Нүркен Амангелді - Сенсіз де / ARIDAI

  Рет қаралды 4,060,282

ARIDAI

ARIDAI

Күн бұрын

Нүркен Амангелді - Сенсіз де / Нуркен Амангелди - Сенсиз де
KZbin каналға жазыламыз; / aridai
Тел; +7 700 140 43 43
E-mail: aridai.kz@gmail.com
Telegram: t.me/aridaikaz
Ресми сайт: aridai.kz
ВКонтакте: aridaikaz
Instagram: / aridai.kz
#әридай #аридай #aridai

Пікірлер: 761
@ШарбанЖумабек
@ШарбанЖумабек 2 жыл бұрын
Кайрат жастығым, мына әнді тыңдай отырып жан дүнием толкыды. Шалымның маған арнаған әндері, бүткіл махаббатты, сүйіспеншілігімди еске түсірді. Махаббат деген бирин бирин шын сүйе білген және де бирине бири карай отырып журегим елжирейди. Канша болсада озиннин суйген жарынды умыту киын екен. Шалым 21 мен 17 жасымда 1963 ж. Отау курып Едик, сол шалым 78 жасында омирден отти (короновирус) екі жарым жыл өтседе менин журегимнен шығар емес. Осы әнді ести отырып журегим катты толкыды, көзіме жас келді, осы әннің авторына шын журегимнен рахмет айтамын. Шарбан апа 77 жас.
@nurkenamangeldiuly
@nurkenamangeldiuly 2 жыл бұрын
Рахмет апа, Аман болыңыз!
@ВенераАбилкаирова-щ6ъ
@ВенераАбилкаирова-щ6ъ 2 жыл бұрын
Керемет әнғой маған қатты ұнады қазір шынай махаббат қалыпты ғой
@GaukharTalgatqyzy
@GaukharTalgatqyzy Жыл бұрын
мяяя махаббат деген осы екен го! кандай керемет!
@АйгулТолеу-ж6ж
@АйгулТолеу-ж6ж Жыл бұрын
Аллам сыз сиякты Келындерымыз Улыммызды омр боиы жаксы корып картаисын🤲 амин Аман болынгыз🌹🌹🌹
@БибигулКасымгереева
@БибигулКасымгереева Жыл бұрын
Керемет
@ХадишаШайкенова
@ХадишаШайкенова 9 ай бұрын
Қайта оралмас жастығым… бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен.. қайран уақыт☺️
@gulzhanatzhumadilova5915
@gulzhanatzhumadilova5915 Жыл бұрын
Шын ғашықтар қосылмайды деген рас қой.😔😔
@ЖомартЖаксылыков-з7г
@ЖомартЖаксылыков-з7г Жыл бұрын
Мына ән бізге арналған екен Тыңдап егілем,балаларымның әкесі ,балапандарымның атасы Жақсылықов Жомарттың өмірден өткеніне 2 айдан асты.Әкесін сағынган балаларым,атасын іздеген немересіне жұбатумен болам.Сұм ажал жүрегімізден жұлып әкетті.Сенсіз де күнім атады әннің жолдары бізге арналған.Көздің жасы тыйлар емес.Өзі де сезбей қалды. Тромб демін лезде үзді.Зейнетінің қызығын енді көрейін деп бастаған еді. Мына әнші балама рахмет жаралы жүрекке жеткізіп айтады.Келіндерге айтарым жандарыңда жүрген жан жарыңды бағалаңдар, артынан кеш болады,соны білмедік,уақыты өтіп барады екен.
@РыскульАманкосова
@РыскульАманкосова 8 ай бұрын
Керемет өлең.17 жыл болды жолдасымның қайтқанына.Сол кезде 2 жаста қалған құлыным ❤ қазір 19жаста Астанада оқып жатыр.Мен 29 жасымда қалғанмын.Тұрмысқа шықпадым.Жүрек құрғыр баламның әкесін іздейді❤😢 Қиын екен.Жастық шақтың бәрі өтіп кетті😢😢😢 Құлыныма арнадым өмірімді.Жапырағы жайылсын ботамның🥰🥰🥰🙏🙏🙏
@nurkenamangeldiuly
@nurkenamangeldiuly 2 жыл бұрын
Амансыздарма! Тілек-лебіз білдіріп жатқан баршаңызға көп-көп рахмет! Жекелей жауап бермеген болсамда коменттің барлығын оқимын! Ән шынайы өмірдің тәтті де ащы тұстарынан алынғандықтан сіздердің жүректеріңізге жетіп жатыр деп ойлаймын. "Сенсізде" әнінің сіздерге ұнағанына қуаныштымын! Құрметпен: Нүркен Амангелді Сенсіз де. Сен жүрген жаққа елеңдеп, Бір хабар тұрса сенен кеп Күтетін едім көзіңді сенің көрем деп. Сен жақтан күтіп хабарды, Көңілім болды алаңды. Тағдырым мына толтырды мұңға жанарды Сенсізде көктем, күз келді, Менсізде өмір өзгерді. Ұқпаған екен, бұл жалған мына біздерді Сенсізде таңым атады, Менсізде күнің батады Тек егіз жүрек бір-бірін іздеп жатады. Бір бақыт ұшты сенен де, Бір арман кетті менен де, Айналдың өмір, одан соң күнім өлеңге Тұйықтау кеттің төменге, Үнсіздеу кеттің о неге? Дауыстап келші, келетін болсаң егерде
@ТомирисАнгел
@ТомирисАнгел 2 жыл бұрын
Суреттеуге тілім жетпейді
@ДингекДингекбаев
@ДингекДингекбаев 2 жыл бұрын
Статусыма коидым мен ушин келгендеи бул ан омирге
@ТомирисАнгел
@ТомирисАнгел 2 жыл бұрын
@@ДингекДингекбаев менде, қаншама адам сұрап алды
@anaraabdrahmanova3980
@anaraabdrahmanova3980 2 жыл бұрын
Қандай керемет ән. Аман болыңыз
@mairabeissova1995
@mairabeissova1995 2 жыл бұрын
Рахмееет !
