"Мен қашанғы жүирігің" 1.Мен қашанғы жүйрігің. Топ ішінде толғаған, Шыныменен де шырқасам. Бабамды Қадір ай қолдаған, 2.Осылайша сөйлесем. Сөз қалама ұртымнан, Көре алмаған біреулер. Сөз айтады екенай сыртымнан, Қас жүйріктің белгісі. Дуды да көрсе жұлқынған, Айтулы жүйрік ай мен едім. Жаудырмай қамшы ұмтылған 3.Ұсынсам қолым жетерме. Қырмызы қызыл түлкідей, Қырданда асқан ай заманға. Айтқанда сөзім өтерме, Ақылсыз туған жаманға. Қайыра қамшы сермеме, Сүйекке біткен шабанға_____ 4.Екі де жақсы бас қосса. Бірін де бірі қия алмас, Екі де жаман бас қосса. Төсекке басы сия алмас, Ақылсыз туған жамандар. Ағайынға мал бітсе, Қызғаныштан көре алмас. Қас жаманнан ұл туса, Қатарымнан оздым дер. Бұл күнде өзім ай болдым дер, Қас жаманға мал бітсе. Ебімменнен жыйдым дер_______ 5.Мал біткенге мас болар. Жақыны менен қас болар, Байқамай басар шамасын. Сыйламайдығой ағасын, Сыйламаса ағасын. Қайдан да білсін ай мұндайлар, Жақын мен жаттың қой арасын. Дүния дегенің сары алтын, Әркімдер дай алдаған. Қабаты қалың ай қара жер, Талай да ерді жалмаған. Екі де достың ай арасын, Айырады екен ай мұндайлар!!!!!!
@Altynbek.Zeinulla9 ай бұрын
Осындай термелер күтеміз тағы да
@МанарХожаева Жыл бұрын
Паа керемет! Жарайсын Мәлік👍
@РысгульБорангулова2 жыл бұрын
Даусы Адеми Кушти екен Жарайсын!Тек алга
@Арай-ь2э Жыл бұрын
Керемет , құнды терме өсиеттеры қазағымның тыңдарға құлақ керекгау жастарга
@МираАлдонгарова Жыл бұрын
керемет терме даусы жаксы екен
@ziyash_kelamankizi2 жыл бұрын
Па Керемет шыгыпты.Малык балам Жарайсын. Бояуын бузбай жеткыздын.Мыкты.
@KuanyshADAY2 жыл бұрын
По...Маңғыстауым-ай!
@Кішіжүз-д7ы2 жыл бұрын
Бауырым басқада термелерді осындай варянтпен айтш өтініш👍👍👍 Өте керемет шыққан көлігімде күнде тыңдаймын
@АлибекНетебай-о3у2 жыл бұрын
Қосылам менде осынбай термелер осындай нышанмен шығар берсін
@mmmddd6091 Жыл бұрын
Мен - қашанғы жүйрігің, Топ ішінде толғаған. Шыныменен шырқасам, Бабам Қадыр қолдаған. Осылайша сөйлесем, Сөз қала ма ұртымнан. Көре алмаған біреулер Сөз айтады сыртымнан. Қас жүйріктің белгісі, - Дуды көрсе, жүлқынған. Айтулы жүйрік мен едім, Салдырмай қамшы, ұмтылған. Ұсынсам, колым жетер ме, Қырдан асқан түлкідей, Қырмызы қызыл заманға? Айтсам, сөзім өтер ме, Ақылсыз туған жаманға? Қайыра қамшы сермеме, Сүйекке біткен шабанға. Екі жақсы дос болса, Бірін бірі қия алмас, Екі жаман дос болса, Бір мекенге сыя алмас. Қас жаманға мал бітсе. Ебімменен жидым дер, Қас жаманнан ұл туса, Қатарымнан оздым дер, Бұл күнде өзім болдым дер. Дүние деген - сары алтын Әркімдерді алдаған. Желді күнгі қаңбақтай Дүние кімнен қалмаған?! Қабаты калың қара жер Талай ерді жалмаған. Екі достың арасын Айырады оңбаған. Кейбір