.
@biaishaaitanova2734
@biaishaaitanova2734 2 жыл бұрын
Мемлекет тек қазақ тілінде қызмет ететін мектептерге қаржы бөлу керек. Орыс мектептеріне ресей қамқор болсын, қаржы бөлсін. Орыс тілінде ресейге барып білім алсын. Қазақстстанда тек қазақ мектептері болу керек. Қазақтар ұрпақтарын қазақ мектебінде оқытсын
@user-we1br4ij2h
@user-we1br4ij2h 2 жыл бұрын
Самұрық деген ат беріп ұшқышсыз стребителдер ойлап тауып. Шекараны шегедей қағу керек.
@user-wp7kh7up3p
@user-wp7kh7up3p 2 жыл бұрын
Көлгінов көлгірсімей өз ұлтыңа жаның ашысын.
@user-bq8nq3ir8u
@user-bq8nq3ir8u 2 жыл бұрын
Көлгіновте оңбаған болып шықты.Бұларды тек қана ату керек.Біз қазақпыз ғой немена көлгінов орыспа.Орысша мектептерді түгелімен жабу керек.
@user-yl4wq3kk3p
@user-yl4wq3kk3p 2 жыл бұрын
Кемшілік Күлгіновта емес Күлгіновты кім қойды. Сонда мәселе!
@user-tt5hl7vn1d
@user-tt5hl7vn1d 2 жыл бұрын
Еш нәрсе айтудың қажеті жоқ! Тек қана мына шіріктерден қутылмай ештеңе өнбейді. Шіріктерден қалай қүтламыз осыны халық болып ойланайық.
@user-dj3xm3mv9g
@user-dj3xm3mv9g 2 жыл бұрын
Төрімізде басқа тіл отырса тілім қалай өз орнына барады сөзін сөйлейтін бір пенде шықпаса .Әтең бізде іс қимылдың жоқтығай .
@user-jx5ix2nd6p
@user-jx5ix2nd6p 2 жыл бұрын
Казак жузе болингенмен коймай ен кыйыны орысша солейтин казактар бале болып тургой нагыз саткындар осындайгып тастаган калмак шал ворсултан
@user-bj2dy3fz8d
@user-bj2dy3fz8d 2 жыл бұрын
Қайдан орыс тілін білмесең өз қазағымыз күледі.Орыс тілін білмесең жұмысқа алмаймын деп балабақшаға жұмыс сұрап барсам. Орыс ата аналарға орысша жауап беруің керек деп.Өз қазағмыз мысқылдап күледі орыс тілді.
@user-cl8jg9wx7w
@user-cl8jg9wx7w 2 жыл бұрын
Дұрыс қазақ мектептер көп болу керек
@user-fv9yy3dz4r
@user-fv9yy3dz4r 2 жыл бұрын
Ее қайран қазағымай ұсакталып кеттіңғой өзіміздің ауылдан келген қазағым тілін бұрап орысша сөилеиді басқалар қайда барады.
@almagultoktauova5488
@almagultoktauova5488 2 жыл бұрын
Айтып отырсыз бәрі дұрыс бірақ неге Әкім тұтқындалды деп тақырыбын жазғансыз.Бүл не хайппа
@sirgaduisembiyeva468
@sirgaduisembiyeva468 2 жыл бұрын
Өте дұрыс, қашанғы жалтақтаймыз, жетті мемлекеттік тіл қазақ тілі ана тіліміз болу керек қолдаймыз өзге тілді өздері үшін үйреніп алады. Алла тағала қолдасын.
@user-ib7ro7tm2f
@user-ib7ro7tm2f 2 жыл бұрын
Аралас мектепті жауып!!! ҚАЗАҚША МЕКТЕП АШЫП ТАСТАУ КЕРЕ ҚАЛАНЫҢ ОРТАСЫНАН!!!✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊
@user-zb2fn1cp8n
@user-zb2fn1cp8n 2 жыл бұрын
@@user-ib7ro7tm2f қинн
@user-zb2fn1cp8n
@user-zb2fn1cp8n 2 жыл бұрын
Өтгөт
@user-qk8jw2ov2q
@user-qk8jw2ov2q 2 жыл бұрын
АНАТІЛІМ АРЫМ БҰЛ. ҚАЗАҚТІЛІН БƏРІҢ БІЛ. ҚАЗАҚТІЛІМ БІРЛІК ҰШЫН.. ӨЗГЕТІЛІМ ТІРЛІК ТІЛІ.