@СаулеБайымбетова-ж3р
@СаулеБайымбетова-ж3р Жыл бұрын
Авторларына мың алғыс! Таза сезім иірімдерін өрнектеп жеткіще білген орвндаушыға да алғысым шексіз! 👍
@ТилемисоваТокжан
@ТилемисоваТокжан 2 жыл бұрын
Осы өлеңді тыңдап отырып өкініш пен сағынышың елес болғанын байқадым
@ЖанарПазылбекова-в3в
@ЖанарПазылбекова-в3в 2 жыл бұрын
Ән керемет жүрекке жетті , сізге сәттілік , әдемі жүрекке жететін әндеріңіз көбейе берсін
@СаулеТулегенова-б7и
@СаулеТулегенова-б7и Жыл бұрын
Керемет ән ғой! Әрбір адам өмірде өз теңін тауып отбасын құрады ғой! Бірақ бірақ "Махаббат" деген шіркін ішіңде тұншығып жатады ғой оңашада көзіңе еріксіз жас алып өксіп өксіп жылайсын! Өмірде шынайы сезіммен қосылған жандарда арман жоқ қой шіркін!
@makpalmakpal4511
@makpalmakpal4511 Жыл бұрын
Керемет орындадыңыз Аманкелді бақытты болыңыз
@makpalmakpal4511
@makpalmakpal4511 Жыл бұрын
Минусы бар маекен
@АдаялтбувиТурсынова
@АдаялтбувиТурсынова Жыл бұрын
Тоғжан, сәлеметсізба,қай жылғысыз, жасыңыз 50ден асқан болса,сырлас болайық,шер тарқатып. мен әйел кісімен.✋️
@Samsung11-nq7wn
@Samsung11-nq7wn 3 күн бұрын
Нүркен жарайсың сенің өлеңдеріңді әрдайым тыңдаймынТек Алға
@РайсаЖумагазиеаа
@РайсаЖумагазиеаа Жыл бұрын
Ғажап ән екен!!! Композиторда, ақында, әншіде 7 нота арқылы терең сезімді көрсете білген, Аллаһ қолдасын сіздерді!!!
@ЖаксыгулНурманова
@ЖаксыгулНурманова 2 ай бұрын
Қалайсыздар. Мына комментарииларды оқып, мен сияқты сүйген адамына қосылмағандар көп екеніне көзім жетті. Әсіресе жолдасы қайтыс болған жандарға өте қиын. Барлықтарыңызға бақытты болуды тілеймін. Нүркен рақмет.
@РичарддиКаприо
@РичарддиКаприо Жыл бұрын
Сен жүрген жаққа елеңдеп, Бір хабар тұрса сенен кеп Күтетін едім көзіңді сенің көрем деп. Сен жақтан күтіп хабарды, Көңілім болды алаңды. Тағдырым мына толтырды мұңға жанарды Қайырма: Сенсізде көктем, күз келді, Менсізде өмір өзгерді. Ұқпаған екен, бұл жалған мына біздерді Сенсізде таңым атады, Менсізде күнің батады Тек егіз жүрек бір-бірін іздеп жатады. Бір бақыт ұшты сенен де, Бір арман кетті менен де, Айналдың өмір, одан соң күнім өлеңге Тұйықтау кеттің төменге, Үнсіздеу кеттің о неге? Дауыстап келші, келетін болсаң егерде
@КүнсұлуҚайыпова
@КүнсұлуҚайыпова 11 ай бұрын
❤тамаша ән
@kulyashlobanova
@kulyashlobanova 11 ай бұрын
СӘЛЕМ БЕРДІМ. ЖҮРЕККЕ ЖЕТІП,ОЙДЫ АЛАР ӘН ЕКЕН.КЕРЕМЕТ!!! ӨТЕ ҰНАДЫ.НҰРКЕН ӨЗІҢНІҢ ӘНДЕРІҢ ӘСЕРЛІ,ОРЫНДАУЫҢ ӨТЕ ТАМАША,ДИАПОЗОН ӨТЕ ЖАҚСЫ.ШЕКСІЗ АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН.ӘНДЕРІҢ КӨП БОЛСЫН.БИІК БИІК ШЫҢДАРҒА ШЫҒЫП ӨРЛЕЙ БЕР! БРАВО!!! ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!❤❤❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉😊
@_i_am_supergirl
@_i_am_supergirl 2 жыл бұрын
Аллаға шүкір, тағдыр жолымызды екіге айырып, екі жаққа кеткен махаббатыммен 13 жылдан соң, Алланың қалауымен қайта табыстық. Шын бақыттымын! Құшақтап отырып, осы әнді қойғанда, өткен өмірім көз алдыма келді. Алғашқы махаббат деген қандай қиын, ұмыту мүмкін емес екен. Енді жібергім келмейді.
