Нағыз достың 3 сипаты 1ші бөлім

  Рет қаралды 26,631

Қабылбек Әліпбайұлы

Қабылбек Әліпбайұлы

Жыл бұрын

ҚҰРАН АЯТТАРЫ
Бірінші аят
إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ
«Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр»«Хужурат сүресі», 10-аят.
Қысқаша түсіндірме: Мұсылман үмбеті қай кезеңде болмасын бір-біріне бауыр. Жоғарыдағы аятта мұсылмандар арасында ешқашан дұшпандық, талас-тартыс, жек көрушілік, төбелес сынды оғаш әрекеттерге орын жоқ екендігі баяндалған.
Екінші аят:
الْأَخِلَّاءُ يَوْمَئِذٍ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ عَدُوٌّ إِلَّا الْمُتَّقِينَ
«Достардың тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-біріне дұшпан болады»«Зухруф» сүресі, 67-аят.
Қысқаша түсіндірме: Бұл дүниеде азғындықта, күнә істерде ортақ болған достар ақыретте бір-біріне дұшпан болады. Ал имандылықта, тақуалықта, діндарлықта дос болған жандар олардың қатарында болмайды. Тәпсірші ибн Кәсир (р.а.): «Алланың разылығы мақсат етілмеген достық қиямет күні дұшпандыққа айналады, тек Алланың ризалығын қалаған достар ғана мәңгі дос болып қала бермек», деген. Ал ибн Аббас (р.а.): «Қиямет күні тақуалардан өзге достар бір-біріне дұшпан болады» деген.
Үшінші аят:
يا وَيْلَتَىٰ لَيْتَنِي لَمْ أَتَّخِذْ فُلَانًا خَلِيلًا 28 لَّقَدْ أَضَلَّنِي عَنِ الذِّكْرِ بَعْدَ إِذْ جَاءَنِي ۗ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِلْإِنسَانِ خَذُولًا
«Қап, әттеген-ай! Пәленшені дос тұтпағанымда ғой. Ол маған жеткен зікірден (Құраннан) мені алыстатты. Ал Шайтан сөз жоқ адам баласын азғырушы»«Фурқан» сүресі, 28-29 аяттар.
Қысқаша түсіндірме: Қияметте кейбір кісілер «пәленшені өмірлік дос етпегінімде, осындай ұлы қасіретке, бұндай адасуға ұшырамас едім» деп өкінеді. Имам Қуртуби: «Бұл жерде пәленше деп келген аяттағы адам Убай ибн Халафқа қатысты айтылған. Аятта атын әшкере қылмай осы тектегі адамдарға да қатысты баяндалған. Бұл жерде адамның өкініші сипатталған. Оған тура жол, иман, Құран жеткеннен кейін иманға келіп, кейін шайтанның адастыруымен тура жолдан тайғанын суреттейді. Алайда шайтанның кейпіндегі сол адамдар қиямет күні өзінің досы қиындыққа тап болғанда достығынан бас тартып, оған жәрдемші бола алмайды» деген.
Төртінші аят:
حَتَّىٰ إِذَا جَاءَنَا قَالَ يَا لَيْتَ بَيْنِي وَبَيْنَكَ بُعْدَ الْمَشْرِقَيْنِ فَبِئْسَ الْقَرِينُ وَلَن يَنفَعَكُمُ الْيَوْمَ إِذ ظَّلَمْتُمْ أَنَّكُمْ فِي الْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ
«Олар біздің алдымызға келген шақта (өз досына): «Әттең, екеуміздің арамызда шығыс пен батыстай алшақтық неге болмады екен? Сен қандай ғана жаман жолдас едің!» дейтін болады. (Енді өкін не өкінбе) Ол сендерге ешқандай пайда бермейді. Өйткені сендер сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер, енді азапты да бірге тартыңдар» делінетін болады»«Зухруф» сүресі, 38-39 аяттар
Қысқаша түсіндірме: Міне, жоғарыдағы аятта өмірде адаспай тура жолда жүремін дейтін жандарға жаман қасиетті кісілермен достық қарым-қатынас жасамау, олардың дегендеріне ілеспеу, олардың іздерімен жүрмеу керек екендігі баяндалған. Әйтпесе, орны толмас өкініш, жазылмас қайғы-қасіретке душар болуымыз мүмкін.
Бесінші аят:
إِذْ كُنتُمْ أَعْدَاء فَأَلَّفَ بَيْنَ قُلُوبِكُمْ فَأَصْبَحْتُم بِنِعْمَتِهِ إِخْوَاناً
«Кезінде сендер бір-біріңе бітпес дұшпан едіңдер, ал бүгін, Алла Тағала жүректеріңді жарастырды. Сөйтіп Оның баға жетпес нығметінің арқасында бір-біріңе бауыр болдыңдар»«Әли Имран» сүресі, 103-аят.
Қысқаша түсіндірме: Исламға дейін сендер бір-бірлеріңе хас дұшпан едіңдер. Алланың нығметімен сендерге ерекше мейірімділік танытып, жүректеріңді жарастырып, өзара бауыр етті.
Алтыншы аят:
إِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوًّا ۚ إِنَّمَا يَدْعُو حِزْبَهُ لِيَكُونُوا مِنْ أَصْحَابِ السَّعِيرِ
«Шайтан сендерге анық дұшпан. Сендер де оны дұшпан көріңдер. Шайтан өз тобын тозақтық болуға үндейді»«Фатыр» сүресі, 6-аят.
Қысқаша түсіндірме: Алла Тағала аятта адам баласының ең үлкен дұшпаны шайтан екендігін баяндайды. Сондықтан ең әуелі кімді дұшпан ететіндігін білдірген.