@user-nq4jn1bs5n
@user-nq4jn1bs5n 2 жыл бұрын
Неге әкім тұтқындалды деп жазасыздар??😒😒
@SamsungGalaxy-us2tq
@SamsungGalaxy-us2tq 2 жыл бұрын
Өте дұрыс , ана тілін білмейтіндер олар мәңгіртбастар ғой .Өз тілмегендер депудатсыиақтар ғой , ұяттары жоқтар.
@kulsharhankazakbai1120
@kulsharhankazakbai1120 2 жыл бұрын
Казақ сыныбында оқиды деген аты ғана. Балаларын мектептен алып кетуге келген жас ата-аналарсол жерден-ақ орысша сөйлесіп балаларын әкетіп жатады. Ол бала сонда кім болады. Яғни ол ата-анасының кінәсідепбілемін.
@user-ih5nz9ww9e
@user-ih5nz9ww9e 2 жыл бұрын
Елим казак тилин билу деген дурыс укиметтегилерда билу керек сойлеу керек Бирак орыс тилинда билу керек бкрынгв СССР дагы елдермен калай карым катнас жасаймыз Эр бир кызметкерлерге бизнессмендерге переаодчик кайда.Не олаомен агылшынша сойлеймизбе.Сосын казыр барлык инстркциялар зандар нускаулар кобиси орвыс тилинде.Олардын бприн казак тилине аудару керек.Ол онай жумыс емес.Ана тили деп сойлегеннен бастап барин бала бакшадан бастап мектеп колледж вуздардан бастап казк тилине зор укмет денгейнде колга алу керек еди Килен далбаса бос соз болды мектепте сен казаксын деп 4 пен 5 коя сала Ал улкен оку орындаринда дурис эр пэннан окитын казакша китаптар жок.Осынын бэрин ретке келтирмей орыс тилине тиуге болмайды.Ал бул айтканым дурис емес десениз осы каналга жазыныз менин атыма кулак саламын
@Azamat_Bissautov
@Azamat_Bissautov 2 жыл бұрын
Тіл кетсе, ел де бітеді!!!
@Ghost-gs4fd
@Ghost-gs4fd 2 жыл бұрын
ТІЛІ ЖОЙЫЛҒАН ҰЛТТЫҢ ӨЗІДЕ ЖОЙЫЛАДЫ. Ахмет Байтұрсынов. ☝️😡
@ulyaamanovna7216
@ulyaamanovna7216 2 жыл бұрын
Алла сактасын
@user-dh5ih1xx4p
@user-dh5ih1xx4p 2 жыл бұрын
Ап баракелде Бисмилла деп басталды жениске жетиниздер бағыт багдарларын дурыс
@user-zo5yl5is8v
@user-zo5yl5is8v 2 жыл бұрын
Қазақстан һалқымызды жаман деген дұшпандар АЛЛАНЫҢ ҚАҺАРЫНА ҰШЫРАСЫННН ƏМИИИН. ƏМИИИН ƏМИИИН.
@user-gj6ms7cc3m
@user-gj6ms7cc3m 2 жыл бұрын
Біздің билекте отқан көкелердің еш намыс абырой жоқ
@user-jc5cs5ge9o
@user-jc5cs5ge9o 2 жыл бұрын
Тақырыбың бөлек,іші бөлек.Сенің де сөзің бөлек,өзің бөлек екенсің.Бұл да екі жүзділік қой.Каналыңмен қоса жоғалшы әрі.
@Bigben797
@Bigben797 2 жыл бұрын
Қазақтың миында"орыстан қорқатын ауыру " бар ,бул атадан әкеге ,әкеден балаға жалғасып келе жатқан тұқым қуалау ауырыуы.бул ауырыудың емі қазақ тілі мемелекеттік деңгейге жеткенде жазылады.