@МаржанАбилтанова
@МаржанАбилтанова 2 жыл бұрын
Қандай бақытты жансың!?
@БатишОспанова
@БатишОспанова 2 жыл бұрын
Жұптарыңыз жазылмасын. Мен құса болып өмір кешудемін
@АқнұрТоқтыбаева-д7з
@АқнұрТоқтыбаева-д7з 2 жыл бұрын
Өмір ай!
@АдаялтбувиТурсынова
@АдаялтбувиТурсынова 2 жыл бұрын
бақытты болыңдар, алла тағала жұптарыңызды айырмасын, бір жұп болсада сыңарын тапқан екенғой, оғанда шүкір, бір төсекте қартайыңыздар!ура!
@АдаялтбувиТурсынова
@АдаялтбувиТурсынова 2 жыл бұрын
камшат красиваяға бақыт тілеймін.
@narguldadabaeva21
@narguldadabaeva21 Жыл бұрын
Кыргызстандан салам сөз жок СУПЕР!!!!
@ШамшиАкболат
@ШамшиАкболат 6 ай бұрын
Жүректен шыққан ән, жүрекке жетеді, - қандай тамаша айтылған! Нұркен бауырым, қазаққа 100 жылда бір туатын әнді сыйлапсың! Сендей азаматтар тұрғанда қазақ елі мәңгі жасайды! Миллиондардың жүрегін жаулаған сенің әнің, тылсымға толы ұлы туынды!
@ЖаннаАйнамкулова-н4н
@ЖаннаАйнамкулова-н4н Жыл бұрын
Композитор мен сөзин жазған авторға рахмет. Орындаушы Амангелді бауырым сизге творчестволық табыс тилеймин. Жаксы әндерін мол болсын. Халықтың калауында жүр аркашан. Өнерин өрге өрлесин.
@_xx_aiem_xx8118
@_xx_aiem_xx8118 Жыл бұрын
Мен.ойлап жургенмін,автор,композитор..өзі-деп..Керемет👍🏻
@МадинаМаликова-в5н
@МадинаМаликова-в5н 2 жыл бұрын
Маған ұнады қанша рет тыңдадым.Әлі тыңдап жүрмін.Қаншама жүректердің махаббатын еске түсіретін ән екен.Жақсы әндеріңіз көбейе берсін.
@Гулханым-ю9ю
@Гулханым-ю9ю 2 жыл бұрын
Керемет бауырым Нүркен. Орындау, айту тембрі керемет. Өнеріңмен шалқи берсін. Өлен жүрегімізге жетті. Тамаша.
@marilauadina7425
@marilauadina7425 2 жыл бұрын
Өте керемет орындадыңыз... жүрекке терең жетті. Өмір қатал ғой, кері айналып келсе , әттең-ай! Мен де жібермейтін едім сол адамды!
@МаржанАбилтанова
@МаржанАбилтанова 2 жыл бұрын
Қандай керемет, жүректен шығып, жүрекке жететін ән! Махаббат мәңгі жырланатын , өмірлік тақырып қой. Өткеніңнің бәрін есіңе түсіріп, артыңа қарап, өткен жолыңды көз алдыңа елестететін ән!
@ДингекДингекбаев
@ДингекДингекбаев 2 жыл бұрын
Дааа аттен аттен сол упкытты каита берсе гои ээхх
@ЛаззатАбубакирова-н1щ
@ЛаззатАбубакирова-н1щ 2 жыл бұрын
Керемет өлең екен 👍👍👍👍
@ДингекДингекбаев
@ДингекДингекбаев 2 жыл бұрын
@@ЛаззатАбубакирова-н1щ откен шак каита келсе бир шанс жибермес едим осы ан 90 жылгы кассета болды маган казир.