надан пенделер, Өлесің десе, нанбаған. Әзіретіғали, Омардан - Дүние қалған солардан. Біз де бір күн өтерміз, Артықпыз ба бұлардан?! Он сегіз мың ғаламның Падишасы Сүлеймен - Опасыз жалған дүние Қалған екен солардан. Жан жаратып, жан берген, Тіл жаратып, тіл берген, Аспан мен жердің арасын, Азғантай емес, мол берген. Он сегіз мың ғаламнын Тірісі дәурен сүрсін деп, Өлгенін қазып көмсін деп, Жеті қабат жер берген. Аспаннан нұрын төктіріп, Шапағын шашып күн берген. Жер реңі келсін деп, Жарқыратып көл берген. Көлдің көркі келсін деп, Қаптай көшкен ел берген. Елдің сәні келсін деп, Қатар-кұрбы тең берген. Теңнің көркі болсын деп, Сөйлесетін сөз берген. Сөйлеп кызық көрсін деп, Оралған қызыл тіл берген.
@ЖолдасКарамырзаев-ж1г7 ай бұрын
Інім даусы керемет
@Еркош-н4ц Жыл бұрын
Пах шіркінәй төуф кереметін ай беу де уф де әй де
@СакенБалгаев2 жыл бұрын
Поооой шіркн ай қандай десеңші 👍👍👍
@ЖолдасКарамырзаев-ж1г7 ай бұрын
Жарайсың іні
@ЖасұланСүйіндік-ф1д2 жыл бұрын
Мен қашағы жүйрігің" Мен - қашанғы жүйрігің, Топ ішінде толғаған. Шыныменен шырқасам, Бабам Қадыр қолдаған. Осылайша сөйлесем, Сөз қала ма ұртымнан. Көре алмаған біреулер Сөз айтады сыртымнан. Қас жүйріктің белгісі, - Дуды көрсе, жүлқынған. Айтулы жүйрік мен едім, Салдырмай қамшы, ұмтылған. Ұсынсам, колым жетер ме, Қырдан асқан түлкідей, Қырмызы қызыл заманға? Айтсам, сөзім өтер ме, Ақылсыз туған жаманға? Қайыра қамшы сермеме, Сүйекке біткен шабанға. Екі жақсы дос болса, Бірін бірі қия алмас, Екі жаман дос болса, Бір мекенге сыя алмас. Қас жаманға мал бітсе. Ебімменен жидым дер, Қас жаманнан ұл туса, Қатарымнан оздым дер, Бұл күнде өзім болдым дер. Дүние деген - сары алтын Әркімдерді алдаған. Желді күнгі қаңбақтай Дүние кімнен қалмаған?! Қабаты калың қара жер Талай ерді жалмаған. Екі достың арасын Айырады оңбаған. Кейбір надан пенделер, Өлесің десе, нанбаған. Әзіретіғали, Омардан - Дүние қалған солардан. Біз де бір күн өтерміз, Артықпыз ба бұлардан?! Он сегіз мың ғаламның Падишасы Сүлеймен - Опасыз жалған дүние Қалған екен солардан. Жан жаратып, жан берген, Тіл жаратып, тіл берген, Аспан мен жердің арасын, Азғантай емес, мол берген. Он сегіз мың ғаламнын Тірісі дәурен сүрсін деп, Өлгенін қазып көмсін деп, Жеті қабат жер берген. Аспаннан нұрын төктіріп, Шапағын шашып күн берген. Жер реңі келсін деп, Жарқыратып көл берген. Көлдің көркі келсін деп, Қаптай көшкен ел берген. Елдің сәні келсін деп, Қатар-кұрбы тең берген. Теңнің көркі болсын деп, Сөйлесетін сөз берген. Сөйлеп кызық көрсін деп, Оралған қызыл тіл берген. Жақсы мен жаман көрсін деп, Жарқыратып көз берген. Бұл дүниені байқадық Қасиетті сол бір көзбенен. Әр бір түрлі сөз айттық Оралған қызыл