Пікірлер: 38
@user-sr3mm7yw3m
@user-sr3mm7yw3m Жыл бұрын
Қабеке Алла Сізге екі дүниенің бақытын нәсіп етсің 🤲
@user-ju3ps1ru1n
@user-ju3ps1ru1n 10 ай бұрын
Аллах қаласа ұстаздардың кейін тұрайық қияметте иншаллах барлық мұсылмандар бір бірімізге шапағат болуды нәсіп етсін
@didarmurat9484
@didarmurat9484 Жыл бұрын
МашАлла! Альхамдулиллах! Аллаху Акбар!
@user-ju3ps1ru1n
@user-ju3ps1ru1n 10 ай бұрын
Пайғамбарымыз с.с шапағатында болайық Алланың мейірімімен жәннатқа барайық Аллах қаласа Аллах кешірсін бәрімізді
@user-qy4vj1eo2j
@user-qy4vj1eo2j Жыл бұрын
Субыханаллах недеген керемет уаүыз
@musulmandar
@musulmandar Жыл бұрын
Рақмет Сізге, ашып айтып бергеніңізге. Раббым разы болсын!
@user-fg6ko6yq6o
@user-fg6ko6yq6o 19 күн бұрын
Алла разы болсын сізге ұстаз
@aidok9694
@aidok9694 Жыл бұрын
Алла разы болсын
@user-qy4vj1eo2j
@user-qy4vj1eo2j Жыл бұрын
Қабылбек разы болсын
@user-vd6gy5bq4y
@user-vd6gy5bq4y Жыл бұрын
Алла разы болсын Сізге Устаз
@KanatKaldar
@KanatKaldar Жыл бұрын
Алла разы болсын, ұстазға!!!🤲🏻
@tezaso1186
@tezaso1186 Жыл бұрын
100жасаныз ұстаз,көп рахмет
@user-dg1vo4gn7l
@user-dg1vo4gn7l Жыл бұрын
Алла разы болсын сізге құрметті ұстаз қадірлі имам аға өте дұрыс айттыңыз Аллаһ разы болсын сізге
@user-zc7qe2be6s
@user-zc7qe2be6s Жыл бұрын
Аумин
@user-yp8qo5lf1y
@user-yp8qo5lf1y Жыл бұрын
Алла разы болсын ұстаз! Енді досыңның айыбын көркем түрде оған жеткізу турасында осы каналға видео салсаңыз. Алдын ала рахмет!
@user-qj3jn6wj3c
@user-qj3jn6wj3c Жыл бұрын
Устаз сиздин арбир айткан созиниз жүрекке жетеді Алла разы болсын сизге разы ❤️🤲🕋
@user-ul8gv5eq8w
@user-ul8gv5eq8w Жыл бұрын
Ассалаумалейкум! Керемет! Уағыздарыңыз нақты,қысқа-нұсқасымен-өмірлік мысалдармен әсем,жүрекке жетеді,шүкір!Алла разы болсын!
@yerkebulankaldybay1185
@yerkebulankaldybay1185 Жыл бұрын
Алла разы болсын, керемет👍
@user-be4ff9kv3n
@user-be4ff9kv3n Жыл бұрын
Ма ша Алла 👍✊
@user-py5nk1do1n
@user-py5nk1do1n Жыл бұрын
Жаксы айтылган
@user-yp7yu8ni3p
@user-yp7yu8ni3p Жыл бұрын
Алланың нұры жаусын сізге !
@nurullapachanov5959
@nurullapachanov5959 Жыл бұрын
Алхамдуллилаһ , Алла разы болсын ұстаз 👍🏼✊🏻✊🏻
@user-yp7yu8ni3p
@user-yp7yu8ni3p Жыл бұрын