@azimbek7961
@azimbek7961 Жыл бұрын
ия журек босады
@ДинаТурганбекова-б5л
@ДинаТурганбекова-б5л 2 жыл бұрын
Тек екі жүрек бір-бірін іздеп жатады….♥️
@ЖанеркеТурганбек
@ЖанеркеТурганбек 2 жыл бұрын
Керемет ән екен қайта қайта тыңдайбергім келед. Журекке әсірлі екен. Бір жылап алдым. Махаббат сыз өмір кешудемін ех жалған өмірі ай. Махабатсыз өмір бос екен. 😔🥺😓
@Айша-п5э
@Айша-п5э Ай бұрын
Бұл өмір мақсатыңа жеткізбейді е жеткізеді. Сенсіз де таңың атады. Іздемейтін де жүрек болады.Екен.🖤🖤🖤🖤🖤🖤
@mairabeissova1995
@mairabeissova1995 2 жыл бұрын
Ия ақыры қосылмады екі жүрек бірақ бір көруге уміттемін Аллаға жалынамын ! Қамшының сабындай қалған өмірімде !!!!!
@ДингекДингекбаев
@ДингекДингекбаев 2 жыл бұрын
Бир коруге жазсын
@Самсунг-ц5ч
@Самсунг-ц5ч 2 жыл бұрын
@@ДингекДингекбаев керемет өлең əр нəрсе еске түседі өтте магыналы өлеңһ
@ГульзатБаытовна
@ГульзатБаытовна Ай бұрын
❤❤❤❤❤❤❤🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@НуркельдыХабдулла
@НуркельдыХабдулла Ай бұрын
Шіркін ай алғашқы махаббатым есіме түсті ау
@ЖарқынайДЖалгасбаева
@ЖарқынайДЖалгасбаева 2 жыл бұрын
Жүрегімді жаралап өткен жылдар есіме түсті...Алты жылда қосылмай, айырылысу ауыр тиген еді. Көзімнен жас тоқтамады
@ЖадыраНаутиева
@ЖадыраНаутиева 2 жыл бұрын
Неге косыла алмадыныз?
@ЖарқынайДЖалгасбаева
@ЖарқынайДЖалгасбаева 2 жыл бұрын
@@ЖадыраНаутиева ..... Үй-іші қарсы болды.
@Александра-у7и7м
@Александра-у7и7м 2 жыл бұрын
Жанымау өкінбе.
@Айя-я2щ
@Айя-я2щ 7 ай бұрын
Жолдасым 2ай бұрын 48жасында өмірден өтті Ауырмай сырқамай аяқ асты.Енді,ешқашан ешқайда, келмейтін ЖАНДЫ ❤ күту өте қиын екен.Басына түскен адам түсінеді екен.Күн алыстаған сайын сағынады😘😘😘 екенсің.Жатқан жерің жайлы.Жаратқан ием алдыңнан жарылқасын🙏🙏🙏😘.Амал барма ?Тағдыр осылай болды. .😪.
@АльбекГаббасов
@АльбекГаббасов 2 жыл бұрын
Ауырып жатқандар жаным қуат берді інім әнің тамаша нағыз жұректен шықан аи қазақтар талан қои шіркін мың алғыс мың лаик
@АйбекЙзгуттинов
@АйбекЙзгуттинов 2 жыл бұрын
Маш Алла недеген керемет әсерлі ән Жарайсың брат Алла ұзақ ғұмыр берсін тоқтамаш.
@АйнагульКыдырманова-ъ5ю
@АйнагульКыдырманова-ъ5ю Жыл бұрын
Керемет ән екен қайта қайта тыңдай бергің келеді екен, мағнасы бар, журекке керемет жетеді, осындай әндеріңіз көбейе берсін
@УланДжолдасбаев-ю8е
@УланДжолдасбаев-ю8е Жыл бұрын
Керемет, көңілді толқытып, жүректі дір еткізетін ән екен. Рахмет сізге!!!
@СалимаБайшуакова-с6ы
@СалимаБайшуакова-с6ы 2 жыл бұрын
Не деген дауыс не деген музыка авторларына мың алғыс тамаша
@ДурияТемиргалиева-ф1х
@ДурияТемиргалиева-ф1х Ай бұрын
Қайтыс болған қүйеуімді сағындым. 22 жыл. Ән керемет.
@ЖарқынайДЖалгасбаева
@ЖарқынайДЖалгасбаева 2 жыл бұрын
Көңілім әліде сол адамда. Жүрегім жалғыз. Мәңгілік махаббат деген осы ғой. Қайта оралса қосылар едім. Ешқашан жібермес едім. 🤔
@ДаулетАсланулы-з3ж
@ДаулетАсланулы-з3ж 2 жыл бұрын
Дурыс
@ТолегенСамаев
@ТолегенСамаев 2 жыл бұрын
Изде , званда , умит узбе женесин !, саттилик тилеймин !!!