@user-hr5er5sq7b
@user-hr5er5sq7b 2 жыл бұрын
Казактын емес,букил, казак шенеуниктердин миында бар орыстардан коркатын,оиткени казак шенеуниги,полицаиы оз казагынан гана коркпаиды,ал орыстан,баска улттан коркады, оиткени олар занды биледи,билимди болады,даже сыгандарга шеиин,ал казактар, сол шенеунигимен бирге билимсиз, дореки, бир уровеньда тур
@user-xk5jx8gr1c
@user-xk5jx8gr1c 2 жыл бұрын
Йя дұрыс айтасыз, осы ауырудан қулан тала жазылмай бұл жалғаса береді. Бұл ауырудың ең үлкен емі тіл, Мемлекет тіл Қазақ тілі.
@user-le3sw9zj9d
@user-le3sw9zj9d 2 жыл бұрын
Керемет айтылған.❤👍👍👍
@svetaurazbaeva3955
@svetaurazbaeva3955 2 жыл бұрын
Орыс мектептері жабылсын
@kanagatesbatyr3278
@kanagatesbatyr3278 2 жыл бұрын
Өліктерге естірте алмайсың.Естуші көруші білуші Бір Алла.
@user-vz3sv4pq1r
@user-vz3sv4pq1r 2 жыл бұрын
Әкім тұтқындалды деп не өтірік айтасың тақырбыңнан аутқыма
@user-dx2wv7ql2y
@user-dx2wv7ql2y 2 жыл бұрын
👍👍👍👍 дұрыс айтасыз қазақ тілі алға қазақ батыр халық
@gulbubiadilova1805
@gulbubiadilova1805 2 жыл бұрын
Қалалық әкімі ай қарап отыр ма?!
@bolatbekyzak8982
@bolatbekyzak8982 2 жыл бұрын
Бұрын 26 мектеп Астана қаласында қазақ мектеп еді казір белгісіз аралас болып кетті
@user-ef1qn4gi6j
@user-ef1qn4gi6j 2 жыл бұрын
Бүйтіп тақыпты өтірік атай берсең билік ұқсап сеніде оқуды қояды. Бірақ əңгімең орынды маңызды жалпы қазақ өзі ұмтылу керек.
@mokenpaidalykanal8870
@mokenpaidalykanal8870 2 жыл бұрын
ешқандай тақырып пен мазмұн ауытқуын көріп тұрған жоқпыз. сөз мағынасын түсінбеисізбе.
@user-oe2jj4wr6m
@user-oe2jj4wr6m 2 жыл бұрын
Казакша сөйлемесе казакстан кету керек
@user-th1ud6cu1v
@user-th1ud6cu1v 2 жыл бұрын
Осы үшін көргің келмей қалады .Тақырып біреу айтқаның тіптен басқа Осы қозғаған тақырыбыңа сәйкес болса болмайма?????Астафируллах! Осындай тақырыбыңды әдемілеп шындықты жазыңыз ......
@tomogavkapach7873
@tomogavkapach7873 2 жыл бұрын
Күйген іс күйіп кетсін. Қашанға дейін тірілмей жүре береміз.
@user-sb7nf7cu6w
@user-sb7nf7cu6w 2 жыл бұрын
Мәнкүрттер көп болсын деп жатұанда биліктегілер
@user-hu4bw8is9t
@user-hu4bw8is9t 2 жыл бұрын
Тақырыбтарың дұрыс емесше осы сендер ютуберлер
@user-sj6hn8ii1s
@user-sj6hn8ii1s 2 жыл бұрын
Балам бәрін дұрыс аиттың рахмет саған
@user-pg3yj5fr6m
@user-pg3yj5fr6m 2 жыл бұрын
Қазақыстанда.басқа.тілді.доғару.керек.бұл.екі.арада.ешқандай.айтыс.болуы.мүмкін.емес.тек.қана.қазақ.тілі.басқа.ерегіс.болу.мүмкін.емес.
@user-se3ph8zq5c
@user-se3ph8zq5c 2 жыл бұрын
Өтірік тақырып жазып басқа сөз аитып отырсыңғои
@user-lt7co5db4h
@user-lt7co5db4h 2 жыл бұрын
Ассамблея деген бәлені жою тарату керек. Ертерек Латын әліпбиіне өту керек, сонда орыс тілді шала тексіз қазағы бар орысы бар құйрығын бұтына қысып кетер еді.
@user-kc6ws4fm2z
@user-kc6ws4fm2z 2 жыл бұрын
Оян, қазақ!Ойлан,шенеуінік!
@user-wo3sq2lk2t
@user-wo3sq2lk2t 2 жыл бұрын
Просмотр жинай ушин не алдайсын с.
