Рет қаралды 1,088
Ел тарихында еңбек жолын қарапайым орман шаруашылығының қызметкері болып бастап, Үкімет басшысы ретінде мойындалған таутұлға бар. Ол - Нұртас Оңдасынов. Түркістанның тумасы. Қазақ Кеңесі Халық Комиссариатының, Қазақ Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы. Аты ардақты азаматтың жүріп өткен жолы кез-келген жасқа үлгі болуға тұрарлық. Осыны көкейге берік тоқыған түркістандықтар нартұлғаның 110 жылдық мерейтойын дүркіретіп тойлады.