@ЛизаАбдалова-э3к
@ЛизаАбдалова-э3к 2 жыл бұрын
@@ДаулетАсланулы-з3ж 0000х0000000000х0х00х⁰000х0
@ЛизаАбдалова-э3к
@ЛизаАбдалова-э3к 2 жыл бұрын
Кеширесиз
@ДаулетАсланулы-з3ж
@ДаулетАсланулы-з3ж 2 жыл бұрын
@@ЛизаАбдалова-э3к жан
@АзатАТАНИЯЗОВ-в1р
@АзатАТАНИЯЗОВ-в1р 2 жыл бұрын
Биреулер еске тусип Кетти....Салем КАРАКАЛПАКСТАН Тахтакопирден керемет екен казагым казагым тагы казагым жасай берсин мангилик казагым АЗАТ.АТАНИЯЗОВ .24 АВГУСТЬ 2022.ж Алматы Абая Наурызбайский
@kausarzhailybai3382
@kausarzhailybai3382 2 жыл бұрын
Сәлеміңді қабыл алдық қай жылғысың
@nurlaim64
@nurlaim64 Жыл бұрын
Нагыз журегимизде бар сезимди ОХЫП жазылган олен сияхты, Рахмет СИЗГЕ 🙏
@НургульКунышева
@НургульКунышева Жыл бұрын
Əн жүректі тербеді . Қимасты еске түсірді . Күткеніме 6 жыл ,1 ай , 7 күн . Мен болмасам болмайын , сол аман ба ----- деген осы екен .
@АлияАбдикаликова-м3ц
@АлияАбдикаликова-м3ц Ай бұрын
Керемет ән, орындаушы барлық тыңдаушылардың жүрегін дір еткізді ау
@СаулеКалиева-у4ъ
@СаулеКалиева-у4ъ Жыл бұрын
Керемет ән. Дауысыңнан айналайын. Өнерің өрге жүзсін. Биіктерден көріне бер. Мықты денсаулық ұзақ ғұмыр нәсіп етсін Алламыз. 🌹🌹🌹
@ШахаризадаДарменбаева
@ШахаризадаДарменбаева 2 жыл бұрын
Айналайын Бауырым жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді дегендей сенің әніңді тыңдап бір демалып қалдым қаншама жақсы әндер бар тыңдасаң демаласың Кейбір әндер бар тыңдасаң сол әнді айтып тұрған адам емес оның орнына сен ұяласың. Осындай мәні мағанасы бар әндеріміз көп болсын Өнерің биіктерден көріне берсін Қазақтың бір туар әншісі бол Нүркен бауырым!
@user-gn8of2pz2y
@user-gn8of2pz2y Жыл бұрын
Жүректі нәзік мұңға бөлеп тербей жөнелетін керемет ән.Авторға да орындаушыға да мың алғыс
@КарлыгашТарбагатаева-п9ч
@КарлыгашТарбагатаева-п9ч 2 ай бұрын
Керемет орындау, бақытты болыңыз, Алла Тағалам қолдап, арманыңызға жете беріңіз 💐💐💐!
@КобланМухаметжанов-б9ь
@КобланМухаметжанов-б9ь 2 жыл бұрын
Керемет адеми ан, дауысыныз оте адеми жагымды.
@МейрамгульОмарбекова-б4д
@МейрамгульОмарбекова-б4д 2 жыл бұрын
Даусың өте керемет ,қоңыр дауыста. Өнерің өрлей берсін 🙏🙏
@АйтуғанАйдарбек
@АйтуғанАйдарбек 2 жыл бұрын
Маладец керемет
@ЕрсұлтанҚасымов-п9щ
@ЕрсұлтанҚасымов-п9щ 2 жыл бұрын
Қай-қайдағыны еске түсіріп Нұркен ай
@sayasarmanova205
@sayasarmanova205 2 жыл бұрын
Керемет ән, керемет орындау.Сондай бір арман ба, сағыныш ба, қолың жетпеген... қалай айтсам болады, тілімде, сөзімде жетпейді. Өткен өмірің көз алдыңнан өтіп жатқандай Тыңдай бергің келеді.
@BotaAitbenova
@BotaAitbenova 2 жыл бұрын
Ойпрмай кандай керемет олен Нуркен жарайсын журектен шыкты журекке жетти тунимен тындап шыгатын болдым😪
@myrzaabdu3865
@myrzaabdu3865 11 ай бұрын
Мен бүгіндікке 10 рет естідім😢
@СайлаубикеБайгазина
@СайлаубикеБайгазина 2 жыл бұрын
Нуркен, айналайын,сенің әндеріңді көп тыңдаймын. Мына әнің керемет. Өмірде адаспауға тырысыңдар,жастарым. Өмір бір рет беріледі. Бір біріңді қадірлей біліңдер. Жүректі тербейтін әндерің таусылмасын. Бағың өрлесін.
@СаулеБайымбетова-ж3р
@СаулеБайымбетова-ж3р Жыл бұрын
Еріксіз көзге жас алдым. Алла ұзақ өмір берсін!, Ш😊ығармашылық табыс тілеймін!