@user-df1by7jh5l
@user-df1by7jh5l 2 жыл бұрын
Өтрікты бырыншы өзің аитып отырсың гои.оилансаи. Темаң .қандаи..өзің оқышы. Уяалмаисың ба.
@gulbubiadilova1805
@gulbubiadilova1805 2 жыл бұрын
Аралас мектеп мектеп емес! Барынан жоғы!
@user-wr8ym1ln5w
@user-wr8ym1ln5w 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум мен сіздерге үлкен өттіш пен жазып отырмын Анама көмек сұраймын
@user-jo5zm3eg3r
@user-jo5zm3eg3r 2 жыл бұрын
Кілең өтірік айтасыңдар....
@ravilkenzhegaliev4594
@ravilkenzhegaliev4594 2 жыл бұрын
Біздің елімізде шакалдар көп елимизге Ердоған сияқты басшы керек
@user-tn7kz8jw5s
@user-tn7kz8jw5s 2 жыл бұрын
Өте маңызды мәселе айтып отырсыз. Балық басынан шіриді деген сөз бекер айтылмаған ғой. Өз тілінде сөйлеп жаза алмайтын мәңгүрттер көп болып тұр ғой 😭😭😭
@nuriqalqa7493
@nuriqalqa7493 2 жыл бұрын
Өздерің де екі жүзді өтірікшісіңдер, лайк үшін шығасыңдар, сендер әрекет жасаңдар, жоғарыда жүрсіңдер ғой, айтқанды ғана қатырасыңдар.
@qairatqg7848
@qairatqg7848 2 жыл бұрын
Дәстүрің, тілін жойылғасын, Қазақ деген ұлт жойылмағанда несі қалды?
@user-nu9eb7gs7u
@user-nu9eb7gs7u 2 жыл бұрын
Әкім қашан тұтқындалды. Неге осындай өтіріктерді қалай айтады.
@user-ck1oe4xv8x
@user-ck1oe4xv8x 2 жыл бұрын
Солай атаса тақырып ты просмотр жинау
@user-tr6ln7mw4o
@user-tr6ln7mw4o 2 жыл бұрын
Көлгінбаетан емес, әр бір ата-анадан сұрау керек. Күлгінбаев не істейді,жоқ баламды орысша оқытам деп тұрған ата-анаға. Ата-аналардың балаларын орысша оқытуға беріп отырған себептері: - сауатсыз оқулық; -оқулықтағы материал балалардың жасына, сыныбына сәйкес келмейтін әрі текстегі сөздер шым-шытырық үлкендердің өзі түсінбейтін текстерді беруілуі; -латын әрпі тек қазақ сыныптарына енгізілуі; - әсіресе бастауыш мектептерінің мұғалімдерінің сауаттылықтары төмен болуы; - Назарбаев лита мектептердің 80 -90% орыс тілінде жүргізілуі және кез келген қазақ сыныптарының түсе алмауы,шектеулі іріктеулердің қойылуы, білікті мұғалімдерді осы мектептерге жіберуі. Мұндай себептерді Астана қаласының әкімі шеше ала ма? Оны қинағаннан не пайда. Одан да одан жоғары отырған депутаттар мен Білім минимтрінің нақты,табанды шешімдерін тапсын. Ең сілкіністі анау отырған марғау депутаттар көтеру керек.
@kanatkair9530
@kanatkair9530 2 жыл бұрын
Барлық мектепті қазақша мектепке ауыстыру керек.Осылай заң шығару керек👍👍👍
@user-ov7dn1ed3w
@user-ov7dn1ed3w 2 жыл бұрын
Өте дұрыс мәселені көтеріп отырсындар . Біз қазақ өз жағдайымызды өзіміз жасамасақ, ешқашан өзге ұлт біз үшін жағдай жасамайды. Осыны билік басындағыларға біз айтуымыз керек пе???? Олар осының бәрін билік қолдарында тұрғанда жандары ашып, шырқырай отырып жасап алу керек қой. Біз Астананың қақ төрінде ең мықты қазақ мектептерінің болғанын қалаймыз. Біз өзіміз Шымкенттің бір шалғайында орналасқан ауыл тұрғындарымыз. Осы мәселені бәріміз тыңдай отырып,осы пі
@nursultan3366
@nursultan3366 2 жыл бұрын
Қазақ тар алга
@ssossjj4377
@ssossjj4377 2 жыл бұрын
Ассаламу аллеикум жамагат оз тарихын білмеген казак ешкашан оспиді
@user-vk2kl1zo3h
@user-vk2kl1zo3h 2 жыл бұрын
Алла осындай Ана тілін не қазақ деген азаматтар көп болсын Алла Тағала жар болсын соларға 🙏🤲
@gulbarshun1974
@gulbarshun1974 2 жыл бұрын
Аллаһым елімізге шын жанашыр,Қазақ ,Ана тілді,Елім,Жерім деген Қазақтың Рухын көтеретін президент нәсіп ете көрші Жалынып сұраймын
@rozayergalieva794
@rozayergalieva794 2 жыл бұрын
Такырыпты неге отирик жасады.