*Менімше егер енең айбыңды айтса келіндер ренжімеу керек екен* себебі ене келінінің жақсы болғанын күтеді екен
@nurti_
@nurti_ Жыл бұрын
Машааллаһ 😍
@user-xi2te4bu8w
@user-xi2te4bu8w Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум 🤝
@misterkazakh4533
@misterkazakh4533 Жыл бұрын
Сау болш имеке
@user-qw7pp4yb2v
@user-qw7pp4yb2v Жыл бұрын
"АЛЛАҺУММА СОЛЛИ АЛӘ МУХАММАДИН УА АЛӘ ӘӘЛИ МУХАММӘД "
@GalaxyIC-ud4de
@GalaxyIC-ud4de Жыл бұрын
🌌❤️
@user-ng8uk2ih8e
@user-ng8uk2ih8e Жыл бұрын
Ондай достар аз
@Shokhan_92
@Shokhan_92 Жыл бұрын
Нағыз дос жоқ ау қазір бәрі өз пайдасы үшін, уақытша орта
@ibiraibolatuly5539
@ibiraibolatuly5539 Жыл бұрын
Ассалаумалейкум ұстаздын нөмірі барма екен
@user-ex3xf9ue7n
@user-ex3xf9ue7n Жыл бұрын
Шынайы дос табу қиын Шынайы дос өмірде сирек кездеседі
@kausaromirbek6397
@kausaromirbek6397 Жыл бұрын
Яя.
@actually.video.
@actually.video. Жыл бұрын
Ондай достар жоқта шығар қазір
@JamesBond-fr9fk
@JamesBond-fr9fk Жыл бұрын
Ұстаз, мен сол айыпты естімес үшін барлығын жасап жүремін табиғатым соны қалап тұрады, соны дұрыс санайды, брақ артымнан не болмаса бетіме мен сен мынандайсың деп айтып тұрған адам менің дұрыс шешімімді өзінің ыңғайсыз түсінген ойымен шешілген шешімімен айтып тұрса сол адамды жек көріңкіреп тұрамын, сосын өзімді мақтағанды ұната бермеймін, тек жамандамаса екен деп қоямын.
@user-ni7pm8th1u
@user-ni7pm8th1u Жыл бұрын
Алла разы болсын сізге
ЖАҢА ДӘРІС, ТІЛ СІЗДІҢ ТАҒДЫРЫҢЫЗҒА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
54:33
😱СНЯЛ СУПЕР КОТА НА КАМЕРУ⁉
00:37
OMG DEN
Рет қаралды 1,7 МЛН
ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ, ЖАЗАСЫ МЕН САУАБЫ
14:16
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 57 М.
Қыз бен жігіт болып жүру дұрыс па?/Қабылбек Әліпбайұлы
18:09
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 136 М.
Сұрақ жауап
38:33
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 74 М.
Өмірлік жарды қалай таңдаймыз?/ Қабылбек Әліпбайұлы
15:28
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 123 М.
Көркем мінез, адамзаттың асылы Мұхаммед с.а.с мәуліт кеші.
2:38:29
😱СНЯЛ СУПЕР КОТА НА КАМЕРУ⁉
00:37
OMG DEN
Рет қаралды 1,7 МЛН