@МаратБаймухамбетов-х7в
@МаратБаймухамбетов-х7в Жыл бұрын
Керемет өлең жастыңда кәрініңде жүрегіне жеткен рақмет 👍👍👍
@АрсенҚарасаев-и5л
@АрсенҚарасаев-и5л 2 жыл бұрын
Күнде тыңдаймын. Әнде әншіде керемет. Дауысы қандай жағымды!
@MUTANTKZ-yb2zm
@MUTANTKZ-yb2zm 7 ай бұрын
Керемет ән. Қайта-қайта тыңдаймын. Алғаш таңдағанда жылап алдым. Алғашқы махаббатым есіме түсіп, керемет күндер еді. Аллаға шүкір бақыттымын қазір де. Бірақ алғашқы махаббаттың орны ерекше ғой. Шіркін.
@КуанышТиленбаев
@КуанышТиленбаев 2 жыл бұрын
Керемет козге жас келди. Осы каркыннан кайтпа. Тек алга
@АлтынгулКудашкызы
@АлтынгулКудашкызы Жыл бұрын
Жүректі тербетеді
@altynshashshakhmanova2405
@altynshashshakhmanova2405 2 жыл бұрын
Осы әнге ризамын, үлкен РАХМЕТ, маған арнап жазғандай.
@ГулимШайкенова-и6х
@ГулимШайкенова-и6х 2 жыл бұрын
Қандай әдемі ән! Даусыңда ашық күшті! Рақмеееет!
@СмартСшоп-х7г
@СмартСшоп-х7г 2 жыл бұрын
Тамаша ән мен мәтін үилесіп қалған. Нұркен інім биік асуларды бағындыр. Өнерің халықтікі шығармашылығың арта берсін. Аман жүр.
@ШолпанАбжанова-ж5ш
@ШолпанАбжанова-ж5ш 7 күн бұрын
Өмірдің төрінде , өнердің өрінде болшы Нүркеша 💫🌹🌹🌹
@РаушанСыздыкова-ы7ж
@РаушанСыздыкова-ы7ж Жыл бұрын
Керемет ән, керемет орындау. Айналайын өнерің өрге жүзсін! Тек биіктен көрейік Бақ қонды деп тасыма сол бақты қадірлей біл! Жаным, балам, бақытты бол!
@rakhiaaueskhanova1318
@rakhiaaueskhanova1318 Жыл бұрын
Керемет ән. Керемет орындау. Алла разы болсын. Әннің әр сөйлемінің соңындағы ноталарлың қайырылып, бітуі қатты ұнайды ,супер. Ерекше .
@zoyaa2524
@zoyaa2524 7 ай бұрын
Бул ырды күн сайын угам.Аябай жагымдуу ыр Бул ырчы жигитке ийгилик каалайм!
@УрляшБухабаева
@УрляшБухабаева 2 ай бұрын
Тамаша. Керемет. Осы өлеңді тыңдасам көз алдыма жастық шағым келіп, еріксіз көзіме жас келеді. Орындаушының да дауысы керемет.
@brunobridges2481
@brunobridges2481 10 ай бұрын
Какая песня душевная.Казахи очень красиво поют.Все время слушаю.
@АкмаралСултанова-щ2м
@АкмаралСултанова-щ2м 2 ай бұрын
Еххх шіркін,қандай бақыт десеңізші ғашық болу 😢❤ мен ешкімге ғашық болмаған сияктымын осы күнге дейін😢
@yourname-h7u
@yourname-h7u 2 ай бұрын
Бакыт деген не екенiн билмей омир суремиз , кредит бар банк издеп турады 😂
@Kaprizul_ka
@Kaprizul_ka Жыл бұрын
Кайта кайта тындап журмин,көңілім босап жылап алам😢
@ГуляТулегеновна-и7й
@ГуляТулегеновна-и7й Жыл бұрын
Рахмет сізге. Қандай жүректі қозғайтын ән екен. Тамаша орындау. Биіктен көрініңіз. Творчестволық табыс тілеймін сізге.
@KenjegulTilepbergenova
@KenjegulTilepbergenova 11 күн бұрын
Баламды сағындым. Жатқан жерің жайлы болсын ботам
@ДаулетНурсеитов-и6с
@ДаулетНурсеитов-и6с 2 жыл бұрын
Осы өлеңді естіп өзімді жұбатқандай болам, шіркін ай бәрі өзіміз ойлағандай бола берсе екен деп дейміз, бірақ 😔
@ГадилгерейГаббасов
@ГадилгерейГаббасов 8 ай бұрын
Осы әнді тыңдай бергім келеді! Тыңдаған сайын о дүниелік болған жанжарым көз алдыма келеді.
@РаяДеменова-е5э
@РаяДеменова-е5э 2 жыл бұрын
Керемет айтылған ән!жүрекпен айтылған ән жүрекке жетті.👍👍
@УлбосынНурманова-ъ9ш
@УлбосынНурманова-ъ9ш 7 ай бұрын
Жарайсың,Оралдық жерлес бауырым!Әсерлі,керемет әндерің көп болсын, сөзі де,сазы да,орындаушы өзіңде әнді толықтырып тұрсын,әдемі,жанға жағымды әндерің көп болсын, ән әлемінде биіктен көріне бер,айналайын!