тілменен. Жан барында сөйлейін, Неше күн жолдас болармыз, Баянсыз пәни, сеніменен? Бір күні көзің жұмылса, Саудаң болмас елменен. Жастайыңнан бірге өскен Қатар-құрбы теңменен. Төсектен жуық болармыз Төрт қырлап қазған көрменен. Ажал жетсе, өлерміз, Құдіретке көнерміз, Шабуы жоқ, жеңі жоқ Тардан көйлек киерміз. Қасы-көзі қиылған Құрбыны қайдан көрерміз. Қайғыменен өтерміз. Жасаған Ие Жаббарым, Жайшылықпеи жүргізгей, Мәңкүр-нәңкүр келгенде, Ақ жауабын бергізгей. Бір жаннан жанды туғызған, Өлімге жанды қиғызған, Құдіреті күшті Құдайым Он сегіз мың ғаламды Бір тарының қауызына Құдіретімен сыйғызган. Ей, жігіттер, шүкір ет, Әркімдердің тартқызар Жалғыз Алла жазасын, Уакытты күні біткесін. Келтіреді қазасын. Кімдердің Құдай алған жоқ Атасы мен анасын. Інісі мен ағасын, Қатыны мен баласын?! Білмегенге дыр болар. Қартайғанда сұр өмір. Жас шағыңда ду болар. Балдан тәтті не көрсе, Ішпесе, о да у болар. Жібектен асыл не нәрсе? Кимесе, о да тұл болар. Жігітті көркем көрсеткен Айдап жүрген мал болар. Бақыты тайса жігіттің, Хан тағынан айрылса, Ақылы кетіп, дал болар. Бәйгеден келген боз шұбар, Мұны көркем көрсеткен Құйрығы мен жал болар. Жал-құйрықтан айрылса, Ол бір шолақ тай болар. Арқар дейтін аң болар, Ол арқардың мекені Асқарала тау болар. Ер жігітті сынаған Қарсыласқан жау болар. Ақ, қараны айырған Қағазға жазған хат болар. Ұстаны көркем көрсеткен Ұстасында дат болар. Жігіттікте сөйлеп қал, Асқақтаған бұл жанға Кәрілік шіркін тап болар. Бір күні көзің жұмылса, Қатар жүріп шын айтқан, Тар төсекте сыр айтқан, Жастайыңнан бірге өскен Қатар-құрбың жат болар. Ерлер өтті, қарасам, Көк сүңгісін өңгерген, Азын көпке теңгерген, Астана жұртын меңгерген, Көкірегі желденген. Ерегісіп келгенде, Хандарды тақтан тайдырған. Қалың дұшпан келгенде, Жалғызбын деп қарамай, Азды-көп жауды санамай, Ақ сүңгісін өңгеріп, Жауға жалғыз жөнелген. Сүйтіп жүрген ерлерді Бір күні тартып жер алған, Дүнияға мен сене алман. Нешелер жыршы өткен жоқ Қу домбыра қолға алып Шаршы топта кақсаған, Қызыл тілін баптаған?! Нешелер сұлу өткен жоқ Ақ бетінің ажарын Ай менен күнге қақтаған?! Нешелер батыр өткен жоқ Көк найзасын саптаған, Жау дегенде жайнақтап, Елдің шетін жақтаған, Дүниені солар тастаған. Бұл дүниенің мысалы Алыс емес, жуық-ты, Жоғары емес, төмен-ді. Он сегіз мың ғаламға Патша болған Сүлеймен - Бір өлімнің айласын, Шыбын жанның пайдасын Олар да ойлап таппаған. Заманнан заман оралған, Дүние пәни сұм жалған. Нешелер мырза өткен жок Қызыл мақпал шұлғанған?! Шеберлерден шен қалған, Шешендерден сөз қалған. Алты қанат ақ орда, Аруы өлсе, тұл қалған. Алтын кездік жоғалса, Былғары белбеу қын қалған. Опасыз мынау жалғаннан, Ойлап тұрсаң, кім калған?!