@user-id9sz5gg3p
@user-id9sz5gg3p 2 жыл бұрын
Өз тіліңді біл, өз ге тілді құметте,деп аитатын,Не болып кетті,,,,
@user-dr3cz2rl1e
@user-dr3cz2rl1e 2 жыл бұрын
Қазағым ұлттық тілдің қадір дəрежесін түсірмей қолға алатын кез келді. Талапты күшейту керек. Тек қазақ тілінде сөйлеу керек. Əрбір қазақ азаматы тілді білу міндетті. ҚАЗАҒЫМ ОЙЛАНАТЫН КЕЗ КЕЛДІ. ҚАЗАҚ БІЛІМДІ САУАТТЫ ЕЛ БОЛАЙЫҚ. ✊
@user-zo5yl5is8v
@user-zo5yl5is8v 2 жыл бұрын
Балам жақсы оқы беді 1 2ші сынапта 3ші сынапта наша етті Алладан қорқпай НҰРСҰЛТАН қаласында Алла жазасын берсін
@user-nm2ty7yw1w
@user-nm2ty7yw1w 2 жыл бұрын
Мына бйлік нұр атанымен құрымай қазақ келешегі жоқ
@hdbdbdbgdhhdd7020
@hdbdbdbgdhhdd7020 2 жыл бұрын
Малгун озин де отирик айтып отырсынгои.такырып жалган когансынгои.
@ermeksarin6570
@ermeksarin6570 2 жыл бұрын
Мен аралас мектепте өмір бойы яғни зейнеткерлікке шыққанша істеген халық ағарту ісінің озық қызметкерімін. Аралас мектеп ұлтсыздандыру жолы екенін 1989 жылы баспа бетінде ашық жазып, оны жою керек екенін талай айтқанмын. Өйткені 45 минут сабақта ғана болмаса, үзілісте немесе жалпы мектептік шараларда өз тілінде сөйлеуден ұялып, орыс тілінде ғана қарым-қатынас жасауға тырысатын ұрпақ тағдырына жанымыз ашитын. Сонда біздің ана тілінде беріп жатқан біліміміздің зая кеткенін көрдік. Еңбегіміз еш болды. Оның үстіне баласын қазақ мектебіне зорлықпен берсе де, шүлдіреген ата-анадан құтыла алмай тағы қиналдық. Баласы екі ауыз орысша білсе орыс мектебіне берем дегендер үшін директор болып тұрғанымда, филологтардан комиссия құрып, лексикалық қорын тексертіп те тосқауыл жасамақ болдым. Сонда біздің хұқымызды шектеуде деп, облыстық білім бөліміне шапқылайтын. Ал онда жалпы бөлімді басқарып отырған Рысты Макишева деген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы бола тұра, маған "Ермек інім-ау, ата-ана баласын қайда берем десе де еркі емес пе, сен олардың хұқын неге шектейсің? Бұл ісіңді жоғарыға айтпай -ақ қойайын",- деп мені қолдағанның орнына қорқытқан еді. Осындайлар Білім бөлімінде билікте отырғанда қайдан іс оңалсын?! "жалғыздың үні, жаяудың шаңы шыға ма?!" Қазір қалада аралас мектепте бастауышта ғана қазақша оқытып, орта, жоғары сыныпқа келгенде бір-ер орта білім беретін қазақ мектептеріне жіберіп құтылып жатыр. Дәл Қарағанды қаласындағы осы жайды біраз жыл бұрын профессор Көкетаев жаны ауыра баспасөзде көтерген еді. Қолдайтын, пікір қосатын адам әрі тыңдайтын билік болмады. Бұл - ұрпағымыздың әрі қазақ тілінің болашағына балта шауып жатқан індет.