@ШакирШакир-е7ш
@ШакирШакир-е7ш 2 жыл бұрын
Сазы да,сөзі де жүрекке жететін дүние екен. Рахмет бауырым! Осындай шығармалар көп болсын.
@ЖупарТурысбекова
@ЖупарТурысбекова Жыл бұрын
Тамаша! Жүрек түкпіріндегі көңіл сырларын қозғады ау, мына Ән!😢
@ЛАЗЗАТСаткулова
@ЛАЗЗАТСаткулова 2 жыл бұрын
Ақындар мен орындаушыларға мың да бір рахметт
@ЕрнурЖаксылык-ж8й
@ЕрнурЖаксылык-ж8й 6 ай бұрын
Осы өлеңді тыңдасам жаныма жайлылық сыйлайды.Өте керемет ән орындаушыға көп рахмет
@АханРамазанов-е7б
@АханРамазанов-е7б Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Нүркен бауырым ән тамаша орындалған өнерің өрге жүзсін.Аман бол Рахмет .
@АккунисКелден
@АккунисКелден 2 жыл бұрын
Қазіргі өмірге точна айтылған ғой мына өлең керемет жазылған
@МадиЕлимбеков
@МадиЕлимбеков 7 ай бұрын
Өзіңненде, әнді нақышына келтіре орындауыңа да мың алғыс, айналайын балам Алланың нұры жаусын, аман болшы, Алла тіл, көзден сақтасын 🤲😘👍
@АкеркеСмагулова-в7д
@АкеркеСмагулова-в7д Жыл бұрын
Кайтып келмес уакыт 😢 Дауысыныз керемет 😊
@МадиЕлимбеков
@МадиЕлимбеков Жыл бұрын
Керемет орындау, тамаша ән, жүректен жүрекке жеткізіп орындадың балам айналайын, Алла разы болсын, өнерің өрлей берсін 🤲🤲🤲👍🤘
@АкмаралК-р8э
@АкмаралК-р8э 2 жыл бұрын
Нуркенің барлық әндері керемет! Даусы ерекше, тындай бергің келеді.
@АрсенҚарасаев-и5л
@АрсенҚарасаев-и5л 2 жыл бұрын
Керемет әнші! Дауысы сондай жағымды. Жолыңыз ашық болып, өнеріңіз өрге жүзсін...
@РадаСтоянова-л5т
@РадаСтоянова-л5т 2 жыл бұрын
Поздрави от далечна България.Чудесен сте Амангелди!Нови успехи ,радвайте феновете си!Алга!
@ГульданаК-ж6м
@ГульданаК-ж6м 2 жыл бұрын
😊😊г
@НурланАлимбаев-й6ы
@НурланАлимбаев-й6ы 2 жыл бұрын
@@ГульданаК-ж6м саламатсыз олен керемет
@АқнұрТоқтыбаева
@АқнұрТоқтыбаева Жыл бұрын
Жақсы көрем сені
@aigerimbaimanova4724
@aigerimbaimanova4724 Жыл бұрын
2ц ц
@РадаСтоянова-л5т
@РадаСтоянова-л5т Жыл бұрын
@@aigerimbaimanova4724 Правда у вас нет работа,одна только скука или въй обичний трол зарабатъйвающий свои жалкие денежки в сетибВ Българию етот звук въйражает или удивление или сожаление.Нужно и соответное въйражение на рожу.У вас наверно запас слов маловато.Но почемуто кажется что въй часто встречаетесь здесь...или ошибаюсь...
@ГулнарКултанова
@ГулнарКултанова Жыл бұрын
Нүркенжан, Айналайын аман болш, әндерің бірінен бірі өтеді, керемет! 👍😍💯🌹❤💎💋🎉😘
@BibiKojakbaieva
@BibiKojakbaieva Жыл бұрын
Шынайы махаббатта бастан кешкен кисилер бул анин маганасын тусинемекен болар оттттте керемет ан❤
@elviraelubaevna3009
@elviraelubaevna3009 11 ай бұрын
Керемет дауыс, өте жағымды, сөзін жазғанда да керемет шығарылған жүрекке жеткізіп, недеген сөздері жақсы, шіркін сөздің құдіреті десеңші! Рахмет, сізге Нұркен, тамаша орындау!
@cyltangaleda
@cyltangaleda 2 жыл бұрын
Керемет ән♥️тен♥️ке жететін ән екен🥰👍
@СветаАлпамысова-01
@СветаАлпамысова-01 Жыл бұрын
Тылсымның күшін сездіргендей бұл әнді соңғы кездесуімізде тыңдатты да келместің кемесіне мініп кете барды😭😭😭😭 Жаныма керек адамымды жоғалттым.... Әннің мазмұны терең, құдіреті шексіз❤
@nurkenamangeldiuly
@nurkenamangeldiuly Жыл бұрын
Кім тыңдатты? Қайда кетті?