@АйшаТаубаева2 жыл бұрын
Қашан шығады бауырым тамаша орындау
@muratbeksembay1681 Жыл бұрын
Әдемі қай жерден алуға болат бұл термені.Вк гугл телеграм бәрін тегістеп шықтым жоқ.
@romanenkovaarina14252 жыл бұрын
керпмет Мәлік осы ан кашан шгады
@БерикАбдурахманов2 жыл бұрын
Алла тил козден сактасын Дауысты Берген екен шап бала
@qazaqadai41582 жыл бұрын
Маңғыстаудың жігітіго кәкелеріміздің терме жыр дастатандарын нақыштап жүрген
@КуандыкСахауов2 жыл бұрын
АИ САУ болш бауырым
@kanatshahanov42112 жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@Ютуб-д8п5е2 жыл бұрын
👍👍👍👍
@ZhantoreTlepbergen11 ай бұрын
Шаптее🔥🔥🔥
@Берік-ж8е10 ай бұрын
Сен аитпа баурм
@ZhantoreTlepbergen10 ай бұрын
@@Берік-ж8е койше сондайма
@ЕрнурЖарасар2 жыл бұрын
эхххх палуан
@sakeberdiev95422 жыл бұрын
мына ести оленди шыгарсандар жаксы болар еди жуктеп тындап журетин
@КуралайДуйсенбаева-ч2я2 жыл бұрын
телеграм да бар ма?
@ДарханКыстаубаев-ц4с2 жыл бұрын
Дауысының бояуы қанық, сөзі анық екен. Шап
@АбылайМергалимов-н5р2 жыл бұрын
Жарайсың бауырым
@мангыстау-ы3ч2 жыл бұрын
Шыктыма терме?
@Арман-ц5л9я2 жыл бұрын
Пай пай
@Арман-ц5л9я2 жыл бұрын
Кайдан жазып алуға болады
@qazaqadai41582 жыл бұрын
Әлі шығарған жоқ
@Adai_balasy1994 Жыл бұрын
Осы ютубтан жазып алшиш
@ДемигенЕскалев2 жыл бұрын
пооой шап
@blackblack7503 Жыл бұрын
Пах адеми
@АбзалТойкулов2 жыл бұрын
Еееее қасқа шал!
@БисенгалиАбиев Жыл бұрын
Мен - қашанғы жүйрігің, Топ ішінде толғаған. Шыныменен шырқасам, Бабам Қадыр қолдаған. Осылайша сөйлесем, Сөз қала ма ұртымнан. Көре алмаған біреулер Сөз айтады сыртымнан. Қас жүйріктің белгісі, - Дуды көрсе, жүлқынған. Айтулы жүйрік мен едім, Салдырмай қамшы, ұмтылған. Ұсынсам, колым жетер ме, Қырдан асқан түлкідей, Қырмызы қызыл заманға? Айтсам, сөзім өтер ме, Ақылсыз туған жаманға? Қайыра қамшы сермеме, Сүйекке біткен шабанға. Екі жақсы дос болса, Бірін бірі қия алмас, Екі жаман дос болса, Бір мекенге сыя алмас. Қас жаманға мал бітсе. Ебімменен жидым дер, Қас жаманнан ұл туса, Қатарымнан оздым дер, Бұл күнде өзім болдым дер. Дүние деген - сары алтын Әркімдерді алдаған. Желді күнгі қаңбақтай Дүние кімнен қалмаған?! Қабаты калың қара жер Талай ерді жалмаған. Екі достың арасын Айырады оңбаған.