@arnaizhumagali900
@arnaizhumagali900 2 жыл бұрын
Оттамандаршы басшыларга аитсандаршы президент,депутаттарга казакшылыгын оятсын Магазинге барып орысша солеи алмаи Нан алмаи жургендер бар кашан ел боламыз ОТЫЗ ЖЫЛ БОЛДЫ БЕИШАРАМЫЗ
@user-qk7lg1ty9n
@user-qk7lg1ty9n 2 жыл бұрын
Аралас деген мектепті жоқ болсын Қазақ Ары әкиБері болған
@user-wy4px8rf4v
@user-wy4px8rf4v 2 жыл бұрын
Айдархан!,жұмбақтап сөйлеу деген болған....,бірақ мына жүмбақтап жазған сөзіңе:өзге түгіл өзің түсіндің бе?....,жазсаң сөз қолданысыңды дұрыстап ашық анық адам түсінетіндей жазсай!
@user-hj3qn6es3s
@user-hj3qn6es3s 2 жыл бұрын
Бұндай жексұрындарды билікке жақындатпау керек
@diefainaxefun6772
@diefainaxefun6772 2 жыл бұрын
Я топас ғалым ,ақындардан әдірем қал.
@uldarxanalimkizi2834
@uldarxanalimkizi2834 2 жыл бұрын
Бәріңде қазақсың,шенеунік өз елін сүймесе жұмысын өткізсін,өз елін сүйетін азаматтар көп✊✊✊
@user-yq1ni5by6x
@user-yq1ni5by6x 2 жыл бұрын
Өте дұрыс айтады бәрін тек қазақша жасау керек.Аралас мектеп болмасын.Қазақ тілінің мәртебесін көтеру керек.Алға қазақ елі.
@user-be6xm7vd2j
@user-be6xm7vd2j 2 жыл бұрын
Акша ушын айтып назар аудартасынгои ато жанын ашып котын кышып отканы шамылыгои анау усталды деми
@user-zq3ic8cz2k
@user-zq3ic8cz2k 2 жыл бұрын
Еліңді мәңгүрт билесе қалық қалай күн көрер
@nurbolatakimkozha6352
@nurbolatakimkozha6352 2 жыл бұрын
Егер мемлекетте балалардың 70 пайызы сол елдің тілінде білім алмаса, бұл құрып бара жатырған тіл саналады. Қазір қазақ тілі сондай тілдердің бірі екен.
1 класс vs 11 класс (ошибки)
01:00
БЕРТ
Рет қаралды 5 МЛН
ISSEI funny story 😂😂😂Strange World 🌏 Green
00:27
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 63 МЛН
Genius Parenting Food Hacks & Gadgets
00:42
GiGaZoom
Рет қаралды 33 МЛН
“Дәрігерлердің өзі жағасын ұстады”
36:33
ADYRNA ULTTYQ PORTALY
Рет қаралды 105 М.
The beauty danced in a battle that overturned everything.
14:51
ТойSTAR Event Agency
Рет қаралды 9 МЛН
Су тасқынына Ресей кінәлі ме?
20:25
BILGEN DURYS
Рет қаралды 4,9 М.
"Ұйқыдан ауырмай тұрғанның өзі жарты бақыт". Бейсен Құранбек
6:55
Ақсу ауданы Юрий Гагарин орта мектебі
Рет қаралды 2,7 М.
Бізге басқа келін керек! | «Сен Bossың» | 6 серия
28:15
Седьмой канал - 7 канал Казахстан
Рет қаралды 254 М.
ТОП страшных страхов в ДЕТСТВЕ 😂 #shorts
0:26
Владислав Шудейко
Рет қаралды 1,9 МЛН
ToRung comedy: Ohio baby and Ohio dog
0:38
ToRung
Рет қаралды 9 МЛН
ПРОДАВЕЦ лимонов ПОЙМАЛ воришек 😯 #shorts
0:56
Лаборатория Разрушителя
Рет қаралды 2,4 МЛН
LAUGH - LOSE 🤣 Which video is the best❓🤩 #shorts
0:15
Adani Family
Рет қаралды 9 МЛН