@ДаригаБегешова-у7й
@ДаригаБегешова-у7й 2 жыл бұрын
Керемет ан екен.Жастык шактагы махаббаты еске тусирип отырмын.
@Ainagul-t9g
@Ainagul-t9g Ай бұрын
Сонун ыр экен! Жаштык эске тушот!😊❤
@АнарМамытова-и7г
@АнарМамытова-и7г 2 жыл бұрын
Андерин суйип тыңдаймын.Магналы андери коп болсын.Биик белестерден корине берсин..Семейге келмейсизбе концерт койып.
@СерикОмарбеков-к6э
@СерикОмарбеков-к6э 2 жыл бұрын
Тамаша өлең екен !👍👍👍
@МагжанНурланулы-ч5с
@МагжанНурланулы-ч5с 11 ай бұрын
Нұркен бауырым өнерің өрлей берсін!Сенің осы әніңді күніге бірнеше рет тыңдаймын,өмір кейде қаталдау болады ,өткен уақыт қайтып келмейді,амал қанша😢😢😢
@МарямШаймурат
@МарямШаймурат 9 ай бұрын
Керемет, Нұркен ағамыздың орындауы ерекше. Тамаша айтады. Жүрекке жеткізіп. Осы ағамыздың әндері ерекше. Тыңдай бергің келеді. Денсаулық тілеймін! Басқа әншілерге ұқсамайсыз. Алла сізді тіл-көзден сақтасын. Аман жүріңіз.
@aminkavlog2356
@aminkavlog2356 9 ай бұрын
Нүркен дауысыңнан айналдым, керемет ән, бақытты бол, осындай жүрекке жағымды әндерің көп болсын
@ГулбарамМусина
@ГулбарамМусина 9 ай бұрын
Керемет ән екен,авторларға мың алғыс. Тыңдай бергің келеді
@АйгулЫнтыбаева
@АйгулЫнтыбаева Жыл бұрын
Жалгыздык киын ау.менин осы оленди естигели конилим алай дулей болды.жолдасым омирден озганына 15жыл болган еди.
@КарылгаКонырбаеба
@КарылгаКонырбаеба 11 ай бұрын
Аййй канда й дауыс...ширкин менин жолдасым есиме туседи.омирден озгагына 14жыл болды есиме тусип козиме жаскелип.откендер нске туседи.олкиси анши биши музыкагаоте жакын домбырада гитарада.баянда ойнайтин.56 жасында кнтти ай омирай.мына оленди кайта кацта тындай берем...тындац берем типтен жалыкраймын сози кандай ауен кандай..давыс керемет жаним НУРКЕН ЖОЛЫН АШЫК БОЛСЫН ТФАЙЙЙ ДАУСЫН КАНДАЙ ЖАНИМ МАНГГЫСТАУДАН..362 АУЛЕЙЛЕР КОЛДАСЫН АКЖОЛЛЛ ЖАНИМ БАЛАМ.
@Канат-щ4б
@Канат-щ4б Жыл бұрын
Керемет ән, жүректі тебірентіп жіберді. Өткенді еске түсірдің ғой, бауырым 😢
@amangulnigmetolina6394
@amangulnigmetolina6394 2 жыл бұрын
Айналайын бауырым аман бол ан оте керемет дауысын кандай жагымды онерин орлей берсин айналын
@ГульнараЖумадиллаева-о1к
@ГульнараЖумадиллаева-о1к 9 ай бұрын
Айналайын балам. Онерын орге басын керемет осы анды тындасам демалам саган рахмет🙏
Нүркен Амангелді-Ән жинақ 2022
1:25:21
Нүркен Амангелді
Рет қаралды 3,3 МЛН
Бұл әнді тыңдай бергің келеді Мұңлы ән жинақ Сатиев Аманкелді
1:09:02
Аманкелді Сатиев (Amankeldi Satiev) Автор
Рет қаралды 18 М.
Муж внезапно вернулся домой @Oscar_elteacher
00:43
История одного вокалиста
Рет қаралды 7 МЛН
Why no RONALDO?! 🤔⚽️
00:28
Celine Dept
Рет қаралды 90 МЛН
FOREVER BUNNY
00:14
Natan por Aí
Рет қаралды 32 МЛН
Айгерім Шерхан - Ән жинақ 2024
16:44
Aigerim Sherkhan
Рет қаралды 53 М.
Қанат Үмбетов лирикалық әндер жинағы
32:21
Нуркен Амангелди ан жинагы
18:30
Хит музыка
Рет қаралды 848 М.
Нүркен Амангелді-Ән жинақ 2024
2:04:26
Нүркен Амангелді
Рет қаралды 55 М.
АСАН ПЕРДЕШОВ - АТА АНАМА БІР ӘН
6:52
Асан Пердешов
Рет қаралды 3,6 МЛН
Муж внезапно вернулся домой @Oscar_elteacher
00:43
История одного вокалиста
Рет қаралды 7 МЛН